kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық тәрбие сағаты:" Бизнес және мен: ақша уақыт тынысы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру аясында ұлттық валюта 25 жылдығына орай өткізілген ашық сабақ

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық тәрбие сағаты:" Бизнес және мен: ақша уақыт тынысы"»

Сыныбы: 7А сынып

Тақырыбы: Бизнес және мен: ақша – уақыт тынысы

Мерзімі: 11.10.18ж

Мақсаты: білімділік – ұлттық валютамыз теңгенің шығу тарихына, ақша айналымы тарихынан мағлұмат беру;
Тәрбиелік – оқушылардың іскерлік, кәсіпкерлік, ақша туралы түсініктерін кеңейту, сөйлеу мәдениетін дамыту, өз Отаны Қазақстанға мақтаныш сезімін ояту.
Көрнекілігі: сызбалар, слайдтар, мақал – мәтелдер.

Сабақтың өтілу кезеңдері

Уақыты

Сабаққа қатысушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру

Жайлы атмосфера орнату.      

  3 мин

Оқушылармен сәлемдесу.

Қазақстан Республикасының гимні орындалады

Жылы лебіздер айту                     

Топқа бөлу

  3 мин

Шаттық шеңбері бойынша 4 топқа бөлініп отырады.

Мұғалім сөзі

  5 мин

Саламатыздарма құрметті оқушылар!

Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға.  2018 жылдың 15 қарашасында ұлттық валютамыздың 25 жылдығын атап өтеміз.
Еліміздің ұлттық валютасы теңгенің шығу тарихын әрбір Қазақстан азаматы білуі тиіс. Себебі халықаралық экономикада, еліміздің қаржы саласында теңгенің маңызы ерекеше. 1992 жылы 12 қарашада еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Қазақстан Республикасында валюта енгізу туралы" Жарлыққа қол қойды. 1993 жылы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге айналымға енді. Ескі ақшаны ұлттық теңгеге айырбастау 15 қарашадан басталып, 20 қараша күні аяқталды. 1 теңге 500 сомға бекітілді. Алғашқы валюта Англияда " Харрисон және оның ұлдары" компаниясында жасалса, алғашқы тиындар Германияда жасалды. Теңгенің бірінші бетіне қазақ халқының ұлы тұлғаларының бейнелері басылды. Ұлттық валюта банкнот және монета түрінде айналысқа енгізілді.



Интербелсенді тақтадан бейнебаян көрсетіледі

Үй тапсырмасына теңгенің шығу тарихы туралы оқып келу болатын.Сол бойынша оқушылар теңгенің шығу тарихы туралы мәліметтерімен бөліседі

 «Миға шабуыл»

  5 мин

Кез келген адам қаржы жағынан сауатты болу қажет. Қазіргі заманда теледидардан ақша табудың оңай жолдары бар. Мысалы «Милион кімге бұйырады», «лотерея ұтыстары» , «лездік табыстар» және т.б.

Ақшаны үнемдеу керек, дұрыс жұмсау қажет.

Тірек сызбасы арқылы оқушылар сызбаны толтырады

Ақшаның жақсы жағы

Ақшаның жаман жағы

қызғаншақтық

Табысты өмір сүру

тәуелділік

Тыныштық

Жек көру

Мүмкіншілік

соғыс

Көмек көрсету

ұрлық


Әр адам ақшаға барлық нәрселерді сатып алуға болмайтынын білу керек

 Ақшаға дәрі сатып алуға болады.... бірақ (денсаулықты емес)
ақшаға сағат сатып алуға болады…бірақ (уақытты емес)
ақшаға кітапты сатып алуға болады… (бірақ даналықты емес)

Ақшаға уақытша достар сатып алуға болады… (нағыз досты сатып алуға болмайды)
ақшаға қоғамдағы орнын сатып алуға болады… (бірақ халықтың құрметін емес)
за деньги можно купить телохранителя ..... (но не друга)
ақшаға ойын сауықтарды сатып алуға болады… (бірақ бақытты емес)

Сондықтан балалар ақшаны дұрыс жұмсай білу қажет

Танысу

15 мин

Бүгін бізде қонақта «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының бас менеджеріИсаков Сабыржан ағамыз келіп отыр. Сабыржан оқушыларға өз саласының маманы ретінде ақша және бизнес жайлы мағлұмат беріп, топтық тапсырмалар береді.

Рефлексия 

  5 мин

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Қорытынды



4 мин

Абай атамыз айтқандай, бүгінгі жастардың дүниенің кетігін тауып, қалануды көздеу, қоғамдық өмірден қол үзбей, өз елін сүюге, өз елінің тұрмыс – тіршілігін, салт – санасын, әдет – ғұрпын білуге тәрбиелеу – нарықтық кезеңде маңызы жоғары тұрған зор міндеттердің бірі деп ойлаймын.





\




















А.Назарбеков атындағы №87 жалпы орта мектеп






Ашық тәрбие сағаты

«Бизнес және мен: ақша – уақыт тынысы»




7 «а» сынып жетекшісі: Бердалиева Б.А.
















Шымкент – 2018



«Бизнес және мен: ақша – уақыт тынысы»

атты өткізілген ашық тәрбие сағаты бойынша

МӘЛІМЕТ


Қазан айында А. Назарбеков атындағы № 87 жалпы орта мектебінде 7 «А» сыныбымен «Бизнес және мен: ақша – уақыт тынысы» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізілді. Онда оқушылардың іскерлік, кәсіпкерлік, ақша туралы түсініктерін кеңейту, өз Отаны Қазақстанға мақтаныш сезімін ояту болатын.

Іс-шара барысында оқушыларға ақша, ақша түрлері, ҚР валютасы және ақшаның шығу тарихы сынды мәліметтер және видеолар ұсынылған болатын. Сондай-ақ, жас буын өкілдеріне бизнес-идея жөнінде ой-өрдіс бойынша ақпараттарды түсіндірілген болатын.


Бизнестің дұрыс жолын табу туралы ой бөлісу үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының бас менеджері Исаков Сабыржан ағамызды қонаққа шақырған болатынбыз.Өз тәжірибесінен Сабыржан оқушыларға өз саласының маманы ретінде ақша және бизнес жайлы мағлұмат беріп, пікір алмасты.



Атап айтқанда, бизнес-идеяны қалай табу барысында «Тауық әдісі» оқушылармен бірге ойнатылды. «Тауық әдісі» барысында, оқушылар - идеяның тек инновациялық тұрғыдан емес, сондай-ақ, қарапайымдылығымен де ерекшеленетінін және бір идеядан тағыда бірнеше идеяның туындауына қолқа салуға болатынын түсінді.



Әдіске оқушылар бірге ата-аналарда ат салыса қатысып, болашақта кез келген тұлғаның кәсіпкер болуына мүмкіндік бар екенін аңғарды. Әдіс соңында, оқушылар өз ойларымен, көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап ала алды.

Бұл жастардың қызу талқысына түскен «Бизнес және мен: ақша – уақыт тынысы» тақырыбындағы тәрбие сағатымыз көпке үлгі болды деп айта аламын. Мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.А. Медеуова апайымыз да өз ұсынысын айтып жастарға ізгі тілегін білдіріп, сәттілік тілейтінін айтты . Ата аналар да белсенді қатысқан бұл сабағымыздағы айтылған ойлар қоғамға бір пайдасын берері сөзсіз.




.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Ашық тәрбие сағаты:" Бизнес және мен: ақша уақыт тынысы"

Автор: Бердалиева Баян Алиевна

Дата: 22.12.2018

Номер свидетельства: 492135


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства