kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ: Ана

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: Ғали Орманов «Ана»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Өлеңнің мазмұнын түсіндіріп,мәнерлеп оқу. Автор туралы білімдерін кеңейту. Жақсылық атаулының барлығы күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру, ана еңбегін қадірлей білу, баланың ана алдындағы парызын өтеуге, түсіндіруге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Сауатты оқып, өлеңнің негізгі идеясын ашу.

Тәрбиелілік: Ананы жақсы көріп сыйлауға,құрметтеп аялауға

тәрбиелеу.Өз елін сүюге,патриатизмге тәрбиелеу.Жамандықтан аулақ,істеген істерін әрқашан ойланып істеуге, Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.Ақылды болуға,ата-ананы,үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.

Дамытушылық:Оқушылардың ой-өрісін, еркін сөйлеу дағдысын,сөздік қорын,шығармашылық қабілетін дамыту. Оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру, байланыстырып сөйлеуін дамыту, өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, ой- қозғау, баяндау,әңгімелеу  Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, үлестірмелер, автор суреті,сөздіктер

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі,музыка, бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:               

I Ұйымдастыру кезеңі (2-3 мин)

     Сәлемдесу

     Үлкенге де «сіз»,    
     Кішіге де «сіз»,
     Бас иеміз сіздерге
     Құрметпенен біз!

Психологиялық дайындық

Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Мейірімді анам болса қасымда

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз.
- Біз бүгінгі сабағымызда 2 топқа бөлінеміз.(қорапшаның ішінде гүлдер мен жұлдыздардың суреттері болады. Соны алу арқылы 2 топқа бөлінеді)

I топ «Гүлдер»
II топ «Жұлдыздар»

Үй тапсырмасын тексеру (4-5мин)

 Салған суретті (ананың портреті) екі жұлдыз, бір тілек әдісі арқылы тексеру (жұппен жұмыс)

Жаңа сабақ (15-20 мин)

«Адасқан әріптер» ойыны

(Гүлдер тобы) е,і,а,ә,ү (жуан дауысты дыбыс)

 (Жұлдыздар тобы) б,г,н,ж,з (үнді дауыссыз дыбыс)

(Екі топ бірге) л,к,қ,н,р,а (дауысты дыбыс)

«Ана» сөзі шығады.

«Ана»  туралы монологты үнтаспадан тыңдату

Ана бәрінен де қымбат жан.Сендерге өмір сыйлап,түн ұйқысын төрт бөліп,мәпелеп аялап,әлдилеп өсірген жан.Ананың жөні басқа. Барлық ана өз баласының тілеуін тілеп жүреді.Сондықтан аналарды сыйлау,құрметтеу,айтқан әрбір ақылын тыңдау әр баланың міндеті.

Ана туралы тақырыпты барлық ақын өз шығырмаларына қосып отырған.Ендеше,балалар бүгін Ғали Ормановтың «Ана» өлеңімен танысамыз.

Автор туралы түсінік

Ғали Орманов (1907-1978) Алматы облысы Қапал ауданы,Ешкіөлмес деген жерде дүниеге келген.

Жас күнінде балалар үйінде тәрбиеленген.Бастауыш мектепте сауат ашып,кейін Алматыдағы халық ағарту институтын бітірген соң,біраз жыл мұғалім болып қызмет атқарады.Алғашқы өлеңдер жинағы «Шеңбер», «Емен», «Бөбек жүрегі».Бірнеше орыс жазушыларының шығармаларын қазақ тілінде аударған.

Оқулықпен жұмыс

1.Өлеңді мұғалімнің оқуы.

2 Екі топ оқушыларына тізбектетіп оқыту.

3.Мазмұнын ашу.

4.Сөздік жұмыс

Ана

Мәпелейсің мені, ана

Қолыңдағы құсыңдай.

Құлпыра өсіп дем алам,

Құшағыңда қысылмай.

Үмітіңдей көзіме,

Көп қарайсың үңіліп.

Еркелеген сөзімде

Ертеңіңіз тұр күліп.

Сен жалықпай жетектеп,

Мен жаттыға жетермін.

Айтқаныңды екі етпей,

Ақ сүтіңді өтермін.

Біліп тұрсың,жан анам,

Міндеті үлкен ботаңның.

Күтері сол баладан

Ана менен Отанның!

Мәпелеу-аялау

Айтқанымды екі етпей - айтқан сөзді орындау.

Сұрақ-жауап әдісі

1.Ақын қандай көңіл-күймен өлең жазды?

2.Сіздердің көңіл-күйлеріңіз қалай?

Сергіту сәті

(видиодағы биді қайталау)

Дәптермен жұмыс

Ой толғау: Шығармашылық жұмыс

 Өлең ұйқасын табу

Анамды...(сыйлаймын)

Ақылын........(тыңдаймын)

Айтқан..........(тілін аламын)

Мен.........баламын (әдепті)

Гүл сыйлау» ойыны

«Қызыл гүл» жұмбақ Бала, бала, бала деп
                                   Түнде шошып оянған.
                                   Түн ұйқысын төрт бөліп,
                                   Түнде бесік таянған. (Ана)
 «Ақ түсті гүл» Аналарың үйде қандай тыйым сөздер айтып отырады?

«Сары түсті гүл»Дүниеде ең жұмсақ не,ең тәтті не?

«Жасыл түсті гүл» Ойымды аяқта.

Ананың жүрегі. (таза, адал)

Ананың алақаны. (ыстық)

 «Көк түсті гүл» Ананың  жүрегі неден аурады деп ойлайсыңдар

Жағдаяттық сұрақтар.

(Рөлдік ойын ойнату)
І-топ: - Сен сабақтан нашар баға алып келдің. Анаң қандай күйде болады? Қандай жол тауып анаңды көңілдендіресің?

II-топ: - Ойнап жүріп бір жеріңді қанатып немесе қатты ауыртып алдың. Сол кезде анаң қандай күйде болады деп ойлайсың? Ана жүрегін ауыртпас үшін сен не істеуің керек еді?

Сабақты қорытындылау: «Күн шуағын шашады» ойыны

                                                     Жақсылық       Ұзақ        

                                                Қуаныш                  Бақыт       

                                                         өмір

                                                                     зор  денсаулық

Оқушы білімін бағалау

Үйге тапсырма :

 « Менің анам қандай жан?» Эссе жазу.

