Суреттегі адам қандай мамандық иесі деп ойлайсыңдар?
Ұста— шебер, ісмер адам. Түрлі материалдардан тұрмысқа, күнделікті өмірге қажетті заттар, бұйымдар жасаған. Ұстаның негізгі құралдары: көрік, төс, ерітетін ожау,балғалар,көсеу, бұрғы,қашау, егеу, шеге, сым,қалыптар. Ұста қалыпта құю, соғу, шегендеу, қара бағдар қондыру, зер жүргізу, сіркелеу сияқты тәсілдерді қолданған. Қазақстанаумағындағы ұсталық өнерқола дәуіріненбастап кеңінен дамыған. Жасайтын материалына не бұйымына қарай дәстүрліқазаққоғамында ұсталар мүйізші,ерші, тоқушы (шыбық тоқушы), ағаш оюшы, сазгер, майдагер, мыскер, балғашы, таспашы, бәдізші, темірші, т.б. болып бөлінген. Көпшілік ұсталар ұсталықтың бірнеше түрін меңгерген. Дәстүрлі қазақ қоғамында ұсталық киелікәсіпретінде бағаланған. Ұста дүкенін, көрігін, құрал-саймандарын да киелі санаған. Ұсталық кәсіпұрпақтанұрпаққа жалғасып отырады. Ұсталар негізінен батыр бес қаруын жасаған.
Бес қару—қазақ батырларықолданғанжауынгерлікқарулардың жалпы атауы. Бес қаруға соғыстакесу, шабу, түйреу, соғу, атуарқылы жауынажарақатсалатын, өзіндік қолдану әдісі барқылыш,айбалта,найза,шоқпар,жақ(садақ) сияқты қарулар жатады. Әр қарудың өзінің бірнеше түрлері, үлгілері бар. Мысалы,кесу қаруынақылыш, семсер, сапы, т.б. үлгілері;шабу қаруына—айбалта, жауынгерлік балта, оның өзге де түрлері;түйреу қаруына—найза, сүңгі, жыда;соғу қаруына—шоқпар, күрзі, босмойын шоқпар, сылқетер, т.б.;ату қаруына—жақ, кейін шыққан мылтық түрлеріжатқызылады. Бұрынғы кезде қарудың бір түрін пайдалануды өте шебер меңгерген жауынгерлерді бір топқа біріктіріп, арнаулысадақшылар, найзагерлер, семсершілерқосындары бөлек-бөлек құрылып, оларды қажетіне қарай қолдану әдісі соғыстактикасынанықтаған. Бес қару әр түрлі әскеридәрежелерді белгілеуге де пайдаланылып, түрлірәміздікрөлдер де атқарған. Мысалы,жақ—ханның, патшаның рәмізі ретінде,найзағатағылғанбайрақ,әскери ту—әскербасылық дәреже белгілері ретінде қолданылған. Бес қару қасиетті, киелі саналып, оларды қастерлеу нәтижесінде көптеген әскери салт-дәстүрлер қалыптасты.
1. Ол қандай ұсталық бұйым? 2. Неден жасалған? 3.Өлшемі қандай? 4. Оның жалпы қарулық сипатын ата.
Сарамандық жұмыс.
Біз бүгінгі сабақта ПВХ материалынан суық қару кәдесыйын жасауды үйренеміз. Алдымен ПВХ қандай материал қандай материал екендігіне тоқталсақ:
ПВХ (поливинилхлорид) – түссіз, не ақ түсті пластмасса, винилхлоридтің термопластикалық полимері. ПВХ материалы минералды майларға төзімді. Ыстықта +70 градусқа дейін, ал суықта -15 градусқа дейін төзеді. ПВХ электр кабельдерін жасауда, құбырларды жасауда, термопластикалық есік-терезе жасауда қолданылады. ПВХ-ны тіпті киімге де, аксессуар жасауға да қолданады. ПВХ материалынсыз қазіргі таңда өндірісті елестете алмаймыз. Кез-келген жерлерде ПВХ-дан жасалған материалдар табылады. Сондықтан бүгінгі сабақта сыйкәделік қанжар үлгісін ПВХ материалынан жасайтын боламыз.
Жүзі қысқа кесу қаруының бір түрі –қанжардеп аталады. Ол шайқаста атты жауынгердің қосымша құралы қызметін атқарған. Бұл пышақ қазақтың ұлттық костюмінің ажырамас бөлігіне айналып, ерлердің «кісе белдігіндегі» қынапта үнемі пышақ жүретін болған. Қынап пен оның белдікке тағатын ілмегі кестеленіп, металмен безендірілген
ПВХ-мен жұмыс барысындағы техника қауіпсіздік ережелері:
1.Пышақтың жүзі өткір болуы тиіс.
2.Қию кезінде қайшының қысқа жүзі астында болуы керек.
3.Кесу кезінде пышақты дұрыс пайдалану қажет.
4.Пышақты берген кезде жабық жүзін өзіне қаратып беруі керек.
5.Пышақтың сынған бөлігін тастауға болмайды.
6.Желім тез жабысатын болғандықтан, оны абайлап пайдаланған жөн.
7.Желімді қатты қысып сығуға болмайды.
8.Кесу кезінде пышаққа саусақты тым қатты жақындатуға болмайды.
9.Пышақтың өткірлігін саусақпен тексеруге болмайды.
ІV. Сабақты бекіту (5-8 мин)
Венн диаграммасы
«Зергер» мен «Ұста» ұқсастығы
Зергер
Ұста
( Білезік, жүзік, алқа, сырға жасайды
құралдары кішілеу,
дүкен, ұстахана,
темірден бұйым жасайды).
Үйге тапсырма:
«Қазақтың ұсталық өнері» тақырыбында реферат жазып келу.