kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ақша -уақыт тынысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл сыныптан тыс шара қараша айында атап өтілетін ұлттық вальюта күніне орайластырылған. Ашық тәрбие сағаты ретінде өткізілді. Қажетті ақпараттар газет журнал беттерінен алынды. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ақша -уақыт тынысы»

«Ақша – уақыт тынысы»

Мақсаты: ақша ұғымына түсінік беру, айналымдағы ақша түрлерін білу. Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып, оқушыларды ақшаның құнын білуге, үнемшілдікке, еңбекшілдікке, еңбекшілдікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: тірек-сызбалар, ақшаның түрлері, кесте т.б

Жоспар:

І.Кіріспе.

ІІ.Негізгі бөлім

1)Ақша тарихта

2)Теңге Қазақстанда

3)Қазіргі қолданыстағы теңгелер

4)Ақша психологияда

5)Ақша философияда

ІІІ.Қорытынды.

Барысы:

І.Кіріспе.Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар 5-сыныптың дайындаған «Ақша-уақыт тынысы» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Американың бизнестегі жетекші философы Джим Ронның «Бағалы ойлар мен асыл сөздерінде» былай делінген: «Балалар әуесқой болады. Үлкендер байқамай құмырысқаны таптап кетсе, балалар үңіліп қарайды, білуге тырысады. Балалар ешуақытта қабілеттен кемшілік көрмейді...

Мән-мағынасы, құны жоқ әңгімеге уақытты рәсуа қылмаңыз. Өмірге пайдасы бар тақырыпта ғана сөйлесіңіз. Сондықтан да біз балаларымызды таңдай білуге және талғампаздыққа уйретуіміз қажет».

Балалар, сендер бүгінгі тәрбие сағатынан көп нәрсені үйренеді және де сендерге түсіну ауыр болмайды деп ойлаймын. Себебі ақша –уақыт тынысы.

Әр егеменді елдің өзіне тән мемлекеттік рәміздері, яғни белгілері болады. Оған Ту, Елтаңба және Әнұран жататыны сіздерге белгілі.

-Мемлекеттік Тудың авторы кім?

-Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары кімдер?

-Әнұран авторлары кімдер?

Қазақстан Республикасы –егеменді, тәуелсіз демократиялы мемлекет. Биыл еліміздің тәуелсіздігіне 20 жыл толып отыр. Еліміздің Ата Заңы, мемлекеттік рәміздері бар. Және де, балалар, тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол –Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша –асыл қазына, халық байлығы.

ІІ. Негізгі бөлім.

1.Ақша тарихта. Мұғалім: Үйреншікті заттардың тарихын білген әрқашан

қызық. Ал ақшаның және ақша жүйесінің тарихы өзіне ғана тән фактілерді емес, елдің, халықтың, экономиканың тарихын қамтиды. Ақша тарихы – өмірдің өзінің ең айқын, ең дәл және сабақ беретін көрсеткіші.

1-оқушы: Кез-келген ақшадан әрбір елдің өткенін, бүгінгісін және болашағын көруге болады. Бүгінгі таңда ақша тарихын зерттейтін арнайы ғылым саласы бар. Ол нумизматика деп аталады.

2-оқушы: Нумизматика ғылымы тиындар, құйма ақша кесектері тағыда басқа тиын соғу тарихын кеңінен зерттейді. Ол ғылым ретінде 18 ғасырдың 2 жартысында пайда болды, оның негізін салушы – Вена нумизматигі И.Х.Эккель.

3-оқушы: Алғашқы қағаз ақшалар біздің заманымызға дейінгі 12 ғасырда Қытайда, 1960жылы солтүстік Америкада, кейін Австралияда және 1769 жылы Ресейде пайда болды. Бірінші дүние жүзілік соғыс жылдары қағаз ақшалар барлық елдерде шығарылды.

4-оқушы: Қазақ жерінде біздің заманымызға дейінгі 704-706 жылдары Таразда арнайы теңгелер құйылып, айналымға еңгізілген.

5-оқушы: 11-13 ғасырларды билеуші рулардың таңбасы қашалған, ру рәмізін бейнелеген теңгелер құйыла бастаған. 12 ғасырдың 2 жартысы мен 13 ғасырдың басында теңгелердің Отырардан шығарылуы Қазақстан жерінде сауда- саттықтың дамуына ерекше үлес қосқан.


2. Теңге Қазақстанда. Мұғалім: Әр елдің өзінің ақшасы бар. Балалар, сіздер білесіздерме әр елдің ақшалары қалай аталатындығын?

Ресей – рубль Қытай – юань

Өзбекстан – сом Қырғызстан – сом

Түркіменстан – манат АҚШ – доллар

Жапония – йен Манғолия – тугрик

Үндістан – рупий Франция – евро

Грузия – лари Алжир – динар

Корея – вон Украина – гривна

Тәжікстан – томани Швеция – крона

Швецария – франк Армения – бран

Әзірбайжан – манат Қазақстанда қалай аталады?

Теңгенің еңгізілуімен Қазақстан толық мағынасында тәуелсіз мемлекеттің барлық нышандары бар егеменді елге айналды. Олай болса төл теңгеміздің тарихын айтыңыздаршы.

1-оқушы: 1993 жылдың 12-қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта еңгізу туралы Жарлық шығарды.

2-оқушы: Осы жарлыққа сәйкес 1993 жылы 15-қарашада сағат 8 –де Қазақстан мемлекетінде ұлттық валюта –теңге еңгізілді.

3-оқушы: 1993 жылдың 18-қарашадан бастап теңге Қазақстан Республикасында бірден-бір заңды төлем құралы болып тағайындалды.

4-оқушы: Ұлттық теңгеміздің шеттері қазақтың ою-өрнектерімен безендірілген. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының бейнелері басылды. Екінші бетінде ою-өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған.

5-оқушы: 2006 жылы төл теңгенің жаңа үлгісі айналысқа енді. Оның 16-ға жуық құпия қорғанысы, белгісі бар. Ұлттық валютамыздың дизайнын жасаушы, авторлық топтың жетекшісі Тимур Сүлейменов.


3. Қазіргі қолданыстағы теңгелер. Мұғалім: Оқушылар жаңа айтқандай ең алғаш шыққан теңгеде қазақтың ұлы тұлғаларының бейнелері болған еді. Олар мыналар: Абай, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан т.б. Ал, 2006 жылғы үлгі мүлдем өзгеше. Оқушыларымыз қазіргі қолданыстағы ақшамызды сипаттап айтып берсінші.

1-оқушы: 200 теңгелік банкнот өлшемі 126 х 64 қағазда дайындалған.

Бет жағы: басым түсі сарғыш-жасыл, басым бейнесі-тігінен. Орталық бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументі бейнеленген. Банкноттың ортасында көк, қоңыр және жасыл жолақтарда Қазақстан Республикасы мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменттері ақ түспен бейнеленген, осы жерге номиналдың сандық белгісінің контуры ақ сызықтармен жүргізілген. «Бәйтерек» монументінің сол жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы жасыл түспен бейнеленген. Жоғарғы оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген. Банкноттың төменгі жағында ашық алақан бейнеленген. Төменгі оң жақ бұрышында тігінен номиналдың мемлекеттік тілдегі әріппен белгісі орналасқан. Мемлекеттік әнұран ноталары астында эмитент банктің атауы – «Қазақстан Ұлттық Банкі» мемлекеттік тілде орналасқан. Оның астында жалған ақша жасау жауапкершілігінн ескертетін «Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады» деген мемлекеттік тілдегі жазу орналасқан.

Сырт жағы: басым түсі сарғыш –жасыл, басым бейнесі –көлбеу. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің үйі және Астанада Есіл өзені арқалы көпірде орнатылған қанатты барыстың біреуі, артқы жағында ҚР Қорғаныс министрлігі және жайлау. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнот номиналының сандық белгісі, ал орта жақ төменде –орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғарғы жағында «Қазақстан Ұлттық Банкі» жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін «Подделка банкнот преследуется по закону» деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан. 2-оқушы: 500 теңгелік банкнот өлшемі 130 х 67 қағазда дайындалған.