                                    «Бағдаршам» бағалау парақшасы

Оқушының өз жұмыстарын бағалауы

 Аты-жөні:________________________Сыныбы:__________________

Тапсырмалар

Мен жақсы орындадым

Мен жартылай орындадым,бірақ тағы жұмыс істеуім керек

Маған көмек керек

Үй жұмысы

1-тапсырма

2-тапсырма

3-тапсырма

Қосымша ақпарат

Ана-әрбір адамның ең жақын жанашыры, қамқоршысы, қадірлісі, жанын да аямаған ардақтысы.
Ана-жүрек, жүректі құдіретте!
Ана-тірек, тіректі құрметте!
Ана-шыңың, шыңыңа сағынып жет!
Ана-күнің, күніңе табынып өт!
Расында да, адамның әдептілігімен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтінен, ана жүрегінің жылуынан дарыған. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Осындай қасиеттердің бірі-дарындылық Шәмші ағамызға анасынан дарыған екен.
Шәмшінің әкесі он саусағынан өнер тамған ұста, зергер болғанымен әншілікке әуестігі жоқ еді.
Шәмші «табиғи дарынымның ана сүтімен келгеніне қуанбасам, ренжімеймін» дейтін.
Шәмші композитор атағы шыққан кезде, анасы айықпайтын ауруға ұшырайды. Өзінің о дүниелік екенін сезген анасы Алматыдан Шәмшіні шақыртып:
- Балам, мен өмірден жас кеттім демеймін, немере сүйіп, келін көруді құдай бұйыртпапты. Тағдыр солай, қайтейін! Бар тілеуім, сен аман бол! Дүниеге келген әнің айтылмай жатып үзілмесін, ұзаққа кетсін! Бақытты бол, балам! – деп ақ батасын береді.
Анасының ақ лебізін естіген Шәмші өзін сәбидей сезінеді. Ойлап қараса, анасы оған әлемнің жарығын сыйлапты, даланың ең әсем гүлін жинапты, мол дүниенің жаннатын ұсыныпты!
О, ана! Ана! Бұл өмірдегі өзінің ең жақын, асыл адам бар ма екен?!
- Ана, қарыздармын саған. қарыздармын, ана! Сенің басыңа кесене, ғимарат орнатам деп айта алмаймын, бірақ мен маған әннің ең асылын, ең нәзігінен ешқашан ұмыт болмайтын ескерткіш қалдырамын. Ол ешқашанда ұмытылмайды, дейді. Бұл 1957 жылы болатын, Шәмші өзінің сөзін 1961 жылы орындайды. Осы жылы оның «Ана туралы жыр» деген әні дүниеге келді. Бұл ән сол кездегі қазақ совет музыкасындағы ана туралы жазылған тұңғыш ән еді. Бұл ән – ана алдындағы ешқашан өтелмейтін борышын сезінген баланың егіле төгілген көз жасы еді. Бұл ән – есейген ер жүрек ұланның бұл өмірдің теңізін адал кешуге берген анты еді. Бұл аналар туралы гимн еді.


 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ: Ана»


Сынып: 3

Сабақтың тақырыбы: Ғали Орманов «Ана»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Өлеңнің мазмұнын түсіндіріп ,мәнерлеп оқу. Автор туралы білімдерін кеңейту. Жақсылық атаулының барлығы күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру, ана еңбегін қадірлей білу, баланың ана алдындағы парызын өтеуге, түсіндіруге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Сауатты оқып, өлеңнің негізгі идеясын ашу.

Тәрбиелілік: Ананы жақсы көріп сыйлауға ,құрметтеп аялауға

тәрбиелеу.Өз елін сүюге,патриатизмге тәрбиелеу.Жамандықтан аулақ,істеген істерін әрқашан ойланып істеуге, Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.Ақылды болуға,ата-ананы ,үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.

Дамытушылық:Оқушылардың ой-өрісін , еркін сөйлеу дағдысын,сөздік қорын,шығармашылық қабілетін дамыту. Оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру, байланыстырып сөйлеуін дамыту, өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, ой- қозғау, баяндау,әңгімелеу Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, үлестірмелер, автор суреті,сөздіктер

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі ,музыка, бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі (2-3 мин)

Сәлемдесу

Үлкенге де «сіз»,
     Кішіге де «сіз»,
    Бас иеміз сіздерге
    Құрметпенен біз!

Психологиялық дайындық

Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Мейірімді анам болса қасымда

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз.
- Біз бүгінгі сабағымызда 2 топқа бөлінеміз.(қорапшаның ішінде гүлдер мен жұлдыздардың суреттері болады. Соны алу арқылы 2 топқа бөлінеді)


I топ «Гүлдер»
II топ «Жұлдыздар»


Үй тапсырмасын тексеру (4-5мин)

Салған суретті (ананың портреті) екі жұлдыз, бір тілек әдісі арқылы тексеру (жұппен жұмыс)


Жаңа сабақ (15-20 мин)

«Адасқан әріптер» ойыны

(Гүлдер тобы) е,і,а,ә,ү (жуан дауысты дыбыс)

(Жұлдыздар тобы) б,г,н,ж,з (үнді дауыссыз дыбыс)

(Екі топ бірге) л,к,қ,н,р,а (дауысты дыбыс)

«Ана» сөзі шығады.

«Ана» туралы монологты үнтаспадан тыңдату

Ана бәрінен де қымбат жан.Сендерге өмір сыйлап,түн ұйқысын төрт бөліп,мәпелеп аялап,әлдилеп өсірген жан.Ананың жөні басқа. Барлық ана өз баласының тілеуін тілеп жүреді.Сондықтан аналарды сыйлау,құрметтеу,айтқан әрбір ақылын тыңдау әр баланың міндеті.

Ана туралы тақырыпты барлық ақын өз шығырмаларына қосып отырған.Ендеше,балалар бүгін Ғали Ормановтың «Ана» өлеңімен танысамыз.

Автор туралы түсінік

Ғали Орманов (1907-1978) Алматы облысы Қапал ауданы,Ешкіөлмес деген жерде дүниеге келген.

Жас күнінде балалар үйінде тәрбиеленген.Бастауыш мектепте сауат ашып,кейін Алматыдағы халық ағарту институтын бітірген соң ,біраз жыл мұғалім болып қызмет атқарады.Алғашқы өлеңдер жинағы «Шеңбер» , «Емен», «Бөбек жүрегі».Бірнеше орыс жазушыларының шығармаларын қазақ тілінде аударған.


Оқулықпен жұмыс


1.Өлеңді мұғалімнің оқуы.

2 Екі топ оқушыларына тізбектетіп оқыту.

3.Мазмұнын ашу.

4.Сөздік жұмыс

Ана

Мәпелейсің мені, ана

Қолыңдағы құсыңдай.

Құлпыра өсіп дем алам,

Құшағыңда қысылмай.

Үмітіңдей көзіме,

Көп қарайсың үңіліп.

Еркелеген сөзімде

Ертеңіңіз тұр күліп.

Сен жалықпай жетектеп,

Мен жаттыға жетермін.

Айтқаныңды екі етпей,

Ақ сүтіңді өтермін.

Біліп тұрсың,жан анам,

Міндеті үлкен ботаңның.

Күтері сол баладан

Ана менен Отанның!

Мәпелеу-аялау

Айтқанымды екі етпей - айтқан сөзді орындау.

Сұрақ-жауап әдісі


1.Ақын қандай көңіл-күймен өлең жазды?

2.Сіздердің көңіл-күйлеріңіз қалай?


Сергіту сәті

(видиодағы биді қайталау)


Дәптермен жұмыс

Ой толғау: Шығармашылық жұмыс


Өлең ұйқасын табу

Анамды...............(сыйлаймын)

Ақылын . . . . . . . .(тыңдаймын)

Айтқан. . . . . . . . . .(тілін аламын)

Мен . . . . . . . . .баламын (әдепті)


Гүл сыйлау» ойыны

«Қызыл гүл» жұмбақ Бала, бала, бала деп
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған. (Ана)
«Ақ түсті гүл» Аналарың үйде қандай тыйым сөздер айтып отырады?

«Сары түсті гүл»Дүниеде ең жұмсақ не,ең тәтті не?

«Жасыл түсті гүл» Ойымды аяқта.

Ананың жүрегі ... (таза, адал)

Ананың алақаны ... (ыстық)

«Көк түсті гүл» Ананың жүрегі неден аурады деп ойлайсыңдар

Жағдаяттық сұрақтар.

(Рөлдік ойын ойнату)
І-топ: - Сен сабақтан нашар баға алып келдің. Анаң қандай күйде болады? Қандай жол тауып анаңды көңілдендіресің?

II-топ: - Ойнап жүріп бір жеріңді қанатып немесе қатты ауыртып алдың. Сол кезде анаң қандай күйде болады деп ойлайсың? Ана жүрегін ауыртпас үшін сен не істеуің керек еді?


Сабақты қорытындылау: «Күн шуағын шашады» ойыны

Жақсылық Ұзақ

Ана

Қуаныш Бақыт


өмір

зор денсаулық


Оқушы білімін бағалау

Үйге тапсырма :

« Менің анам қандай жан?» Эссе жазу.







«Бағдаршам» бағалау парақшасы

Оқушының өз жұмыстарын бағалауы


Аты-жөні:________________________Сыныбы:__________________

Тапсырмалар

Мен жақсы орындадым


Мен жартылай орындадым,бірақ тағы жұмыс істеуім керек


Маған көмек керек


Үй жұмысы




1-тапсырма




2-тапсырма




3-тапсырма































Қосымша ақпарат

Ана-әрбір адамның ең жақын жанашыры, қамқоршысы, қадірлісі, жанын да аямаған ардақтысы.
Ана-жүрек, жүректі құдіретте!
Ана-тірек, тіректі құрметте!
Ана-шыңың, шыңыңа сағынып жет!
Ана-күнің, күніңе табынып өт!
Расында да, адамның әдептілігімен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтінен, ана жүрегінің жылуынан дарыған. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Осындай қасиеттердің бірі-дарындылық Шәмші ағамызға анасынан дарыған екен.
Шәмшінің әкесі он саусағынан өнер тамған ұста, зергер болғанымен әншілікке әуестігі жоқ еді.
Шәмші «табиғи дарынымның ана сүтімен келгеніне қуанбасам, ренжімеймін» дейтін.
Шәмші композитор атағы шыққан кезде, анасы айықпайтын ауруға ұшырайды. Өзінің о дүниелік екенін сезген анасы Алматыдан Шәмшіні шақыртып:
- Балам, мен өмірден жас кеттім демеймін, немере сүйіп, келін көруді құдай бұйыртпапты. Тағдыр солай, қайтейін! Бар тілеуім, сен аман бол! Дүниеге келген әнің айтылмай жатып үзілмесін, ұзаққа кетсін! Бақытты бол, балам! – деп ақ батасын береді.
Анасының ақ лебізін естіген Шәмші өзін сәбидей сезінеді. Ойлап қараса, анасы оған әлемнің жарығын сыйлапты, даланың ең әсем гүлін жинапты, мол дүниенің жаннатын ұсыныпты!
О, ана! Ана! Бұл өмірдегі өзінің ең жақын, асыл адам бар ма екен?!
- Ана, қарыздармын саған... қарыздармын, ана! Сенің басыңа кесене, ғимарат орнатам деп айта алмаймын, бірақ мен маған әннің ең асылын, ең нәзігінен ешқашан ұмыт болмайтын ескерткіш қалдырамын. Ол ешқашанда ұмытылмайды, дейді. Бұл 1957 жылы болатын, Шәмші өзінің сөзін 1961 жылы орындайды. Осы жылы оның «Ана туралы жыр» деген әні дүниеге келді. Бұл ән сол кездегі қазақ совет музыкасындағы ана туралы жазылған тұңғыш ән еді. Бұл ән – ана алдындағы ешқашан өтелмейтін борышын сезінген баланың егіле төгілген көз жасы еді. Бұл ән – есейген ер жүрек ұланның бұл өмірдің теңізін адал кешуге берген анты еді. Бұл аналар туралы гимн еді.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Ашық сабақ: Ана

Автор: Хусман Орикжан

Дата: 30.11.2016

Номер свидетельства: 364286

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Ашы? саба? "Ана ??ша?ында""
    ["seo_title"] => string(29) "ashyk-sabak-ana-k-u-shag-ynda"
    ["file_id"] => string(6) "314491"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459700043"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Ашық сабақ: Қанағат-қарын тойғызар"
    ["seo_title"] => string(38) "ashyk_sabak_k_anag_at_k_aryn_toig_yzar"
    ["file_id"] => string(6) "364272"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1480510467"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Ашы? саба?  ана тілі  2 сынып "
    ["seo_title"] => string(28) "ashyk-sabak-ana-tili-2-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "155349"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421259557"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(105) "Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақ "Ана тілім - ардағым""
    ["seo_title"] => string(59) "bastauysh_synypk_a_arnalg_an_ashyk_sabak_ana_tilim_ardag_ym"
    ["file_id"] => string(6) "467103"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1524289011"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Ашы? саба? ??стар бізді? досымыз"
    ["seo_title"] => string(37) "ashyk-sabak-k-u-star-bizdin-dosymyz-1"
    ["file_id"] => string(6) "304628"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457769592"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства