ә) Дамытушылық:Адамдардың негізгі іс- әрекеті, жұмысы және
оның өмірдегі маңызы.
б) Тәрбиелік: Өз бетінше жұмыс жасауға, ұқыпты болуға,
шыдамдылыққа үйрету.
Сабақтың типі мен түрі:кіріспе сабақ.
Көрнекілік құралдар, әдістемелік дидактика.
1. «Технология 5 » - 2010 ж.
2. «Пайдалы кеңестер» журналы, слайд.
3. Үлгі мен бұйымдар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Оқушы білімін анықтау.
Өзіндік жұмыс.
Сабақты бекіту бөлімі, сергіту сәті.
Қорытынды бөлім, үйге тапсырма.
Жаңа тақырып.
«Технология - өнер туралы ғылым». «Технология шеберлік, білгірлік және іскерлік мектебі.» деп бүгінгі сабағымызды және жаңа пәнді бастаймыз. 5 сыныптан бастап сендер осы пәнді оқитын боласыңдыр. Бастауыш сыныптардағы «Еңбекке баулу» сабақтарында өз қолдарыңмен жапсырмалау, тігу, құрастыру арқылы әртүлі бұйымдарды жасаған болатынсыңдар. Енді сендер одан да күрделі бұйымдардың жасалу технологиясын игеріп, ас дайындауды, жеке бас гигиенасын сақтауды, киімді пішу, тігу, жобалау жұмыстарымен айналысатын боласыңдар.
«Технология» сөзі көне гректің «techne» - «өнер, шеберлік, іскерлік» және латынның «logos» - «ғылым, сөз, білім» деген сөздерінен құралған.Технология негіздері- өнімді өндіру кезіндегі ақпараттар, шикізаттар, материалдар, жартылай фабрикаттар, бұйымдарды алу және өңдеу, сонымен қатар әдіс- тәсілдер жиынтығы болып табылады. Технология сабақтарында сендер бұйымның жобасын жасап немесе суретін салып, сызбасын сызып, құрылымын немесе конструкциясын жасап, модельдейсіңдер және бұйымды жасайсыңдар, тігесіңдер т.б.
Оқушы білімін анықтау.
5 -беттегі суреттерге қарап адамның іс- әрекетеріне сипаттама беріңдер.
- Адамның күші нені көтуге лайық?
- Жерді қалай жыртқан дұрыс?
- Көлік деген не? Оның жаңа түрі қалай аталады?
- Қарапайым және күрделі техникалар туралы айтып беріңдер.
Негізгі бөлім.
Өзіндік жұмыс. Бұрынғы заманғы техникалар қандай болды және олар ненің күшімен жұмыс жасады? Алқазіргі техникалар қалай жұмыс жасайды? Айырмашылығын кестеде көрсет.
Жұмыс түрі
Бұрынғы кезде
Қазіргі кезеңде
Ас пісіру
Отта, ошақта, пеште
Газ, электр плитасында
Жер өңдеу
Атпен, соқаман
трактормен
Сабақты бекіту.
1. «Технология» дегеніміз не?
2. Қандай технологияларды білесіңдер?
3. Мата өңдеу технологиясы қай өнерге жатады?
4. Адамдар өз өмірін жақсарту үшін қандай технологиялар ойлап тапты?
5. Қазіргі заманғы озық технология туралы айтып беріңдер.
Қорытынды.
Сонымен, өмір сүруді, тұрмысты жақсарту , өзгерту тәсілдерін ойлап табудытехнологиядеп атаймыз. Сендер үшін әрбір технология сабағы жаңалық, әр бұйымның сырын ашу болып табылады.
Үйге тапсырма.
1-6 суреттерге кесте жасап, тұрмыста, көлікте технологияның өркендегені жайлы айырмашылықты көрсетіп жаз.