Бет жағы: басым түсі көгілдір сұр, басым бейнесі-тігінен. Орталық бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументі бейнеленген. Банкноттың ортасында қара, көгілдір және көк жолақтарда Қазақстан Республикасы мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменттері ақ түспен бейнеленген, осы жерге номиналдың сандық белгісінің контуры ақ сызықтармен жүргізілген. «Бәйтерек» монументінің сол жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы көк түспен бейнеленген. Жоғарғы оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген. Банкноттың төменгі жағында ашық алақан бейнеленген. Төменгі оң жақ бұрышында тігінен номиналдың мемлекеттік тілдегі әріппен белгісі орналасқан. Мемлекеттік әнұран ноталары астында эмитент банктің атауы – «Қазақстан Ұлттық Банкі» мемлекеттік тілде орналасқан. Оның астында жалған ақша жасау жауапкершілігінн ескертетін «Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады» деген мемлекеттік тілдегі жазу орналасқан.

Сырт жағы: басым түсі көкшіл-сұр, басым бейнесі –көлбеу. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында ҚР Қаржы министрлігінің үйі және Астана қаласы әкімдігінің үйі, артқы жағында теңіз үстіндегі шағала. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнот номиналының сандық белгісі, ал орта жақ төменде –орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғарғы жағында «Қазақстан Ұлттық Банкі» жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін «Подделка банкнот преследуется по закону» деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.

3-оқушы: 1000 теңгелік банкнот өлшемі 134 х 70 қағазда дайындалған.

Бет жағы: басым түсі сарғыш-қоңыр, басым бейнесі-тігінен. Орталық бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументі бейнеленген. Банкноттың ортасында ашық және қою қоңыр жолақтарда Қазақстан Республикасы мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменттері ақ түспен бейнеленген, осы жерге номиналдың сандық белгісінің контуры ақ сызықтармен жүргізілген. «Бәйтерек» монументінің сол жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы қоңыр түспен бейнеленген. Жоғарғы оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген. Банкноттың төменгі жағында ашық алақан бейнеленген. Төменгі оң жақ бұрышында тігінен номиналдың мемлекеттік тілдегі әріппен белгісі орналасқан. Мемлекеттік әнұран ноталары астында эмитент банктің атауы – «Қазақстан Ұлттық Банкі» мемлекеттік тілде орналасқан. Оның астында жалған ақша жасау жауапкершілігінн ескертетін «Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады» деген мемлекеттік тілдегі жазу орналасқан.

Сырт жағы: басым түсі сарғыш –қоңыр, басым бейнесі –көлбеу. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында Президенттік мәдениет орталығының үйі, артқы жағында таулар. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнот номиналының сандық белгісі, ал орта жақ төменде –орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғарғы жағында «Қазақстан Ұлттық Банкі» жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін «Подделка банкнот преследуется по закону» деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.

4-оқушы: 2000 теңгелік банкнот өлшемі 139 х 73 қағазда дайындалған.

Бет жағы: басым түсі қою және ақшыл жасыл, басым бейнесі-тігінен. Орталық бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументі бейнеленген. Банкноттың ортасында қою жасыл және көк жолақтарда Қазақстан Республикасы мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменттері ақ түспен бейнеленген, осы жерге номиналдың сандық белгісінің контуры ақ сызықтармен жүргізілген. «Бәйтерек» монументінің сол жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы жасыл түспен бейнеленген. Жоғарғы оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген. Банкноттың төменгі жағында ашық алақан бейнеленген. Төменгі оң жақ бұрышында тігінен номиналдың мемлекеттік тілдегі әріппен белгісі орналасқан. Мемлекеттік әнұран ноталары астында эмитент банктің атауы – «Қазақстан Ұлттық Банкі» мемлекеттік тілде орналасқан. Оның астында жалған ақша жасау жауапкершілігінн ескертетін «Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады» деген мемлекеттік тілдегі жазу орналасқан.

Сырт жағы: басым түсі қою және ақшыл жасыл, басым бейнесі –көлбеу. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында Алматы қаласындағы Абай атындағы опера театры, артқы жағында тау өзені. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнот номиналының сандық белгісі, ал орта жақ төменде –орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғарғы жағында «Қазақстан Ұлттық Банкі» жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін «Подделка банкнот преследуется по закону» деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.

5-оқушы: 5000 теңгелік банкнот өлшемі 144 х 76 қағазда дайындалған.

