kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ауіпсіздік техникасы ж?не е?бекті ?ор?ау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Е?бек ?ор?ау?а е?бек за?дылы?тары, ?ауіпсіздік техникасы ж?не ?ндірістік санитария ж?ніндегі м?селелер кіреді. Барлы? о?ушылар ж?мыс істеуді? ?ауіпсіз ?дістерін ?йреніп, игеруге ж?не ?ауіпсіздік техникасы ережелерін жа?сы білуге міндетті. Белгілі тапсырмамен ж?мыс?а кірісетін ?рбір о?ушы ?ауіпсіздік техникасы, бойынша ал?аш?ы н?с?аулар ал?аннан кейін ?ана іске кірісу керек.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ауіпсіздік техникасы ж?не е?бекті ?ор?ау»

5-сынып №1сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау

Оқу шеберханаларында еңбекті қорғау
Еңбек қорғаудың негізгі міндеті — заң актілері жүйелерін және оларға сәйкес әлеуметтік - экономикалық, техникалық, тазалық сақтау және ұйымдастыру шараларын талдап, орындау болып табылады, мұның бәрі еңбек процесі кезінде денсаулық сақтау қауіпсіздігін және оқушының еңбек қабілеттілігін қамтамасыз етеді.

Еңбек қорғауға еңбек заңдылықтары, қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария жөніндегі мәселелер кіреді. Барлық оқушылар жұмыс істеудің қауіпсіз әдістерін үйреніп, игеруге және қауіпсіздік техникасы ережелерін жақсы білуге міндетті. Белгілі тапсырмамен жұмысқа кірісетін әрбір оқушы қауіпсіздік техникасы, бойынша алғашқы нұсқаулар алғаннан кейін ғана іске кірісу керек.


Жұмыс нұсқаулары кезінде оқушылар шеберханадағы тәртіп ережелерімен танысады, жарақат туғызатын негізгі себептердің, жабдықтардың, құрал - саймандардың, әсіресе электр жүйелерінің ақауларын және т. б. жұмыс істеудің теріс әдістерін естіп біледі. Жұмыс орнында нұсқауды мұғалім жүргізеді, ол жұмыстың қауіпсіз әдістерін, техникасын түсіндіреді, электр қауіпсіздігі, жұмыс орнын ұстау тәртібі, оқу механизмдерінің құрылысын, жұмысқа қосу ережелерін, станоктарды тоқтату, тексеру және майлау туралы мағлұмат береді.

Ағаш шеберханаларындағы жарақаттанудың негізгі себептері:
• жабдықтардың дұрыс орналастырылмауы;
• қорғаныш қалқаңдарының мүлдем болмауы немесе жетіспеушілігі;
• іске қосқыш аппараттардың қанағатсыз күйде болуы;
• жұмыс істеудің қауіпсіз әдістерін оқушылардың нашар білуі;
• құрал - саймандар талаптарға сәйкес келмеуі;
• құрал - саймандардың жүзі өткір болмауы;
• мұғалімнің қауіпсіздік ережелерін дұрыс бақыламауы т. б

Сондай - ақ шеберханалардағы жабдықтардың орналасуы, оқушылардың ары - бері өтуі есептелуі және олардың жүру жолдары қысқа болуы тиіс. Станоктардың орнығуы мықты, қозғалыссыз, жұмыс кезінде ешқандай тербеліссіз болуы талап етіледі. Оқушылардың бойына сәйкес, ал аласа оқушыларға арнаулы, жылжымалы баспалдақ жасалынуы міндетті. Жабдықтардың өзі сенімді қалқалармен, шаңдарды, қиқымдарды, ағаш ұнтақтарын сорып алатындай желдеткіштер, сондай - ақ кесілген материалдарды беріп тұратын механизмдермен қамтамасыз етілуі керек. Кескіш аспаптардың (ара, фрез, пышақ, қайрақ қалпақшасы) жұмыс бөлігі өңделетін материал мен аспап өткен кезде ашылатын, сонан соң автоматты жабылатын қоршаумен жабылуы қажет Мұның өзі өңделетін материалдың биіктігі мен енінің көлеміне сәйкес болады, қоршау мен сақтандырғыш құрылғы қалдықтардан тазартуды қиындатады. Бойлығына қарай кесуге арналған дөңгелек жүзді станоктарда жұмыс істеу қауіпті болады. Сондықтан оқушыларға ондай станоктармен жұмыс істеуге мүлдем тыйым салынады. Кесу, арнайы шикізатты дайындау жұмыстарын мұғалімнің өзі орындауға міндетті.

СТД - 120М ағаш жону станогінде жұмыс істеген кезде оған жонылатын шикізатты дұрыс таңдап алу керек. Жонылатын ағаш жарықсыз, сызатсыз, шіріксіз болуға тиіс, егер бұл талаптар ойдағыдай орындалмаса, жонылып жатқан бұйым сынып, жарақаттауы мүмкін. Сондықтан мұғалімге тексертіп алу - міндет. Жасайтын бұйым станокқа орнықтыру ретімен мықты бекітілуге тиіс. Оның артқы бекініс штогына міндетті түрде май жағу керек. Жұмысты бастар алдында мұғалімге тексертіп, бұйымның мықтылығына және талаптарға сай екеніне көз жеткізгеннен кейін мұғалімнің рұқсатымен ғана станок іске қосылуға тиіс. Жонуға арналған станок пышақтары өткір әрі саптары талапқа сай болуы керек. Егер талапқа сай келмесе, жонылып болайын деген бұйымды істен шығарады немесе жарақаттауы мүмкін. Бұйымды жону кезінде станок ағаш бұйымы мен тіреуіштің ара қашықтығы 3 - 5 мм болуға тиіс. Егер ара қашықтығы одан көп болып кетсе, нақтылы өлшеммен шығарып өндеу қиынға түседі. Әсіресе сыртқы және ішкі бөліктерін нақтылы өлшеммен тегістеу кезінде өте қиынға соғады, тіпті үлкен ара қашықтықты өлшеу арасына пышақ тіреліп, жарақат¬тауы да мүмкін. Сондықтан айналып тұрған ағаш бұйымы мен тіреуіштің ара қашықтығын үнемі бақылап, қадағалау керек.

Электр қауіпсіздігі. Әрбір шеберханадағы станоктардың ток өткізгіш сымы арнаулы кабельге жалғанып, темір түтікшенің ішімен жүргізілуге тиіс, әсіресе кабель еден үстімен өтетін жерлерде аса үлкен жауапкершілікті талап етеді, өйткені ауыр құрал немесе зат кабельдің үстіне түссе, ол қауіпті, тіпті күрек ұшы да оны жарақаттауы мүмкін. Труба ішімен жүргізілген кабельдің ұзындығы да еден үстінде өте қысқа орынды қамтуға тиіс және ол аяқ астында кедергі келтірмеу керек, яғни оқушылар жүрмейтін жерді, плинтус жағалауын т. б. қамтуға тиіс. Егер есіктің табалдырығынан өтсе, онда труба беті шалынбайтындай, қауіпсіз қорғаныш ағашымен жабылуы керек. Арнаулы кабельден ток күші келетін труба еден үстімен станок жанынан жоғары көтеріліп, станокқа жалғанатын биіктік деңгейінде бітуге тиіс. Шеберханадағы барлық станоктарға ортақ тоқ күшін қосуға және ажыратуға арналған жалпы қалқан міндетті түрде болады. Ол қалқан негізгі оқу шеберханасынан тыс, арнаулы жерде орналасуы міндет.


СТД - 120М және басқа станокпен жұмыс істеген кезде ток сымындағы шағылыс ұшқындарын, станоктың айналу жылдамдығы бәсеңдегенін немесе күйік иісін байқасаңдар, дереу мұғалімге хабарлау керек. Ондай жағдайларда станокты тоқтатып, өшіру міндет.
Өрт қауіпсіздігін сақтау. Оқу шеберханаларында көптеген жұмыстар үлгі ретінде істеледі. Мысалы, арнаулы плитада желім дайындау, электр муфельді пешпен жұмыс істеу, электр қайрағымен бұйымдардың шетін өндеу немесе пышақ қайрау, фреза станогімен жұмыс істеу т. б. жалпы шеберханалар, әсіресе ағаш шеберханасы аса жоғары өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін талап етеді.
Оттың шығу себептері:
• ток күшіндегі жалғамдардың осал болуы;
• станоктарды бақылау қосқыштары (контроль включатель) контактілерінің әлсіздігі;
• қайрақ станогінде ағаш ұнтақтарының шоғырлануы;
• ашық және арнаулы жабық плиталардың талапқа сай қолданылмауы;
• муфельді пешпен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелердің қолданылмауы және онда өңделген темірлердің арнаулы орындары болмауы;
• үтікпен, ағаш майыстыру пешімен жұмыс істеу кезінде талаптардың орындалмауы;
• оқушылардың білім дәрежесінің төмендігі т. б.
Оқу шеберханасында өрт қауіпсіздігіне арналған арнаулы құралдар міндетті түрде болуға тиіс.























5-сынып №2сабақ:

Сабақтың тақырыбы: Топырақты күзде және көктемде тыңайтқыштар арқылы өңдеу.

Біімділігі:Оқушыларды  Қазақстан  аумағындағы  топырақ  түрлерінің  қасиеттері  мен  топырақтың  негізгі  түрлеріне  анықтама  беруге  үйрету.

Тәрбиелілігі:  Топырақты   қорғау   жұмыстарымен  адамдардың  шаруашылық  қызыметін  топырақтың  құнарсыздануы,  одан  сақтау  жолдары  мен  өңдеу  шаралары  туралы  түсіндіру.

Дамытушылығы:  оқушылардың  өй  өрістерін  дамыту.

Тамыр – өсімдіктің топырақтан қоректену мүшесі. Тыңайтқыштар
Мақсаты: Оқушыларға тамыр өсімдіктің топырақтан қоректену мүшесі екендігін түсіндіре отырып, тыңайтқыштар жайлы білім беру.
Көрнекілігі: Плакаттар, тірек-сызбалар
Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақ беру әдісі: сұрақ-жауап, баяндау
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Психолгиялық дайындық
2.Үй жұмысын тексеру.
1. Тамырдың бөліктерін атаңдар? Аймақ құрып түсіндіріңдер.

2. Тамырдың өсуі деген не?

Суреттеме

Жауаптар

1. Тал, қарақат т.б. ағаштардың жас бұтағын, бөлме өсімдік-терінің жас өркендерін суға салып қойса … дамиды.

2. Тамыр арқылы топырақтан сіңірілген су және суда еріген мин-ералды тұздар … өтеді. 3. Қоректік заттар қорға жина-латын тамырларға … жатады. 4. Негізгі тамыр тұқымның … дамиды. 5. Тамырдың сабақтан айырмашылығы…. … шығармайды. 6. Тамырлар шығу тегіне қарай …. деп бөлі-неді. 7. Жас тамыр ұштарында … болады. 8. Қосалқы там-ырлар өсімдікті топыраққа мықтап бекітіп … күшейтеді.

9. Негізгі тамырдың жан-жағынан жанама тамырлар тарала-ды, олар … пайда болады. 10. Тамыр өсімдіктің … мүшесі.

1.Жер асты

2. Негізгі, жанама, қосалқы

3. Сору бөлігінде

4. Қосалқы тамырлар

5. Ұрық тамыршасынан

6. Сабаққа

7. Сәбіз, қызылша, шомыр

8. Жапырақ

9. Тамыр оймақшасы

10. Қоректенуін

3. Жаңа сабақ

Өсімдіктердің топырақтан қоректенуі минералды қоректену дейді.

Минералды қоректену

Тамыр

Топырақ

Жер үсті мүшелеріне ертіндісі ретінде ретінде жеткізіледі

Ұлпаларға таралады

Топырақта

Азот Фосфор Калий

Азот жетіспесе Фосфор жетіспесе Калий жетіспесе өте баяу өседі, жемістің түзілуі баяулап, өте аласа болып өседі,жапырақтары бозара салмағы кемиді тірек ұлпасы жетілмейдібастайды, жанамабұтақтары дамымайды

Топырақтан қоректену кезінде қатынасатын ұлпаларға жабын, өткізгіш, қоректік, ал мүшелерге тамыр жатады.

Тыңайтқыштар

Органикалық Минералды

қи, шымтезек, қарашірік, азот, фосфор, калий (күл)құс саңғырығы

Кестемен жұмыс

Өсімдік аттары

Тыңайтқыш

Қай мүшесіне қажет

Шашу мерзімі

Қандай күйде

Қырыққабат

Азот

Жапырағы мен сабағына

Жаздың алғашқы айы

Сұйық ерітінді

Қызанақ

Фосфор, калий

Жемісіне

Жаздың екінші жартысы

Құрғақ және ерітінді

Картоп

Фосфор, калий

Түйнегіне

Жаздың екінші жартысы

Құрғақ және ерітінді

Күздік дақылдар

Калий

Барлық мүшесін суыққа төзімді етуге

Күзде, тұқым себер алдында

Құрғақ

Тапсырманы орында.1.Тізімдегі органикалық және минералды тыңайтқыштарды бөліп кесиеге толтыр.

Органикалық тыңайтқыш

Минералды тыңайтқыш

 

 

  1. Азот селитрасы 4. Күл 7. Сүйек ұны 10. Көмір

  2. Құс саңғырығы 5. Торф 8. Қарашірік

  3. Суперфосфат 6. Қи 9. Нитрагин

  1. Төмендегі сипаттамалар тыңайтқыштардың қай түріне тән екенін тұсына рет санын қою арқылы анықта.

І

Азотты

 

ІІ

Фосфорлы

 

ІІІ

Калийлі

 

  1. Жемістердің пісу мерзімін қысқартады.

  2. Суыққа төзімділігін арттырады.

  3. Сабақ пен жапырағының өсуін күшейтеді.

  4. Тамыр мен түйнектің өсуіне әсер етеді.

4. Бекіту

1. Минералды қоректену деген не?

2. Тыңайтқыштардың неше түрі бар?

3. Органикалық тыңайтқышқа нелер жатады?

4. Минералды тыңайтқышқа нелер жатады?

5. Үйге тапсырма. § 9 оқу

6. Бағалау



5-сынып №3сабақ :

Сақтың тақырыбы: Мектеп ауласында топырақты өңдеу тәсілімен танысу (практикалық сабақ

Біімділігі:Оқушыларды  Қазақстан  аумағындағы  топырақ  түрлерінің  қасиеттері  мен  топырақтың  негізгі  түрлеріне  анықтама  беруге  үйрету.

Тәрбиелілігі:  Топырақты   қорғау   жұмыстарымен  адамдардың  шаруашылық  қызыметін  топырақтың  құнарсыздануы,  одан  сақтау  жолдары  мен  өңдеу  шаралары  туралы  түсіндіру.

Дамытушылығы:  оқушылардың  өй  өрістерін  дамыту.

бақтың тақырыбы:

Мелиорация туралы мәлімет.

Өсімдіктерді суару. Мелиорация(лат.меліоратіо – жақсарту)— жерді жақсартуға бағытталған техникалық және шаруашылық-ұйымдастырушылық шаралар жиынтығы. Топырақты сумен, ауамен, қоректік заттармен қамтамасыз ету тәртібін жақсартуға, оны жел, су эрозиясы сияқты қатерлі құбылыстардан қорғауға мүмкіндік береді. Мұның негізінде ауыл шаруашылық дақылдары мен мал азығы ретінде өсірілетін шөптерден ұдайы мол өнім алуға болады. Мелиорацияның Қазақстан үшін айрықша мәні бар: республика жерінің басым бөлігін шөлді, шөлейтті және жартылай шөлейтті аймақтар алып жатыр. Олардың әрдайым суландыруды қажет ететіндігін адам баласы қола, темір дәуірлерінен бастап-ақ білгеТабиғат өзінің тылсым сырларымен қызықты. Оны зерттеп танудағы
ғылыми еңбектер әлі де аз. Бір өсімдіктер дүниесінің миллиардтаған құпиясы бар. Соның бірі жыртқыш және паразит өсімдіктер әлемі. Әрине  жыртқыш, паразит деген ұғымдар тек жануарлар әлемінде емес өсімдіктер әлемінде де қолданыста бар сөздер.
          Бұл өсімдіктердің тарихына үңілетін болсақ ең алғаш бұл жыртқыш өсімдіктер 18 ғасырда белгілі бола бастаған. Ең алғаш шыбынжек жапырақ (мухоловка)    өсімдігіне ботаникалық түсінікті 1769 жылы ағылшын натуралисі Джон Эллисон  өзінің Карл Линнейге жазған хатында сипаттаған болатын. Бұл хатта Д. Эллисон өсімдік өзіне қорек ретінде жәндіктерді ұстағанын сипаттаған болатын.  Ал 1782 жылы неміс  дәрігері А.В.Роттың  росянка өсімдігінің жәндікті ұстап қоректенгендігі туралы жазған жазбасы  Д. Эллисонның айтканын растай түсті.
         Жыртқыш өсімдіктер – көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Қалың шөптердің арасында, батпақты жерлерде тіршілік етеді. Жәндіктерді фосфор, калий қоры ретінде пайдаланады. Жәндіктерді түрі өзгерген жапырақтары арқылы аулайды. Жәндіктерді өздеріне әдемі түстерімен, иістерімен, шырышты қоспаларымен еліктіреді.  Жапырақтарында жәндіктерді қорытатын пепсин және органикалық қышқылдар болады.

       Тамыр жүйесі жыртқыш өсімдіктерде нашар жетілген, бірақ мұндай өсімдіктер топырақтағы су мен жәндіктерден бөлінетін заттардың арқасында  тез өседі, гүлдейді, көбейеді. Жыртқыш өсімдіктер Артикадан бастап тропиктік жерлерге дейін, яғни су жағалауынан бастап биік таулы аймақтарға дейін өседі.
       Жыртқыш өсімдіктерді жәндіктерді аулау механизміне қарай 3 типке бөлеміз:
- Жапырақ тақтасындағы  тікенді тістері арқылы аулау.
- Жапырақтарынан бөлінген шырыш арқылы аулау
- Құмыра секілді жапырағы арқылы аулау

Суару.   Жыртқыш өсімдіктерге біздер пайдаланатын судан гөрі жаңбырдың суы, не арнайы дайындалған (құрамындағы рН – 6,5) су қажет. Біз пайдаланатын судың құрамында минералды тұздар бар, ол өсімдіктің тіршілігін жояды. Бұл өсімдіктердің көбісі батпақты жерлерде өсетін болғандықтан, ылғалды ұнатады. Бірақ кей жағдайда құрғақшылыққа төзімділері де кездеседі.

Қоректенуі. Ашық далалы жерде өскен жыртқыш өсімдіктер өзін – өзі қоректендіре алады. Бірақ бұл өсімдікті қолмен де қоректендіруге болады. Бірақ қорек көлемі шартты мөлшерден асып кетсе өсімдік өліп кетуі де мүмкін..  Көптеген жыртқыш өсімдіктер жарықтың мол түскенін қалайды. Кейбір түрі жасанды жарыққа да өссе, кейбірі табиғи жарықты қалайды.    
Жыртқыш өсімдіктер – жәндіктермен қоректенетін автотропты өсімдіктер.  Жәндікқоректі өсімдіктердің негізінен тропиктик аймақтарда кездесетін 6 тұқымдасы, 500- түрі белгілі.  Қазақстанда  3 туысы, 6 түрі бар.  Жәндікқоректі өсімдіктер өздерінің қорегін аулау үшін олардың организмдері әртүрлі күрделі  жағдайларға бейімделген. Мысалы, дүңгіршек жапырақтарының саңылаулары болады, оның қалқаншасы ішке қарай ашылады да, ұсақ жәндіктер оған кіре алғанымен кері шыға алмайды, өсімдікке қорек болады. Тропикте өсетін непентестің жапырақ сағағы құмыра тәрізді болады, оған қонған  жәндіктер құмыраның жылтыр ернеуінен өсімдіктің ішіне сырғып түседі де шыға алмайды.  Ал дәнелдің жапырақтарын жабысқақ зат шығаратын қызыл түсті бездер қаптап жатады, оған қонған жәндік кері ұша алмай, өсімдікке жабысып қалады. Шықшөптерден шығатын хош иіске жәндіктер қонған кезде, олардың жапырақтары бүктеліп, жәндіктерді қысып қалады. Жаза беретін болсақ олар туралы қызықты мәліметтер көп-ақ.



5-сынып №4сабақ :

Сабақтың тақырыбы: Ағаш пен ағаш материалдарын қолмен және механикалық түрде өңдеу технологиясы

Сабақтың тақырыбы: Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу. 
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ағашты көркемдеп өңдеу әдістерін меңгерту үшін әр түрлі станоктардың жұмыс атқару операцияларымен таныстыру. 
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың икемділігін, іскерлігін, шеберлігін қалыптастырып, ұқыптылыққа баулу. 
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға еңбек және эстетикалық тәрбие беру. 
Сабақтың түрі: Сарамандық сабақ. 
Сабақтың оқыту әдісі: Әңгімелесу, сарамандық және өз бетімен жұмыс істеу. 
Көрнекілік: пышақ , сызғыш, қалам. 
Жоспары: 
1. Ұйымдастыру кезеңі. 
а) Оқушыларды түгелдеу 
ә) Жұмысты ұйымдастыру 
2. Өткен материалды қайталау. 
3. Жаңа сабақ. 
4. Сарамандық жұмыс 
5. Бекіту 
6. Бағалау 
7. Үйге тапсырма 
Сабақтың барысы: Өткен тарихымызды білмей бүгінгі күннің қадіріне жету, болашақты болжай білу өте қиын. Ата – бабамыздың жинақтаған рухани байлығының қоры ұшан – теңіз. Ата – баба жасаған бұл рухани байлықтар қазіргі таңда да өз құндылығын жойған емес. Бұлардың барлығы баршаға бірдей қазына. Сол мәдени асыл мұраларды зерттеп, танып білу, бағалай білу біздердің, кейінгі ұрпақтың абыройлы да азаматық, ұлттық парызы. Қасиетті қазақ даласында талай ұста, зергер, құсбегі, сал – сері, тігінші, өрімші, балгер – бақсы өтті. 
Өкше басар ұрпаққа әлеуметтік мұра болып қалған Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи, Жамбылдағы Айша бибі, Қарахан, Ұлытаудағы Алашахан, Аякөз бойындағы Қозы Көрпеш – Баян Сұлу зираттары да ертедегі қазақтардың сәулет өнерінің асқаншебері бола білгенін дәлелдейтін тарихи айғақ. Есіктегі «Алтын адам» қаңқасы, Түркістандағы «Тайқазан» да ертедегі ата бабаларымыздың ағаш пен сүйектен, жүн мен теріден түйме түйетін, «алтынды аптап, күмісті күптеп» зергерлік әшекей заттар жасаушы, он саусағы өнерлі шеберлердің болғанын дәлелдей түсетін фактілер. 
Қазақ халқының өткендегі мәдениетіне үңілсек, күнделікті тұрмыс қажетін өтейтін қолөнердің жете дамыған түрлі салалары болғандығын көреміз. Айталық, киіз басу, киіз үйге қажетті бау –басқұр, алаша, кілем, аяққап тоқу, сырмақ сыру, кесте тігу, ағаштан ойып ыдыс – аяқ, ер тоқым жасау, тері илеу, асыл тастардан сәндік бұйымдар жасату (зергерлік өнер), қара темірден тұрмыстық, шаруашылық құралдарын жасау қолөнердің тамаша туындылары болды. Бұлардың бірсыпырасы қазіргі дәуірімізде де өз маңызын жоймағаны анық. Ағаш өңдеуде біздің қазақ халқы алдына жан салдырмайтын, ағаштан түйін түйетін халық. Қасиетті саналатын ұлттық бұйымдарымыздың жасалу технологиясы мен олардың әшекейленуі эстетикалық тұрғыдан алғанда басқа халықтардан кем түспейді. 
- Ағашты өркемдеп өңдеуге қажетті ағашты дұрыс таңдау істің нәтижелі болуына септігін тигізеді. Мысалы: СТД – 120 м станогымен жұмыс жасауға қатты ағаш түрлері дұрыс. Сондықтан жасалатын бұйым түріне қарай ағаштың механикалық, физикалық жағдайларын білу керек. 
Жұмысқа бұтақсыз ағаш түрлерін таңдап, қажетті өлшемін кесіп, сүргілеп, әрлеп болған соң, тегіс бетіне өрнек бейнесін көшіреді. 
Өрнек дегініміз – кез – келген бұйымның сыртына түсірілетін біртұтас байланысты әшекей. 
Ал ою дегеніміз – бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу немесе бұйымды шабу кезіндегі ойып өңдеу жұмыстары. 
Мөлтек ағаштан тұтас шабылатын келі – келсап, аяқ – табақ, саптыаяқ, ожау сияқты бұйымдарды жасау тәсілін жұмырлап ою дейді. 
Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу мынадай шаралар арқылы жүзеге асады. 
- Бұйымның негізін талаптарға сай тазалау. 
Бұйымның барлық бөліктеріне өрнекті жоспарлау, үлгісін жасау. 
Өрнектерді кесу. 
Бұйымдарды бояу, оған әр беру, лактау. 
Әдебиет пен өнерде композиция деген түсінік бар. Ол жүйелеу, үйлестіру деген латын сөзі. Өнердің барлық саласында композиция өте күрделі ұғым және шығармашылық арқау. 

Сергіту сәті. 
С ө з ж ұ м б а қ. 
Ағаштың қасиеті 
Ағаш құрылысы 
Ағаш бөлігі 
Қолмен салынған зат бейнесі 


Ағаштан жасалатын заттар 
Бір құрсақты екі құлақты 
Он екі белбеулі 
Бір түймелі, екі желілі 
Күйдің көрігі, әннің көлігі 
Тыпырлаған сайын толысқан 
Секеңдеген сайын семірген 
Отыз омыртқа 
Қырық қабыртқа 
Бәрін ұстап тұрған ауыз омыртқа. 


Сарамандық жұмыс: 
Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу үшін композициялық пішін арқылы жаттығып көреміз. 
Үш бұрыш тұмарша түріндегі өрнектерді тақтай бетіне салып үйренеміз. Ол үшін ойға алған мақсатымыз сәтті шығу үшін қауіпсіздік ережесін білу керек. 
Ағашты қолмен өңдеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері. 
Жұмысқа дейін 
Жұмыс киіміңді киін (фартук, халат) 
Жұмысқа қажетті құрал саймандарыңды түгендеп, мұқият тексер (верстактың қысқыш қораптарын, тіреуішін т.б) 
Жұмыс орныңды, саймандарыңды ережеге сай орналастыр. 
Жұмыс орныңда артық ешнәрсе тұрмасын. 
Жұмыс кезінде 
Дайындаманы верстакқа мықтап бекіт. 
Әр амалды өзіне тиісті сайманмен атқар. Саймандарың қайралған, әрі тұтқасы жарылмаған болсын. 
Нұсқау карта бойынша әр амалдары (кесу, жону, тесу, біріктіру т. б.) өзіне тиісті құралдарды пайдаланып атқар. 
Жұмыс орныңды әрдайым тазалап отыр. 
Жұмыс кезінде алаңдама. 
Құрал – сайманың бүлінсе міндетті түрде ауыстырып ал. 
Жұмыстан кейін 
Жасап жатқан бұйымыңды, материалдарды кезекшіге немесе мұғалімге тапсыр. 
Жұмыс орныңды ретке келтір. Қолмен сыпыруға, ауызбен үрлеуге болмайды. 
Өзіңді ретке келтір. 
Шеберханадан мұғалімнің рұхсатымен шық. 
Ағаш өңдейтін токарь станогімен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері. 
Жұмыс кезіндегі қауіп түрлері: 
Жаңқаның ұшуынан көз жарақаты; 
Айналу бөліктеріне жанасудан қол жарақаты; 
Дұрыс пайдаланбаудан қол жарақаты; 
Дайындаманы станокқа дұрыс бекітпеуден немесе дайындаманың сапасыздығынан дене жарақаты болуы мүмкін, сондықтан: 
Жұмысқа дейін 
Жұмыс киіміңді дұрыс кейін (фартук, халат) 
Станогті тексер (қайысты берілістің қорғаныш бөліктері, жермен жалғанысты) 
Жұмыс орныңда артық ешнәрсе тұрмасын. 
Дайындаманы мұқият тексеріп (көз, жарық т.б.) станокқа дұрыс бекіт. 
Кескіш тіреуіштің биіктігін дайындаманың центрлік сызығына дәл келіп, ара қашықтығы 2 – 3 мм. болсын. 
Жүзін тексер. 
Станокті бос айналдырып тексеріп көр. 
Көзге көзәйнек ки. 
Жұмыс кезінде 
Кесу жұмысын станок толық күшімен айналған соң баста. 
Пышақты (кескішті) дайындамаға күш түсірмей, аздан тос. 
Пышақты (кескіш) тіреуішпен дайындаманың арасын қалыпты жағдайға келтіріп отыр (2 – 3 мм.) 
Жарақат алмас үшін: 
а) станокқа қатты басты еңкейтпе; 
ә) станок үстінен алыс – беріс жасама 
б) өлшеу жұмыстарын станок толық тоқтаған соң орында; 
в) қолыңмен тоқтатушы болма; 
г) жұмыс істеп тұрған станокті тастап кетпе. 
Жұмыстан кейін 
Жұмыс орныңды ретке келтір. 
Станокті тазалап мұғалімге тапсыр. 
Өзіңді ретке келтір.



5-сынып №5сабақ :

Сабақтың тақырыбы: Ағашты кесу. Кесу құралдарының түрлері, конструкциялары. Ағашты сүргілеу құралдары.

Білім: Оқушыларды ағаш өңдейтін құрал-саймандардың түрлерімен ,құрылысымен жұмыс жасау әдісімен таныстыру.

Тәрбиелігі: Кәсіби шығармашылық  бағытқа жетелей  отырып,еңбекті өз бетінше  жасауға, іскерлікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрісін кеңейту,білімдерін іс жүзінде көрсетуге ықпал ету,практикалық іс-әрекетті қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру

Көрнекілігі: тірек сызбалар, интерактивті тақта, аралар, плакаттар.

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланысы: Сызу, математикалық бейнелеу.

Сабақтың барысы:I.Ұйымдастыру.

II.Үй тапсырмасы:Құжаттық сызба.Үлестірме қаңаз арқылы үй тапсырмасын сұрау.

III.Жаңа сабақты түсіндіру.

1)Ағаш өңдейтін құрал-саймандар

2)Ағашты сүргілеу.

IV.Бекіту:1)Тест жұмысы

1.Ағашты кесуге арналған құрал

а) сүргі, ә)ара ,б)бұрғы

2. Сүргілеу барысында ағаштың бетінен оның жұқа

қабаты алынып тасталады.Оны не деп атаймыз.

а) қалдық, ә) үгінді ,б) жоңқа

3. Пышағының жүзі доға тәріздес, дөңес келетін құрал

а)шерхебель ,ә) фуганок ,б)сүргі

4. Ағаштардың  бетін тегістеуге арналған

а)бұрғы ,ә) шапқы ,б)сүргі

5. Сүргіленген бұйымның сапасын қандай құралмен тексереміз

а)сызғыш, бұрыштама

ә) бұрыш үлгісі, өлшегіш

б) малка, сызғыш

6. Жалпақ ағаш беттерін тазалап, тегістеу үшін қажетті аспап

а)сүргі ,ә) фуганок ,б)шерхебель

7. Сүргілеу кезінде оң аяғыңды сол аяқтан алшақтатып

ұстау үшін неше см болуы керек.

а) 65 -70 см

ә) 50 -60 см

б)75 -80 cм

8. Фуганоктың ұзындығы кәдімгі сүргіге қарағанда

неше есе үлкен.

а) 2 ,ә) 3 ,б) 1 

9. Араның қалыңдығы әр түрлі болат жолақтардан жасалады.

Оларды не деп атайды

а)  төсем ,ә) болат ,б) дайындама

10. Араның тістері неше түрлі қызмет атқарады.

а)  1т ,ә) 2 ,б) 3

2)Математикалық ойын.Шеңбер бойындағы санын тергенде шеберханадағы жеті құралдың аты шығады. 

I.2,4,2 ара

II.1,2,5,10,2 балға

III.7,9,37,3 егеу

IV.8,2,12,14,16 қайшы

V.17,13,4,9,11 сүргі

VI.1,6,4,10,16 бұрғы

VII.14,2,15,8,16 шапқы 

4.Дәптермен жұмыс.

1)Сүргілерді пайдалану барысында  оны қалай дұрыс ұстау керек?

2)Сүргілерді пайдаланғаннан кейін пышағын қалай  қаратып қоямыз?

3)Арамен жұмыс барысында қандай  қауіпсіздік ережелерін есте сақтау қажет?

5.Оқушыларға жұмбақ жасыру.(құрал-сайман туралы)

V.Қорытындылау.Ағашты өңдеу жұмыстарына қажет құрал-саймандармен жұмыс жасау,қалай қолдану керек екенімен таныстық.

VI.Бағалау.Үйге тапсырма:Құралдармен жұмыс.






















5-сынып №6сабақ :

Сабақтың тақырыбы: Ағашты сүргілеу құралдары.Қауіпсіздік ережелері.

1. Білімділік: алдыңғы сабақтардағы өткен тақырыптар бойынша оқушының алған білімін шығармашылық жоба тарауларында жаңа тақырыптармен ұштастыру.
2. Дамытушылық: оқушының кәсіптік бейімділігін, шығармашылық шеберлігін, еңбек іскерлігін, икемділігін дамыту.
3. Тәрбиелік: шығармашылық қабілетін арттыру, эстетикалық талғамын ұштау.
Сабақтың көрнекілігі: сызба, техникалық карта.
Қажетті құрал- саймандар: ара, балға, сүргі, бұрыштама, сызғыш, карандаш, ағаш материалы.
Пәнаралық байланыс: сурет, сызу, математека.
Сабақтың түрі: сарамандық және теориялық.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
I. Өткенді қайталау
1. Ағаш бөлшектерінің қандай түрлерін блесіңдер?
2. Араның түрлерін атаңдар ?
3. Ағаш қасиетіне тоқталамыз ?
4. Балташының негізгі құралдарын атаңдар?
III.Жаңа сабақ.
Бұрын қолөнер шеберлігіне қажетті ағаштың  бәрін  ұсталар тікелей өз қолымен даярлаған. Оларды дер кезінде кесіп, мезгілінде кептіріп отырған. Мысалы, үйшілер үйдің сүйегіне қажет кереге, уық, шаңырақ жасайтын сырғауылдарды отпен морлап, тезге салып иген, ырғаққа ұстап, керекті қалыпқа түсірген.
Бүгінде қолдан тақтай даярлап жатудың қажеті жоқ. Ағашты өңдеп, оған  ою- өрнек салу үшін дайын тақтай да жеткілікті. Дегенмен сендер еңбек сабағында ағашпен жұмыс істеу үшін, оны кесуді, шабуды, тегістеуді, өңдеуді, ішінара қашауды, ойып, өрнек салуды үйренесіңдер. Әрине мұның бәрін құрал- саймансыз жүзеге асыра алмайсыңдар. Ағашты өңдеу жұмыстарына қажет құрал-саймандармен танысайық .
Ағашты кесіп, дайындауға қол ара,балта, кернеу ара қолданылады. Ағаштан алынған тақтайды түрпімен, қарапайым сүргімен, үлкен сүргімен т.б. Құралдармен өңдейді, сондай-ақ бұрғы мен үскіні де пайдаланған. Ағашты кесуге қажетті ең басты құрал – қол ара. Ара қалыңдығы әр түрлі болат жолақтардан жасалады, оларды төсем деп атайды. Төсем өте қатты, тегіс және иілгіш болуы шарт. Оның иілгіштігі аз әрі тым қатты болса, төсемнің тістері тез сынады. Араның тістері екі түрлі қызымет атқарады: біріншіден , ол ағаштың талшығын кеседі, екіншіден, кесілгенде пайда болған ағаштың ұнтағын сыртқа ысырып, шығарып отырады.

Ағашты сүргілеу.
Ағаш бұйымдардың беті тегіс болу үшін, оны сүргілейді, ол арқылы ағаштың қажет пішіні мен өлшемі алынады. Сүргілеу барысында ағаштың бетінен оның жұқа қабаты алынып тасталады. Оны жоңқа деп атаймыз. Сүргілеу аспаптарының да түрлері көп. Олардың ең көптараған түрлері – сүргі,шерхебель және фуганок. Шерхебель пышағының жүзі доға тәріздес, дөңес келсе, фуганоктың пышақ жүзі түзу сызық сияқты болады.
IV.Сарамандық жұмыс.
1. Жұмыс орнын даярлау. 2. Құрал-жабдықтар ара, сүргі, сызғыш, карандаш, бұрыштама, сүргілейтін тақтай. 3. Ағашты сүргілегенде, ол жұмыс үстөлінің үстіне тегіс жатуы тиіс. 4.Сүргілеу барысында өз денеңді, аспапты дұрыс ұстауды үйрен.
Оң аяғыңды сол аяқтан сәл алшақтатып (арасы 65- 70 см), трек етіп ал. Сүргіленген бұйымның сапасын сызғышпен немесе арнайы бұрыштамамен тексереді. Егер бұйымның беті тегіс болса, оның барлық қабырғалары бір жазықтықта жатады.

V.Сабақты қортындылау.
1. Әр оқушы өздері жасаған  жұмысына талдау жасайды.
2. Жұмыс барысында өзіне қандай жаңа әдіс-тәсіл меңгергенін, қандай құрал-сайман пайдаланғанын айту, өздері істеген жұмысын қорғау.
3. Істеген жұмысына қарай бағалау.
VI. Үйге тапсырма. Құралдардың аттарын жаттау.
VII.Жұмыс орнын тазалау.























5-сынып №7сабақ :

Сабақтың тақырыбы: Ағашты конструкциялық материал ретінде пайдалану әдісі. Ағаштың түрлері мен құрылысы.

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Ағаш  діңінен өңделетін материалдармен  олардан жасалатын өнім түрлерімен танысу.

ә) тәрбиелік: Оқушылардың еңбекке деген сүйіспеншілігін , қызығушылығын арттыру, ұқыптылыққа, эстетикалық талғампаздыққа тәрбиелеу.

б) дамытушылық: ағаш кесінділерінің алуан түрлі  болатынын, оның  қолдану салаларының да өте кең екенін түсіндіре отырып,  оқушылардың    ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Пән аралық байланыс : математика,биология

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, ауызша сұрақ-жауап, өз бетімен жұмыс жүргізу.

Көрнекіліктер: ағаш кесіндісінің суреттері, плакаттар, интерактивті тақта, кітаптар, журналдар, сөзжұмбақ, кесте, ағаш туралы әзіл өлеңдер.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

Республикамызда ағашты мәнерлеп өңдеудің  түрлері мен ерекшеліктері.

III. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жоспар

Ағаш діңінен көптеген материалдардың кесінділері  өңделеді. Олар ағаш ұсталығының барлық өңірінде де кең көлемде қолданылады. Ағаш дегеніміз – өсіп тұрған тығыз материал. Ол тамырдан, діңінен, бұтақтарынан тұрады.Ағаштың негізгі бөлігі-діңі. Халық шаруашылығында ағашты пайдаланбайтын бірде-бір сала жоқ. Ағаш әсіресе құрылыс ісінде аса көп қажет. Ағаштан есік, терезе блоктары, еден, түрлі жақтаулар мен таяныштар жасалады. Олар өлшемдеріне,жан-жағының кесілуіне қарай әртүрлі материалдарға бөлінеді. Қазіргі кезде құрылыстағы ағаш шеберлігі жұмыстары кең көлемде механикаландырылған. Ағашты алғаш ұқсату кезінде электр арасының көмегімен тіледі. Бұтақ өңдеуші оператор бұтақтарда кесіп, ағаштың қабығын тазартып, көлденеңінен кесу станогынан өткізеді.

Кесілген ағаштардан еден тақтайларын, керегекөз (50х50), белағаш (50х200), шпал (200х200), шпон (1х1,5) горбыль т.б. материалдар дайындайды.Ағаштың кесілген ұнтағынан қағаз, ДВП, ДСП бұйымдарын шығарады

ІV Пысықтау

Осы тақырыпқа арналған тапсырмалар бар. Оқушылар мына жұмбақты шешіп көрейікші. 1 тапсырма: Жұмбақ     Жүз мүйізі бар

Үстінде киізі бар. (киіз үй)2 тапсырма. Киіз үй қазақ халқының ежелден келе жатқан баспанасы. Сүйегі ағаштан жасалады. Ағаштан жасалатын бөліктерін атаңдар. Уық, шаңырақ, сықырлауық және есік, кереге.

«Киіз үй құрастыру» Киіз үйдің 5 бөлікке бөлінген суреті. Суреттің әр қайысында  Бүгінгі өткен тақырыбымызға байланысты сұрақтар жазылған.

1.Шпон дегеніміз не?

2.Ағаш ұнтағынан алынатын өнімдерді ата?

3.Ұшқат дегеніміз не?

4.Діңгектер дегеніміз не?

5.ДСП қандай материал.

ІІІ.тапсырма

Ағаш кесінделерінің  өлшемі туралы кесте толтыру

р/с

Ағаш кесінділерінің түрлері

Ағаш кесінділерінің өлшемі

1

Діңгектер

100 мм жоғары

2

Стропила

50х150, 50х200 мм

3

Шпал

150х200 мм

4

Обрешетка

50х50 мм

5

Шпон

0,5х3 мм

Ағаш кесінділерінің қолданылуы: Үй жиһаздарын дайында



5-сынып №8сабақ :

Сабақтың тақырыбы Материалдарды өңдеу

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ағашты көркемдеп өңдеу әдістерін меңгерту үшін әр түрлі станоктардың жұмыс атқару операцияларымен таныстыру. 
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың икемділігін, іскерлігін, шеберлігін қалыптастырып, ұқыптылыққа баулу. 
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға еңбек және эстетикалық тәрбие беру. 
Сабақтың түрі: Сарамандық сабақ. 
Сабақтың оқыту әдісі: Әңгімелесу, сарамандық және өз бетімен жұмыс істеу. 
Көрнекілік: пышақ , сызғыш, қалам. 
Жоспары: 
1. Ұйымдастыру кезеңі. 
а) Оқушыларды түгелдеу 
ә) Жұмысты ұйымдастыру 
2. Өткен материалды қайталау. 
3. Жаңа сабақ. 
4. Сарамандық жұмыс 
5. Бекіту 
6. Бағалау 
7. Үйге тапсырма 
Сабақтың барысы: Өткен тарихымызды білмей бүгінгі күннің қадіріне жету, болашақты болжай білу өте қиын. Ата – бабамыздың жинақтаған рухани байлығының қоры ұшан – теңіз. Ата – баба жасаған бұл рухани байлықтар қазіргі таңда да өз құндылығын жойған емес. Бұлардың барлығы баршаға бірдей қазына. Сол мәдени асыл мұраларды зерттеп, танып білу, бағалай білу біздердің, кейінгі ұрпақтың абыройлы да азаматық, ұлттық парызы. Қасиетті қазақ даласында талай ұста, зергер, құсбегі, сал – сері, тігінші, өрімші, балгер – бақсы өтті. 
Өкше басар ұрпаққа әлеуметтік мұра болып қалған Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи, Жамбылдағы Айша бибі, Қарахан, Ұлытаудағы Алашахан, Аякөз бойындағы Қозы Көрпеш – Баян Сұлу зираттары да ертедегі қазақтардың сәулет өнерінің асқаншебері бола білгенін дәлелдейтін тарихи айғақ. Есіктегі «Алтын адам» қаңқасы, Түркістандағы «Тайқазан» да ертедегі ата бабаларымыздың ағаш пен сүйектен, жүн мен теріден түйме түйетін, «алтынды аптап, күмісті күптеп» зергерлік әшекей заттар жасаушы, он саусағы өнерлі шеберлердің болғанын дәлелдей түсетін фактілер. 
Қазақ халқының өткендегі мәдениетіне үңілсек, күнделікті тұрмыс қажетін өтейтін қолөнердің жете дамыған түрлі салалары болғандығын көреміз. Айталық, киіз басу, киіз үйге қажетті бау –басқұр, алаша, кілем, аяққап тоқу, сырмақ сыру, кесте тігу, ағаштан ойып ыдыс – аяқ, ер тоқым жасау, тері илеу, асыл тастардан сәндік бұйымдар жасату (зергерлік өнер), қара темірден тұрмыстық, шаруашылық құралдарын жасау қолөнердің тамаша туындылары болды. Бұлардың бірсыпырасы қазіргі дәуірімізде де өз маңызын жоймағаны анық. Ағаш өңдеуде біздің қазақ халқы алдына жан салдырмайтын, ағаштан түйін түйетін халық. Қасиетті саналатын ұлттық бұйымдарымыздың жасалу технологиясы мен олардың әшекейленуі эстетикалық тұрғыдан алғанда басқа халықтардан кем түспейді. 
- Ағашты өркемдеп өңдеуге қажетті ағашты дұрыс таңдау істің нәтижелі болуына септігін тигізеді. Мысалы: СТД – 120 м станогымен жұмыс жасауға қатты ағаш түрлері дұрыс. Сондықтан жасалатын бұйым түріне қарай ағаштың механикалық, физикалық жағдайларын білу керек. 
Жұмысқа бұтақсыз ағаш түрлерін таңдап, қажетті өлшемін кесіп, сүргілеп, әрлеп болған соң, тегіс бетіне өрнек бейнесін көшіреді. 
Өрнек дегініміз – кез – келген бұйымның сыртына түсірілетін біртұтас байланысты әшекей. 
Ал ою дегеніміз – бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу немесе бұйымды шабу кезіндегі ойып өңдеу жұмыстары. 
Мөлтек ағаштан тұтас шабылатын келі – келсап, аяқ – табақ, саптыаяқ, ожау сияқты бұйымдарды жасау тәсілін жұмырлап ою дейді. 
Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу мынадай шаралар арқылы жүзеге асады. 
- Бұйымның негізін талаптарға сай тазалау. 
Бұйымның барлық бөліктеріне өрнекті жоспарлау, үлгісін жасау. 
Өрнектерді кесу. 
Бұйымдарды бояу, оған әр беру, лактау. 
Әдебиет пен өнерде композиция деген түсінік бар. Ол жүйелеу, үйлестіру деген латын сөзі. Өнердің барлық саласында композиция өте күрделі ұғым және шығармашылық арқау. 

Сергіту сәті. 
С ө з ж ұ м б а қ. 
Ағаштың қасиеті 
Ағаш құрылысы 
Ағаш бөлігі 
 
Ағаштан жасалатын заттар 
Бір құрсақты екі құлақты 
Он екі белбеулі 
Бір түймелі, екі желілі 
Күйдің көрігі, әннің көлігі 
Тыпырлаған сайын толысқан 
Секеңдеген сайын семірген 
Отыз омыртқа 
Қырық қабыртқа 
Бәрін ұстап тұрған ауыз омыртқа. 


Сарамандық жұмыс: 
Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу үшін композициялық пішін арқылы жаттығып көреміз. 
Үш бұрыш тұмарша түріндегі өрнектерді тақтай бетіне салып үйренеміз. Ол үшін ойға алған мақсатымыз сәтті шығу үшін қауіпсіздік ережесін білу керек. 
Ағашты қолмен өңдеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері. 
Жұмысқа дейін 
Жұмыс киіміңді киін (фартук, халат) 
Жұмысқа қажетті құрал саймандарыңды түгендеп, мұқият тексер (верстактың қысқыш қораптарын, тіреуішін т.б) 
Жұмыс орныңды, саймандарыңды ережеге сай орналастыр. 
Жұмыс орныңда артық ешнәрсе тұрмасын. 
Жұмыс кезінде 
Дайындаманы верстакқа мықтап бекіт. 
Әр амалды өзіне тиісті сайманмен атқар. Саймандарың қайралған, әрі тұтқасы жарылмаған болсын. 
Нұсқау карта бойынша әр амалдары (кесу, жону, тесу, біріктіру т. б.) өзіне тиісті құралдарды пайдаланып атқар. 
Жұмыс орныңды әрдайым тазалап отыр. 
Жұмыс кезінде алаңдама. 
Құрал – сайманың бүлінсе міндетті түрде ауыстырып ал. 
Жұмыстан кейін 
Жасап жатқан бұйымыңды, материалдарды кезекшіге немесе мұғалімге тапсыр. 
Жұмыс орныңды ретке келтір. Қолмен сыпыруға, ауызбен үрлеуге болмайды. 
Өзіңді ретке келтір. 
Шеберханадан мұғалімнің рұхсатымен шық. 
Ағаш өңдейтін токарь станогімен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері. 
Жұмыс кезіндегі қауіп түрлері: 
Жаңқаның ұшуынан көз жарақаты; 
Айналу бөліктеріне жанасудан қол жарақаты; 
Дұрыс пайдаланбаудан қол жарақаты; 
Дайындаманы станокқа дұрыс бекітпеуден немесе дайындаманың сапасыздығынан дене жарақаты болуы мүмкін, сондықтан: 
Жұмысқа дейін 
Жұмыс киіміңді дұрыс кейін (фартук, халат) 
Станогті тексер (қайысты берілістің қорғаныш бөліктері, жермен жалғанысты) 
Жұмыс орныңда артық ешнәрсе тұрмасын. 
Дайындаманы мұқият тексеріп (көз, жарық т.б.) станокқа дұрыс бекіт. 
Кескіш тіреуіштің биіктігін дайындаманың центрлік сызығына дәл келіп, ара қашықтығы 2 – 3 мм. болсын. 
Жүзін тексер. 
Станокті бос айналдырып тексеріп көр. 
Көзге көзәйнек ки. 
Жұмыс кезінде 
Кесу жұмысын станок толық күшімен айналған соң баста. 
Пышақты (кескішті) дайындамаға күш түсірмей, аздан тос. 
Пышақты (кескіш) тіреуішпен дайындаманың арасын қалыпты жағдайға келтіріп отыр (2 – 3 мм.) 
Жарақат алмас үшін: 
а) станокқа қатты басты еңкейтпе; 
ә) станок үстінен алыс – беріс жасама 
б) өлшеу жұмыстарын станок толық тоқтаған соң орында; 
в) қолыңмен тоқтатушы болма; 
г) жұмыс істеп тұрған станокті тастап кетпе. 
Жұмыстан кейін 
Жұмыс орныңды ретке келтір. 
Станокті тазалап мұғалімге тапсыр. 
Өзіңді ретке келтір.































5-сынып №9сабақ :

Сабақтың тақырыбы: Ағаштан жасалған детальдарды жинау және жалғау. Қосу әдістері. Ағашты бояумен сырлау және лактау.


Білімділігі: Ағаш бетіне үш тіліп ою тәсілі мен үшқырлы ойық өрнек түсіруді меңгеру
Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа,тазалыққа, іскерлікке тәрбиелеу
Дамытушылығы: Оқушылардың қауіпсіздік ережесін тиімді пайдалану арқылы арнаулы пышақпен жұмыс
жасау қабілетін дамыту
Сабақ типі: Аралас сабақ
Сабақ әдісі: Түсіндірме – практикалық
Сабаққа қолданылатын стратегиялық әдістер: Топтастыру әдісі,СТО әдістері
Көрнекілігі: слайдтар, плакат, үлестірмелі карточкалар, ағаш бөліктері

Құралдары: Ағаш өңдеу құралдары, арнаулы пышақ
Пайдаланған әдебиет: Технология 5, 6, 7, 8, 9, «Оқыту үрдісіндегі танымдық және шығармашылық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану» Е.Дүйсенбаев, А.Балғожаев Қызылорда 2006 ж

Сабақ барысы

I Ұйымдастыру кезеңі
а) Сабаққа дайындық жүргізу
ә) Оқушыларды түгелдеу
б) Оқушы назарын сабаққа аудару
II Үй тапсырмасын тексеру
Қашаумен өрнек ою
«Өзіндік бағалау» әдісі:
Оқушылар берілген үй тапсырмасына өзінің дайындық деңгейін мұғалім сұрағына қол көтеру арқылы байқатады: Кім «беске» дайын? Кім «төртке» дайын? Кім «үшке» дайын? Кім мүлде дайын емес?
Қашау түрлерін слаид арқылы сұрау (6 қашау)
«Тізбектей сұрау» әдісі:
Қойылған сұраққа беріліп жатқан оқушының жауабы кез келген жерінен тоқтатылып, ары қарай басқа оқушының жауап берілуі сұралады. Бұл әдіс оқушылардың зейінін аудару және байқағыштығын дамытуға пайдалы.
III Үй тапсырмасын бекіту
Қауіпсіздік ережелерін сұрау
Жедел турнир сұрақтары
IV Жаңа сабақты даярлау. Жаңа сабақ
Ағаш бетіне ою-өрнек түсіру
Ағаш материалының бетіне өрнекті арнаулы пышақпен орындайды. Мұндай жағдайда қажетті ережелерді бұлжытпай орындамасаң, қолыңды жарақаттап алуың мүмкін. Өйткені ою көбінесе қолдың күшімен ойылады. Сондықтан бос қолыңды пышақ жүзі жүретін бағытқа жақындатуға болмайды. Әдетте жүзі мұқалған құрал тайғыш келеді. Өйткені құрал жүзі тақтай бетіне қажетті тереңдікке түспесе, өрнек анық шықпайды. Артық күш салып жіберсең, пышақ көтеріліп немесе өрнек ізінен тайып, шығып кетеді.
Кез келген бұйымның өрнектерін оймас бұрын оны міндетті түрде тазалап алу керек. Бұйым талаптарға сай тазалағаннан кейін оған ойылатын өрнектер пішініне, құрылымына байланысты жоспарланады. Бұл талап алдын ала орындалмаса, яғни өрнектерді кесіп болғаннан кейін тазаласа, оның жиектерін, деңгейін бүлдіріп алуың мүмкін.
Бұйымдардың бөліктеріне өрнектерді жоспарлау үшін алдымен оның үлгісін жасап аламыз. Үлгі екі түрде жасалады: біріншісі – өрнектерді қағазға бейнелеп алып, арнаулы бастырма қара қағаз арқылы бұйымға көшіреді; екіншісі – бөлек қағазға өрнектердің бөліктерін симметрия тәртібімен түсіріп, қайшымен қиып алады да бұйымның тиісті орнына жиек бойымен түсіреді.
Үшқырлы ойық өрнек. Геометриялық үшқырлы ойық өрнекті орындау технологиясы:
1. Теңбүйірлі үшбұрыштардан құралған өрнектің төбесін ойықтың түбіне қарата ою
2. Шаршы ішіндегі тең қабырғалы үшбұрыштардың төбелерін ойықтың ортасына қарай тереңдете ою
3. Тең қабырғалы үшбұрыштардың табандарын батыра ою
Геометриялық өрнекті ою кезінде оның қарапайым түрлерінен бастап, қолды жаттықтырады. Ол үшін тақтайдың бетіне алдын ала араларын 10 мм етіп, бірнеше көлденең және тігінен (шаршы немесе тіктөртбұрыш) сызықтар сызылады. Нәтижесінде шаршының немесе төртбұрыштың диагональ қиғаш сызықтарын сызып, оны үшбұрыштарға бөледі. Ойық өрнек кесетін үшкір пышақты тік ұстап, үшбұрыштың төбесінен пышақты батырыңқырап, оның табанына қарай жүргізіп, ағаш талшығын кеседі. Үшбұрыштың екінші қабырғасын да осы тәсілмен кеседі. Үшбұрыштың ортасын пышақтың ұшымен төбесіне қарай тереңдете батырып алып тастайды. Нәтижесінде үшбұрыштың төбесінде тереңдетілген көлбеу ойық шығады. Ойық үшбұрыштың төбесінің тақтай бетіне тереңдігі 1,5-2 мм болады. Егер үшбұрыш ағаш талшығына көлденең немесе қиғаш келсе, онда пышақтың ұшымен тереңдете жұқалап екі-үш рет жаңқалай жона кесіп алады.

Оқушылардан қандай қауіпсіздік ережесін білетіндігін сұрау және де арнаулы пышақпен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік ережесімен таныстыру
Арнаулы пышақпен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері
1. Арнаулы пышақты ағашқа терең қадама.
2. Жұмысты сабы мықты бекітілген, шытынап-жарылмаған, өткір арнаулы пышақпен істе.
3. Құрал-сайманың бүлінсе міндетті түрде ауыстырып ал және мұғалімге хабарла
4. Ойықтағы артық жаңқаны уақытылы алып тастап отыр.
5. Ұшы өткір пышақты қалтаңа салма.
6. Арнаулы пышақты ұстағанда, екінші қолың пышақ жүзінің кері бағытында болсын.
7. Пышақтың жүзін саусағынмен сипама.
8. Екінші кісіге пышақты сабы жағымен ұстат.
9. Екінші кісіге қарай пышақты сілтеме.
10. Пышақтың жүзін жоғары қаратып қойма.
11. Жұмыс кезінде пышақтың үстіне тым еңкейме. Денеңді тік ұстап жұмыс істе
Сергіту сәті
Оқушыларды екі топқа бөліп қағазға 1 минут ішінде ағашқа түсірілген өрнектер қандай затта кздесетінін жазу керек. Қай топ көп және дұрыс жазса, сол топ жеңімпаз болып есептелінеді.

Практикалық сабаққа дайындық:
Жұмыс киімін кию
Арнаулы пышақты тарату
Ағаш дайындамаларын әр оқушыға үлестіру

Практикалық жұмыстың аяғында жүргізілуге тиіс жұмыстар:

- бұйымның негізін талаптарға сай тазалау
- өрнектерді кесу
- бұйымдарды бояу, оған әр беру
- боялған бұйымды тазалау
- бұйымды лактау

V Жаңа сабақты бекіту
«Тақырыптардың түйісуі» ойыны:
Оқушылар топтарға бөлініп, өтілген материалдың мұғалім көрсеткен тақырыппен байланысатын тұстарын табады, мысалдар келтіріп, тапсырмалар құрастырады, сұрақтар дайындап, жорамалдар жасайды.

Оқушылардан бүгінгі сабақтан не түсінгендерін сұрау

VI Бағалау
VII Үйге тапсырма беру

«Идеал тапсырма» әдісі: Әр оқушы өзі орындайтын үй тапсырмасын өзі таңдайды. Мысалы: біреу қосымша дерек жинаса, келесі сурет салуы, үшіншісі мақала жазуы не бұйым жасауы мүмкін.



5-сынып №9сабақ :

Сабақтың тақырыбы: Ағашты бояумен сырлау және лактау.


Білімділігі: Ағаш бетіне үш тіліп ою тәсілі мен үшқырлы ойық өрнек түсіруді меңгеру
Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа,тазалыққа, іскерлікке тәрбиелеу
Дамытушылығы: Оқушылардың қауіпсіздік ережесін тиімді пайдалану арқылы арнаулы пышақпен жұмыс
жасау қабілетін дамыту
Сабақ типі: Аралас сабақ
Сабақ әдісі: Түсіндірме – практикалық
Сабаққа қолданылатын стратегиялық әдістер: Топтастыру әдісі,СТО әдістері
Көрнекілігі: слайдтар, плакат, үлестірмелі карточкалар, ағаш бөліктері

Құралдары: Ағаш өңдеу құралдары, арнаулы пышақ
Пайдаланған әдебиет: Технология 5, 6, 7, 8, 9, «Оқыту үрдісіндегі танымдық және шығармашылық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану» Е.Дүйсенбаев, А.Балғожаев Қызылорда 2006 ж

Сабақ барысы

I Ұйымдастыру кезеңі
а) Сабаққа дайындық жүргізу
ә) Оқушыларды түгелдеу
б) Оқушы назарын сабаққа аудару
II Үй тапсырмасын тексеру
Қашаумен өрнек ою
Қойылған сұраққа беріліп жатқан оқушының жауабы кез келген жерінен тоқтатылып, ары қарай басқа оқушының жауап берілуі сұралады. Бұл әдіс оқушылардың зейінін аудару және байқағыштығын дамытуға пайдалы.
III Үй тапсырмасын бекіту
Қауіпсіздік ережелерін сұрау
Жедел турнир сұрақтары
IV Жаңа сабақты даярлау. Жаңа сабақ
Ағаш бетіне ою-өрнек түсіру
Ағаш материалының бетіне өрнекті арнаулы пышақпен орындайды. Мұндай жағдайда қажетті ережелерді бұлжытпай орындамасаң, қолыңды жарақаттап алуың мүмкін. Өйткені ою көбінесе қолдың күшімен ойылады. Сондықтан бос қолыңды пышақ жүзі жүретін бағытқа жақындатуға болмайды. Әдетте жүзі мұқалған құрал тайғыш келеді. Бұйымдардың бөліктеріне өрнектерді жоспарлау үшін алдымен оның үлгісін жасап аламыз. Үлгі екі түрде жасалады: біріншісі – өрнектерді қағазға бейнелеп алып, арнаулы бастырма қара қағаз арқылы бұйымға көшіреді; екіншісі – бөлек қағазға өрнектердің бөліктерін симметрия тәртібімен түсіріп, қайшымен қиып алады да бұйымның тиісті орнына жиек бойымен түсіреді.


Сергіту сәті
Оқушыларды екі топқа бөліп қағазға 1 минут ішінде ағашқа түсірілген өрнектер қандай затта кздесетінін жазу керек. Қай топ көп және дұрыс жазса, сол топ жеңімпаз болып есептелінеді.

Практикалық сабаққа дайындық:
Жұмыс киімін кию
Арнаулы пышақты тарату
Ағаш дайындамаларын әр оқушыға үлестіру

Практикалық жұмыстың аяғында жүргізілуге тиіс жұмыстар:

- бұйымның негізін талаптарға сай тазалау
- өрнектерді кесу
- бұйымдарды бояу, оған әр беру
- боялған бұйымды тазалау
- бұйымды лактау

V Жаңа сабақты бекіту
«Тақырыптардың түйісуі» ойыны:
Оқушылар топтарға бөлініп, өтілген материалдың мұғалім көрсеткен тақырыппен байланысатын тұстарын табады, мысалдар келтіріп, тапсырмалар құрастырады, сұрақтар дайындап, жорамалдар жасайды.

Оқушылардан бүгінгі сабақтан не түсінгендерін сұрау

VI Бағалау
VII Үйге тапсырма беру

«Идеал тапсырма» әдісі: Әр оқушы өзі орындайтын үй тапсырмасын өзі таңдайды. Мысалы: біреу қосымша дерек жинаса, келесі сурет салуы, үшіншісі мақала жазуы не бұйым жасауы мүмкін.















5-сынып №11сабақ :

Сабақтың тақырыбы: Ағашты тесу. Құралдар. Ағашты тазалау

 1. Білімділік: алдыңғы сабақтардағы өткен тақырыптар бойынша оқушының алған білімін шығармашылық жоба тарауларында жаңа тақырыптармен ұштастыру.
2. Дамытушылық: оқушының кәсіптік бейімділігін, шығармашылық шеберлігін, еңбек іскерлігін, икемділігін дамыту.
3. Тәрбиелік: шығармашылық қабілетін арттыру, эстетикалық талғамын ұштау.
Сабақтың көрнекілігі: сызба, техникалық карта.
Қажетті құрал- саймандар: ара, балға, сүргі, бұрыштама, сызғыш, карандаш, ағаш материалы.
Пәнаралық байланыс: сурет, сызу, математека.
Сабақтың түрі: сарамандық және теориялық.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
I. Өткенді қайталау
1. Ағаш бөлшектерінің қандай түрлерін блесіңдер?
2. Араның түрлерін атаңдар ?
3. Ағаш қасиетіне тоқталамыз ?
4. Балташының негізгі құралдарын атаңдар?
III.Жаңа сабақ.
Бұрын қолөнер шеберлігіне қажетті ағаштың  бәрін  ұсталар тікелей өз қолымен даярлаған. Оларды дер кезінде кесіп, мезгілінде кептіріп отырған. Мысалы, үйшілер үйдің сүйегіне қажет кереге, уық, шаңырақ жасайтын сырғауылдарды отпен морлап, тезге салып иген, ырғаққа ұстап, керекті қалыпқа түсірген.
Бүгінде қолдан тақтай даярлап жатудың қажеті жоқ. Ағашты өңдеп, оған  ою- өрнек салу үшін дайын тақтай да жеткілікті. Дегенмен сендер еңбек сабағында ағашпен жұмыс істеу үшін, оны кесуді, шабуды, тегістеуді, өңдеуді, ішінара қашауды, ойып, өрнек салуды үйренесіңдер. Әрине мұның бәрін құрал- саймансыз жүзеге асыра алмайсыңдар. Ағашты өңдеу жұмыстарына қажет құрал-саймандармен танысайық .
Ағашты кесіп, дайындауға қол ара,балта, кернеу ара қолданылады. Ағаштан алынған тақтайды түрпімен, қарапайым сүргімен, үлкен сүргімен т.б. Құралдармен өңдейді, сондай-ақ бұрғы мен үскіні де пайдаланған. Ағашты кесуге қажетті ең басты құрал – қол ара. Ара қалыңдығы әр түрлі болат жолақтардан жасалады, оларды төсем деп атайды. Төсем өте қатты, тегіс және иілгіш болуы шарт. Оның иілгіштігі аз әрі тым қатты болса, төсемнің тістері тез сынады. Араның тістері екі түрлі қызымет атқарады: біріншіден , ол ағаштың талшығын кеседі, екіншіден, кесілгенде пайда болған ағаштың ұнтағын сыртқа ысырып, шығарып отырады.

Ағашты сүргілеу.
Ағаш бұйымдардың беті тегіс болу үшін, оны сүргілейді, ол арқылы ағаштың қажет пішіні мен өлшемі алынады. Сүргілеу барысында ағаштың бетінен оның жұқа қабаты алынып тасталады. Оны жоңқа деп атаймыз. Сүргілеу аспаптарының да түрлері көп. Олардың ең көптараған түрлері – сүргі,шерхебель және фуганок. Шерхебель пышағының жүзі доға тәріздес, дөңес келсе, фуганоктың пышақ жүзі түзу сызық сияқты болады.
IV.Сарамандық жұмыс.
1. Жұмыс орнын даярлау. 2. Құрал-жабдықтар ара, сүргі, сызғыш, карандаш, бұрыштама, сүргілейтін тақтай. 3. Ағашты сүргілегенде, ол жұмыс үстөлінің үстіне тегіс жатуы тиіс. 4.Сүргілеу барысында өз денеңді, аспапты дұрыс ұстауды үйрен.
Оң аяғыңды сол аяқтан сәл алшақтатып (арасы 65- 70 см), трек етіп ал. Сүргіленген бұйымның сапасын сызғышпен немесе арнайы бұрыштамамен тексереді. Егер бұйымның беті тегіс болса, оның барлық қабырғалары бір жазықтықта жатады.

V.Сабақты қортындылау.
1. Әр оқушы өздері жасаған  жұмысына талдау жасайды.
2. Жұмыс барысында өзіне қандай жаңа әдіс-тәсіл меңгергенін, қандай құрал-сайман пайдаланғанын айту, өздері істеген жұмысын қорғау.
3. Істеген жұмысына қарай бағалау.
VI. Үйге тапсырма. Құралдардың аттарын жаттау.
VII.Жұмыс орнын тазалау.


















5-сынып №12сабақ :

Сабақтың тақырыбы: Металды қолмен және механикалық түрде өңдеу

Білімділігі: Металды көркемдеп өңдеу технологиясын меңгеру, қаңылтыр бетіне өрнек түсіруді үйрену
Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, іскерлікке тәрбиелеу
Дамытушылығы: Оқушылардың ой қабілетін дамыту

Сабақ типі: Аралас сабақ
Сабақ әдісі: Түсіндірмелілік
Сабаққа қолданылатын стратегиялық әдістер: Топтастыру әдісі,СТО әдістері
Көрнекілігі: слайдтар, плакат, үлестірмелі карточкалар, темір бөлшектері
Құралдары: Ағаш балға, балға
Пайдаланған әдебиет: Технология 5, 6, 7, 8, 9, Д.Шоқпарұлы «Қазақ халқының қол өнері»
I Ұйымдастыру кезеңі
а) Сабаққа дайындық жүргізу
ә) Оқушыларды түгелдеу
б) Оқушы назарын сабаққа аудару
II Үй тапсырмасын тексеру
Сым темірді өңдеу
1. Топтастыру әдісі бойынша сым темірден қандай бұйым жасауға болатындығын сұрау
Топтастыру әдісі:
Сымнан жасалатын бұйымдар
2. Сымнан немесе жұқа қаңылтырды тілу арқылы жасаған бұйымдарын тексеру
3. Оқушыдан бұйымнын орындалу әдісін және кездескен қиындықтарын сұрау

III Үй тапсырмасын бекіту
Үлестірмелі карточкалар
IV Жаңа сабақты даярлау. Жаңа сабақ
Металды көркемдеп өңдеу

Халық шеберлері темірді, күмісті, алтынды және олардың қоспаларын көркемдеп өңдеу әдісін ерте кезден-ақ білген. Бертін келе олардың технологиясын жетілдіріп, тамаша бұйымдар жасаған. Мысалы, темірді бедерлеп құю мен өрнектеудің озық үлгісі Қожа Ахмет Йасауи кесенесіндегі Тайқазан Алтыннан бедерлеп жасалған Алтын адам, республикамыздың тарихи-өлкетану мұражайларындағы зергерлік бұйымдар жатады. Болат темірден жасалған қару-жарақтар, Темірден жасалған үй мүліктерін күміспен батырмалап өрнектеу, жұқа қаңылтырдың бетін бедерлеп көркемдеу жұмыстары – осындай еңбектің жұмысы.
Халқымыз ағаш пен темір өңдейтін қолы епті адамды ұста дейді. Темір өңдейтін ұста арнаулы шеберханада жұмыс істейді. Оны ұстахана немесе дүкен деп атайды. Ал әсем бұйымдарын: білезік, жүзік, алқа, сырға, т.б. жасайтын шеберді зергер деп атайды. Зергер – темір мен құнды металды және олардың қоспаларын көркемдеп өңдеуші. Темір ұсталарына қарағанда зергердің құрал-саймандары кішілеу келеді. Халық ұста мен зергерді ісмер деп атайды.
Шеберлердің көптеген әсем бұйымдары қаңылтырдан жасалған.

Қаңылтырды көркемдеп өңдеудің ең ежелгі түрінің бірі шекімелеу әдісі. Ол үшін қаңылтырдан жасалатын бұйымның пішіні мен мөлшеріне сәйкес пластина кесіп алынады. Бедер салу жұмысы, негізінен, қаңылтырдың бетіне жүргізіледі. Бедерлеу жұмысын жүргізу үшін, бірінші кезекте металдың бетіне қажет суретті салып алу қажет. Қаңылтыр астына резеңке төсеніш салу қажет. Бұйымның бетін нүктемен, сызықпен бедерлеу тәсілдері дәл әрі алуан түрлі болып келеді. Қаңылтырдың бетін арнайы құрал-саймандардың көмегімен шекімелейді. Мұндай құрал-саймандардың қатарына арнайы шекігіштер мен балғалар жатады. Балғалар мен шекігіштің түрлеріне байланысты олардың қызметтері де әр түрлі.

Сергіту сәті
Оқушыларды екі топқа бөліп плакатқа 1 минут ішінде зергерлер мен ұсталардың темірден жасаған бұйымдарының тізімін жазу керек. Қай топ көп жазса, сол топ жеңімпаз болып есептелінеді.

Металды түзету
Металды қолмен түзететін құралдардың қатарына темір балға немесе ағаш балға жатады. Қалыңдығы 0,5 мм металды ағаш балғамен түзетеді. Металды түзету үшін арнайы төс немесе түзету тақталары қолданылады.
Жолақ металды түзету әдісі:
1. Майысқан жолақ металдың бір жағын қолғап арқылы сол қолыңмен ұстап, төстің үстіне қой. Оның оның майысқан дөңес жағын жоғары қаратып балғамен соқ.
2. Металдың дөңес жерлерін соғуды шет жақтарынан бастап, ортасына қарай ауыс. Майысқан жерлердің түзеле бастағанына көзің жеткен соң, соғу күшін біртіндеп азайт.

Оқушылардан қандай қауіпсіздік ережесін білетіндігін сұрау және де қаңылтырмен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік ережесімен таныстыру

Темірді көркемдеп өңдеу барысындағы қауіпсіз жұмыс істеу ережелері

1. Қаңылтырмен жұмыс істегенде, міндетті түрде қолғап ки.
2. Қаңылтырдың шетін қиғанда, қолыңды жарақаттап алудан сақтан.
3. Қаңылтырдың бетін тазалағанда, үрлемей, арнаулы сыпырғышпен сыпыр
4. Қаңылтырдың бетін, жиегін саусағынмен сипама
5. Белгі салатын және ұшы өткір шапқыларды, үшкір қаңылтырдың бөлігін қалтаңа салма, лақтырма, қасындағы оқушыға қарай сілтеме.
6. Жіңішке сымды ұсақтап қырыққанда, оның ұнтағына аса мұқият бол.
7. Темір қайшымен жұмыс істегенде, қайшы белдің деңгейінен төмен болсын.
8. Сыммен жұмыс істегенде, оның екінші ұшына сақ бол.
9. Қаңылтыр дайындаманың бетін тегістегенде, өрнекті бедерлегенде, екінщі қолыңды соғып алма.
10. Балға мен бедерлегішті (шекігішті) осылай ұста!
Дәптермен жұмыс
Оқушыларға келесі практикалық сабақта қандай өрнек немесе сурет түрін қаңылтыр бетіне түсіретіндігін салдыру

V Жаңа сабақты бекіту

Венн диаграммасы
Зергер Ұқсастығы Ұста
Білезік, жүзік, алқа, сырға жасайды, құралдары кішілеу, Дүкен, ұстахана, темірден бұйым жасайды, ісмер Қаруларды, ыдыс-аяқ, құрал-саймандарды, шаруашылық құралдарын

Оқушылардан бүгінгі сабақтан не түсінгендерін сұрау

VI Бағалау
VII Үйге тапсырма беру

Қаңылтырдан білезік жасау және оның бетін бедерлеу

















5-сынып №13сабақ :

Сабақтың тақырыбы: Металдар. Металдар қасиеттері. Қара металл өндіру. Түсті металдар және қоспалар.

Білімділігі: Металды көркемдеп өңдеу технологиясын меңгеру, қаңылтыр бетіне өрнек түсіруді үйрену
Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, іскерлікке тәрбиелеу
Дамытушылығы: Оқушылардың ой қабілетін дамыту

Металлдар-бұл жоғары электр тоғын,жылылықты өткізгіш қасиетіне ие екендігін, бақылаушы, жалтырағыш және тағы басқа қасиетке ие екендігін есімізге түсіріп өтуіміз керек. 

Бұлай  болуының себебі,металлардың кристалдық решоткаларында көп санындағы еркін қозғалушы электрондардың бар болуы менен түсіндіріледі.

Әдетте металдар таза түрінде емес,ал қоспа түрінде қолданылады.

Металл қоспасы,бұл сондай зат,екі немесе бір неше элементтердің өз-ара әсерінен алынып металлдардың қасиеттеріне ие болады.

Барлық металлдар және қоспалар қара және түсті болып екіге бөлінеді.

                                                  

                                       Метал

 

        Қара                                                      Түсті

 

Қара металл және оның қоспаларына-темір және сол негізіндегі қоспалар  жатады.

Түсті металға-қалған барлық метал және қоспалары жатады.

 

                                            Металл қоспалары.(таблица)

Қара металл

темір және сол негізіндегі қоспалар

Түсті метал

қалған барлық метал және қоспалар

 

Қара металлдар.Темір-күл түстірек түсте жылтырамайтын ақ металл болып тығыздығы 7,8 г/см куб еру температурасы 1539 градус С˙.

Болат пен шойын темірдің көміртектік қорытпасы. Көміртегінің жоғары мөлшеріне байланысты шойын морт сынғыш, осал болып келеді.          

Темір таза түрінде шыдамдылығы төмен болғандықтан онша көп қолданылмайды. Ал өндіріске соғуға, июге және тегістеуге жарамды пластикалык (иілгіш) материал кажет. Сондықтан шойынның көп бөлігін болатқа айналдырады.

Қара металлдар өндірісте 2ші рет қайта қолданылады. Қара металлургия жаппай колданылатын конструкциялық материал -болат өндіреді. Болат-бұл темір менен углеродтың 2,14%ке дейін және басқа да элементтердің  қоспасы болып есептеледі.Болаттың химиялық құрамына қарай: углеродты болаттар, лигерленген болаттар болып екіге бөлінеді.

                                                  Болат

Углеродты болат                                               Лигерленген болат

Углеродты болат құрамына темір және углерод пен бір қатарда 1% ке дейін марганец және 0.4%ке дейін Кремний сондай-ақ зиянды араласпалар болған,күкірт және фосфор болады.Лигерленген болаттар құрамына жоғарыдағы айтылған компаненттер менен бірге,қоспалардың сапасын жақсартушы лигерлеуші элементтер де кіреді, оған хром,никель,титан және тағы басқалар жатады.

Болат қорыту үшін шикізат пен отын қажет. Отынды кокстелетін тас көмірден алады.    

 Болаттың жасалуына қарай Конструкциялық және Инструментталдық болып екіге болінеді.    

Дәстүрлі және жаңа конструкциялық материалдар. Дайын өнім шығару мен құрылыста қолданылатын материалдарды конструкциялық материалдар деп атайды қазіргі заманғы техника берік әрі әр алуан конструкциялық материалдарды қажет етеді. Сондықтан олардың түрлері үнемі көбейіп отырады. Металл пластиктердің, металл керамиканың,темір бетонның, яғни аралас материалдардың маңызы артуда. Олар казіргі технологиялык процестерге тән жоғарғы қысымға, үлкен жылдамдықтар мен температуралық ауытқуларға төзімді келеді. Сапалы құрыш (металл қоспалары – хром, марганец қосылған),металдар (титан, алюминий), полимерлер (пластмасса, химиялық талшықтар) өндірісіне ерекше көңіл бөлінеді.Конструкциялық материалдар салалары өндірістің барлық сатыларын – шикізатты өндіруді, өңдеуді, дайын өнім алуды тұтастай қамтиды. Олар – табиғи ресурстардың ірі тұтынушылары әрі қоршаған ортаны ластаушылар болып табылады.Елдің бір тұрғынына есептегенде жылына 20 т пайдалы казба өндіріледі. Ал оларды өңдеуде шығатын қалдықтар 17 млрд т-дан асады.Сондықтан бұл салалардың дамуы табиғатты қоргау және оның байлықтарын тиімді пайдалану шараларымен уштастыра жүргізілуі керек.









































5-сынып №14сабақ :

Сабақтың тақырыбы: Қара металл өндіру

Сабақтың мақсаты  Кен және оның түрлері туралы түсініктерін қалыптастыру.

Білімділігі: Металды көркемдеп өңдеу технологиясын меңгеру, қаңылтыр бетіне өрнек түсіруді үйрену
Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, іскерлікке тәрбиелеу
Дамытушылығы: Оқушылардың ой қабілетін дамыту

Кенді пайдалы қазбаларды қорғауға баулу.Есте сақтау,ойлау  қабілетін                                                                            дамыту.
Қазақстан  жеріндегі пайдалы қазбаларды     қорғауға және одан әрі жетілдіруге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ−жауап,түсіндіру
Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі:пайдалы қазба түрлері,магнит,заттар түрі,карта.

Сабақтың барысы:

І.ҰЙЫМДАСТЫРУ кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ.Негізгі бөлім.

−Пайдалы қазба деп нені атайды?

−Қазақстанда өндірілетін пайдалы қазбаларды ата?

ІІІ.Жаңа сабақ.

Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді оқу.

−Өз беттерінше оқу.

Топтастыру.

Сарамандық жұмыс.

 

−Металдар қандай түсті болады екен?

−Оның қара және түсті екенін қалай білеміз?

Алдымыздағы  металдан жасалған бұйымдарды магнитке жақындатып көреміз,егер бұл бұйымдар  магнитке тартылса қара металдан жасалған,ал магнитке тартылмағандары түсті металл бұйымдары екенін ажыратуға болады екен.

ІҮ.Картамен жұмыс.Қазақстанның пайдалы қазбаларын картадан белгілері арқылы тауып көрсету.

▲−темір кені, ■−қоңыр көмір,◌ −фосфорит

−Темір кені қай жерлерде өндіріледі екен?

−Мұнай қай жерлерде өндіріледі?

Ү.Дәптермен жұмыс.Шартты белгілерді жазу.

ҮІ.Қорытынды. Мен зергер болсам…

Тест тапсырмалары:

1.Темір қорытылады:

А)полиметалды кеннен

Ә)түсті металдар кенінен

Б)қара металдар кенінен

2.Қостанай облысында темір кенінің шоғырлануы пайыз есебімен

А)85%

ә)82%

б)50%

ҮІІ.бағалау

ҮІІІ.Үйге тапсырма.Зерттеу жұмысы.     (зауыттар мен құрылыстар жұмыстары туралы)

5-сынып №14сабақ :

Сабақтың тақырыбы:Түсті металдар және қоспалар

Білімділігі: Металды көркемдеп өңдеу технологиясын меңгеру, қаңылтыр бетіне өрнек түсіруді үйрену
Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, іскерлікке тәрбиелеу
Дамытушылығы: Оқушылардың ой қабілетін дамыту

Металдар– Электр тоғы мен жылуды жақсы өткізетін, пластикалық қасиеті жоғары, жылтыр заттар. Мұндай қасиеттердің болуы металдардың ішкі құрылымымен байланысты.

Металдардың (сынаптан басқа) кристалдық тор көздерінде металл атомдары орналасқан. Олар бір-бірімен металдық байланыспен байланысады. Металдардың иондану энергиясы аз болғандықтан олардың валенттік электрондары оңай бөлініп, бүкіл кристалдың бойында еркін қозғала алады. Сондықтан олардың жиынтығын электрон газы деп те атайды. Су ерітінділеріндегі реакциялар үшін металдың активтілігі оның активті қатардағы орнына байланысты.

Металдардың қаттылығы, температураға төзімділігі күнделікті тәжірибеде шешуші рөл атқарады. Егер шыны хроммен кесілсе, ал цезийді адам тырнағымен-ақ кесе алады. Кейбір металдар жұмсақ (күміс, алтын, т.б.) болғандықтан таза металдардың орнына олардың бір-бірімен құймалары қолданылады. Ең алғаш алынған құймалардың бірі – қола.

Темір мен оның құймалары (шойын, болат) қара металдар, ал қалғандары түсті металдар; алтын, күміс,платина химиялық реактивтерге төзімділігіне байланысты асыл металдар; сумен әрекеттесіп сілті түзетін металдарды сілтілік (Lі, Na, K, Rb, Cs), ал жер қыртысының негізін құрайтындарын сілтілік жер металдар; массалық үлесі 0,01%-дан аспайтындарын сирек металдар деп атайды. Өнеркәсіпте металдарды негізінен пирометаллургия, гидрометаллургия және электрметаллургия әдістерімен алады. Металдар электр сымдарын, тұрмысқа қажет бұйымдар (қазан, балға, т.б.) жасауда, т.б. кеңінен қолданылады.



ҮІІ.бағалау

ҮІІІ.Үйге тапсырма.Зерттеу жұмысы.     (зауыттар мен құрылыстар жұмыстары туралы)





5-сынып №16сабақ :

Сабақтың тақырыбы:Темірді түзету ж/е ию. Қауіпсіздік ережесі.(пракика)

- Оқушыларға сым туралы түсінік беру, сымды кәптеу яғни ию, майыстыру, түзету т.б әдіс-тәсілдерін оқушыларға үйрету, әсемдікке баулу.
- Сым кәптеу жұмыстарына арналған құрал – аспаптармен, жабдықтарды пайдалана білу қабілеттіліктерін дамыту.
- Сыммен жұмыс барысы кезінде қауіпсіздіктерді сақтауға тәрбиелеу.
Сабаққа қажетті көрнекіліктер мен жабдықтар: сым оның түрлері. Сыммен жұмыс жасайтын құрал – аспаптар, сымды түзету жабдықтары, суреттемелер мен плакаттар т.б.
Сабақтың түрі: Сарамандық жұмыс. Сым кәптеу.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Сұрақ – жауап, түсіндіру, сарамандық жұмыс, ой қиялға үңілу.

Сабақтың барысы:
- Оқушылармен сәлемдесу, оларды түгендеп белгілеу, оқушылардың әзірліктерін бақылау, тексеріп шығу.
Өтілген сабақты пысықтау:
Қойылатын сұрақтар тізбесі:
▪ Металлдар деген не?
▪ Шойын мен болаттың бір – бірінен айырмашылығын ата.
▪ Түсті металлдар туралы не білесіңдер?
▪ Сым дегеніміз не?
▪ Оның қажеттілігі.

Сабақты түсіндіру:
- Заводтарда негізінен сымдарды, орам түрінде шығарады. Қажет дайындамалар ұзыннан арнайы кесіп алынады. Ең алдымен сымнан жасалатын бұйымдарды, затты дайындау үшін түзетіп алу қажет.
- Сымды түзету әдістерін арнайы суреттемелер, плакаттарды пайдалана отырып, түсіндіремін, көрсетемін. Арнайы жабдықтарды пайдалану арқылы сымдарды түзету әдістері.(суреттемелер)
- Сымды кәптеу жұмыстарына арналған құрал – аспаптар түрлері: (қысқыш, атауыз, балға, тақтайша, тістеуік)
- Сыммен жұмыс барысы кезіндегі қауіпсіздік ережесі туралы қысқаша айтып түсіндіру.
- Оқу шеберханасында сыммен жұмыс жасау барысында диаметрлері әр – түрлі, негізінен диаметрлері 0,5мм ...5мм аралығындағы сымдар таңдап алынады.

Негізгі операция түрлері:
Түзету, кесу, ию немесе майыстыру. (болат, алюмин, мыс т.б сымдар түрлері)
Кесу процессі кезінде:
Ұзындығы 110...250мм, еріндерінің жалпақтығы 15...40мм кескіштер қолданылады. Қатты жуан сымдарды (кескіш, зубило) шапқымен кеседі, (плита, төсегіш, жұмсақ металл) немесе егеумен із салып та сындыруға болады.

Түзету процессі. Балғамен плитаның үстіне қойып түзету. Егерде сым жұмсақ болса, ағаш балғамен ұрып түзетуге болады. Жіңішке икемге көнгіш сымдарды арнайы жұмыр ағаш, металл бұйымға салып түзету, екі жалпақ ағаш арасынан ысқылап өткізу, бір түзудің бойына қағылған шеге арасынан өткізу арқылы түзету.
Ию процессі: Атауыз, қысқыштарды пайдалану арқылы т.б арнайы алынған әр – түрлі пішіндегі бұйымдарға салып июге болады.
Мысалдар келтіру: (көрсету)
(суреттемелер қоса тіркеледі)

Сарамандық жұмыс: Сымнан көгершін бейнесін иіп көрсету. Алдымен А – 4 форматқа көгершін бейнесін салып алу, белгілеу. Сонан соң сымды бейненің үстіне салып ию. Дұрыстығын тексеріп алып, көгершін бейнесін қатты бетке желіммен немесе т.б әдістермен жапсырмалау. Әр – түрлі әшекей сымдармен көркемдеу. Бейбітшілік құсы көгершін бейнесін жасап шығару.

Сабақты қорытындылау:
- Жұмыстарды салыстырмалы түрде қарай отырып, дұрыс-бұрыстығын ескеріп айту, қосымша сұрақтар қою, оқушыларды бағалау.
- Шеберхана ішін жинастыру, құрал – жинақтарды салу, жұмыстарды мұғалімге өткізу, келесі сабаққа тапсырма алу.
Үйге тапсырма:
Өз қиялдары, өз ойлары бойынша сымнан әр – түрлі бұйымдар жасап үйрену.



















5-сынып №15сабақ :

Сабақтың тақырыбы: Металдарды шабу әдістері

Білімділік: Сабақта шойын мен болат өндірісіндегі технологиялық үрдістердің ғылыми негіздерін толық ашу. Оқушылардың темір құймалырына дейінгі аралықтарды еске түсіре отырып,темір металына мәлімет беріп кету;

Тәрбиелік: Оқушылардың іздемпаздылығын іскерлігін және маман иесі ретінде жауап беру қабілеттерін бағалай отырып,қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі : Аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, түсінік айту, сипаттау және ізденіс жұмыстары тірек-сызба жүргізіледі.

Сабақта қолданылатын технология элементтері: СКТ технологиясы және деңгейлеп оқыту

Сабаққа қажетті құралдар: Интерактивті тақтаны слайд көрсету барысында және плакаттар, сызбалар, бейне баяндамалар, тақта, таратпа көрсетілімдер.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: (3 минут)

1 кезең: сәлемдесу

2 кезең: оқушыларды журнал бойынша түгендеу

3 кезең: сабаққа дайындығын тексеру және сабаққа дайындау

4 кезең : оқушылар көңілін аударту

ІІ Үй тапсырмасы ( 10 минут)

Үй тапсырмасында сұрақ-жауап және проблемалық-сетуациялық сұрақтар туындата отырып, оқушыларды жауапқа тарту 

Сұрақтарды қарастыру.Сатылай Кешенді Талдау әдісі арқылы жүргізіледі.


МЕТАЛДАРҒА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА БЕРУ Физикалық қасиеті, 

металдарға тән қасиеттер

ТЕМІР периодтық атом құрылысы табиғатта Физикалық

жүйедегі орны таралуы қасиеті

ҚҰЙМА анықтама түрлеріне сипаттама


ШОЙЫН ЖӘНЕ БОЛАТ темірді алу видиороликті талқылау формуламен, 

процесі мәнін түсіндіру Венн диаграмма 

Оқушы металдарға сипаттама беріп кетеді:

Металдарға тән сипаттауыш қасиет- олардың атомдарыныңсыртқы электрондарын оңай беріп, оң зарядты иондарға айналуы болып табылады. Қазіргі уақытта металдарға жататын 88 металл,оның ішінде І-ІІІ топтың негізгі топшаларында, сонымен бірге барлық қосымша топшаларда орналасқан элементтер s-элементтер, d-элементтер, p-элементтер болып табылады.металдардың сыртық деңгейінде 1-3 ке дейін электрон болады.

Екінші бір тән қасиет-олардың валенттік электрондарын жеңіл беруі. Металдар химиялық реакцияларда өзін тотықсыздандырғыштар ретінде көрсетеді.

Электр және жылуды жақсы өткізеді

Металдық жылтырБарлық металдар жылтырайды. Мөлдір емес, көбінесе сұр түсті болады,өйткені олардың кристалдарының ішіндегі кеңістікте «Электрон газы бар. Электрондар жарық сіңіргенде тербеле бастайды және адамның көзіне көрінетін өзінің сәуле толқындарын шығарады.

Иілгіштік 

Балқу температурасы 10000 с жоғ қиын балқитын төм-оңай балқитын

Тығыздығы 5 г/см3 көп болса ауыр металл. аз болса жеңіл металл.

Қаттылық 

Құймалар

Еікінші оқушы -Металдардың ішіндегі үштік қатарды қарастырып тұрған металдардың бірі- ТЕМІРметалына периодтық жүйедегі орнына атом құрылысына, табиғатта таралуына және физикалық қасиетіне сипаттама беріп, тоқталып өтеді





5-сынып №17сабақ :

Сабақтың тақырыбы:Металды егеу.

Сабақтың максаты: Тілімді түйістіріп пісіру түрлерімен таныстырып,амалдарын түсіндіріп әдістерін көрсету.

Білімділігі: Металды көркемдеп өңдеу технологиясын меңгеру, қаңылтыр бетіне өрнек түсіруді үйрену
Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, іскерлікке тәрбиелеу
Дамытушылығы: Оқушылардың ой қабілетін дамыту

Сабақтын түріаралас.

Сабактын көрнектілігі: Плакаттар,электрод,маска,темір щетка,шлак соғатын балға болат тілім.

Теориалық сабақтан қайталау сұрақтары:

1.Пісіру жабдықтары.

Трансформатор,түзеткіштер,түрлендіргіш,генератор.

2.Пісірі қосылыстарының түрлері. Түйістірілген С1-С8, Таврлы Т1-Т8, Бұрыштық У1-У10, Айқастырмалы қосылыс Н1-Н1

3.Пісірушінің жұмыс орны қандай жабдықтармен жабдықталады ?Доғаларды көректендіру көзі, жерлендіруге қосу, үстел, желдеткіш, электрод маска электр ұстағыш пісіру апараты.

4.Пісіру кезіндегі техника қауіпсіздігі: Біріншіден, толық киім болу керек және бетіне маска, қолына қолғап киюі  тиіс. Жұмыс орнын тексеріп,жұмыс ережесі бойынша қамтамасыздандырылады. Қызған металды арнайы қысқашпен ұстайды.

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Пісіру-металдардын ажырамайтын қосылысын алу. Пісіру кезінде қолданылатын құралдар-екі тілімше, егеу темір щеткасы, электрод. Пісіру кезінде қыздыруға және балқытуға жататын бөлшектердің бүйір беттерін пісірілетін жиектер деп атайды.Негізгі металдың қалыңдығы мен олардың пісіру әдістеріне байланысты пісірілетін жиектердің біркелкі балқуын қамтамасыз ету үшін жиектерді алдын ала дайындай отырып, біршама оңтайлы пішіңге келтіреді. Жиектерді ернеулеу жұқа қабырғалы бөлшектерді пісірген кезде қолданылады.Қалың қабырғалы бөлшектер үшін пісіруге жататын жиектердің түзу сызықты немесе қисық сызықты, көлбеулі қиғаштарын орындайды.

Қалыңдығы 6-8мм-ге дейіңгі жиектерді қиғашсыз түзу күйінде, бүкіл қалыңдығына толық пісіру ток пен электродтын диаметірін дұрыс таңдап алуға байланысты болады.Түйістіріп пісіру кезінде тілімнің қалыңдығы 6 мм болса, жиек түзу бір жағынан пісіріледі.Ал егер тілім қалыңдығы 8 мм болса, жиек екі түзу жақтан пісіріледі. Тілім 8 мм-ден көп болса,онда жиегін қиғаштап  астына төсем салып пісіреді.Пісіріп болған соң төсемді алып тастауға да қалдыруғада болады                    а) суреті    .     б) суреті

Тілімдерді түйістіріп пісірген кезде жиектін орналасуына байланысты  әр түрлі болады.Төбелік, тік, көлденен және төменгі.               Балқытып пісірген кезде екі білекшенің арасына 2-3 мм қалдырып бір жікпен пісіреді.Электродты металдың бетіне көлбеулетіп ұстау керек.

Пісіру кезінде электрод ұштары үш түрлі қозғалыс жасайды:

1)жоғарыдан төмен электрод осьтерінің бойымен үдемелеу.

2)жіктер сызықтарының бойымен үдемелеу.

3)жіктердің көлденеңінен оның осьтеріне перпендикуляр.

Сондықтан,негізгі ерітіп пісірілген металдың біршама жақсы балқуын қамтамасыз етеді және жік біршама берік болады.Пісіру процесі элементтерінің бірі құрастыру кезінде пісірілетін тілімдердің алдын- ала бекітіге арналған іліндірмесе болып табылады. Іліндірме ұзындығы бірнеше сантиметр жіңішке білікшемен жүргізіледі.Тілім іліндірер алдында бет мұқият тазартылады. Пісіру уақытында іліндіру орны негізгі металға дейін толығымен балқытылуы қажет.

Пісірілетін жиектің түрлері:

Пісірілетін жиектің үш түрі болады: қалыпты, дөңгелекті иілген.

Техника қауіпсіздігі.

Жұмыс орны жабдықтарының тоқ көзін тексеру,материал қалыңдығына байланысты электродты таңдау,слесарьлық жұмыс кезінде балға согысына мұқият қарау, егеу тістеріне қолды кесіп алудан сақтану.Шлагты соғып түсіргенде,көзге абай болу.Пісіру кезінде масканы ашуға болмайды.

Практикалық бөлім

1.Слесарлық жұмыс.Тілімді түзету,тілімді таңбалау,егеулеу.

2.Тілімдіпісіруге жинақтау.Пісіру кабинасында тілім арасына 2-3 мм саңылау қалдырып,түзу орнатылады.

3.Тілімді екі жағынан пісіріп ұстату.

4.Тілімді ұстатқаннан кейін түзету.

5.Тілімді толық бір өтпеде пісіру.

6.Пісірілген жиектерді тазалау,егеулеу.

7.Жиектін түзулігін тексеру.

Жұмыс орнын тексеру мақсаты:

Жұмыс орнының ережесі мен техника қауіпсіздігін сақтау.               

Қалай дұмыс іститінін техпроцеспен қадағалау.                              

Жаңа тақырыпты қалай түсінгендерін тексеру.                                  

Әзір жұмыстарын қабылдап,жұмыс құралдарын жинау.                    

Жұмыс орнын тазалау.

 Бекіту құрлымы:

Өндірістік оқыту сабағының қортындысы.

Оқушылардың жақсы жұмыстарын көрсетіп,жіберген қателіктерін түсіндіру.

Үй тапсырмасы: «Пісіру қосылыстарының түрлері» тақырыбын қайталау.



















5-сынып №18сабақ :

Сабақтың тақырыбы: Металды слесарлық арамен кесу.

Білімділігі: Металды көркемдеп өңдеу технологиясын меңгеру, қаңылтыр бетіне өрнек түсіруді үйрену
Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, іскерлікке тәрбиелеу
Дамытушылығы: Оқушылардың ой қабілетін дамыту













5-сынып №19сабақ :

Сабақтың тақырыбы:Сәндік-қолданбалы өнері элементтерін қоса отырып, материалдарды көркем өңдеу технологиясы

Тақырыбы: Сәндік-қолданбалы өнердің элементтері арқылы материалдарды көркемдеп өңдеу
Мақсаты: Техникалық-технологиялық мәліметтер.

Білімділігі: Металды көркемдеп өңдеу технологиясын меңгеру, қаңылтыр бетіне өрнек түсіруді үйрену
Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, іскерлікке тәрбиелеу
Дамытушылығы: Оқушылардың ой қабілетін дамыту

Міндеттері:

1.Қазақтардың және басқа ұлттардың қолданбалы қолөнер түрлері туралы мәлімет.

2.Туған өлкемізде ағаштың көркем өңделуі туралы мәлімет, олардың ерекшеліктері туралы түсініктерін дамыту

3 Көркем өңдеудегі материалдардың түрлері меңгеруге тәрбиелеу

Құрал-жабдықтарАғаш өндеуге пайдаланатын құралдар жиынтығы. Ағаштарды әртүрлі көркемдеп ою құралдары, жіңішке темір кескіш, трафареттер.

 

Көрнекілік. Әртүрлі ағаш түрлерінің жиынтығы және плакаттар. Жұқпалы ауруы бар ағаштар кесінділері, ағаштың текстуралары. Халық шеберлерінің ағашты көркем өңдеуде жасаған экспонаттары.

Демонстрациялау.

 Диафильмдер, слайдтар. Рельфтік және контурлық оюлардың орындалуы.

Топсеруен. Ағаш өңдеу орындары, шеберханалар.

 

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Өткенді еске түсіру

 

ІІІ.Практикалық жұмыс. Тақтай бетіне «Түйе мойын» ою-өрнегін салу. Ағаш және   фанерден әр түрлі формада розетка, брелок жасап, оларға өрнек салу. Табиғи материалдармен жұмыс. Текстуралық ағаштың маңызы. Ағаштың сапасы. Материалдарды өңдеу. Контурлық оюдың техникасы.

Ағаш бөлшектерінің желімі. Ағашты желімдеу. Желімдеу материалдары. Қауіпсіздік жұмыстарының ережелері.

ІV.Сабақты бекіту

 

V.Үй тапсырмасы



















5-сынып №20сабақ :

Сабақтың тақырыбы: Ағашты көркемдеп өңдеу технологиясы. Ағаш ою құралдары

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ағашты көркемдеп ою тәсілдерін меңгерту. Білімділігі: Металды көркемдеп өңдеу технологиясын меңгеру, қаңылтыр бетіне өрнек түсіруді үйрену
Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, іскерлікке тәрбиелеу
Дамытушылығы: Оқушылардың ой қабілетін дамыту

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2.   Өткен материалдарды қайталау.

А)Ағаштың қандай түрлерін білесіңдер?

Ә) Ағаш өңдеу құралдарын атап шығыңдар.

Б) Ағаштың текстурасы дегеніміз не?

В) Ағаштан бұйымдар жасайтын адамды қалай атайды?

3. Жаңа сабақ. Ағаш-табиғаттың тамаша туындысы. Ағаш көп өскен жерді халық орман, тоғай деп атаған. Тоғай ертеден адамдардың негізгі тұрақ жайы болған. Ерте заманнан-ақ адамдар ағашты тіршілігіне қажетті материал ретінде пайдаланған. Олар ағаштан  аң аулауға қажетті аша таяқ, найза, қада, жебе т.б. заттар жасаған. Адам ағаш өңдеуді тез үйренген. Өйткені ағаш өңдеуге оңай көнетін материал. Пышақ, балта сияқты қарапайым құралдардың көмегімен адамдар үйлерді, көпірлерді, жел диірмендерін, қамалдар мен ыдыс-аяқтар жасаған.

Қазіргі уақытта да біздер ағашсыз өз өмірімізді елестете алмаймыз. Тұрған үйіміз, үй жиһаздары, басқа да тұрмыста жиі қолданылатын заттардың көбі ағаштан жасалған.

Қолөнердің ең көп тараған түрлерінің бірі - бұл ағашты көркемдеп, өңдеу. Ертеден-ақ көшпелі халық  тұрмысына қажетті заттарды өздері жасап отырған. Ағаштан түйін түйген шеберлер атқа салатын ерді, тамақ сақтайтын кебеже, киім салатын сандық, әбдіре, киім ілетін-адалбақан, тостаған, саптаяқ, шара, отау, табақ пен тегештерді аса шеберлікпен жасаған.

Ағаштан жасалған бұйымдардың ішіндегі ең көп тараған түрлері жұпаяқ, күбі, ағаштан бүтіндей ойылған астау, келі-келсап, асадал. Бұл бұйымдарды шеберлер күмістен, сүйектен жасалған ою-өрнектермен әрлеген. Ағаш үйдің бөлшектерін ою өрнектермен әшекейлеп безендірген. Халық шеберлері жасаған осындай заттар қазір еліміздің музейлерінде сақтаулы.

Слайдтардан алған мәліметтерге сүйене отырып сабағымызды жалғастырайық.

Көркемдеп өңдеуге қажетті ағашты дұрыс таңдау істің нәтижелі болуына септігін тигізеді. Оған май қарағай, терек, үйеңкі секілді жұмсақ ағаш қажет, нәзік ойықша, үшбұрыш және басқа өрнектерді салу, әрлеу жұмыстары оңай жүргізіледі. Жұмысқа бұтақсыз жұмсақ  ағаш түрін таңдап, қажетті өлшеммен кесіп, сүргілеп, әрлеп болған соң, тегіс бетіне өрнек бейнесін көшіреді.

Өрнек дегеніміз- кез келген бұйымның сыртына түсірілетін біртұтас байланысты әшекей. Ал ою дегеніміз, бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу немесе шабу кезіндегі ойып өңдеу жұмыстары. Ою-өрнектердің бір түрі

Қазақтың ою және өрнек деген қос сөзі біріге келіп латынша орнамент деген ұғымды білдіреді. Мағынасы сәндеу, әсемдеу. Осы сәндеу, әсемдеудің бір түрі, яғни хайуанат, жан-жануар және өсімдік белгілері мен мүшелері немесе геометриялық фигуралар іспеттес элементтердің үнемі ырғақты қайталап, симметриялы орналасқан көркем өрісі мен құрылымын ою деп атаймыз.

Өрнекті оюдың бірнеше тәсілі бар. Соның бірі- геометриялық бейнедегі өрнек. Мұндай өрнек ағаш бетінде геометриялық сурет салу арқылы жасалады.

Екінші тәсіл-өрнекті салғанда, оның ізін пышақпен тігіп, өрнектің жиектерін көлбеулей жұқалап жонып алады. Мұндай оюларды бірнеше әдістермен орындайды: біріншіден, өрнектердің жиектерін дөңестеп, жұмырлай жиектеп өрнекке кеңістіктегі көрініс береді;

екіншіден, өрнектердің сыртқы жиегін өрнек денесінің ортасынан да ойықшалап бедер беріледі; үшіншіден, бірінші және екінші әдіспен орындалған өрнектің түбін бедерлеп, бедерлі өрнектің мәніне қарай таңдап, бедер беру тәсілімен орындайды.

Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу мынадай шаралар арқылы жүзеге асады.

-          бұйымның негізін талаптарға сай тазалау;

-          бұйымдарды бояу, оған әр беру;

-          боялған бұйымдарды тазалау, лактау.

Қауіпсіздік ережесінің сақталуын қатаң тексеру. Әдебиет пен өнерде композиция деген түсінік бар: Ол жүйелеу, үйлестіру ұғымын білдіретін латын сөзі. Өнердің барлық саласында композициялық пішін арқылы жаттығып көреміз.

10. Қорытынды.

«Үтір» (қайырма), «үшбұрыш» және «сыңар қанат» түріндегі өрнектерді тақтай бетіне салып үйренеміз, іске сәт!

Оқушыларды бағалау, жақсы жұмыстарды  көрмеге алу.

Үйге тапсырма: дайындаған ою-өрнекті көркемдеп өңдеу, аяқтау және «Ағашты көркемдеп өңдеу технологиясы» тақырыбына реферат жазу.









5-сынып №21сабақ :

Сабақтың тақырыбы: Ағаш ою құралдарыжұмыс

Білімділігі: Металды көркемдеп өңдеу технологиясын меңгеру, қаңылтыр бетіне өрнек түсіруді үйрену
Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, іскерлікке тәрбиелеу
Дамытушылығы: Оқушылардың ой қабілетін дамыту

Ағаш шебері (Ағашшы ) - ағаштан түрлі тұтыну бұйымдары мен үй жиһаздарын жасайтын маман. Ағаштан түйін түйетін шеберлерді төрт топқа бөліп қарастыруға болады: балташылар - үй құрау, арба, шана, есік, терезе жақтауларын тағы басқа жасаушылар; үйшілер - киіз үйдің кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, адалбақан, асадал сынды тағы басқа бұйымдарын жасаушылар; оймашылар - жүкаяқ, кереует, кебеже, абдыра, саз аспаптарын оюлап жасаушылар; тоқушылар - себет, ергенек, қорап тағы басқа тұрмыстық бұйымдарын тоқушылар.

Ағашшы күнделікті тұтынатын ас-су жабдықтарын: тостаған, аяқ-табақ, сапты аяқ, ожау, қалақ, иіелек, күбі, астау, ат әбзелдері (ердің қаңқасы, ашамай), үй жиһаздарын: жүкаяқ, кебеже, сандық, асадал, адалбақан, аша, бақан, тіреуіш, төсек, бесік тағы басқа дүйім дүниені жаcaп, мәнерлейді. Ағаштан жасалған бұйымдар төзімді, әрі жеңіл болғандықтан, қазақ көшпелі тұрмысында қолдануға ыңғайлы болды.

Ағаш тасуға ыңғайлы болғандықтан ағашшы үйін орманға жақын жерге салған. Ағашшы кәсібімен айналысатындар қайың, арша, қарағай, тораңғы сияқты ағаштарды таңдап алып, көлеңке, әрі кұрғақ жерде кептіріп, жонып сүргілейді. Ағашты кесу, тесу, ою, ыңғырулау, өңдеу, дайын болған соң, бояу, оюлау, бедер салу сияқты істерге кіріседі. Ағаш үйдің уығын морлап ию, керегені қырып көктеу, шаңырақ ию, есік үйлестіру сияқты тәсілдер де кең қолданылды.

Ағаш шебері өздері өмір сүрген табиғи ортадан керегін тауып, таңдап, қажетті бұйымдар жасай білген. Ағаш желімін де қолдан қайнатып дайындаған. Сөйтіп, ағашшылар өздері жасаған бұйымдарды сатып немесе малға, тағамға айырбастап, кәсіпшілігімен күн көрген.

Ағаш шеберлік аспаптары - ағаш ұқсату, өңдеу жұмыстарына қажетті саймандар. Кез келген жұмысты бастар алдында ағаш шебері кұрал-саймандарын сайлап алады.

Ағаш ұсталары кұрал-саймандарын кесу, шабу, қию, жону, керту, ою, оймыштау, қырнау, қыру, тесу, сургілеу, тілу, қару, бояу, жылтырату, сырлау, шегелеу, желімдеу және тағы басқа жұмыстарда қолданды.

Ағаш шеберінің негізгі құралдары мыналар: балта, балға, ара, шот, сүргі, бұрғы, түрпі, тез, қашау, шапқы, қырғыш, ұңғы, ыңғыру, сыдырғы, егеу, тістеуік, үскі, пышақ түрлері және тағы басқа ағаш шеберінің аспаптар қатарына ағаш балға, шот, атауыз (қысқы), аталғы, пышақ, пәрмі, қолшығыр, балға, ағаш балға, ұртоқпақ (қолағаш), қырғыш, сүмсуір, қаламдықтемір (көзеуіш), ақсақтемір, қайрақ, білеу, қылау, жануыш, сүргі, зімпара, бұлғауыш, қылқалам, қуысқұлақ, белтемір, інкенже, жаңғырық, сына жатады. Бұлардың кейбірі сайманды ұруға (ағаш балға, ұртоқпақ (қолағаш), екіншісі - өлшеуге (ақсақтемір) немесе кұрал-сайманды қайрау немесе астына тосып салу (жаңғырық, сына) сияқты жұмыстарға пайдаланылады.





























5-сынып №22сабақ :

Сабақтың тақырыбы: Ағашты көркемдеп өңдеу

Сабақтың мақсаты:  Оқушыларға ағашты көркемдеп өңдеу әдістерін меңгерту  үшін әр түрлі станоктардың жұмыс атқару операцияларымен  таныстыру.
Дамытушылық мақсаты:  Оқушылардың икемділігін, іскерлігін, шеберлігін  қалыптастырып, ұқыптылыққа баулу.
Тәрбиелік мақсаты:  Оқушыларға еңбек және эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі:  Сарамандық сабақ.

Сабақтың оқыту әдісі:  Әңгімелесу, сарамандық және өз бетімен жұмыс істеу.

Көрнекілік: пышақ , сызғыш, қалам.

Үйге тапсырма

Сабақтың барысы:

Өткен тарихымызды білмей бүгінгі күннің қадіріне жету, болашақты болжай білу өте қиын. Ата – бабамыздың жинақтаған рухани байлығының қоры ұшан – теңіз. Ата – баба жасаған бұл рухани байлықтар қазіргі таңда да өз құндылығын жойған емес. Бұлардың барлығы баршаға бірдей қазына. Сол мәдени асыл мұраларды зерттеп, танып білу, бағалай білу біздердің, кейінгі ұрпақтың абыройлы да азаматық, ұлттық парызы.
Қасиетті қазақ даласында талай ұста, зергер, құсбегі, сал – сері, тігінші, өрімші, балгер – бақсы өтті.
Өкше басар ұрпаққа әлеуметтік мұра болып қалған Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи, Жамбылдағы Айша бибі, Қарахан, Ұлытаудағы Алашахан, Аякөз бойындағы Қозы Көрпеш – Баян Сұлу зираттары да ертедегі қазақтардың сәулет өнерінің асқаншебері бола білгенін дәлелдейтін тарихи айғақ. Есіктегі «Алтын адам» қаңқасы, Түркістандағы «Тайқазан» да ертедегі ата бабаларымыздың ағаш пен сүйектен, жүн мен теріден түйме түйетін, «алтынды аптап, күмісті күптеп» зергерлік әшекей заттар жасаушы, он саусағы өнерлі шеберлердің болғанын дәлелдей түсетін фактілер.
Қазақ халқының өткендегі мәдениетіне үңілсек, күнделікті тұрмыс қажетін өтейтін қолөнердің жете дамыған түрлі салалары болғандығын көреміз. Айталық, киіз басу, киіз үйге қажетті бау –басқұр, алаша, кілем, аяққап тоқу, сырмақ сыру, кесте тігу, ағаштан ойып ыдыс – аяқ, ер тоқым жасау, тері илеу, асыл тастардан сәндік бұйымдар жасату (зергерлік өнер), қара темірден тұрмыстық, шаруашылық құралдарын жасау қолөнердің тамаша туындылары болды. Бұлардың бірсыпырасы қазіргі дәуірімізде де өз маңызын жоймағаны анық.
Ағаш өңдеуде біздің қазақ халқы алдына жан салдырмайтын, ағаштан түйін түйетін халық. Қасиетті саналатын ұлттық бұйымдарымыздың жасалу технологиясы мен олардың әшекейленуі эстетикалық тұрғыдан алғанда басқа халықтардан кем түспейді

- Ағашты өркемдеп өңдеуге қажетті ағашты дұрыс таңдау істің нәтижелі болуына септігін тигізеді. Мысалы: СТД – 120 м  станогымен жұмыс жасауға қатты ағаш түрлері дұрыс. Сондықтан жасалатын бұйым түріне қарай ағаштың механикалық, физикалық жағдайларын білу керек.
Жұмысқа бұтақсыз ағаш түрлерін таңдап, қажетті өлшемін кесіп, сүргілеп, әрлеп болған соң, тегіс бетіне өрнек бейнесін көшіреді.
Өрнек дегініміз – кез – келген бұйымның сыртына түсірілетін біртұтас байланысты әшекей.
Ал ою дегеніміз – бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу немесе бұйымды шабу кезіндегі ойып өңдеу жұмыстары.
Мөлтек ағаштан тұтас шабылатын келі – келсап, аяқ – табақ, саптыаяқ, ожау сияқты бұйымдарды жасау тәсілін жұмырлап ою дейді.
Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу мынадай шаралар арқылы жүзеге асады.

-    Бұйымның негізін талаптарға сай тазалау.
-    Бұйымның барлық бөліктеріне өрнекті жоспарлау, үлгісін жасау.
-    Өрнектерді кесу.
-    Бұйымдарды бояу, оған әр беру, лактау.
Әдебиет пен өнерде композиция деген түсінік бар. Ол жүйелеу, үйлестіру деген латын сөзі. Өнердің барлық саласында композиция өте күрделі ұғым және шығармашылық арқау

Сарамандық жұмыс:
Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу үшін композициялық пішін арқылы жаттығып көреміз.
Үш бұрыш тұмарша түріндегі өрнектерді тақтай бетіне салып үйренеміз. Ол үшін ойға алған мақсатымыз сәтті шығу үшін қауіпсіздік ережесін білу керек.
1. Ағашты қолмен өңдеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері.
Жұмысқа дейін
1.    Жұмыс киіміңді киін (фартук, халат)
2.    Жұмысқа қажетті құрал саймандарыңды түгендеп, мұқият тексер (верстактың қысқыш қораптарын, тіреуішін т.б)
3.    Жұмыс орныңды, саймандарыңды ережеге сай орналастыр.
4.    Жұмыс орныңда артық ешнәрсе тұрмасын.

Жұмыс кезінде
1.    Дайындаманы верстакқа мықтап бекіт.
2.    Әр амалды өзіне тиісті сайманмен атқар. Саймандарың қайралған, әрі тұтқасы жарылмаған болсын.
3.    Нұсқау карта бойынша әр амалдары (кесу, жону, тесу, біріктіру т. б.) өзіне тиісті құралдарды пайдаланып атқар.
4.    Жұмыс орныңды әрдайым тазалап отыр.
5.    Жұмыс кезінде алаңдама.
6.    Құрал – сайманың бүлінсе міндетті түрде ауыстырып ал.
Жұмыстан кейін
1.    Жасап жатқан бұйымыңды, материалдарды кезекшіге немесе мұғалімге тапсыр.
2.    Жұмыс орныңды ретке келтір. Қолмен сыпыруға, ауызбен үрлеуге болмайды.
3.    Өзіңді ретке келтір.
4.    Шеберханадан мұғалімнің рұхсатымен шық.
2. Ағаш өңдейтін токарь станогімен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері.
Жұмыс кезіндегі қауіп түрлері:
1.    Жаңқаның ұшуынан көз жарақаты;
2.    Айналу бөліктеріне жанасудан қол жарақаты;
3.    Дұрыс пайдаланбаудан қол жарақаты;
4.    Дайындаманы станокқа дұрыс бекітпеуден немесе дайындаманың сапасыздығынан дене жарақаты болуы мүмкін, сондықтан:
Жұмысқа дейін
1.    Жұмыс киіміңді дұрыс кейін (фартук, халат)
2.    Станогті тексер (қайысты берілістің қорғаныш бөліктері, жермен жалғанысты)
3.    Жұмыс орныңда артық ешнәрсе тұрмасын.
4.    Дайындаманы мұқият тексеріп (көз, жарық т.б.) станокқа дұрыс бекіт.
5.    Кескіш тіреуіштің биіктігін дайындаманың центрлік сызығына дәл келіп, ара қашықтығы 2 – 3 мм. болсын.
6.    Жүзін тексер.
7.    Станокті бос айналдырып тексеріп көр.
8.    Көзге көзәйнек ки.

Жұмыс кезінде
1.    Кесу жұмысын станок толық күшімен айналған соң баста.
2.    Пышақты (кескішті) дайындамаға күш түсірмей, аздан тос.
3.    Пышақты (кескіш) тіреуішпен дайындаманың арасын қалыпты жағдайға келтіріп отыр (2 – 3 мм.)
4.    Жарақат алмас үшін:
а) станокқа қатты басты еңкейтпе;
ә) станок үстінен алыс – беріс жасама;
б) өлшеу жұмыстарын станок толық тоқтаған соң орында;
в) қолыңмен тоқтатушы болма;
г) жұмыс істеп тұрған станокті тастап кетпе.
Жұмыстан кейін
1.    Жұмыс орныңды ретке келтір.
2.    Станокті тазалап мұғалімге тапсыр.
3.    Өзіңді ретке келтір.

5-сынып №24сабақ :

Сабақтың тақырыбы: Ағашты көркемдеп өңдеу

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ халқының ою-өрнек түрлерімен таныстырып жасалу жолдарын үйрету.
Дамытушылық: Қол икемділігін дамыта отырып шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды жұмысты өз бетінше орындауға үйрету өнер ерекшеліктерін танып білу арқылы эстетикалық талғам беру.
Сабақтың типі: білім дағдыларын қалыптастыру
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сарамандық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, схема, өрнек үлгілері, суреттер.
Пәнаралық байланыс: биология, бейнелеу, математика

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, сабаққа дайындығын тексеру
II. Жаңа сабаққа дайындық
Қолөнер бұйымдарын еске түсіру (сандық, домбыра, киіз, кілем, ұлттық киім, зергерлік бұйымдар т. б.)
III. Жаңа сабақ
1. Ою-өрнек сөзінің мағынасы, тарихы туралы түсінік
Біздің ата-бабамыз қолөнерімен айналысқан, сол өнерді жетілдіріп, ұрпағына мұра етіп қалдырып отырған. Барлық жасалған қолөнер заттарын табиғатпен байланыстырып ою-өрнектермен безендірген.
Ою-өрнек деген сөзіміз латын тілінен алынған, “Орнамент” деген ұғымды білдіреді. Мағынасы сәндеу, әсемдеу деген сөзден шыққан.
2. ою-өрнектің қолданылуы, топтары слайд арқылы көрсетіп түсіндіру
Әр өрнектің астарында мағына болады. Мысалы: жұлдыз өрнегі-аспандағы жұлдыз көрінісіне ұқсайды. Ол көбіне кілемдерде жиі қолданылады.
Мүйіз тектес өрнектер-мүйізді бейнелейтін өрнек. Олар ұлттық киімдерде, киіз, алаша бұйымдарында кездеседі.
Геометриялық өрнектер және гүл өрнегі-ағаш бұйымдарында т. б. кездеседі.

3. Ұлттық қолөнер бұйымдарын жасап игеру үшін оюды өзіміз жасай білуіміз керек.
Оқушыларға тапсырма: өз бетінше қарапайым ою түрін ойып қағазға жапсыру.
Балалар әр бұйымның бетін өрнектегенде өрнектерді реттеп орналастыру керек
Ою-өрнек екі жағынан тең болу керек. Мысалы: қошқар мүйіз.
Бұйымға салынатын өрнек түстері бір-бірімен үйлесіп, жарасып түру керек. (слайд суреттер)
4. Қағазды үш бүктеп өрнек жасау тәсілдерін көрсету. (cхема)
5. Оқушыларға тапсырма: қағаздан өрнек қиып, жапсырмалау.
Техника қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.

IY. Сабақты бекіту (кестемен жұмыс)
1. Ою-өрнек неше топқа бөлінеді?
2. Жұлдыз өрнегі қандай бұйымдарда қолданылады?
3. Ою-өрнекті рет-ретімен орналастыруды не деп атаймыз?
4. Көбіне қолданылатын өрнек?
Y. Сабақты қорыту
Оқушылардың жұмыстарын талдау.
YI. Үйге тапсырма. оюлар түрін ойып үйрену.































5-сынып №25сабақ :

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан халықтарының темірді оюлау өнері

Білімділігі: Металды көркемдеп өңдеу технологиясын меңгеру, қаңылтыр бетіне өрнек түсіруді үйрену
Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, іскерлікке тәрбиелеу
Дамытушылығы: Оқушылардың ой қабілетін дамыту

Сабақ типі: Аралас сабақ
Сабақ әдісі: Түсіндірмелілік
Сабаққа қолданылатын стратегиялық әдістер: Топтастыру әдісі,СТО әдістері
Көрнекілігі: слайдтар, плакат, үлестірмелі карточкалар, темір бөлшектері
Құралдары: Ағаш балға, балға
Пайдаланған әдебиет: Технология 5, 6, 7, 8, 9, Д.Шоқпарұлы «Қазақ халқының қол өнері»
I Ұйымдастыру кезеңі
а) Сабаққа дайындық жүргізу
ә) Оқушыларды түгелдеу
б) Оқушы назарын сабаққа аудару
II Үй тапсырмасын тексеру
Сым темірді өңдеу
1. Топтастыру әдісі бойынша сым темірден қандай бұйым жасауға болатындығын сұрау
Топтастыру әдісі:
Сымнан жасалатын бұйымдар
2. Сымнан немесе жұқа қаңылтырды тілу арқылы жасаған бұйымдарын тексеру
3. Оқушыдан бұйымнын орындалу әдісін және кездескен қиындықтарын сұрау

III Үй тапсырмасын бекіту
Үлестірмелі карточкалар
IV Жаңа сабақты даярлау. Жаңа сабақ
Металды көркемдеп өңдеу

Халық шеберлері темірді, күмісті, алтынды және олардың қоспаларын көркемдеп өңдеу әдісін ерте кезден-ақ білген. Бертін келе олардың технологиясын жетілдіріп, тамаша бұйымдар жасаған. Мысалы, темірді бедерлеп құю мен өрнектеудің озық үлгісі Қожа Ахмет Йасауи кесенесіндегі Тайқазан Алтыннан бедерлеп жасалған Алтын адам, республикамыздың тарихи-өлкетану мұражайларындағы зергерлік бұйымдар жатады. Болат темірден жасалған қару-жарақтар, Темірден жасалған үй мүліктерін күміспен батырмалап өрнектеу, жұқа қаңылтырдың бетін бедерлеп көркемдеу жұмыстары – осындай еңбектің жұмысы.
Халқымыз ағаш пен темір өңдейтін қолы епті адамды ұста дейді. Темір өңдейтін ұста арнаулы шеберханада жұмыс істейді. Оны ұстахана немесе дүкен деп атайды. Ал әсем бұйымдарын: білезік, жүзік, алқа, сырға, т.б. жасайтын шеберді зергер деп атайды. Зергер – темір мен құнды металды және олардың қоспаларын көркемдеп өңдеуші. Темір ұсталарына қарағанда зергердің құрал-саймандары кішілеу келеді. Халық ұста мен зергерді ісмер деп атайды.
Шеберлердің көптеген әсем бұйымдары қаңылтырдан жасалған.

Қаңылтырды көркемдеп өңдеудің ең ежелгі түрінің бірі шекімелеу әдісі. Ол үшін қаңылтырдан жасалатын бұйымның пішіні мен мөлшеріне сәйкес пластина кесіп алынады. Бедер салу жұмысы, негізінен, қаңылтырдың бетіне жүргізіледі. Бедерлеу жұмысын жүргізу үшін, бірінші кезекте металдың бетіне қажет суретті салып алу қажет. Қаңылтыр астына резеңке төсеніш салу қажет. Бұйымның бетін нүктемен, сызықпен бедерлеу тәсілдері дәл әрі алуан түрлі болып келеді. Қаңылтырдың бетін арнайы құрал-саймандардың көмегімен шекімелейді. Мұндай құрал-саймандардың қатарына арнайы шекігіштер мен балғалар жатады. Балғалар мен шекігіштің түрлеріне байланысты олардың қызметтері де әр түрлі.

Сергіту сәті
Оқушыларды екі топқа бөліп плакатқа 1 минут ішінде зергерлер мен ұсталардың темірден жасаған бұйымдарының тізімін жазу керек. Қай топ көп жазса, сол топ жеңімпаз болып есептелінеді.

Металды түзету
Металды қолмен түзететін құралдардың қатарына темір балға немесе ағаш балға жатады. Қалыңдығы 0,5 мм металды ағаш балғамен түзетеді. Металды түзету үшін арнайы төс немесе түзету тақталары қолданылады.
Жолақ металды түзету әдісі:
1. Майысқан жолақ металдың бір жағын қолғап арқылы сол қолыңмен ұстап, төстің үстіне қой. Оның оның майысқан дөңес жағын жоғары қаратып балғамен соқ.
2. Металдың дөңес жерлерін соғуды шет жақтарынан бастап, ортасына қарай ауыс. Майысқан жерлердің түзеле бастағанына көзің жеткен соң, соғу күшін біртіндеп азайт.

Оқушылардан қандай қауіпсіздік ережесін білетіндігін сұрау және де қаңылтырмен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік ережесімен таныстыру

Темірді көркемдеп өңдеу барысындағы қауіпсіз жұмыс істеу ережелері

1. Қаңылтырмен жұмыс істегенде, міндетті түрде қолғап ки.
2. Қаңылтырдың шетін қиғанда, қолыңды жарақаттап алудан сақтан.
3. Қаңылтырдың бетін тазалағанда, үрлемей, арнаулы сыпырғышпен сыпыр
4. Қаңылтырдың бетін, жиегін саусағынмен сипама
5. Белгі салатын және ұшы өткір шапқыларды, үшкір қаңылтырдың бөлігін қалтаңа салма, лақтырма, қасындағы оқушыға қарай сілтеме.
6. Жіңішке сымды ұсақтап қырыққанда, оның ұнтағына аса мұқият бол.
7. Темір қайшымен жұмыс істегенде, қайшы белдің деңгейінен төмен болсын.
8. Сыммен жұмыс істегенде, оның екінші ұшына сақ бол.
9. Қаңылтыр дайындаманың бетін тегістегенде, өрнекті бедерлегенде, екінщі қолыңды соғып алма.
10. Балға мен бедерлегішті (шекігішті) осылай ұста!
Дәптермен жұмыс
Оқушыларға келесі практикалық сабақта қандай өрнек немесе сурет түрін қаңылтыр бетіне түсіретіндігін салдыру

V Жаңа сабақты бекіту

Венн диаграммасы
Зергер Ұқсастығы Ұста
Білезік, жүзік, алқа, сырға жасайды, құралдары кішілеу, Дүкен, ұстахана, темірден бұйым жасайды, ісмер Қаруларды, ыдыс-аяқ, құрал-саймандарды, шаруашылық құралдарын

Оқушылардан бүгінгі сабақтан не түсінгендерін сұрау

VI Бағалау
VII Үйге тапсырма беру

Қаңылтырдан білезік жасау және оның бетін бедерлеу

5-сынып №26сабақ :

Сабақтың тақырыбы: Электр тізбектрі ж/е оның элементтері туралы түсінік. Электр тізбегінің шартты белгілері.

Сабақтың әдісі: Тірек-сызбалармен, формулалармен жұмыс
Көрнекіліктер: плакат «Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау», таратпа тірек-сызбалар, жекелеме тапсырмалар.
Құрал – жабдықтар: мультимедиалық проекция аппараты
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға электр тізбегі жайлы түсіндіру. Тізбек құруға қажетті жабдықтармен таныстыра отырып, өткізгіштердің тізбекке жалғану әдістері, тізбектей және параллель жалғану жайлы мағлұмат беру;
Дамытушылық: Оқушылардың электр құбылыстарының өтуін түсінуге, есептер шығару кезінде білімдерін қолдана отырып жұмыс жасай білу дағдыларын, практикалық шеберліктерін дамыту, қызығушылығын арттыруға, өз ойын жеткізе білуге жағдай жасау;

Тәрбиелік: Оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын арттыру. Оларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, іскерлікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Пән аралық байланыс: тарих, математика, электротехника.
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі 1´
ІІ. Өткен тақырып бойынша қайталау 10´
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру 20´
ІV.Жаңа тақырып бойынша білімдерін жинақтау, бекіту 10´
V. Үй тапсырмасы 1´
VІ. Оқушылар білімін бағалау, сабақты қорытындылау 3´

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Сабақтың эпиграфы ретінде Конфуций сөздері алынады:
«Білімге жетелейтін үш жол бар: ойлану, толғану жолы – бұл ең өнегелі жол, еліктеу жолы – бұл ең жеңіл жол, тәжірибе жолы – бұл өте ащы жол».
Бүгінгі сабақта біз философтар ойы бойынша білімге жетелейтін осы үш жолды қолданатын боламыз. Бірақ сендер үшін қай жол тиімді екенін өздерің шешетін боласыңдар.
Мен сендерге өткен сабақтағы алған білімдеріңді қолдана отырып, ойлану, толғану жолымен келесі тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап беруді ұсынамын.
ІІ. Өткен тақырып бойынша қайталау жүргізу.
Оқушылармен домино ойнау.
Оқушыларға жұптық тапсырма беріледі. Олар домино ойыны сияқты берілген сұрақтың жауабын екінші доминодан табады. Сол табылған жауаптың екінші бөлігі келесі сұрақ болып табылады.
Оқушылар доминоны шешіп жатқанда, үйге берілген есепті тексеріп шығамын.Электр тогы дегеніміз не?
Электр зарядтарының кез келген реттелген қозғалысын айтады Шардың электр сыйымдылығының өрнегін тап

Электр зарядының өлшем бірлігі
1 Кл (Кулон) Электр тогы қалай бағытталған?
Оң зарядтың қозғалыс бағыты алынады

Өткізгіштерге жатады….
Су, адам денесі, металл, өсімдік тамыры Атомның құрылысы…
Ядро мен оны айнала қозғалған электрондар. Ядро – протон мен нейтроннан тұрады Кулон заңы – …

Электр тогы қалай бағытталған?
Оң зарядтың қозғалыс бағыты алынады

Келесі тапсырмаға тірек-сызбалар бойынша жауап беріңдер.
Мұнда тірек-сызбалардағы ашық қалған орындарды қажетті жазбалармен толықтыру қажет.
1- тірек-сызба

2- тірек-сызба

3-тірек сызба

Физикалық шамалар Белгіленуі Өлшем бірлігі
Ток күші I А
Кернеу U В
Кедергі R
Ом
Меншікті кедергі ρ Ом*м

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Сабақ тақырыбы: «Электр тізбегі. Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау»
Балалар жаңа тақырыпты түсіндіруге көшпес бұрын қысқаша мына сұрақтарға жауап берейік.
Тоқ күшін қандай құралмен өлшейді және ол тізбекке қалай жалғанады?
Электр кернеуін қандай құралмен өлшейді және тізбекке қалай жалғанады?
Электр тізбегі дегеніміз не?

Техникада және тұрмыста әр түрлі тұтынушылар: қыздыру шамдары, үтіктер, электр пештері, электрқозғалтқыштары және т.б электр құралдарын пайдаланады. Бұлар әр түрлі жалғанады.
Өткізгіштерді жалғаудың тәсілдерін қарастырайық:
1-жағдай. Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншінің соңы үшіншінің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды тізбектей жалғау деп атайды (1-сурет).

сурет 2-сурет

2-жағдай. Егер өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде, ал ұштарын екінші бір В нүктесінде жалғасақ, онда мұндай жалғауды өткізгіштерді параллель жалғау деп атайды (2-сурет).

4-тірек-сызба

Тізбектей жалғану мысалы: гирлянда – шырша шамдары.
Параллель жалғанудың мысалы: кабинеттердегі жарық шамдарының жалғануы.
Жалғанулардың артықшылықтары мен кемшіліктері:
Параллель жалғану – Тізбектегі бір шам жанып кеткенде, басқалары жұмыс жасайды. Бірақ тізбекке кернеу шамасы аз шамды қосқанда, шам шыдамай, жанып кетеді.
Тізбектей жалғану – тізбекке кернеу шамасы аз шамды жалғауға болады, тізбек пен шамның кернеулері әртүрлі болса да шам жұмыс істейді, бірақ тізбектегі бір шам жанып кеткенде, басқа шамдар жұмыс жасамайды.

Жаңа тақырып бойынша білімдерін жинақтау, бекіту
Жаңа тақырып бойынша білімдерін жинақтау, бекіту мақсатында оқушыларға өтілген тақырып бойынша сұрақтар қойылып, есептер шығарылады.
Сұрақтар
Электр тізбегін құру үшін не қажет?
Өткізгіштерді тізбектей жалғаудың ерекшеліктері?
Өткізгіштерді параллель жалғаудың ерекшеліктері?

Сапалық есептерден сұрақтар
Аккумуляторды зарядтау кезінде оның қақпақтарын ашып қояды неге?
Жауабы: аккумуляторды зарядтау кезінде сутегі мен оттегі бөлінеді. Егер қақпақ ашылмаса жиналған газ аккумуляторды жарып жіберуі мүмкін.
2. Қараңғыда қант сындырғанда әлсіз жарқылды байқауға болады. Осыны түсіндіріңдер.
Жауабы: Қант сындырғанда зарядталады.
3. Неге электр сымдарына қонып отырған құс, жоғары кернеуді қосқанда ұшып кетеді?
Жауабы: Электростатикалық өрістен құс қауырсындары өзара әсерлесіп аралары ашыла бастайды. Осы қолайсыз әсер құстың ұшуына себеп болады.
4. Электр желісіне ұшып келіп қонған құсқа токтың әсері неге білінбейді?
Жауабы: Құстың денесі мен оның аяқтары арасындағы өткізгіш бөлігі өзара параллель. Мұндай тізбектегі ток күші кедергіге кері пропорционал құс денесінің кедергісі АВ өткізгіш кедергісінен анағұрлым артық болатын, ондағы ток күші аз. Ол құсқа қауіпті.
Есептер арнайы жасалған «қиық карталарда» орындалады. Алғашқы екі есепті өзім шығарып көрсетемін. Қалған есептерді өздерің шығарылу жолына қарап орындауларың қажет.
Есептер шығарту
1-есеп. R1 резистордағы кернеу 3 В-қа тең. R2 резистордағы кернеу неге тең?
Берілгені:
U1=3B; R1=1Ом; R2=4Ом
т/к: U2-?
Шешуі: Екі резистор тізбектей жалғанғандықтан өтетін ток күші бірдей. Сондықтан өткізгіштерді тізбектей жалғау кезіндегі формулаларды қолданамыз.
I_1=U_1/R_1 =3/1=3A, I=I_1=I_2=3A, I_2=U_2/R_2 , формуласынаншығатыны〖 U〗_2=I_2*R_2=3*4=12B
Жауабы: U2=12B

2-есеп. Әрқайсысы 6 Омрезистордыңқосылусызбанұсқасысуреттекөрсетілген. Электр тізбегінің барлық бөлігіндегі жалпы кедергісін анықтаңдар.
Берілгені:
R1=R2=R3=6 Ом
т/к: Rж-?
Шешуі: Бұл сызбада астыңғы екеуі параллаль жалғанып, үстіңгі біреуіне тізбектей жалғанған. Сондықтан екі түрлі жалғау жағдайын қарастырамыз.
1/R_1,2 =1/R+1/R=2/R, R_1,2=R/2=6/2=3Ом, R_ж=R_1,2+R_3=3+6=9Ом
Жауабы: Rж=9 Ом

Келесі есептерді оқушылар өз орындарында отырып шығарады
№532
Электр үтігі кернеуі 220 В желіге қосылған.Үтіктің қыздыру элементінің кедергісі 50 Ом болған жағдайда ондағы ток күші неге тең?



Үй тапсырмасы



5-сынып №27сабақ :

Сабақтың тақырыбы: Электротехникалық жұмыстар. Ток көзі, электр өткізгіштер.

Білімділік: Оқушыларды электр тізбегінің негізгі элементтерімен таныстыру. Сызба бойынша шартты белгілерді оқи білуге үйрету.
Тәрбиелік: Электротехникалық жұмыстарды орындағанда ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың бойына еңбек дағдысын қалыптастыру. Қарапайым электр тізбегін жинай білуге, тұрмыстық электр құралдарын ақауларын жөндеуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндірме – практикалық
Сабаққа қолданылатын стратегиялық әдістер: Интерактивті әдістер, СТО әдістері
Көрнекілігі: слайдтар, ағаш, желім, ара, т.б.
Құралдары: ара, бұрандалы қысқыш, егеу, сүргі т.б.
Пайдаланған әдебиет: Технология 5 сынып
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Сынып тазалығын тексеру.
3. Оқушы назарын сабаққа аудару.
«Өзіндік бағалау» әдісі:
Оқушылар берілген үй тапсырмасына өзінің дайындық деңгейін мұғалім сұрағына қол көтеру арқылы байқатады: Кім «беске» дайын? Кім «төртке» дайын? Кім «үшке» дайын? Кім мүлде дайын емес?
II. Үй тапсырмасын тексеру
Ток көзі. Электр өткізгіштер
III. Үй тапсырмасын бекіту
«Кім біледі?» ойыны. Шартты белгілер түрлерін слайд арқылы сұрау (8 шартты белгі) «беске» білетін оқушы 1 сұраққа жауап беріп, қалғаның оқушылардан «кім біледі?» деп сұрайды.
Электр схемасы дегеніміз?
«Иә, жоқ» ойыны

Темір тоқ өткізе ме?
Ауа тоқ өткізе ме?
Әйнек тоқ өткізе ме?
Пластмасса тоқ өткізе ме?
Мыс сым тоқ өткізе ме?
Ағаш тоқ өткізе ме?
Ылғаш ағаш тоқ өткізе ме?
Резеңке тоқ өткізе ме?
Аллюминий тоқ өткізе ме?

IV. Жаңа сабақты даярлау. Жаңа сабақ
Электротехникалық материалдармен жұмыс
Электр аспаптарымен жұмыс істегенде, көптеген материалдарды пайдаланасыңдар. Олармен жұмыс істеу үшін арнайы аспаптар қолданылады.
Электр материалдарының қатарына электр сымы, түтікшелер, оқшаулауыш таспа, бау т.б. жататын болса, аспаптардың қатарына тістеуік, монтер пышағы, қысқаш, жұмыр қысқыш, бұрауыш т.б. жатады. Электр сымдарының ішкі қабаты мыс пен алюминийден, сыртқы қабаты тоқ өткізбейтін оқшаулауыштан жасалады.
Электр бауы иілгіш оқшаулауыш әзірленіп, тұрмыстық электр жабдықтары мен тоқ көзін жалғастырады. Ол екі немесе көп тоқ өткізгіштен тұрады. Сымдардың бәрі бір түтіктің ішінде орналасады. Оқшаулауыш таспалар мен түтіктер электр сымдарының жалғанған жерін оқшаулап тұрады.
Сымдарды кесу үшін тістеуікті қолданады. Оның сабы міндетті түрдеоқшаулауышпен қапталады. Монтердің пышағы сымнан оқшаулауышты алып тастау үшін қажет. Пышақтың сабы пластмассадан немесе ағаштан жасалады. Қысқаштар электр сымдарын майыстыру немесе бұрау үшін қажет. Бұрауыштың көмегімен электр жабдықтарын құрастырады. Оның сабы да ағаштан немесе пластмассадан жасалған.

Электрмен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері
1. Ұқыпты, тәртіпті, өте сақ болыңдар: мұғалімнің ауызша және жазбаша нұсқауларын бұлжытпай орындап отырыңдар.
2. Жұмыс орындарыңды мұғалімнің рұқсатынсыз тастап кетпеңдер.
3. Электр аспаптарын, материалдар мен жабдықтарды жұмыс орындарыңа мұғалім көрсеткен тәртіппен жайғастырып қойыңдар.
4. Тапсырманы орындауда қажетсіз заттарды жұмыс орнында ұстамандар.
5. Ток көздерін мұғалімнің рұқсатынсыз қоспандар.
6. электр тізбектерін құрастырғанда, ауыстырып қосу тетігін жалғастырғанда, жөндегенде, ток көзі ажырап тұруы керек.
7. электр тогы көзінде, сондай-ақ электр қондырғысының басқа бөліктерінде кернеудің бар-жоғын бақылау үшін арнайы бақылау шамын немесе кернеу көрсеткіш аспапты пайдалан.
8. Егер жұмысшы электр желісіне жабысып қалса, оны құтқаруы үшін, тіпті электр желісін шауып тастауға да болатынын білген жөн.
9. Резеңке қолғап пен резеңке етік кию ток соғудан сақтайтынын естен шығармаған жөн.
Сарамандық жұмыс
Жеке
Жұмыс киімін кию: фартук, жеңқап
Жұмысқа қажет материалдар: құрастыруға қажетті бұрауыш т.б. электр патрондары
Жұмыстың мақсаты: Тұрмыста қолданылатын электр шамы патроны құрылысымен танысып, оларды құрастырып үйрену
Патрондар электр шамдарын электр тізбегіне қосу үшін қажет. Олардың төбеге, бекітілген және асып койылатын бірнеше түрі бар. Патрондардың корпусы ток өткізбейтін материалдардан әзірленген. Оның ішкі бөлігінде екі түйіспелі бұрауышы болады, ол металл пластиналарға бекітіледі.
Патрондардың құрылысымен танысу үшін суретті пайдаланып, мынадай іс-амалдарды орындаңдар:
1. Электр патронының корпусынан қақпағын ажыратып алыңдар, оның фарфордан жасалған өзегін шығарыңдар.
2. Өзектің құрылысымен танысып, оның түйіспелерін, түйіспе бұрауыштарын табыңдар.
3. Сымдарды жалғайтын жерлерді біліп алыңдар.
4. Өзектің орнына қайта бекітіп, қақпағын жабыңдар.
5. Патрон қақпағын бекітіңдер.

V. Жаңа сабақты бекіту
«Жұбын тап»
Екі бағанда тұрған сөздердің жұбын табу.
Электр үстелі
Технологиялық бұрау
Жұмыс материалдар
Сымды таспа
Оқшаулауыш пышағы
Электротехникалық схемасы
Қауіпсіздік элемент
Гальваникалық карта
Монтер ережесі
«Дұрыс жауабы»
Электр схемасы
Технологиялық карта
Жұмыс үстелі
Сымды бұрау
Оқшаулауыш таспа
Электротехникалық схемасы
Қауіпсіздік ережесі
Гальваникалық элемент
Монтер пышағы

VІ. Бағалау

VІІ. Үйге тапсырма беру
Түрлі электро шамдарының эскизін салып келу тапсырылады.

5-сынып №28сабақ :

Сабақтың тақырыбы: Электр схемасын құрастыру ж/е оқу.

білімділік: оқушыларға электр тізбегі бөлшектерінің шартты белгілері туралы мағлұмат беру, электр тізбегін құрастыруды меңгерту;

дамытушылық: ток көзі құралдарымен жұмыс жасауды, құралдарды дұрыс пайдалану, шартты белгілерін оқи білуге үйрету,ой-өрісін дамыту; пәнге қызығушылығын арттыру;

тәрбиелік : жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, іс-әрекет барысында үнемділікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі-көрнекілік,сұрақ-жауап, танымдық жаттығулар,технологиялық диктант, мультимедиалық әдіс т.б.

Көрнекіліктер:тірек сызбалар, нұсқау карталар,электр шамы, өткізгіш сымдар,ажыратқыш кілті, ток көзі,гальвани әлементі,оқшаулауыштар,слайдтар,бағалау парағы т.б. 

Пәнаралық байланыс: физика, бейнелеу

Сабақтың жоспары: 

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үйге берілген тапсырманы сұрау.

3.Ағымдағы нұсқау беру.Жаңа сабақты түсіндіру.

4.Кіріспе нұсқау беру.

5.Сарамандық жұмыс.

6.Қорытынды нұсқау беру.

7.Үйге тапсырма беру. Бағалау. 


Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен амандасу, түгелдеу;

б) оқушылардың назарын сабаққа аудару (психологиялық дайындық);

II.Үйге берілген тапсырманы сұрау.

1.Тұтынушыға жеткізу үшін электр энергиясын қайдан аламыз?

2.Электр тұтынушылар туралы не білесіңдер?

3.Ток көзі.

4.Өткізгіштер. 

5.Оқшаулауыштар.

Үй тапсырмасын қорытындылау үшін технологиялық диктант алынады. 

1.Металдар неше топқа бөлінеді?

2.Өткізгіштер ретінде қандай металдар қолданылады?

3.Тұтынушыларға нелер жатады?

Оқушылардың дұрыс жауабын тексеріп бағалау парағына жазу.

III. Жаңа сабақты түсіндіру

Тақырыбы. Электр тізбегі бөлшектерінің шартты белгілері. Электр тізбегін құрастыру.

Мақсаты: электр тізбегі бөлшектерінің шартты белгілері туралы мағлұмат алу.Электр тізбегін құрастыруды меңгерту.

Электр энергиясының көмегімен өзіміз тұратын үйді қыстыгүні жылытамыз ,ал жаздыгүні ыстықта оны салқындатамыз, үнемі жарық жағамыз, алысқа сәлем жолдаймыз,теледидардан түрлі кескіндерді көреміз, тіптен адамдарды да емдейміз,т.б аса маңызды істерді жүзеге асырамыз.

Кез-келген затта схемалар,шартты белгілер бар,тіптен күнде қолданып жүрген қалта телефондарыңды алып көріңдер ,микросхемалардан тұрады. Оларды түсіну үшін шартты белгілерін білуіміз керек.

Ток көзі мен электр тұтынушыны өткізгішпен қосу арқылы электр тізбегі алынады. Тізбек қосылған кезде тізбек бойымен ток жүреді, егер оны кез-келген жерден үзсе, тізбек арқылы ток жүрмейді. Ең қарапайым электр тізбегі 4 элементтен тұроды; ток көзі, ажыратқыш, өткізгіш және қабылдағыш.


Енді осылардың шартты белгілерімен танысайық.


Шартты белгілер

Өткізгіш сымдар

Электр шамы 


Ажыратқыш ( кілт ) 


- + Гальваникалық 

элемент (батареясы )

Электр тізбегінің сұлбасы

- + 



Шартты белгілермен көрсетілген жүйелерді электр сұлбасы деп атайды.





IV. Кіріспе нұсқау беру.

Техникалық қауіпсіздік ережелерді сақтау.Оқушылардан сұрау.

1.Электр тізбегін жинағанда оны токтан ажыратуды ұмытпа.

2.Электр тізбегін тек мұғалімнің көмегімен қос.

3.Электр тізбегін құрастыруға арналған құрал-саймандарда ешқандай ақау болмауы тиіс.


V. Сарамандық жұмыс.
Электр тізбегін құрастыру




  • Мақсаты: қарапайым электр тізбегін құрастыруды үйрену.


  • Құрал-жабдықтар: ток көзі, электр шамы, кілт, өткізгіш сымдар,гальваникалық элемент,оқшаулау-ыштар.


  • Жұмыс барысы:


  1. Ток көзін, электр шамын және кілтті тізбектей қосып, электр тізбегін жинаңдар.


  2. Жиналған тізбектің шартты белгілерін оқыңдар.


  3. Қорытынды жасаңдар.


Шартты белгілер

Өткізгіш сымдар

Электр шамы 


Ажыратқыш ( кілт ) 


- + Гальваникалық 

элемент (батареясы )


Электр тізбегінің сұлбасы

- 



Шартты белгілермен көрсетілген жүйелерді электр сұлбасы деп атайды.





VI. Қорытынды нұсқау беру.

1.Оқушылардың құрастырған тізбегін тексеру.

2.Жұмысты бұрын болған оқушыға электр қоңырауының тізбегін құрастырғызу.

-электр қоңырауы 

















5-сынып №29сабақ :

Сабақтың тақырыбы: Үй мәдениеті. Тұрмыстағы жөндеу жұмыстары

Сабақтың міндеті:
Білімділік: Көшпелілер мәдениетімен білім беру, әлеуметтік саяси дамуын түсіндіру, көшпелі тайпалар – сақ, сармат, скифтердің материалдық және рухани мәдениеті, олардың көшпелі өркениетке қосқан үлесін көрсету.
Дамытушылық: Оқушылардың көшпелілер мәдениеті туралы білімін дамыту, діни наным – сенімдері туралы білімдерін тереңдету.
Тәрбиелік: Тарихи санасы қалыптасқан, Отан тарихына қызығушылығы жоғары білімді азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: сұрақ – жауап, баяндау
Сабақтың көрнекілігі: Тірек – сызба, суреттер, карта, кестені пайдалану.
Сабақтың пәнаралық байланысы: география, дінтану

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
• Оқу құралын тексеріп түгелдеу
• Оқушылар зейінін сабаққа аудару
• Үй тапсырмасын сұрау

ІІ Үй тапсырмасын сұрау: тірек – сызба арқылы
Мал шаруашылығының 3 түрі:
1. Ерекшеліктері
2. Таралған аймақтары
3. Деректер

Мемлекеттің пайда болуы Б. з. д 1 – мыңжылдық: рухани мәдениеттің дамуы, әлеуметтік теңсіздік, тайпа, тайпалы одақтар, әскери демократиялық басқару, отырықшы мал шаруашылығы, көшпелі мал шаруашылығы.
Мемлекеттер: Сақ, Үйсін, Қаңлы
Көшпелі халықтардың әскери жүйесі

Үй тапсырмасын бекіту.
Б. з. д. 3 мыңжылдықта малды қолға үйреткен. Б. з. д 2 – 1мыңжылдықта мал өсірумен қатар аздап болса да жер өңдеу кәсіпшілігі бірге жүрді. Б. з. д ХVІІ – ХІІ ғасырларда көшелі мал шаруашылығының үш түрі дамыды. Алғашқы мемлекеттер б. з. д 1 – мыңжылдықта пайда болды. Олар Сақ, Үйсін, Қаңлы мемлекеттері. Тарихи, мәдени ескерткіштер туралы қытай, грек, парсы жазба деректерінен білеміз.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Сабақтың жоспары:
1. Көшпелілердің материалдық мәдениеті.
2. Көшпелілердің рухани мәдениеті.
3. Жартылай көшпелілердің діни наным – сенімдері.

1. Б. з. д. VІІ ғасырдан б. з. V ғасыры аралығында Жетісу, Алтай өңірлерін мекендеген тайпалардың материалдық ескерткіштеріне тоқталар болса, қола дәуіріне қарағанда әлдеқайда жетілгенін көреміз. Өмірге темірдің енуі еңбек өнімділігін арттыруға үлкен үлес қосты.

Материалдық мәдениеті: Обалар, күмбездер, екі, төрт дөңгелекті арбалар, киіз үйлер, қолөнер және әшекей бұйымдар, киім-кешектер, жазба деректер.

Қазба жұмыстары кезінде табылған археологиялық заттар ежелгі сақ, сармат, үйсін, қаңлы тайпаларының көшпелі өркениетінің мәдени дамуының толық дәлелі бола алады.

Рухани мәдениет дегеніміз не?
2. Сақ, үйсін, қаңлы тайпаларының жерлеу әдет – ғұрыптарына қарағанда, о дүниелік өмір бар деп сеніп, өлгендердің ең қажетті деген бұйымдарын бірге жерлеген. Ежелгі дәуір және көне қытай, иран деректемелерінде ертедегі көшпелі халықтардың сиынатын басты Құдайы – күн болған. Отқа табыну осы Күнге табынудан келіп шыққан сияқты. Діни наным – сенімге байланысты «аң стилі» пайда болған. «Аң стилі» өнері мазмұны жағынан тайпалар өмірін, қиялын, аңыздарын бейнелеген. Ондағы аңдар таласы бейнелері сол кездегі рулар мен тайпалар арасындағы талас – тартыстарды, жайлаушылық кездерді білдірді. Олар сақтардың алтын тоғаларында кездеседі. Ертедегі шеберлер көп жағдайда өздерін қоршаған жануарлар дүниесін бейнелеуге тырысқан. Жалпы аң стилінің пайда болуы екі ғылыми болжам бар.
Біріншісін жақтаушылар: «Скиф – сақ тайпалары бұл өнерді алдыңғы Азиядан қабылдаған», - деп санайды. Себебі олар б. з. д V ғасырдан бастап өнерлерін тарата бастаған. Ал екінші пікірді жақтаушылар «Бұл ықпал б. з. б. VІ ғасырдың соңғы кезінен бастап өнерлерін тарата бастап, Ахеменидтер кезінде ерекше күшті», - деп дәлелдеуге тырысады, бірақ бірінші пікірді жоққа шығармайды.

Рухани мәдениетті құраушы салалары: әдет – ғұрыптар, зергерлік бұйымдар, салт – дәстүрлер, аң стилі, бейнелеу өнері.

Құрбандық шалу, отқа табыну, безендіру өнері, аң стилі.

3. Жер жүзіндегі халықтардың қайсысында болсын, олардың діни – наным сенімдерінде алғашқы дәуірден сақталып келе жатқан салт – дәстүрлері болады. Алматы қаласының солтүстік – батыс жағында 180 шақырым жердегі Таңбалы таста Күн Құдайы бейнеленген. Мысалы түріктерде отқа табынудың бірден бір мысалы Византия елшісі Земарх түрік қағаны Дизабұлға келгенде, оны жанып тұрған оттың арасынан өткізгеннен кейін қағанның қабылдағанын жазады.
Сонымен қатар жеріміздің Ұлы Жібек жолының бойында жатуы дүниежүзілік діндердің орнығуына мүмкіндік туғызады. VІІІ – ІХ ғасырда жеріміздің оңтүстік және Жетісу аймағында ислам діні тарай бастады.
Дін: наным - сенім, табыну, несториан діні, құрбандық шалу, христиан діні, ислам діні, будда діні, рух.

Конец формы


  • V. Үйге тапсырма беру: § 14. Көшпелілер мәдениеті.
    Зерттеу жұмысы: Таңбалытас, Есік обасы, Берел обасы.

























5-сынып №30сабақ :

Сабақтың тақырыбы: Шығармашылық жобадегеніміз не ?

Сабақтың мақсаты:Шығармашылық жоба туралы толықтай мағлұмат беру

Білімділігі:Шығармашылық жоба туралы толықтай мағлұмат бере отырып,оқушылар өз қиялдарына сүйене отырып,белдемшелерге өзгертулер енгізу

Дамытушылығы:Өз бетінше жұмыс жасауға,ой қиялын,зейінін дамыту

Тәрбиелігі:Шыдамдылыққа,ұқыптылыққа,тазалыққа,табандылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:Ауызша,сөздік

Сабақтың көрнекілігі:Белдемшелер

Құрал жабдықтар:Қарындаш,өшіргіш,сызғыш,калам,бор,ине,жіп,мата

Сабақтың құрылымы:I.Ұйымдастыру кезеңі

II.Жаңа тақырыпты түсіндіру

III.Сарамандық жұмыс

IV.Сабақты бекіту

V.Үй тапсырмасы

VI.Қорытынды

I.Сәлеметсіздерме оқушылар!

Бүгін сабақта кім жоқ?

Белгілеу

II.Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:Шығармашылық жоба туралы түсінік.Шығармашылық жоба-өздерің қиялдаған армандаған мақсаттарыңды іске асыруға көмектесетін жолдың бірі.Енді сендер алтыншы сыныпқа дейін алған білімдеріңді,қабілеттеріңді осы шығармашылық жоба арқылы сынап көресіңдер.Оқулықтағы материалдарды алу міндет емес.Сендер жоба жасау үшін өздерің қызығатын кез келген мәселені таңдап алуларыңа болады.Біз бүгін жоба үлгісіне белдемшені алайық.



Белдігінің ұзындығы түймелік ирек тігін машинасымен өңделген.

IV.Шығармашылық жоба дегеніміз не?

V.Кабинетпен жұмыс орнын жинау

Сау болыңыздар!












































5-сынып №31сабақ :

Сабақтың тақырыбы: жобаның түрлері. Жобаның мақсаты.

Жобаның бірнеше нұсқасы болуы мүмкін.

Мысалы, өте күрделі жобаны оқушының өзі ғана орындауы шарт емес. Сондықтан жобаның кейбір бөлігі дайын күйде берілсе, кейбір бөлімін оқушы мұғалімнің, ата-ананың көмегімен орындай алады. Егер бір күрделі жобаны бірнеше оқушы бірлесіп орындаса, әр оқушының үлесі алдын ала анықталуы қажет. Ол оқу жылының соңында өзінің орындаған шығармашылық жобасын оқушылардың және мұғалімнің алдында қорғайды .
Жобаны қорғау барысында қолданатын бұйымның ішінен қандай затты таңдап алу, ол бұйым қоғамға, өзіне достарына және ата-анасына қандай пайда келтіретіне ескеріледі.

Жобалау әдістемесінің талабы:
1. Міндетті түрде шешілетін мәселенің зерттемелік, ақпараттық, тәжірибелік болуы.
2. Жобаны орындау іс-әрекетті жобалаудан басталады
3. Әр жоба оқушыдан зерттеушілік жұмысы талап етеді. Сонымен, жобалау іс-әрекетінің ерекшелігі - ақпаратты іздеу болып табылады.
4. Жобаның шығуының ең соңғы сатысы - нәтиже:
5. Дайындалған жоба тапсырыс берушіге немесе қоғамдық өкілдікке көз жеткізуі керек.

Жобаның түрлері:
Шығармашылық жоба
Ақпараттық жоба
Рөлдік жоба
Тәжірибелі бағдарланған жоба
Зерттеу жобасы

Жобаның негізгі бөліктері:
1. Міндеттің қысқаша анықтамасы
а)берілген бұйым кімге арналған
б)арналған бұйымның қажеттілігі
2. Бұйымды дайындауға кіріспес бұрын
- нені міндетті түрде жобалау керек
- кімге арналған киім жобалау керек
3) Бұйымның дайындалуы. Кез-келген жағдайда жұмыстың мақсат, міндеттері оның басты бағытымен анықталады.
4) Бұйымды байқау және бағалау

Жобаның орындалу бірізділігі
1. Іздену кезеңі
2. Жобаның тақырыбын таңдау және жаңашылдыққа бет бұру
3. Жоба тақырыбы туралы ақпарат жинау
4. Жоба идеясы мен тақырыбы туралы сыныптастарымен және мұғалімдермен бірге талқылау
5. Жобаның тақырыбы мен идеясын бекіту

Сызбаны және технологиялық картаны дайындау
Шығармашылық жоба - әр оқушының жыл сайын мұғалімнің көмегімен орындайтын өзіндік жұмысы, басқаша айтқанда, технология пәні бойынша жүргізілген шығармашылық жұмыс.
Шығармашылық жобаның технология пәнінде алатын орны өте зор. Шығармашылық жоба арқылы оқушының ұлттық дүниетанымы, эстетикалық талғамы дамиды. Оқушылар санасына жас кезінен бастап еңбек етуінің қажеттілігін, маңыздылығын сіңіру, пайдалы іс жасауға, қандай іс болса да шын ниетпен және ұқыпты орындауға дағдыландырады.

Оқытудың осындай идеяларын ұстанған сабақтарда оқушылар өз ойларын еркін айтатын болғандықтан, оларда түрлі пікірлер пайда болады. Олардың қандай да болмасын мүмкін қате немесе шала ойларын шыдымдылықпен тыңдап, оқушыларды сенімділікке бастау мұғалімнің басты міндеті. Қолданбалы экономика мақсаттары:
- жеке меншік, баға белгілеу және бәсеке жүйесіне көп көңіл бөлу
- экономикалық заңдардың іскерлік шешімдерге әсерін анықтау:
- нарықтық экономикадағы үкімет ролін көрсету
- кәсіпкер мен тұтынушыларды этикалық нормалар мен ережелердің болу қажеттігін оқушылардың түсінісуіне көмектесу
- мамандықты, сонымен қатыр жеке экономика мәселелерін таңдауда оқушылардың өз мүмкіндіктерін ұсынады. Олар:
- оқу, хат және базалық білім
- Графиктер мен таблицаларды түсіну
- Алынған мәліметтерді зерттеу және талдау
- Кішігірім топтарда жұмыс істеу және оларды басқару және т. б.

Шығармашылық жобаны рәсімдеу:
1. Бастапқы бет
2. Мақсаты, міндеті, болжамы, күтілетін нәтижесі
3. Шығу тарихы
4. Жалпы эскизі
5. Нұсқау карта
6. Қажетті құрал-жабдықтар
7. Құны

Нақты тақырып төңірегінде оқушының алдында әр кезеңде мақсатқа қол жеткізудегі ұмтылыс нығая түспек. Шығармашылық жобаны іске асыру барысында қол жеткен жетістіктер:
- Сабақтан бос уақытта маңызды әлеуметтік шығармашылықпен айналысатын балалар санының өсуі
- Ата-аналардың өз балаларының іс-әрекеттерін ұйымдастыруға қатысуға қызығушылығының артуы
- Баланы шығармашылық жұмыс істеуге дағдыландыруға бағытталған әр іс-шараның тәрбиелік мақсаттарға жетуі.
- Ұйымдастырылған іс-шаралардың сапасы және жобаға қатысушылардың ынталандырылуы
Жобалау технологиясының негізінде –оқушылардың жұппен бірігіп немесе әр оқушы өзі дайындайтын шығармашылық жұмыстар жатыр.
Оқушылардың шығармашылық жоба жұмыстарын ұйымдастыруды жоспарлау және жоба жұмысының кезеңдері
Тірек сызба:
Жоба
Практикалық Теориялық
Бұйым Түсіндірме парақтары

Еңбек тәрбиесінің мазмұны мен жүйесі
Жас өспірімдерді еңбекке тәрбиелеудің жалпы міндеттері бірнеше жеке міндеттерді орындау арқылы іске асырылады. Олар білім алушыларды еңбекке практикалық тұрғыдан даярлау.
Білім алушының ынтасын және қабілетін дамыту еңбек тәрбиесіндегі жеке міндеттердің бірі. Халық шаруашылығында автоматтарды, компьютерлерді, т. б қолдану барлық мамандардан жоғары техникалық сауаттылығы талап етеді. Сондықтан оқыту идеялар. Саралап оқыту - оқушылардың туа біткен ақыл-ой қабілетінің жеке дамуының жан-жақтылығына негізделген білім беру жүйесі. Барлық педагогикалық жүйе құрам бөліктерінде инновация үрдісі іске асу үшін төмендегі дей жұмыстар істелу керек:

- Мұғалім мен оқушылар арасында тұлға аралық қатынас қалыптастыру
- Сабақ барысында сыйластық пен сенімнің жоғары деңгейімен ерекшеленетін бірлестік жұмыс әдісі қалыптасады.
- Оқушыларды ашық түрде пікір алысу мәдениетіне баулиды.
Жас ұрпақты еңбексүйгіштікке, іскерлікке баулу, әсіресе қазіргі кезде ауадай қажет. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін сабақтарды түрлендіріп өткізу қажет. Ең бастысы оқушылардың сабақ үстінде шет қалмауы, берілген тапсырмамен айналысып отыруын қадағалау.

Жаңашыл әдістер мен жаңа технологияның білім берудегі жолдары мен әдіс-тәсілдері
Дамудың жаңа сатысында бағыт алған мектептің ең негізі өзегі мұғалімнің жеке басының ізденімпаздығы мен білімділігіне көп жағдай тәуелді. Жалпы пәндер бойынша В. Ф. Шаталовтың ұсынған әдісі бойынша трек-конспект, диаграмма, график, логикалық тірек-сызба арқылы теориялық материалдарды блокпен оқытып, дамыта оқыту технологиясы бойынша оқушылардың әр түрлі кезеңдерінде үздіксіз білім алуға жағдай жасап, оқыта отырып дамытуға, екіншіден өз бетінше біліу.

























5-сынып №32сабақ :

Сабақтың тақырыбы: Ағаштан жасалған күрек немесе шаруада қажетті

Күрек - өзімен ұсынатын кең жазық жүздің жермен (қазу, тазалау, тасымалдау) жұмысы үшін қол аспабы, (сап ) сапты. Қазғыш таяқтан дамыды. Мысалы, сонымен бірге қару қарулы күштердегі жақыннан шайқаса және компъютер ойындары көпшілігінде сияқты қолданыла алады. Күрек түрлері

  • Найзаласқан күрек - жазық, істіктелген форма. Ауыл шаруашылығында және жер қазушы жұмыстарды қолданылады. үстінде и алаңы болады ма?келілер. Наступы кейде күректің шейгінде металлдық ендіктің түрінде істелген. Найзаласқан күрек өткені ар жағында деп аталды ма?келілер.

  • Тазалау күрегі - найзаласқан күрегінің бір түрі, онына айырмашылығы болады (көлденең - квадрат) тегіс өлке шаншып аударатын. Қолдану ең үлкен археологияда тапты, қазуды ауданның тазалауы үшін. Не және өз ат алды. Жұмыстағы осы бір түрі оның апасы әлдеқайда ыңғайлырақ - найзаласқан күрегі «Ґдигұн өлке шаншып аударатын.

  • Шұңғыл күрек - квадрат, қырылармен. (құм, дән, қиыршақ тас, көмір) сусымалы жүктері бар жұмыс үшін арналған.

  • Қардың жинасы үшін күрек - кең қалағы бар шұңғыл күректің бір түрі. Фанерадан, пластика немесе алюминидан жиі өндіріледі. Ағаш күрек (техникалық ) қозғағыш деп аталады.







5-сынып №30сабақ :

Сабақтың тақырыбы: Бұйымның жарнамалық проспектісі, бөліктері. Мақсаты: 
Оқушылардың үстеуден алған білімдерін кеңейте отырып, үстеу туралы нақтырақ мағлұмат беру. Сөйлемдердің ішінен  үстеулердің түрлерін ажырата білуге үйрету. Жыл мезгіліне қатысты білім дағдыларын тереңдете тиянақтау.
Сөздердің мағынасын түсіндіру арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін, тіл байлығын шығармашылық қабілетін  дамыту,  тез, шапшаң, нақты сөйлеу білу дағдыларын қалыптастыру. Көктем мезгілінің пайдасын айта отырып, оқушылардың сөздік қорын молайту.
Оқушыларды  табиғатты сүйе білуге, адалдыққа, әдемілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты игеру
Сабақтың әдіс-тәсілдері: топтастыру, сұрақ –жауап, сәйкестендіру, диалог, аударма.
Жұмыстың түрлері: топтық, жеке, деңгейлік, ұжымдық
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, презентация, үлестірмелі қағаздар, конверт, суреттер.
Пәнаралық байланыс: еңбекке баулу, информатика
Алдын ала ұйымдастырылған жұмыс: көктемгі табиғатқа саяхат, ағаш отырғызу, сенбілікке шығу.Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
1.1. Оқушылармен амандасу.
1.2. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айту.
1.2. Психологиялық дайындық.
Мұғалім: Әрбір адам
Оқушылар: досым, сыныптасым
Мұғалім: Әрбір ісің
Оқушылар: тірлік, тірек, адамдық
Мұғалім: Әрбір сөзің
Оқушылар:   шындық, бірлік, адалдық
Мұғалім: Әрбір сабақ
Оқушылар: үйрену, оқу, іздену.
Ендеше, балалар бүгінгі сабағымызды қызықты етіп өткізу, бір нәрсе үйрену үшін  бәріміз сабаққа қатынасамыз. Алдымен, жұмбақ жасырамын.
Қар еріп, су ағады,                                                                                                                      Сарқырап сайда толады.                                                                                                                       Күн ұзарып, жылынады.                                                                                                                      Бұл қай кезде болады? / Көктем – весна – spring/ 
Көктем айлары ( наурыз,сәуір, мамыр – март, апрель, май -  march, april, may)
(оқушылардың жауаптарын тыңдап, үш тілде айтуын талап етемін.)
Жарайсыңдар, балалар!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Ағаш отырғызу туралы жазып келу.
2. Сурет бойынша үстеулерді пайдаланып сөйлем құрау.
3. Ережелерді, жаңа сөздерді жаттау.
Балалар, өткен тақырыптағы сөздікті тексеру мақсатында  төмендегі тапсырманы орындайды.

Сөздікпен жұмыс. Берілген жаңа сөздермен танысу, сөз тіркестерін және сөйлемдер құрастыру. Қайталау, есте сақтау қабілетін жақсарту мақсатында қайта сұрау. Функциональдық сауаттылығын көтеру мақсатында жаңа сөздерді тақтаға жаздыру.
Егінші – земледелец
Егін – посевы
Сенбілік-субботник
Отырғызу, егу – сажать
Тұқым-семена
Ағаш-дерево
Қоқыс-мусор
Оқушылардың мысалдары:
Сенбілік болады, гүл отырғызды, қоқыс жинады.
Сәуір айында біздің мектепте сенбілік болады.
Көктемде адамдар ағаш отырғызып, гүл егеді.
      Ал қазір осы жаңа сөздердің көмегімен сендер менің мына сұрағыма жауап беріңдер.
-Сонымен біз көктемде қандай жұмыстар атқарамыз?
Тақтамен жұмыс

ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе: 
Осының барлығы  бір сөзбен айтқанда не деп аталады?
Оқушылар жауабы: Көктемгі еңбек немесе игі істер т.б.
Балалар ендеше, бүгінгі сабағымызда біздер еңбектеніп,  берілген  жас шыбықты отырғызып, баптау және ағаштың жемісін алу міндеттеліп отыр. Ең алдымен біздер, ағаш отырғызу үшін алдымызға жұмыс құралдары берілген. Осы құралдарды ала отырып, біз көктемгі еңбегімізді жалғастырамыз.  Алдымызда күрек, тырма,  су құйғыш тұр.

Күрек (үстеудің түрі)                       Тырма (ережесі)                       Су құйғыш (сұрақтары)
Сын – қимыл үстеу             Сын – қимыл үстеу  қимылдың           Қалай? қайтіп?  қалайша?                
                                               жүзеге асу амалын білдіреді.

Күректі, тырманы, су құйғышты алып оқушылар оқиды.  Ережені мұғалім түсіндіреді. 
Біз құралдарды пайдаланып, мысалдарын шығарамыз. (Мысалдар шөптер)
Емін-еркін, әрең,тез, кенет, өте, жаман, жатқа т.б.
Оқушыларға жаңа сабақты  түсіндіру мақсатында көктемгі еңбекке қажетті құралдарды қолымызға алып ағаш отырғызуды бастаймыз. Ол үшін біз алдымызға қойған тапсырманы орындаймыз.
Топқа алдымыздағы үлестірмелі қағаздарды алып  бөлу керекпіз.
Ауызша жұмыс.
1 топ  Мәтінді оқып, аудару керек. (109 беттегі 1- тапсырма)
Дархан дүкеннен тез келді. Далада кенет жел соқты. Алтай жай жүріп келеді. Олар үнемі жұмыс істейді. Омар ауызша өтініш айтты. Алмас – өте тәртіпті.
Дәптермен жұмыс
2 топ Мәтінде кездесетін үстеулерді теріп жазып, түрлерін ажырату керек.
Оқулықпен жұмыс.
3 топ Сұрақтар құрастырып, көршіңмен диалог ретінде оқыңыз.

Рефлексия: Орындалған жұмыс кезінде ағаш тамыр берді. Оқушылар оқыды,сұрақ құрады. Диалог  жасады.

Деңгейілік тапсырмалар Ағашты баптау.
Оқушыларға берілген  конверттегі деңгейлік тапсырма бойынша  компьютерден қазақ тілінде сауаттылығын тексеру.
І деңгей
WORD бағдарламасында берілген тест сұрақтарына  дұрыс жауап беру және дұрыс жауапты  қызыл түске бояу.
1. Бұл қай кезде болады? ( сәйкес сөздерді сәйкес түске бояңыз.)

Жапырақ түседі               қыста
    
Жапырақ шығады   күзде

Қар жауады     жазда

Күн ыстық болады   көктемде

2. Үстеулерді мағыналық түріне қарай сәйкестендір.
а) ерте   мекен
ә) артқа            сын-қимыл
б) жазбаша   мезгіл

3. Көктемде не төлдейді?
а) шегіртке  ә) құс  б) мал

4. Балалар көктемде не істейді?
а) шаңғы тебеді  ә) өзенге шомылады        б) ағаш отырғызады

5. Үстеу қандай сұраққа жауап береді?
а) нелер?  ә) қандай?  б) қашан?

6. Қимылдың белгісін, мезгілін, себебін, мақсатын  білдіретін сөз табы…
а) етістік  ә) үстеу  б) есімдік

7. Сөйлемдегі үстеуді тап.
Олжас ертең саябаққа барады.
а) Олжас                      ә) ертең              б) саябаққа           в) барады

8. Сөйлемдегі үстеуді тап.
               Бүгін ауа райы жылы болды.
              а) ауа райы           ә) жылы                   б) болды                    в)бүгін
9. Сын қимыл үстеуді тап.
              а) әрең              ә) алда                    б) ерте                     в)бүгін

10. Асты сызылған үстеудің қай түрі?
Асқар сабақта  емін- еркін отырды.
              а) сын қимыл           ә) мезгіл            б) мекен                    в) мөлшер

ІІ деңгей
WORD бағдарламасында берілген мәтінді оқып,  үстеулерді тауып астын сыз.
1. Құстар жоғары  ұшты.
2. Сыртта   балалар ауланы тазалап жатыр.
3. Биыл  көктем ерте  келді.
4. Қар тез  еріді.
5. Шөп қаулап  өсті.

ІІІ деңгей
Paint  бағдарламасында көктем көрінісін салу және атауларын жазу.
Рефлексия. Тапсырмаларды орындау барысында  ағаштар бүршік жарды

Сергіту сәті.

Екі шелекті көтеру кезінде өздерінің сезімдерін көрсету және  тілек айту.

Балалар ендеше ағашқа су құя отырып әрбір шелектегі тапсырманы орындаймыз







5-сынып №33сабақ :

Сабақтың тақырыбы: Шығармашылық жоба.

Сабақтың мақсаты: Шығармашылық жоба туралы және оның қоғамға пайдасы, туралы түсінік беру, ұғындыру.

I. Ұйымдастыру бөлімі:

  1. II. Үй тапсырмасын сұрау: А) Шығармашылық жоба дегенді қалай түсінесің? Ә)Жобаға қандай тақырыптар алуға болады? Б) Жоба таңдағанда қойылатын талаптар.

III. Жаңа сабақты баяндау: Шығармашылық жоба – бұл мұғалімнің жетекшілігімен орындалатын қорытынды шығармашылық жұмыс. Жобаның қаншалықты орындалуы арқылы оқушылар сабақты қаншалықты игергені, білімдері байқалады. Бұл шығармашылық жұмысты технология пәні бойынша алған білімдерін қорытындылайтын бақылау жұмысы деуге де болады.

Адамның әдемілікке деген қызығушылығы адамзат пайда болғаннан бері бар.

Жоба таңдағанда қойылатын талаптар. Таңдаған затың өзіңе жақсы таныс, түсінікті, қызықты болуы тиіс. Таңдаған заттың тұрмыста пайдаланылатын орнын білу қажет. Ол сенің шығармашылығыңды көрсете ала ма? Осы затты жасау қолыңнан келе ме? Алға қойған міндетіңді орындай аласың ба? Таңдаған жобаңның күрделілігін, қанша еңбекті қажет ететінін білу керек.

Жоба жеке бөліктерден тұрады: суреттерден, қандай да бір бұйымдардан және тағамнан, киімді жобалау, моделдеу, қолөнер, интерьер т.б. Зерттеу нәтижесінде жоба экономикалық есепте шығарылады.

Жобаны орындау барысында оны бір оқушы немесе бірнеше оқушы бірігіп орындауға болады. Жобаны бірнеше оқушы бірігіп орындағанда жұмысты мұғалім теңдей етіп бөліп береді.

Ұйымдастыру және дайындық кезеңі. Жобаның орындалу барысы. Шығармашылық жобаны бастамас бұрын жұмыс барысына көңіл бөлуді қажет ететін жайттарды сұлба түрінде жасап алған дұрыс.

Жоба қорғауға қажетті құрал – жабдықтар мен бұйымдар. Тігін машинасы, инелер, қайшы, қалам, милиметрлік қағаз, оймақ, үтік, кергіш

Қорытынды саты

  1. 1. Жоба қорғау. Шығармашылық жобаны қорғағанда оқушы орындалған жобамен кластастарын таныстырып немесе дайындаған бұйымын көрсетіп шығады. Неліктен осы жобаны таңдағаны туралы, сондай – ақ жобаны орындауға қойған мақсат пен міндеттері туралы айтып береді. Жобаны орындау барысында қолданылған құралдар мен амал – тәсілдер, қосымша әдебиеттер: Таңдап алған бұйымы туралы, оның жеке сәнге айналғаны, ерекшелігі туралы айтып береді. Таңдаған матаның қасиеті, оның осы бұйымға, оның пішініне сәйкестігі, түстер үйлесімділігі: бұйымның жағымды және жағымсыз жақтарын, бұйымды өңдеу әдістерін көрсету.

Осы жобаны орындау барысында жинаған тәжірибесі мен кездескен қиындықтарды бөлісу: бұйымның өзіндік құнын жариялау, бұйымның дұрыс таңдалғанын, оның орындалуының мақсатқа сәикестігі.

  1. 2. Сапасына қарай бағалау. Орындалған жобаға өздігінен баға беру, ойымен бөлісу және мұғалімнің бағалауы.

IY.   Бағалау.

Y.   Үйге тапсырма: Үйден таңдаған тақырыптарына мәнжазба жазып келу.



















5-сынып №34сабақ :

Сабақтың тақырыбы: Шығармашылық жобаны қорғау.

Тақырыбы: Шығармашылық жобаға арналған бұйымды таңдау. Шығармашылық жобаны жүзеге асыру (УӘЖ технологиясы бойынша)

 

 

«Көпір»

Тапсырмалары

 

 

 

 


І – кезең

Ұйымдастыру кезең

1.Бисермен тігудің неше тәсілі бар? 10 тәсіл

2.Тізілген бисер негізгі жіппен салыстырғанда неше санға кем болу керек? 1 санға

3.Қай ел рәсімдеу шараларына киетін киімдерін бисермен әшкелейтін болған?

Солтүстік Америка үндістер

4. Қазақ әйелдерінің киімдері қалай тігілген? Жасына, қоғамдағы орнына байланысты

5.Қазақтың ұлттық киімдерінде қандай түс басым келеді? Қызыл түс

 

Теориясы:

 

«Білу»

(Кім? Не? Қашан? Қайда? Не істеді?)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ – кезең

Жаңа сабақты өз бетімен меңгеру тапсырмалары

 

  1. Шығармашылық жоба дегеніміз не?

Технология пәні бойынша жүргізілетін бақылау жұмысы

2.Шығармашылық жобаны таңдаған кезде алдымен неге көңіл бөлуіміз керек?

Таңдаған  затың сенің  шығармашылығыңды көрсете алатындығына, тұрмыста қажеттілігіне

3.Шығармашылық жобаның орындалу жоспары қандай? ретімен жазып көрсет

1. Модельдің суреті

2.Модельге сипаттама беру

3.Ұсынылатын мата

4. Бұйымның сызбасы

5.Нұсқау картасы

6.Өңдеудің технология бірізділігі

7.Қолданылатын құралдар мен жабдықтар

8.Техникалық қауіпсіздік және санитарлық – гигиеналық ережелері

9.Өзіндк құн

10.Сату жарнамасы

11.Проблеманы нақтылау және қорғау

12.Мазмұны

4.Шығармашылық жобаның мақсаты мен міндеті қандай?

Мақсаты: модельді оқушының игеруі, шығармашылықпен іздене отырып, жаңа жоба (модель) іздеу, жоспарлауы, зерттеуі, ұсынуы, нақтылауы, қорғауы.

Міндеті – шығармашылық ізденіс,сөйлеу мәдениеті, шешендікке баулу, іскерлікке баулу, өз ойын қорғай білуі.

5.Жарнаманың негізгі мақсаты қандай?

Тұтынушының тауарға деген қызығушылығын арттыру, бұйымның барлық жақсы жағы жарнама арқылы хабардар етіледі.

 

«Түсіну»

(Неліктен?

Себебі? Не үшін? Неге?)

 

 

 

1.Жобада жарнама не үшін қажет?

Себебі: бұйымды өтімді ету үшін, жақсы жағын көрсету үшін.

2.Бұйымның өзіндік құнын не үшін есептеп шығарамыз?

Себебі: сату жарнамасын жасау үшін

3.Жобамен жұмыс кезінде неліктен  материал немесе мата түрлерін таңдаймыз

Себебі: түс үйлесімділігі болу  керек






















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (мальчики)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
?ауіпсіздік техникасы ж?не е?бекті ?ор?ау

Автор: Богжанов Жумабай Аскарбекович

Дата: 10.06.2016

Номер свидетельства: 333862


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства