kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Зергерлік

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: § 20.  Зергерлік.

Саба?ты? ма?саты:  білімділік- металл б?йымдары, оларды к?ркемдеу жолдары мен ерекшеліктері туралы ма??лмат беру.

Дамытушылы?- саба? барысында о?ушыларды? шеберлігін, д?ниетанымдарын  ке?ейту.

Т?рбиелілік-О?ушыларды ?ол?нерге, ?семдікке, с?лулы??а, адамгершілікке, халы?ты? ?ол?нерін ?астерлеуге  т?рбиелеу.

Саба?ты? т?рі: аралас 

?діс –т?сілдері: с?ра? –жауап, этнопедагогика элементтері, шы?армашылы?, СТО элементтері, а?паратты? карта  

П?наралы? байланыс: ?аза?стан тарихы, география, ?аза? ?дебиеті, информатика, сурет

К?рнекілігі: тірек сызба, слайдтар,  о?улы?, суреттер, ?ол?нер б?йымдары 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Зергерлік»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ШЕТ АУДАНЫ

«БАТЫҚ ОРТА МЕКТЕБІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ














ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІНЕН

Ашық сабақ

тақырыбы: «Зергерлік»






Орындаған: Пән мұғалімі

Алимханов М.М.












Бекітемін: _________________

Сыныбы: 8 қазақ

Пәні: технология

Өтетін күні:

Сабақтың тақырыбы: § 20. Зергерлік.

Сабақтың мақсаты: білімділік- металл бұйымдары, оларды көркемдеу жолдары мен ерекшеліктері туралы мағұлмат беру.

Дамытушылық- сабақ барысында оқушылардың шеберлігін, дүниетанымдарын кеңейту.

Тәрбиелілік-Оқушыларды қолөнерге, әсемдікке, сұлулыққа, адамгершілікке, халықтың қолөнерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдіс –тәсілдері: сұрақ –жауап, этнопедагогика элементтері, шығармашылық, СТО элементтері, ақпараттық карта

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география, қазақ әдебиеті, информатика, сурет

Көрнекілігі: тірек сызба, слайдтар , оқулық, суреттер, қолөнер бұйымдары

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі- (сәлемдесу,түгелдеу, сабаққа назарын аудару.)

  2. Үй тапсырмасын сұрау

Сұрақ – жауап :

  1. Біздің технология пәнінен өтіліп жатқан бөліміміз қалай аталады?

( Сәндік қолданбалы өнердің элементтері негізінде материалдарды көркемдеп өңдеу)

Бұл бөлімде біз қазақ халқының қол өнеріне кеңінен тоқталдық. Халық арасында қолының өнері бар адамдарға жасайтын бұйымдарына байланысты атау берді. Қазір бәріміз мына кестедегі тапсырманы орындайық:

Кім біледі? Мына шеберлер немен айналысты:

шеберлер

Немен айналысады?


1

Үйші


Киіз үйдің сүйегін жасады. ( шаңырақ, кереге, уық, сықырлауық не есік)


2

Ерші


Ер тұрман жасады


3

Арбашы

Атқа жегетін шана мен арба түрлерін жасаған


4

ұста

Тұрмысқа қажетті бұйымдар жасады. Металл, ағаш, сүйек өңдеумен айналысты.


5

саз аспапшы


Халықтық музыкалық аспаптар жасады. Ол домбыра, қобыз, жетіген т.б

6

зергер


Алтын мен күмістен сәндік әшекей бұйымдарын жасады.


7

етікші


Етік тікті. Етік түрлері саптама, әйелдер етігі кебіс

Оқушы жазады, мұғалім толықтырады.

Халық арасында шеберлер осылай аталып ерекше құрметке ие болды. Алайда олардың көбісінің тұрақты шеберханалары болмады. Олар көбіне тапсырыс берушінің үйіне келіп жұмыс жасады. Мен үйге қолөнер бұйымдарына қысқаша хабарлама жасауға тапсырма бергенмін. Кім дайын?

Қасқаша хабарлама жасау: (Әр оқушыға үйге берілген тапсырма)

    1. Меңсұлу – «Қазақ халқының тұрмыста пайдаланған бұйымдары»

    2. Жанболат- «Қазақ ұсталары мен зергерлері пайдаланған құрал саймандар »

    3. Айбек « Халық шеберлері пайдаланған зергерлік тәсілдер»

    4. Береке «Ер – тұрман»

    5. Ноғай «Өмілдірік, құйысқан»

    6. Жеңіс «Қазақ халқы пайдаланған қару – жарақ түрлері»

    7. Жаңылған «Белдіктер»

    8. Дидар «Сәндік бұйымдар»

Өте жақсы , сонымен бірге біз өткен сабақта шекімелеу әдісі бойынша бұйым жасау туралы өтіп, шығармашылық тапсырмалар берілген.

Шығармашылық жоба:

1. Нұрлан, Ерлан - жасалған бұйым туралы мағұлмат береді.

2. Айбек -Технологиялық картамен жұмыс

3. Абай -Қауіпсіздік ережесі.

Сонымен біз «Сәндік қолданбалы өнердің элементтері негізінде материалдарды көркемдеп өңдеу» бөлімімі бойынша білімізді әрі қарай кеңейтеміз. Бүгінгі жаңа тақырыбымыз «Зергерлік»

  1. Жаңа тақырып түсіндіру

- Зергер сөзін естігенде қандай ойда боласыз? ( оқушыны тыңдау, тізім жасау )

2 слайд. Жалпы адамзатты, оның ішінде жас жеткіншектерді сұлулық пен әсемдікке құштарлыққа, талғампаздық пен тазалыққа тәрбиелейтін өнер .

3 слайд Зергер

  • Зер – парсының «алтын» деген сөзінен шыққан;

  • Кең мағынада «Алтынмен жұмыс істейтін шебер»

  • Қолынан шыққан бұйымы «алтынмен апталып, күміспен күптелген»

  • 4 слайд жұмыс

Зергерлік бұйым

Тұрмыс – салт әбзелдері

киім үлгілері

әшекей

күміс ер

зер шапан

моншақ

күміс жүген

оқалы камзол

сырға

өмілдірік

кестелі кимешек

білезік

құйысқан

кісе белбеу

шашбау

тартпа айылбасы

сәукеле (эерлі қасаба)

сақина

үзеңгі

кемер белбеу


торсық



Қазақ халқының тұрмысында зергерлік бұйымдар кеңінен қолданылды. Оны біз үш топқа бөліп қарастырайық: Тұрмыс салт әбзелдері, киім үлгілері, әшекейлер.

5 слайд

Зергерлік Қазақстанда ежелден дамыды. Оған дәлел: археологиялық қазба кезінде Қарғалыдан табылған алтын тәті ( диамеда), Эрмитажда сақталған алтын батыр дулығасы ,Кісе белдіктер, әшекей бұйымдар.

6 слайд

Зергерлік өнердің үздік туындысы ретінде 1969 жылы Алматы облысы Есік қаласының маңындағы «Есік обаларын» қазуда белгілі археолог ғалым Кемел Ақышевтің тапқан «Алтын адамын»атауға болады.

Бұл «Алтын адамды» безендірген әшекей заттардың саны 3000-дай көрнеді. Есік қаласының солтүстік жақ шетіне жақын жердегі диаметрі 60 метрлік биіктігі 6 метрлік обаны қазған. Одан б.д.д. V-IV ғғ. сақ көсемінің қабірі табылды. Обаның орталық қабірі түгел қиратылып, тонап әкетілген ал бүйірдегі қабірі сол күйінде сақталыпты. Аумағы 3,3х1,9 метр, биіктігі 1,5 метр ағаш қабірдің ішінде басын батысқа беріп, шалқасынан жатқан өліктің сүйегі антропологтардың анықтауынша, ежелгі сақтардың типінде жататын 17-18 жасар жауынгер. Ең ғажабы ол бүтіндей алтынмен апталған. Бірге жерленген жауынгерлік қаруы-алмас қылыш пен болат қанжардан басқасы бүтіндей алтыннан. Өліктің басына конус тәріздес биік алтын зер әшекей заттармен безендірілген. 7 слайд

Геродот болса Сақтардың тұрмысы туралы «Найзаның, жебенің, айбалтаның ұшымен жүзін жезден жасайды да бас киімін-дулығасын, белбеуі мен шығыршағын алтынмен аптайды. Олар аттарына жезден өмілдірік қап кигізеді. Жүгенін, ауыздығын және ноқталарын алтынмен жалатып, өрнектеп қояды... Оның есесіне алтын мен жездің көптігінде есеп жоқ» дейтін.

8 слайд

Алтын адамның бас киімінде арқарлар бейнеленген жапсырмалар тағылған. Оның мойнында спирал тәрізді алтын әшекей болды. Оның екі ұшында барыстың басы бейнеленген

9 слайд

Алтын адамның бас киіміндегі әшекей жапсырмаларда: құстар, Таудағы барыс, және ат бейнеленген . Жапсырмалар аң стилінде жасалған.

10 слайд

Алтын адамның бас киімі конус тәрізді. Ол шошақ төбелң, биіктігі 70 см.

Алдыңғы слайдтарда көрсетілген жапсырмалардың қай жерлерде екендігіне назар аударайық. Бас киімнің ұшында арқар бейнесі, Алдынан қарағанда жебелер, жылқылар, жолбарыстар , маңдайшасында мүйізді арқарлар бейнеленген. Жанында тау барысы, құстар тау, ағашты бейнелейтін жапсырмаларды көреміз.

11- слайд

Камзолы қалыптап жасалған алтын үшбұрышты әшекейлермен безендірілген. Камзол жеңінде алтын тоғалар бар

Белін құрастырмалы ауыр белбеумен буған .

12-слайд

Есік қорғанынан табылған әшекей жапсырмаларда түрлі аңдардың бейнесі ерекше талғаммен безендірілген. Мына суреттегі жапсырмалар пышақ, қанжар сабында бейнеленген.

13 слайд

Есік қорғанынан табылған алтын жүзіктер. Оның бірінде адам бейнесі болса, екіншісінің айналы қалқаншасы бар.

Сонымен бірге осы обадан құйма қола қазандар да табылған. Бұл затты деректер ежелден бері Қазақстанда зергерлік өнердің дамығанын көрсетеді. Қазақ шеберлері өз бұйымдарында болат, алмас, алтын күміс, қоланы және түрлі асыл тастарды пайдаланғанын көруге болады.

14 слайд.

Халықтың өмір суру ортасына, табиғи өнімдеріне байланысты шеберлердің пайдаланатын материалдары біркелкі бола бермейді. ( Кесте бойынша айту)


Қазақ халқы зергерлік өнерде сүйекті пайдаланған. Ол туралы оқулықтың 138-140 беттеріндегі мәтінде берілген. Оны үйде өзіміз оқып, танысамыз.

  • Өздік жұмыс : Оқулық 138-140 бетті үйде оқу.

Бекіту:

Тізімге оралу : Сіздер осы Жаңа сабақтың басында зергерлік туралы өз ойларыңызды жаздыңыздар. Жаңа тақырыптан кейін қандай ойлар туындады. Тізімді толықтырайық.

Сергіту сәті :

Халықтық қолөнер туралы мақал – мәтелдер айту.(Шолпан) 5 мақал Жалғасын табу.

Қолөнерге, шеберлікке қатысты жұмбақ шешу: ( Базаркүл)

Уақыт артық қалса сұрақтар қою

  1. Домбыраны қандай әдіспен жасайды. ( ағашты шабу әдісімен )

  2. Қазақ халқының күнделікті тұрмыста пайдаланылатын ағаштан жасалған бұйымдарын атаңдар: (сандық, асадал, ағаш төсек, келі- келісап, тостаған, )

  3. Ағашты бұйым жасауға таңдағанда оның қандай қасиеттерін ескеру керек?( Физикалық, химиялық, механикалық)

Үй жұмысы: § 20 Зергерлік.оқу, мазмұндау.

Зергерлік бұйымдар туралы : хабарламалар дайындау

  1. Сақина

  2. Білезік

  3. алқа

  4. Сырға

  5. шолпы


Бағалау:




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (мальчики)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Зергерлік

Автор: Алимханов Маргулан Марал?лы

Дата: 16.02.2016

Номер свидетельства: 294443

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Зергерлік б?йымдар. 4-сынып "
    ["seo_title"] => string(30) "zierghierlik-bu-iymdar-4-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "169328"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423398506"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) ""Зергерлік д?кенінде"  ?аза? тілі"
    ["seo_title"] => string(32) "zierghierlikdukienindiekazaktili"
    ["file_id"] => string(6) "288747"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454671456"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Зергерлік б?йымдар"
    ["seo_title"] => string(22) "zierghierlik-bu-iymdar"
    ["file_id"] => string(6) "314668"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459753192"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(124) "?аза? хал?ыны? ?олданбалы ?неріні? т?рлері.Темір ??деу. Зергерлік б?йым. "
    ["seo_title"] => string(83) "k-azak-khalk-ynyn-k-oldanbaly-onierinin-turlieri-tiemir-on-dieu-zierghierlik-bu-iym"
    ["file_id"] => string(6) "178299"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424800421"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Ашық сабақ "Қазақтың зергерлік бұйымдары""
    ["seo_title"] => string(46) "ashyk_sabak_k_azak_tyn_zierghierlik_bu_iymdary"
    ["file_id"] => string(6) "449199"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1515647891"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства