Дөңгелек үстелдің мақсаты: оқушылардың білімдерін тереңдету. Өнер, қол өнер туралы мәлімет беру, жинақталған білімдерін пайдалана отырып, сөздік қорларын толықтыру, ауызекі тілде еркін жеткізуін қалыптастыру.
Тәрбиелік мәні: Оқушыларды әсемдікті тани білуге баули отырып, эстетикалық ой — өрісін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Өнер - өмір жемісі»»
Күні:17.02.2016ж.
Сыныбы: 7 «А».7 «Ә».
Тақырыбы: «Өнер - өмір жемісі»
Дөңгелек үстелдің мақсаты: оқушылардың білімдерін тереңдету. Өнер, қол өнер туралы мәлімет беру, жинақталған білімдерін пайдалана отырып, сөздік қорларын толықтыру, ауызекі тілде еркін жеткізуін қалыптастыру.
Тәрбиелік мәні: Оқушыларды әсемдікті тани білуге баули отырып, эстетикалық ой — өрісін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Өнер туралы өнегелі сөздер мен мақал – мәтелдер:
Балам өнерлі болсын десең, өнегеңді көрсет.
Қолөнер – мол өнер.
Өнер талаптан туады. – деген сөздер жазылып ілінеді.
Тәрбие сағатының жүру барысы:
Мұғалім сөзі: Қош келдіңіздер құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі 7 «А»,7 «Ә» сынып оқушыларымен өткізгелі отырған Сыныптан тыс жұмысымыз « Өнер- өмір жемісі» деп аталады. “Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық” – деген халық даналығы. Әр халықтың өзіндік ұлттық өнері болады. Ортаға 7 «А»,7 «Ә» сынып оқушылары жайғасады
Жүргізуші: Өнер адамның дүниетанымына, сеніміне, адамгершілік – моральдық қасиеттердің қалыптасуына, эстетикалық сезімдерінің тұрақтылығына, алдына қойған мақсатының айқындала түсуіне игілікті әсер етеді. Сол себепті де халық өз ұрпағының өнердің сан – саласынан толық мағлұматы болуын аңсап, бұған қатты көңіл бөлген. Осыған орай мақал – мәтелдер, “Жігітке жетпіс өнер де аз”, “Өнер таусылмас азық, жұтылмас байлық” – деп өнерді құдіретті күш, адамның жан серігі, ертенгі күнгі жейтін тамағы ішетін сусыны, рухани байлығы деп бағалаған.
Қазақтың ән өнері, қолөнері, зергерлік өнері өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән мағынасымен шын мәніндегі халқымыздың ғасырлар тағылымынан өткен асыл қазынасы. Осы асыл қазынаны жоғалпай, әрі қардамыту біздің болашақ жастарымыздың міндеті.
Жүргізуші: Сөз кезегін 7 «А» сынып оқушысы Камалов Алишерге береміз. Өнер тақырыбына дайындалған хабарламасын оқиды.
Өнер
Өнер – дамудың рухы және адамның асыл қасиеттерін шыңдайды. Оның аса қуатты мүмкіндігін уысынан шығарып алған бейбақ дарындар денесінің жартысы жансызданып қалған сал адамдай өмір сүреді.
Өнер құпия қазыналарды ашатын сиқырлы кілт сияқты. Онымен ашылған есіктердің ар жағында бұғып жатқан ойлар белгілі бір пішінге айналып, қиялдың өзі нақты әрі шынайы бір мазмұнға ие болады.
Адамдарға теңіздің түпсіз тұңғиығындай, аспанның зау биігіндей мүлдем өзгеше әлемге шығуына мүмкіндік беретін ой-пікірдің пырағы – өнер. Адам өнер арқылы уақыт пен кеңістіктен қара үзіп, қалаған бағытына құстай ұшып, жұлдыздай ағады.
Адамның асыл сезімдерін көздің қарашығындай сақтай отырып, әрдайым сол сезімдерге ұлы мақсаттардың ең биік шыңдарын нұсқап, сезімтал рухтарды тереңдіктен тереңдікке жетелейтін себептердің басында өнер тұрады. Өнер болмағанда біз адам қолынан туған таңғажайып туындылардың біріне де куә болмас едік. Сонымен бірге шығармашылықтың шырағын қолына ұстаған, жүрегі жалын атқан жалындаған өнерпаз рух иелері, таңғажайып жобаларын өздерімен бірге көрге ала кетер еді...
Адам баласының жан сарайын жауқазынға айналдыратын, ішкі тереңдігін бейнелейтін бірінші «сурет» – өнер. Иә, өнердің арқасында ең терең сезім мен ойлар, таңқаларлық жаңалықтар, ең шынайы тілектер таспаға жазылғандай жазылып, бейне бір мәңгілікке айналғандай болады.
Өнердің иманмен серіктес болуының арқасында емес пе, осы керемет әлемнің салтанатты, көркем ғибадатханалары, көкке сұғынған мұнаралары, әрқайсысы өз алдына ізгі хабар ұсынған мәрмәрдағы әдемі түстер мен мотифтері, жазу өнерінің алтынмен өрнектелген тамаша туындылары, ескірмейтін кестелер және көбелек қанаттары сияқты әсем нақыштарымен көз тоймас әсем түстер мен заттардың көрмесіне айналғаны.
Шынайы ғылым өзін өнерімен танытады. Өнер айдынында құлаш ұрып, жүзе алмаған адамды соншалықты көп нәрсе біледі деуге келмейді.
Адамның аса нәзік, қылдай жіңішке, қауырсыннан жеңіл сезімдері өнер арқылы сергек тартып, өнер рухымен қанат қағып, қалықтай алады. Өнерсіз адам өлікпен тең.
Сол өнердің майталман шеберлері тарапынан мойындалмаған, анық бағасын алмаған қандай да бір өнер туындысы пішін мен рухты бір-бірінен ажырата алмаудан туындайды.
Өнер туындысына деген құрмет пен игі ниет оның өзіне емес, оның рухындағы өнер мен шеберлікке тән.
Алтыннан темірдің, күмістен жездің бәсін арттыратын – өнер. Иә, ең құнсыз заттардың өзі өнер арқылы алтыннан, күміс пен алмастан да құнды затқа айналады.
Біздің ойлау жүйемізбен үндестік тапқан көркем туындылар жасампаз рухтардың адамзатқа ұсынған сый-сыяпатындай болған, уақытты білдіретін кәдімгі сағаттан бастап, көзіміз нашарлаған кезде көзімізге қуат беретін көзілдіріктер, айшылық алысты жақындатқан байланыс құралдары, әлемнің түкпір-түкпірінде болып жатқан оқиғалармен дер кезінде таныстыратын теледидарлар, діттеген жерімізге жеткізіп салатын пойыздар, автобустар мен ұшақтар, спутниктер мен әуе кемелеріне дейін адамзаттың бақыты мен игілігі үшін қызмет ететін бүкіл құралдар да – өнерге ғашық сезімтал рухтардың туындысы.
Жүргізуші: Оқырманымызға рахмет. Келесі 7«Ә» сынып оқушысы Сансызбаев Саятбекті дайындап келген тақырыбымен ортаға шақырамыз
Қолөнер
Қолөнер халқымыздың ұлттық мұрасы. Қазақтың ұлттық қолданбалы өнер тарихы көшпелі өмірдің салт-дәстүрімен тығыз байланысты.Халық шеберлері ұлттық қолөнер мұраларын өмірге әкелді. Қолөнер қашанда заман, өмір ағымымен бірге туындап, дамып отырады. Қазақ қолөнерінің өсу жолы, өзіне тән даму тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан басталады. Қазақ халқы кең байтақ республика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері ғана емес, сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы. Бұл процеске әр кезеңде Қазақстан аумағына жан-жақтан келген көшпелі тайпалар мен халықтардың, сондай-ақ Ресей, Орта Азия халықтарының да мәдениеті әсер етті. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында қазақ халқының дәстүрлі қолөнері айтарлықтай жоғары деңгейге көтерілді. Жүннен басылған бұйымдардың ішінен кілем, текемет, сырмақ, алаша, тұскиіз, қоржын, т.б. түрлерін атауға болады. Ағаш өңдеу, сүйек өңдеу көнеден келе жатқан қолөнердің бір түрі болып табылады. Шеберлер қазақтың ұлттық өнеріне өз үлестерін қоса білді.
Қазақ халқының қолөнерінің өзіндік даму сатысы бар.Қолөнеріміз жасалу,қолдану тәсіліне,ерекшелігіне байланысты бірнеше түрге бөлінеді.
Атап айтқанда өру,тігу ,тоқу,мүсіндеу,әшекейлеу,құрастыру,бейнелеу сияқты түрлері кеңінен дамыған.Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын қолөнер соғұрлым дамып отырды.Үнемі шығармашылық ізденіс үстінде халық шеберлері тұрмысқа қажетті қолөнерінің алуан түрін өмірге алып келді.Қазақ халқының қолөнерінің бірнеше түрлері бар.
-Ағаш шеберлері жасаған бұйымдар:домбыра,қобыз,киәз үй сүйектері т.б Сонымен қатар қайыс өру,былғары өңдеу,ер жасау,тас өңдеу,темір өңдеу,ши тоқу,кілем тоқу т.б айтуға болады
Қазіргі заманда заман талабына сай қолөнер түрлері қарқынды дамып келеді. Мысалы: Керамика – фарфор,фаянс майолика.
әйнек – ыдыстар,құмыра,құрылыс бөлшектері
көркем оймыш – ағаш,тас,сүйек,пластмасса.
Жиһаздар,текстиль(сәндік маталар,кілемдер)
1991 жылы қазақ елі тәуелсіздік алғаннан кейін тарихи мұраларды қалпына келтіру,қайта жаңғырту қолға алына бастады.1992 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.назарбаевтың ұйымдастыруымен дүние жүзі қазақтарының құрылтайы шақырылды.Шет мемлекеттерде жүрген қандастарымыз туған жер топырағына орала бастады.Осы қайта оралған қандастарымыз сәндік қолданбалы өнердің ұмытылып бара жатқан түрлерін елімізге қайтып алып келді.Тіл мен өнерді жоғары бағалаған Абай Құнанбаев өзінің 33-ші қара сөзінде «Егер мал керек болса,қолөнер үйренбек керек,мал жұтайды,өнер жүтамайды»де
Дәстүрлі қолөнер түрлері: Ағаштан бұйымдар жасау. Жүннен бұйымдар жасау.Кілем тоқу. Киізден бұйымдар жасау.Сүйектен, тұяқтан және мүйізден бұйымдаржасау. Металдар бұйымдар жасау.Зергерлік.Тастан,қыштан бұйымдар жасау. Ши тоқу. Ер-тұрман жасау. Кесте тігу. Киім тігу
Ағаштан жасалын бұйым түрлері: Киіз үй сүйегі. Киіз үй жиһаздары Ыдыс-аяқтар.
Сазгерлік аспаптар.
Мал шаруашылығында қолданылатын құрал-жабдықтар.
Егіншілікке қолданылатын құрал-жабдықтар.
Аң аулауда қолданылатын құрал-жабдықтар.
Тұрмыста қолданылатын құрал-жабдықтар.
Жүргізуші: Оқырманымызға рахмет. Сіздерге Қолөнермен айналысатын адамдардың төрт топқа бөлінетіндігін атап өтеміз.
1.Шеберлер – ағаштан әр түрлі бұйымдар жасайтын адамдар.
Ежелгі халықтардың қай-қайсысы болса да негізгі күн көріс кәсібін аңшылық пен мал өсіруден бастаған. Сондықтан хайуанаттың етін, майын, ішек-қарнын, терісін, жүнін, тарамысын пайдаға асыра білумен қатар олардың сүйегінен, мүйізінен көптеген мүліктер мен қару-жабдықтар жасайтын. Алғашқыда сойылған малдың қабырғаларын пышақ орнына, жіліктерін шоқпар орнына, бас сүйектің ми қаптарын ыдыс орнына, жауырындарды қалақ орнына пайдаланған. Келе-келе адам баласы сүйекті сүйекпен жону, таспен егеу, отқа күйдіру сияқты әдістерді тапты. Ақырында сүйектен, мүйізден түрлі қолөнер туындылары жасалды. Көшпелі қазақ аулының шеберлері ағаштан көшіп-қонуға ыңғайлы кебеже, жүк аяқ, кереует, асадал, адал бақан, аяқ-табақ, шөміш, шомбал сияқты заттар жасаумен қатар, малдың бүкіл сүмесін де (тұлабойы және одан шығатын өнімдері) қажетке жаратып келді. Малдың етін, сүтін, майын тамаққа, терісі мен жүнін киім-кешек, киіз-сырмаққа жаратса, тезегін отынға, сүйегі мен мүйізін зергерлік өнеріне негізгі материал ретінде пайдаланды. Сүйекті ағашқа ырып қақтау және оның бетіне күміс жапсыру әдісімен ұқсатты. Ысқыш, тобыршық, шөміш сап, ұршық бас, шүмек, қағаз кескіш, қармақты біз сияқты заттар сүйектен жасалады. Әсіресе семіз, жас малдың қайнатылмаған сүйегі оюға, өрнектеуге өте қолайлы. Семіз