Бет жағы: басым түсі күрең қоңыр-қызыл, басым бейнесі-тігінен. Орталық бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументі бейнеленген. Банкноттың ортасында күрең-қызыл және қара сұр жолақтарда ақ түспен Қазақстан Республикасы мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменттері бейнеленген, осы жерге номиналдың сандық белгісінің контуры ақ сызықтармен жүргізілген. «Бәйтерек» монументінің сол жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы қоңыр түспен бейнеленген. Жоғарғы оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген. Банкноттың төменгі жағында ашық алақан бейнеленген. Төменгі оң жақ бұрышында тігінен номиналдың мемлекеттік тілдегі әріппен белгісі орналасқан. Мемлекеттік әнұран ноталары астында эмитент банктің атауы – «Қазақстан Ұлттық Банкі» мемлекеттік тілде орналасқан. Оның астында жалған ақша жасау жауапкершілігінн ескертетін «Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады» деген мемлекеттік тілдегі жазу орналасқан.

Сырт жағы: басым түсі күрең қоңыр-қызыл, басым бейнесі –көлбеу. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында Алматы қаласында орналасқан Тәуелсіздік монументі және «Қазақстан» қонақ үйі, артқы жағында таулар. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнот номиналының сандық белгісі, ал орта жақ төменде –орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғарғы жағында «Қазақстан Ұлттық Банкі» жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін «Подделка банкнот преследуется по закону» деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.

6-оқушы: 10000 теңгелік банкнот өлшемі 149 х 79 қағазда дайындалған.

Бет жағы: басым түсі күлгін-көк, басым бейнесі-тігінен. Орталық бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументі бейнеленген. Банкноттың ортасында қою жасыл және қара көк жолақтарда ақ түспен Қазақстан Республикасы мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменттері бейнеленген, осы жерге номиналдың сандық белгісінің контуры ақ сызықтармен жүргізілген. «Бәйтерек» монументінің сол жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы қоңыр түспен бейнеленген. Жоғарғы оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген. Банкноттың төменгі жағында ашық алақан бейнеленген. Төменгі оң жақ бұрышында тігінен номиналдың мемлекеттік тілдегі әріппен белгісі орналасқан. Мемлекеттік әнұран ноталары астында эмитент банктің атауы – «Қазақстан Ұлттық Банкі» мемлекеттік тілде орналасқан. Оның астында жалған ақша жасау жауапкершілігінн ескертетін «Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады» деген мемлекеттік тілдегі жазу орналасқан.

Сырт жағы: басым түсі күлгін–көк, басым бейнесі –көлбеу. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында Қазақстан Республикасы Президентінің Ақорда резиденциясы, артқы жағында каньондар. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнот номиналының сандық белгісі, ал орта жақ төменде –орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғарғы жағында «Қазақстан Ұлттық Банкі» жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін «Подделка банкнот преследуется по закону» деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.


4.Ақша психологияда. Мұғалім: Қай халықта да ақшаға байланысты сан қилы таным-түсінік, наным-сенім, ырымдар бар. Бірқатар болжамдар бойынша, ақша жансыз қағаз болып көрінгенімен, оның сезімталдық қасиеті бар. «Қағаз ақша мен метелл тиындар өздерін қадірлеп, қастерлеп, аялағанды жақсы көреді екен. Әдемі де сәнді әмиянға салынған ақша сол жерден шыққысы келмейді. Қолыңызға ақша тұрақтамаса, өзгеден емес, ақша қадірлей алмаған өзіңізден көріңіз» дейді. Өте қызық болжамдар. Ендеше бұл жөнінде біздің балаларымыз не біледі екен?

1-оқушы: Қалтаңызда ақшаны умаждап, жыртып, майыстырып ұстамаңыз. Онда қаржыдан тапшылық көресіз және де ақша өзін үнемдеп, ұқыпты түрде ұстағанды жақсы көреді.

2-оқушы: «Ақша жоқ» деп жылай беретіндердің тиыны теңгені құрамай, қанша ақша тапса да құмға сінген судай құри береді екен. Жоқ десең жоғала бересің.

3-оқушы: Ақша жинаңыз. Тек ақшаны тойға, жақсылыққа, оқуға, жаңа дүние сатып алуға, саяхатқа шығуға, жақсы демалуға жинаңыз. Ақшаны «қара күнге» деп жинамаңыз.

4-оқушы: Ақша үлкен қуат көзі болғандықтан, әрі ұқыптылықты жақсы көретіндіктен ең бірінші жақсы әмиян таңдап алыңыз. Сосын оған әр ақшаны дұрыстап дұрыстап тұрып салыңыз. Әмиянды сыртынан сипап оған жылы сөздер айтыңыз, ақшаның еркелеткенді жақсы көретіндігін естен шығармаңыз.

5-оқушы: Ақшаны түнде беруге, түнде алуға болмайды. Себебі ақша да табиғаттың құрылым бөлшектері сияқты таңертең оянып, түнде ұйықтайды.

6-оқушы: Дастарқанның үстін қолмен сүртуге болмайды, міндетті түрде шүберекпен, әрі қиқымды қолға емес, ыдысқа салу қажет. Мұны тұрақты жасаған адамның қаржылық жағдайында өзгеріс байқалатын көрінеді.


5.Ақша философияда. Мұғалім: Американың бизнестегі жетекші философы Джим Ронның бизнес саласы жөнінде көптеген еңбектері бар екен. Солардың бірінде ол өзінің ақша туралы ойларын жазған. Мысалы: «Кедейшілік сіз «Аз істеп, көп алсам» ден сәттен басталады» деген екен. Ал, сіздер ақша туралы қандай ойларды білесіздер?

1-оқушы: Мал баққанға, ақша адалдан тапқанға бітеді. Ақша туралы арам ой да зиян.

2-оқушы: Алаған қолым- береген. Үстемелеп берсеңіз, үстемелеп аласыз.

3-оқушы: Қайырымдылықпен айналысыңыз, шығынның қайтарымы мол болады.

4-оқушы: Басы артық дүниеңізді басқаларға беріңіз. Алғысының күші ақша болып қайтады.

5-оқушы: Фәнидегі басты парызың – қайрым, садақа. Оны ұмытсаң өзің де ұмытыласың.

Оқушылардың «Егер менде көп ақаша болса...» деген тақырыптағы шағын шығармаларын тыңдау.

ІІІ.Қорытынды: Ақшаның мәні оның атқаратын қызметінен көрініс береді. Ақша негізінен мынадай қызмет атқарады.

Ақша-құн өлшемі Ақша –жалпығы бірдей Ақша- айналыс құралы

балама ретінде қызмет

ететін ерекше тауар.


Ақша –жинау және Ақша – халықаралық Ақша –төлем құралы.

қорлану құралы. төлем қаржысы.

Өмірде ақша қаншама құдіретті болғанмен оның билігі жүрмейтін жерлер, ешкім де ақшаға сатып ала алмайтын нәрселер көп. Мысалға, денсаулық. Естеріңізде болсын: ақшаға көтеріңкі көңіл-күйді, жақындарыңның сыйластығын, махаббатын сатып ала алмайсың. «Ақылмен алтын табылар, алтынмен ақыл табылмас».

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ақша -уақыт тынысы

Автор: Нугманова Гульжан Жумабаевна

Дата: 05.11.2018

Номер свидетельства: 483615

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) ""А?ша - уа?ыт тынысы""
    ["seo_title"] => string(16) "akshauakyttynysy"
    ["file_id"] => string(6) "298367"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1456320001"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Етістікті? ша?тары "
    ["seo_title"] => string(21) "ietistiktin-shak-tary"
    ["file_id"] => string(6) "147865"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1419512816"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(100) "Ашық тәрбие сағаты:" Бизнес және мен: ақша уақыт тынысы""
    ["seo_title"] => string(55) "ashyk_t_rbie_sagaty_biznes_zh_ne_men_aksha_uakyt_tynysy"
    ["file_id"] => string(6) "492135"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1545494458"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Тыныс алу жүйесі."
    ["seo_title"] => string(18) "tynys_alu_zhuiiesi"
    ["file_id"] => string(6) "389966"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486656441"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Саба?тан тыс іс-шара "Химия - ?мір тынысы" "
    ["seo_title"] => string(42) "sabak-tan-tys-is-shara-khimiia-omir-tynysy"
    ["file_id"] => string(6) "157609"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421608393"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства