Просмотр содержимого документа
«Ұлттық тағамдар сабақ жоспары»
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық тағамдар Сабақтың мақсаты: Қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі мен құндылығын, қазақ халқының қонақжай дәстүрін құрметтеу, тағамдардың жасалу жолдарына түсініктер беру. Тәрбиелігі: Жаңашылдыққа, әдемілікке, тіл мәдениетіне жаңа заман талабына сай тәрбиелеу. Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылығын, қолөнер шеберлігін, ұйымдастырушылық қабілетін дамыту. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдісі: іздену, салыстыру, сараптау, талдау, әңгімелеу, сұрақ - жауап. Сабақтың көрнекілігі: оқулықтар, суреттер, конверттер, мақал - мәтелдер, тағам түрлері, слайдтар. Сабақ барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. Сабаққа әзірлігін тексеру. 3. Кіріспе әңгіме
оқушыларды 2 топқа бөліп, сабақ жоспарымен таныстыру. 1. Жаңа сабақ: Сабағымыз 7 кезеңнен тұрады. 1. Венн диаграммасы. Өз ойларымен бөлісу. 2. Кесте бойынша жұмыс. 3. «Бой сергіту» 4. Бұл қандай тағам? 5. Мақал – мәтелдер. 6. Мен саған, сен маған. 7.«Менің сүйікті тағамым» - Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: Қазақтың ұлттық тағамдары. Қай халықтың болмасын дастарқаны, сол халықтың тұрмыс салтына, әдет - ғұрпына, тіршілік тынысына орай қалыптасары белгілі. Ғасырлар бойы көшпелі тұрмыс кешкендіктен болар қазақ халқының тағамдары өзге жұрттан өзгешелеу. Оның негізгісі: ет, сүт, қымыз, сары май, құрт, ірімшік секілді өңкей малдан алынатын өнім түрлері. Қазақ халқы қонақжай, бар тәуірін қонаққа деп сақтаған. Екі - үш қонақ көрпесі, екі - үш қойы тұрмаған шаңырақты қазақ тақыр кедей санаған. Ал бар бола тұра қонаққа қадір құрмет көрсетпеген кісіні «шық бермес шығайбай» атандырған. Иә қонақжайлылық, мейманды қабылдау, қонақасының жай - жапсарын жетік білу ата - бабамыздан қалған аса қастерлі салтымыз, дәстүріміз.
2. Өз ойларымен бөлісу. 1. Диаграмма «Венн» қолдану. 2. Кесте бойынша жұмыс істеңдер. 1. Еттен жасалатын тағамдарды таңдап алыңдар. 2. Сүттен жасалатын тағамдарды таңдап алыңдар. 3. Ұннан жасалатын тағамдарды таңдап алыңдар.
3.«Бой сергіту» Әр командаға 6 сұрақтан құралған карочка беріледі, кейін әрқайсысы жауап береді. Ет тағамдары командасы. 1. Қазақтың ұлттық тағамдарын ата? (Шұжық, бесбармақ, қазы, қарта т.б.) 2. Шұжық ненің етінен жасалады? (қой, сиыр, түйе, жылқы етінен) 3. Сенің сүйікті тамағың не? (...) 4. Қазақтың басты ұлттық тағамы не?(ет) 5. Қымыз ненің сүті?(биенің сүті) 6. Сүт тағамдарын ата?(шұбат, айран, қымыз)
4. Бұл қандай тағам? 1. Қаймағы алынған немесе алынбай пісірілген сүтке азырақ су қосып ұйытылады. Ол - жеңіл және сусындық тағам. /Айран./ 2. Кез келген малдың етінен жасала береді, өкпе - бауыр қосып жасайды. Түрлері көп: соғым, өкпе - бауыр, қарын/ Қуырдақ./ 3. Шай дастарханының басты асы. Ең жоғары сапалы ұннан май, ашытқы қосып жасалады. Әр түрлі пішінде, үш - төрт бұрышты, сопақша, домалақ болады. Түрлері көп. Мысалы: бармақ, жол, ақ, той т. б. /Бауырсақ./ 4. Сүттен жасалған ұлттық тағам. Мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Пісіліп майы алынған айранды қайнатып кенеп дорбада сүзіп алып тұздап өреде кептіріп сақтайтын тағам түрі. /Құрт/ 5. Аса кәделі дастарқан дәмі. Ол қыста қатпайтын, жазда бұзылмайтын өте дәмді тағам.. Оған құмшекер, ұнтақталған ірімшік, мүйіз салып араластырады. /Жент/ 6. Жылқы етiнiң деликатесi. Онша семiз емес салқындатылған жылқы етiнен не салқындатылған немесе мұздатылған майдан әзiрлейдi. /Шұжық/
5. Мақал - мәтелдер. Досыңның үйінде, су берсе де ішіп кет Ынтымақты үйдің асы тәтті. Ат – адамның қанаты, ас - адамның қуаты Ас үстінен аттама, астан үлкен емессің. Ас тұрған жерде ауру тұрмайды. Ас - иесімен тәтті Алтын, күміс - тас екен, арпа, бидай - ас екен.
6. Мен саған, сен маған Топ балалары бір – біріне дайындаған сұрақтарды қояды. 7.«Менің сүйікті ұлттық тағамым» атты тақырыпқа, тағамының дайындау тәсілін аитып беруі қажет.
ІІІ Бағалау Рефлексия. Балалар бүгінгі сабақтан сендер қандай әсер алдыңдар. Нені білдіңдер? Нені білгілерің келеді? жазып, смайлик арқылы жапсырамыз.
ІV. Үйге тапсырма. Ұлттық тағамдарға байланысты буклет жасап келеміз. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!