малдың сүйегі май сіңген сарғыштау, шытынамайтын майысқақ келеді. Мұндай сүйектер тесуге де, кесуге де, ақсары түсті әдемі өң беруге де қолайлы. Семіз, жас малдың сүйегі кеуіп шатынаймайды, өңі де бұзылмай, ұзақ сақталады. Сүйек ұқсатушы зергерлер, әсіресе түйе мен жылқы сүйегін қадірлейді. Оның себебі бұлардың сүйегінде қара кемік болмайды және олар ұзақ сақталған сайын сарғыштартып, ажарлана түседі. Ал ожаудың сабы, тегене, табақ, піспек сияқты заттарға сиыр сүйегі де жарайды. Сүйекті агартып немесе сарғылт мөлдір түсті етіп өңдеуге болады. Сүйекті аппақ қардай ету үшін оны қайнатып, ыстық қоламтаға көміп кептіреді, ал сарғылт түске келтіру үшін май жағып, шөптің түтініне ыстайды. Сүйек ұқсатушы шеберлер жылан тіл пышқы, әр түрлі түрпілі егеулер, шапашот, асыл ыңғыру, қайқы пышақ, үскі, майда шарық, түрглі қағаз сияқтыларды қолданады. Бұлармен іс істеу үстінде ең бір шартты талап — асықпау, әрқашан бір қалыпты салмақпен жеңіл ұрғылау және сүйектің бетін үнемі тазартып алып, мұқият қарап отыру. Сүйек ісіне арналған аспаптар әрқашан өткір және асыл металдардан істеледі. Сүйекті шауып өңдеген кезде аздап ыстық су құйып отырса сүйек шытынамайды. Сүйекті түзетіп, тегістейтін құралды «бастырық» немесе «қысқы» деп атайды. Бұйымды өрнектеп жасау үшін екі беті бірдей егеліп өңделген сүйекті алады да, оның бетіне арналған ою-өрнегін сызады. Бұдан кейін сол сызықтың үстімен арнаулы «безеубас» шапқы, біз, сүргі сияқты аспаптармен ыра жонып оюлайды. Сүйектегі ою-өрнекті кернекті ету үшін ырылған оюларды сіңімді бояумен бояйды. Бояуға мұсатыр, скипидар сияқты сіңімді сүйық заттар қосылады. Өрнектер көлемді заттарға жасалғанда, олар бөлек-бөлек кішкене сүйектерден құрастырылып, жалғастырылып отырады. Сондықтан оны өрнектеуден бұрын құрақтарын қиюластырып, өрнек өрісін сиғызып, мөлшерлеп алады. Өрнектелген сүйекке күміс жапсырып, сәнді тастар орнатып, оларды мың шегелермен ұстатқанда, осы жапсырылып істелген өрнектер сүйек бетіне ырып отырғызылады да, оның үстіңгі беті сүйек бетіне дәл келтіріледі
Жүгізуші: рахмет, келесі бөлім
« Қолөнер – мол өнер”
Қолөнер қолмен жасалатын жұмыс. Ғасырлар бойы ұрпақтан – ұрпаққа көбірек таралған қолөнерінің бір түрі ою — өрнек. Енді ою – еліне саяхатты тамашалаңыздар.
Ою түрлерін көрсете отырып, ою түрлері туралы оқушылыр орындайтын жұмыстар. (Мимика немесе іс қимылмен көрсетіп анықтама береді)
Құс мұрын оюы –( ұшқан құстай ерікті, бақытты болыңдар деген тілекті білдіреді).
Қошқармүйіз —( әл – ауқатымыз жақсы, молшылықтамыз деген белгі. Мүйіз оюдың бірнеше түрі болады. Арқар мүйіз, сыңар мүйіз, сынық мүйіз, қос мүйіз).
Құстаңдай оюы –( шешендердің, ақындардың үні құстың сайрағанындай құлаққа жағымды, жан жұбатарлық деген тілекпен өнер адамдарының шапандарына кестелеп тігіледі)
Жүргізуші: рахмет оқушылар әрқайсыларыңыз өздеріңізді артестизм жағынан көрсете білдіңіздер енді
Мақал айтып жарысу.
Әр сынып оқушылары өнер туралы 10-нан мақал айтып жарысамыз. 7«А»сыныбы бастаймыз, 7 «Ә» келесі сыныбы жалғастырамыз.
Жігіт адамға жетпіс өнер де аз. Жігіт көркі - өнер.
Қыз еркем кестесімен көркем, Ұл еркем өнерімен көркем.
Ата өнері - балаға мұра. Ұстаны соққан пышағынан таниды.
Шебердің қолы көпке. Өнерлінің өзегі талмас.
Өнерпаздың он қолы бар.
Қол өнері - кілемде, Сөз өнері – өлеңде.
Шеберді шеге қағысынан таны
Өнерлі жігіт өрде озар, Өнерсіз жігіт жер соғар
Жантақтан ине, жаңқадан түйме жасаған.
Темірге тіл, жаңқаға жан бітіретін.
Шешеннің сөзі мерген, шебердің көзі мерген.
Қайратыңа әдісіңді жолдас ет.
Қолың ұста болсын, сөзің қысқа болсын.
Жүргізуші: Оқушылар, өскенде кім боласыңдар оны өздерің таңдайсыңдар, мен сендерді қазақтың қолөнерімен қызықтырғым келеді. Ол – зергерлік. Зергерлік ерте заманнан келе жатқан өнер. Зергерлер сән – салтанат бұйымдарын, жүлдеге, сыйға беретін неше түрлі әшекей жасайды. Технология пәнінен зергерлік туралы алған білімдеріңізді айтып шығайық
1 — оқушы: Зергерлік өнердің туындылары жауға айбар, жақынға мақтаныш, аруға – ажар, жігітке – жігер беретін болғандықтан, батырлардың ерлігіне, ақындардың тапқырлығына, жүйріктердің бәйгесіне сыйға беретін болған.
2 – оқушы: Зергерлер қолынан неше түрлі әшекей бұйымдар шыққан. Ең көрнектісі де, сымбаттысы да – Сәукеле.
3 – оқушы: Зергерлер білезіктің бірнеше түрін соғып жасаған. Білезік көбінесе жұмыр, төрт қырлы, ширатпалы болып келеді. Білезіктің ашылылатын және жабылатын түрлері болады.
4 – оқушы: Кімге болса жарасатын көркемдік беретін зат, ол – сырға. Сырға әсем де жеңіл жасалады.
Жүргізуші: Оқушылар біз көптеген қол өнер түрлерімен таныстық. Енді өздеріңізді сол Қол өнер мамандығын таңдаудың негізгі шарттарымен таныстырайын.
• - адамның болашаққа апаратын жолы;
• - адамның алдағы уақытқа қойған мақсатының бірі;
• - ол белгілі бір кәсіпке ие болу бейімдігі, ұнату, таңдау, арманыңды іске асыру;
• - келешекке қойған жоспары,
• - адам жаны қалаған қабілеті бар кәсіпкерлік жұмыспен айналысады.
Жүргізуші: Келіп отырған Оқушыларымызға сұрақ қой арқылы бүгінгі сыныптан тыс жұмыстан алған әсерлерін білейік.
- Адам қол өнер мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек деп ойлайсыңдар?
- Жақсы қол өнер ісмері болуы үшін адам нені білуі және нені үйренуі қажет?
- Сен қандай қол өнер маманы болуды армандайсың? Неліктен?
- Адам өзін белгілі бір қол өнер мамандығына қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыңдар?
- Адам бірнеше қол өнер түрін меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар?
- Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
Жүргізуші: Міне,бүгіні сыныптан тыс жұмысымызды осы сұрақ жауабымен аяқтай отырып, 9 «Ә» сынып оқушысы Қуанышов Нұрболдың орындауында күй тыңдаймыз.
Жүргізуші: Рахмет! Қазақ халқының қол өнер түрлерімен таныстық. Халық қолданбалы қол өнері тек қана эстетикалық мұрағат емес, ол сонымен қатар халықтың белгелі бір тарихи кезеңіндегі таным – түсінігінен, өмір – салтынан, сұлулық туралы ой – талғамынан хабар береді.
Қорытынды сөз: мектебіміздің Бейімдеу завучы Тұрғанова Гүлайым апайға беріледі.
Жүргізуші: Рахмет апай!
Бойларыңда от бар екен, байқадық,
Жүректерде шоқ бар екен, байқадық.
Әрқашанда осы отты өшірмей,
Жалында деп ізгі тілек айтамыз.
Осымен «Өнер өмір жемісі » атты 7 сынып оқушылары арасында өткізілген сыныптан тыс жұмыс аяқталды. Көріскенше сау болыңыздар!
ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ
«№272 ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