kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама :"Бейнелеу өнерін орта мектепте оқытудың маңызы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

                Музыкасыз-керең,

                     Дене тәрбиесінсіз-кемтар,

                     Суретсіз-соқыр,

                     Еңбексіз-мәңгүрт болу.

                                                                                  

         Осы төрт ұғымның бірін ғана меңгерген адамды біз – білгір, дарынды, қабілеті бар деп ерекше құрметтейміз. Ал, екі бірдей қабілетті меңгерген адам табу қиын. Тапсақ-оны он саусағынан өнері тамған, көреген көзді, сегіз қырлы адамның бірі деп санаймыз.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама :"Бейнелеу өнерін орта мектепте оқытудың маңызы"»



\



Смагулов Жеңіс Қайырұлы

Бейнелеу өнері және

сызу пәнінің мұғалімі

2007 жыл

Өнер

адам тіршілігі үшін аса

қажетті төрт ұғым бар:

Музыкасыз-керең,

Дене тәрбиесінсіз-кемтар,

Суретсіз-соқыр,

Еңбексіз-мәңгүрт болу.

Осы төрт ұғымның бірін ғана меңгерген адамды біз – білгір, дарынды, қабілеті бар деп ерекше құрметтейміз. Ал, екі бірдей қабілетті меңгерген адам табу қиын. Тапсақ-оны он саусағынан өнері тамған, көреген көзді, сегіз қырлы адамның бірі деп санаймыз.

Бейнелеу өнерін орта мектепте оқытудың маңызы.


Баланы,әсіресе мектеп жасындағы балаларды бейнелеу өнеріне баулу қашанда кезек күттірмейтін міндетіміздің бірі болып табылады.

Бейнелеу өнері адамның өз ортасының әсемдігін түсінуге көмек көрсететін ең алғашқы білім. Сурет салуды сүю - өмірді, табиғатты, айнала қоршаған ортаны сүю. Ол адамның ақыл – ой, парасатын өсіреді, танымын кеңейтеді, ізгілікке, әсемдікке үйретеді.

Өмірде кездесетін келеңсіз құбылыстармен күресуге тәрбиелеп, халқына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке баулиды. Өнер қашанда қамқорлықты, оған асқан жауапкершілікпен қарауды қажет етеді. Бейнелеу өнерін жүйелі оқыту, оған баланы жастайынан баулып тәрбиелеу ісі баршамыздың алдымызға күрделі міндеттер қойып отыр. Ол міндет- балаларға бейнелеу өнерінің барлық түрлерінен жалпы мағлұмат бере отырып, қарапайым заттардың суретін бейнелеуді үйрету, өмірдегі әдемі және жаман нәрсені ажырата білу және оқыту арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. Әрбір оқушы бейнелеу арқылы өзін қоршаған ортадағы заттардың әдемілігін және осы әдемілікті көріп, сезіну арқылы өзінің шығармашылық қабілетін жетілдіреді.Әрине бұл қабілеттік пен тәрбиені оқушы тез арада меңгеріп кете алмайды, бұл өз ретімен жүретін процесс.

Бейнелеу өнерінің тарихи деректерінде,балаларға сурет салуды үйретуде оқытудың міндеттері екі бағытта жүргізіледі делінген:

  1. геометриялық

  2. шығармашылық

Бұл бағыттардың қазіргі уақыттағы оқу процесіне деген қажеттілігі әлі азайған жоқ.

Орта мектептерде басқа пәндермен қатар бейнелеу өнері пәні де толық жүйелі түрде жүргізілуі тиіс-ол өмір талабы. Көркемдік тәрбие беруде бейнелеу өнерінің тағы бір басты міндеті- ол әрбір баланың бойына біткен табиғи қабілетін дамыту, соған қолдау жасау, болашақта суретшілік мамандықты жоғары дәрежеде меңгеруіне септігін тигізері сөзсіз.

Бейнелеу өнері бөлімдері бойынша жұмыс.

Көрнекті бейнелеу өнерінің шеберлерінің туындыларын сабақта талдай отырып, оқушылар әңгіме кезінде қоршаған ортаның әсемдігін топталған түрде көріп біледі.

Бейнелеу қызметі шартты түрде былай бөлінген:

  1. Жазықтықта бейнелеу-натурадан қарап салу, елестету және есте сақтау қабілеті арқылы бейнелеу;

  2. Сәндік-қолданбалы өнер;

  3. Мүсіндеу;

  4. Шындықты және өнер туындыларын эстетикалық жағынан қабылдау.

Сонымен қатар мынадай оқу мәселелері туындайды:

  1. Перспектива;

  2. Заттардың пішіндері, пропорциялары, құрылымдары;

  3. Түстер;

  4. Композиция.


Бірінші-перспектива.

Білімсіз ешнәрсені де парасатты түрде бейнелеу мүмкін емес, сол үшін перспективаның бірнеше заңдылықтары бар:


  1. Жақын орналасқан зат үлкен болып бейнеленеді, алыстағы заттардың өлшемдері кішірейеді.

Бұл заңдылықты оқушылар бірден орындай алады.


  1. Алдында орналасқан зат, кейінгі заттың бір бөлігін жауып тұрады.

Екінші заңдылықты оқушылар бірден қабылдай алмайды, Оны қабылдау үшін олардың көңілдерін үнемі осыған бөліп отыру керек.


3.Төменірек орналасқан зат - жақын, зат жоғарылаған сайын алыс бейнеленеді.

Осы заңдылықтарды ұғындыру үшін мен әртүрлі әдістемелік тәсілдерді пайдаланамын.

Мысалы: планшет, фоны-қара түсті, ақ немесе сары қағаздан қиылған заттардыңк ескіндерін фон үстінен жылжытамын. Сосын оқушылар пейзажды өздері құрастырады.

Екінші оқу мәселесі:-ол заттардың пішіндері, пропорциялары, құрылымдары.

Пропорция сезімін оқушыларда дамыту өте маңызды, өйткені сабақтың барлық түрлерінде,әсіресе натюрморт салғанда бұл сезім-түсініксіз дұрыс сурет шықпайды.Сонымен қатар пішін ұғымын дамыту керек.

Пропорция ұғымын оқушыларға беру үшін көптеген тапсырмалар беремін.

Мысалға алсақ, заттардың кескіндерін салыстыру, яғни ұзындығы, биіктігі және жуандығы бойынша. Қарапайым заттардан бастап, қызықты және қиын заттардың пішіндерін сараптап алып, сурет салған кезде нәрселердің ішкі құрылымын көрсетуді талап етемін.

Үшінші мәселе - түстер мен бояулар.

Осы мәселе қойылған сабақтарда, оқушыларда бояулармен бейнелеу дағдыларын қалыптастырамын. Ол үшін акварель техникасының әр түрлі тәсідерін қолдана отырып, алдымен өзім қағаздан көрсетіп, содан соң оқушылар сурет дәптерлеріне осындай жаттығуларды орындайды.

Төртінші мәселе – композиция.

Композиция – бейнелеу өнерінің өте қиын саласы.




Орта мектептегі бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі өте жауапты жұмыстарды атқарады. Пән мұғалімі сурет салуды үйретумен қатар атақты суретшілердің шығармашылық туындыларын талдай білуді, сол арқылы балалардың көркемдік талғамын қалыптастырады. Қазіргі уақытта бейнелеу өнерінің көптеген туындыларын дұрыс талдай біле отырып, оған баға беру - ол өмір талабы.

Іргелі ел болуға, ұлт болуға мемлекеттік тілді халқымыздың тарихын, мәдениетін, өнерін білетін, қазақтың жанын ұға алатын, елінің саясатынан хабардар өз саласының нағыз маманын дайындауымыз керек деген қазіргі алға қойған мақсатымыз бар. Бұл тұрғыда менің шәкірттерім:


Смагулов Өмірбек- Астана қаласындағы Евразия гуманитарлық Университетінің архитектура бөлімін 2005 жылы тәмамдап, қазіргі кезде Шымкент қаласында қызмет атқарады.

Смагулова Гүлзат- - Астана қаласындағы Евразия гуманитарлық Университетінің дизайн бөлімінің 2 курсын аяқтады.

Мақашев Қанат- Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық Университетінің сырттай бөлімінде оқиды.

Оқушы жас жеткіншектерді өнер білімімен сусындататын бейнелеу өнері пәнінің мұғалімдерінің білім мен кәсіптік деңгейлері жоғары болуы шарт.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ИЗО

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Баяндама :"Бейнелеу өнерін орта мектепте оқытудың маңызы"

Автор: Смагулов Женис Каирович

Дата: 14.02.2017

Номер свидетельства: 391791

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Бейнелеу өнерін орта мектепте оқытудың маңызы"
    ["seo_title"] => string(54) "bieinielieu_onierin_orta_miektieptie_ok_ytudyn_man_yzy"
    ["file_id"] => string(6) "393158"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487413451"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "Бейнелеу ?нері саба?ында жа?а технологияларды пайдалану"
    ["seo_title"] => string(66) "bieinielieu-onieri-sabag-ynda-zhan-a-tiekhnologhiialardy-paidalanu"
    ["file_id"] => string(6) "274771"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1452440953"
  }
}

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства