Сабақтың мақсаты: Сымкәптеу сөзіне түсінік беру, қауіпсіздік ероежесін сақтай отырып, сымкәптеу технологиясымен таныстыру, жұмыр тістеуікпен және қысқышпен жұмыс істеуге үйрету, металды көркемдеп өңдеу дағдыларын қалыптастыру. Оқушыларды жұппен және топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын әдістері: Жұптасып және топпен жұмыс. Сызу, түсіндіру, салу, көрсету, таныстыру.
Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: Темірді көркемдеп өңдеу»
Сабақтың тақырыбы: Темірді көркемдеп өңдеу
Сабақтың мақсаты: Сымкәптеу сөзіне түсінік беру, қауіпсіздік ероежесін сақтай отырып, сымкәптеу технологиясымен таныстыру, жұмыр тістеуікпен және қысқышпен жұмыс істеуге үйрету, металды көркемдеп өңдеу дағдыларын қалыптастыру. Оқушыларды жұппен және топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын әдістері: Жұптасып және топпен жұмыс. Сызу, түсіндіру, салу, көрсету, таныстыру.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру. Жеделдету сұрақтарын беру: 1. Сымның қандай түрлерін білесіңдер?
2. Диаметріне байланысты сымдардың майысуына түсінік беріңдер.
3. Сымнан жасалған әшекей бұйымдарды атаңдар.
4. Семей қаласында сымнан әртүрлі өрнекті әшекей қақпақтар, терезе торлары жасалатын орындар бар ма?, атаңдар.
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Түсті металл сымдардан жасалған әшекейлерді сымкәптеу дейді. Сымды бұрау, өрнектеу, дәнекерлеу деген мағнаны білдіреді.
Ал француз тілінде ол «филигран» деген атпен таралған, ежелгі зергерлер сымкәптеу өнеріне алтын, күміс, мыс сымдарды қолданған. Сымкәптеу өнерінің екі түрі бар:
Сымды әшекейлеп жеке өңдеу
Сымды арнаулы бұйымға ( білезік,алқа, сақина, т.б) дәнекерлеу арқылы өңдеу .
Сымкәптеудің технологиясы
Сымкәптеу өнерінде ширатылып бұралған сымдардың өрнектері көзді тартып тұрады. Бұралған сымды өрнек жасауға қолданар алдында екі тәсілмен таптайды:
Арнаулы екі темір оқтаудың арасынан өткізу арқылы ( Суретті плакатқа салынған)
Арнаулы төсте балғамен ұру арқылы.
Сымдарды түзету әдістерін көрнекті экраннан көрсете отырып түсіндіремін.
Тапталған бұранды сыммен өнек жасап, бұйымға дәнекерлеу оңай, өйткені олар бір- бірімен тығыз байланысқан.
Нәзік сымдарды жалпақтау құралы екі негізгі діңгектен тұрады.
Бұйым жасаудың технологиясы
Сым темірді өрнектер бейнесіне келтіру өте сезімталдықты, іскерлікті талап етеді. Мұнда сымның қалыңдығы да ескеріледі. Өрнектердің шағын бөлшектері жіңішке сымнан, ал күрделі бөліктері жуан сымнан жасалады. Арнайы қарайтылған бұйымға сымды дәнекерлеу ісінде өрнектердің ырғағы анық көрініп тұратындай етіп өңделеді. Өрнектердің әр бөлігі жобаға байланысты қолданады, олардың ірі бөлігі қолмен бұралып, өрнек салынады да, ал ұсақ бөліктеріне арнаулы құрал- саймандар қолданылады.
Әрбір бөлшекке қанша сымның жұмсалатынын нақты есептеу.
Әр топта сақина, білезік, ілгектер, шынжыр бау жасау
Сымнан сақина жасау технологиясы:
Сымның шетін жұмыр тістеуікпен қысу, ол тістеуіктің қысқан жерінен сәл шығып тұруы тиіс.
Сол қолдың бас бармағымен сымның үстіне қойып, неғұрлым тісіне жақын ұстайды.
Оң қолмен тістеуікті оңға қарай айналдырып, сымды мүмкіндігінше шеңбер жасап майыстырады. Бұдан кейін жұмыр тістеуікпен қысады.
Сымды қысып, дөңгелек сақинаға айналғанша майыстыра береміз.
Бұйымды тазартып, өңдейміз.
Сабақты бекіту:
1.Сымкәптеу дегеніміз не?
2. Сымкәптеу өнерінің неше түрі бар?
3. Бұралған сымды өрнек жасауға қолданар алдында неше тәсілмен таптайды?
4. Сымға өрнекті қалай бекітеді ?
5. Сымның қандай түрін білесіңдер?
Оқушы білімін бағалау, көтермелеу , мадақтау.
Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, сымнан жасалатын өрнектердің суретін салып келу.