kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Поурочный план по технологий в 6 классе

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: ?ауіпсіздік техникасы ж?не е?бекті ?ор?ау

О?у шеберханаларында е?бекті ?ор?ау
Е?бек ?ор?ауды? негізгі міндеті — за? актілері ж?йелерін ж?не олар?а с?йкес ?леуметтік - экономикалы?, техникалы?, тазалы? са?тау ж?не ?йымдастыру шараларын талдап, орындау болып табылады, м?ны? б?рі е?бек процесі кезінде денсаулы? са?тау ?ауіпсіздігін ж?не о?ушыны? е?бек ?абілеттілігін ?амтамасыз етеді.
Е?бек ?ор?ау?а е?бек за?дылы?тары, ?ауіпсіздік техникасы ж?не ?ндірістік санитария ж?ніндегі м?селелер кіреді. Барлы? о?ушылар ж?мыс істеуді? ?ауіпсіз ?дістерін ?йреніп, игеруге ж?не ?ауіпсіздік техникасы ережелерін жа?сы білуге міндетті. Белгілі тапсырмамен ж?мыс?а кірісетін ?рбір о?ушы ?ауіпсіздік техникасы, бойынша ал?аш?ы н?с?аулар ал?аннан кейін ?ана іске кірісу керек.
Ж?мыс н?с?аулары кезінде о?ушылар шеберханада?ы т?ртіп ережелерімен танысады, жара?ат ту?ызатын негізгі себептерді?, жабды?тарды?, ??рал - саймандарды?, ?сіресе электр ж?йелеріні? а?ауларын ж?не т. б. ж?мыс істеуді? теріс ?дістерін естіп біледі. Ж?мыс орнында н?с?ауды м??алім ж?ргізеді, ол ж?мысты? ?ауіпсіз ?дістерін, техникасын т?сіндіреді, электр ?ауіпсіздігі, ж?мыс орнын ?стау т?ртібі, о?у механизмдеріні? ??рылысын, ж?мыс?а ?осу ережелерін, станоктарды то?тату, тексеру ж?не майлау туралы ма?л?мат береді.
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Поурочный план по технологий в 6 классе »

6-сынып №1сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау

Оқу шеберханаларында еңбекті қорғау
Еңбек қорғаудың негізгі міндеті — заң актілері жүйелерін және оларға сәйкес әлеуметтік - экономикалық, техникалық, тазалық сақтау және ұйымдастыру шараларын талдап, орындау болып табылады, мұның бәрі еңбек процесі кезінде денсаулық сақтау қауіпсіздігін және оқушының еңбек қабілеттілігін қамтамасыз етеді.
Еңбек қорғауға еңбек заңдылықтары, қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария жөніндегі мәселелер кіреді. Барлық оқушылар жұмыс істеудің қауіпсіз әдістерін үйреніп, игеруге және қауіпсіздік техникасы ережелерін жақсы білуге міндетті. Белгілі тапсырмамен жұмысқа кірісетін әрбір оқушы қауіпсіздік техникасы, бойынша алғашқы нұсқаулар алғаннан кейін ғана іске кірісу керек.
Жұмыс нұсқаулары кезінде оқушылар шеберханадағы тәртіп ережелерімен танысады, жарақат туғызатын негізгі себептердің, жабдықтардың, құрал - саймандардың, әсіресе электр жүйелерінің ақауларын және т. б. жұмыс істеудің теріс әдістерін естіп біледі. Жұмыс орнында нұсқауды мұғалім жүргізеді, ол жұмыстың қауіпсіз әдістерін, техникасын түсіндіреді, электр қауіпсіздігі, жұмыс орнын ұстау тәртібі, оқу механизмдерінің құрылысын, жұмысқа қосу ережелерін, станоктарды тоқтату, тексеру және майлау туралы мағлұмат береді.
Ағаш шеберханаларындағы жарақаттанудың негізгі себептері:
• жабдықтардың дұрыс орналастырылмауы;
• қорғаныш қалқаңдарының мүлдем болмауы немесе жетіспеушілігі;
• іске қосқыш аппараттардың қанағатсыз күйде болуы;
• жұмыс істеудің қауіпсіз әдістерін оқушылардың нашар білуі;
• құрал - саймандар талаптарға сәйкес келмеуі;
• құрал - саймандардың жүзі өткір болмауы;
• мұғалімнің қауіпсіздік ережелерін дұрыс бақыламауы т. б
Сондай - ақ шеберханалардағы жабдықтардың орналасуы, оқушылардың ары - бері өтуі есептелуі және олардың жүру жолдары қысқа болуы тиіс. Станоктардың орнығуы мықты, қозғалыссыз, жұмыс кезінде ешқандай тербеліссіз болуы талап етіледі. Оқушылардың бойына сәйкес, ал аласа оқушыларға арнаулы, жылжымалы баспалдақ жасалынуы міндетті. Жабдықтардың өзі сенімді қалқалармен, шаңдарды, қиқымдарды, ағаш ұнтақтарын сорып алатындай желдеткіштер, сондай - ақ кесілген материалдарды беріп тұратын механизмдермен қамтамасыз етілуі керек. Кескіш аспаптардың (ара, фрез, пышақ, қайрақ қалпақшасы) жұмыс бөлігі өңделетін материал мен аспап өткен кезде ашылатын, сонан соң автоматты жабылатын қоршаумен жабылуы қажет Мұның өзі өңделетін материалдың биіктігі мен енінің көлеміне сәйкес болады, қоршау мен сақтандырғыш құрылғы қалдықтардан тазартуды қиындатады. Бойлығына қарай кесуге арналған дөңгелек жүзді станоктарда жұмыс істеу қауіпті болады. Сондықтан оқушыларға ондай станоктармен жұмыс істеуге мүлдем тыйым салынады. Кесу, арнайы шикізатты дайындау жұмыстарын мұғалімнің өзі орындауға міндетті.
СТД - 120М ағаш жону станогінде жұмыс істеген кезде оған жонылатын шикізатты дұрыс таңдап алу керек. Жонылатын ағаш жарықсыз, сызатсыз, шіріксіз болуға тиіс, егер бұл талаптар ойдағыдай орындалмаса, жонылып жатқан бұйым сынып, жарақаттауы мүмкін. Сондықтан мұғалімге тексертіп алу - міндет. Жасайтын бұйым станокқа орнықтыру ретімен мықты бекітілуге тиіс. Оның артқы бекініс штогына міндетті түрде май жағу керек. Жұмысты бастар алдында мұғалімге тексертіп, бұйымның мықтылығына және талаптарға сай екеніне көз жеткізгеннен кейін мұғалімнің рұқсатымен ғана станок іске қосылуға тиіс. Жонуға арналған станок пышақтары өткір әрі саптары талапқа сай болуы керек. Егер талапқа сай келмесе, жонылып болайын деген бұйымды істен шығарады немесе жарақаттауы мүмкін. Бұйымды жону кезінде станок ағаш бұйымы мен тіреуіштің ара қашықтығы 3 - 5 мм болуға тиіс. Егер ара қашықтығы одан көп болып кетсе, нақтылы өлшеммен шығарып өндеу қиынға түседі. Әсіресе сыртқы және ішкі бөліктерін нақтылы өлшеммен тегістеу кезінде өте қиынға соғады, тіпті үлкен ара қашықтықты өлшеу арасына пышақ тіреліп, жарақат¬тауы да мүмкін. Сондықтан айналып тұрған ағаш бұйымы мен тіреуіштің ара қашықтығын үнемі бақылап, қадағалау керек.
Электр қауіпсіздігі. Әрбір шеберханадағы станоктардың ток өткізгіш сымы арнаулы кабельге жалғанып, темір түтікшенің ішімен жүргізілуге тиіс, әсіресе кабель еден үстімен өтетін жерлерде аса үлкен жауапкершілікті талап етеді, өйткені ауыр құрал немесе зат кабельдің үстіне түссе, ол қауіпті, тіпті күрек ұшы да оны жарақаттауы мүмкін. Труба ішімен жүргізілген кабельдің ұзындығы да еден үстінде өте қысқа орынды қамтуға тиіс және ол аяқ астында кедергі келтірмеу керек, яғни оқушылар жүрмейтін жерді, плинтус жағалауын т. б. қамтуға тиіс. Егер есіктің табалдырығынан өтсе, онда труба беті шалынбайтындай, қауіпсіз қорғаныш ағашымен жабылуы керек. Арнаулы кабельден ток күші келетін труба еден үстімен станок жанынан жоғары көтеріліп, станокқа жалғанатын биіктік деңгейінде бітуге тиіс. Шеберханадағы барлық станоктарға ортақ тоқ күшін қосуға және ажыратуға арналған жалпы қалқан міндетті түрде болады. Ол қалқан негізгі оқу шеберханасынан тыс, арнаулы жерде орналасуы міндет.
СТД - 120М және басқа станокпен жұмыс істеген кезде ток сымындағы шағылыс ұшқындарын, станоктың айналу жылдамдығы бәсеңдегенін немесе күйік иісін байқасаңдар, дереу мұғалімге хабарлау керек. Ондай жағдайларда станокты тоқтатып, өшіру міндет.
Өрт қауіпсіздігін сақтау. Оқу шеберханаларында көптеген жұмыстар үлгі ретінде істеледі. Мысалы, арнаулы плитада желім дайындау, электр муфельді пешпен жұмыс істеу, электр қайрағымен бұйымдардың шетін өндеу немесе пышақ қайрау, фреза станогімен жұмыс істеу т. б. жалпы шеберханалар, әсіресе ағаш шеберханасы аса жоғары өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін талап етеді.
Оттың шығу себептері:
• ток күшіндегі жалғамдардың осал болуы;
• станоктарды бақылау қосқыштары (контроль включатель) контактілерінің әлсіздігі;
• қайрақ станогінде ағаш ұнтақтарының шоғырлануы;
• ашық және арнаулы жабық плиталардың талапқа сай қолданылмауы;
• муфельді пешпен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелердің қолданылмауы және онда өңделген темірлердің арнаулы орындары болмауы;
• үтікпен, ағаш майыстыру пешімен жұмыс істеу кезінде талаптардың орындалмауы;
• оқушылардың білім дәрежесінің төмендігі т. б.
Оқу шеберханасында өрт қауіпсіздігіне арналған арнаулы құралдар міндетті түрде болуға тиіс.



















6-сынып №2сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ауыл шаруашылығы өндірісінің техникасы мен технологиясы
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі. Оқушыларға өсімдіктердің көптүрлілігін және маңызы жайлы түсінік беру, білімдерін арттыру.
ә) тәрбиелілігі. Оқушыларға өсімдіктердің маңызы, көптүрлілігі жайлй түсіндіріп, олардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру, өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу.

б) дамытушылығы. Оқушылардың өсімдіктердің адам өмірі үшін маңызын өз бетінше ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Өсімдіктер туралы кітап, Өсімдіктің суреттері, өсімдіктердің кеппе шөбі, жеміс-жидек муляжы, тірі өсімдіктер, интерактивті тақта,
Сабақтың әдісі:СТО әдісі, сұрақ – жауап, баяндау, қорыту, жартылай іздену.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Пәнаралық байланыс: биология, табиғаттану, экология, зоология, әдебиет.
Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Қорытындылау
Ү. Бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма беру.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесіп, оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындау.Оқушылардың назарын аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Оқушылардан үйден жан-жануарларға жазған хаттарын оқыту.

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.
Оқушылардан өсімдіктер туралы қандай мақал – мәтел, жұмбақтар туралы сұрау.

Өсімдіктердің түрлері өте көп.Өсімдіктер жер шарындағы оттегіні жасаушы және зиянды газдардан тазартушы болып табылады.
Өсімдіктер әлемі – тірі табиғаттың бір бөлігі.Адамзаттың да, жануарладың әлемінің де өмірі шынында да осы өсімдіктер дүниесіне тығыз байланысты. Әлемде көзге көрінетін өсімдіктер әр алуан. ХҮІІІ ғасырда швед ғалымы К. Линней өсімдіктердің көптеген түрлерін анықтап, 6000 түрі ғана белгілі болды.
Өсімдіктің таралу жолдары әртүрлі. Климаты суық жерлерге қарағанда жылы тропикалық және субтропикалық жерлерде өсімдіктің түрлері де өте көп.
Мысалы: Гренландия аралында – 390 түрлі
Сахарада – 300 дей
Бразилияда – 40 000 түр
Индияда – 21 000 түр
Қытайда – 20 000 түр
Африканың тропикалық аудандарында – 13 000 өсімдік түрі кездеседі.

Жер бетіндегі табиғат жағдайлары әр жерде әртүрлі. Бір жерде үнемі жаз, екінші жерде үнемі қыс , ал тағы бір тұста жылдың барлық мезгілдері айқын байқалады.
Өсімдіктер құрлықта және суда, тундра мен шөл далада , тауларда және мұздықтарда да кездеседі.
Экватор маңы сияқты жыл бойы жаз болып тұратын аймақтарда жылу сүйгіш өсімдіктер мен жемістер өседі. ( мысалы. ЗӘЙТҮН, МАНДАРИН, БАНАН
Шөл далаларда ыстыққа төзімді және суды үнемді әрі аз пайдалануға бейімделген өсімдіктер өседі. Мысалы: сексеуіл бірнеше айлар бойы сусыз тіршілік етуге бейім.
Мұхиттар мен теңіздерде, өзендер мен көлдерде балдырлар , теңіз капустасы және маржанды рифтерде өсетін ерекше өсімдіктің түрлері өседі.Бұл өсімдіктер су жануарларына қорек болып қана қоймай, судың құрамындағы заттардың тепе-теңдік жағдайына әсер етуші.
Өсімдіктер табиғатта үлкен роль атқарады.. Жануарлар алуан түрлі өсімдіктермен қоректенеді. Адам өз тіршілігінде көптеген мәдени өсімдіктерді пайдаланады. Егістіктермен мал жайылымдары ауыл шаруашылығының қайнар көзі болып табылады.
Өсімдіксіз біз көріп жүрген табиғат мұндай көркем, әрі сұлу болмас еді. Қызыл жасыл түспен боялмаған гүлдерсіз ешқандай қаланың , ауылдың көркі сұлу болмас еді.
Өсімдіктерден сонымен қатар ағаштар, құрылыс материалдары ( кітап, дәптер ) жасалынады. Тастай темір ағашты самшат деп аталады.
Ең биік ағашты – эвкалипт дейміз.
Ең биік шөпті – бамбук дейміз,
Өсімдіктердің мәдени және дәрілік түрлері болады.
Мәдени өсімдіктерге – азық – түліктер, майлы дақылдар. Мысалы: картоп, жүгері күріш ,бидай ,күнбағыс , мақта, темекі т.б.
Ал бидай – нан атасы. Ал жүгеріні дала аруы деп те атаймыз.
Күріштің отаны – Үндістан
Картоп, жүгері, мақта , күнбағыс, темекінің отаны – Америка . Бұл өсімдіктерді Еуропаға алғаш алып келгендер теңіз саяхатшылары.Қазір дүние жүзінде адамдар егіп, өсіретін мәдени өсімдіктердің 200 мыңдай түрі бар. Олардың арғы тегі жабайы өсімдіктер.
Табиғатта өсетін өсімдіктердің адамдарға тигізетін пайдасы өте көп.Олардың біразын тамаққа пайдаланса, бір тобын әр түрлі шаруашылыққа пайдаланады.Өсімдіктерден дәрі – дәрмек, бояулар алынады.Картоптан крахмал мен спирт алынады, ал мақта – матаның негізгі шикізаты . Қарағай, пияз, сарымсақ сияқты өсімдіктер ерекше фитонцид деген затты бөліп шығарып, ауру қоздырушы бактерияларды өлтіреді. Адам өміріне қажетті ауаны оттегімен байтып отырады. Дүние жүзіндегі аса пайдалы өсімдіктерді қолдан өсіріп, елден елге таратқан да адамдар. Мәдени өсімдіктерді адам қолдан өсіреді.
ІҮ. Қорытындылау.
1. Өсімдіктер жер шарында біркелкі таралған ба ?
2. Суық жерлер мен мен жылы жерлердегі өсімдіктердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай ?
3. Өсімдіктер адамның тіршілігінде қандай рөл атқарады?

Ү. Бағалау .
Сабақ айтқан, сабаққа белсене қатысқан оқушыларға баға қойылады.

ҮІ. Үйге тапсырма беру.























6-сынып №3сабақ

Сабақтың тақырыбы: Көкөністерді арам шөптен, зиянкестерден, аурудан қорғау

Білімділік: оқушылардың егіншілік жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық: егіншілік жүйесі туралы білім, білік және дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: оқущыларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа ұғымды меңгерту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Көрнекіліктер мен құрал – жабдықтар: түрлі түсті суреттер, кітап, плакат.

Пәнаралық байланыс: биология



Сабақтың жоспары.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй тапсырмасын тексеру, пысықтау

3. Жаңа сабақты түсіндіру

4. Кіріспе инструктажы

5. Сарамандық жұмыс

6. Бекіту инструктажы

7. Жұмыс орнын жинақтау

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

2. Сабаққа дайындығын тексеру (құрал – жабдықтар, кабинет тазалығы т.б).

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, пысықтау.

Өткен жылғы тақырыптарды қайталау.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жалпы адамзат ерте заманда қолданған және қазіргі кезде қолданып жүрген егіншілік жүйесі үшке бөлінеді: қарапайым, эксткенсивті және интенсиві.

Егіншеліктің қарапайым жүесі топырақтың табиғи құнарлығын пайдалануға негізделген. Бұл – егіншіліктің алғашқы кезеңіне және ерекшелік. Ол үшін ерте заманда адамдар орман алқаптарында егін салу үшін ағаштарды кесіп не өртеп егістік жер дайындаған. Осылай орманнан тазартылған жерлерге 3-5 жылдай дәнді дақыл егілген. Танаптарда арамшөптер көбейіп, топырақтың құнарлығы азайып, өнім төмендей бастағанда, бұл жерді тастап, орманнан жаңа жер дайындаған.

Диқандар тастап кеткен танаптарда қайтадан табиғи шөптер мен ағштар өсіп, көп жылдар өткен соң, жердің құнарлығы қайтадан қалпына келген.

Тың жерге тән көп жылдық шөптер қаулап өсе бастаған кезде диқан ол жерді қайта жыртып егін салған. Міне, егіншіліктің қарапайым жүйесі осылай іске асырылған.

Егіншіліктің экстенсивті жүйесі қарапайым жүйесіне қарағанда көп жоғары тұр. Бұл жүйенің нәтижесінде егіске жарамды жерлерді пайдалану едәуір жақсарды. Халық санының өсуіне байланысты егін алқабының аумағы үлкейді. Жерге жеке меншік пайда болды, енді диқан бұрынғыдай кез келген жерді егістіккке арнап жыртуы мүмкіндігінен айырылды. Сөйтіп топырақ құнарлығын қалпына келтіру мерзімін қысқарту қажеттігі туды. Ондай тәсіл табылды, ол – танапты парға қалдыру. Жерді парға қалдырғанда, армшөптерді құртуға, топырақтың құнарлылығынын көтеруге мүмкіндік туады, яғни танапта ештеңе егілмесе де, жаз бойы бапталып, күтіледі. Сөйтіп егіншіліктің пар жүесі шықты. Кейін парға қалдырылған танаптарға ор қалдырылған танаптарға органикалық, минералдық тыңайтқыштар берілетін болды.

Алғашқы ауыспалы егіс екі танаптан тұрады. Бір танапты парға қалдырып, екіншісіне астық дақылдары егілді. Бірте-бірте екі танапты ауыспалы егіс пайдаланыла бастады. Танапқа бір жыл күздік дақыл, екінші жылы жаздық дақыл егіліп, үшінші жылы оны парға қалдыратын болады. Егістіктің қарапайым түріне қарағанда, пар жүйесі астық дақылдарынан анағұрлым мол өнім жинауға, егіске жарамды жердің жыртысына, тіпті үштен екісіне астық егуге жағдай жасайды. Міне икстенсивті жүйенің маңызы оыс.

Егінщшіліктің интенсивті жүйесі ХVIII ғасырдың басында Англияда шықты. Бұл жұйе бойынша әдетте, төмендегідей ауыспалы егіс қолданылды: 1- беде, 2- күздік бидай, 3- отамалы дақылдар (картоп, қызылша), 4- масақты жаздық дақыл мен беде (беде астықтың үстіне себіледі). Бұл ауыспалы егісте органикалық, минералдық тыңайтқыштар кеңінен қолданылды. Астық өнімі әр гектардан 1,6 – 1,7 тоннаға жеткен. Егіншіліктің интенсивті жүйесінде жерді неғұрлым тиісмді пайдалану ғылымға негізделген көптеген шаралар қолданылды, барлық қажетті тыңайтқыштар берілді, жоғары өнімді техникалар пайдаланылды. Өнімді көбірек алуға бағытталған әр гектарға жұмсалатын шығын арта түсті.

Егіншіліктің бұл жұйцесінде пар болмайды, ауыспалы егістің құрамында қант қызылшасы, картоп сияқты тыңайтқыштарды көп қажет ететін дақылдар егілді.

Жыл сайын танапқа биологиялық құрылысы әр түрлі, өсіру технологиясы да бір-бірінен өзгеше дақылдарды егу топырақтың құнарлылығын, алынатын өнім мөлшерін арттыра түсті. Сөйтіп егіншіліктің интенсивті жүйесінде дақылдарды өсіру үшін жұмсалатын шы,ын көбейіп, сонымен қатар алынатын өнім де артты.



ІV. Кіріспе инструктажы.

Техникалық тазалық ережелерін еске түсіру, инструкциялық карталар тарату.



V. Сарамандық жұмыс.

Оқушылармен егіншіліктің қарапайым топырақты өңдеу жолдарын жасап үйрену. Бұл егіншіліктің алғашқы кезеңіне тән ерекшелік. Тың жерді көп жылдық шөптерден тазартып, ол жерді қайта жыртады. Міне, егіншіліктің қарапайым жүйесін осылай асырылатынын үйрендік. Тыңайтқыштар араластырып екі қайтара аударып, білімімізді дамыттық.

Құрал – саймандар: күрек, тырма, тыңайтқыш.



VІ. Бекіту инструктажы.

Сабақты қорытындылау.

Оқушыларға бүгінгі егіншілік жайлы білгендерін қорытындылау.

1. Қазіргі кезде қолданып жүрген егіншілік жүйесі қаншаға бөлінеді?

2. Тың жерге тән қандай қасиеттер бар?

3. Егіншіліктің инсентивті түрі қай ғасырда қай жақта пайда болды?

Бағалау.

Оқушылардың біліктілігін, еңбегін бағалау.



Үйге тапсырма беру.

Егіншілік жайлы оқып, мәлімет жинап келу.



VІІ. Жұмыс орнын жинақтау.





























6-сынып №4сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ағаш пен ағаш материалдарын қолмен және механикалық түрде өңдеу технологиясы

Сабақтың тақырыбы: Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу. 
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ағашты көркемдеп өңдеу әдістерін меңгерту үшін әр түрлі станоктардың жұмыс атқару операцияларымен таныстыру. 
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың икемділігін, іскерлігін, шеберлігін қалыптастырып, ұқыптылыққа баулу. 
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға еңбек және эстетикалық тәрбие беру. 
Сабақтың түрі: Сарамандық сабақ. 
Сабақтың оқыту әдісі: Әңгімелесу, сарамандық және өз бетімен жұмыс істеу. 
Көрнекілік: пышақ , сызғыш, қалам. 
Жоспары: 
1. Ұйымдастыру кезеңі. 
а) Оқушыларды түгелдеу 
ә) Жұмысты ұйымдастыру 
2. Өткен материалды қайталау. 
3. Жаңа сабақ. 
4. Сарамандық жұмыс 
5. Бекіту 
6. Бағалау 
7. Үйге тапсырма 
Сабақтың барысы: Өткен тарихымызды білмей бүгінгі күннің қадіріне жету, болашақты болжай білу өте қиын. Ата – бабамыздың жинақтаған рухани байлығының қоры ұшан – теңіз. Ата – баба жасаған бұл рухани байлықтар қазіргі таңда да өз құндылығын жойған емес. Бұлардың барлығы баршаға бірдей қазына. Сол мәдени асыл мұраларды зерттеп, танып білу, бағалай білу біздердің, кейінгі ұрпақтың абыройлы да азаматық, ұлттық парызы. Қасиетті қазақ даласында талай ұста, зергер, құсбегі, сал – сері, тігінші, өрімші, балгер – бақсы өтті. 
Өкше басар ұрпаққа әлеуметтік мұра болып қалған Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи, Жамбылдағы Айша бибі, Қарахан, Ұлытаудағы Алашахан, Аякөз бойындағы Қозы Көрпеш – Баян Сұлу зираттары да ертедегі қазақтардың сәулет өнерінің асқаншебері бола білгенін дәлелдейтін тарихи айғақ. Есіктегі «Алтын адам» қаңқасы, Түркістандағы «Тайқазан» да ертедегі ата бабаларымыздың ағаш пен сүйектен, жүн мен теріден түйме түйетін, «алтынды аптап, күмісті күптеп» зергерлік әшекей заттар жасаушы, он саусағы өнерлі шеберлердің болғанын дәлелдей түсетін фактілер. 
Қазақ халқының өткендегі мәдениетіне үңілсек, күнделікті тұрмыс қажетін өтейтін қолөнердің жете дамыған түрлі салалары болғандығын көреміз. Айталық, киіз басу, киіз үйге қажетті бау –басқұр, алаша, кілем, аяққап тоқу, сырмақ сыру, кесте тігу, ағаштан ойып ыдыс – аяқ, ер тоқым жасау, тері илеу, асыл тастардан сәндік бұйымдар жасату (зергерлік өнер), қара темірден тұрмыстық, шаруашылық құралдарын жасау қолөнердің тамаша туындылары болды. Бұлардың бірсыпырасы қазіргі дәуірімізде де өз маңызын жоймағаны анық. Ағаш өңдеуде біздің қазақ халқы алдына жан салдырмайтын, ағаштан түйін түйетін халық. Қасиетті саналатын ұлттық бұйымдарымыздың жасалу технологиясы мен олардың әшекейленуі эстетикалық тұрғыдан алғанда басқа халықтардан кем түспейді. 
- Ағашты өркемдеп өңдеуге қажетті ағашты дұрыс таңдау істің нәтижелі болуына септігін тигізеді. Мысалы: СТД – 120 м станогымен жұмыс жасауға қатты ағаш түрлері дұрыс. Сондықтан жасалатын бұйым түріне қарай ағаштың механикалық, физикалық жағдайларын білу керек. 
Жұмысқа бұтақсыз ағаш түрлерін таңдап, қажетті өлшемін кесіп, сүргілеп, әрлеп болған соң, тегіс бетіне өрнек бейнесін көшіреді. 
Өрнек дегініміз – кез – келген бұйымның сыртына түсірілетін біртұтас байланысты әшекей. 
Ал ою дегеніміз – бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу немесе бұйымды шабу кезіндегі ойып өңдеу жұмыстары. 
Мөлтек ағаштан тұтас шабылатын келі – келсап, аяқ – табақ, саптыаяқ, ожау сияқты бұйымдарды жасау тәсілін жұмырлап ою дейді. 
Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу мынадай шаралар арқылы жүзеге асады. 
- Бұйымның негізін талаптарға сай тазалау. 
Бұйымның барлық бөліктеріне өрнекті жоспарлау, үлгісін жасау. 
Өрнектерді кесу. 
Бұйымдарды бояу, оған әр беру, лактау. 
Әдебиет пен өнерде композиция деген түсінік бар. Ол жүйелеу, үйлестіру деген латын сөзі. Өнердің барлық саласында композиция өте күрделі ұғым және шығармашылық арқау. 

Сарамандық жұмыс: 
Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу үшін композициялық пішін арқылы жаттығып көреміз. 
Үш бұрыш тұмарша түріндегі өрнектерді тақтай бетіне салып үйренеміз. Ол үшін ойға алған мақсатымыз сәтті шығу үшін қауіпсіздік ережесін білу керек. 
Ағашты қолмен өңдеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері. 
Жұмысқа дейін 
Жұмыс киіміңді киін (фартук, халат) 
Жұмысқа қажетті құрал саймандарыңды түгендеп, мұқият тексер (верстактың қысқыш қораптарын, тіреуішін т.б) 
Жұмыс орныңды, саймандарыңды ережеге сай орналастыр. 
Жұмыс орныңда артық ешнәрсе тұрмасын. 
Жұмыс кезінде 
Дайындаманы верстакқа мықтап бекіт. 
Әр амалды өзіне тиісті сайманмен атқар. Саймандарың қайралған, әрі тұтқасы жарылмаған болсын. 
Нұсқау карта бойынша әр амалдары (кесу, жону, тесу, біріктіру т. б.) өзіне тиісті құралдарды пайдаланып атқар. 
Жұмыс орныңды әрдайым тазалап отыр. 
Жұмыс кезінде алаңдама. 
Құрал – сайманың бүлінсе міндетті түрде ауыстырып ал. 
Жұмыстан кейін 
Жасап жатқан бұйымыңды, материалдарды кезекшіге немесе мұғалімге тапсыр. 
Жұмыс орныңды ретке келтір. Қолмен сыпыруға, ауызбен үрлеуге болмайды. 
Өзіңді ретке келтір. 
Шеберханадан мұғалімнің рұхсатымен шық. 
Ағаш өңдейтін токарь станогімен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері. 
Жұмыс кезіндегі қауіп түрлері: 
Жаңқаның ұшуынан көз жарақаты; 
Айналу бөліктеріне жанасудан қол жарақаты; 
Дұрыс пайдаланбаудан қол жарақаты; 
Дайындаманы станокқа дұрыс бекітпеуден немесе дайындаманың сапасыздығынан дене жарақаты болуы мүмкін, сондықтан: 
Жұмысқа дейін 
Жұмыс киіміңді дұрыс кейін (фартук, халат) 
Станогті тексер (қайысты берілістің қорғаныш бөліктері, жермен жалғанысты) 
Жұмыс орныңда артық ешнәрсе тұрмасын. 
Дайындаманы мұқият тексеріп (көз, жарық т.б.) станокқа дұрыс бекіт. 
Кескіш тіреуіштің биіктігін дайындаманың центрлік сызығына дәл келіп, ара қашықтығы 2 – 3 мм. болсын. 
Жүзін тексер. 
 
Кесу жұмысын станок толық күшімен айналған соң баста. 
Пышақты (кескішті) дайындамаға күш түсірмей, аздан тос. 
Пышақты (кескіш) тіреуішпен дайындаманың арасын қалыпты жағдайға келтіріп отыр (2 – 3 мм.) 
Жарақат алмас үшін: 
а) станокқа қатты басты еңкейтпе; 
ә) станок үстінен алыс – беріс жасама 
б) өлшеу жұмыстарын станок толық тоқтаған соң орында; 
в) қолыңмен тоқтатушы болма; 
г) жұмыс істеп тұрған станокті тастап кетпе. 
Жұмыстан кейін 
Жұмыс орныңды ретке келтір. 
Станокті тазалап мұғалімге тапсыр. 
Өзіңді ретке келтір.





























6-сынып №5сабақ

Сабақтың тақырыбы: Табиғи материалдармен жұмыс істеу

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды табиғаттан алынатын табиғи материал түрімен таныстыру.
Өсімдік дәндерінен бұйымдар жасауды, әр түрлі пішіндік композиция құрастыруды меңгерту.
Табиғи материалмен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік ережесімен таныстыру.
Көрнекілігі: табиғи материалдар, дәндер, интерактивті тақта. қайшы, желім, сым темір, ермексаз, үлгілер.
Әдісі: жаңа сабақ, түсіндіру, талдау
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Қарағай ағашы туралы не білеміз
2. Табиғи материалдармен жұмыс істеуге қажетті құрал-жабдықтар:
Қол арамен ағаш кеседі.
Түрпімен материал бетін тегістейді.
Зімпара қағазбен материал бетін тазалайды.
Пышақпен майда материалдың ұшын шығарады.
Қарындашпен белгі салады.

3. Ағаш материалына қалай белгі саламыз.
 Шеті түзу, жарылмаған ағаш таңдаймыз
 Керекті ұзындық өлшеніп, тақтайдың бір шетінен бастап белгі саламыз.
 Ағашты белгі салынған жерден қоларамен кесеміз.
 Ағаш тайып кетпес үшін қосымша жабдық пайдаланамыз.
III. Қызығушылықты ояту
- Балалар, біз әр таңымызды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы аламыз. Сүйікті Отанымыздың көк байрағы шұғылалы күн аясында желбірейді. Арайлап тағы бір таң атты. Айналамызға көз салаықшы.
- Қазір жылдың қай м езгілі?
Олай болса осы әсем табиғат аясында серуендеп қайтамыз деп
« Тоғай сәулеті» деп аталатын көрмеге аттанамыз.
IV. Жаңа сабақ.
Мына заттар қалай аталады?
Табиғи материалдар
Органикалық (жанатын) Бейорганикалық (жанбайтын)
Өсімдік тектес табиғи материалдар Сазбалшық, құм, бор, ермексаз, жұмыр тас, қайыршақтар т. б
Біздің республикамыздың әртүрлі аймағында сол жерге тән өсімдік тектес және бейорганикалық табиғи материал бар.
Табиғи материалдардан жасалған бұйымдардың бөлшектерін жапсыру, біріктіру үшін ермексаз, тіс тазалағыш, аылшын түйреуішін пайдаланамыз.
Табиғи материалдардан композиция құрастырамыз.
«Аққулы көлде» композициясы.
- Аққу қандай құс?

Сарамандық жұмыс
• Қатырма қағазға көк түсті қағаз жапсыру.
• Жұмыртқадан аққу бейнесін жасау
• Құстың мойнын жұмсақ темірден иіп, денесіне ермексазбен біріктіру
• Көл бетіне орналастыру
• Айналасын кептірілген өсімдіктермен әсемдеу.
Топтық тапсырма
I топ
Құмыраны әшекейлеу
ермексаз, моншақ,
жеміс сүйектері
Құстар туралы не білеміз?
II топ
Кірпі жасау
шемішке дәні, ермексаз

o Қазақстанда құстардың 480 түрі бар
o Табиғатқа сән береді
o Олар ағаштағы, жердегі зиянды жәндіктерді жейді.
o Ән салып, көңіліңді көтереді.
o Құстар жемі азайғанда жылы жаққа топталып ұшады.
o Көктемде оралады, ол жақ жылы болады, жұмыртқа шіріп кетеді.
o Бақтың сәні
o Құстарды атуға, жәбірлеуге болмайды.
Уақытың болса тыңдап ал

Құс сұлуы.................................3-4 жасқа дейін сұр қу болып өседі»
...............................30-40 жыл өмір сүреді Қардан да аппақ, үш түс бойынан табылады.
.................................Өте тату құс
«Бесік баласы бес түлейді».......................... Көлде жүзіп келе
деген мақалға сай ол да................................жатқанда үйрек-қаз
3-4 жыл түлеп, шын....................................шетке ысырылып жолды аққуға
айналады................................................береді екен
Сабақты қорытындылау

Табиғи материалдар туралы не білеміз?
Көктемгі гүлдерден, өсімдіктерден не жасауға болады?
Бағалау
Үйге тапсырма
«Аққулы көлде» композициясын жасау

6-сынып №6сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ағаш желімдерінің түрлері. Бұйымдарды желімдеу.

Сабақтың мақсаты: – Білімділік:  Ағаш бөлшектерін шегемен, бұрама шегемен және желіммен бектіу туралы түсінік беру;
- Дамытушылық:  Ағаш бөлшектерін құрастырып –бекітуде шегелеу ептіліктерін ұқыптылықтарын дамыту;
- Тәрбиелік:  Қауіпсіздік ережесін нақты сақтау, жауапкершілікке баулу, эстетикалық талғамдарын жетілдіру.
Сабақтың түрі: аралас  Оқыту әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, пратикалық
Көрнекілік құралдары: сызба суреттер, үлестірме карта, ағаш, топса, желім,  шеге түрлері.
Сабақтың барысы:
І. Сабақты ұйымдастыру:
- оқушылармен амандасу;
- оқушыларды түгелдеу, кластың дайындығын тексеру;
- оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1.    Ағаш материалдарын механикалық тәсілмен өңдеу кезіндегі
техникалық қауіпсіздік ережелері.
2.    Ағаш өңдейтін токарь станогының құрылысы.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Тақырыпты ашу.  1. Әр топқа берілген тапсырмалар бойынша мәтіннің
мағынасын ашу үшін 5-7 минут уақыт беріледі.
2. Топтық жұмыс барысында жалпы топ шешімін
қабылдау үшін 2 минут уақыт беріледі.
3. Авторлық баяндауда топтан 1 оқушы шығып, мәтін
мағынасын ашады (топ тарапынан толықтырулар
енгізуге болады).

І. Ағаш бөлшектерін шегемен құрастырып-бекіту

Ағаш бөлшектер мен тетіктерді шегемен құрастырып-бекіту жеке тәсіл түрінде де, кедір-бұдырлы, кертікті-тиекті тәсілдер мен желім арқылы құрастырып-бекіту түрінде де қолданыла береді.
Ағаш бұйымдарды құрастыру кезінде шегелер және желім жалпы құрылысытық және дербес мақсаттағы материал ретінде пайдаланылады.
Шегелердің қалпақшалары жалпақ, конус тәрізді, жартылай дөңгелек және белгілі бір пішінге келтірілген  сәнді болып келеді.
Ағаш ұсталығында неғұрлым кеңінен қолданылатыны – ұзындығы 8-ден 50 м-ге дейін жететін, қалпақшасы жалпақ келетін жалпы құрылысытық мақсаттағы шегелер. Олардың үй салғанда қолданылатын дөңгелек қималы түрінің ұзындығы 20-40 мм, диаметрі 2-3 мм болады. Ал жәшіктерді, ыдыстарды құрсатырғанда қағылатын шегелердің ұзындығы 25-80 мм-ге дейін жетеді, диаметрі 1,6-3,0 мм; олардың шеткі және белдемше құрсау тақталарын қағуға арналған шегелердің ұзындығы 8-25 мм, диаметрі 1,6-2,0 мм болады.
Бөлшектерді шегемен құрастырып-бекіту кезінде белгілі ереже талаптары мұқият орындалуы керек.
Элементтерді қабат-қабатымен және шет жиектерімен құрастырып-бекіту кезінде шегелер ағаш материалын қақ айырып кететіндей немесе жарықша түсіретіндей болмауы қажет.
Бөлшектерді құрастырып-бекітетін шегелердің орналасуы мен олардың жалпы саны бұйымды құрастырып-бекітудің мейлінше жоғары тиімділігін қамтамасыз етуі қажет. Бұл ретте шегелердің бөлшектерді құрастырып-бекітуге тигізетін әсері қоса есептеледі. Мысалы, шеткі бұрыштарды құрастырып-бекіту үшін бір-бірінен бөлшектеп, кем дегенде үш шегені қағу қажет. Ал орталық бұрыштарды қысу күшінің әсерімен ұстап тұрып, екі шеге қағудың өзі де жеткілікті болады.
Әрқашан есте болатын бір нәрсе – ылғал ағашқа қарағанда, кепкен ағаштың қақ айырылып кету қаупі күшті болады. Сондықтан кепкен, құрғақ ағаштармен жұмыс істеген кезде оларды шеге қағылардан бұрын суға батырып, дымқылдандырып алған жөн.
Бұйымның эстетикалық сапасының жақсы болуы үшін шегенің қалпақшасы көрінбей етіп қағады.

2.Ағаш бөлшектерін бұрама шегемен құрастырып-бекіту

Бұрама шеге дегеніміз конус тәріздес металл діңгектер. Олардың бір қырынан қарағанда үшбұрышты ойық бұрандалары және жалпақ бұрауышқа арналған бір ғана кесік ойықты немесе крест бұрауышқа арналған крест ойықты қалпақшасы болады. Мұндай шегелер ағаштан жасалған құрылғы бөлшектерді құрастырып-бекітуге қолданылады.
Біздің өнеркәсібіміз ұзындығы 6 мм-ден 120 мм-ге дейін, диаметрі 1,5 мм-ден 10-мм-ге дейін жететін бұрама шегелер жасап шығарады. Олардың ойық бұрандалы бөлігінің ұзындығы діңгегінің 0,5-0,6 бөлігіне тең болады.
Бөлшектерді бұрама шегемен құрастырып-бекітудің мықты болуы ағаштың тығыздығы мен қаттылығына, дымқылдығына, шегенің ұзындығы мен диаметріне, оның бұрандалы бөлігінің ұзындығына т.б. жағдайларға тікелей байланысты.

3.    Ағаш бөлшектерін желімдеу.
Желіммен құрастырып-бекіту шабақты, кертікті, ойық-кертікті, шегемен бекіту сияқты тәсілдермен ұштастыра жүргізіледі, сондай-ақ жекелеген элементтерден, қабаттап жапсырылатын бөлшекетрден дайындалған ағаш материалдарын әзірлеу үшін қолданылады.
Бөлшектерді желімдеп құрастыру желімнің мөлдір, жұқа қабаты мен ағаштың үстіңгі беттерін жабыстырып тұратын күштің арқасында мүмкін болады.
Ағаш материалы өзінің беттескен қабатында қатайып кепкен желімнің ұсақ бөлшектерін қысып ұстайды, ал желімнің ұсақ бөлшектері ағаштың саңлауларына еніп, ұшы-қиыры жоқ, сансыз талшықтары арқылы екі үстіңгі қабатты бір-бірімен жабыстырады.
Желіммен жабыстыру арқылы құрастырып-бекітудің бірнеше түрі бар. Желімдеп, жапсырудың мықтылығын тексерудің өндірісте қолданылатын тәсілі осы принципке негізделген. Ол үшін бір-бірімен желімдер, жапсырылған екі бөлшектен жасалған үлгі бұйымды қақ айырып көреді. Егер бұйым желімдеп, жапсырылған жігінен жарылмай, ағаштың тұтас жерінен жарылса, онда желімдеу сапасының жоғары болғаны.

4.    Желімдеу түрлері.
Жасалуы жағынан мал өнімдерінен әзірленетін желімдер және синтетикалық желімдер деп бөлінеді. Ағаш бөлшектерді өңдеуге мал өнімдерінен жасалатын ағаш желімі немесе мал сүйегінен жасалған мөлдір желім, казеин желімі қолданылады.
Мал терісінің шелінен де желім жасалады. Ол – шел желім. Ал малдың кепкен, майсыз сүйегінен, мүйізі мен тұяғынан сүйек желімін жасауға болады. Шелден жасалған желіммен ылғал тимейтін бөлшектерді ғана желімдеу керек.
Желімдеу техникасы.
Желімдеу ісінің  негізіне желімнің ағаш бөлшектерге сіңіп, таралу процесі жатады. Желім жіңішке жіп тәрізді талшықтарымен үстіңгі қабаттарды бір-бірімен берік байланыстырады.
Желімдеп құрастырудың беріктігі мен сапасы ағаш материалының дымқылдығы 12-15 пайыздан аспайтын кезде жоғары болады. 8-10 пайыз болған кезде өте жақсы, берік желімделеді. Өйткені, ол желімнің құрамындағы суды өз бойына таратып алады.

IV. Практикалық жұмыс.
1. Шырпы қорапшасы.
2. Топсалау жұмысы.
3. Сандықша жасау.
4. Желімдеу жұмысы

V. Бекіту.

VI. Бағалау

VII. Үй тапсырмасын хабарлау
Жасаған бұйымдарын толық аяқтап, безендіру

























6-сынып №7сабақ

Сабақтың тақырыбы : Ағаш кептіру.(практика

Мақсаты. Ағашты көркемдеп өңдеудің ерекшеліктерімен таныстыру. Материалдарды дұрыс таңдай білуге үйрету, құрал-саймандардың қызметімен таныстыру. Ұлттық қолданбалы қолөнер технологиясын меңгертіп, оқушылардың шеберліктерін шыңдау.

Тәрбиелік мақсаты. Оқушыларды ұлттық қолөнерді қадірлеуді, ұлттық салт-дәстүрді сақтап, қастерлеуге тәрбиелеу. Олардың бойындағы эстетикалық сезімдерін, талғамдарын дамыту.

Дамытушылық мақсаты. Ойлау, салыстыра білу, танымдық қабілеттерін дамыту. Көз алдына елестете білу, кеңістіктік ойлауын дамыту.

Сабақ үлгісі. Аралас.

Сабақтың өтілетін жері. Мектеп шеберханасы.

Керекті құрал – жабдықтар. Арнаулы өрнек кесетін пышақтар топтамасы, ара, сүргі, шапқылар, ағаш балға, әртүрлі пішімді егеулер, құмқағаз, қарындаш, сызғыш, ою-өрнектер үлгілері, көшірме қағаздар,т.б.

Пән аралық байланыс. Бейнелеу өнері, сызу, тарих.

Сабақ барысы

• Ұйымдастыру кезеңі 
• Үй тапсырмасын тексеру 
• Жаңа материалды баяндау, түсіндіру 
• Сарамандық тапсырмаларды орындау 
• Сабақты қорытындылау 
• Үйге тапсырма

Сабақты болашақта ағаштан жасалатын бұйымның қандай мақсатта қолданылатынын және оның пішімі, көлемі қандай әрі оған қандай ою-өрнек түсіруге болатынын анықтап алу керектігінен бастаймын. 
Және де бұл жұмысқа шығармашылықпен қарап, кірісулерін ескертемін. 
Жасалатын бұйымды анықтап алған соң оның көрнекті кескінін салып, осы сурет бойынша бұйымның технологиялық картасын сызуды және қажетті материалды қалай таңдап алу керек екендігін түсіндіруден бастаймын. 
.Жұмыс барысында техникалық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауларын естеріне саламын. 
Ағаш ою үшін ағаштың көптеген түрлерін қолданады. Тұрмыста қолданылатын ыдыс – аяқтарды жасау үшін терек, көктерек ағштарын жиі пайдаланады. Өйткені олар жұмсағырақ, кесуге, өңдеуге оңай көнеді.

Ағымдағы нұсқама:

а) жұмыс орынын ұйымдастыру; 
ә) еңбек тәсілдерін орындаудың дұрыстығын тексеру; 
б) ҚТЕ-сақталуын тексеру; 
в) қосымша көмек, бағыт-бағдар беру.

Қорытынды нұсқама:

а) сипатты қателіктер мен сбептерге талдау жасау; 
ә) оқушылардың жұмысын бағалау.

Үйге тапсырма.

Дайындамалар әкелу.

Жұмыс орындарын жинау, тазалау

С а р а м а н д ы қ ж ұ м ы с.

Жаңа тақырыпты түсіндіріп болған соң, әр оқушы өздерінің эскиздері бойынша сызылған технологиялық карталарына сәйкес, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып , сарамандық жұмыстарына кіріседі.

Ағашты таңдап алғаннан кейін, керекті шамада өлшеп, арамен кесіп аламыз.

Сонан соң оны қабығынана аршып, кірлерінен тазалап, сүргімен сүргілеп, өңдейміз.

Дайындаманың тең ортасынан осьтік және центрлік 
сызықтарын саламыз. Бұл салынатын оюларымыздың дұрыс салынуына әрі дұрыс көшірілуіне мүмкіндік береді.

Сонан соң дайындаманың бетіне алдын ала дайындалған суретті немесе оюды көшірме қағаз арқылы немесе тікелей қолмен саламыз.

Бұдан соң, қашау мен ағаш балғаның көмегімен суреттегідей бұйымның ішін ойып шығамыз.

Сонан соң екі жақ басының пішіндерін араның көмегімен жуықтатып кесеміз. Қалған жерлерін пышақтың көмегімен оюларды дәлдеп оямыз.Оюларды бітіргеннен кейін бұйымды құмқағазбен жақсылап тазартамыз.

Бұдан соң астаушаның ішкі табанына, ішкі және сыртқы бүйірлеріне оюлар салып, оларды күйдіргіш аппаратпен күйдіреміз.

Күйдіріп болған соң, астаушаны түссіз лакпен кептіре отыра, бірнеше қайтара лактаймыз.

Сарамандық жұмыс кезінде оқушылардың техникалық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауларын үнемі басты назарда ұстап отырамын және жұмыс барысында еңбек тәсілдерін орындау барысын қадағалап отырамын.









































6-сынып №8сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнектердің қолданылуы.

Білімділік: Қазақ халқының ою-өрнек түрлерімен таныстырып жасалу жолдарын үйрету.
Дамытушылық: Қол икемділігін дамыта отырып шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды жұмысты өз бетінше орындауға үйрету өнер ерекшеліктерін танып білу арқылы эстетикалық талғам беру.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сарамандық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, схема, өрнек үлгілері, суреттер.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, сабаққа дайындығын тексеру
II. Жаңа сабаққа дайындық
Қолөнер бұйымдарын еске түсіру (сандық, домбыра, киіз, кілем, ұлттық киім, зергерлік бұйымдар т. б.)
III. Жаңа сабақ
1. Ою-өрнек сөзінің мағынасы, тарихы туралы түсінік
Біздің ата-бабамыз қолөнерімен айналысқан, сол өнерді жетілдіріп, ұрпағына мұра етіп қалдырып отырған. Барлық жасалған қолөнер заттарын табиғатпен байланыстырып ою-өрнектермен безендірген.
Ою-өрнек деген сөзіміз латын тілінен алынған, “Орнамент” деген ұғымды білдіреді. Мағынасы сәндеу, әсемдеу деген сөзден шыққан.
2. ою-өрнектің қолданылуы, топтары слайд арқылы көрсетіп түсіндіру
Әр өрнектің астарында мағына болады. Мысалы: жұлдыз өрнегі-аспандағы жұлдыз көрінісіне ұқсайды. Ол көбіне кілемдерде жиі қолданылады.
Мүйіз тектес өрнектер-мүйізді бейнелейтін өрнек. Олар ұлттық киімдерде, киіз, алаша бұйымдарында кездеседі.
Геометриялық өрнектер және гүл өрнегі-ағаш бұйымдарында т. б. кездеседі.

3. Ұлттық қолөнер бұйымдарын жасап игеру үшін оюды өзіміз жасай білуіміз керек.
Оқушыларға тапсырма: өз бетінше қарапайым ою түрін ойып қағазға жапсыру.
Балалар әр бұйымның бетін өрнектегенде өрнектерді реттеп орналастыру керек
Ою-өрнек екі жағынан тең болу керек. Мысалы: қошқар мүйіз.
Бұйымға салынатын өрнек түстері бір-бірімен үйлесіп, жарасып түру керек. (слайд суреттер)
4. Қағазды үш бүктеп өрнек жасау тәсілдерін көрсету. (cхема)
5. Оқушыларға тапсырма: қағаздан өрнек қиып, жапсырмалау.
Техника қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.

IY. Сабақты бекіту (кестемен жұмыс)
1. Ою-өрнек неше топқа бөлінеді?
2. Жұлдыз өрнегі қандай бұйымдарда қолданылады?
3. Ою-өрнекті рет-ретімен орналастыруды не деп атаймыз?
4. Көбіне қолданылатын өрнек?
Y. Сабақты қорыту
Оқушылардың жұмыстарын талдау.
YI. Үйге тапсырма. оюлар түрін ойып үйрену.

































6-сынып №9сабақ

Сабақтың тақырыбы: Цилиндр формалы бөлшектерді сызба түрінде көрсету.
Мақсаты: Техникалық-технологиялық мәліметтер.

Міндеттері:

1.Призма формалы бөлшектердің сызбасы және долбары туралы түсінік.    Оның жан-жақты (алдынан, сыртынан, оңынан, солынан) көріністері.

2.Бөлшектердің сызбасын оқу ережелері. Ағаш бөліктерін құрастыру тәсілдері (кесу, қима, ұштама, тесік арқылы).

3.Арамен кесудің тәсілдері (көлденең, ұзынынан, қиғаштап кесу).

Көрнекілік. Ағаштан және темірден жасалған дайын материалдар. Техникалық еңбек бойынша оқу кестелері. Техника қауіпсіздігін сақтау бойынша плакаттар.

Құрал-жабдықтар. Слесарлық құралдар.

Топсеруен. Ағаш және темір өндейтін шеберханалар.

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Өткенді еске түсіру

ІІІ.Практикалық жұмыс. Бөлшектерді сызбаға қарап құрастыру. Құрастыру сызбасын оқып түсіну. Жұмысты жоспарлау. Құрастыруға керекті материалдарды дайындау. Құрастырылған бөлшектерді қолмен құм қағаз арқылы өңдеу, тегістеу, бұрандалар арқылы бекіту. Бақылау және өлшеу құралдарымен жұмыс істеу.

Призма формалы бөлшектердің сызбасы және долбары туралы түсінік.    Оның жан-жақты (алдынан, сыртынан, оңынан, солынан) көріністері.

Бөлшектердің сызбасын оқу ережелері. Ағаш бөліктерін құрастыру тәсілдері (кесу, қима, ұштама, тесік арқылы).

3Арамен кесудің тәсілдері (көлденең, ұзынынан, қиғаштап кесу).

Қозғалыс берілісінің механизмі туралы түсінік. Тісті және белдікті беріліс. Бұрандалы механизм. Қол бұрғы: құрылысы, қолданылуы.

Оймалы біріктіру және олардың қолданымы. Оймалар кесу құралдары. Металдарды қиыстырып өңдеу. Металдардың механикалық қасиеттері. Өлшейтін және бақылау жасайтын құралдар. Электр шарыққа құралдарды қайрау.

Сабақты бекіту

Сұрақ-жауап әдісі

Үй тапсырмасы

Цилиндр формалы бөлшектерді сызба түрінде көрсету







































6-сынып №10сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қашаумен өрнек ою.

Мақсаты. Ағашты көркемдеп өңдеудің ерекшеліктерімен таныстыру. Материалдарды дұрыс таңдай білуге үйрету, құрал-саймандардың қызметімен таныстыру. Ұлттық қолданбалы қолөнер технологиясын меңгертіп, оқушылардың шеберліктерін шыңдау.

Тәрбиелік мақсаты. Оқушыларды ұлттық қолөнерді қадірлеуді, ұлттық салт-дәстүрді сақтап, қастерлеуге тәрбиелеу. Олардың бойындағы эстетикалық сезімдерін, талғамдарын дамыту.

Дамытушылық мақсаты. Ойлау, салыстыра білу, танымдық қабілеттерін дамыту. Көз алдына елестете білу, кеңістіктік ойлауын дамыту.

Сабақ үлгісі. Аралас.

Сабақтың өтілетін жері. Мектеп шеберханасы.

Керекті құрал – жабдықтар. Арнаулы өрнек кесетін пышақтар топтамасы, ара, сүргі, шапқылар, ағаш балға, әртүрлі пішімді егеулер, құмқағаз, қарындаш, сызғыш, ою-өрнектер үлгілері, көшірме қағаздар,т.б.

Пән аралық байланыс. Бейнелеу өнері, сызу, тарих.

Сабақ барысы

• Ұйымдастыру кезеңі 
• Үй тапсырмасын тексеру 
• Жаңа материалды баяндау, түсіндіру 
• Сарамандық тапсырмаларды орындау 
• Сабақты қорытындылау 
• Үйге тапсырма

Сабақты болашақта ағаштан жасалатын бұйымның қандай мақсатта қолданылатынын және оның пішімі, көлемі қандай әрі оған қандай ою-өрнек түсіруге болатынын анықтап алу керектігінен бастаймын. 
Және де бұл жұмысқа шығармашылықпен қарап, кірісулерін ескертемін. 
Жасалатын бұйымды анықтап алған соң оның көрнекті кескінін салып, осы сурет бойынша бұйымның технологиялық картасын сызуды және қажетті материалды қалай таңдап алу керек екендігін түсіндіруден бастаймын. 
.Жұмыс барысында техникалық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауларын естеріне саламын. 
Ағаш ою үшін ағаштың көптеген түрлерін қолданады. Тұрмыста қолданылатын ыдыс – аяқтарды жасау үшін терек, көктерек ағштарын жиі пайдаланады. Өйткені олар жұмсағырақ, кесуге, өңдеуге оңай көнеді.

Ағымдағы нұсқама:

а) жұмыс орынын ұйымдастыру; 
ә) еңбек тәсілдерін орындаудың дұрыстығын тексеру; 
б) ҚТЕ-сақталуын тексеру; 
в) қосымша көмек, бағыт-бағдар беру.

Қорытынды нұсқама:

а) сипатты қателіктер мен сбептерге талдау жасау; 
ә) оқушылардың жұмысын бағалау.

Үйге тапсырма.

Дайындамалар әкелу.

Жұмыс орындарын жинау, тазалау

С а р а м а н д ы қ ж ұ м ы с.

Жаңа тақырыпты түсіндіріп болған соң, әр оқушы өздерінің эскиздері бойынша сызылған технологиялық карталарына сәйкес, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып , сарамандық жұмыстарына кіріседі.

Ағашты таңдап алғаннан кейін, керекті шамада өлшеп, арамен кесіп аламыз.

Сонан соң оны қабығынана аршып, кірлерінен тазалап, сүргімен сүргілеп, өңдейміз.

Дайындаманың тең ортасынан осьтік және центрлік 
сызықтарын саламыз. Бұл салынатын оюларымыздың дұрыс салынуына әрі дұрыс көшірілуіне мүмкіндік береді.

Сонан соң дайындаманың бетіне алдын ала дайындалған суретті немесе оюды көшірме қағаз арқылы немесе тікелей қолмен саламыз.

Бұдан соң, қашау мен ағаш балғаның көмегімен суреттегідей бұйымның ішін ойып шығамыз.

Сонан соң екі жақ басының пішіндерін араның көмегімен жуықтатып кесеміз. Қалған жерлерін пышақтың көмегімен оюларды дәлдеп оямыз.Оюларды бітіргеннен кейін бұйымды құмқағазбен жақсылап тазартамыз.

Бұдан соң астаушаның ішкі табанына, ішкі және сыртқы бүйірлеріне оюлар салып, оларды күйдіргіш аппаратпен күйдіреміз.

Күйдіріп болған соң, астаушаны түссіз лакпен кептіре отыра, бірнеше қайтара лактаймыз.

Сарамандық жұмыс кезінде оқушылардың техникалық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауларын үнемі басты назарда ұстап отырамын және жұмыс барысында еңбек тәсілдерін орындау барысын қадағалап отырамын.









































6-сынып №11сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ағашты тесу. Құралдар. Ағашты тазалау.

Мақсаты. Ағашты көркемдеп өңдеудің ерекшеліктерімен таныстыру. Материалдарды дұрыс таңдай білуге үйрету, құрал-саймандардың қызметімен таныстыру. Ұлттық қолданбалы қолөнер технологиясын меңгертіп, оқушылардың шеберліктерін шыңдау.

Тәрбиелік мақсаты. Оқушыларды ұлттық қолөнерді қадірлеуді, ұлттық салт-дәстүрді сақтап, қастерлеуге тәрбиелеу. Олардың бойындағы эстетикалық сезімдерін, талғамдарын дамыту.

Дамытушылық мақсаты. Ойлау, салыстыра білу, танымдық қабілеттерін дамыту. Көз алдына елестете білу, кеңістіктік ойлауын дамыту

Ара ағаш кесу үшін қолданылатын құрал.

Аталғы екі қолмен ұстап, ағаштың қабығын аршитын қисық пышақ.

Байтесе шаңырақ ағашын беттеп шауып, белгілі қалыпқа келтіретін құрал.

Балта өткір жүзді, ағаш шабатын сабы бар құрал.

Жоңғы ағаш жонатын құрал.

Қобы ағаштың бетін оюлап, өрнек салуға арналған аспап.

Қолағаш.қазық, қада қағуға арналған құрал, тоқпақ.

Қуысқұлақ ағшты үңгіп шабу үшін,екі шетін ішіне қарай иілдіре жасайтын шот.

Мор үйшілердің ағашты қыздырып, ию үшін қойдың қиын тұтатып, бықсытып жаққан оты бар шұңқыр жер.

Пышқы араның ағаш кесетін кішірек түрі.

Сарнақ киіз үй сүйегіне (уық, кереге) сыздық салатын, әр жерінде тісі бар құрал.

Сүргі ағашты өңдеу, тегістеу үшін қолданылатын құрал.

Сықауырын езге салған ағашты қатты қысып, басып тұрып, түзейтін не бүгетін ағаш құрал.

Тез киіз үй сүйегін: уық, кереге т.б. жасалатын ағаштарды морланғаннан кейін, түзейтін не бүгетін ағаш құрал.

Ұңғуыр ағашты ұңғып, белгілі қалыпқа келтіретін құрал.

Үскі ағшты тесетін іші қуыс біз.

Шапашот имек ағашқа сапталған, ағаш шабатын құрал



6-сынып №12сабақ

Сабақтың тақырыбы: Металды қолмен және механикалық түрде өңдеу

Сабақтың тақырыбы: Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу. 
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ағашты көркемдеп өңдеу әдістерін меңгерту үшін әр түрлі станоктардың жұмыс атқару операцияларымен таныстыру. 
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың икемділігін, іскерлігін, шеберлігін қалыптастырып, ұқыптылыққа баулу. 
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға еңбек және эстетикалық тәрбие беру. 
Сабақтың түрі: Сарамандық сабақ. 
Сабақтың оқыту әдісі: Әңгімелесу, сарамандық және өз бетімен жұмыс істеу. 
Көрнекілік: пышақ , сызғыш, қалам. 
Жоспары: 
1. Ұйымдастыру кезеңі. 
а) Оқушыларды түгелдеу 
ә) Жұмысты ұйымдастыру 
2. Өткен материалды қайталау. 
3. Жаңа сабақ. 
4. Сарамандық жұмыс 
5. Бекіту 
6. Бағалау 
7. Үйге тапсырма 
Сабақтың барысы: Өткен тарихымызды білмей бүгінгі күннің қадіріне жету, болашақты болжай білу өте қиын. Ата – бабамыздың жинақтаған рухани байлығының қоры ұшан – теңіз. Ата – баба жасаған бұл рухани байлықтар қазіргі таңда да өз құндылығын жойған емес. Бұлардың барлығы баршаға бірдей қазына. Сол мәдени асыл мұраларды зерттеп, танып білу, бағалай білу біздердің, кейінгі ұрпақтың абыройлы да азаматық, ұлттық парызы. Қасиетті қазақ даласында талай ұста, зергер, құсбегі, сал – сері, тігінші, өрімші, балгер – бақсы өтті.

Сымнан сақина жасау технологиясы:

  1. Сымның шетін жұмыр тістеуікпен қысу, ол тістеуіктің қысқан жерінен сәл шығып тұруы тиіс.

  2. Сол қолдың бас бармағымен сымның үстіне қойып, неғұрлым тісіне жақын ұстайды.

  3. Оң қолмен тістеуікті оңға қарай айналдырып, сымды мүмкіндігінше шеңбер жасап майыстырады.Бұдан кейін жұмыр тістеуікпен қысады.

  4. Сымды қысып, дөңгелек сақинаға айналғанша майыстыра береміз.

  5. Бұйымды тазартып, өңдейміз.

Сабакты бекіту:

1 .Сымкәптеу дегеніміз не?

2.Сымкәптеу өнерінің неше Typi бар?

З.Бұралған сымды өрнек жасауға қолданар алдында неше тәсілмен таптайды?

4.Сымға өрнекті калай бекітеді?

5.Сымның қандай түрін білесіндер?

Окушы білімін бағалау, көтермелеу, мадақтау.

Үйге тапсырма: Мәтінді оқу , Сымнан жасалатын өрнектердің суретін салып келу.






















6-сынып №13сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ойма (резьба) арқылы біріктіру. Ойма түрлері

Тәрбиелік максаты: өз алдына мақсат қойып, сол мақсатқа жете білуге, тапсырманы уақында орындауға, өз еңбегін бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтын көрнекілігі:сабақтың жоспары, сабақтың тақырыбы бойынша плакат, планшет ұстагышы, токарлы станоктар, кұралсаймандар, щтангенциркульдер, дайындама,тетіктерің эталоны, щетка-сметка, очки,сызбалар тақтада

Өндірісі оқыту жұмысының қөлемі: Оқу тетіктер.

Сабақтың барысы: 

Ұйымдастыру болімі:

-Оқушылармен амандасу.

-Оқушыларды түгендеу.

-Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру.

II . Сабақтың құрылымы:

-сабақтын тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

-оқушылрды өткен сабақ бойынша сұрау. 

Өткен тақырыпты тексеру

Сұрақ:-Қескіштің кандай турлерін білесіндер?

Жауап:- а. Тура өтетін кескіш

б. Бүгілген кескішпен ,в. Тартып созылған кескіш

г. Майыстырылған кескіш ,д. Дөңгелек кескіш ,е. Тік кескіш ,з. Ойма кескіш 

Сұрақ: – Колданылатын өлшем инстументерді атап берініз?

Жауап: – а .штангенциркуль

б . микрометр ,в . колибр – пробка ,г . сызғыш

Сұрақ: – Станоктың бөлшектерін сұрау ?

Жауап:Алдыңғы топай дайындаманы бекіту үшін қызмет етеді жәнеде оған айнамалы қозғалыс береді.Жауапты бөлімі айналдырық-жылдамдык корабынын негізгі білігі, дайындамаға айнамалмалы берілісі үшін, сонымен қатар айналдырықтың айналым санының өзгеруі үшін кызмет етеді.

Берілістер қорабы-жүрістік бұрама мен жүрістік бөлігіне айналым беретін және де берілістер мөлшерін өзгертетін механизм.Айналмалы қозғалыс берілістер қорабына кері қимылды механизм мен ауысымды тісті доңғалақтармен гитараның көмегі арқылы айналдырықтан беріледі.

Артқы топай дайындаманың екінші шетін ұстау үшін және орталықта (центрде) өңдеу кезінде оған нақты күй беруге арналған. Артқы топайды оған бұрғылар, үңгілерді, ұнғылауштарды орнату үшін жиі пайдаланады. Артқы топайдың негізгі бөлшектері негіз (табан), тіреуіштермен және төлкемен, тұрқы, сүйеутөлке, дөңгелек тұтқа, бұрама және тұрқы( қолсап) болып табылады. Сүйеутөкенің алдыңғы бөлгінде конустық ұя бар.

Фартук- жүрістік бұрамамен жүрістік біліктің айналмалы қозғалысын суппорттың түзу сызықтық қозғалысына өзгертетін миханизмдер жүйесі.

Суппорт- беріліс қозғалысын қамтамасыз етуге, кескішті бекітуге арналған құрылғы, яғни кескіштің әр түрлі бағытта орын ауыстыруы. Беріліс қолмен және де механиқалық түрде жасалады. Механикалық беріліс қозғалысын суппарт жүрістік бұрама мен жүрістік білектен алады.

4 Гитара ауысымды тісті доңғалақтарға сайкес таңдалған беріліс талабына станокты баптау үшін арналған.

Сұрақ:- Кандай кауіпсіздік ережесін колдану керек?

Жауап:- а .Жұмысқа дейінгі техникалық қауіпсіздігі;

б . Жұмыс кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесі?

в.Жұмыстын соңындагы техникалық қауіпсіздік ережесі? 

Жаңа тақырыпты түсіндеру.

Өндірістік оқыту шеберінің сөзі .

Балалар,бүгінгі сабақтың тақырыбы бойынша біздер Фосондық беттерді өңдеу тісілдерін уйренемыз.Тетіктердің өңделінетін беттерін фосондыға жатқызады, егер олар қисық сызықты жасаушы түзу сызықты жасаушы комбинанациямен тетіктер осьтеріне әр түрлі бұрыштар астына орналасқан немесе қисық сызықты және тура сызықты жасаушы комбинациялармен жасалған. Үлгілі беттер жону білдектерінде әр түрлі тәсілдермен алынуы мүмкін.

Нақтылы дағдыда дайындаманы қима үлгімен кезеңді бақылай отыра жонғыш үлгілі тетіктерді дәл жонып алады. Дайындаманы алдыңғы топайға көшіргішті артқы тұғыр сүйеу төлкесіне бекітіледі. Айлабұйым қармауышы серіппе әрекеті барлық уақыт көшіргішке қысылған, ал айлабұйым иінтірегінің екінші аяғында орналасқан кескін.

Фосондық беттерді өңдеу тісілдері кезіндегі ақаулар:

- кескіштер дұрыс кайралмаған кезде

- кескіш центрге дұрыс орналмаған кезде

- дұрыс кескішті және дайындаманы дұрыс орнатпаған кезінде

- дұрыс беріліс қорабының қолданбаған кезінде

Фасондық беттерді өңдеу тісілдері кезіндегі қауіпсіздік ережелері.

Үстіміздегі киіміміз синтетика болмауы керек .түймелер түгел тағылуы керек басымызда бас киі болуы тиіс . Жұмыс орнын жинақы аяқ астымызда арнайы решотка болады . Станоктың жандарына шкаф құрал-сайман мен бұемдарды салуға арналған . Станоктың қасында артық зат болмауы тиіс.

Станокты тексеріп, жұмыска дайындаймыз .Станокты бірінші қосып тексеріп аламыз. Супорттын козғалуын тексереміз . дайындаманың дұрыс орнатылғанын тексереміз. Кескіш суппортқа орналастрамыз, дұрыс кұрал –сайман қолданамыз. Жұмыс кезінде станокты қосып тастап кетпеуі керек. Көзімізде көзілдірік болу керек. Барабан толық тоқтағанша өлшеу жүргізбеймез.

Жұмысты бітерген соң, стонокты жинап жанқалардан тазалап, бағыттамаларын майлаймыз,құрал-саймандарды орындарына орналастырамыз.

Машықтық бөлім:

Оқушыларға сызбаны тарату .

Сызба тақтада.

Сабақтын жұмыс түрлерін көрсетемін: сызба қарауға дайындама аламыз.

Конустық сызғыш үлгілі беттерді өңдеу үшін де қолдынылуы мүмкін. Бұл үшін бұрылыс сызғыш орнына айлабұйым тақтасына фосонды ойығы бар көшіргіш бекітіледі. Бұл ойықта, құралкүймещік тартқышыны байланысқан аунақша бар. Көлденең құралкүйменшік сомынын бұрамадан тайырады. Күймешелердің бойлық берілісі кезінде құралкүймешіктің көлденең берілісі көшіргіш ойығы бойынша аунақша қозғалысына бағынышты және кескіш дайындамада көшіргіш сызгышына орнатылған пішінді қайта өндіреді. Үлгілі пішіні тапсырылған пішінге қатысы бойынша айналы болып табылатын тетіктер түріндегі көшіргішті артқы тұғыр сүйеутөлкесіне бекітіледі.

Сабақ құрылымындағы жаңа тақырыпты бекіту:

Бір оқушы станокта ручканы жасап көрсетеді.

Копировалдық кайда орналастырылады?

 Жұмыста қандай кескіш колданамыз?

а) Призмалық

в) Дөңгелек

д) Өзекті

 Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар беру:

Оқу тетіктері (жаттығу).

III. Оқушылардың жаттығу және өз беттерімен жұмыс түрі.

Оқушылар жаттығу кезінде дайындамадан тетігің өндеулейді.

Жұмыс барасында төмендегілерге назар аудару кажет:

  • Жұмыс орнының ұйымдастыруына карау керек.

  • Өндеу кезіндегі тұрысы.

  • Өндеудегі ақау.

  • Жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелеріне қарау керек. 

IV. Бекіту құрылымы

1. Өндірісті оқыту сабағын қорытындылау.

2. Оқушыларды жақсы жұмыс көрсеткені үшін бағалау.

3. Оқушылардың жұмыс барысында жіберген қателіктерін көрсету, болдырмау тәсілдерін үйрету.

4. Оқушылардың бағасын, не үшін алғанын түсіндіру.

5. Үйге тапсырма. Конспект.

6. Жұмыс орнын жинау.



YI. Үйге тапсырма. оюлар түрін ойып үйрену.



















6-сынып №14сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ішкі және сыртқы оймалар кес

Тәрбиелік максаты: өз алдына мақсат қойып, сол мақсатқа жете білуге, тапсырманы уақында орындауға, өз еңбегін бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтын көрнекілігі:сабақтың жоспары, сабақтың тақырыбы бойынша плакат, планшет ұстагышы, токарлы станоктар, кұралсаймандар, щтангенциркульдер, дайындама,тетіктерің эталоны, щетка-сметка, очки,сызбалар тақтада

Өндірісі оқыту жұмысының қөлемі: Оқу тетіктер.

Сабақтың барысы: 

Ұйымдастыру болімі:

Конустық сызғыш үлгілі беттерді өңдеу үшін де қолдынылуы мүмкін. Бұл үшін бұрылыс сызғыш орнына айлабұйым тақтасына фосонды ойығы бар көшіргіш бекітіледі. Бұл ойықта, құралкүймещік тартқышыны байланысқан аунақша бар. Көлденең құралкүйменшік сомынын бұрамадан тайырады. Күймешелердің бойлық берілісі кезінде құралкүймешіктің көлденең берілісі көшіргіш ойығы бойынша аунақша қозғалысына бағынышты және кескіш дайындамада көшіргіш сызгышына орнатылған пішінді қайта өндіреді. Үлгілі пішіні тапсырылған пішінге қатысы бойынша айналы болып табылатын тетіктер түріндегі көшіргішті артқы тұғыр сүйеутөлкесіне бекітіледі.

Сабақ құрылымындағы жаңа тақырыпты бекіту:

Бір оқушы станокта ручканы жасап көрсетеді.

Копировалдық кайда орналастырылады?

 Жұмыста қандай кескіш колданамыз?

а) Призмалық

в) Дөңгелек

д) Өзекті

 Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар беру:

Оқу тетіктері (жаттығу).

III. Оқушылардың жаттығу және өз беттерімен жұмыс түрі.

Оқушылар жаттығу кезінде дайындамадан тетігің өндеулейді.

Жұмыс барасында төмендегілерге назар аудару кажет:

  • Жұмыс орнының ұйымдастыруына карау керек.

  • Өндеу кезіндегі тұрысы.

  • Өндеудегі ақау.

  • Жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелеріне қарау керек. 

IV. Бекіту құрылымы

1. Өндірісті оқыту сабағын қорытындылау.

2. Оқушыларды жақсы жұмыс көрсеткені үшін бағалау.

3. Оқушылардың жұмыс барысында жіберген қателіктерін көрсету, болдырмау тәсілдерін үйрету.

4. Оқушылардың бағасын, не үшін алғанын түсіндіру.

5. Үйге тапсырма. Конспект.

6. Жұмыс орнын жинау.

YI. Үйге тапсырма. оюлар түрін ойып үйрену.



6-сынып №15сабақ

Сабақтың тақырыбы: Металды кешенді өңдеу

Сабақтың максаты: Сымкәптеу сөзіне түсінік беру,қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, сымкәптеу технологиясымен таныстыру, жұмыр тістеуікпен және қысқышпен жұмыс icтeyгe үйрету, металды көркемдеп өңдеу дағдыларын қалыптастыру. Оқушыларды жұппен және топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түpi: Аралас сабак.
Сабақта қолданылатын әдістер: Жұптасып және топпен жұмыс. Сызу, түсіндіру, салу, көрсету,таныстыру.
Сабақтың көрнектілігі: Сым оның түрлері, шынжыр баулар, жұмыр тістеуік, қысқыш,балға, қайшы.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабақтың максатымен таныстыру.

Жетелеу сұрақтарын беру: 1.Сымның қандай түрлерін білесіңдер?

2. Диаметріне байланысты сымдардың майысуына түсінік беріңдер.

3. Сымнан жасалған әшекей бұйымдарды атаңдар.

4.Семей қаласында сымнан әртүрлі өрнекті әшекей қақпалар, терезе торлары жасалатын орындар бар ма?, атаңдар.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Tүcтi металл сымдардан жасалган әшекейлерді сымкәптеу дейді. Сымды бұрау, өрнектеу, дәнекерлеу деген мағынаны білдіреді.

Ал француз тілінде ол «филигран» деген атпен таралған, ежелгі зергерлер сымкәптеу өнеріне алтын, күміс, мыс сымдарды қолданған. Сымкәптеу өнерінің екі түрi бар:

  • Сымды әшекейлеп жеке өңдеу

  • Сымды арнаулы бұйымға (білезік, алқа, сақина, т.б.) дәнекерлеу арқылы өңдеу

Сымкәптеудің технологиясы

Сымкәптеу өнерінде ширатылып бұралған сымдардың өрнектері көзді тартып турады.

Бұралған сымды өрнек жасауға колданар алдында екі тәсілмен таптайды:

  • Арнаулы екі темір оқтаудың арасынан өткізу аркылы (Cypeті плакатқа салынған)

  • Арнаулы төсте балғамен ұру аркылы.

Сымдарды түзету әдістерін көрнекті экраннан көрсете отырып түсіндіремін.

Тапталган бұранда сыммен өрнек жасап, бұйымға дәнекерлеу оңай, өйткені олар 6ip-6ipiмен тығыз байланыскан.

Нәзік сымдарды жалпактау құралы екі негізгі діңгектен тұрады.

Буйым жасаудыц технологиясы

Сым темірді өрнектер бейнесіне келтіру өте сезімталдықты, іскерлікті талап етеді. Мұнда сымның калыңдығы да ecкepіледі. Өрнектердің шағын бөлшектері жіңішке сымнан, ал күрделі бөліктері жуан сымнан жасалады. Арнайы карайтылган бұйымға сымды дәнекерлеу icіндe өрнектердің ырғағы анық көрініп тұратындай етіп өңделеді. Өрнектердің әр бөлігі жобаға байланысты колданады, олардың ipi бөлігі қолмен бұралып, өрнек салынады да, ал ұсак бөліктеріне арнаулы кұрал-саймандар қолданылады.

  1. Әрбір бөлшекке қанша сымның жұмсалатынын нақты есептеу.

  2. Әр топта сақина, білезік, ілгектер, шынжыр бау жасау

Сымнан сақина жасау технологиясы:

  1. Сымның шетін жұмыр тістеуікпен қысу, ол тістеуіктің қысқан жерінен сәл шығып тұруы тиіс.

  2. Сол қолдың бас бармағымен сымның үстіне қойып, неғұрлым тісіне жақын ұстайды.

  3. Оң қолмен тістеуікті оңға қарай айналдырып, сымды мүмкіндігінше шеңбер жасап майыстырады.Бұдан кейін жұмыр тістеуікпен қысады.

  4. Сымды қысып, дөңгелек сақинаға айналғанша майыстыра береміз.

  5. Бұйымды тазартып, өңдейміз.

Сабакты бекіту:

1 .Сымкәптеу дегеніміз не?

2.Сымкәптеу өнерінің неше Typi бар?

З.Бұралған сымды өрнек жасауға қолданар алдында неше тәсілмен таптайды?

4.Сымға өрнекті калай бекітеді?

5.Сымның қандай түрін білесіндер?

Окушы білімін бағалау, көтермелеу, мадақтау.

Үйге тапсырма: Мәтінді оқу , Сымнан жасалатын өрнектердің суретін салып келу.

Сымдарды түзету әдістері 

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20

Материалдарды өлшеу, белгілеу құралдары

Слесарлық қол қайшылары (а, 6) и тістеуіктер

 



6-сынып №16сабақ

Сабақтың тақырыбы: Құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалану

Сабақтың тақырыбы: Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу. 
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ағашты көркемдеп өңдеу әдістерін меңгерту үшін әр түрлі станоктардың жұмыс атқару операцияларымен таныстыру. 
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың икемділігін, іскерлігін, шеберлігін қалыптастырып, ұқыптылыққа баулу. 
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға еңбек және эстетикалық тәрбие беру. 
Сабақтың түрі: Сарамандық сабақ. 
Сабақтың оқыту әдісі: Әңгімелесу, сарамандық және өз бетімен жұмыс істеу. 
Көрнекілік: пышақ , сызғыш, қалам. 
Жоспары: 
1. Ұйымдастыру кезеңі. 
- Ағашты өркемдеп өңдеуге қажетті ағашты дұрыс таңдау істің нәтижелі болуына септігін тигізеді. Мысалы: СТД – 120 м станогымен жұмыс жасауға қатты ағаш түрлері дұрыс. Сондықтан жасалатын бұйым түріне қарай ағаштың механикалық, физикалық жағдайларын білу керек. 
Жұмысқа бұтақсыз ағаш түрлерін таңдап, қажетті өлшемін кесіп, сүргілеп, әрлеп болған соң, тегіс бетіне өрнек бейнесін көшіреді. 
Өрнек дегініміз – кез – келген бұйымның сыртына түсірілетін біртұтас байланысты әшекей. 
Ал ою дегеніміз – бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу немесе бұйымды шабу кезіндегі ойып өңдеу жұмыстары. 
Мөлтек ағаштан тұтас шабылатын келі – келсап, аяқ – табақ, саптыаяқ, ожау сияқты бұйымдарды жасау тәсілін жұмырлап ою дейді. 
Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу мынадай шаралар арқылы жүзеге асады. 
- Бұйымның негізін талаптарға сай тазалау. 
Бұйымның барлық бөліктеріне өрнекті жоспарлау, үлгісін жасау. 
Өрнектерді кесу. 
Бұйымдарды бояу, оған әр беру, лактау. 
Әдебиет пен өнерде композиция деген түсінік бар. Ол жүйелеу, үйлестіру деген латын сөзі. Өнердің барлық саласында композиция өте күрделі ұғым және шығармашылық арқау. 
Ағашты қолмен өңдеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері. 
Жұмысқа дейін 
Жұмыс киіміңді киін (фартук, халат) 
Жұмысқа қажетті құрал саймандарыңды түгендеп, мұқият тексер (верстактың қысқыш қораптарын, тіреуішін т.б) 
Жұмыс орныңды, саймандарыңды ережеге сай орналастыр. 
Жұмыс орныңда артық ешнәрсе тұрмасын. 
Жұмыс кезінде 
Дайындаманы верстакқа мықтап бекіт. 
Әр амалды өзіне тиісті сайманмен атқар. Саймандарың қайралған, әрі тұтқасы жарылмаған болсын. 
Нұсқау карта бойынша әр амалдары (кесу, жону, тесу, біріктіру т. б.) өзіне тиісті құралдарды пайдаланып атқар. 
Жұмыс орныңды әрдайым тазалап отыр. 
Жұмыс кезінде алаңдама. 
Құрал – сайманың бүлінсе міндетті түрде ауыстырып ал. 
Жұмыстан кейін 
Жасап жатқан бұйымыңды, материалдарды кезекшіге немесе мұғалімге тапсыр. 
Жұмыс орныңды ретке келтір. Қолмен сыпыруға, ауызбен үрлеуге болмайды. 
Өзіңді ретке келтір. 
Шеберханадан мұғалімнің рұхсатымен шық. 
Ағаш өңдейтін токарь станогімен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері. 
Жұмыс кезіндегі қауіп түрлері: 
Жаңқаның ұшуынан көз жарақаты; 
Айналу бөліктеріне жанасудан қол жарақаты; 
Дұрыс пайдаланбаудан қол жарақаты; 
Дайындаманы станокқа дұрыс бекітпеуден немесе дайындаманың сапасыздығынан дене жарақаты болуы мүмкін, сондықтан: 
Жұмысқа дейін 
Жұмыс киіміңді дұрыс кейін (фартук, халат) 
Станогті тексер (қайысты берілістің қорғаныш бөліктері, жермен жалғанысты) 
Жұмыс орныңда артық ешнәрсе тұрмасын. 
Дайындаманы мұқият тексеріп (көз, жарық т.б.) станокқа дұрыс бекіт. 
Кескіш тіреуіштің биіктігін дайындаманың центрлік сызығына дәл келіп, ара қашықтығы 2 – 3 мм. болсын. 
Жүзін тексер. 
Станокті бос айналдырып тексеріп көр. 
Көзге көзәйнек ки. 
Жұмыс кезінде 
Кесу жұмысын станок толық күшімен айналған соң баста. 
Пышақты (кескішті) дайындамаға күш түсірмей, аздан тос. 
Пышақты (кескіш) тіреуішпен дайындаманың арасын қалыпты жағдайға келтіріп отыр (2 – 3 мм.) 
Жарақат алмас үшін: 
а) станокқа қатты басты еңкейтпе; 
ә) станок үстінен алыс – беріс жасама 
б) өлшеу жұмыстарын станок толық тоқтаған соң орында; 
в) қолыңмен тоқтатушы болма; 
г) жұмыс істеп тұрған станокті тастап кетпе. 
Жұмыстан кейін 
Жұмыс орныңды ретке келтір. 
Станокті тазалап мұғалімге тапсыр. 
Өзіңді ретке келтір.



























6-сынып №17сабақ

Сабақтың тақырыбы: Темір илек түрлерін егеу. Қаупсіздік ережесі.



Сабақтың мақсаты:

А) Теориялық білімдерін іс жүзінде көрсетіп, жұмысты шығармашылықпен жобалап       көрсетуге ықпал ету. Жаңа дизайн талаптарына сай әсемдей білу

Ә) Оқушылардың кәсіптік бейімділігін, шығармашылық шеберлігін, еңбекке икемділігін дамыту. Тұрмысқа қажетті заман талабына сай жаңа бұйым жасау.

Б) Еңбектене білуге , тиянақтылық деңгейін көтеруге баулып, эстетикалық талғамын ұштау.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сызбалар, дайын бұйымдар, қоржын, асықтар.

Құрал- жабдықтар: балға, егеу, шапқы, бұрғы, керн, тістеуік, іскенже, сызғыш, темір кесетін қайшы, қыспақ.

Пәнаралық байланыс: сызу, математика.

Сабақтың әдісі: ойын, тірек сызба, тест, сөзжұмбақ, түсіндіру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру.

А) Қоржындағы асықтардың нөміріне сәйкес сұрақтарға жауап беру.

Темірдің жиектерін қандай құралдармен  өңдейміз және қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?

Темірді қай белдікпен  тесеміз және қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет.

Киім жөнінде қауіпсіздік техника ережесін айтып беру. Қаңылтырды түзеткен кезде қандай құралдарды қолданамыз және қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек.?

   Ә) Тест сұрақтарына жауап беру

1. Тоқ өткізбейтін материал:

А) резеңке                  ә) болат                   б) мыс                                 г) су

2. Тоқ өткізетін материал:

А) Пластмасса                             ә) Алюминий               б) ағаш

в) Шыны                                       г) Шомот қағазы

3. Қара металл:

А) жез                         ә) қорғасын                   б) алюминий

В) шойын                   г) мырыш

4. Түсті металл:

А) болат                      ә) көміртегі болат                  б)мыс                в) темір              г) шойын

5.Металл бетін өңдеу кезінде белгі соғатын құрал:

А) бұрыштық                         ә) қадаубас                                   б) тескіш

В) сызғыш                              г) циркуль

6. Қаңылтырды тегістейтін балға:

А) дөңгелек табанды балға                                б) Кішкене балға

Ә)  Пұт балға                                                           в) шаршы табанды балға

Г) ағаш балға

7. Ара қайрайтын егеу:

А) үш қырлы егеу                                                  ә) жалпақ егеу

Б) төрт қырлы егеу                                               в) түрлі

Г) Жұмыр егеу

8. Шеге суырғыш қышқыш:

А) Плоскогубцы                           ә) Құс тұмсық қышқыш        б) тістеуік

В) Кемпірауыз                              г) ат ауыз қысқыш

9. Металл кесетін араның қайрау бұрышы қандай?

А) 30                    ә) 60                          б) 75                     в) 90                 г) 65

10. Темір жонатын белдік

А) Фрезерлеу белдігі                 ә) бұрғылау белдігі

Б) токарь- винтті белдігі           в) сүргілеу белдігі

Г) шлиптеу белдігі

11. Металл бөлшектері мен тесіктерін өлшейтін құрал:

А) Кронциркуль                           ә) микрометр                  б) шуптер

В) штанциркуль                           г) Индикатор

12. Токарь винтті белдігіндегі беріліс:

А) ременді беріліс                       ә) фрикциялы беріліс

Б) шынжырлы беріліс                 в) тісті беріліс

Г) Шлиптеу белдігі

13. Металды қандай құралмен шабады?

А) қашау                                 ә) шапқы                        б) балта

14. Ішкі резьбаны немен салады?

А) Метчик                               ә) плашка

15. Қандай металл шорт сынады?

А) Мыс                                    ә) шойын                             б) алюминий

- Ал балалар технология сабағында темірді шауды, кесуді, тесуді, қосуды және басқа өңдеу техналогияларын үйренгенбіз. Енді осы үйренгенімізді іске жаратайық. Қазір қыстың суық кезеңі оқушылардың  жылы сырт киімі және екінші аяқ киімдері болады.

Біздің оқушылардың  саны өсіп келе жатыр, оны өздерің де білесіңдер. Сондықтан біз осындай білімімізбен, өнерімізбен мектеп өміріне өз үлесімізді қосып, әр сыныпқа темір ілмектер жасап берейік. Сондықтан бүгінгі жасайтын бұйымымыз жұқа темірден ілмек жасау.

V.Аяқтау кезеңі.

Оқушыларға жұмыс кезіңіндегі кемшіліктерді және  нәтежелерді ескерте  отырып, жұмысты аяқтаймыз. Жұмыс орнын жинап, Құрал- жабдықтарды кезекшіге тапсырамыз.

VI.Қортындылау кезеңі.

Кезекші орындаған жұмыстарын жинап әкелген соң нәтижелеріне қарай бағалау.

VII.Үй тапсырмасын тексеру:Металға байланысты шығарған ребустарын тексеру. VIII.Ұйге тапсырма.Ілгектің басқа түрін және басқаша әдістеу,қарастыру

































6-сынып №18сабақ

Сабақтың тақырыбы . Эскиз арқылы металды шекімелеу.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды ағаш жону білдегімен танысу және оны қолдану; жұмыс амалдарын, бұйымның ішкі беттерін жону үшін кескіш аспапты таңдай білуге, дайындамаларды бекітетін айлабұйымдарды таңдауға үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды көркемдік жұмыстарды орындауда эстетикалық талғамға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың қауіпсіздік ережесін тиімді пайдалану арқылы жонғыш құрал-саймандар және айлабұйымдармен дұрыс жұмыс жасау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндірме, практикалық
Сабаққа қолданылатын стратегиялық әдістер: Интерактивті әдістер, СТО технологиясының әдіс-тәсілдері
Көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, видео ролик, сызба, сурет.
Құралдары: ағаш жону білдегі, жону құралдарының жиынтығы, айлабұйымдар, өлшегіш құрал, дайындамалар.
Пайдаланған әдебиет: Технология 8,9 сынып оқулықтары «Оқыту үрдісіндегі танымдық және шығармашылық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану» Е.Дүйсенов, А.Балғожаев Қызылорда 2006ж
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
2. Оқушы назарын сабаққа аудару.
«Бағдаршам» әдісі:
әр оқушы сабаққа немесе сұраққа өз дайындығы туралы түрлі-тсті стикерлер арқылы белгі береді: «жасыл» – дайын, «сары» – күмәнді, «қызыл» – дайын емес.
Жеке оқушылармен жұмыс. Үлестірмелі парақтар.
Қызығушылықты ояту кезеңі
Ағаш жону білдегінде қандай бұйымдар жасалады?
II. Үй тапсырмасын тексеру
Ағаш жону білдегі.
«Кім біледі?» ойыны. ТСД-20 ағаш жону білдегінің бөліктерін слайд арқылы сұрау «беске» білетін оқушы 1 сұраққа жауап беріп, қалғаның оқушылардан «кім біледі?» деп сұрайды.
Жону дегеніміз не?
III. Үй тапсырмасын бекіту

Сөйлейтін сандар

56 81 30 42 32 18 72 63 28 36 27 20 45 16 48

IV. Жаңа сабақ..
Жонғыш құрал-саймандар және айлабұйымдар.
Ой қозғау. Жонғыш құрал-саймандардың қандай түрлерін білесіңдер?
Жоңғыш құрал-саймандар кескіш қашаулар құрылымы бойынша өте алуан түрлі, олардың әр түрлі болуы білдектің құрылымдық ерекшелігіне және қолданылуына байланысты болады. Олар қолмен – білдек асты тірегі бар білдекте жұмыс істеуге арналған және құралкүймешікті – механикалық беріспен жұмыс істейтін білдекке арналған болып екіге бөлінеді.
Фасонды кескіштерді бұйымда фасонды пішіндер қыру үшін қолданады. Әр түрлі пішінді бұранда ою үшін арнайы кескіштерді қолданады.
Бекітуші айла бұйымдарға: қысқұрылғы, үшаша, қысқы жатады. Қысқы және үшашамен осьтік жонуда дайындаманың бір шетін ұстатады. Сонымен бірге қысқыны ұсақ тетіктердің ішкі жағын қырғанда бекітуші айла бұйым ретінде қолданады.
Қысқұрылғы үлкен өлшемді дайындамаларды өңдегенде және жалпақ тұтас дискілерді қырғанда бекітуші айлабұйым ретінде қолданылады.
Үш жұдырықшалы қысқы дайындаманың центрін қыспақ жұдырықшалары
Сергіту кезеңі.
Интерактивті тақтаның көмегімен жонғыш құрал-саймандар және айлабұйымдар туралы видео ролик көрсету.
Не көрдіңдер, не қызықтырды?
Ағаш өңдейтін токарь станогімен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері
Жұмыс кезіндегі қауіп түрлері:
1. Жаңқаның ұшуынан көз жарақаты;
2. Айналу бөліктеріне жанасудан қол жарақаты;
3. Дұрыс пайдаланбаудан қол жарақаты;
4. Дайындаманы станокқа дұрыс бекітпеуден немесе дайындаманың сапасыздығын дене жарақаты болуы мүмкін, сондықтан:
Жұмысқа дейін:
1. Жұмыс киіміңді дұрыс киін. Жең, галстук, белбеу т.б. киімдеріңді ретте.
2. Станокті тексер (ременді берілістің қорғаныш бөліктері, заземление т.б.).
3. Жұмыс орныңда артық ешнәрсе тұрмасын.
4. Дайындаманы мұқият тексер (көз, жарық, т.б.).
5. Пышақ тіреуіштің биіктігін дайындаманың центрлік сызығына дәл келтіріп, арақашықтығы 2-3 мм болсын.
6. Пышақтың жүзін тексер.
7.Станокты бос айналдырып тексеріп көр.
8. Көзіңе көзәйнек ки.
Жұмыс кезінде:
1. Кесу жұмысы станок толық күшімен айналған соң баста.
2. Пышақты дайындамаға күш түсірмей, аздан тос.
3. Пышақ тіреуішпен дайындаманың арасын қалыпты жағдайға келтіріп отыр.
4. Жарақат алмас үшін:
а) станокқа қатты жақындама; ә) станок үстінен алыс-беріс жасама;
б) өлшеу жұмыстарын станок толық тоқтаған соң жүргіз;
г) жұмыс істеп тұрған станокті тастап кетпе.
Жұмыстан кейін:
1. Жұмыс орныңды ретке келтір.
2. Станокті мұғалімге тапсыр.
3. Өзіңді ретке келтір.
Сарамандық жұмыс
Жеке
Жұмыс киімін кию: фартук, жеңқап
Жұмыстың мақсаты: ағаш жону білдегімен танысу және оны қолдану; жұмыс амалдарын игеру.
Жабдықтар мен құрал-саймандар, айлабұйымдар: ТСД-120 білдегі, әр түрлі қашаулар, бекіме айлабұйымдар, штангенциркуль, сызғыш, осьтік және тура жонуға арналған дайындама, қалам, кронциркуль, нутромер, қима үлгілер.
Техникалық мәліметтер: білдекте сызатсыз, бұтақсыз, шірігі жоқ, жақсы кепкен дайындаманы өңдейді.
1. Көркемдеп жону жұмыстарының күрделілігіне байланысты ағаш жону білдегінде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін орындауға ерекше назар аудару.
2. Технологиялық карталарды тарату.
3. сызбаларды оқып-үйрену және тиісті құрал-саймандар мен айлабұйымдарды таңдап алу.
4. Тетіктерді жонып үйрену.
Видеоролик (ағаш жону білдегі)
V. Жаңа сабақты бекіту
«Өзіндік мысал» ойыны:
Жаңадан өтілген тақырыпқа оқушылар өз мысалдарын келтіріп, өз тапсырмалары мен жорамалдарын дайындайды.
VІ. Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма беру



6-сынып №19сабақ

Сабақтың тақырыбы . Металды слесарлық арамен кесу.

Білімділік: Мектеп шеберханасында еңбек құралдарын пайдалана отырып, металлды өңдеуге , бұйымды нұсқау карта бойынша жасауға үйрету.

Дамытушылық: Теориялық білімдерін іс жүзінде дамыту, шығармашылық іскерлігін шеберлігін дағдыларын нығайту. Ежелден келе жатқан мета өңдеу техникасы арқылы ата кәсіпті дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды іскерлікке жауапкершілікке белсенділікке ұсталыққа қазіргі өндіріс пен техниканың жетістіктерін адам өмірінде темірдің алатын қызметін ел байлығын сақтай білуге ұсталық қолөнерді қастерлеуге тәрбиелеу.


Сабақтың типі: Қорытындылау сабағы.


Сабақтың түрі: Сайыс сабағы.


Сабақ көрнекілігі: Технологиялық көрнекі бұйымдар, плокаттар үлгі тест сұрақтары сұрақтар, диафилм.


Сабаққа қажетті құрал – саймандар: қаңылтыр, балға, егеу түрлері, шапқы, қысқыш, сызғыш, белгі салғыш.


Пән аралық байланыс: Тарих , география, химия, сызу, сурет .


Сабақтың барысы:

1. ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың жұмыс орындарын және сабаққа дайындығын тексеру. Оқушыларды 5 топқа бөлу.

  1. Алтын

  2. Қола

  3. Болат

  4. Шойын

  5. Темір.

Сабақтың мақсатын жүргізілу жоспарын түсіндіріп өту. Балалар біз бүгін метал туралы алған білімімізді қорытындылайыз. Қазіргі замандағы метальдың ролі. ¦сталық өнер, тұрмыстағы метал бұйымдар туралы айтылады. Металмен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелеріне баса наза аудару керек. Бүгінгі сабақта әр топ метал туралы білімдерін шеберліктерін ортаға салады.Бүгінгі сайыстың б бірінші тапсырмасы бойынша әр топ өзін таныстырып аттарын қорғайды.


2. Білім сайысы: тест сұрақтары.




Тест сұрақтары


1) Қара металл

А) жез

Б) қорғасын

В) шойын

Г) Мырыш

Д)Алюминий

2. Түсті метал

А)Болат

Б)Темір

В)Көміртекті болат,

Г)Шойын,

Д)Мыс

3. Метал бетін өндеу кезіңде белгі соғатын құрал:

А)Бұрыштық,

Б)Сызғыш,

В)Қадаубас(кернер),

Г)Циркуль,

Д)Тескіш.

4.Қаңылтыр тегістейтін балға

А)Дөңгелек табанды балға,

Б)Квадрат табанды балға,

В)Пұт балға,

Г)Ағаш балға,

Д)Кішкене балға.

5.Ара қайрайтың егеу

А)үш қырлы егеу,

Б)Түрпі,

В)Төрт қырлы егеу

Г)Жұмыр егеу,

Д)жалпақ егеу.

6.Шеге суырғыш қысқыш,

А)Плоскогубцы,

Б)Кемпірауыз,

В)Құс тұмсық қысқыш,

Г)Ат ауыз қысқыш,

Д)Тестеуік.

7.Метал кесетің араның қайрау бұрышы қандай

А)30,

Б)90,

В)60,

Г)65,

Д)75,

8. Темір жонатың станок:

А)Фрезерлеу станогі,

Б)Сүргілеу станогі

В)бұрғылау станрогі,

Г)шилиптеу станогі,

Д)Токар винтті станогі.

9. Машина детальдары мен тесіктнерін өлшейтің құрал:

А)кронциркуль,

Б)штангенциркул,

В)микромктр,

Г)Индикатор,

Д)Щуптер.

10.Токарь виннті станогыңдағы беріліс:

А)Ременді беріліс,

Б)Тісті беріліс,

В)Фрикциялы беріліс,

Г)Червякті беріліс,

Д)Шынжырлы беріліс.

3. Келесі тапқырлар сайысы:

Ойлан тап


Металдар

20

15

10

5

Метал өңдеу

20

15

10

5

Метал өңдейтін құралдар

20

15

10

5

Қауіпсіздік ережелері

20

15

10

5


Сұрақтары:

  1. Металдар қанша топқа бөлінеді. (қара және түсті) металдар.

  2. Машина жасау өнеркәсібінде қолданылатын негізгі металл. (болат)

  3. Шойын өндіретін пеш. (домна)

  4. Болат өндіреті пеш. (мартен, конвертор).


  1. Шапқы мен балғаны пайдаланып металды өңдеу операциясы (Метал кесу).

  2. Слесарлық қыспақтың бөліктерін ата. (жылжымайтын еріндік тұрық, жылжымалы еріндік, қыспақ бұранда, сабы бар жылжымалы еріндік)

  3. Егеудің негізгі қызметін ата. (метал бетін тегістеу)

  4. Металдың бетіне белгі салу үшін қолданылатын құрал. (кернер).

  1. Жұқа қаңылтырды кесіп қиюға арналған құрал (қайшы)

  2. Металды ұруға майыстырып түзеуге арналған құрал (балға).

  3. Металды қысып ұстауға бұрауға майыстыруға арналған құрал (кемпірауыз.)

  4. Метал бұйымдарын тесуге арналған құрал. ( қадаубас).

  1. Бұрғылау станогындағы қауіпсіздік ережесі.

  2. Темір кескендегі қауіпсіздік ережесі

  3. Темір аралағандағы қауіпсіздік ережесі.

  4. Оқу шеберханасындағы қауіпсіздік ережесі.



  1. «Шапқы» сөзжұмбағын шешу





Ш












А












П












Қ












Ы









  1. Жұқа қаңылтырды кесіп, қиюға арналған құрал. (қайшы)

  2. Металды ұруға майыстырып түзетуге арналған құрал. (Балға)

  3. Металды қысып ұстауға бұрауға, майыстыруға арналған құрал. (Кемпірауыз)

  4. Металл бұйымдарын тесуге арналған құрал (қадаубас)

  5. Металл бұйымын әдемелеп тесуге арналған құрал. (Бұрғы.)


  1. шеберлер сайысы:Әр топ үйге берілген жұмыстарын көрсетеді. Металдан әр түрлі бұйымдар жасайды сол бұйымның нұсқау картасын, жасалу жолдарын бұйымды жасау барысында қолданылған метал өңдеу операцияларымен және құралдарымен таныстырады.


6. Рефераттар қорғау:Бұл бөлімде әр топ төмендегі тақырыптар бойынша рефераттар дайындаған

  1. Түсті металдар

  2. Темір өңдейтін құралдар

  3. Болат өндірісі.

  4. Шойын өндірісі.

  5. Темір рудасы.

7. Қорытынды:Бұл бөлімде бүгінгі сабақта әр топтың алған балдары есептелініп сайыс қорытындылады. Жеңімпаздар атап өтіледі.

















6-сынып №20сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сәндік-қолданбалы өнер элементтерін қоса отырып, материалдарды көркем өңдеу технологиясы

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Ағаш  діңінен өңделетін материалдармен  олардан жасалатын өнім түрлерімен танысу.

ә) тәрбиелік: Оқушылардың еңбекке деген сүйіспеншілігін , қызығушылығын арттыру, ұқыптылыққа, эстетикалық талғампаздыққа тәрбиелеу.

б) дамытушылық: ағаш кесінділерінің алуан түрлі  болатынын, оның  қолдану салаларының да өте кең екенін түсіндіре отырып,  оқушылардың    ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Пән аралық байланыс : математика,биология

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, ауызша сұрақ-жауап, өз бетімен жұмыс жүргізу.

Көрнекіліктер: ағаш кесіндісінің суреттері, плакаттар, интерактивті тақта, кітаптар, журналдар, сөзжұмбақ, кесте, ағаш туралы әзіл өлеңдер.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

Республикамызда ағашты мәнерлеп өңдеудің  түрлері мен ерекшеліктері.

III. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жоспар: 

Ағаш діңінен көптеген материалдардың кесінділері  өңделеді. Олар ағаш ұсталығының барлық өңірінде де кең көлемде қолданылады. Ағаш дегеніміз – өсіп тұрған тығыз материал. Ол тамырдан, діңінен, бұтақтарынан тұрады.

Ағаштың негізгі бөлігі-діңі. Халық шаруашылығында ағашты пайдаланбайтын бірде-бір сала жоқ. Ағаш әсіресе құрылыс ісінде аса көп қажет. Ағаштан есік, терезе блоктары, еден, түрлі жақтаулар мен таяныштар жасалады. Олар өлшемдеріне,жан-жағының кесілуіне қарай әртүрлі материалдарға бөлінеді. Қазіргі кезде құрылыстағы ағаш шеберлігі жұмыстары кең көлемде механикаландырылған. Ағашты алғаш ұқсату кезінде электр арасының көмегімен тіледі. Бұтақ өңдеуші оператор бұтақтарда кесіп, ағаштың қабығын тазартып, көлденеңінен кесу станогынан өткізеді.

Кесілген ағаштардан еден тақтайларын, керегекөз (50х50), белағаш (50х200), шпал (200х200), шпон (1х1,5) горбыль т.б. материалдар дайындайды.

Ағаштың кесілген ұнтағынан қағаз, ДВП, ДСП бұйымдарын шығарады 

ІV Пысықтау

Осы тақырыпқа арналған тапсырмалар бар. Оқушылар мына жұмбақты шешіп көрейікші. 1 тапсырма: Жұмбақ     Жүз мүйізі бар

Үстінде киізі бар. (киіз үй)

2 тапсырма. Киіз үй қазақ халқының ежелден келе жатқан баспанасы. Сүйегі ағаштан жасалады. Ағаштан жасалатын бөліктерін атаңдар. Уық, шаңырақ, сықырлауық және есік, кереге.

«Киіз үй құрастыру» Киіз үйдің 5 бөлікке бөлінген суреті. Суреттің әр қайысында  Бүгінгі өткен тақырыбымызға байланысты сұрақтар жазылған.

1.Шпон дегеніміз не?

2.Ағаш ұнтағынан алынатын өнімдерді ата?

3.Ұшқат дегеніміз не?

4.Діңгектер дегеніміз не?

5.ДСП қандай материал.

ІІІ.тапсырма

Ағаш кесінделерінің  өлшемі туралы кесте толтыру

р/с

Ағаш кесінділерінің түрлері

Ағаш кесінділерінің өлшемі

1

Діңгектер

100 мм жоғары

2

Стропила

50х150, 50х200 мм

3

Шпал

150х200 мм

4

Обрешетка

50х50 мм

5

Шпон

0,5х3 мм

Ағаш кесінділерінің қолданылуы: Үй жиһаздарын дайындау

саз аспаптарын жасау , теміржол саласында , құрылыста

V Сергіту сәті. Ағаш туралы әзіл өлең оқу. Интерактивті тақтаның көмегімен.

Мақалдың жалғасын табу.

1.Ағаш ексең аялап,

Басыңа болар саябақ.

2.Бір тал кессең,

Он тал ек

3.«Ер-елдің көркі, орман-тоғай жердің көркі».

4.Мәуелі ағаш майысқақ.

5.Орман көп болса, олжаң көп.

6.Ағашы аласа болса да,

Алмасы тамаша.

VІ Бекіту. Тест жұмысы

1.Ағаштың жіңішке кесіндісін не деп атайды?

а)Шпон                ә)шпал                      б)стропила

2.Ағаш ұнтаған желімге араластырып нығыздау арқылы шығаратын материал

а)ДСП                 ә)шпал                       б)тақтай

3.Шпонның қалыңдығы неше мм болу керек?

а) 0,6х2 мм                   ә) 0,5х3 мм          б) 0,5х 3 мм

4.Шпонды бірнеше қабаттап желімдеген материалды не деп атайды?

а)ұшқат                ә)тақтай                 б)ДСП

5.Ұшқатты қандай ағаштан дайындайды?

а)қайың, емен, көктерек,  шетен, үйеңкі

ә)тал, терек, шамшат

б)қайың, қараағаш

6.150х500 мм-лік өлшемде өңделген діңгекті ата.

а)обрешетка             ә)стропила                      б)шпал

7.Үй жиһаздарын қандай материалды қолданады?

а)шпал              ә)ДСП,ДВП, ағаш                       б)шпон

8.Домбыраның бет қақпағына өрнек түсіріп әшекейлеуге арналған материал

а)ДСП                   ә)шпон              б)ұшқат

9.Ағаштар қандай топқа бөлінеді?

а)ұшқат, шпон         ә)жапырақты, қылқанды             б)ДСП,ДВП

10.Ағаш материалын өңдеу неге байланысты

а)құрылысы         ә)қасиеті         б)қолдануы

жауаптың кілті   1-а. 2-а. 3-б. 4-а. 5-а. 6-б. 7-ә. 8-ә. 9-ә. 10-ә.

Сөзжұмбақ

 

 

 

 

А

 

 

 

 

 

Ғ

 

 

 

А

 

 

 

Ш

 

 

 




 

 

VII.Қорытынды Бүгінгі өткен сабағымызда ағаш діңінен алынатын өнім түрлерімен таныса отырып, ағашты кесінділерге бөлу, олардан бұйымдар жасау, оқушылардың шығармашылық қиялын дамытып, шеберлігін арттыру.

 

Бағалау
Үйге тапсырма Ағаштан қасық жасау





6-сынып №21сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ағаш (қасық) ою технологиясы

Білімділік: Қазақ халқының ою-өрнек түрлерімен таныстырып жасалу жолдарын үйрету.
Дамытушылық: Қол икемділігін дамыта отырып шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды жұмысты өз бетінше орындауға үйрету өнер ерекшеліктерін танып білу арқылы эстетикалық талғам беру.
Сабақтың типі: білім дағдыларын қалыптастыру
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сарамандық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, схема, өрнек үлгілері, суреттер.
Пәнаралық байланыс: биология, бейнелеу, математика

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, сабаққа дайындығын тексеру
II. Жаңа сабаққа дайындық
Қолөнер бұйымдарын еске түсіру (сандық, домбыра, киіз, кілем, ұлттық киім, зергерлік бұйымдар т. б.)
III. Жаңа сабақ
1. Ою-өрнек сөзінің мағынасы, тарихы туралы түсінік
Біздің ата-бабамыз қолөнерімен айналысқан, сол өнерді жетілдіріп, ұрпағына мұра етіп қалдырып отырған. Барлық жасалған қолөнер заттарын табиғатпен байланыстырып ою-өрнектермен безендірген.
Ою-өрнек деген сөзіміз латын тілінен алынған, “Орнамент” деген ұғымды білдіреді. Мағынасы сәндеу, әсемдеу деген сөзден шыққан.
2. ою-өрнектің қолданылуы, топтары слайд арқылы көрсетіп түсіндіру
Әр өрнектің астарында мағына болады. Мысалы: жұлдыз өрнегі-аспандағы жұлдыз көрінісіне ұқсайды. Ол көбіне кілемдерде жиі қолданылады.
Мүйіз тектес өрнектер-мүйізді бейнелейтін өрнек. Олар ұлттық киімдерде, киіз, алаша бұйымдарында кездеседі.
Геометриялық өрнектер және гүл өрнегі-ағаш бұйымдарында т. б. кездеседі.

3. Ұлттық қолөнер бұйымдарын жасап игеру үшін оюды өзіміз жасай білуіміз керек.
Оқушыларға тапсырма: өз бетінше қарапайым ою түрін ойып қағазға жапсыру.
Балалар әр бұйымның бетін өрнектегенде өрнектерді реттеп орналастыру керек
Ою-өрнек екі жағынан тең болу керек. Мысалы: қошқар мүйіз.
Бұйымға салынатын өрнек түстері бір-бірімен үйлесіп, жарасып түру керек. (слайд суреттер)
4. Қағазды үш бүктеп өрнек жасау тәсілдерін көрсету. (cхема)
5. Оқушыларға тапсырма: қағаздан өрнек қиып, жапсырмалау.
Техника қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.

IY. Сабақты бекіту (кестемен жұмыс)
1. Ою-өрнек неше топқа бөлінеді?
2. Жұлдыз өрнегі қандай бұйымдарда қолданылады?
3. Ою-өрнекті рет-ретімен орналастыруды не деп атаймыз?
4. Көбіне қолданылатын өрнек?
Y. Сабақты қорыту
Оқушылардың жұмыстарын талдау.
YI. Үйге тапсырма. оюлар түрін ойып үйрену.





Сабақтың мақсаты: 6-сынып №22сабақ

Сабақтың тақырыбы: Металды көркемдеп өңдеу технология

Білімділігі:  Түсті металлургия кәсіпорындарының ел экономикасын дамытудағы ролін түсіндіру, экологиялық жағдайымен таныстыру.

Дамытушылығы:  Пайдалы  қазбаны  өндіру  және  тиімді  пайдалану  жайында  түсінігін  дамыту.

Тәрбиелілігі:  Қиын  да  қызықты  металлургия  саласында  елбасымыз  Н. Ә. Назарбаевтың  жасаған  жұмысын  үлгі  ету.

Көрнекілігі:  карта,  металл  бұйымдар.

Техникалық  құрал:  Интерактивті  тақта

Пәнаралық  байланыс:  тарих,  экономика,  химия,  әдебиет

Сабақтың  түрі:  дәстүрлі

Сабақтың  типі:  аралас

Сабақтың  әдіс-тәсілдері:  Баяндау,  сұрақ-жауап,  тірек-сызба,  рөлдік  ойын

Пайдаланылған  әдебиеттер:  «География  және  табиғат»  журналы

Сабақтын барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ Үйге  берілген  тапсырманы  сұрау.

«Электр  энергетикасы»

Үй  тапсырмасын  тірек-сызба  арқылы  сұрау

ІІІ. Үйге  берілген  тапсырманы  бекіту

«Сенің  көзқарасың»  пікірталас

Мұғалімнің  сөзі:

 - Оқушылар,  Шиелі  уранын  пайдаланып,  төретам  елді-мекенінде  АЭС  салу  жоспары  бар.  Оған  сенің  көзқарасың  қандай?

ІҮ. Жаңа  сабақ

Сабақтың  тақырыбын  ашу

Осы  металдарды  сипаттай  отырып,  металға  байланысты  мақал-мәтел,  жұмбақ  жаңылтпаш  айтуларыңа  болады.  Аталған  металдарды  қандай  өнеркәсіп  саласында  өндірілетінін  сипаттайды.

1717 жылы түсті металлургияның даму кезеңі басталды. Алтайда қорғасын, мыс, мырыш кен орындары табылды. 1730 жылдан 1832 жылға дейінгі бір ғасыр ішінде Алтайдағы ірі кен орындары: Березов, Николаев, Риддер, Зырян, Белоусов, Крюков, Сокол кен орындары ашылды. Қазан революциясынан кейін Қарсақпай мыс қорыту зауыты, Риддер полиметалл комбинаты ашылды.

Түсті металдар бағалы қасиеттерімен ерекшеленеді. Олардың ішінде: қалайы, қорғасын, никель – коррозияға төзімді, титан – ыстыққа төзімді, алюминий, мыс, күміс – электр өткізгіштік қасиетке ие.

Патша өкіметі жер бетіне жақын жатқан күміс, мыс, қорғасынға бай кендерді игере алмайтындықтан жауып тастады.

Қазір Қазақстан мыс қоры бойынша – 9 орын, өндіруден – 10 орын, тазартылған мыс өндіруден – 7 орын, экспорттаудан – 4 орын (30 мемлекетке шығарады)

Ү. Жаңа  сабақты  бекіту.

Кестені  толтыру

Металдың  аты

Хим.  таңбасы

Қолданылуы

1

Алюминий

 

 

2

Мырыш

 

 

3

Алтын

 

 

4

Қорғасын

 

 

5

Мыс

 

 

ҮІ.  Жаңа  сабақты  бекіту.

Көрініс  «Директорлар  кеңесі»

1.Ғалым  Қ. Сәтбаев  еңбегі  арқасында  біздің  кәсіпорын  өнім  өндіру  процесінде  шикізат  қоры  жеткілікті.  Бірақ  та  оны  толық  өңдеп,  қалдықсыз  технология  енгізуді  бастамаға  алдым. 

Автор:  Бұл  қай  кәсіпорынның  басшысы  болып  табылады.

2. Мен  Өскемендегі  комбинатқа  басшы  бола  отырыып,  жедел  түрде  өнім  сапасын  арттыру  жұмыстарын  атқарудамын.  Ол  біздің  қазақстан  экономикасын  көтерудің  негізі.

Автор:  Бұл  қай  кәсіпорынның  басшысы  болып  табылады.

3. Мен  Павлодардағы  зауытымда  өнім  үлесін  арттыруыма  шикізат  қоры  жеткілікті,  алайда,  эл энергия  тапшылығы  сезіледі.  Сол  себепті  Екібастұзда  ЖЭС  салу  жоспарымда  бар.

Автор:  Бұл  қай  кәсіпорынның  басшысы  болып  табылады.

ҮІІ. Сабақты  қорытындылау

Елбасымыз  Н. Ә. Назарбаев  металлургия  саласында

ҮІІІ.  Үй  тапсырмасы

10 тақырып.  Кескін  картамен  жұмыс

ІХ.  Оқушыларды  бағалау

Үйге тапсырма: Ағаш түрін әкелу








6-сынып №23сабақ

Сабақтың тақырыбы: .Тері өңдеу технологиясы.

Сабақ мақсаты: 1. Оқушыларға тері өңдеу технологиясын үйретіп оны қарапайым
жолдармен өңдей білуге, қандай пайдасы бар екенін үйрету.
2. Тері бояу тәсілдерін, бояу түрлерімен таныстырып еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Теріден жасалған бұйымдар суреті. Арқақап жасаудың нұсқау картасы.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Үйге тапсырма.
Жаңа тақырып мазмұны.
Тері бояудың екі түрлі мақсаты бар:
1. Теріге өң беру.
2. Теріні не ғұрлым су өтпейтін етіп шыйыршықтау:
Тері бояудың ең көп тараған әдісі – ағаштың қабығына салып бояу. Бұған талдың, теректің, еменнің қабықтары қолайлы, сондай - ақ жер қынасын, томарбояудың, шөп тамырын, шеңгелдің, көк теректің бүрлері де кеңінен пайдаланылады. Майлы теректердің майын сорғыту үшін оған қышқыл аралас кебектен жасалған ашытқыны салып кептіреді. Оны халық тілінде «былжыр» дейді. Кейде қызыл кірпіштің ұнтағын салып, бүктеп тастаса да жеткілікті.

Теріні кейде талдың, еменнің, қара мойылдың, кейде май қарағайдың қабықтарымен бояйды. Оларды көбінесе күздігүні әзірлейді. Тік тұрған ағаштың қабығын сыдыру ағашқа үлкен зиян келтіреді. Сондықтан бояуға алынатын қабықты көбінесе кесілген, қураған ағаштардан жинайды. Жиналған қабықты жылы сумен жуып, кепкен соң, темір келіге салып түйеді немесе қол диірменге салып тартады. 11 - 12 қой терісінен тігетін үлкен тонды бояу үшін осындай ұнтақталған 4 - 4, 5 кг қабықты 1, 5 - 2 шелек суға салып, тұзын татып қайнатады. Қайнау мен суалдырудың мезгілін қайнап шыққан қабық бояуының түсіне және қоюлығына қарай белгілейді. Су аз құйылғандықтан, бояу шықпай, қабықтар құрғап бара жатса, үстіне су құяды. Ал, керісінше, суы көп құйылған бояулар сұйық болса, үстіне қабық қосылады.

Талаптарға сай орындалған жұмыстың бояуы шығып, қайнауы қанғаннан кейін ыдыстағы қабықтарды сүзіп алып тастайды. Қайнатылған бояу қанжылым болып суыған соң, теріні бояуға қолданады. Егер ыстық бояуды теріге қолданса, оны пісіріп жіберуі мүмкін. Бояуды теріге қылқаламмен немесе кіршіксіз таза киіз бөлігінің көмегімен жағады. Тері бояуды өз бойына бірқалыпты сіңіру үшін оның өңін ішіне қаратып бүктеп, 2 - 3 сағат кептіреді. Бүктелуі жатып дегдіген теріні желге, көлеңкеге, ыстық үйге жайып кептіреді. Теріні кептіру кезінде ол жиырылып, тырысып қалмау үшін тобарси бастаған соң, қолмен уқалап созғылайды.

Теріні бояудың екінші түрі – томарбояу. Ащылауытқа шығатын қурай тектес өсімдіктің басы дәнге толған кезде ақ үрпіктенеді, жапырақтары сарғайып, қурайдың түбі қызарады. Шамамен алғанда, бұл шілденің аяғы - тамыздың басы. Осындай кезде қурайдың түбірін қазып алады да, оны мұқият жуып, жоғарыда айтылған технология бойынша арналуы ыдысқа салып қайнатады. Бояуы шыққаннан кейін теріге қолданады.

Теріні қынамен де бояйды. Қына – жерге жабыса өсетін өсімдік. Мұны да күздігүні дайындайды. Оны жинап әкелісімен, топырақтан, басқа шөп – шаламнан тазартып, жылы сумен мұқият жуып алады да, қайнату арқылы бояуын шығарады. 10 - 15 қойдың терісін бояу үшін 2 шелек бояу алатындай есеппен қайнату керек. Қынаның басытқысына тұз, ашудас немесе мүсәтір қосып, аздап май құяды. Кейде көк тікеннің, қызыл мойылдың бастарын өнеркәсіптік бояумен араластырып, қына бояуын күрең қызыл етіп, түсін ашады. Қына бояуы жүн жіптерге, теріге жақсы жұғады. Осы әдіспен боялған теріден неше түрлі бұйымдарды әрлеп құрастырып, тігіп алады. Қоржым, тоқым немесе етік т. б. тері бұйымдарын қосымша оюдың үстінен тігу арқылы әрлейді. Мысалы, қара қоңыр түспен боялған теріге ақшыл сары теріден әзірленген өрнек бөлігін жамау арқылы тіксе, текемет, сырмақ тәріздес әдемі өң береді. Осы әдіспен боялған теріден сәнді киім, тұтынуға қолайлы түрлі мүліктер жасалады. Соның ішінде әсіресе төрт түлік малдың терілерінен көптеген сыйлық бұйымдары дайындалады.

Сабақты қорытындылау: 1. Тері өңдеу үшін ағаш түрлерін пайдаланады екенбіз?
2. Терінің қандай қасиеттерін біліп түсіндік?
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: Тері өңдеу, тері бояу технологиясын оқып келу.
Теріден сыйлық бұйым жасау технологиясы
Малшыларға малдың жүнінен, терісінен жасалатын үй мүліктері мен киім – кешектер қандай қажет болса, ат саймандары – ер – тұрман, қайыс, таспалар да сондай қажет. Бұл бұйымдыларды ауылдық жерлерде мал бағатын ұжымдарда осы күнге дейін қолданады. Жүнген, айыл – тұрман, құлақбау, шілия мен делбе, қамшы мен қайыс т. б. әлі де тұтынудан қалған жоқ. Қайыс өрудің бірнеше өрнекті түрлері мен атаулары бар. Олар төрт таспадан өру, түйемұрындық, өткерме, тастүйін т. б. Жүген, ноқта, делбе, шілияларды өру әдісімен жасайды.
Қолөнерде таспа өрудің сан алуан түрлері кездеседі. Оның үш таспа, төрт таспа, бестемше, алты таспа, бұзау тіс дырау, жыланбауыр, қос бұрым, сегіз қырлы, егеуқұйрық, айыл жырым өрімі, қабырға, таңдай, жиырма төрт таспа т. б. қайыс өнерінде кеңінен қолданылады. Өрімдер 3, 4, 5, 6, 7, 12, 24, 36,..... 83 - ке дейін, кейде одан да көп таспадан өріледі. Өрім өрнектері сан алуан. Кейде құйысқан шілиялардың үстіңгі бетін төрт бұрым, алты бұрым, астын біртұтас «жыланбауыр» етіп жасайды. Ал ішіне өзек салып, алақанын тоқыма өріммен жалпақтап келтірген дойыр, дырау, бұзау тіс қамшылар өте әдемі келеді. Осыншама көп таспалы өрімдердің ұштары жай байлана салмайды. Олар әр түрлі мәнермен түйіліп, шашақталады.

Сыйға беретін әрі киелі бұйымның бірі – қамшы. Ол төрт, алты, сегіз, он, он екі және одан да көп түрде өріліп, әшекейленіп жасалады. Қанша өріммен өрілетіні белгіленгеннен кейін, қайыстан тиісті өрімнің талшықтарын арнаулы пышақпен немесе ұстарамен кесіп алады. Алты өрімнің қайысын біркелкі етіп кесіп алғаннан кейін, оның қалыңдығы да біркелкі болады, жуан жерлерін тегістеп, қырларын өңдегеннен кейін өруге кіріседі. Әр өрімнің өзіндік құпиялары бар. Барлық өрімдердің негізін үш өрімнен байқауға болады. Бұл өрім өте кең қолданылады. Өрілген қамшы сабын мүмкіндігінше тобылғыдан таңдаған дұрыс, егер ол болмаса, шамшат немесе емен т. б. қызыл ағаштардан СТД - 120 М ағаш станогында жонып, арнаулы қамшы сабын дайындайды. Тобылғы – асылы таудың беткейінде өсетін ағаш. Оны шеберлер шілденің аяғы мен тамыздың басынан ары қарай, яғни күзге қарай жинайды. Шеберлер бұтақсыз, неғұрлым түзу жерлерін кесіп алып, толық кепкенше іліп қояды. Егер тобылғы сәл қисықтау болса, оны түзу затқа мықтап қосақтап байлап, бірге іліп қояды. Сонда тобылғы түзу болып кебеді. Әбден кепкен кезде шебер оның сыртын қойдың құйрық майымен ысқылағанда, қоңыр түсі қою қызыл түске өзгереді де, өте әдемі өң береді. Сөйтіп қамшының өрімі шебердің талғамына қарай, тобылғыға бекітіліп әшекейленеді.

Пышақ қыны – иленген теріден жасалатын, ежелден келе жатқан бұйым. Одан әр түрлі пішінде пышақтың, қанжардың, бәкінің, кілттер жиынтығының, тіпті кез – келген кілттер жиынтығының қабын тігіп жасауға болады. Ол үшін қынның пішінінің нақты үлгі бойынша пішіп, екі дана етіп әзірлейді. Дайындалған екі бөліктің тігілетін шетін белгілеп алғаннан кейін, екі түрлі әдіспен тігеді. Біріншісі – қайыстан тігілетін арнаулы қынның тігісін ішіне жіберіп аударады. Екіншісі – тігісін сол қалпында сыртында қалдырады. Бұл шалу арқылы тігіледі.
Ал көлемді бұйымдардың, мысалы, қоржынды, дорбаны, торсықты т. б. сыртынан салып тігіп, өрнек салады. Мысалы, қоржынды қара қоңыр теріден тігіп, үстіне өрнектеп кесілген ашық сары теріні тіксе, өте сәнді көрінеді. Мұндай бұйымдарды жасау үшін былғары өңдеудің технологиясын білу керек.

Былғары өңдеу. Мал терілерін илеп, бояп, өң беру ертеден келе жатқан, ең жақсы дамыған және жетілген өнер. Илеуі қанып, бояуы сіңген былғары су тартпайды. Одан жасалған бұйымның тігісі ыдырамайды және тұтынуға төзімді әрі әдемі. Ағашқа жапсырып қағылған мұндай сапалы былғарыны шеге де мықты ұстайды. Мысалы, жиһаздардың, әр түрлі бұйымдардың сыртына қапталады. Былғарының бірнеше түрі бар. Олар: көксауыр, опайке былғары, хром, көзел, шегерін, сақтиян, ұлтан т. б.
Көксауыр – жылқы мен серке терісінің сауырынан жасалады. Көбінесе ол көкпен, кейде қызыл, сары, жасыл түстерімен боялып, беті жалтырап тұрады. Көксауырдың әр түстілерін өзара мүйіздеп оюластырып немесе бір түсті көксауырды әр түрлі жібек жіппен кестелеп, өрнектеп, түрлі бұйымдар шығарған. Көксауырларға алтын, күміс, жез шегелер қағып, кейде маржаннан моншақ жүргізіп, аяқ киімнің өкшесіне, т. б. неше түрлі жарқырауық асыл тастар отырғызып әсемдеген. Мұндай былғарыдан тігілетін бұйымдарға ертеде тарамысты жіп ретінде қолданған.













6-сынып №24сабақ

Сабақтың тақырыбы: Шекімелеу (чеканка) технологиясы.

Білім: Оқушыларды ағаш өңдейтін құрал-саймандардың түрлерімен ,құрылысымен жұмыс жасау әдісімен таныстыру.

Тәрбиелігі: Кәсіби шығармашылық  бағытқа жетелей  отырып,еңбекті өз бетінше  жасауға, іскерлікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрісін кеңейту,білімдерін іс жүзінде көрсетуге ықпал ету,практикалық іс-әрекетті қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру

Көрнекілігі: тірек сызбалар, интерактивті тақта, аралар, плакаттар.

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланысы: Сызу, математикалық бейнелеу.

Сабақтың барысы:I.Ұйымдастыру.

II.Үй тапсырмасы:Құжаттық сызба.Үлестірме қаңаз арқылы үй тапсырмасын сұрау.

III.Жаңа сабақты түсіндіру.

1)Ағаш өңдейтін құрал-саймандар

2)Ағашты сүргілеу.

IV.Бекіту:1)Тест жұмысы

1.Ағашты кесуге арналған құрал

а) сүргі ,ә)ара ,б)бұрғы

2. Сүргілеу барысында ағаштың бетінен оның жұқа

қабаты алынып тасталады.Оны не деп атаймыз.

а) қалдық,ә) үгінді ,б) жоңқа

3. Пышағының жүзі доға тәріздес, дөңес келетін құрал

а)шерхебель ,ә) фуганок ,б)сүргі

4. Ағаштардың  бетін тегістеуге арналған

а)бұрғы ,ә) шапқы ,б)сүргі

5. Сүргіленген бұйымның сапасын қандай құралмен тексереміз

а)сызғыш, бұрыштама

ә) бұрыш үлгісі, өлшегіш

б) малка, сызғыш

6. Жалпақ ағаш беттерін тазалап, тегістеу үшін қажетті аспап

а)сүргі ,ә) фуганок ,б)шерхебель

7. Сүргілеу кезінде оң аяғыңды сол аяқтан алшақтатып

ұстау үшін неше см болуы керек.

а) 65 -70 см

ә) 50 -60 см

б)75 -80 cм

8. Фуганоктың ұзындығы кәдімгі сүргіге қарағанда неше есе үлкен.

а) 2 ,ә) 3 ,б) 1

9. Араның қалыңдығы әр түрлі болат жолақтардан жасалады.

Оларды не деп атайды

а)  төсем ,ә) болат ,б) дайындама

10. Араның тістері неше түрлі қызмет атқарады.

а)  1 ,ә) 2 ,б) 3

2)Математикалық ойын.Шеңбер бойындағы санын тергенде шеберханадағы жеті құралдың аты шығады.

I.2,4,2 ара ,II.1,2,5,10,2 балға ,III.7,9,37,3 егеу ,IV.8,2,12,14,16 қайшы

V.17,13,4,9,11 сүргі ,VI.1,6,4,10,16 бұрғы ,VII.14,2,15,8,16 шапқы

4.Дәптермен жұмыс.

1)Сүргілерді пайдалану барысында  оны қалай дұрыс ұстау керек?

2)Сүргілерді пайдаланғаннан кейін пышағын қалай  қаратып қоямыз?

3)Арамен жұмыс барысында қандай  қауіпсіздік ережелерін есте сақтау қажет?

5.Оқушыларға жұмбақ жасыру.(құрал-сайман туралы)

V.Қорытындылау.Ағашты өңдеу жұмыстарына қажет құрал-саймандармен жұмыс жасау,қалай қолдану керек екенімен таныстық.

VI.Бағалау.Үйге тапсырма:Құралдармен жұмыс.





















6-сынып №25сабақ

Сабақтың тақырыбы: Жиһаздарды жөндеу ж/е жасау. Линолеумді жапсыру.(

Сабақтың мақсаты: а) Сызба (графика) өнері туралы
түсінік беру. Оқушыларды сызба өнерінің түрлерімен таныстыру.
ә) График суретшілерінің шығармаларымен таныстыру.
б) Графикалық шығармаларды өз бетімен орындауға үйрету арқылы өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабаққа қажетті құрал – жабдықтар: Қарындаш, альбом, өшіргіш, тущь, перо, тақта,
бор, көрнекіліктер, суретшілер туындылары.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру, бағалау.
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
4. Өздік жұмыс
а) берілген жаттығуларды орындау, жалпы.
ә) линолеумге линогравюра жасау және оттиск алу.
Әр қатардан бір оқушыдан үш оқушыны тақтаға шығарып, жұмыс істету.
б) Линогравюра. Монотипия әдісімен сурет салу, үш оқушы.
в) Линогравюра. Қағазды қырнау әдісімен сурет салу, үш оқушы.
5. Жұмыстарын қадағалау
6. Жұмыстарын қорытындылау, бағалау.
7. Үйге тапсырма. Линолеумге берілген жаттығуларды орындап келу.
«Графика» - қағаз не қатырма қағазға (картонға) қарындаш , қаламуш, көмір, қыл-
қалам көмегімен немесе арнайы баспа машиналармен салынған сурет,
Графика гректің «жазамын», «сурет саламын» деген сөзінен шыққан.
Сызба өнері – бейнелеу өнерінің ішіндегі ең көне және жан-жақты дамыған түрі
Графика шығармаларына қарындашпен салынған суреттер гравюралар, кітап иллюстрациялары, газет суреттері, карикатуралар, плакаттар, кітап шрифтілері, түрлі жарнамалар мен маркалар жатады.

1-жаттығу. Тура қарындаш сызығының бойымен бұрыштық кескішпен ені 0,5 мм – ден аспайтын арықша жүргізіңдер. Содан соң жүргізілген арықшадан шегініп, тағы да 0,5 мм келесі бірнеше сызықтар жүргізіңдер. Осылайша бүкіл тақтаның бетін 10x10 см көлемде тік төртбұрыштарға тіліңдер.
2-жаттығу. Толқынды қарындаш сызығының бойымен осылайша арықша жасаңдар, тақтаның бетін тегіс толтырыңдар.
3-жаттығу. Циркулмен дөңгелек жүргізіп, оларды да кескішпен тілгізіп арықша жасаңдар.
Графика – бейнелей өнерінің көне түрі. Ежелгі суретшілердің үңгір ішіндегі қабырғаларда қалдырған суреттері көне грек құтыларындағы ою-өрнектер, қайта өрлеу дәуіріндегі көрнекті қылқалам шеберлерінің гравюралары мен суреттері. Соның бәрі тамаша графикалық туындылар болып есептеледі.
Бүгінде графика өнері бейнелеу және мүсін өнері сияқты соншалық жан-жақты дамып отыр. Тіпті онсыз біздің өмірді көз алдымызға әкелудің өзі қиын. Кез келген балалар кітабын парақтап қарасақ, мәтіннің мәнін түсінуге мүмкіндік беретін суреттерді, яғни графикалық шығармаларды көруге болады.
График – суретші Ә.Рахмановтың «Соғыс» шығармасында суретші бір ғана түспен соғысқа аттанғалы тұрған қазақ жауынгерін әр қырынан шебер бере білген. Суретте әскери киімдегі батыл, ержүрек бейнелері нақты көрініс тапқан.
Линогравюраны жасау әдісі мұнда ең алдымен линолеум жуып тазартылып, сүртіп құрғатылған болуға тиісті, сурет әбден дайын болған кезде арнайы құралдармен (штихель деп аталатын қашаулармен) қиылады. Оның әдісі қарамен боялатын жерге тимейді де, ақпен боялатын жердің бір қабатын әбден қырнап алып тастайды. Сурет линолеумде ойылып шыққаннан кейін бетіне типография бояу жағылады, одан кейін үстіне қағаз төсеп, линография тақтасына апарып, тазге салып өткізеді. Тезден өтіп, әбден дайын болған суретті оттискі деп атаймыз.
Басқа бейнелеу өнерінен бұл гравюраның өзіндік айырмашылығы және ерекше қасиеті бар, яғни онда суретші бір ғана линолеумның өзінен қанша сурет керек болса, сонша суретті тезден өткізіп шығара алады. Линолеуммен жұмыс істегенде асықпау керек және өте мұқият болу керек. Мұнда эскизде кеткен қателіктер ғана түзеледі, ал шихельмен кесіп жатқанда қателіктер кетсе, оларды түзеу мүмкін емес. Гравюрлеу үшін линолеумнің қалыңдығы 0,5 мм, ең аз дегенде 2,5 мм болу керек. Линолеумге гравюрлеу кезінде пайдаланатын аспаптар біршама қарапайым болады, оларды өздерің-ақ жасап алуға болады. Негізгі аспап 50-600 бұрыш шамасында тұмсығы бар бұрыштық қашауы. Мұндай қашау бірде әзер байқалатын сызықты, бірде өте жуан, бірде тік, т.б. сызықты береді. Аумақты орындарды ойып алу үшін ені 2-3 тен 10-12 мм-ге дейін болатын, жүзі жартылай шеңбер қашаулар қолданылады.
Линолеумге пайдаланатын қашаулардың көпшілігін ескі қолшатырдың шабақшаларынан жасап алуға болады: олардың ені әр түрлі, әрі дайын сайы бар, оны тек қажетті формаға келтіру керек.
Аспап әрдайым өткір болуға тиіс, сондықтан да оны қайрауды жақсылап үйреніп алу керек. Аспаптардың тек ұшын ғана қайрайтынын ұмытпаған жөн. Гравюрлеу кезінде кесілген сызықтар жақсы көрінуі үшін линолеумнің бетіне жұқа қарындашты мақтамен сүрте отырып, аздап қарайтуға болады. Керісінше линолеумді гуашьтың ақ бояуымен грунттап, оның бетін ақ жасауға болады. Онда қалдырылған сызықтар бұрынғыдан да айқынырақ көрінеді.
Линогравюралар бір түсті және түрлі-түсті: 2, 3 одан да көп болуы мүмкін.
Сонымен, түрлі-түсті гравюраны басу кезінде қанша бояуды қолданатын болсақ, соның түстік ерекшелігіне қарай сонша тақта болуға тиіс. Оттискіні сынап көргеннен кейін, қолданған бояулардың әр түрлі үйлесімін тексеру керек. Мұнда өте жақсы Оттискі алу оңай шаруа емес. Алғашында сәтсіз Оттискілер болуы мүмкін. Гравюрлеуді бастамастан бұрын бірінші дайындық суретті жасап алу керек. Мұны қаламұш пен қылқалам арқылы тущьпен орындаған дұрыс. Суреттің форматы баланың гравюра жасау форматымен сәйкес болуы тиіс. Суретті тақтаға ауыстырғанда тақтадағы бейненің оттискіге қатысы «айнадағы бейнедей» нақты түсуін қадағалауымыз керек.
Гравюрлеу кезінде жіберген қателіктерді дер кезінде түзетпесе, гравюрада түзету өте қиын. Ол үшін ірі бөліктерін кесіп алады да, дәл өлшеніп кесілген қажетті жерге қиюластырған жаңа кесінділермен ауыстырылады. Сөйтіп гравюраның тиісті бөлігі қалпына кел-
тіріледі. Ұсақ штрихтар мен қосымша жерлерді тіс тазалайтын ұнтақты желімге араластыру арқылы бекітеді. Басуды біткеннен кейін, бензинге матырылған шүберекпен бояу қалдығын (тақта мен біліктен) кетіріп, оларды құрғақ, таза шүберекпен сүрткен жөн.















6-сынып №26сабақ

Сабақтың тақырыбы: Электротехника және электроника негіздері



Сабақтың әдісі: Тірек-сызбалармен, формулалармен жұмыс
Көрнекіліктер: плакат «Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау», таратпа тірек-сызбалар, жекелеме тапсырмалар.
Құрал – жабдықтар: мультимедиалық проекция аппараты
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға электр тізбегі жайлы түсіндіру. Тізбек құруға қажетті жабдықтармен таныстыра отырып, өткізгіштердің тізбекке жалғану әдістері, тізбектей және параллель жалғану жайлы мағлұмат беру;
Дамытушылық: Оқушылардың электр құбылыстарының өтуін түсінуге, есептер шығару кезінде білімдерін қолдана отырып жұмыс жасай білу дағдыларын, практикалық шеберліктерін дамыту, қызығушылығын арттыруға, өз ойын жеткізе білуге жағдай жасау;

Тәрбиелік: Оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын арттыру. Оларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, іскерлікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Пән аралық байланыс: тарих, математика, электротехника.
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі 1´
ІІ. Өткен тақырып бойынша қайталау 10´
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру 20´
ІV.Жаңа тақырып бойынша білімдерін жинақтау, бекіту 10´
V. Үй тапсырмасы 1´
VІ. Оқушылар білімін бағалау, сабақты қорытындылау 3´

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Сабақтың эпиграфы ретінде Конфуций сөздері алынады:
«Білімге жетелейтін үш жол бар: ойлану, толғану жолы – бұл ең өнегелі жол, еліктеу жолы – бұл ең жеңіл жол, тәжірибе жолы – бұл өте ащы жол».
Бүгінгі сабақта біз философтар ойы бойынша білімге жетелейтін осы үш жолды қолданатын боламыз. Бірақ сендер үшін қай жол тиімді екенін өздерің шешетін боласыңдар.
Мен сендерге өткен сабақтағы алған білімдеріңді қолдана отырып, ойлану, толғану жолымен келесі тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап беруді ұсынамын.
ІІ. Өткен тақырып бойынша қайталау жүргізу.
Оқушылармен домино ойнау.
Оқушыларға жұптық тапсырма беріледі. Олар домино ойыны сияқты берілген сұрақтың жауабын екінші доминодан табады. Сол табылған жауаптың екінші бөлігі келесі сұрақ болып табылады.
Оқушылар доминоны шешіп жатқанда, үйге берілген есепті тексеріп шығамын.Электр тогы дегеніміз не?
Электр зарядтарының кез келген реттелген қозғалысын айтады Шардың электр сыйымдылығының өрнегін тап

Электр зарядының өлшем бірлігі
1 Кл (Кулон) Электр тогы қалай бағытталған?
Оң зарядтың қозғалыс бағыты алынады

Өткізгіштерге жатады….
Су, адам денесі, металл, өсімдік тамыры Атомның құрылысы…
Ядро мен оны айнала қозғалған электрондар. Ядро – протон мен нейтроннан тұрады Кулон заңы – …

Электр тогы қалай бағытталған?
Оң зарядтың қозғалыс бағыты алынады

Келесі тапсырмаға тірек-сызбалар бойынша жауап беріңдер.
Мұнда тірек-сызбалардағы ашық қалған орындарды қажетті жазбалармен толықтыру қажет.
1- тірек-сызба

2- тірек-сызба

3-тірек сызба

Физикалық шамалар Белгіленуі Өлшем бірлігі
Ток күші I А
Кернеу U В
Кедергі R
Ом
Меншікті кедергі ρ Ом*м

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Сабақ тақырыбы: «Электр тізбегі. Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау»
Балалар жаңа тақырыпты түсіндіруге көшпес бұрын қысқаша мына сұрақтарға жауап берейік.
Тоқ күшін қандай құралмен өлшейді және ол тізбекке қалай жалғанады?
Электр кернеуін қандай құралмен өлшейді және тізбекке қалай жалғанады?
Электр тізбегі дегеніміз не?

Техникада және тұрмыста әр түрлі тұтынушылар: қыздыру шамдары, үтіктер, электр пештері, электрқозғалтқыштары және т.б электр құралдарын пайдаланады. Бұлар әр түрлі жалғанады.
Өткізгіштерді жалғаудың тәсілдерін қарастырайық:
1-жағдай. Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншінің соңы үшіншінің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды тізбектей жалғау деп атайды (1-сурет).

сурет 2-сурет

2-жағдай. Егер өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде, ал ұштарын екінші бір В нүктесінде жалғасақ, онда мұндай жалғауды өткізгіштерді параллель жалғау деп атайды (2-сурет).

4-тірек-сызба

Тізбектей жалғану мысалы: гирлянда – шырша шамдары.
Параллель жалғанудың мысалы: кабинеттердегі жарық шамдарының жалғануы.
Жалғанулардың артықшылықтары мен кемшіліктері:
Параллель жалғану – Тізбектегі бір шам жанып кеткенде, басқалары жұмыс жасайды. Бірақ тізбекке кернеу шамасы аз шамды қосқанда, шам шыдамай, жанып кетеді.
Тізбектей жалғану – тізбекке кернеу шамасы аз шамды жалғауға болады, тізбек пен шамның кернеулері әртүрлі болса да шам жұмыс істейді, бірақ тізбектегі бір шам жанып кеткенде, басқа шамдар жұмыс жасамайды.

Жаңа тақырып бойынша білімдерін жинақтау, бекіту
Жаңа тақырып бойынша білімдерін жинақтау, бекіту мақсатында оқушыларға өтілген тақырып бойынша сұрақтар қойылып, есептер шығарылады.
Сұрақтар
Электр тізбегін құру үшін не қажет?
Өткізгіштерді тізбектей жалғаудың ерекшеліктері?
Өткізгіштерді параллель жалғаудың ерекшеліктері?

Сапалық есептерден сұрақтар
Аккумуляторды зарядтау кезінде оның қақпақтарын ашып қояды неге?
Жауабы: аккумуляторды зарядтау кезінде сутегі мен оттегі бөлінеді. Егер қақпақ ашылмаса жиналған газ аккумуляторды жарып жіберуі мүмкін.
2. Қараңғыда қант сындырғанда әлсіз жарқылды байқауға болады. Осыны түсіндіріңдер.
Жауабы: Қант сындырғанда зарядталады.
3. Неге электр сымдарына қонып отырған құс, жоғары кернеуді қосқанда ұшып кетеді?
Жауабы: Электростатикалық өрістен құс қауырсындары өзара әсерлесіп аралары ашыла бастайды. Осы қолайсыз әсер құстың ұшуына себеп болады.
4. Электр желісіне ұшып келіп қонған құсқа токтың әсері неге білінбейді?
Жауабы: Құстың денесі мен оның аяқтары арасындағы өткізгіш бөлігі өзара параллель. Мұндай тізбектегі ток күші кедергіге кері пропорционал құс денесінің кедергісі АВ өткізгіш кедергісінен анағұрлым артық болатын, ондағы ток күші аз. Ол құсқа қауіпті.
Есептер арнайы жасалған «қиық карталарда» орындалады. Алғашқы екі есепті өзім шығарып көрсетемін. Қалған есептерді өздерің шығарылу жолына қарап орындауларың қажет.
Есептер шығарту
1-есеп. R1 резистордағы кернеу 3 В-қа тең. R2 резистордағы кернеу неге тең?
Берілгені:
U1=3B; R1=1Ом; R2=4Ом
т/к: U2-?
Шешуі: Екі резистор тізбектей жалғанғандықтан өтетін ток күші бірдей. Сондықтан өткізгіштерді тізбектей жалғау кезіндегі формулаларды қолданамыз.
I_1=U_1/R_1 =3/1=3A, I=I_1=I_2=3A, I_2=U_2/R_2 , формуласынаншығатыны〖 U〗_2=I_2*R_2=3*4=12B
Жауабы: U2=12B

2-есеп. Әрқайсысы 6 Омрезистордыңқосылусызбанұсқасысуреттекөрсетілген. Электр тізбегінің барлық бөлігіндегі жалпы кедергісін анықтаңдар.
Берілгені:
R1=R2=R3=6 Ом
т/к: Rж-?
Шешуі: Бұл сызбада астыңғы екеуі параллаль жалғанып, үстіңгі біреуіне тізбектей жалғанған. Сондықтан екі түрлі жалғау жағдайын қарастырамыз.
1/R_1,2 =1/R+1/R=2/R, R_1,2=R/2=6/2=3Ом, R_ж=R_1,2+R_3=3+6=9Ом
Жауабы: Rж=9 Ом

Келесі есептерді оқушылар өз орындарында отырып шығарады
№532
Электр үтігі кернеуі 220 В желіге қосылған.Үтіктің қыздыру элементінің кедергісі 50 Ом болған жағдайда ондағы ток күші неге тең?







6-сынып №27сабақ

Сабақтың тақырыбы: Тұрмыстағы электротехникалық жұмыстар.

Сабақтың тақырыбы Электротехникалық жұмыстар

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға электр энергиясын өндіру және оның тұрмыста қолданылуы жайлы түсінік беру.

2.Дамытушылық:Оқушының логикалық ойлау қабілетін арттыру,теориялдық білімін іс жүзінде қолдана білуге,өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды ептілікке,ұқыптылыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтын түрі: Жана білімді меңгерту.

Сабақтың әдіс-тәсілі:Түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап,сарамандық жұмыс.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, Шартты белгілер,электр тізбегінің сызбасы, аккумлятор, гальваникалық элемент, электр шамы,электр тізбегі(планшеттер) элекр сымдары.

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі

а)Сәлемдесу ә) Оқушы және бөлменің сабаққа даярлығын тексеру.

б) Оқушыларды түгендеу

II. Өткен сабақты еске түсіру

а) Металдардың негізгі топтарын ата?

ә) Республикамыздың қай өңірлерінде темір рудалары өндіріледі?

б) Металдардың қандай қасиеттерін білесіңдер?

III .Жаңа сабақ 1.Теория

Адамның өмірінде қолданылып жүрген энергияның ең ыңғайлысы және арзаны электр энергиясы болып табылады.Өндіріске қолданылатын көптеген машиналар, аппаратар, қондырғылар, механизмдер электр энергиясының күшімен жұмыс істейді.Оны алу үшін электр энергиясының көзі(ток көзі) болу керек. Ток көзі ретінде гальваникалық элемент, аккумулятор немесе генератор пайдаланылады.

Электор энергиясын арнайы қабылдағыштар қабылдайды.Мысалы, станокта энергияның қозғалтқыш қабылдап алады, ал тұрмысқа қажет энергияны элетр шамы, элект үтік т.б. қондырғылар қабылдап алады.Мұның бәрін элекр тұтынушылар деп атайды.Ал элекр тұтынушы құралдар элекр энергиясысы жылуға,дыбысқа, жарыққа немесе механикалық қозғалысқа айналдырады.

Элекр энергиясын ток көзінен тұтынушыға жеткізу үшін арнайы өткізгіш қажет.Жақсы өткізгіштер тобына металдар жатады. Табиғатта ток көзін өткізбейтін материалдарда да көп кездеседі.Ондай материалдар оқшаулағыш деп аталады.Мысaлы, пластмасса, әйнек, резеңке, құрғақ ағаш, фарфор материалдары оқшаулағыш ретінде өндірісте көп қолданылады.

Ток көзі элекр тұтынушыны өткізгішпен қосу арқылы электр тізбегі алынады. Тізбек қосылған кезде онымен ток жүреді, ал егер оны кез келген жерден үзіп тастаса, ток тізбек арқылы жүрмейді. Демек токты жүргізу үшін тізбекті қосу керек, ал оны тоқтату үшін тізбекті үзу керек. Тізбекті қосып, үзу үшін арнайы элекр ажыратқыш қолданылады. Ең қарапайым элекр тізбегі 4 элементтен тұрады: ток козі, ажыратқыш, электр өткізгіш және қабылдағыш.

Электр тізбегіндегі элементтерді шартты белгілермен белгілейді.

Шартты белгілермен көрсетілген жүйелерді электр схемасы деп атайды.


Ғасыр құрлысы атанған «Мойнақ СЭС» жайлы мағлұмат беру.


а)Гальваникалық элемент немесе аккумулятор

ә)Электрсұқпа шанышқы

б)Ажыратқыш

г)Электр шамы

д)Сымдардың қилысуы

1-сурет

Электротехникалық жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

2. Сарамандық жұмыс.

- Оқушылар үш топқа бөлінеді

-Әр топқа электр тізбегінің дайын планшеттері таратылады,жұмыс істеу тәртібі түсіндірледі.

-

2-суреттегі а, ә, б сызбалары бойынша әр топ кезектесе отырып теориалық білімдерін іс жүзінде атқарады.


А) Ә) Б)

2- сурет

IV.Оқушылардың жаңа сабақты қалай меңгергенін тексеру.

а) 2-суреттегі ә және б сызбасы бойынша электр тізбектерін салыстыр және ерекшеліктерін айтып бер.

б) 2-суреттегі ә және б электр тізбегінен бір шамды бұрап алып тастаса, екінші шам жана ма,сөне ме? Тексеріп көр, себебін түсіндір.

V.Қортындылау

Сабақты қортындылай келе кеткен кемшіліктердің орнын толтыру.

Топ жетекшілерінің пікірін тыңдау.

VI.Оқушы білімін бағалау(Күнделікке баға қою)

VII.Үйге тапсырма беру.































6-сынып №28сабақ

Сабақтың тақырыбы: Тұрмыстық электро құралдардың сымдарын айырбастау

Білімділік: Оқушыларды электр тізбегінің негізгі элементтерімен таныстыру. Сызба бойынша шартты белгілерді оқи білуге үйрету.
Тәрбиелік: Электротехникалық жұмыстарды орындағанда ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың бойына еңбек дағдысын қалыптастыру. Қарапайым электр тізбегін жинай білуге, тұрмыстық электр құралдарын ақауларын жөндеуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндірме – практикалық
Сабаққа қолданылатын стратегиялық әдістер: Интерактивті әдістер, СТО әдістері
Көрнекілігі: слайдтар, ағаш, желім, ара, т.б.
Құралдары: ара, бұрандалы қысқыш, егеу, сүргі т.б.
Пайдаланған әдебиет: Технология 5 сынып

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Сынып тазалығын тексеру.
3. Оқушы назарын сабаққа аудару.
«Өзіндік бағалау» әдісі:
Оқушылар берілген үй тапсырмасына өзінің дайындық деңгейін мұғалім сұрағына қол көтеру арқылы байқатады: Кім «беске» дайын? Кім «төртке» дайын? Кім «үшке» дайын? Кім мүлде дайын емес?
II. Үй тапсырмасын тексеру
Ток көзі. Электр өткізгіштер
III. Үй тапсырмасын бекіту
«Кім біледі?» ойыны. Шартты белгілер түрлерін слайд арқылы сұрау (8 шартты белгі) «беске» білетін оқушы 1 сұраққа жауап беріп, қалғаның оқушылардан «кім біледі?» деп сұрайды.
Электр схемасы дегеніміз?
«Иә, жоқ» ойыны

Темір тоқ өткізе ме?
Ауа тоқ өткізе ме?
Әйнек тоқ өткізе ме?
Пластмасса тоқ өткізе ме?
Мыс сым тоқ өткізе ме?
Ағаш тоқ өткізе ме?
Ылғаш ағаш тоқ өткізе ме?
Резеңке тоқ өткізе ме?
Аллюминий тоқ өткізе ме?

IV. Жаңа сабақты даярлау. Жаңа сабақ
Электротехникалық материалдармен жұмыс
Электр аспаптарымен жұмыс істегенде, көптеген материалдарды пайдаланасыңдар. Олармен жұмыс істеу үшін арнайы аспаптар қолданылады.
Электр материалдарының қатарына электр сымы, түтікшелер, оқшаулауыш таспа, бау т.б. жататын болса, аспаптардың қатарына тістеуік, монтер пышағы, қысқаш, жұмыр қысқыш, бұрауыш т.б. жатады. Электр сымдарының ішкі қабаты мыс пен алюминийден, сыртқы қабаты тоқ өткізбейтін оқшаулауыштан жасалады.
Электр бауы иілгіш оқшаулауыш әзірленіп, тұрмыстық электр жабдықтары мен тоқ көзін жалғастырады. Ол екі немесе көп тоқ өткізгіштен тұрады. Сымдардың бәрі бір түтіктің ішінде орналасады. Оқшаулауыш таспалар мен түтіктер электр сымдарының жалғанған жерін оқшаулап тұрады.
Сымдарды кесу үшін тістеуікті қолданады. Оның сабы міндетті түрдеоқшаулауышпен қапталады. Монтердің пышағы сымнан оқшаулауышты алып тастау үшін қажет. Пышақтың сабы пластмассадан немесе ағаштан жасалады. Қысқаштар электр сымдарын майыстыру немесе бұрау үшін қажет. Бұрауыштың көмегімен электр жабдықтарын құрастырады. Оның сабы да ағаштан немесе пластмассадан жасалған.

Электрмен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері
1. Ұқыпты, тәртіпті, өте сақ болыңдар: мұғалімнің ауызша және жазбаша нұсқауларын бұлжытпай орындап отырыңдар.
2. Жұмыс орындарыңды мұғалімнің рұқсатынсыз тастап кетпеңдер.
3. Электр аспаптарын, материалдар мен жабдықтарды жұмыс орындарыңа мұғалім көрсеткен тәртіппен жайғастырып қойыңдар.
4. Тапсырманы орындауда қажетсіз заттарды жұмыс орнында ұстамандар.
5. Ток көздерін мұғалімнің рұқсатынсыз қоспандар.
6. электр тізбектерін құрастырғанда, ауыстырып қосу тетігін жалғастырғанда, жөндегенде, ток көзі ажырап тұруы керек.
7. электр тогы көзінде, сондай-ақ электр қондырғысының басқа бөліктерінде кернеудің бар-жоғын бақылау үшін арнайы бақылау шамын немесе кернеу көрсеткіш аспапты пайдалан.
8. Егер жұмысшы электр желісіне жабысып қалса, оны құтқаруы үшін, тіпті электр желісін шауып тастауға да болатынын білген жөн.
9. Резеңке қолғап пен резеңке етік кию ток соғудан сақтайтынын естен шығармаған жөн.
Сарамандық жұмыс
Жеке
Жұмыс киімін кию: фартук, жеңқап
Жұмысқа қажет материалдар: құрастыруға қажетті бұрауыш т.б. электр патрондары
Жұмыстың мақсаты: Тұрмыста қолданылатын электр шамы патроны құрылысымен танысып, оларды құрастырып үйрену
Патрондар электр шамдарын электр тізбегіне қосу үшін қажет. Олардың төбеге, бекітілген және асып койылатын бірнеше түрі бар. Патрондардың корпусы ток өткізбейтін материалдардан әзірленген. Оның ішкі бөлігінде екі түйіспелі бұрауышы болады, ол металл пластиналарға бекітіледі.
Патрондардың құрылысымен танысу үшін суретті пайдаланып, мынадай іс-амалдарды орындаңдар:

1. Электр патронының корпусынан қақпағын ажыратып алыңдар, оның фарфордан жасалған өзегін шығарыңдар.
2. Өзектің құрылысымен танысып, оның түйіспелерін, түйіспе бұрауыштарын табыңдар.
3. Сымдарды жалғайтын жерлерді біліп алыңдар.
4. Өзектің орнына қайта бекітіп, қақпағын жабыңдар.
5. Патрон қақпағын бекітіңдер.

V. Жаңа сабақты бекіту
«Жұбын тап»
Екі бағанда тұрған сөздердің жұбын табу.
Электр үстелі
Технологиялық бұрау
Жұмыс материалдар
Сымды таспа
Оқшаулауыш пышағы
Электротехникалық схемасы
Қауіпсіздік элемент
Гальваникалық карта
Монтер ережесі

«Дұрыс жауабы»
Электр схемасы
Технологиялық карта
Жұмыс үстелі
Сымды бұрау
Оқшаулауыш таспа
Электротехникалық схемасы
Қауіпсіздік ережесі
Гальваникалық элемент
Монтер пышағы


VІ. Бағалау

VІІ. Үйге тапсырма беру
Түрлі электро шамдарының эскизін салып келу тапсырылады.





























6-сынып №29сабақ

Сабақтың тақырыбы: Үй жиһаздары. Бөлмедегі жиһаздарды түрлендіру.(

Жалпы мақсаттар:- Сабаққа деген қызығушылықты арттыру;
Тақырыпты анықтау;
Тақырыпқа қатысты деректеді жинау, деректердің әр түрін салыстырып, дифференциалды тапсырмалардың көмегімен қолжетімді фактілердің артық, кемшілігін бағалау. Жұппен жұмыс істеу арқылы ойды жарыққа шығару;
Бірін-бірі тыңдау;
Зерделеу нәтижелері: Сабақтың қызықты өтуі үшін алдын-ала жақсы көңіл күй сыйлау;
Жұппен жұмыс істеудің пайдасын түсіну. Тапсырмалардың дұрыс орындалысына мән беріп, зейін аудару;
Өзара немесе өзін-өзі бақылау арқылы нәтижеге жетуді көздеу; Бірін-бірі тыңдау арқылы нақты ой қорытындыға келетіндігін байқау;
Түйінді идеялар: Тақырып барысында кездесетін мағлұматтар мен мәліметтерді бір-бірінен есту арқылы үйренеді;
Жұбын бағалау арқылы топтағы ахуалды жақсартады, қандай да бір оң нәтижеге жетуге ұмтылады. Сол арқылы сабақтың қызықты өтуі өрбиді;
Өзін өзі бағалап артық кем кеткен тұстарын саралап, келесі сабақта оны қайталамауға немесе сол бағытты ұстанып жұмыс жасауға талпынады;

Ұйымдастыру кезеңі
- Сыныптағы оқушылар жұппен отырады;
- Амандасамыз!
- Бүгінгі сабаққа тілек айтамын. (Сабақ сәтті өтсін!). Оқушылар маған тілек айтады;
- Сабақтың күні мен сынып жұмысы тақтада жазылып тұрады.
- Үй жұмысын тексеремін;

Іс-әрекеттер
1 әрекет
Ой шақыру
Тақырыпқа қатысты қандай сөздер қажет екенін оқушылардан сұрап анықтау; Бұрын білгендерін еске түсіру;

Жаңа сөздер:
ас үй- кухня
тоңазытқыш - холодильник
сіріңке -спички
күрекше -совок
сыпыртқы -веник
алжапқыш -фартук
сақтаймыз - храним
тамақ кесетін тақтай - разделочная доска
ас үй орамалы -кухонное полотенце
2 әрекет
Мәтінмен жұмыс. Мәтінді оқып,орысшаға аударыңдар.Осы мәтінді пайдаланып, өзіңдеріңнің ас бөлмелерің туралы айтыңдар.
Ас бөлмесі
Мынау досымның ас үй бөлмесі. Ас бөлмесінде Артемның анасы тамақ дайындайды. Табада жұмыртқа қуырылып жатыр. Шәйнекте су қайнап жатыр. Үстелде жеміс-жидек салынған ыдыс тұр.Түскі тамақтан кейін ол анасына ас үй бөлмесін тазалауға көмектеседі. Ол ыдыстарды ас үйдегі шкафқа қояды. Олар тамақтарын тоңазытқышта сақтайды.
Тапсырма: Жұбыңмен мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңдар.

3 әрекет
Фонетикалық талдау.
Тоңазытқыш, жеміс, шәйнек сөздеріне фонетикалық талдау жасаңдар.
Бағалау:
Жұбыңмен алмасып фонетикалық талдауды тексер,бағала.
4 әрекет
Сергіту сәті. Жорға биін интерактивті тақтадан көріп,қайталау.
1 мин

5 әрекет
Ас үйдегі артық заттарды атаңдар. Интерактивті тақтада суреттер берілген.
Тапсырманы аяқтаңыз
- Insert әдісі бойынша сабақты қорытындылау үшін кестені толтырады:
Не білемін?
Что знаю? Не білдім?
Что узнал? Не білгім келеді?
Что хочу знать?
- Бағалау.
Оқылымды аяқтаңыз. Үй тапсырмасы: Ас туралы, тағам туралы мақал-мәтел





















6-сынып №30сабақ

Сабақтың тақырыбы: Шығармашылық жоба дегеніміз не?

Сабақтың мақсаты: Шығармашылық жоба туралы және оның қоғамға пайдасы, туралы түсінік беру, ұғындыру.

I. Ұйымдастыру бөлімі:

  1. II. Үй тапсырмасын сұрау: А) Шығармашылық жоба дегенді қалай түсінесің? Ә)Жобаға қандай тақырыптар алуға болады? Б) Жоба таңдағанда қойылатын талаптар.

III. Жаңа сабақты баяндау: Шығармашылық жоба – бұл мұғалімнің жетекшілігімен орындалатын қорытынды шығармашылық жұмыс. Жобаның қаншалықты орындалуы арқылы оқушылар сабақты қаншалықты игергені, білімдері байқалады. Бұл шығармашылық жұмысты технология пәні бойынша алған білімдерін қорытындылайтын бақылау жұмысы деуге де болады.

Адамның әдемілікке деген қызығушылығы адамзат пайда болғаннан бері бар.

Жоба таңдағанда қойылатын талаптар. Таңдаған затың өзіңе жақсы таныс, түсінікті, қызықты болуы тиіс. Таңдаған заттың тұрмыста пайдаланылатын орнын білу қажет. Ол сенің шығармашылығыңды көрсете ала ма? Осы затты жасау қолыңнан келе ме? Алға қойған міндетіңді орындай аласың ба? Таңдаған жобаңның күрделілігін, қанша еңбекті қажет ететінін білу керек.

Жоба жеке бөліктерден тұрады: суреттерден, қандай да бір бұйымдардан және тағамнан, киімді жобалау, моделдеу, қолөнер, интерьер т.б. Зерттеу нәтижесінде жоба экономикалық есепте шығарылады.

Жобаны орындау барысында оны бір оқушы немесе бірнеше оқушы бірігіп орындауға болады. Жобаны бірнеше оқушы бірігіп орындағанда жұмысты мұғалім теңдей етіп бөліп береді.

Ұйымдастыру және дайындық кезеңі. Жобаның орындалу барысы. Шығармашылық жобаны бастамас бұрын жұмыс барысына көңіл бөлуді қажет ететін жайттарды сұлба түрінде жасап алған дұрыс.

Жоба қорғауға қажетті құрал – жабдықтар мен бұйымдар. Тігін машинасы, инелер, қайшы, қалам, милиметрлік қағаз, оймақ, үтік, кергіш

Қорытынды саты





1. Жоба қорғау. Шығармашылық жобаны қорғағанда оқушы орындалған жобамен кластастарын таныстырып немесе дайындаған бұйымын көрсетіп шығады. Неліктен осы жобаны таңдағаны туралы, сондай – ақ жобаны орындауға қойған мақсат пен міндеттері туралы айтып береді. Жобаны орындау барысында қолданылған құралдар мен амал – тәсілдер, қосымша әдебиеттер: Таңдап алған бұйымы туралы, оның жеке сәнге айналғаны, ерекшелігі туралы айтып береді. Таңдаған матаның қасиеті, оның осы бұйымға, оның пішініне сәйкестігі, түстер үйлесімділігі: бұйымның жағымды және жағымсыз жақтарын, бұйымды өңдеу әдістерін көрсету.

Осы жобаны орындау барысында жинаған тәжірибесі мен кездескен қиындықтарды бөлісу: бұйымның өзіндік құнын жариялау, бұйымның дұрыс таңдалғанын, оның орындалуының мақсатқа сәикестігі.

  1. 2. Сапасына қарай бағалау. Орындалған жобаға өздігінен баға беру, ойымен бөлісу және мұғалімнің бағалауы.

IY.   Бағалау.

Y.   Үйге тапсырма: Үйден таңдаған тақырыптарына мәнжазба жазып келу.



































6-сынып №31сабақ

Сабақтың тақырыбы: Шығармашылық жобаның негізгі кезеңдері

Шығармашылық жоба - әр оқушының жыл бойы мұғалімнің көмегімен орындайтын , өзіндік жұмысы, басқаша айтқанда, технология пәні бойынша жүргізілетін бақылау жұмысы. Әрине жасалатын жобаның сапасы сенің біліктілігіңе, технология пәнінен алған біліміңе, оқулықтағы материалды қалай меңгергеніңе тікелей байланысты.

Жоба әр түрлі бөлімдерден, арнайы сызбалардан, суреттерден, нобайлардан және жасалатын бұйымның технологиялық картасынан құралуы мүмкін. Ол бұйымды жасаған кезде есептер, экономикалық немесе экологиялық дәлелділік, түсінік хаттар да пайдаланылады.

Жобаның бірнеше нұсқасы болуы мүмкін. Мысалы, өте күрделі жобаны оқушының өзі ғана орындауы шарт емес. Сондықтан жобаның кейбір бөлігі дайын күйде берілсе, кейбір бөлімін оқушы мұғалімнің, ата-ананың т.б. көмегімен орындай алады. Егер бір күрделі жобаны бірнеше оқушы бірлесіп орындаса, әр оқушының үлесі алдын ала анықталуы қажет. Ол оқу жылының соңында өзінің орындаған шығармашылық жобасын оқушылардың және мұғалімнің алдында қорғайды.

Бұл жағдайда оқушы жобаны қалай дәлелдейді? Ол үшін әр оқушы өзінің жасайтын жұмысын таңдау қажет.
Сонымен, шығармашылық жоба бұл оқушының мұғалімнің басқарумен орындалған өзіндік шығармашылық (жоба) жұмысы.

Оның мақсаты: 1. Шығармашылық жоба барысында өз бетімен шығармашылық жұмыс жүргізе білуге, іскерлікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
2. Күнделікті тұрмысқа қажетті сұраныс туғызатын, қазіргі заман талабына сай жаңа бұйым жасап шығару,
3. Ұмыт болған халқымыздың қолөнерін жандандыру. Оны жаңа дизайн талаптарына сай әсемдей білуге үйрету, тұтыну бұйымдарын еңбек объектісі ретінде пайдалана отырып, танып білу.

Шығармашылық жобаны орындау жүйесі /. ұйымдастыру, дайындық, кезеңі.
- Проблеманы шешу;
- Үлгі таңдау. Жасалатын бұйымның үлгі сұлбасын сызу, суретін салу;
- Материалдар мен керекті - құрал жабдықтар дайындау;
- Жұмыс орнын ұйымдастыру.
//. Техникалық кезең.
- Техникалық жұмыстарды орындау;
- Еңбек қауіпсіздік ережелерін сақтау, .
///. Қорытындылау кезеңі жүйелеу.
- Дайын бұйымды бағалау;
- Шикізат шығынын есептеу;
- Шығармашылық жобаны қорғау.

4. Шығармашылық жобаға қойылатын негізгі талаптар.
- Өзіндік қызығушылығы;
- Әлеуметтік - экономикалық жағдайдың сәйкестігі, күрделілігі,
- Оқу кабинетінің материалдық техникалық базасына сай болуы;
- Өзіндік кәсіптік айқьшдалуы;
- Өз мүмкіндігін ескеру;
- Өз өнімдерін іске асыру, тұтыну.
V. Жобаны жарнамалау.
- Өнім белгісі;
- Өндірістің аты;
- Бұйымның аты, қолдану;
- Жарнамалау.
VI. Шығармашылық. жобаны қорғау
- Оқушы өзінің дайындаған шығармашылық жобасын қорғап, жұмысын қорытындылайды.



















6-сынып № 32сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ағаш ж/е басқа материалдармен жұмыс істеу әдістері

Сабақтың мақсаты: Бүгінгі күннің қажеттілігі –кәсіпкерлікке, іскерлікке үйрету, оқушыларға ағаш материалдары негізінде бұйымдарды көркемдеп өңдеу арқылы эстетикалық талғамдарын дамыта отырып, бұйымды өтімді, тартымды жасауға үйрету

Сабақтың міндеттері:

 

 

Білімділігі: Қар күрейтін күрек жасау технологиясын білу, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып ағаш өңдейтін жұмыс үстелінде жұмыс жасау дағдыларын дамыту.

Дамытушылығы: Қар күрейтін күрек жасату арқылы бұйымды толық аяктауда өз бетінше композиция құруға мүмкіндік беру, ой- қиялын дамыту.

Тәрбиелігі: Оқушылардың эстетикалық талғамдарын, танымдық деңгейлерін көтеру.

 

Сабақтың түрі: Аралас сабақ, сарамандық жұмыс.

 

Сабақта қолданылатын әдістер: Жұптасып және топпен жұмыс. Сызу, түсіндіру, салу, көрсету,таныстыру, сұрақ-жауап, проблемалық.

Сабақтың көрнекілігі: Күрек жасаудың технологиялық картасы, дайын бұйымдар, дайындамалар 

Сабақтың барысы: 

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, жұмыс орнын даярлау,

2. Жаңа сабақ.

Оқушыларға проблеманы болжау сұрақтарын қоямын.

1.Қыс мезгілінде жер үйде тұратын адамдар үшін қандай проблемалар кездеседі?( от жағу, қар күреу…)

2. Сендер ата-аналарыңа көмектесесіңдер ме?

3.Қар күреу үшін не керек? (қар күрейтін күрек)

4. Күректі қайдан аласыңдар? (магазиннен, базардан…)

5.Сендердің бойларыңа сай күрек кездесе ме?

6.Күректер қанша тұрады? (1000- 1500теңге)

Сонымен біз бүгін өз қолымызбен бойымызға сай, жеңіл,қар күрейтін күрек жасауды үйренеміз.

Мұндай күрек жасауға көп материал да қажет емес, мектеп шеберханасында оны жасауға керекті құрал жабдықтар да жеткілікті.

Бұйымның қызметі: ауланы қардан тазалау.

Қажет материалдар: ағаш, шебік (фанера), қаңылтыр, бұрама шегелер.

Ал бұйым төмендегі кестедегі талаптарға сай болу керек.

Сарамандық жұмыс

Оқушыларды 3 топқа бөліп, топтасып жұмыс жасауға шақырамын. Әр топқа жетекші бекітемін.Жетекшілерге сабақ соңында тобындағы оқушылардың жұмысқа қатысуын бағалайтыны ескертіледі.

Қолдарына техникалық сызбаларды таратып беремін.Оқушыларға техникалық сызбаға қарап күрек жасауға қажетті бөлшектерді жасап алу тапрсырылады.

Топ жетекшілері бөлшектер толық дайын екенін хабарлап, күрек құрастыруға арналған технологиялық картаны таратады. Карта бойынша күрек құрастырылады.

Оқушылардың білімін бағалау: Топ жетекшілерінің бағасын тыңдай келе ескерту, мадақтау айта отырып бағаланады.

 

Үйге тапсырма: 48 беттегі тақырыпты оқу, үйде күрек макетін жасап келу.



6-сынып №33сабақ

Сабақтың тақырыбы: Кеңес беру. Шығармашылық жобаны орындау. Қауіпсіздік ережелері

Мақсаты: а) Оқушыны шеберлікке,іскерлікке тәрбиелеу

ә) Кез келген істі атқарардағы,бұйым жасау кезіндегі

қолданылатын негізгі шарттылықтармен таныстыру .

Тәрбиелік мақсаты:

а) Оқушыны болашақтағы тұрмысқа,шаруашылыққа және

қоғамдағы орнын табуға бейімдеу.

ә) Әсемдік танымын арттыруға,еңбек тәртібін

қалыптасуына,ұқыптылыққа баулу.

Дамытушылығы: Аталған тақырыпты өте отырып кез келген іске кірісер

алдындағы мақсат қою дағдысын қалыптастыруға,

жобалауға,жоспармен нақтылы әзірлікпен дайындалуға

және ол істі шығармашылықпен жауапкершілікпен

атқаруға баулу

Құралдар көрнекіліктер: Жасалатын бұйымға қажетті құрал аспаптар,

таблица,қауіпсіздік ережесі,карточкалар.

Пән аралық байланыс: Бейнелеу өнері,физика,сызу.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу. Сабаққа қажетті аспаптарды орналастыру.

Оқушыларды жаңа сабаққа бейімдеу.

II.Жаңа сабақ.

Жаңа сабақтың тақырыбын таныстыра отырып,оқушылардан тақырып бойынша өзіндік пікірлері барлығын,және осы сабақтан не білгісі келетіндігін сұрақ - жауап арқылы анықтай отырып,сабақтың мақсатын бірлесе айқындап,ашып көрсету.

.

Мүдде – адамның қоғамдық өмірдегі тұрмыста алатын орны,жеке басының адамгершілік дамуы мен азамат ретінде қалыптасуының жиынтықтары.

Мақсат-мүддеге жетуге ынта мен талап етіп ниет қылу.

Жоспар-мақсатқа жету үшін жасалатын жүйелі,оңтайлы,сауатты есеппен

жасалған іс-әрекеттер жиынтығы.

Бұйым жасау алдындағы жоспар көрнекі таблица арқылы түсіндіріліп,талданады.

Жоспар

Жасалатын бұйымның ерекшеліктеріне қарай құрылады.

Аталған шарттылықтардың әрбіреуінің жасалатын бұйымның сапалы болуына маңызы жоғары екенін жекелей талдаймыз және олардың

бір-бірімен тығыз байланыстылығы ескеріледі.

Шарттылықтар жасалатын бұйымның күрделілігіне,атқаратын қызметіне және пайдалану түрлеріне қарай ерекшеленеді.

Жалпы өндірісте немесе тұрмыста қолданылатын бұйымдарды жасауға негізінен төмендегідей міндетті талаптар қойылады.

Бұл талаптардың әрқайсысы,ғылыми ізденіс пен кәсіби білімді шығармашылықты қажет етеді.

Сонымен бұйым жасауға қойылатын талаптар.

Бұйым Сапа

Жоғарығыдағы талаптардың әрбіріне жекелей тоқталып,оның маңызын саралап,талдау жасалады.

Мәселен:

1. « Сұраныс » - Дәл мезгілде сол бұйымды жасау қажеттілігін

тудыра ма,өзіңе не үшін қажет,сыйлыққа жасасаң ұсынатын

адамыңа оның керегі бар ма немесе сататын болсаң оған

тұтынушы табыла ма?т.с.

« Сұраныс » - Нарықтық экономикадағы тұтынушының қаржылай

мүмкіндігі,әлеуметтік қабілеттілігі.

« Әмбебап » - Жасалатын бұйымның мүмкіндігінше бірнеше қызмет

атқаруын қамтуы.

3. « Қолайлы » - Бұйымның қандай мақсатта қолданылуы,атқаратын

қызметі,қай жерде тіптен қай жастағы адамға оның

кәсібіне,жынысына ,тұрмысына,т,б ерекшеленетіндігі

айқындалады.Оны құрастыру,дизайн талаптары жөнінде

мағлұматтар беріледі.

Осы тәрізді әрбір талаптарды пысықтай отырып оқушылардың сұрақтар беріп өз ұғымдарын дамытып,шығармашылық қабілеттерін дамыту көзделеді.

Қорытынды бөлім:

Жаңа сабақ бойынша кез келген бұйым жасау кезіндегі қарапайым талаптардың адам мүддесі мен тұрмыс-тіршілігіне қатыстылығын пысықтай отырып,оқуышылардың санасына жеткізу.

Сабақты қорытуда ,еңбек шеберлік жөнінде халық даналығы,нақыл сөздері оқушылармен бірлесе айтылады.

« Өнерді үйрен де жирен »

(Бұл жерде бір өнермен шектеліп қалма – деген мағынада)

« Шебердің қолы ортақ », «Ізденген жетер мұратқа » т.с.

Сабақты бекіту: Тақырыпқа байланысты оқушыларға жекелеген

карточкалық сұрақтар арқылы тапсырмалар таратылады.

Мысалы: Орындық, телефон тұғыры,кітап сөресі.т.б.

Жекелеген тапсырмалар беру оқушының жаңа тақырып бойынша білімін тексеруге қолайлы,әрі оқушының өзіндік ой-өрісін дамытуға,шығармашылық қабілетін арттыруға,мақсатқа жетуге ынтасын арттыруға ықпал етеді.

Карточканың үлгісі

Бұйымның техникалық картасы

Сынып _________ оқушы _____________

Қосымша ескертпе

Мұғалім бағасы

Бұйым атауы Телефон қондырғысы



1

Бұйымның қызметі,мақсатына анықтама

Телефон қоюға арналған, айна анықтама ілінеді, термометр, қаламсап, жазу кітапшасы, күнтізбе орналасады.


4

2

Жұмыс кезіндегі негізгі қауіпсіздік ережелері

Аспаптың дұрыс сапталуын, қайралуын бақылау. Шаң-тозаңнан сақтану


5

3

Жұмыс орны

Шеберхана, шебер верстагі


5

4

Қажетті материалдар

Ламинат,желім, шүріп, ілгіш,термометр, қаламсап, күнтізбе, кітапша


4

5

Қаржылық –шаруашылық есеп сомасы

Ламинат-400 т

Желім-50 т

Шүріп-20 т

Термомерт-200

Барлығы 670 теңге

4

6

Аспаптар, құрал-саймандар

Балға , ара,кист,бұрағыш,бұрғы т.б.


4



Бұйымның сызбасы



Тапсырма бойынша оқушыдан мақсат қою,жоспар құру,әрбір бұйым ерекшеліктеріне сәйкес жүйелі жоба жасау талап етіледі.

Қорытынды сынып бойынша сарапталып,кемшіліктері мен жетістіктері бірлесе бағаланады.

Үйге тапсырма: Әрбір оқушы өз таңдауы бойынша тұрмыстық бір

бұйымның жасалу жоспарын,сызбасын жобалап

келіп,келесі сабақта қорғау.

























6-сынып № 34сабақ

Сабақтың тақырыбы: Шығармашылық жобаны қорғау:

Мақсаты: Шығармашылық жоба туралы білімдерін арттыра отырып, жоба жасау және оны қорғауды үйрету.
А. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, өзінің қиялын, пікірін, көзқарасын қалыптастыра отырып, ой-өрісін дамыту.
Ә. Оқушының ізденімпаздығын, іскерлігін, шеберлігін, икемділігін арттыру, жоспар құруды үйрету алдына қойған мақсаттарына жету, қабілеттерін дамыту.
Б. Ептілікке, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың эстетикалық талғамын арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас.
Сабақта қолданатын әдістер: Мәтінмен жұмыс, «Әңгімелесу парағын» толтыру, кестелерді, схемаларды толтыру, топтастыру әдісі, тест, шығармашылық жобаны қорғау, ой-пікір алысу.
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:
компьютер, «Әңгімелесу парағы», интерактивті тақта, ручка, таблицалар, схемалар, бүктеме, суреттер, иллюстрациялар.
Пәнаралық байланыс: «Технология» (5-9 с.), информатика, математика, экономика, экология, бейнелеу өнері, тарих.

Сабақтың мазмұны мен өту барысы:

  1. 1. Ұйымдастыру  – 1 мин.

а) түгендеу;
ә) құрал-жабдықтарды тексеру; Қауіпсіздік сақтау ережелері
б) формаларын тексеру

2. Жаңа сабақтың тақырыбы, мақсаты.
3. Мәтінді оқу, түсіну – 1 мин.
4. «Әңгімелесу парағын» толтыру – 7 мин.
5. Интерактивті тақтамен жұмыс – 10 мин.

  • «Ізденіс жұмыстар» – топтастыру әдісін қолданып.

  • Эскиз орындау схемасы.

  • Технологиялық карта бағандары.

  • Қауіпсіздік сақтау ережелері.

  • Сарамандық жұмыс.

  • Экономикалық есептер, формуласы.

  • «Экологиялық дәлел» топтастыру әдісі.

  • «Шығармашылық жұмысты пайдалану» топтастыру әдісі.

  • Жарнама схемасын құру.

  • Пайдаланған әдебиеттер.

6. Бекіту: «Шығармашылық жоба» схемасы.

  1. 1. Тест: «Шығармашылық жобаны қорғау».

  2. 2. Компьютермен бағалау: 50%-70% – «3»

70%-85% – «4»
85%-100% – «5»

  1. 3. «шахмат және шашка ойнауға арналған сувенирлік тақтайшасы » атты   шығармашылық жобасын қорғау кезеңдері:

    1. I. Ізденіс жұмыстары:

1) Технология түрін таңдау.
2) Ақпарат жинау:Шахмат және шашка тарихы, щартты белгілері,үлгілердің схемасы.
3) Тақырыпты таңдау.
4) Эскиздеу.
5) Құрал-жабдықтарды дайындау.
6) Қауіпсіздік сақтау ережелері.
7) Технологиялық карта құрастыру.

  1. II. Конструкциялық жұмыстар:

1) Өлшемдерді алу.
2) Сызбалар мен схемаларды орындау.
3) Шахмат тастарын станокта жону
4) Шашка тастарын станокта жону
5) Шахмат тақтайшасының қорабын жасау.
6) Шахмат тақтайшасының қақпағын жасау және шахмат тақтайшасының бетін ақ-қара клеткаларға бөлу.
7) Әдемі дизайн жасау. Әсемдеу, әрлеу.

  1. III. Шығармашылық жобаны қорғау:

1) Экономикалық есептер шығару.
2) Экологиялық дәлел.
3) Пайдалануы.
4) Жарнама жасау.
5) Пайдаланған әдебиеттер, сайттар, интернет.

10. «Ой-пікір алысу» парағын толтыру – 1 мин.
11. Қорытындылау – 1 мин.
12. Тапсырма беру.

Ой-пікір алысу парағы

Фамилиясы

Не ұнады?

Не ұнамады?




Шахмат тарихы

Шахмат (парсы тілінде шах – тақсыр және араб тілінде мат – өлді) – ғылыми ақыл-ой және халық шығармашылығы негізінде пайда болған спорт ойыны. Шахмат тақтасы ақ және қараға боялған бірдей 64 шақпаққа бөлінеді. Ойын V ғасырда Үндістанда шыққан, Чатуранга деп аталды. Яғни төрт құрамды әскер, төрт патша ойыны дегенді білдіреді. VIII-IX ғасырда шахмат туралы еңбектер жазылған. Сол кезде арабтар жаулап алған Испания арқылы Еуропаға тарады.  XVI ғасырда Испанияның, Италияның, Франция мен Англияның шахматшылары өз зерттеулерімен шахматтың дамуына үлес қосты. Ойнау логикасы зейінділікті дамытуға, әр алуан варианттарды жылдам әрі дәл есептей білуге, жеңіске жетуге деген ерік-жігерді қалыптастыруға және басқа да моральдық қасиеттерді тәрбиелеуге көмектеседі.

Ғасырлар бойы елге аса танымал болған шахматтан ресми әлем чемпионаты 1886 жылы өтті. Одан бері 14 шахматшы ғана жоғары дәрежелі атақты иеленді. Даңқты чемпиондар деген бірінші болып ауызға Стейниц пен Ласкер, Капабланк, Алехин,әлем чемпионы Ботвинник ілінді.

Ғасырлар көшіне ілесіп, өркениетті басып озып келе жатқан шахматтың тарихы әркімді-ақ қызықтырары даусыз.







































































6-сынып № 34сабақ

Сабақтың тақырыбы: Жоба қорғау



III. Шығармашылық жобаны қорғау:

1) Экономикалық есептер шығару.

2) Экологиялық дәлел.

3) Пайдалануы.

4) Жарнама жасау.

5) Пайдаланған әдебиеттер, сайттар, интернет.



10. «Ой-пікір алысу» парағын толтыру – 1 мин.

11. Қорытындылау – 1 мин.

12. Тапсырма беру










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (мальчики)

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Поурочный план по технологий в 6 классе

Автор: Шуахбаев Данияр Тулегенович

Дата: 04.02.2015

Номер свидетельства: 166988

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(155) "Разработка поурочного плана по предмету Технология в 8 классе "Интерьер жилого дома" "
    ["seo_title"] => string(95) "razrabotka-pourochnogho-plana-po-priedmietu-tiekhnologhiia-v-8-klassie-intier-ier-zhilogho-doma"
    ["file_id"] => string(6) "158979"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421836325"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "Поурочный план " Окончательная обработка платья""
    ["seo_title"] => string(50) "pourochnyi_plan_okonchatiel_naia_obrabotka_plat_ia"
    ["file_id"] => string(6) "377649"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1484066275"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(131) "разработка урока по истории Казахстан " Джунгарское нашествие" ( 8 класс)"
    ["seo_title"] => string(74) "razrabotka-uroka-po-istorii-kazakhstan-dzhungharskoie-nashiestviie-8-klass"
    ["file_id"] => string(6) "252845"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447468715"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(262) "Технологическая карта урока  по технологии.«Классификация и производство текстильных волокон. Определение направления долевой нити в ткани» "
    ["seo_title"] => string(155) "tiekhnologhichieskaia-karta-uroka-po-tiekhnologhii-klassifikatsiia-i-proizvodstvo-tiekstil-nykh-volokon-opriedielieniie-napravlieniia-dolievoi-niti-v-tkani"
    ["file_id"] => string(6) "236623"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1444128702"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(217) "РАБОЧАЯ ПРОГРАММА  учебного предмета «Обществознания» для 8 класса  основного общего образования на 2014-2015 учебный год "
    ["seo_title"] => string(140) "rabochaia-programma-uchiebnogho-priedmieta-obshchiestvoznaniia-dlia-8-klassa-osnovnogho-obshchiegho-obrazovaniia-na-2014-2015-uchiebnyi-ghod"
    ["file_id"] => string(6) "132802"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1416410268"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства