kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ағашты көркемдеп өңдеу технологиясы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы:  Ағашты көркемдеп өңдеу технологиясы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:           Ағашты көркемдеп өңдеу технологиясымен көркем еңбек құралдары, ағаш ою құралдарымен танныстыру.

Дамытушылық:            Ою ережелерін, өрнектің үлгісін жасау арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:                  Халықтық ұлттық тәрбие мен эстетикалық тәрбие беру.

Типі: аралас

Түрі: дәстүрлі

Әдісі: сөздік, көрнекілік,  практикалық

Көрнекіліктер: ұңғы, қол бұрғы, сүргі, қашау түрлері, сызғыш, қарандаш, қайшы, компьютер, интерактивті тақта  т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих,  биология, математика, информатика бейнелеу т.б.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру.  Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Қол бұрғының құрылысы?
  2. Ұңғының құрылысы, айырмашылығы?
  3. Сүргілеу аспаптарының ең көп тараған түрі қандай?
  4. Сүргілеу аспаптарының айырмашылықтары?
  5. Қандай қауіпсіздік ережелерін сақтаймыз?

Жаңа сабақ: Қызығушылықты ояту.

1.Суретте қандай заттар көріп тұрсыздар? (ағаш)

2. Тақтай беттерінде қандай среттер бар? (ою-өрнек)

Ендеше бүгінгі сабағымыз: «Ағашты көркемдеп өңдеу технологиясы»

 Тарихы:  Біздің жыл  санауымыздан бұрынғы Ү-ІІІ ғасырларда Алтай өңірінен Қара теңізге дейін даланы қоныстанған түркі халықтарының түп аталары-байырғы сақтар өнердің өшпес асыл мұраларын қалдырған. Демек қазақ халқының ою-өрнек түркі жосығымен, ал жосық ежелгі сақтар өнерімен, зергерлік әшекейлермен тікелей сабақтасып, біздің заманымызға жеткен. Өңдеу тәсілдері өте көп, олардың көпшілігін адамдар бұдан мыңдаған жылдар бұрын білген және қолданған. Тіпті ағашқа суретті отпен емес, күшті қышқылдармен күйдіріп салу сияқты әдіс бұдан жүздеген жыл бұрын белгілі болған. Көркемдеп өңдеуге қажетті ағаштарды халық шеберлері дұрыс таңдай білген. Оған майқарағай, терек, үйеңкі секілді жұмсақ ағаштарды пайдаланған. Олар жұмсақ болғандықтан, шытынап жарылмайды. Мұндай материалдың тілініп алынған бетіне өте нәзік ойықша, үшбұрыш және басқа өрнектерді орындау мен әрлеу жұмыстары оңай жүргізіледі. Көркемдеп өңдеу жұмысына бұтасыз жұмсақ ағаш түрін таңдап, қажетті өлшеммен кесіп, сүргілеп, әрлеп тақтай бетіне өрнек трафаретін көшіреді. Өрнекті қашаудың немесе арнаулы пышақтың көмегімен кеседі, ояды. Өрнекті қандай түрде орындау үлгіге байланысты болады.

Өңдеу құралдары: тік және әртүрлі ойық жүзді қашаулар және оюға арналған пышақ түрлері. Қырғыштар: ыңғыру, имек жүзді ойық қашау және үшкір жүзді ойық қашау.  Ағаш оюға қажетті басты құралдар-қашау мен үшкір пышақ. Ең көп қолданылатын қашау түрлері үшкір пышақпен тік жүзді және ойық жүзді қашау құралдары және олардың ойған пышақ қашау іздері көрсетілген. Ағаш оюдың бірнеше тәсілдері бар.

Оюдың негізгі түрлері: 1) көлбей ою- оюдың қабырғалары көлбеулеу келіп отырады;      2) тік қабырғалы ою-оның қабырғасы тік болады; 3) жұмырлап ою-ойық қашаумен орындалады. Бұл оюлар өрнекті тақтай бетінде бедерлеп немесе тақтайды қаза орындаса да, осылай аталады.

Ою ережелері:  Ең алдымен көңілің қалаған ою үлгісін қағазға салып ал, одан кейін үлгіні ағаш тақтаның бетіне көшіріңдер. Қарындаштың ізін қуалап, пышақ жүзімен тақтаға із түсіру үшін, құралды қолмен тік, сығымдап ұстап, өзіңе қарай нығырлай тартуың керек. Екінші қолың пышақ жүзінің кері бағытында болсын.

Ағаштарды таңдай білу: Шеберлер ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеуден бұрын оны алдын ала таңдап, кептіріп алады. Бұйымның мөлшеріне қарай тақтайды белгілеп алған соң, оның сапасын тексереді. Өңделетін ағаш жарылмаған, шірімеген, сапасы жақсы болуы тиіс. Егер ағаш дұрыс сақталмаса, өзінің әдепкі қалпынан өзгереді, сынады, жарылады немесе қисаяды. Мұндай материалдардан жасалған бұйымның сапасы төмен болады, қалдық материалдар көп болады.

Қорытынды: Біздер бүгінгі сабақта ағашты көркемдеп өңдеу тарихымен, өңдеу құралдарымен, ою ережелерімен және ағашты таңдай білуді үйрендік.

Бекіту: 1. Ағашты көркемдеп өңдеудің тарихы ?

2. Ағашты өңдеу құралдары ?

3. Ағашты ою ережелері ?

4. Ағашты қалай таңдаймыз ?

5. Ағаш ою кезінде қауіпсіздік ережелері ?

Сарамандық бөлім:

Қағазға ою-өрнек эскизін салу. 

Бағалау: Бағалау критериіне сай оқушылар бағаланады.

Үйге тапсырма: «Ағашты көркемдеп өңдеу технологиясы»

-Сабақ аяқталды !

-Сау болыңыздар

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ағашты көркемдеп өңдеу технологиясы»

Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: Ағашты көркемдеп өңдеу технологиясы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ағашты көркемдеп өңдеу технологиясымен көркем еңбек құралдары, ағаш ою құралдарымен танныстыру.

Дамытушылық: Ою ережелерін , өрнектің үлгісін жасау арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Халықтық ұлттық тәрбие мен эстетикалық тәрбие беру.

Типі: аралас

Түрі: дәстүрлі

Әдісі: сөздік, көрнекілік, практикалық

Көрнекіліктер: ұңғы, қол бұрғы, сүргі, қашау түрлері, сызғыш, қарандаш, қайшы, компьютер, интерактивті тақта т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих, биология, математика, информатика бейнелеу т.б.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Қол бұрғының құрылысы?

  2. Ұңғының құрылысы, айырмашылығы?

  3. Сүргілеу аспаптарының ең көп тараған түрі қандай?

  4. Сүргілеу аспаптарының айырмашылықтары?

  5. Қандай қауіпсіздік ережелерін сақтаймыз?

Жаңа сабақ: Қызығушылықты ояту.

1.Суретте қандай заттар көріп тұрсыздар? (ағаш)

2. Тақтай беттерінде қандай среттер бар? (ою-өрнек)

Ендеше бүгінгі сабағымыз: «Ағашты көркемдеп өңдеу технологиясы»

Тарихы: Біздің жыл санауымыздан бұрынғы Ү-ІІІ ғасырларда Алтай өңірінен Қара теңізге дейін даланы қоныстанған түркі халықтарының түп аталары-байырғы сақтар өнердің өшпес асыл мұраларын қалдырған. Демек қазақ халқының ою-өрнек түркі жосығымен, ал жосық ежелгі сақтар өнерімен, зергерлік әшекейлермен тікелей сабақтасып, біздің заманымызға жеткен. Өңдеу тәсілдері өте көп, олардың көпшілігін адамдар бұдан мыңдаған жылдар бұрын білген және қолданған. Тіпті ағашқа суретті отпен емес, күшті қышқылдармен күйдіріп салу сияқты әдіс бұдан жүздеген жыл бұрын белгілі болған. Көркемдеп өңдеуге қажетті ағаштарды халық шеберлері дұрыс таңдай білген. Оған майқарағай, терек, үйеңкі секілді жұмсақ ағаштарды пайдаланған. Олар жұмсақ болғандықтан, шытынап жарылмайды. Мұндай материалдың тілініп алынған бетіне өте нәзік ойықша, үшбұрыш және басқа өрнектерді орындау мен әрлеу жұмыстары оңай жүргізіледі. Көркемдеп өңдеу жұмысына бұтасыз жұмсақ ағаш түрін таңдап, қажетті өлшеммен кесіп, сүргілеп, әрлеп тақтай бетіне өрнек трафаретін көшіреді. Өрнекті қашаудың немесе арнаулы пышақтың көмегімен кеседі, ояды. Өрнекті қандай түрде орындау үлгіге байланысты болады.

Өңдеу құралдары: тік және әртүрлі ойық жүзді қашаулар және оюға арналған пышақ түрлері. Қырғыштар: ыңғыру, имек жүзді ойық қашау және үшкір жүзді ойық қашау. Ағаш оюға қажетті басты құралдар-қашау мен үшкір пышақ. Ең көп қолданылатын қашау түрлері үшкір пышақпен тік жүзді және ойық жүзді қашау құралдары және олардың ойған пышақ қашау іздері көрсетілген. Ағаш оюдың бірнеше тәсілдері бар.

Оюдың негізгі түрлері: 1) көлбей ою- оюдың қабырғалары көлбеулеу келіп отырады; 2) тік қабырғалы ою-оның қабырғасы тік болады; 3) жұмырлап ою-ойық қашаумен орындалады. Бұл оюлар өрнекті тақтай бетінде бедерлеп немесе тақтайды қаза орындаса да, осылай аталады.

Ою ережелері: Ең алдымен көңілің қалаған ою үлгісін қағазға салып ал, одан кейін үлгіні ағаш тақтаның бетіне көшіріңдер. Қарындаштың ізін қуалап, пышақ жүзімен тақтаға із түсіру үшін, құралды қолмен тік, сығымдап ұстап, өзіңе қарай нығырлай тартуың керек. Екінші қолың пышақ жүзінің кері бағытында болсын.

Ағаштарды таңдай білу: Шеберлер ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеуден бұрын оны алдын ала таңдап, кептіріп алады. Бұйымның мөлшеріне қарай тақтайды белгілеп алған соң, оның сапасын тексереді. Өңделетін ағаш жарылмаған, шірімеген, сапасы жақсы болуы тиіс. Егер ағаш дұрыс сақталмаса, өзінің әдепкі қалпынан өзгереді, сынады, жарылады немесе қисаяды. Мұндай материалдардан жасалған бұйымның сапасы төмен болады, қалдық материалдар көп болады.

Қорытынды: Біздер бүгінгі сабақта ағашты көркемдеп өңдеу тарихымен, өңдеу құралдарымен, ою ережелерімен және ағашты таңдай білуді үйрендік.

Бекіту: 1. Ағашты көркемдеп өңдеудің тарихы ?

2. Ағашты өңдеу құралдары ?

3. Ағашты ою ережелері ?

4. Ағашты қалай таңдаймыз ?

5. Ағаш ою кезінде қауіпсіздік ережелері ?

Сарамандық бөлім:

Қағазға ою-өрнек эскизін салу.

Бағалау: Бағалау критериіне сай оқушылар бағаланады.

Үйге тапсырма: «Ағашты көркемдеп өңдеу технологиясы»

-Сабақ аяқталды !

-Сау болыңыздар!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (мальчики)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Ағашты көркемдеп өңдеу технологиясы

Автор: Галимов Арман Максимович

Дата: 01.03.2017

Номер свидетельства: 396875

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "А?ашты к?ркемдеп ??деу технологиясы. А?ашты ою ережелері. "
    ["seo_title"] => string(73) "ag-ashty-korkiemdiep-on-dieu-tiekhnologhiiasy-ag-ashty-oiu-ieriezhielieri"
    ["file_id"] => string(6) "216373"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1432964762"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "А?ашты к?ркемдеп ??деу технологиясы "
    ["seo_title"] => string(45) "ag-ashty-korkiemdiep-on-dieu-tiekhnologhiiasy"
    ["file_id"] => string(6) "231861"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1442656224"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(105) ""А?ашты к?ркемдеп ??деу технологиясы. Ж?мыссызды?. К?сіпода?""
    ["seo_title"] => string(69) "ag-ashty-korkiemdiep-on-dieu-tiekhnologhiiasy-zhu-myssyzdyk-k-sipodak"
    ["file_id"] => string(6) "290884"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1455031066"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(161) "?лтты? ою-?рнектерді насихаттай отырып, а?аш бетіне т?сіріп, к?ркемдеп, ??деу технологиясы. "
    ["seo_title"] => string(104) "u-lttyk-oiu-orniektierdi-nasikhattai-otyryp-ag-ash-bietinie-tusirip-korkiemdiep-on-dieu-tiekhnologhiiasy"
    ["file_id"] => string(6) "170337"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423546257"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу"
    ["seo_title"] => string(40) "ag_ash_bu_iymdaryn_korkiemdiep_on_dieu_2"
    ["file_id"] => string(6) "449475"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "testi"
    ["date"] => string(10) "1515734473"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства