Мақсаты:математикалық кестелеуді үйрету,бастаған істі аяқтау сияқты дағдыларын қалыптастыру,ұқыптылыққа,тазалыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар:
Оқушылар үшін-
-картон,барқыт,қағаз.
-жіптер:мулине,ирис,тігін.
-скотч.
-сызғыш,қарындаш,циркуль.
Мұғалім үшін-
-Демонстрациялық материал.
-<<Жіппен бейнелеу>>техникасы үшін құралдар.
-оқушылар жұмыс істейтін картон беттерінде бұрыш,шеңбер,кестелеу үшін нүктелер(әр нүкте нөмерленген).
-үлгілер,жіптер,таблицалар.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру
2.Үй тапсырмасын тексеру
3.Жаңа тақырыпты анықтау
4.Жаңа материалды түсіндіру
5.Сарамандық жұмыстар
6.Қорытынды
7.Үйге тапсырма
Сіздердің әрқайсыларыңыз сурет салғанды ұнатасыздар.Сіздер қарындашпен,бояумен,қарға саусақпен,асфальтқа бормен,тағы басқа сурет саласыздар.Дегенмен жіппен де бейнелеуге болады екен.Бұл-қатты негізде орындалатын сәндік қолданбалы өнердің бір түрі.Ол қалай аталатынын тақтадағы сөз жұмбақты шешу арқылы біле аласыздар.
Сонымен,біздер кестелеудің жаңа түрі жіппен бейнелеу деп аталатынын білдік.Мұның бір ерекшелігі жіппен салынған сурет бірден тез,ұқыпты салынады.Бұл техникамен құттықтау открыткаларын,сувенирлер,кітапқа арналған текше,киімді әшекейлеуге,сәндік паннолар жасауға болады.
Алдымен кестелеуді орындамас бұрын ҚЕ қайталап өту керек.
Инемен жұмыс істеу тәртібі:
1.Инені ине түурегішке ғана салу керек.
2.Бір-бірімізге берген кезде ұшты жағын өзімізге қарату қажет.
3.Инені киімге түйреуге,ауызға салуға болмайды.
4.Жіпті тіспен кесуге болмайды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Мақсаты:математикалық кестелеуді үйрету,бастаған істі аяқтау сияқты дағдыларын қалыптастыру,ұқыптылыққа,тазалыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар:
Оқушылар үшін-
-картон,барқыт,қағаз.
-жіптер:мулине,ирис,тігін.
-скотч.
-сызғыш,қарындаш,циркуль.
Мұғалім үшін-
-Демонстрациялық материал.
-Жіппен бейнелеутехникасы үшін құралдар.
-оқушылар жұмыс істейтін картон беттерінде бұрыш,шеңбер,кестелеу үшін нүктелер(әр нүкте нөмерленген).
-үлгілер,жіптер,таблицалар.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру
2.Үй тапсырмасын тексеру
3.Жаңа тақырыпты анықтау
4.Жаңа материалды түсіндіру
5.Сарамандық жұмыстар
6.Қорытынды
7.Үйге тапсырма
Сіздердің әрқайсыларыңыз сурет салғанды ұнатасыздар.Сіздер қарындашпен,бояумен,қарға саусақпен,асфальтқа бормен,тағы басқа сурет саласыздар.Дегенмен жіппен де бейнелеуге болады екен.Бұл-қатты негізде орындалатын сәндік қолданбалы өнердің бір түрі.Ол қалай аталатынын тақтадағы сөз жұмбақты шешу арқылы біле аласыздар.
Сонымен,біздер кестелеудің жаңа түрі жіппен бейнелеу деп аталатынын білдік.Мұның бір ерекшелігі жіппен салынған сурет бірден тез,ұқыпты салынады.Бұл техникамен құттықтау открыткаларын,сувенирлер,кітапқа арналған текше,киімді әшекейлеуге,сәндік паннолар жасауға болады.
Алдымен кестелеуді орындамас бұрын ҚЕ қайталап өту керек.
Инемен жұмыс істеу тәртібі:
1.Инені ине түурегішке ғана салу керек.
2.Бір-бірімізге берген кезде ұшты жағын өзімізге қарату қажет.
3.Инені киімге түйреуге,ауызға салуға болмайды.
4.Жіпті тіспен кесуге болмайды.
Қайшымен жұмыс істеу тәртібі:
1.Қайшының ұшты жағын жоғары қаратуға болмайды.
2.Бір-бірімізге бергенде сақина жағын қаратып беру қажет.
орындау техникасы:
Кесте қатты негізде орындалады.Жұмысты бастамас бұрын сызбасын,композициялық шешімін,түстер үйлесімін тандап алу қажет.Одан әрі әрбір элементтің ішкі бетін толтыру.Жіппен бейнелеу техникасы өте қарапайым және әр жас ерекшелігіне тиімді.Оны меңгеру үшін екі тәсілді білген жөн:1.Бұрышты орындау,2.Шеңберді орындау.
Бұрышты орындау:
-Картонның бетіне кез келген бұрыш сызу.
-Бұрыштың әрбір жағын 12 тең бөлікке бөлу.
-Төбесінен бастап әр нүктені нөмерлеу керек.
-Төбесінен басқа нүктелерді инемен немесе бізбен тесу.
-Инеге жіп сабақтау.
-Жіпті теріс жағынан скотчпен бекіту.
-Схема бойынша бұрышты тігу.
Шеңберді тігу:
-Шеңбер сызу.
-Шеңберді 12 тең бөлікке бөлу.
- Барлық нүктелерді инемен немесе бізбен тесу.
- Инеге жіп сабақтау.
- Жіпті теріс жағынан скотчпен бекіту.
- Схема бойынша шеңберді тігу.
Ал енді Ине ханшайымы және оның достары Жіп орамдарымен Шебер қолдар біздерге жіппен сурет салуды үйретеді,бірақ алдымен жіппен бейнелеу техникасын бастамас бұрын міндетті түрде білу керек құпиялармен танысу керек.
1.Бұрыштарды тігуге беткі жағында жіптер бір бұрышынан екінші бұрышына қарай тартылады,ал теріс жағынан бұрыштардың қабырғасында үзік сызықтармен көрінеді.
2.Шеңберді тіккенде оң жағынан жұлдызға ұқсас суреті көрінсе,ал теріс жағынан шеңбер бойымен үзік сызықтар пайда болады.
3.Егер,жіпті ұзарту керек болса,оның екі әдіс бар:жіпті теріс жағынан бекітеді және теріс жағынан оң жағынан жаңа жіпті өткізеді,жіпке жаңа жіпті байлап,ары қарай жұмысты жалғастыруға болады.