Как тратить минимум сил на подготовку и
проведение уроков?
Как быстро и объективно проверять
знания учащихся?
Как сделать изучение нового материала
максимально понятным?
Как избавить себя от подбора заданий и
их проверки после уроков?
Как наладить дисциплину на своих
уроках?
Как получить возможность работать
творчески?
Просмотр содержимого документа
«Санды? »
12.03.2014 4-сынып
Сабақтың тақырыбы:Сандық.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сандықтың қолданылуы, түрлері және жасалуы.
Дамытушылық: Сандықтың құрлысы, жасалу жолдары және сандықты жасау, әдемілеу.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұлттық бұйымдарды жасауға баулу, шеберлігін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сызбалар.
Сабаққа қажетті құрал жабдықтар: қағаз, қайшы ,қарындаш, өлшеуіш құралдар,т.б.
Пән аралық байланыс: тарих, бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Сандық.
Сандық – киім-кешек және т.б. заттарды салып сақтауға арналған үй жиһаздарының бірі. Сандықтың бірнеше түрі бар. Олар: абажа, әбдіре, қобдиша. Бұл бұйымдардың жасалу тәсілдері бірдей. Олар екі жағы өңделген жұқа тақтайдан жасалады. Сондықтан олар жеңіл әрі тұрмыста қолдануға ыңғайлы. Сандықтың қақпағы тұтас ашылады. Әр халық сандықты өзінің ұлттық ою-өрнектерімен әшекейлейді. Ондай әшекейлер майлы бояумен өрнектеліп, қаңылтырмен безендіріледі, ойып өрнек салынады. Алтын, күміс сияқты қымбат металдармен зерленіп, асыл тастармен безендірілген, әр-түрлі ойма сүйектермен әрленген қазақ сандықтарын қазір мұражайлардан көруге болады. Әр халықтың ою-өрнек нышаны әр-түрлі.
Сандық құрлысының сызбасы.
Ұзындығы 10 см, ені 5см, биіктігі 6см.
Сабақты қорытындылау:
Сандық тұрмыста не үшін қолданылады?
Суреттегі сандықтардың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?
Сандықты қандай материалдан жасайды?
Үйге тапсырма: Қатырма қағаздан сандық жасап оған өрнек салып келу.