Пәні: | Технология |
Сыныбы: | 7 сынып |
Уақыты: | |
Сабақтың тақырыбы: | Ағаш бөлшектерін бұрама шегемен құрастырып-бекіту |
Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат міндеттері: | |
А. ақпараттық | Ағаш бөлшектерін бұрама шегемен бектіу туралы түсінік беру |
Ә. комуникативтік | Ағаш бөлшектерін құрастырып –бекітуде бұрама шегелеу ептіліктерін, ұқыптылықтарын дамыту |
Б. Проблеманы шешу | Қауіпсіздік ережесін нақты сақтау, жауапкершілікке баулу, эстетикалық талғамдарын жетілдіру |
Сабақтың түрі: | Жаңа материалды түсіндіру |
Сабақтың әдісі: | Аралас |
Сабақта қолданылатын құрал-жабдықтар: | Ағаш,бұрама шеге,ара, балға, сызғыш, қалам |
Пән аралық байланыстар: | Математика |
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: | Дайын үлгі, технологиялық карта, презентация, сызба суреттер, үлестірме карта, ағаш, топса,бұрама шеге түрлері. |
Сабақтың барысы: | Мұғалімнің қызметі: | Оқушының қызметі: | Күтілетін нәтиже: |
1.Ұйымдастыру бөлімі | Оқушылармен амандасу.Оқушыларды түгелдеп, сабаққа даярлығын, оқу құралдарын тексеру | Амандасу.Оқу құралдарын дайындау | Оқушылар сабаққа дайын екенін білдіреді |
2.Жаңа тақырыпты түсіндіру | Бұрама шеге дегеніміз конус тәріздес металл діңгектер. Олардың бір қырынан қарағанда үшбұрышты ойық бұрандалары және жалпақ бұрауышқа арналған бір ғана кесік ойықты немесе крест бұрауышқа арналған крест ойықты қалпақшасы болады. Мұндай шегелер ағаштан жасалған құрылғы бөлшектерді құрастырып-бекітуге қолданылады. Біздің өнеркәсібіміз ұзындығы 6 мм-ден 120 мм-ге дейін, диаметрі 1,5 мм-ден 10-мм-ге дейін жететін бұрама шегелер жасап шығарады. Олардың ойық бұрандалы бөлігінің ұзындығы діңгегінің 0,5-0,6 бөлігіне тең болады. Бөлшектерді бұрама шегемен құрастырып-бекітудің мықты болуы ағаштың тығыздығы мен қаттылығына, дымқылдығына, шегенің ұзындығы мен диаметріне, оның бұрандалы бөлігінің ұзындығына т.б. жағдайларға тікелей байланысты. | Оқушылар жаңа тақырыпты мұқият, зейін қойып тыңдайды.Түсінбеген жерлерін сұрайды.Мұғалімге қосыла отырып, өздерінің білгендерін айтады | Оқушылардың білім деңгейі толығады, жаңа сабақты толық меңгереді. Ағаш бөлшектерін бұрама шегемен құрастырып-бекіту туралы біліп, білімдерін толықтырады |
3.Машықтық кезең | Енді оқушылар назар аударайық. Ағаш бөлшектерін бұранда шегемен құрастырып-бекітудің жасалу жолын тақтада тұрған үлгіге қарап ағаш бөлшектерін бұранда шегемен құрастырып-бекітеміз.Тақтаға қарап, кезеңдер бойынша жұмысты орындаймыз | Ағаш бөлшектерін бұранда шегемен құрастырып-бекітудің үлгісіне қарап,танысып, көрсетілген кезеңдерге карай отырып жұмыстанады | Оқушылар жұмысына бар ынта жігерімен қатысады |
4.Бағалау | Оқушылардың жасаған жұмысына қарап, тексеріп, бір-бірімен салыстырып бағалау | Оқушылар толық аяқталған жұмысын мұғалімге көрсетеді | Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту |
5.Қорытынды | Жаңа сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға сұрақ қойылады. | Оқушылар сұраққа жауап береді.Жұмыс орнын жинақтайды | Окушыларға сұрақ қою арқылы ойлау қабілетін дамыту |