Сабақтың мақсаты: «Жоспар», «Бюджет» ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылығы: Тақырыпты өткен сабақпен байланыстыра отырып,оқушылардың білімін пысықтап ,ой-өрісін кеңейту, алған білімдерін сарамандықпен ұштастыру, шеберлігін шыңдау. Өз бетінше жұмыс жасау дағдысын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: түрлі – түсті қаламдар, бағалау парағы, слайдтар, үлестірмелі кәртішкелер.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
1. Амандасу
2. Оқушыларды түгелдеу.
3. Психологиялық ахуал.
- Балалар, көңіл – күйлерің қалай? Жақсы ма? Жақсы болса бір – біріміздің қолын ұстап, жақсы тілектерді айтайық!
4. Үй жұмысын тексеру
ІІ. Жаңа сабақ
1. Оқушыларды топтарға бөлу:
1-топ «Жоспар» - түрлі – түсті қаламдар бойынша
2-топ «Бюджет» - қара қаламдар бойынша
-Кімде түрлі – түсті қаламдар болса – «Жоспар» тобына, кімде қара түсті қалам «Бюджет» тобына отырады. Спикерді таңдаңдар.
-Сабағымызды бастамас бұрын күнделікті ережелерді қайталайық:
1 ереже – Сабақта бір – бірімізді тыңдаймыз!
2 ереже – Біреудің айтқанын қайталамаймыз!
3 ереже – Уақытты үнемдейміз, босқа өткізбейміз!
4 ереже – Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!
2. Мақсаты мен міндеттерін айту:
-Өте жақсы, сабағымыздың тақырыбы – ІІІ модуль «Қаржыны дұрыс жоспарлау», 1 тақырыбы «Біз отбасы бюджетін жоспарлаймыз». Бұл тақырып екі сабаққа бөлінген. С/мақсаты: «Бюджет», «Жоспар» ұғымдары туралы түсініктерді тереңдетеміз.
Міндеттеріміз: 1.жаңа сөздерді меңгереміз, күнделікті өмірде пайдалануға үйренеміз, зат есімнің көптік және септік жалғауын қайталап, бекітеміз.
2. Топпен жұмыс істеу дағдыларымызды қалыптастырамыз, шығармашылық және ойлау қабілеттерді, белсенділіктерімізді арттырып, дамытамыз.
3. Ұжымда топпен жұмыс істегенде бір – бірімізді сыйлауға, құрметтеуге үйренеміз.
-Бағалау парағын алып, өз – өздеріңді бағалайсыңдар. Мұқият болыңдар! Үй тапсырмасына да баға ұпай қойыңдар.
3. Қызығушылықты ояту кезеңі: Қалай ойлайсыңдар бұл не?
№
Смета
Есебі
1
Төлемақы
150.000тг
2
Коммуналдық қызметтер
30.000тг
3
Азық – түлік
40.000тг
4
Киім - кешек
30.000тг
5
Депозит
10.000тг
6
Домбыра үйірмесі
5.000тг
7
Күнделікті шығыс
35.000тг
Дұрыс отбасы бюджетінің жоспары.
Ассоциация құру:
1 – топ «Жоспар» сөзіне, 2 топ – «Бюджет» сөзіне ассоциацияларыңды жазыңдар. (жеке, жұппен пікір алмасып, ортақ пікірлерін ортаға салады.) Бағалау.
4. Мағынаны ашу кезеңі
1. Сөздердің мағынасын ашу:
-Жақсы, пікірлерің дұрыс екен, енді «Қазақ түсіндірмелі сөздігінен» осы ұғымдардың
түсініктерін қарап шығайық, дәптерге жазып алыңдар: Қазанның он жетісі, Сынып жұмысы,
Жоспар - белгілі бір жұмыстың алдын ала жасалған жобасы.
Жоба – бір істі жүзеге асыру, орындау үшін жасалған нұсқа.
Бюджет – мемлекет, әр түрлі мекемелердің кіріс, шығыстың сметасы.
Смета – алдын ала жасалатын кіріс пен шығыстың есебі.
2. ББҮ кестесін толтыру
1 топ – «Жоспар»
2 топ – «Бюджет»
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім
Кестенің 1, 2 бағанын толтырады, ортақ пікірді айтады. (жеке, жұптық, топтық жұмыс) Бағалау.
3. Мәтінмен жұмыс
Сөздікпен таныстыру:
• Табысынан құралады – состоит из заработка
• Еңбегінің нәтижесі – результат труда
• Табысқа қол жеткізу –добиться успеха
• Кіріс – доход
• Шығыс – расход
• Жоспарлайды – планирует
• Тең болуын қадағалайды – следят за правильным распределением
• Тиімді пайдалануға – эффективно использовать
• Тізім жасайды – составляют список
• Төлемақы –оплата
Интерактивті тақтаға қарап, жаңа сөздермен танысады. (үйде сөздік дәптеріне жазады)
-Енді «Біз отбасы бюджетін жоспарлаймыз» мәтінін оқып, ББҮ кестенің 3 бағанын толтырамыз, сұрақтарға жауап береміз. Әр топқа 3 сұрақтан, ойланбай тез арада жауап береміз. (үлестірмелі кәртішкелер беріледі)
4. Отбасы бюджетінің жоспары (Ерболат Руслановичтің айлық жоспары)
№
СМЕТА
Есебі
1
Төлемақы
160. 000тг
2
Коммуналдық қызметтер
10.000тг
3
Азық-түлік
30.000тг
4
Несие (кредит)
50.000тг
5
Киім - кешек
30.000тг
6
Балабақша төлемі
7.000тг
7
Күнделікті шығыс
15.000тг
8
Қалдық
18.000тг
IV. Тақырыпты бекіту
1. Тапсырмаларды орындау
1 топ - 2 тапсырма (37 б) Мәтіннен зат есімдерді тауып, көптік жалғауларды жалғау (жазбаша)
2 топ - 3 тапсырма (37 б) Берілген зат есімдерді септіктермен сәйкестендірут (жазбаша)