О?ушыларды? білімін, жан - жа?ты ойлау ?абілетімен ой ?ш?ырлы?ын сынау. О?ушы бойында?ы жауапкершілікті, ізденісті, шы?армашылы?ты ?штастыра отырып, ?з ойын еркін жеткізе білу да?дыларын ?алыптастыру. О?ушыларды? іс ?рекетін ?штастырып іс ж?зінде пайдалана білуге ?йрету. О?ушыларды адамгершілікке, ??ыптылы??а, м?дениеттілікке т?рбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Жас технолог - 2015" сайыс »
Тақырыбы: «Жас технолог - 2015»
10 «а» сыныбы
Пән мұғалімі: Қ. Жарылқасынов
2014 – 2015 оқу жылы
Мақсаты:
Оқушылардың білімін, жан – жақты ойлау қабілеті мен ой ұшқырлығын сынау;
Оқушылардың алған білімдерін дамыту, шығармашыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру;
Оқушы бойындағы жауапкершілікті, ізденісті, шығармашылықты ұштастыра отырып, алға мақсат қоюға, ұлттық мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
«Жас технолог – 2015» атты сайысымызды бастаймыз. Сайысымызда технология пәні бойынша алған білімі мен өнерімізді ортаға саламыз.
Бүгінгі сайысымызға білімдерімен күш сынасуға келіп отырған 10 «а» сынып оқушылары Хамитов К, Байтұрғанов С, Байназаров А, Әбухасов Н, Алпысбаев Е Сайыс 4 бөлімнен тұрады:
Бәйге
Тіл – өнер
Тапқырлық
Жорға
Жүргізуші: Біздің күнделікті іс – әрекетіміз білімге, оқуға үйренуге бағытталған. Бұл қасиеттерге қоса адамға шамшаңдықта өте қажет. Сонымен «Бәйге» жарысының шарты жауапты нақты, тез болуы керек. Қай оқушы бірінші болып қол көтереді, сол ойыншы бірінші жауап береді.Ал егер жауап болмаса, келесі сұраққа жауап бере алмайды.Дұрыс жауапты білетін келесі оқушы жауап бере алады.
«Өткірдің жүзі, кестенің бізі
Өрнегі сендей сала алмас
Білгенге маржан, білмеске арзан
Надандар бахара ала алмас» - деп Ұлы Абай айтқандай өнерлі ұлдарымызға сәттілік тілейміз.
Сонымен «Бәйге» сайысында 10 сұрақ беріледі. Бағалануы 5 ұпай.
Күбі тұрмыста қандай роль атқарады.
Жағдан дегеніміз не? (теріден жасалған сандықтың бір түрі)
Домбыраның құрылысын ата.
Теріні шикілей өңдеу дегеніміз не?
Киіз үй қандай бөліктерден тұрады.
Бас табаққа қандай жіліктер салынады.
Уық нелерді ұштастырады.
Кәсіби маман дегенді қалай түсінесіңдер
Жеңіл өнеркәсіпке қандай салалар жатады
Ауылшаруашылығы салаларын ата?
Сайысымыздың келесі бөлімі Тіл- өнер деп аталады. Сонымен тіл – өнер жарысының шарты мақал – мәтелдерде жасырылған сөзді тауып, үш тілде айтамыз. Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.
Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын
(қол, рука,hand)
Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті
(нан, хлеб,bread)
Ер жігітті сөзіне қарап емес, ісіне қарап бағала
(іс, дело,deport)
Еңбексіз өнбек жоқ
(еңбек, работа,work)
Баланың ұяты әкеге, қыздың ұяты шешеге
(әке, отец,father)
Біздің келесі сайысымыз «Тапқырлық» бұл бөлімнің шарты 5 минут ішінде пішінді қималардан әртүрлі зат жасау. Әділқазылар конверт ұсынады. Бағалануы 5 ұпай.
Ендігі сайыс түрі «Жорға» деп аталады. «Сіз сенесіз бе?»
Жауапқа иә немесе жоқ деп жауап береміз.
Ламинат – қалыңдығы 6 – 11 мм, ұзындығы – 1,5 м және ені 20 см болып келетін материал ма? (Иә)
Күйеу табаққа құйымшақ салынады ма? (Жоқ)
Қаңылтыр металды көркемдеп өңдеудің бір тәсілі – шелімелеу (Иә)
Қымыз шұбат ашыту үшін мал терісінен тігілетін ыдыс саба деп аталады. (Иә)
Кереге мен шаңырақты ұстап тұратын ағаш сылдырауық па? (Жоқ)
Сонымен сайысымыз аяқталды.Жеңілпаздарды марапаттаймыз.
«Жас технолог - 2015» сайысының жеңімпазы болып Алпысбаев Ербол марапатталды.