kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Факультатив ба?дарламасы "Жіппен бейнелеу"

Нажмите, чтобы узнать подробности

      Берілген ж?мыс ба?дарламасы о?ушыларды? с?ндік-?олданбалы ?нер б?лімінен білім-біліктерін ны?айту ?шін, о?ушыларды? таби?и ?ызы?ушылы?тарын іске асыруына к?мек ретінде жоспарлан?ан. О?ушыларды? ?з е?бектерін шы?армашылы?пен орындау?а тырысу ж?не ?демілік сезімдерін т?сінуіне ба?ыттал?ан. Ба?дарламаны? актуалдылы?ы – б?л ?нерді? адам ?мірімен байланыстылы?ы, оны? к?нделікті ?мірдегі р?лі. ?азіргі уа?ытта эксклюзивті, ?айталанбас, ?олмен жасал?ан ?шекейлерге, ?й интерьерін ?шекейлейтін б?йымдар?а с?раныс ?сіп жатыр. Б?л техника ?атты ?а?аз бетіне жіппен тігілген ?шекей тігістер орындалады, «Жіппен бейнелеу» техникасы деп аталады. Б?л техникада?ы орындал?ан ж?мыстар ?зіні? ?арапайымдылы?ымен ерекшеленеді. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Факультатив ба?дарламасы "Жіппен бейнелеу"»

Бекітемін

Ефремовка ОЖББМ

директоры

Шаухина З.К.__________

«___» ___________2016ж

Келісілген

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

Шапихова З.С.__________

«___» __________2016ж

Қарастырылды

ӘБ отырысында

Калиева А.Р.__________

хаттама №______

«___» ___________2016ж














Технология пәнінен факультатив

«Жіппен бейнелеу»











Технология мұғалімі:

Калиева А.Р.

















Ефремовка ауылы


Түсінік хат

Берілген жұмыс бағдарламасы оқушылардың сәндік-қолданбалы өнер бөлімінен білім-біліктерін нығайту үшін, оқушылардың табиғи қызығушылықтарын іске асыруына көмек ретінде жоспарланған. Оқушылардың өз еңбектерін шығармашылықпен орындауға тырысу және әдемілік сезімдерін түсінуіне бағытталған. Бағдарламаның актуалдылығы – бұл өнердің адам өмірімен байланыстылығы, оның күнделікті өмірдегі рөлі. Қазіргі уақытта эксклюзивті, қайталанбас, қолмен жасалған әшекейлерге, үй интерьерін әшекейлейтін бұйымдарға сұраныс өсіп жатыр. Бұл техника қатты қағаз бетіне жіппен тігілген әшекей тігістер орындалады, «Жіппен бейнелеу» техникасы деп аталады. Бұл техникадағы орындалған жұмыстар өзінің қарапайымдылығымен ерекшеленеді.

Мақсаты – оқушылардың шығармашылық, интеллектуалдық және эстетикалық қабілеттерін дамыту; оқушының шығармашылық дамуына жағдай жасау.

Міндеттері

Оқытушылық:

  • Оқушыларды композиция, гүлтану және сәндік-қолданбалы өнер негіздерімен таныстыру;

  • Бейнелік ойды және өз ойын эскиз, сурет арқылы жеткізуді қалыптастыру;

Тәрбиелік:

  • Оқушылардың еңбек және эстетикалық тәрбиесін іске асыру;

  • Отанға, табиғатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;

  • Өз шығармашылыққа өздігімен қарауға тәрбиелеу.

Дамытушылық:

  • Зейін, жады, логикалық ойлауды дамыту;

  • Сәндік-қолданбалы өнер саласында қызығушылықты тудыру.

Оқушылардың жасы – 10-14 жас. Факультатив 1 жылға арналған (жылына 34 сағат, аптасына 1 сағат).

Оқыту әдістемесі: түсіндірмелі, мәселелік-ізденіс, әнгіме, көрсету, практикалық жұмыс, жобалау.


Педагогикалық бақылау:

-ағымдық

-қорытынды.

«Жіппен бейнелеу» факультативінің соңында оқушылар:

  • қауіпсіздік ережелерды, композиция және гүлтану негіздерін, «Жіппен бейнелеу» техникасының негізгі тәсілдерін, берілген жұмыстардың безендіру негіздерін білуі тиіс.

  • түстерді үйлестіру, эскиз, сурет бойынша өз ойын жеткізу, қомпозиция құрастыру, қайшымен, инемен қолдануды, өздігімен бұйым жасауды білуі тиіс.


Тақырыптық жоспар

Сабақ тақырыбы

Сағат саны

Күні


Кіріспе

2


1

Топты ұйымдастыру. ҚЕ танысу

1


2

Жіппен бейнелеудің шығу тарихы

1



Жұмысқа дайындық

1


3

Жіппен бейнелеу техникасында қолданылған материалдар мен құралдар

1



Жіппен бейнелеу техникасында қолданылатын жұмыс тәсілдері

7


4

Жұмысты орындау бірізділігі

1


5

Бұрыштарды толтыру

1


6

Бұрыштарды толтыру

1


7

Ромб, үшбұрыш, шаршыны толтыру

1


8

Шеңбер мен доғаны толтыру тәсілдері

1


9

Фигураларды толтырудың ерекше тәсілдері

1


10

Фигураларды толтырудың ерекше тәсілдері

1



Күрделі фигураларды толтыру

5


11

Қарапайым фигуралар мен бұрыштар комбинациясы

1


12

Жаңа-жылдық панно дайындау

1


13

Жаңа-жылдық панно дайындау

1


14

Жұлдыз бейнесін орындау

1


15

Жұлдыз бейнесін орындау

1



Өрнектер мен композиция

19


16

Теңіз тақырыбындағы фигураларды толтыру

1


17

Закладка дайындау

1


18

Қайық фигураларын толтыру

1


19

«Теңіз» панносын дайындау

1


20

«Теңіз» панносын дайындау

1


21

Көбелек фигурасын толтыру

1


22

«Көбелек» панносын дайындау

1


23

«Көбелек» панносын дайындау

1


24

«Қоян» панносын дайындау

1


25

«Қоян» панносын дайындау

1


26

«Шарлар» панносын дайындау

1


27

«Шарлар» панносын дайындау

1


28

«Түймедақ» панносын дайындау

1


29

«Түймедақ» панносын дайындау

1


30

«Гүлдер композициясы» панносын дайындау

1


31

«Гүлдер композициясы» панносын дайындау

1


32

«Павлин» панносын дайындау

1


33

«Павлин» панносын дайындау

1


34

Жұмыстар көрмесі

1



Барлығы:

34





Бағдарламаның мазмұны.

Кіріспе.(2с.)

Практикалық жұмыс. Топтарды ұйымдастыру. Жұмыс тәртібі. Сабақ жоспары. Жұмыс орнын ұйымдастыру.

Теориялық бөлім. Мақсаты мен міндеттері. Қауіпсіздік ережелері. Жіппен бейнелеудің тарихы. Материалдар мен құралдар.

Жіппен бейнелеуде қолданылатын жұмыс тәсілдері. (8с)

Теориялық бөлім. Жұмысты орындау бірізділігі. Фигураларды толтырудың ерекше тәсілдерімен танысу: диаметр бойынша, жартылай шеңбер мен спиральді толтыру, доғаларды толтыру.

Практикалық жұмыс. Үлгілерді орындау: тік, сүйір, доғал бұрыштар, ромб, үшбұрыш, шаршы. Шеңберді, сопақша бетті, доғаны толтыру..


«Жіппен бейнелеу» техникасында фигураларды толтыру. ()

Теориялық бөлім. Графикалық сызбаны дайындау. Жұлдызды циркуль арқылы сызу. Түстер үйлесімділігі.

Практикалық жұмыс. Шырша ойыншығын дайындау. Бесбұрышты жұлдызы бар 23 акпанға арналған панно дайындау.


Өрнектер мен композициялар. (19с).

Теориялық бөлім. «Жіппен бейнелеу» техникасындағы композиция түсінігі. Композиция заңдары. Балықтар, көбелектер, құстар, желкенді кемелер фигураларды толтырудың принциптері.

Практикалық бөлім. Суреттің эскизін дайындау. Шаблон дайындау. Композицияларды орындау. Композицияларды безендіру. Жобаларды орындау. Жобаларды қорғау. Көрмені ұйымдастыру. Мектеп оқушыларына экскурсия өткізу.



Жіппен бейнелеу техникасындағы терминдер мен анықтамалар:


Жіппен бейнелеу – (жіп графикасы) – қатты қағазда жіпті белгілі бір тәсілмен тарту.

Композиция – таңдалған форматта фигуралардың үйлесімді орналасуы.

Өрнек – қайталанаты элементтері бар құрастырылған өрнек.

Пропорция – бір заттың немесе бірнеше фигура жақтарының бір бірімен өзара үйлесуі.

Стилизация – сәндік шартты формаларын қолдану, яғни табиғи формаларды жеңілдету.

Трафарет – бейненің орындалуына арналған тесіктері бар қатты қағаз беті.

Шаблон – қатты қағаздан жасалған фигураның үлгісі.

Эскиз – келешек туындаманың жалпы көрінісін бейнелейтін сурет.


Материалдар мен құралдар


  • тігін инелері;

  • қайшы;

  • біз немесе үлкен ине:

  • түрлі-түсті жіптер;

  • түрлі-түсті қатты қағаз, бархат қағазы;

  • қарындаш, сызғыш, циркуль;

  • жұмсақ резенке немесе пенопласт, қатты қағазды тесуге ыңғайлы болу үшін астына төселеді;

  • лекало сызғыштары.



Қауіпсіздік ережелері


1. Саусақты жарақаттамас үшін оймақпен тігу.

2. Инелер санын білу. Жұмыс соңында инелерді санау. Жоғалған инені міндетті түрде табу.

3. Жұмыс кезінде инелерді жастықшаға қадау, ауызға салуға, киімге және т.б. қадауға боолмайды.

4. Үйде жұмсақ жиһазда тігуге болмайды.

5. Тот басқан инемен тігуге болмайды.

6. Инені ине қорапшасында немесе жастықшада сақтау керек.

7. Трафаремпен жұмыс кезінде бұйымның негізінің астына пенапласт орналастыру керек.

8. Қайшыны жабық ұштарымен өзінен оң жағында ұстау керек.

9. Қайшыны бір біріне сақиналары жағынан беру керек.


Жұмыс орнын ұйымдастыру


Жұмыс орны – бұл арнайы жұмысты орындауға арналған кабинет учаскесі. Жұмыс орнын жұмыс істеуге ынғайлы етіп және санитарлық-гигиеналық талаптарды ескере отырып ұйымдастыру керек.

Тігуге арналған жұмыс орны жақсы жарықтанған болу керек. Жарық сол жағынан түсіп тұру ккерек. Жұмыс кезінде тік отыру денсаулыққа пайдалы. Көз бен жұмыстың ара-қашықтығы 30 см кем болмау керек.

Жіппен бейнелеу техникасына арналған құралдар (қайшы, инелер, оймақ, жіптер, жастықша) үстелдің тартпаларында орналасады, ал жұмыс кезінде үстелдің оң жағында орналастырады. Жұмыс соңында құралдарды өз орындарына орлаластырады.

Оқушылардың денсаулығына және жұмыс сапасына дұрыс қалып үлкен әсер етеді. Егер оқушы орындықта дұрыс отырмаса, ол тез шаршайды, жұмыс істеу қабілеті төмендейді, омыртқа жотасы қисаяды және т.б.



Жіппен бейнелеу технологиясы


Берілген жұмыс схемаларында келесі шартты белгілер кездеседі:

Сандар инені тесіктерге кіргізудің бірізділігін көрсетеді:

Тігуді 1 нүктесінен бастайды, тігісті орындап, 2 нүктесіне инені кіргізеді, содан кейін – 3 нүктесіне және 4 нүктесіне.

Бағыттамалар шеңбер немесе доға бойымен тігу бағытты көрсетеді.

Жұмысқа дайындық

Жіппен бейнелеу техникасын меңгеру үшін бұрышты және шеңберді толтыру тәсілін білу керек.

Шеңберге қарағанда бұрыштарды толтыру жеңіл, сондықтан бұрыштарды толтырудан бастау керек. Ол үшін бұйым негізіне белгі қоюды меңгеру керек. Сызғыш пен қарындаштың көмегімен түрлі-түсті қатты қағаздың теріс жағына бұрыш сызу керек. Бұрыш сызықтарына қарындашпен нүктелер қойып шығамыз. Бұрыш жақтарын тең бөліктерге бөлу. Егер бұрыш жақтары тең болмаса, бөлуді кіші жағынан бастау керек. Тесіктерді арасындағы ара-қашықтық 2 мм-ден кем болмауы керек. Нүктелерді сызғыш арқылы белгілеуге болады, бірақ көз мөлшерімен бөлу керек. Себебі осы арқылы көз мөлшерінің нақтылығы дамиды.


Бұрыш жақтарын бөлу


Келесі шеңберді бөлуді үйренеміз. Трафарет немесе циркуль арқылы шеңберді

2-ге, содан кейін 4-ке содан кейін 8-ге және 16-ға бөлеміз.

Шеңберді бөлу



Бұрыштарды тігу


  • Қатты қағаздың теріс жағына бұрыш сызу;

  • Бұрыш жақтарын тең кесінділерге бөлу;

  • Теріс жағында нүктелерді белгілеп шығу және тігу бірізділігін номерлер арқылы белгілеу;

  • Нүктелерді тесіп шығу;

  • Инені сабақтау;

  • Теріс жағынан 1 нүктесінен бастап тігу.



Лицевая сторона Изнаночная сторона


Жұмыстың бастапқы кезеңдерінде нүктелерді нөмірлеу қажет. Содан кейін тек бағыттамалар арқылы тігуді жалғастырамыз.

Бұрыштарды толтыруды дағдыланғаннан кейін оқушылар шеңберді толтыруға кірісу керек. Бұрыштарды толтырудың дағдысын бекіту үшін тік бұрышты, сүйір бұрышты және доғал бұрышты толтыру керек.

Сүйір және доғал бұрыштарды толтырып болған соң, бұрыштардан құралған композиция құру керек, содан кейін төртбұрышты және сегізбұрышты жұлдызды орындау қажет.

Ортақ жағы бар бұрыштарды толтыру


Шеңберді тігу


  • Қатты қағаздың теріс жағына шеңберді сызу;

  • Шеңберді 16 бөлікке бөлу;

  • Нүктелер қойып шығу;

  • Нүктелерді тесу;

  • Тесіктерді номірлеп, бағыттамалар қою;

  • Инені сабақтап, тігісті орындау;

  • Нөмірленген схема бойынша тігу.



Тігісті дұрыс орындаса, бұйымның оң жағындағы суреті жұлдыз тәрізді, ал теріс жағындағы суреті шеңбердің сызығын қайталайды. Бір шеңберді әртүрлі ұзындықтағы тігістермен тігуге болады. Шеңбердің толтырылуы, тігістің ұзындығына байланысты.







Шеңберді де бұрыштар сияқты әртүрлі түсті жіптермен тігуге болады.


Сопақша беттерді, спиральді және доғаларды тігу


Композиция тек бұрыштар мен шеңберлерден ғана тұрмайды, сондықтан жұмыста жиі кездесетін басқа да фигураларды толтыруды үйрену қажет. Доғалар, спиральдар, сопақша беттер шеңбер сияқты толтырылады.


Сопақша бетті тігу Спиральді тігу


Қиын құрылымы бар фигураларда шеңберді немесе сопақша беттерді толымсыз толтыруды қолдануға болады. (мысалы, гүл жапырақтары).



Сопақша беттің толымсыз тігілуі


Доғаларды тігу үшін қатты қағаздың теріс жағында доғаны сызып, оны тең бөліктерге бөлу керек. Тігістің ұзындығы доғаның жартысынан кем болу керек. Доғалар бұлттарды, толқындарды және т.б. бейнелеуде қолданылады.

Доғаларды тігу

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Лилия Бурундукова. « Волшебная изонить.» – М: «АСТ-ПРЕСС», 2010

  2. Леонова О. « Рисуем нитью. Ажурные картины.» - С.-П.: Литеро, 2005.

  3. Гусарова Н.Н. «Техника изонити для школьников.» - С.-П.: , Детство-Пресс,2007.

  4. Е.Е. Цамуталина. «100 поделок из ненужных вещей.»- Ярославль: Академия развития, Академия, Ко. Академия Холдинг, 2000.

  5. Журнал «Лена рукоделие» 2/2011.-ЗАО «ЭДИПРЕСС-КОНЛИГА»






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Факультатив ба?дарламасы "Жіппен бейнелеу"

Автор: Калиева Айнур Рысбековна

Дата: 13.04.2016

Номер свидетельства: 318278


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства