Просмотр содержимого документа
«Етістікті? ша?тары »
Сабақтың тақырыбы : Етістіктің шақтарын қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:етістік шақтары бойынша өткен материалды қайталай отырып,оқушылардың білімін бекіту, өз бетімен іздену мүмкіндігін туғыза отырып, шақ түрлері , сөйлемдегі мәні мен маңызын айқын тануына жағдай туғызу.
Дамытушылық:оқушылардың материалды өз бетімен зерделеуі мен ғылыми түсініктерді талдай отырып,өзіндік пікір еркіндігін қалыптастыруын, шығармашылық ізденіске ұмтылуына бағыт беру.
Оқушылардың сабаққа қатысып, сабаққа даярлығын тексеру.
1.1.Топқа бөлу
- Оқушылар үстел үстінде жатқан түрлі-түсті фигуралардың ұнағанын алып , топ құрап отырады.
Кіріспе: : Бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ.Өйткені етістіктің шақтарынан өткенді қайталап, тақырып бойынша алған білімдерімізді көрсетеміз. Сабағымызды бөлімдер бойынша өз білімдеріңізді көрсетіп, білім шыңына шығуларыңызға тілектеспін.
1.2." Біліміңді байқап көр"
1.Етістік дегеніміз не? Етістіктің шағы дегеніміз не ?
2.Осы шақтың түрлерін ата?Нақ осы шақ, ауыспалы осы шақ дегеніміз не?
3.Өткен шақ дегеніміз не?Өткен шақ мағынасына қарай нешеге бөлінеді?(Жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, ауыспалы өткен шақ)
4.Келер шақ дегеніміз не ?Оның түрлері қандай?( Болжалды келер шақ, мақсатты келер шақ, ауыспалы келер шақ)
1.3.Оқулықпен жұмыс
167- жаттығу
Мәтіндегі шақ тұлғасын анықтай отырып, "Өткенге сағыныш" тақырыбында өз пікірлеріңді айтып өтіңдер.
Балалық шағым кіндік қаным тамған жер жаннаты Асубұлақта өтті(жедел өткен шақ). Бұл өңірдің табиғат көркіне көз тұнатын еді( бұрынғы өткен шақ). Айнала асқақ ну орманды заңғар таулар қоршаған (бұрынғы өткен шақ)Терең сайларынан тасқынды тентек Тайынты, Тарғын, Үңгірлі, Асубұлақ өзендері аққан( бұрынғыөткен шақ)...
Мәтін бойынша тапсырмалар:
1-топ Баяндаушы( мазмұнын айту)
2- топ Бейнелеуші ( суретін салу)
3- топ Ізденуші( жоспар құру)
4-топ Дәнекерлеуші( өмірмен байланыстырады)
Мәтін бойынша пікір алмасайық
Оқушылар пікірлері:
1. Мәтін авторы өз ойын қай шақта қолданған?
2.Мен өз пікірімді айту барысында қай шақтағы етістіктерді қолдана аламын?
3.Еске алу, сағынышпен еске түсіру негізінен қай шақтық қолданысқа тиесілі?
4. Өткен шақта болған оқиғаны осы немесе келер шақпен байланыстыра аламын ба?
5. Өз өлкем туралы жазар болсам, мен көбінесе қай шақта жазар едім?
1.4.Шығармашылық тапсырма
1-топ
2-топ
3-топ
4-топ
5 жолды өлең (тағам)
Жай сөйлемге синтаксистік талдау
Ол өзінің құрметті қонақтарын кең жүрекпен қарсы алады.
Морфологиялық талдау
Терезеден далаға қарап тұрмын.
"Әр кезеңдегі қимыл-әрекет" тақырыбына эссе жазу
1.5.Сурет бойынша тапсырма
1- топ
Кеше болған оқиға
2-топ
Бүгінгі уақыт тынысы
3-топ
Ертеңіңе көз салсаң
4-топ
Семантикалық картамен жұмыс
Мысалдар
Нақ осы ша
Ауыспалы осы шақ
Өткен шақ
Жедел өткен шақ
Бұрынғы өткен шақ
Ауыспалы өткен шақ
Келер шақ
Болжалды келер шақ
Мақсатты келер шақ
Ауыспалы келер шақ
Осы қалада тұрады.
+
Балық енді өрге жүзеді.
+
Ол өлеңді маған арнаған екен.
+
Мен бұл кітапты оқыдым.
+
Мен бұл жұмысты бітірем.
+
Мен бұл кітапты оқитынмын.
+
Далада ойнап жүр
+
Ауылда біздің жақсы көршіміз болатын.
+
Мен басқа мектепке ауыспақпын.
+
Бәлкім, бұл күресте мен жеңермін.
+
Бағалау
Қорытынды: - балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма ?
- Қандай әсер алдыңдар?
Үйге тапсырма: "Әр шақта болған оқиға" тақырыбына мәтін құрау