Шатты? ше?бері: О?ушылар ше?бер ??рады. К?ктем келді. ??стар ?шып келе бастады. О?ушылар ??с м?сінін ?олдары?а ?стап бір – біріне бере отырып тілек айтады.
Конфеттерді? ?ш т?сі бойынша о?ушылар ?ш топ?а б?лінеді. Топ басшысы сайланады.
?й тапсырмасын жабы? тест ?дісі бойынша тексеру.О?ушылар тест ж?мыстарын бір – бірімен алмасып тексереді.
Жа?а та?ырып бойынша 3 топ?а 3 т?рлі м?тін таратылады.
Просмотр содержимого документа
«?й ??стары. ??старды? шы?у тегі ж?не аса ма?ызды ?олт??ымдары, оларды адамны? пайдалануы. »
Б.Б.Жолдыбалина, биология пәні мұғалімі. №26 жалпы орта білім беретін мектебі. Семей қаласы, ШҚО
Сабақтың тақырыбы: Үй құстары. Құстардың шығу тегі және аса маңызды қолтұқымдары, оларды адамның пайдалануы.
Білімділік мақсаты: Оқушыларға үй құстарының түрлері, құстардың шығу тегі, қолтұқымдары және тіршілік әрекеті жөнінде жалпы түсінік беру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ғаламтордан, электрондық оқулықтардан қосымша мәлімет алуға дағдыландыру, өз бетімен ізденуге баулу, пәнге қызығушылығын арттыра отырып, логикалық ойлау қабілетін, ой өрісін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды құстардың табиғаттағы және адам өміріндегі, халық шаруашылығындағы маңызын түсіндіре отырып, оларды қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, құстардың суреттері, дауыстары, электрондық оқулықтар, құс мүсіні.
Шаттық шеңбері: Оқушылар шеңбер құрады. Көктем келді. Құстар ұшып келе бастады. Оқушылар құс мүсінін қолдарыңа ұстап бір – біріне бере отырып тілек айтады.
Конфеттердің үш түсі бойынша оқушылар үш топқа бөлінеді. Топ басшысы сайланады.
Үй тапсырмасын жабық тест әдісі бойынша тексеру.Оқушылар тест жұмыстарын бір – бірімен алмасып тексереді.
Жаңа тақырып бойынша 3 топқа 3 түрлі мәтін таратылады.
1 – топ: Үй құстары; 2 – топ: Құстардың шығу тегі; 3 – топ: Құстардың маңызы. Мәтінді оқу – 5 минут (жеке,көршімен,топпен );
«Постер» әдісі: Мәтін бойынша плакат бетіне сурет салу – 7 минут; Ортаға бір оқушы шығып қорғау – 8 минут;
Бекіту: «Ыстық орындық» әдісі: Ортадағы орындыққа кезекпен әр топтан бір оқушы шығып отырып, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап береді.
«Тіл – өнер» бөлімінде оқушылар жұмбақтар шешіп, жауабын үш тілде қазақша, орысша, ағылшынша айтады.
Ағашта жабысып тұрады
Тұмсығын алмай ұрады. (тоқылдақ – дятел- wodpecker)
Аппақ доп тауып
Шақырды ақ ( тауық – курица – һen)
Шабақ аңдып жағада
Шарқ ұрады ( шағала – чайка – slagull)
Қорытындылау: Құстардың маңызына арналған слаидтар және мектеп маңында мекендейтін құстар туралы бейнекөрініс көрсету.
Бүгінгі сабақта үй құстары, құстардың шығу тегі және олардың маңызы жайлы мәліметтер алдық.
Топ басшылары өткізген бағалау парағы бойынша оқушыларды бағалау.