kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сәукеле тігу

Нажмите, чтобы узнать подробности

4-сыныпқа арналған сабақ жоспары. Сәукеле тігуді үйрену

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сәукеле тігу»

Бекітемін:

Пәні: Еңбекке баулу

Сыныбы: 4«а»

Пән мұғалімі: Утегалиева Б.Ж.


Сабақтың тақырыбы: Сәукеле тігу. 

Сабақтың мақсаты :
Білімділік: Сәукеле туралы түсіндіру, дайындау технологиясын үйрету.
Дамытушылық: Оқушының ой – қиялын дамытып, іскерлікке баулу.
Тәрбиелік: Ұлттық киімдерге байланысты салт-дәстүрлер мен ырымдарды сақтауға, ұқыптылыққа, әдемілікке  тәрбиелеу.
Көрнекілігі: бас киім түрлері, сәукеле үлгісі, сызбалар
Құралдар: қызыл мата, қайшы, қатырма қағаз, желім, үкі
Әдісі: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу өнері,
Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
а)  оқушыларды түгелдеу
ә)  сабаққа дайындығын тексеру.

б) Қауіпсіздік  ережесін сақтау.

Топқа бөлу.
Ою-өрнектерді таңдату арқылы, төрт топқа бөлу.
І топ – жан-жануарларға байланысты. « Сымбат»
ІІ топ – өсімдіктерге байланысты. «Сән»
ІҮтоп – аспан әлеміне байланысты. «ШҰҒЫЛА»
Ү топ – геометриялық фигураларға байланысты. «АСАР»

Ою сыртындағы әріптерді құрастырсаңдар топтың аты шығады.
Топ ережесін еске түсіру.
Топпен бірлесе топ ережесін еске түсіреді.
Топ басшысын сайлайды. бағалау парағының бөлімдерімен танысады.

ІІ. Өткен сабаққа щолу.
Суреттер галериясы. Қазақтың ұлттық киімдері

Фотосуреттен киім түрін тауып, түсіндіру.

ІІ. Жаңа сабақ

Әшекейлі күбіні,
Үюлі тұрған шөмеле,
Кигіздім биік төбеге. /сәукеле/

Жұмбақты шешу арқылы жаңа сабақ тақырыбын табады.

«Сәукеле» сөзіне ой қозғау. Оқушылардың бас киім туралы пікірлерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбын ашамын.

Оқушы әрекеті. Сәукеле туралы әр топ өз ойларын айтады.
Сабақ тақырыбын дәптерлеріне жазады.
АКТ таныстырылым: Бейне жазба арқылы сәукеле үлгілерін көрсету.

Әйелдерге арналған ұлттық бас киім түрлері өте көп.  Оларға: сәукеле, тақия, кимешек, бөрік тағы басқалар жатады.
Сәукеле –қыздардың ұзату тойында киетін сәнді, әшекейлі бас киімі. Сәукеле алтын, күміс, асыл тастармен әшекейленіп, зермен, жібек жіппен кестеленеді. Төбесіне үкі тағылып, жерге дейін төгілген ақ желек  жабылады.
Сәукеле бас киім ғана емес, қазақ халқының сән –салтанатының, салт-дәстүрінің, мәдениеті мен шеберліктің озық үлгісі, өнер туындысымен қатар киелі деп есеп-телген.
Сәукеле биік, дөңгелек төбе жағына қарай жіңішкере береді. Ол тәж, төбе, құлақ-бау, және артқыбау деген негізгі бөліктерден тұрады. Жоғарғы жағына үкі таға-ды. Ата –бабамыз сәукелені әшекейлеуге күмістен салынатын өрнектер және жы-лан бас бейнесінің магиялық қасиеті бар деп есептеген. Күміс тазалықты білдірсе, жылан басы  тіл –көзден сақтайды деп түсінген.

Қазақ ұғымында, үкі –қасиетті құс.Үкінің үлпілдек жүні, басы, сирағы және қауырсыны жүн – сайтаннан қорғайды деп, төсектің басына, бесікке, бас киімге қадайды. 
 «Сәукеле» сөзі «сау келеді» дегеннен шыққан екен. Жоғарыда сәукеленің қалай жасалатынын және оның құны қандай қомақты болатынын айтып өттік. Ендеше ұзатылар қыздың әлеуметтік жағдайынан хабар беріп, бір әулеттің дәулетін көрсетер сәукеледен дәмелілер де аз болмаған. Қалыңмалдың құнын орап әкететін бұл «байлықты» қолға түсіру үшін ұры-қары, қарақшылар жол торып, келін әкеле жатқан топқа тосыннан шабуыл жасайтын. Тек сәукеле емес, қыздың жасауына да қол салып, кейде кісі өлімі де болған деседі. Күйеу, һәм қалыңдық тобының адамдарын шығындап, кейде бәрін қырып кететін кездер де болған екен. Сондықтан келін түсіріп отырған ауылдың балалары осынау күйеу-келін тобын қозыкөш жерден таймен күтіп алып, адамдардың, сәукеленің амандығын көріп, «сау келеді, сау келеді» десіп, сүйіншілеп, ауылға хабар беретін болған. Міне, содан сәукеле атауы шыққан деседі.

Сәукеленің негізгі бөліктері: 
Сәукеле биік, дөңгелек төбе жағына қарай жіңішкере береді. Ол тәж, төбе, құлақбау және артқыбау деген негізгі бөліктерден тұрады. Жоғарғы жағына үкі тағады. Ата –бабамыз сәукелені әшекейлеуге күмістен салынатын өрнектер және жылан бас бейнесінің магиялық қасиеті бар деп есептеген. Күміс тазалықты білдірсе, жылан басы  тіл –көзден сақтайды деп түсінген.

ІІ. Сарамандық жұмыс «ШЕБЕРЛЕР ШЕБЕРХАНАСЫ»

4 Шеберхана жұмыс істейді.

Жұмыстың орындалу реті: 
1.Сәукеленің конус тәрізді екенін ескеріп, оның биіктігі мен диаметрін анықтай-мыз. Биіктігін 20см, диаметрін 46 см деп алып, қатты қағаз бетіне сәукеле піші-нін түсіреміз. Қатты қағазды түсірілген сызық бойынша қиып желімдейміз. Қатты қағаздан жасап алған конусымыз сәукеленің негізі болады.
2. Қиып алынған сәукеленің қалып үлгісін қызыл түсті мата  бетіне орналастырамыз. Жиегінен тігіске 1 см-дей қалдырып, бормен сызамыз.Сызық бойынша матаны қиып аламыз.
3.Қиып алынған матаның теріс бетінен көктеп тігеміз. Сонан кейін оң бетіне аударып, сәукеленің қатты қағаздан жасалған негізіне кигіземіз.
4.Сәукеленің төменгі бөлігінің жиегіне биіктігі 3см мақта желімдейміз.
5.Ақ түсті тоқыма жіптен шашақ жасап, үкісі ретінде сәукеленің төбесіне қадаймыз.


Қауіпсіздік  ережесін сақтау.

  • Матаны қиғанда мата мен қайшы көзден 30-40см арақашықтықта болуы керек

  • Қатырма қағазды қиғанда саусақтарыңды абайла.

  • Инені ине шаншығышқа қадап қой.

Оқушылардың жұмыстарына бақылау жасау, жасалған  сәукелелерді нөмірлеп бірінші  үстелге орналастыру. Оқушылар өздеріне ұнаған сәукеле нөмірін қағазға жазып, дауыс салатын қорапқа салады. Дауыстарды санаймыз, қай нөмірлі сәуке-ле көп дауыс жинаса, сол сәукеленің иесі үздік деп саналады.

ІV. Сабақты бекіту. 
1) Әйелдердің қандай ұлттық бас киімдері бар?
2) Сәукелені кім киеді?
3) Сәукелені қалай әшекейлейміз?

V. Бағалау. Бағалау парағы арқылы топ басшысы бағалайды.
VІ. Қорытындылау.
VІІ. Үйге тапсырма: 
Сәукелені әшекейлеу үшін ою-өрнек ойып келу.

Бағалау парағы

Р/С

Оқушының аты-жөні

Суреттер галериясы

«Шеберлер шеберханасы»

сарамандық жұмыс

Сөзжұмбақ

ҚОРЫТЫНДЫ

БАҒА


























Өте жақсы-5 балл

Жақсы -4 балл

Орташа-3 балл

Нашар-2 балл



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Сәукеле тігу

Автор: Утегалиева Баян Жауынбаевна

Дата: 02.12.2016

Номер свидетельства: 364906

Похожие файлы

object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(23) "С?укеле тігу "
    ["seo_title"] => string(15) "s-ukielie-tighu"
    ["file_id"] => string(6) "182324"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425491428"
  }
}
object(ArrayObject)#876 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Е?бекке баулу. Та?ырыбы: С?укеле тігу"
    ["seo_title"] => string(36) "ienbiekkiebaulutakyrybysukielietighu"
    ["file_id"] => string(6) "291580"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455132477"
  }
}
object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Еңбекке баулу. Сәукеле тігу."
    ["seo_title"] => string(33) "ien_biekkie_baulu_s_ukielie_tighu"
    ["file_id"] => string(6) "365217"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1480746773"
  }
}
object(ArrayObject)#876 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "С?укеле тігіп ?иренеиіk"
    ["seo_title"] => string(28) "s-ukielie-tighip-uirienieiik"
    ["file_id"] => string(6) "324995"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1462798969"
  }
}
object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "«Тымақ және сәукеле тігу»"
    ["seo_title"] => string(28) "tymak_zh_nie_s_ukielie_tighu"
    ["file_id"] => string(6) "421158"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1496985234"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства