Просмотр содержимого документа
«Сүт және сүт өнімдері»
Пән мұғалімі: Ж.Жанисова
Пәні: Технология
Сыныбы: 6 «а»
Күні:
Сағат саны: 8
Сабақтың тақырыбы: Сүт және сүт өнімдері
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Сүт және сүт өнімдерінің құнарлығы мен дайындау ерекшелігі жөнінде түсінік беру. Төрт түлік малдан өндірілетін сүттің өзіндік жеке қасиеттері ,соның ішінде сиыр сүтінен жасалатын тағамдар , оларды дайындау жолдары жөнінде түсінік беру. Дамытушылығы: Теориялық және практикада алған білімдерін күнделікті тіршілікте пайдалана білуге , адам ағзасы үшін пайдасын тани білуге мәлімет беру. Сүт тағамдарын дайындай білуге үйрету, біліктіліктерін іс жүзінде дамыту. Тәрбиелік: Дұрыс тамақтана білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Сарамандық сабақ Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс,түсіндіру,әңгімелеу Сабақтың көрнекілігі: Сүттен дайындалған тағам түрлерінен көрме,интерактивті тақта,слайд
Пәнаралық байланыс:халықтық педагогика,әдебиет,биология,тарих Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу. 2. Сынып тазалығын тексеру. 3. Оқушы назарын сабаққа аудару. : II. Үй тапсырмасын тексеру Макарон өнімдерінен тағам дайындау 1.Макарон өнімдерін неше тәсілмен пісіреді? Жауабы: 2 тәсілмен
8.Тағамның 100гр құрамындағы милиграмм мөлшеріндегі минералды заттар не деп аталады? макроэлементтер 1. Жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгінгі сабақтың тақырыбын білу үшін мына жұмбақты шешіп көрейік!
Жұмбақ жасыру:
Бір сусын бар жұртымда,
Ішсең уыз ұртымда.
Бәрі содан шығады,
Ірімшік ,май,құртың да. (сүт)
Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Сүт және сүт өнімдері
Қазақ халқының ішіп-жемінде сүт тағамдары ерекше орын алады. Төрт түлік малдың сүтін және одан жасалған айран, қымыз, шұбат сияқты сусындарды халқымыз "ағарған" немесе "ақ" деп атаған. Төрт түлік малдың пайдасына тоқталатын болсақ: мінсе көлігі, ішсе сусыны, жесе тамағы, кисе киімі, тұтынса бұйымы, байлығы мақтанышы осы мал болған.Осы ақтан көптеген жылдар бойы әжелеріміз, аналарымыз тәжірибе жинақтай келе одан көптеген тамақ түрлері мен дайындау әдістерін білген және олардың көптеген қызықты атаулары, ерекше жасау, пісіру жолдары тағы бар. Сөйтіп бір сүттен, қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ тағамдар жасап шығарған. Сүт тағамдары денсаулыққа пайдалы және қоректі, қасиеті де мол. Кезінде академик И. П. Павлов сүтті "табиғаттың өзі дайындаған тамаша тағамы" деп бағалаған. Біз тамақ ішу үшін өмір сүрмейміз, өмір сүру үшін тамақтанамыз.Сүт-ең жұғымды тағамдардың бірі.Халық сүтті ең жеңіл тағам ретінде бағалайды.Сүт сонымен қатар денсаулыққа пайдалы.Көптеген ауруларға ем.Өйткені сүтте көптеген дәрумендер бар.Сүттің құрамымен танысайық.
Сүт-сауын малдан ,яғни биеден,інгеннен,сауын сиырдан ,қой,ешкіден алынады. Сүттің құрамында адамның организміне қажетті тағамдық заттар-белок(2,8-3,5%),майлар(3,2-4%),көмірсутегі(сүт қанты3,8-5,5%),минералды тұздар(1%),А,С,В,Д,Е дәрумендері,су(87-89%).Олардың ішіндегі ең құнды тағамдық заты-белок.Сүттің негізгі белогы-казеин бой өсіретін және қорғайтын заттарға бай.Сүт майының өзінің тағамдық және биологиялық қасиеттері жағынан өте құнды болып саналады,адамның организміне оңай әрі жеңіл сіңеді.Сүттің көміртегі сүт қантында болады,оны лактоза деп атайды.Сутегі минералды заттар-кальций,фосфор.Сүттің ең бағалысы-жаңа сауылған сүт.Оның бактерияны жоятын,яғни сүтке түскен бактериялардың өсіп,өнуін тоқтатып,оларды жойып жібереді.
Қышқыл сүт тағамдары сүтке қарағанда жақсы және үш есе тез сіңеді. Қышқыл сүт тағамдары (айран,сүзбе,қатық)асқазан сөлін шығаруды жақсартады,ішекте газ жиналуын,
ішекте жиырылып,созылуын реттейді.
Айран – ұйытылған сүт. Оны қаймағы алынған сүттен де, қаймағы алынбаған сүттен де ұйытуға болады. Ол үшін сүтті 5-10 минут қайнатып, қанжылым қалыпқа түскенше суытады. Содан соң ұйытқы (ашытқы) қосып араластырады да, ыдысты жақсылап бүркеп тастайды. Ол 1–2 сағат аралығында ұйып болады. Ұйыған айран ашып кетпеуі үшін оны бетін ашып салқын жерге қояды. Айранды сусын ретінде, тағам ретінде де пайдалануға болады. Шалап – көбіне жаз айларында шөл басатын бірден-бір пайдалы сусын. Шалап дайындау үшін алдымен айран немесе шұбатты үлкен ыдысқа құйып алады да үстіне су қосады.
Шұбат – түйе сүтінен ашытылады. Бұл әрі сусын, әрі тағам. Өйткені бие сүтіне қарағанда түйе сүті өте майлы келеді. Оның емдік қасиеті де бар.
Қымыз – биенің сүтінен дайындалатын денсаулыққа шипалы әрі жұғымды сусын. Қымыз қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі. Сары қымыз дертке шипа, денеге күш. Қымыз негізінен жылқы терісінен тігіліп, әбден – тобылғы түтінінің ысы сіңген сабада не болмаса ағаш күбіде ашытылады. Қымыздың ашытқысы «Қор» деп аталады. Балқаймақ – шұңғылдау ыдысқа шикі қаймақ (кілегей) құйылады. Ол баяу жанып жатқан отқа құйылып, бетіне майы шыққанша араластыра отырып пісіріледі. Әбден қайнаған кезде үстіне құмшекер себіледі, бал салынып, ұн қосылады. Содан соң араластырып, тағы да (8-10 минут) қайнатылады. Дайын болған қоспаны ыдысқа аударып, дасттарқанға әкеле беруге болады. Ол көбінесе дастарқанға шаймен бірге беріледі Кілегей – шикі сүттің бетіне жиналатын маңызды қаймағы. Кілегей сиыр сүтінен алынады. Жаңа сауған жылы сүтті кең ыдысқа қотарып құйып, салқын жерге қояды. Сонда сүттің бетіне сары түсті маңызы қалқып шығып, қабыршақтанып жиналады. Оны қасықпен жайлап қалқып алады. Кілегей шайдың өңін ашып, дәмін келтіретін болғандықтан, оны көбінесе шайға қосады. Кілегейге тары, талқан, қуырған бидай, кептірілген қызыл ірімшік пен ақ ірімшіктері араластыруыға болады. Қаймақ – сиырдың, қойдың, ешкінің пісірілген сүтінің бетіне жиналатын маңызы (майлы құрамы). Пісірілген сүтті бетін ашып салқын жерге қойса, сүт салқындаған сайын оның бетіне қабыршақтанып қаймақ жиналады. Қаймақ қалыңдығы сүттің құнарлығына (нәріне) байланысты. Сонымен бірге сүттің пісірілуіне де байланысты болады. Қойдың сүті қою болғандықтан, оның қаймағы да сиырмен ешкі сүтінің қаймағынан қалың болады. Қаймақты езіп шайға қатса, шайдің дәмі келіп, өңі ашылады. Бидаймен тарыны қаймаққа араластырып жеуге болады. Құрт – малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақтауға арналған тағам.
Сары май – сиырдың, қойдың, ешкінің сүтінен алынады. Сары майды былғап болғаннан кейін тұздап, ыдысқа салады. Сары майды қойдың, ешкінің қарнына, бүйенге сақтайды.. Тұзы бар майды жақтырмайтын адамдар сары майды тортасынан айырып алады. Ол үшін сары майды қазанға салып қайнатады. Қайнаған кезде оның ішіндегі тұзы майдың бетіне қалқып шығады. Бетіндегі тұзын қалқып алып, майдың өзін суытса тұзы жоқ, сап-сары май шығады. Мұны «тортасынан айырған май» деп атайды. Сүзбе – айраннан немесе қайнаған іркіттен дайындалады. Сүзбені тұздап, малдың қарнына салып, кептіреді. Оны жылдың кез келген маусымда езіп сорпаға, көжеге қосуға, сондай-ақ сүт, су қосып шалап етіп, сусын ретінде ішуге болады. Уыз- жаңа төлдеген малдың желініне жиналатын қою сүт. Уыз «сары уыз», «ақ уыз» деп екіге бөлінеді. Сары уыз әрі қою, әрі желім сияқты жабысқақ болады. Ақ уыздың өңі сары уызға қарағанда ақшыл, әрі сұйықтау келеді. Сары уызды төлдің өзіне емізіп, ақ уызды сауып алып пайдаланады. Уыз іріп кетпеу үшін оны ожаумен сапырып отыру керек. Уызға тары салып пісіруге болады.
1.
с
2.
ү
3.
т
4.
ө
5.
н
6.
і
7.
м
8.
д
9.
е
10.
р
11.
і
Іркіт – құрт қайнату сабаға, күбіге жинап ашытқан айран – қатық, шикі сүт. Іркітті сиырдың, қойдың, ешкінің сүтінен дайындайды. Піскен сүттен ұйытылған айранды немесе шикі сүттен ұйытылған қатықты сабаға не күбіге жинайды да пісіп, оның майын қалқып алғаннан кейін, ыдыстың ішінде іркіт қалады.
Ірімшік – сиырдың, қойдың, ешкінің сүтінен қайнатып әзірленетін сүт тағамы. Ірімшік – ақ ірімшік, кызыл ірімшік деп екіге бөлінеді. Ақ ірімшік деп кішкене ғана қайнап іріген сүтті айтады,оны ақ күйінде тезірек сүзіп алып,үлкен кісілермен жас балаларға берген. Қызыл ірімшік сүт іріп қызарғанша қайнатады,содан кейін қант,қаймақ қосып желінеді.
Сөз жұмбақ
1.Сиырдың, қойдың, ешкінің сүтінен былғап,алынатын май түрі?сарымай
2.Айраннан немесе қайнаған іркіттен дайындалады. Ашыған айранды, қатықты немесе қайнаған құртты кенеп дорбаға құяды да іліп қойып сорғытады. Содан ол өзінен-өзі сүзіліп, сұйығы ағып кетеді.сүзбе
3. Түйе сүтінен ашытылады. Бұл әрі сусын, әрі тағам. Оның емдік қасиеті де бар.шұбат
5. Ұйытылған сүт. Оны қаймағы алынған сүттен де, қаймағы алынбаған сүттен де ұйытуға болады. Оны сусын ретінде, тағам ретінде де пайдалануға болады.айран
6. Шикі сүттің бетіне жиналатын маңызды қаймағы,сиыр сүтінен алынады.кілегей
7. Сиырдың, қойдың, ешкінің сүтінен қайнатып әзірленетін сүт тағамы.ірімшік
8.Сүттен десерт тамақтар да жасалады.Әсіресе балалардың сүйікті асы.балмұздақ
9.Қымызды ненің сүтінен дайындайды?бие
10.Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақтауға арналған тағам.құрт
11.Құрт қайнату үшін сабаға, күбіге жинап ашытқан айран – қатық, шикі сүт. Оны сиырдың, қойдың, ешкінің сүтінен дайындайды.іркіт
Міне,біз сүт және сүттен жасалатын тағамдармен таныстық.Енді осы сүт өнімдерін сақтайтын қандай ыдыс түрлерін білеміз?
Сүт өнімдерін құятын ыдыстар
Саба Шара Торсық Мес Зерен Бұлқыншақ Ожау
Саба-қымыз құюға арналған,ел ішінде кең таралған кәделі ыдыстардың бірі.Ол жылқы терісінен жасалады.
Шара-қымыз құюға арналған ыдыс.Кей жерлерде тегене деп те атайды.Қымызды дастарханға апарғанда сабадан осы шараға құйып апарады.Оның ішіне 10-15литр қымыз сияды.Шараны емен,қайың сияқты қатты,кепкен ағаштардан ойып жасайды.
Торсық деп сусын құюға арналған тері ыдыстың местен кішірегін атайды.Бұл да қымыз,айран сияқты сусын құюға ,алып жүруге ыңғайлы ыдыс.Ердің қасына немесе қанжығаға байлай салады.Ол шайқалғанда ішіндегі сусын да араласып,маңызы арта түседі.
Мес-қымыз,шұбат,айран тағы басқа сусын құюға және сақтауға арналған тері ыдыс.Ол бітеу сойылған ешкі терісінен жасалады.
Зерен-қымыз,шұбат құятын қадірлі ыдыс.Көлемі де ,сырты да шараға ұқсас болады.
Бұлқыншақ-сусын құюға арналған тері ыдыс.Оны жылқы терісінен жасайды.Бұлқыншақ ердің қасына ,кереге басына ілуге,жаяудың иығына асуға ыңғайлы ыдыс.
Ожау-шарадағы қымызды сапыру,аяққа құю үшін пайдаланады.Мұны да әсемдеп,өрнектеп ұзын сапты етіп ағаштан ойып жасайды.
Міне,бүгін сүт және сүт өнімдері туралы мағлұматтар алдық.
Сүтке қатысты ырымдар мен тыйым сөздер білеміз бе?
-Сүтті үрлеп ішпейді,майлылығы азаяды.
-Сүттен жасалған тағамдарды жерге төгуге болмайды.
-Сүт сауатын шелекті құдық басына апаруға болмайды.
Құты қашып кетеді.
-Түнде тамақ бетін жауып қояды.
-Қолды жумай ақты ішпейді.
-Жерге төгілген ақты (айран,сүт) басуға болмайды.
-Сүт төгілген жерге тұз себеді. Сүтке қатысты мақал-мәтелдер білесіздер?
1.Сиыр сауып ішсең-мың күндік,
Сойып жесең бір күндік.
2.Айран ішкен құтылады,шелек жалаған тұтылады.
3.Берместің үйінде бесті қымыз тұрады.
4.Қойдың сүті қорғасын.
5.Жылқының сүті -шекер,еті -бал.
6.Жазғы етте жазық жоқ,қымыз аста қасық жоқ.
Машықтық жұмыс: Құрт жасау
Құрт – малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақтауға арналған ,аса қуатты әрі жағымды тағам. Сүзбе құрт сары суынан арылған қатықтан дайындалады. Сүзбе айраннан немесе қайнаған іркіттен дайындалады. Ашыған айранды, қатықты немесе қайнаған құртты кенеп дорбаға құяды да іліп қойып сорғытады. Содан ол өзінен-өзі сүзіліп, сұйығы ағып кетеді де, сүзбе түбінде қалады.Бұдан кейін құртты қаптан алып, тұздайды. Содан кейін құртты кептіру үшін әр түрлі формаға келтіреді.Оның негізі түрлері – күлше, жарма, сықпа т.б . Күлшені жасағанда құртты кесектеу етіп (уысқа сиярлықтай) домалақтайды. Одан соң оң қолдың бас бармағы мен төрт саусағының арасына қысып бүйірін жұқартып, дөнгелек формаға келтіреді. Күлше ұзақ уақыт сақтау үшін жасалады. Кейде күлшенің бүйірін тесіп моншақ сияқты жіпке тізіп, керегенің басына,өренің ашасына іліп кептіреді. Оны көп кептіру керек, әйтпесе іші көгеріп кетеді. Сықпаны жасағанда құртты шағындап қана алып,төрт саусақтың бүгуіне салып сығып жасайды. Шүйірмектің мөлшері сықпаның жартысындай ғана болады. Шүйірмек жасағанда құртты екі саусақты бүгуіне салып, екінші жағын басқа қолдың бармағымен батыра қысады. Бұл тез кебеді. Құртты қолмен сықпалап жасап болған соң өреге жайып кептіреді. Езген құртты сол күйінде ішуге де, сорпаға не көжеге қосып ішуге де болады.
Сабақты қорыту:
Ал енді бүгінгі сабағымызды қорыта айтатын болсақ,сүт тағамдары туралы көп мәлімет алдық,солай ма? Енді мына тест сұрақтарын орындайық!
1.Уыз деген не?
а.Қой сүтінен ұйытылған қатық түрі
ә. Езілген құрт
б. жаңа төлдеген малдың алғашқы сүті
2. «Лактоза» деген не?
а. сүттің қанты ә. сүттің майы б. сүттің көмірсутегі
3. Шұбатты қай түліктің сүтінен әзірлейді?
а. сиыр сүтінен ә. түйе сүтінен б.бие сүтінен
4. Тамақты дайындамас бұрын ең алдымен нені ескеру?
а. техника қауіпсіздігін ә. тамақтану мәдениетін б.тазалық-гигиеналық талабын
5. Сүт және сүт тағамдары арқылы адам ағзасына қандай топ дәрумендерін әкеледі?
а.А, А1, В,С ә. А,В.С.Д б.А,В,РР,В12
6. Қазақтың ұлттық тағамдарының азпаздық өнерінің ерекшелігі неге байланысты?
а.Мал және өндіріс шаруашылығы өте дамыған
ә. мал және егін шаруашылығы өте дамыған
б. мал және өндіріс шаруашылығы өте дамыған
7. Май қайнатқанда алынатын тұнба? а. торта ә. ұйытқы б малта
8. Жылқы терісіне жасалатын қымыз құюға арналған ыдыc? а. Саба ә. Тостаған б зерен
9.Қазақтың шоколады деп нені айтады? а. ірімшік ә. жент б сарысу