Білімділік: Ағашты күйдіріп өңдеу технологиясы жайында техникалық мағлұматты меңгерту.
Дамытушылық: Ағашты күйдіріп өңдеу технологиясын жүзеге асыруда қолданылатын аспаппен таныстыру; онымен жұмыс жасау икемділігін, көркемдік әдіс-тәсілдерді (нүктелік әдіс) қолдана білуін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Дайын бұйым өндіру жолындағы өндірістік жүйе, оның сатылы кезеңдерінің нәтижесі аз уақытта сапалы өнім шығарып тұтынушы қолына жеткізуді ұйымдастыруға баулу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Білімділік: Ағашты күйдіріп өңдеу технологиясы жайында техникалық мағлұматты меңгерту.
Дамытушылық: Ағашты күйдіріп өңдеу технологиясын жүзеге асыруда қолданылатын аспаппен таныстыру; онымен жұмыс жасау икемділігін, көркемдік әдіс-тәсілдерді (нүктелік әдіс) қолдана білуін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Дайын бұйым өндіру жолындағы өндірістік жүйе, оның сатылы кезеңдерінің нәтижесі аз уақытта сапалы өнім шығарып тұтынушы қолына жеткізуді ұйымдастыруға баулу.
Сабақтың түрі:дәстүрлі.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, тақтамен жұмыс, сарамандық жұмыс
Пәнаралық байланыс: сызу және бейнелеу өнері, тарих
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Тақырып: «Фанер және полистиролды қыларамен аралау»
Қыларамен ағашты аралау. Фанер пайда болғалы бері одан үйге қажетті керек – жарақтарды, ұсақ – түйектерді жасай бастады. Қазіргі кезде жұқа тақтайлардан аса шеберлікпен аралап өрнектеу кеңінен тараған (коньки, карниз, терезе, есікке маңдайша әшекейлері, т.б.) Аралау арқылы ұсақ – түйек жасау оншалықты қиын емес. Ол үшін арнайы орынның, соншалықты көп құрал – саймандардың да ерегі жоқ. Ең алдымен, жарық жақсы түсетін үстел, содан кейін қылара, әртүрлі ұсақ аралар, егеу және пышақ керек.
Пористироль туралы түсінік. Қазіргі кезде ұсақ – түйек жасау үшін фанермен бірге жаңа материал – полистирол қолданылады. Түсті оргшынымен үйлесіп, өрнек астары ретінде қолданылатын дәстүрлі фанерді полистиролмен алмастыруға болады. Оргшыны және полистирол бөлшектерін бір – бірімен желімдеу арқылы қосуға болады. Бұларды желімдеу үшін №647 еріткіш және №648 автомобиль нитроэмалі қолданылады. Еріткіштің басқа нөмірлері мен сорттары полистиролды еріте алмайды.
Ағаштарды желімдеу кезінде есте сақтау ережелері. Циакрин мен дихлорэтан - өте улы қосылыстар. Фанерден жасалған бөлшектерді, бұйымдарды өзара ПВА желімі арқылы, сондай – ақ тиектер, металл капсырмалар және шканттар арқылы біріктіреді.
Қылараға арналған ара төсемдерін түсіндір. Қылараға арналған ара төсемдері. Қайырылған ірі тісті қыларамен фанерді аралауға, ал жақсы шынықтырылған ұсақ тісті кішкентаймен біршама қатты материалдарды аралауға болады. Мұндай аралармен жұқа полистиролдан ұсақ өрнектер аралаған ыңғайлы және аралаған жоғарыдан төмен қарай бір бағытта аралайды. Сол үшін ара төсемін қылараға бекіткенде, тістерінің бағытына назар аудару керек.
Жұмыс орны реттерін ата. Жұмыс орны ретінде партаны, шеберүстелді алуға болады. Жұмыс орны терезеге жақын жұмыс уақытында терезе ашық болуы сыныпта желдеткіш жұмыс істеп тұруы тиіс. Қыларамен жұмыс істегенде тапжалмай отыруға тура келеді,оң қол ғана бір ізді қозғалыста болады. Осылай отыра бергеннен организм шаршайды, көз талады. Сол үшін санитарлық гигиенаны сақтау керек.
Бұйымға еңкеймей түзу отыру. Жұмыс орнынды әрбір 25-30 минут сайын үзіліс жасап, қол мен көзге демалыс беру керек.
III. Үй тапсырмасын бекіту
1. Ағаш беттерін әрлейтін қағаз?
2. Ағашты термиялық өңдеу?
3. Мұқалған метал тескіш құралдарды қайта өткірлеу тәсілі?
Жауабы:, зімпара, пиротипия, қайрау.
Мұғалім: рахмет балалар, өткен сабақта фанер және полистиролды қыларамен аралау туралы мағлұмат алдык. Мұғалімнің колында оюы бар ағаш бұйым. Балалар енді маған қараңыздар, мен не көрсетіп тұрмын. Бұл нәрсе қалай аталады?
Мұғалім: Бұл нәрселер қолөнерінің қай түріне жатады деп ойлайсыздар?
Оқушылар: Сәндік-қолданбалы өнер.
Мұғалім:Өте жақсы, өздеріңіз бүгінгі сабақтың тақырыбын айттыңыздар, бүгінгі түсіндіретін тақырыбым: «Ағаш бұйымдарын ою-өрнектеп күйдіру технологиясы» деп аталады.
IV. Жаңа сабақты түсіндіру жоспары:
Дәптерлеріңізді ашып, жаңа сабақтың жоспарын жазып қойыңыздар. 1.Сәндік-қолданбалы өнер.
2.Ою-өрнек ұғымы.
3.Ұлттық ою-өрнек түрлері.
4. Пиротипия-туралы түсінік беру
5. Ағашты күйдіріп өрнектеу аспабының құрылысы мен өрнектеу әдісі.
6. Ағашты күйдіріп өрнектеу аспабымен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелері
V. Жаңа сабақ:
Мұғалім: Сәндік-қолданбалы өнер дегеніміз эстетикалық мәні жағынан маңызды көркем түрде өндірісте немесе қолмен бұйымдар жасау. Сәндік -қолданбалы өнер заттары көбіне ұлттық нақыштарымен көзге түседі. Біздің халқымыздың басты ерекшелігі де осында.
Сәндік-қолданбалы өнердің біріне ою-өрнектерді жатқызуга болады. Қазақтың ою-өрнегінің бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, үнемі қолданыста болып, дамып келе жатқан өнер түрі
Слайд.
Оқушы жұмысы: Ою-өрнек
Ою-өрнектерді мынадай топтарға жіктеуге болады:
Космогониялық. 3ооморфтық. Геометриялық фигураларға ұқсас өрнектер
1 .Космогониялық (Ай, Күн, жүлдыздарды бейнелейтін өрнектер). Оған
«айгүл», «жүлдыз», және т. б. ою түрлері жатады. Космогониялық өрнектер көбіне кілемде, жүзіктерде кездеседі.
2.3ооморфтық (аң, мал атаулары мен олардың дене мүшелеріне байланысты туған өрнектер): «қошқармүйіз», «түйе өркеш», «түйетабан», «аша түяқ», «түйе мойын», «арқар мүйіз», « ала күрт», « жылан», «жылан бас», «күмырсқа», «көбелек», «қүс қанаты», «қаз аяқ», «қаз мойын», «қүс мойын», «қүс түмсық».өсімдік бейнелі өрнектер: «қызғалдақ гүлі», «райхан гүлі», «гүл», «жеті гүл».
3.Геометриялық фигураларға ұқсас өрнектер: шаршы, ромб, төртбұрыш, үшбұрыш, «аралық гүл»(үшбұрышты фигура), «қос тұмарша» (екі үшбұрыш) Геометриялық өрнектер кілемде, шым шиде, ағаш пен тастан өңделген бұйымдарда сондай-ақ барлықдерлік бұйымдарда композиция құру барысында пайдаланады.
Казак халқының ою-өрнегінің ішіндегі ең негізгісі -«қошқар мүйіз». Осы «мүйіз» өрнегінің өзі бірнеше түрге бөлінеді. Бір сөзбен айтқанда «мүйіз» өрнегінің ел тұрмысында араласпайтын саласы жоқ. Қазақтың халықтық колөнерінде жиі қолданатын мүйіз тектес ою-өрнектер өзінің даму барысында әр түрлі көркемдік сипат алған: «қошқар мүйіз», «арқар мүйіз», «марал мүйіз», « бұғы мүйіз», «сыңар мүйіз», «тармақ мүйіз» т. б. . Мысалы: «қошқар мүйіз» оюы молшылықты меңзейді, «ағаш» оюы ынтымақ бірлікті, «ирек» оюы адамның өмір жолы, судың белгісі.
«Шеңбер» «құс», «түйе табан», «иткүйрық» ою-өрнектері кебеже, жүкаяқ,әбдіре, асадал сынды бұйымдарда, ал өсімдік пішіндес оюлар «гүл», «жапырак», «қырмызы гүл», т.б. ағаш бұйымдарда шебердің талғамына қарай топтастырып беріліп отырған.,
Геометриялық өрнектер кілемде, шым шиде, ағаш пен тастан өңделген бұйымдарда сондай-ақ барлықдерлік бұйымдарда композиция құру барысында пайдаланады.
Космогониялық өрнектер көбіне кілемде, жүзіктерде кездеседі
Өрнектердің композициялық құрылымы болуы керек:
1. Композиция дегеніміз -өрнекті бұйымның бетіне ретпен орналастыру, жүйелеу.
Өрнектерді орналастыру үшін симметрия сақталу керек.
2. Симметрия дегеніміз- ою өрнектің екі жағының тең болуы.
3. Ою-өрнекте бір элемент қайталанып келсе мұны- ритм дейміз.
Жалпы алғанда ою-өрнек дегеніміз - әдемі ырғаққа арнаулы жүйемен құрылған өрнек бөлшектері.
Пирография— ағашты күйдіріп әрлендіру. Жасалған бұйымның арнаулы өңдеуден өткізіп кәдеге жарату жолдары.Дайындалатын заттың бетін тегістеу, оймыштап бедер салу, бояу ағаш бетін қыздырылған металлмен қару, біздің ұшымен қарып өрнек, жазу түсіру, т.б. тәсілдер жатады.Аталған тәсілдерді көбінесе үй жиһазы (көбіне ыдыс-аяқ түрлерін), саз аспаптарының, үй, ғимараттың ағаш бөлшектерін (үстін, тіреу, есік, қақпа және т.б.) өңдеуге қолданған. Ол үшін әшекейленетін ағаш бетіне өрнектің нобайын біз тәрізді өткір аспаппен немесе қызған иненің ұшымен батыра сызып алып, әртүрлі мәнерде иілген теміртек (металл) қалыптарды отқа қыздырып, өрнектің бойын қуалай, қарып (күйдіріп) шығады.
Күйдіріп өрнек салуға ағаштың жұмсақ түрлері жөке , терек, қандыағаш, балқарағай пайдаланады.
Ағаш бөліктерін қатарластыра қари отырып, сарғыш қоңырдан шымқай қаратүстің арасындағы реңдерді шығарған
4-ток күшіне жалғауға арналған ашалы сымнан тұрады .
Ағашты күйдіріп өрнектеу электр бізбен жасалады. Біздің бөлшектеріне 127В-тан 2В-қа дейін төмендетілетін тарнсформатор кіреді. Тұтыну қуаты 20 Вт шамасында. Негізгі жұмысты тұтқа ұшындағы металл атқарады.
Ағашты күйдіріп өрнектеу 3топқа бөлінеді:
Жиектік әдістер
Сызықшалы әдістер
Нүктелік әдістер.
Жиектік әдісте күйдіріліп жасалған өрнек бұйым шетін қуалай жолақ немесе таспа түрінде орналасады.
Сызықшалы әдісте сурет бетіне электркүйдіргішпен жылдам қозғалыстар жасау арқылы сызықшалар түсіреді (сызықшалар қаншалықты қысқа болса, түсі де қанық болады).
Нүктелік әдісте нүктелерді үлкенді-кішілі, терең-саяз етіп күйдіріп, ағаштың ақ жерлерін қарайған суреттерге айналдырып, бейнелеу. Солғын түс беру үшін ағаш бетіне электркүйдіргіштің бізін сәл ғана тигізіп өтеді. Негізінен, барлық күйдіру жұмыстары осы әдіспен орындалады.
Күйдіріп өңдеген кезде пайдалану үшін суреттері бар арнаулы альбомдар, сызба үлгілері қолданылады. Суретті ағаш бетіне дұрыс көшіру өте маңызды. Ол үшін таңдап алынған оюлары бір нұсқадағы өрнектер көшірмесін көшіргі қағазбен кіршіксіз тазаланған ағаштың бетіне қойып, қарындашпен сызып шығады..
Күйдіру әдісінде алғашқы суреттерді нүкте-нүкте етіп күйдіріп байқау керек. Нүктелерді үлкенді-кішілі, терең-саяз етіп күйдіріп, ағаштың ақ жерлерін қарайған суреттерге айналдырып, бейнелейтін заттың көлемін анықтап қолды үйретеміз. Күйдіріп сурет салатын ағаштың бір шетін көтеріңкіреп, көз алдынан 30-25 см қашықтықта ұстаған жөн.
VI.Сарамандық жұмыс :
Ағашты күйдіріп өрнектеу аспабымен жұмыс жасау кезіндегіқауіпсіздік ережелері
Жұмысқа дейін:
1. Жұмыс киімін дұрыс киіну. Жең, галстук, белбеу т.б. киімдеріңді реттеу.
2. Жұмыс орныңда артық ешнәрсе тұрмау, ақаулықты байқаған жағдайда бірден мұғалімді хабардар ету.
Жұмыс кезінде:
1. Жұмыс барысында күйдіргіш бізді қатты басуға болмайды.
2. Сызық соңында суреттен бізді бірден көтеру керек.
3. Күйдіріп жатқан жерге жақын еңкеюге болмайды.
4. Қызып тұрған бізді киімге, денеге тигізіп алудан сақ болу керек.
5. Көзді демалдыру үшін, электркүйдіргішті суыту үшін әрбір 20 минут сайын үзіліс жасау керек.
Жұмыстан кейін:
1. Жұмыс орныңды ретке келтір.
2. Жұмыс соңында және үзіліс кезінде электркүйдіргішті электр желісінен ажырату керек.
3. Өзіңді ретке келтір.
Жеке жұмыс киімін кию: фартук, жеңқап
Күйдіріп өрнек салуға ағаштың жұмсақ түрлері (жөке, терек және қандыағаш) пайдаланылады.
Сергіту сәті:
Ал балалар, енді серігіп алайық. Макалдың жалғасын тап.
І.Еңбек кылсаң ерінбей, тояды ...
2.Шешеннің сөзі мерген, шебердің ...
З.Ер кадірін ер білер, зер ...
4.Жаңбырмен жер көгерер, еңбекпен ...
З.Істегенің еліңе жаксы, үйренгенің ...
б.Не ексең, соны ...
VII. Сабақты қорытындылау:
1.Сәндік-қолданбалы өнер дегеніміз не?
Сәндік-қолданбалы өнер дегеніміз эстетикалық мәні жағынан маңызды көркем түрде өндірісте немесе қолмен бұйымдар жасау
2. Ою-өрнек дегеніміз не?
Ою-өрнек дегеніміз - әдемі ырғаққа арнаулы жүйемен құрылған өрнек бөлшектері.
3.Ою-өрнектерді неше топтарға жіктеуге болады?
Космогониялық. 3ооморфтық. Геометриялық фигураларға ұқсас өрнектер
4.Пирография—туралы түсінік бер.
Пирография— ағаштан жасалған бұйымды арнаулы өңдеуден өткізу, заттың бетін тегістеу, оймыштап бедер салу, біздің ұшымен қарып өрнек, жазу түсіру.
5.Электркүйдіргіш аспабы қандай бөліктерден тұрады?
а-негізі
б-күйдіргіштің тұтқасы
в-шиыршық (спираль) немесе электрод
г-ток күшіне жалғауға арналған ашалы сымнан тұрады
6. Ағашты күйдіріп өрнектеу неше топқа бөлінеді
Ағашты күйдіріп өрнектеу 3топқа бөлінеді:
Жиектік, сызықшалы және нүктелік әдістер
7.Ағашты күйдіріп өрнектеу аспабымен жұмыс жасау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?
Мұғалім сөзі:
Ағашты күйдіріп өрнектеу технологиясы қазіргі кезде жақсы дамуда. Қазіргі заман талабына сай күйдіру тәсілімен жасалған бұйымдар қымбат бағаланып, қазақ халқының ою-өрнектерімен әрленіп, саттықта жүрген кезде ол өнімдер арқылы жақсы пайда тауып, әрбір отбасының қаржылық мәселелерін де шешуге болады.
VIII.Үй тапсырмасын беру: Ағашты күйдіріп, бұйымға өрнек салу үшін қолданылатын суреттің бірнеше нұсқасын жасап келіңдер.
IX.Бағалау
ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ
«№272 ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
«айгүл», «жүлдыз», және т. б. ою түрлері жатады. Космогониялық өрнектер көбіне кілемде, жүзіктерде кездеседі.
2.3ооморфтық (аң, мал атаулары мен олардың дене мүшелеріне байланысты туған өрнектер): «қошқармүйіз», «түйе өркеш», «түйетабан», «аша түяқ», «түйе мойын», «арқар мүйіз», « ала күрт», « жылан», «жылан бас», «күмырсқа», «көбелек», «қүс қанаты», «қаз аяқ», «қаз мойын», «қүс мойын», «қүс түмсық».өсімдік бейнелі өрнектер: «қызғалдақ гүлі», «райхан гүлі», «гүл», «жеті гүл».
3.Геометриялық фигураларға ұқсас өрнектер: шаршы, ромб, төртбұрыш, үшбұрыш, «аралық гүл»(үшбұрышты фигура), «қос тұмарша» (екі үшбұрыш) Геометриялық өрнектер кілемде, шым шиде, ағаш пен тастан өңделген бұйымдарда сондай-ақ барлықдерлік бұйымдарда композиция құру барысында пайдаланады.
Казак халқының ою-өрнегінің ішіндегі ең негізгісі -«қошқар мүйіз». Осы «мүйіз» өрнегінің өзі бірнеше түрге бөлінеді. Бір сөзбен айтқанда «мүйіз» өрнегінің ел тұрмысында араласпайтын саласы жоқ. Қазақтың халықтық колөнерінде жиі қолданатын мүйіз тектес ою-өрнектер өзінің даму барысында әр түрлі көркемдік сипат алған: «қошқар мүйіз», «арқар мүйіз», «марал мүйіз», « бұғы мүйіз», «сыңар мүйіз», «тармақ мүйіз» т. б. . Мысалы: «қошқар мүйіз» оюы молшылықты меңзейді, «ағаш» оюы ынтымақ бірлікті, «ирек» оюы адамның өмір жолы, судың белгісі.
«Шеңбер» «құс», «түйе табан», «иткүйрық» ою-өрнектері кебеже, жүкаяқ,әбдіре, асадал сынды бұйымдарда, ал өсімдік пішіндес оюлар «гүл», «жапырак», «қырмызы гүл», т.б. ағаш бұйымдарда шебердің талғамына қарай топтастырып беріліп отырған.,
ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ
«№272 ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Технология пәні
Тақырыбы: «Ою-өрнек.»
Күні:22.11.16ж.
Сыныбы: 7 «В»
Оқушы: Көбеков Р
Байқоңыр қаласы.
III. Үй тапсырмасын бекіту
1. Ағаш беттерін әрлейтін қағаз?
2. Ағашты термиялық өңдеу?
3. Мұқалған метал тескіш құралдарды қайта өткірлеу тәсілі?
Жауабы:, зімпара, пиротипия, қайрау
VII. Сабақты қорытындылау
1.Сәндік-қолданбалы өнер дегеніміз не?
Сәндік-қолданбалы өнер дегеніміз эстетикалық мәні жағынан маңызды көркем түрде өндірісте немесе қолмен бұйымдар жасау
2. Ою-өрнек дегеніміз
Ою-өрнек дегеніміз - әдемі ырғаққа арнаулы жүйемен құрылған өрнек бөлшектері.
3.Ою-өрнектерді неше топтарға жіктеуге болады?
Космогониялық. 3ооморфтық. Геометриялық фигураларға ұқсас өрнектер
4.Пиротипия—туралы түсінік бер.
Пиротипия— ағаштан жасалған бұйымды арнаулы өңдеуден өткізу, заттың бетін тегістеу, оймыштап бедер салу, біздің ұшымен қарып өрнек, жазу түсіру.
5.Электркүйдіргіш аспабы қандай бөліктерден тұрады?
а-негізі
б-күйдіргіштің тұтқасы
в-шиыршық (спираль) немесе электрод
г-ток күшіне жалғауға арналған ашалы сымнан тұрады