Просмотр содержимого документа
«??ра? ??рау т?сілдері »
Сыныптар: 8 Тақырыбы: Құрақ құрау
Мақсаты: Білімділігі: Тақырып бойынша қысқаша мағлұматтар береміз Дамытушылығы: Құрақ құрау тәсілдерін әңгімелей отырып, СТО бағдарламасы бойынша стратегияларды пайдалануда ой - қабілеттілігін дамытамыз. Тәрбиелілігі: Эстетикалық талғамға тәрбиелейміз. Міндеті: Түстер гаммасын топтау немесе түстер үйлесімділігін анықтауды үйренеміз. Сабақтың түрі: Аралас сабақ Жаңа технология: СТО бағдарламасы Пайдаланылатын стратегия: «БҮҮ» стр., «Ой қозғау» стр. Көрнекілік: Оқулық, үлгілер, сызбалар, т. б. Сабақ барысы: Ұйымдастырамыз Жұмыс орнын дайындаймыз Үйге тапсырманы тексереміз Жаңа тақырыпты түсіндіреміз «БҮҮ» стратегиясы: Құрақ туралы не білеміз? Білемін Білгім келеді? Үйренгенім Төсек орындарында құрақпен құралады, оны құралып кетсін -, деген бағытты қолданылатындығын білемін Ою - өрнексіз қандай түрмен өрнектеп құрауға болады? Сабақ соңында не үйренгендігін жазады
«Ой қозғау» стратегиясы: - Құрақтан құрылған көрпе төсектер кімге арналады?- деген сұраққа ой - пікірімізді жазамыз; - Сыныппен ой алмасамыз; - Сыныппен бірлесе отырып ойымызды жинақтаймыз.
Мағынаны тану: Жастықтар үшін көбіне пэчворк және квипт технологиясын пайдаланады. Бұл техника кендір материалдардан пайдалануға мүмкіндік берді. Әр халықтың осындай сәнде жасалынған бұйымдары бар. ПЭЧВОРК – бұйымның нақышы мен колоритін анықтайтын құрақпен орындалатын жұмыс. Үстіңгі бөлігі құрақтан тігіліп, аралық қабаты инешаншымдармен, астыңғы бөлшекпен тұтас қоса алынған бұйымды квипт деп атайды. Құрақ техникасында нақыштар қайталанатын геометриялық элементтерден тұрады. Алдымен бұйымның нобайын жасайды, өлшемін анықтайды. Көптеген құрақ бұйымдары екі үшбұрыштан құралған шаршы блоктардан тұрады. Құрақпен жұмыс істеу үшін матаға суреттің қандай тәсілмен түсірілгенін білу керек.
1. Өрнектелген суреттері тоқымашылық әдісімен түсірілген маталар; 2. Баспа суреттеліп түсірілген маталармен жолақты немесе тор маталар құрақ құрамында бірыңғай түсті немесе гүлді маталармен салыстырғанда бірден көзге түседі. Мұндай маталармен дұрыс жұмыс жасалмаса тартымсыз көрінуі мүмкін.
Сарамандық жұмыс Тақырып: Құрақ жапқыш құрау Мақсаты: Мата жиектерін қиямыз, матаға лекалоны қойып өңдеуге қосымша қалдырып қажетті көлемде қиықтарды пішеміз. Қажетті құрал - жабдықтар мен материалдар: Пішуге арналған кілемше, дөңгелекше кескіш тігінші сан. таспа, тігінші тік бұрышы Қайшы, түйрегіш мақта мата, мақта жіп, көшіргіш дөңгелекше, құрақ желім.
Тігу техникасы: Бөлшектерді сырып тігу кезінде өңдеуге арналған қосымшаны естен шығармау қажет. Бұл үшін арнайы сызғышты пайдаланады. 1 см - ге 5 - 6 инешамшымнан келуі керек. Тізбекше етіп тігу уақыты жіпті үнемдейді. Қиық қабаттарын дәл әкелу үшін түйрегішті пайдаланады. Түйрегіштерді тігістерге көлденең түйрейді. Оны тігіп жүргізгенде т. м. табанына жақындағанда алады. Құрақты құрап болғанда бұйымды сырудың, қабудың қажеті бар ма соны шешеді. Матадағы ашық өрнектер немесе гүлді әдемі кескіндемелерді ұқыпты инешаншымдармен тігу қажет. Бірыңғай түсті маталарға күрделі өрнекті сырып тігуге болады.
Жұмыс барысы: • Бұйымды түзу сызық бойымен немесе көлденеңінен инешаншымдар жасап тігеміз. сызықты алдын ала белгілеп алуға болады; • Құрақтардың шеттерін қиямыз (мыс. 0, 5см ); • Тігімдерді кез келген бағытта жүргізіп өзіндік инешаншымдар жасаймыз; • Суға тас лақтырғанда пайда болатын дөңгелек сияқты доға тәрізді «эхом - мотив» инешаншымдарын қайталау; «Стиппилинг»- үзбей сырып тігу. Шеттерін жиектеу Бұйым шеттерін оның түсіне үйлестіріліп немесе қарсыластық түсте алынған қосарланған жиектемемен тіккен дұрыс. Жиектеменің түсін мұқият таңдау керек. Технологиялық картасы Орындалатын операциялар түрі Кескіндеме 1. Матаның шеттерін келтіріп жаю; 2. Жиектерін қию, жолақты қию; 3. Матаны бірдей үшбұрыштарға бөліп қию Ескерту: Үшбұрыштар немесе жолақтарды қиғанда тігіс қосымшасына орын қалдыруды ұмытпаңдар!
Ой қорыту: Құрақ жапқыштың құралуын тексере отырып, сабақты бекітеміз. Бағалау: Оқушы жұмысын бағалаймыз.
Үй тапсырмасы: 1. Пэчворк сәнді ұлттық нақыштарды пайдаланып бұйым үлгісін дайындау; 2. Ас үй терезесін, балалар, қонақ бөлмелерін безендіріп, шығармашылық жұмыс орындау.
Тақырыбы: Құрақ құрау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: құрақтың құрылуы және оның құрақ көрпешелерде қолданылуы туралы жалпы теориялық мәлімет беріп, оның әдіс-тәсілдерін үйрету.
Дамытушылық мақсаты: теориялық білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен дамыту, құрақ құрау барысында алған білімдерін, дағдыларын нығайту.
Тәрбиелік мақсаты: көне заманнан келе жатқан қазақ халқының өнерін, салт-дәстүрін бағалай білуге, өнер адамдарын құрметтеуге, әсемдікке, ұқыптылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.
Қазақ халқының қол өнерінің ең көп тараған түрі – құрақ. Кезінде оны апа, әжелеріміз бірден пішіп, қырқып, құрастыра берген. Құрақ – сан түрлі қиықтан құрастырылады. Құрақтың ерекшелігі – ол негізінен мата қиындыларынан геометриялық фигуралар үлгісімен құрастырылып тігіледі. Құрастырылатын қиықтар таза және тегіс үтіктелген болуы керек. Құраққа пайдаланылатын мата жұқа, қалыңдығына қарай бірыңғай іріктелініп алынады. Егер құрақ қалың маталардан тігіліп, арасына жұқа мата пайдаланылатын болса, онда оны астарлайды. Жалпы қазіргі тұрмысымызға құрақтың көптеген түрлерін пайдалануымызға болады. Мысалы: жиһаздар бетіне, орындықтарға, дивандарға, креслоға әсемдеп тігілген үлкенді-кішілі құрақ көрпешелер әрбір шаңырақты сәндендірері сөзсіз.
Алдын-ала құрақтың нобайын, суретін салады. Сонда құрақтың жолақ, шаршы, дөңгелектерінің орнын бір жерден екінші жерге ауыстырып қоюға болады.
Құрақ құрау өнерімен барлық жұрт шұғылданады, бірақ оны әрқалай атайды. Мысалы, қазақ халқы «құрақ», орыс халқы «құрақ мозаикасы» немесе «пэчворк» деп атайды. «Пэчворк» - бұйымның нақышы мен колоритін анықтайтын, құрақпен орындалатын жұмыс.
Құрақ құрау үшін үлкен шыдамдылық пен шабыт керек. Мұндай шығармашылық процесс адамнан елестете алу, қиялдау сияқты сезімдерді талап етеді. Көз алдына келтіріп, ойша елестете алған адам ғана матаның, түстердің көмегімен өзіндік туынды жасайды.
АҚШ, Германия, Швеция сияқты елдердің мұражайларында құрақ техникасы сәнімен орындалған бұйымдардың коллекциялары бар. Ал қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінен хабар беретін бірқатар бұйымдар Ә.Қастеев мұражайында сақталған.
Құрақтарды ас үй, жатын бөлме заттарын тартымды етіп көрсету үшін пайдалануға болады.
Құрақтан жасалған бұйымның шетін, бұрышын түтікше шашақпен сәндеп, тігуге болады. Жалпы құрақтар бірнеше түрге бөлінеді:
Құрақ түрлері
«Ай» құрақ «Тырна» құрақ
«Шаршы» құрақ «Майда» құрақ
«Үшбұрыш» құрақ «Гүл» құрақ
«Ботакөз» құрақ «Ою» құрақ
«Жұлдызша» құрақ «Мүйіз» құрақ
Түстер гаммасын топтау немесе түстер үйлесімділігі.
Матаны түстеріне қарай таңдаудың маңызы зор. Мата қиындыларының ішінен алдымен түсі ақ, ұсақ суреттері бары таңдап алынады. Бұлар басқа түстерге қарағанда сирек және аз мөлшерде қолданылады.
Сұр түс – кез-келген гамманы жақсартады.
Ақ түсті фон ретінде пайдалансақ композицияны нәзік етіп көрсетеді.
Бір бұйымға өте көп материал қолданудың қажеті жоқ, 3-5 түрі жеткілікті.
Құрақпен жұмыс істеу үшін матаға суреттің қандай тәсілмен түсірілгенін білу керек.
Жылтыр маталарды өте сақтықпен қолданған жөн, бұйымда олар барынша аз болғаны дұрыс.
Жылтыр матаның бетіне гипюрден тері немесе тюль қоюға болады.
Градациясын басты назарда ұстау қажет. Дүкендерден әдейілеп мата іздеудің қажеті жоқ. Құрақ астары үшін декоративті материалдар және арзан мата қалдықтарын пайдалануға болады.
Қазақ халқының сәндік өнеріндегі басты бояудың түрі – көк түс. Шоқан Уалихановтың айтуы бойынша, бұл түстің заттық мағынасы бар.
Қызыл – оттың, күннің рәміздік белгісі. Көне түрік тілінде қызыл түс – оңтүстікті, қара – солтүстікті, ақ – батысты, көк – шығысты білдіреді.
Қара – жердің түсі, берекенің белгісі.
Ақ та қасиетті түс. Ол қуанышты хабардың, бақыттың, тазалықтың белгісі. Ақ – сонымен бірге шындықтың, ақиқаттың, адалдықтың белгісі іспеттес.
Сары түс – негізінен ақыл-парасаттың белгісі деп есептелінеді.
Жасыл түс – жастық пен көктемнің белгісі.
Тірек системасы.
Бұйымды үтіктеу.
Қол жұмысының технологиясы.
Қорытындылау мақсатында сөзжұмбақ пайдаланылады.
Сөзжұмбақ. «Құрақ»
Сұрақтары:
Қиюға арналған құрал. (қайшы)
Киіз бен алашаны көркемдеуге оймышталатын ұлттық ою-өрнек. («Құсмұрын»)
Төрт-түлік малдың бірінің атымен аталатын ұлттық ою-өрнек. (Қошқар мүйіз)
Мата түрі (Атлас)
Қолдың сұқ саусағын ине жарақаттамауы үшін қолданылады. (оймақ)
Бекіту сұрақтары беріледі:
Маталар жіктелуіне байланысты қандай топтарға бөлінеді:
Құрақты орысша қалай аталады?
Құрақтың түрлерін атаңдар.
Қол жұмысында қандай техникалық қауіпсіздік ережелерін білу керек.
Қол жұмысына арналған қандай құралдарды білесіңдер?
Қауіпсіздік ережесі.
Қол инемен жұмыс:
Инені киімге қыстыруға болмайды.
Инені арнаулы қобдишаға сақтау қажет.
Ине жібін тіспен үзуге болмайды.
Инемен жұмыс кезінде оймақ киген дұрыс.
Инені жіпсіз тастауға болмайды.
Қайшымен жұмыс:
Қайшыны арнайы қобдишада сақтау қажет.
Қайшына жолдасыңа үшкір ұшымен берме.
Қайшыны ашық қалдыруға болмайды.
Қайшымен жұмыс кезінде жолдасыңның көңілін бөлме.
Қайшыны ойыншық ретінде пайдалануға болмайды.
Үтікпен жұмыс:
Үтіктеу алдында өткізгіштің үзілген, желінген жерлерін тексер.
Үтікті мата түріне қарай қыздыру қажет.
Үтікті арнайы тіреуішке қою керек.
Үтікті тұтқасынан ұста.
Үтікті мұғалімнің рұқсатынсыз қосуға болмайды.
Ылғал қолмен тоққа қосылған үтікті ұстауға болмайды.