Күні: 24.04. 2018 Пән: кәсіби еңбекке оқыту
Сыныбы: 7 А
Тақырыбы: Тақтай бетіне сурет салу
Сабақтың мақсаты: Тақтай бетіне сурет салу үлгісін көрсету
Сабақтың міндеттері:
- Білімділік: Оқушыларға тақтай жасауға болатын ағаш түрлерін, оның жасалу жолын, бетіне көшірме қағаз көмегімен сурет салуды және оны бояуды үйрету.
- Дамытушылық: Оқушылардың ұсақ қол моторикасын, сабаққа қызығушылығын, ой- өрісін дамыту
- Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа, бастаған ісін соңына дейін жеткізуге тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Тақтай үлгісі, тақтайлар, слайд
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрсету,баяндау, сұрақ- жауап, практикалық жұмыс
Сабақтың барысы:
- Кіріспе бөлім
- Ұйымдастырушылық кезеңі
Салеметсіздерме оқушылар! Көңіл- күйлерін қалай? Сабақта кім жоқ? Сабаққа дайынбызба? Балалар өткен тақырыпта қандай жұмыс түрін жасадық? (Тақтай жасау)
- Тақтайды қандай ағаш түрлерінен жасауға болады? (қайың, үйеңкі, терек, қарағаш.)
- Тақтайды жасау барысында қандай құрал- саймандарды қолдандыңдар? (егеу, қашау, тесу станогы, құмқағаз,ағаш балға)
- Негізгі бөлім
- Жаңа сабақ
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Тақтай бетіне сурет салу». Кеше жасаған тақтайымыздың бетіне әдемі етіп жемістердің суретін көшірме қағаз көмегімен саламыз. Жұмысты бастамас бұрын әдеттегідей жұмыс жоспарын құрап алайық. Ең алдымен не істейміз?
1.Керекті құрал-саймандарды дайындау (тақтай, көшірме қағаз, бояу, қылқалам, лак, сурет үлгісі)
2.Көшірме қағазды тақтай бетіне қю
3.Көшірме қағаздың үстіне суретімізді қою
4. Қарандашпен суретті бастырып шығу
5.Суретті және көшірме қағазды алып тастау
6.Суретті бояу
7.Тақтай шеттеріне жолақ жүргізу
8.Бояуы кебуі үшін бірнеше минутқа қалдыру
9. Тақтайдың суреті жок жағын майлау
10. Тақтай бетін лактау
11. Кептіру
Жұмыс жоспары дайын. Енді жұмыс барысында қандай құрал- жабдықтарды қолданамыз дедік?(желім, бояу, лак, май) Олармен жұмыс барысындағы қауіпсіздік ережелерін еске түсірейік!
- Желімді, бояуды, лакты пайдаланғанда ұқыпты болу
- Көзге тигізбеу
- Желімді, бояуды, лакты ауызға салмау
- Бояу барысынды қылқалам пайдалану
- Көзге тиген жағдайда, дереу сумен шайып тастау
- Жұмыс соңында қолы жуу
- Практикалық жұмыс
Дайын үлгіні пайдаланып, жұмыс жоспары бойынша тақтайдың бетіне сурет салу.
- Сергіту сәті
Көз жаттығуларын жасау
- Қорытынды бөлім
Бүгін біз не білдік?
Нені үйрендік?
Тақтай жасау қиын жұмыс па?
Болашақта өздерін осындай тақтай жасай аласыңдарма?
- Енді өздерін жасаған тақтайларынды ортаға қойыңдар! (Оқушылардың жіберген қателерін көрсетіп, түсіндіріп бағалау)
жұмыс жоспары
1.Керекті құрал-саймандарды дайындау (тақтай, көшірме қағаз, бояу, қылқалам, лак, сурет үлгісі)
2.Көшірме қағазды тақтай бетіне қю
3.Көшірме қағаздың үстіне суретімізді қою
4. Қарандашпен суретті бастырып шығу
5.Суретті және көшірме қағазды алып тастау
6.Суретті бояу
7.Тақтай шеттеріне жолақ жүргізу
8.Бояуы кебуі үшін бірнеше минутқа қалдыру
9. Тақтайдың суреті жок жағын майлау
10. Тақтай бетін лактау
11. Кептіру