Просмотр содержимого документа
«Өнер тамған он саусақ»
Өнер тамған он саусақ
Сайыстың мақсты:жарысу арқылы оқушылардың бәсекелесу қабілеттерін дамыту,жылдам шешім қабылдауға,ойларын жинақтауға,қорытынды жасауға,шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Білімділік мақсаты:алған білімдерін практикамен байланыстыра отырып,ойларын тұжырымдай білуге,үнемділікке біткен іске талдау жасай білуге ойлампаздыққа үйрету.
Дамытушылық мақсаты:өнер туындыларын эстетикалық талғаммен қабылдау қабілеттерін,өнерге қызығушылықтарын,шығармашылық белсендіктерін арттырып,бұйым жасау түрлеріндегі іс-әрекетке білімі мен шеберліктерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты:бұйымның тиімділігі мен қажеттілігін түсініп,топтаса отырып эстетикалық шығармашылықпен жұмыс істеу кезінде уақытты тиімді пайдаланып,жинақтылыққа ,төзімділікке ,икемділікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі:қолөнер сайысы Сабақ әдісі:сайыс сабақ Құрал-жабдықтар:қайшы,ине,ою-өрнектер Сайыстың өтілу барысы:5-7 сынып қыздарынан үш тапқа бөлу арқылы сайыс сабағын өткізу.Сайыс 6 кезеңнен тұрады.5-7 сынып қыздар арасында үш топтың қатысуы арқылы,командаға ат беру.
Топтардың аты: «Іскер» тобы, «Шебер» тобы. «Еңбек» тобы «....Адам кез келген жұмысқа бола бермейді...Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы ақтарса,білгір және шебер болып шығады.Қандай әрекет,қандай іс істесек те,сондай рахмет табу,соның рақатын көру біздің мақсатымыз болып табылады.» Әл-Фараби Жүргізуші:Бүгінгі өткелі отырған «Өнер тамған он саусақ» сайысына қош келдіңіздер
Болады қыздың аты затына сай, Ниет етсең болуға өнерге бай. Артық емес үйрен де жирен деген Бос қалып бұл өмірде жүрмеші жай. Туған халқым өнерінің ұрпаққа үлгі. Көңілі көктем,әрқашан жаны ізгі. Салт-дәстүр мирас болып бізге жеткен, Асқан өнер жасампаз қалған мәңгі
1-кезең Таныстыру,топтың аты (эмблема) 2-кезең Ою қию ,жапсыру 3-кезең Мақал-мәтел жарысы 4-кезең «Ана көрген тон пішер»қолөнер туындыларын көрсету. 5-кезең Сұрақ-жауап 6-кезең Қолдан бұйым жасау (өз бетінше жұмыс)
«Өнер қуып шеберлер өтер деймін, Бір басына өнері жетер деймін. Сайысқа түскен шеберлеріміз кезектесіп, Таныстырып өздерін өтер деймін».
Түрін-ай текеметтің !Асыл қандай! Үңілдім үнсіз ғана басымды жай. «Келе ғой,қошақаным өзіме!»деп, әжем кеп сипағандай шашымды жай. Күйімді кешсеңдер-ау сол беттегі, Тұрғандай ана көңілі тербеп мені, Жан бітіп жайраңдады жан-жағымнан Қазақтың қошқармүйіз өрнектері.
«Ою ойғанның ойы ұтқыр» Үш топтың қыздары ою ояды. (5 минут)
3.Салт-дәстүрге байланысты мақал-мәтел жарысы (5 минут)
4. «Ана көрген тон пішер» қолөнер туындыларын көрсету.
5.Ұлттық қолөнерге,салт-дәстүрге байланысты сұрақтар сайысы.
1.Қазақ қыздарының бас киімі.(Сәукеле)
2.Киізден сырып,оюлап жасалған төсеніш. (сырмақ)
3.Іс тіккенде саусаққа киетін құрал.(Оймақ)
4.Ең көне ою. (Қошқармүйіз)
5.Жеңсіз жеңіл киім. (Камзол)
6.Кестеге арналған матаның аты. (Шыт)
7.Сәндік үшін төсектің тұсына ұстайтын үй жиһаздарының бірі.(тұскиіз)
8.Кестеге арналған ине қандай болу керек? (Жіңішке және қысқа) 9.Көкөністерден дайындалатын салқын тағам. (Салат)
10.Шашқа тағатын әшекей. (Шашбау)
6.Қолдан өз бетінше бұйым жасау.Үш таптың қыздары өз беттерімен бұйым жасайды.(10 минут)
Жүргізуші:Қолөнері халқымның өрістесін,
Әрқашан Алла берсін берекесін.
Осымен жыр кестесін аяқтаймын,
Өнерлі жастарымыз өсіп өнсін.
Қорытынды бөлім.
Әділқазылар алқасы үш топтың жұмыстарын бағалап,толықтыратын жерлерін көрсетеді,жеңімпаз топты анықтайды.Оқушылардың еңбегіне қарай орындар беріп марапатталады.
1.Сайыстың шарттарымен таныстыру.