Теория б?лімі: шеге, б?рама шеге ж?не желім туралы ша?ын м?лімет беру. Мектеп - шеберханасында жасалатын б?йымдар к?птеген б?ліктерден т?рады. Оларды бір - бірімен ?р т?рлі, ?діс - т?сілдермен біріктіреді. А?аштарды бір - бірімен біріктіру барысы толы?ынан жина?тау деп аталады.
Жалпы желімдер таби?и ж?не синтетикалы? желімдер болып екіге б?лінеді. Желімні? сапасын былай аны?тау?а болады:
а) жапсырыл?ан жерінен жарылмай, а?ашты? т?тас жерінен жарылса, онда оны? желімдеу сапасыны? жо?ары бол?аны;
б) жапсырыл?ан жерден жарылса, онда желім сапасы т?мен бол?аны.
Желімді пайдалану кезінде ?ауіпсіздік ережесін са?тау керек.
Просмотр содержимого документа
««А?аш б?лшектерін ??растырып бекітуді? ?діс - т?сілдері»»
Сабақтың тақырыбы: «Ағаш бөлшектерін құрастырып бекітудің әдіс - тәсілдері». Сабақтың мақсаты: а) Білімділік мақсаты: ағаштардың түрлерін, қасиеттерін еске түсіру. Ағаштан жасалатын бұйымдарды құрастырудың әдіс - тәсілдерін үйрету, меңгерту. Жасалатын бұйымның эскизін сызып, нұсқау карта бойынша жұмыс жасауға қалыптастыру; б) Дамытушылық мақсаты: ойлау, шығармашылық қабілетін, қолөнерді дамыту. Сабақтағы теориялық білімдерін практикалық іс - әрекеттерге ұштастырып, оны іс жүзінде пайдалану; в) Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды жауапкершілікке, жүйелі еңбекке, өз бетінше жұмыс жасауға үйрету, эстетикалық жағынан дамыған жеке тұлға тәрбиелеу. Пәнаралық байланыс: математика, сызу. Сабақтың түрі: Сабақтың барысы: теориялық, сарамандық жұмыстар.
1. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, оқушыларды түгендеп, сабаққа қажетті көрнекіліктерді, құрал - жабдықтарды тексеру. 2. Өткен сабақты қайталау: сабақтың тақырыбымен мақсатын хабарламас бұрын үй тапсырмасын сұрау және қорытындылап бекіту.
3. Жаңа сабақ. Теория бөлімі: шеге, бұрама шеге және желім туралы шағын мәлімет беру. Мектеп - шеберханасында жасалатын бұйымдар көптеген бөліктерден тұрады. Оларды бір - бірімен әр түрлі, әдіс - тәсілдермен біріктіреді. Ағаштарды бір - бірімен біріктіру барысы толығынан жинақтау деп аталады. Жалпы желімдер табиғи және синтетикалық желімдер болып екіге бөлінеді. Желімнің сапасын былай анықтауға болады: а) жапсырылған жерінен жарылмай, ағаштың тұтас жерінен жарылса, онда оның желімдеу сапасының жоғары болғаны; б) жапсырылған жерден жарылса, онда желім сапасы төмен болғаны. Желімді пайдалану кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау керек.
4. Жаңа сабақты бекіту. - ағаш бөлшектерін шегемен бекітудің артықшылығы неде? - шеге қандай материалдан жасалады және неліктен шегені қиғаш қағады? - ақиғаш қағады? - ағаштарды бұрама шегемен бекітудің мәні неде? - бұрама шегелердің түрін ата? - бұрама шегелерді неге ағашқа қағүға болмайды? - желім түрлерін ата? - желім сапасын қалай анықтауға болады?
5. Жаңа сабаққа байланысты арналған сарамандық жұмыс. Сарамандық жұмыстың мақсаты: ағаштан жасалатын бұйымдарды қарастырудың әдіс - тәсілдерін және бұйымды жинау жолдарын меңгерту. Техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау:
Шеберхана ішінде оқушыларға еңбек қауіпсіздік ережесін сақтау туралы түсінік беру. Жұмыс кезінде құрал - жабдықтарды дұрыс пайдалану жолдарын және жұмыс орнының таза болуын, басқа артық заттардың болмауын қадағалау. Жұмысқа қажетті құрал жабдықтар: жұмыс үстелі, қысқыш, қол ара, сүргі, бұрғы, қашаулар, балға, желім, шегелер, бұрандалы шегелер, серіппе, және т. б. еңбек құралдары.
Сарамандық жұмыста қолданатын шикізаттар: керекті ағаштарды кесіп және сүргілеп, дайындаймыз. Қолданылатын ағаштың шірігі, бұтағы және жарылған жері болмауы керек. Жасалатын бұйым (тербелмелі ат) – негізінен ағаштан жасалады. Табанына қондырылатын рейканың өлшемі – 500х45х45 мм, рейканың үстіне қондырылатын тақтайдың өлшемі – 660х115х30 мм, бір жақтары дөңгеленген тігінен тіреуіш ағаш – 250х75х25 мм. Тіреуіш ағашқа қозғалып тұратын рейка өлшемі 660х50х50 мм бұрандамен бекітіледі. Қозғалып тұратын рейканың бір шетіне орындық орнатамыз, ал екінші жағына арнайы ойылған ойыққа аттың басын және аттың басына қол тұтқа бекітеміз. Серіппе қатты болуы тиіс. Мысалы: мотоцикл амортизаторы жарайды.
Бөлшектеуді шегемен құрастырып бекіту кезінде белгілі ереже талаптары мұқият орындалуы керек. Ағаштарды орналасуына қарай әр түрге бөлінеді (шетінен біріктіру және ортасынан біріктіру әдістері).
Құрастырып бекітудің шеге, бұрама шеге және желімнің көмегімен орналасады. Өнеркәсіпте шегелерді әр түрлі қалыңдықта, әр түрлі ұзындықта шығарады. Шегені біріктіріп бекітуде негізгі пайдаланатын құрал - балға болып табылады. Есте болатын бір жағдай ылғал ағашқа қарағанда, кепкен ағаштың қақ айырылып кетуі мүмкін. Бұрама шегемен құрастырып бекіту анағұрлым берік болады. Бұрма шеге дегеніміз конус тәріздес металл діңгектер.
Бұрама шегенің қалпағында жалпақ бұрауышқа арналған бір ғана кесік ойықты немесе крест түріндегі ойығы болады. Осыған қосымша бұрама шегенің қалпағында алты қырлы кілтке түрі де кездеседі. Бұрама шегелердің қалпағы жартылай дөңгелек елеусіз және жартылай елеусіз болып бөлінеді. ағаштарды құрастыру кезінде бұрама шегелерді ұрып қағуға болмайды. ағаш бөлшектерді желімдеу арқылы құрастырып бекітудің басқаша бекіту түрлерінен бірқатар артықшылықтары бар.
Серіппенің бір жағы табанындағы тақтайға, ал екінші жағы қозғалыстағы рейкаға бекітіледі. Тербелмелі ат – мектеп жасына дейінгі балалардың қозғалысын дамыту үшін қажет. Бөлшектер өлшемдерімен дайын болғаннан кейін сызбада көрсетілгендей құрастырамыз. Тербелмелі атқа мінген бала аттың басындағы қолтұтқадан ұстап отырып жоғары - төмен тербеледі. 5. Жаңа сабақты және сарамандық жұмысты қорытындылап, бағалау: оқушылардың жасаған жұмыстарын салыстыра отырып, берілген сұрақтарға жауап беруіне қарай бағаланады. Үйге тапсырма беру, жұмыс орнын жинастыру. Құрал саймандарды мұғалімге тапсыру керек.