Мерзімі: 25.10.2016ж. Мектеп директоры:
Тақырыбы: Шегемен, бұрама шегемен және желімдеп біріктіру. ___ Н.Сембек
Пәні: технология 25.10.2016ж.
М а қ с а т ы | Т а б ы с к р и т е р и й і |
Шегемен, бұрама шегемен және желімдеп біріктіру әдістері туралы мағлұмат алады. | Шегемен, бұрама шегемен және желімдеп біріктіру әдістерін білді. |
№ | Кезеңдері | Әдіс тәсілдері 7модуль | Уақыт | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
1. | Ұйымдастыру кезеңі | | 3 мин | Шеге,бұрамашеге, желім сөздері бойынша топқа бөлінуге нұсқау жасады. | Балалар шеге, бұрамашеге, желім сөздері бойынша топқа бөлінді. | | Кеспе қағаздар |
2. | Үй тапсырмасы | Сағат тілі, талантты және дарынды балаларды анықтау, СТО, оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер,басқару және көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, диалогтық оқыту | 10 мин | Өткен тақырыпты қайталау мақсатында сағат тілі әдісін орындауға нұсқау жасады. Орындалу ережесімен таныстырып, әр топқа флипчарттар үлестірді. Сағат тілі әдісі 11 9 3 6 1212121 - Технологиялық құжаттамалардың негізгі түрлерін атаңдар. - Технологиялық үдеріске анықтама беріңдер. - Технологиялық операция және технологиялық ауыстырым дегеніміз не? - Практикалық жұмыстарда қолданылатын технологиялық карталарда қандай мәліметтер көрсетілуі тиіс? | Әр топтан тақтаға бір-бір оқушыдан орындыққа отырып, құрдастарының өткен тақырыптар бойынша қойған сұрақтарына жауап беріп орындады. -Ағаштың қандай механикалық қасиеттерін білесіңдер? -Еден, баспалдақ сүйеніші үшін қандай ағаш жарамды, жұмсақ әлде қатты? -Ағаштың қаттылығын неден білуге болады? -Жаңа бұйымның құрылымын рәсімдегенде қандай негізгі құжаттар әзірленеді? -Бұйым қандай талаптарға сәйкес болуы тиіс. -Кертікті біріктірудің элементтерін атаңдар. -Тістердің түрлерін атаңдар. -Сызбаны оқығанда неге көңіл аудару қажет? -Сызбадағы өлшемдер қалай қойылады? -Ағашты құрғатудың қандай әлістерін білесің? -Сүргінің қалыбын қандай материалдан дайындаған абзал? | Білім биржасы акциалар | Түрлі-түсті акциалар кеспе қағаздар стикерлер |
3. | Жаңа сабақ | Джигсо, конспект, жеке жұмыс, басқару және көшбасшылық, басқару және көшбасшылық, СТО, оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, диалогтық оқыту, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, дарынды және талантты | 8 мин | Мұғалім 1-топқ шегемен біріктіру, 2-топқа бұрама шегемен біріктіру 3-топқа желімдеп біріктіру жолдарын өз беттерінше оқып мәлімет алып, қорғауға нұсқау жасады. | Балалар өз беттерінше оқулықтан 1- топ шегемен, 2-топ бұрама шегемен және 3-топ желімдеп біріктіру туралы оқып, таныстырып, түсінік қалыптастырды. | бесбармақ | оқулықтар қалам дәптер қаламсап |
12 мин | Шығармашылық жұмыс ретінде берілген мағлұматтарға сүйене отырып, құрал-жабдықтарды тиімді пайдалана отырып, бөлшектерді шегемен біріктіру әдістерін, бұрама шегемен біріктіру әдістерін орындауға тапсырма берді. Шегені қаққанда бірінші соққылар қысқа және әлсіз болу қажет, ағашқа кіргеннен кейін оны қаттырақ қағу керек. Шегені сызат және бұтақ көзі жоқ жерден қағу қажет. Шегені ылғал ағашқа қақпау қажет, өйткені шеге шіри бастайды. | Балалар жаңа мағлұматтарға сүйене отырып, құрал-жабдықтарды тиімді пайдалана отырып, бөлшектерді шегемен біріктіру әдістерін, бұрама шегемен біріктіру әдістерін қауіпсіздік техника ережелерін сақтай отырып орындады. Балғаны соғу бағыты шеге өзегінің бағытына дәл келетіндей етіп соғу қажет. Шегені қақпастан бұрын айналаңда ешкім жоқтығын байқаңдар. Сабында сызаттары жоқ және басы жақсы отырғызылған балғамен қағу керек. | Бес балдық жүйе | бор тақта ағаш бөлшектері балға, шеге бұрамашеге бұрағыш желім қылқалам |
4. | Сабақты пысықтау | Сұрақтары бар қорап, талантты және дарынды балаларды анықтау, басқару және көшбасшылық, СТО, диалогтық оқыту, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау | 10 мин | Жаңа сабақты пысықтау мақсатынды сұрақтары бар қорап әдісін орындауға нұсқау жасады, флипчарттар үлестіріп, орындалу ережесімен таныстырды. Сұрақтары бар қорап | Әр топ өздеріне үлестірілген қораптардан кеспе қағаздағы сөздерді оқып, жазып қорғады. | акциалар | Түрі-түсті акциалар Кеспе қағаздар |
| | | | | | | |
5. | Үйге тапсырма | | 2 мин | Шегемен, бұрама шегемен және желімдеп біріктіру. | Балалар күнделікке үй тапсырмасын жазады. | | Күнделік Қаламсап |
25.10.2016 жылы 7-сынып ер балдарымен технология пәнінен «Шегемен, бұрама шегемен желімдеп біріктіру» атты сабақ өтілді. Сабақтың мақсаты: Шегемен, бұрама шегемен және желімдеп біріктіру әдістері туралы мағлұмат алады. Сабақтың нәтижесі: Шегемен, бұрама шегемен және желімдеп біріктіру әдістерін білді. Сабақта сағат тілі, джигсо, жеке жұмыс, сұрақтары бар қорап, тақырыптық түйінді сөздер әдісітері қоланылды. Сабаққа мектеп директры Н.Сембек, оқу ісінің меңгерушісі Ә.Мелдебек, бейінді оқу ісінің меңгерушісі Г.Медетова қатысты.
Балалар топқа шеге, бұрмашеге және желім деп үш топқа бөлінді. Өткен сабақты қайталау мақсатында сағат тілі әдісі қоланылды. Ереже бойынша әр топқа сағат тілінің суреті бар сұрақтар жазылған стикерлер жабыстырылған флипчарттар үлестірілді. Әр топ мүшелері бір-бір стикердегі сұрақтарды алып, оқып жауап берді жауапты дұрыс берген болса сағаттағы жетіспеген сандарды жазып, сағат тілін алға жылжытып отырды.