kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие са?аты " Наурыз к?жені? пайдасы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза? хал?ыны? салт-д?ст?рлері ?те к?п. Д?ст?рлі мерекеміз Наурыз тойында наурыз к?же ішеміз. Сол Наурыз к?жені? адам а?засына пайдасы ж?нінде мол ма?л?мат берілген. Д?ст?рлі мерекелерді? тойлануыны? ?зінде ерекше бір м?н бар. Б?л ж?мыста сол мерекеде ішетін асымызды? м?н-ма?ынасы ашыл?ан. ?згертіп, ?з іс т?жірибелері?ізде ?олданса?ыздар болады. Наурыз к?жені? пайдалануы мен ?осылатын заттар м?ні ашыл?ан.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты " Наурыз к?жені? пайдасы"»

Мазмұны

І. Кіріспе бөлім

Наурыз және оны дүние жүзі халықтарының тойлауы туралы деректемелер.

Қызыр ата және халықтың наным сенімдері.

ІІ.Негізгі бөлім

2.1. Қазақ өмірі мен мәдениетіндегі қазанның алатын орны.

2.2. Наурыз көже және оның жасалу жолдары

2.3. Наурыз көже құрамы, судың және еттің маңызы.

2.4. Ағарған ішкен азбайды.

2.5. Алтын күміс тас екен, арпа бидай ас екен.

ІІІ. Қорытынды

3.1. Наурыз көжедегі дәрумендер.

3.2. Табиғат пен тағам арасындағы байланыс


Зерттеу жұмысындағы жетістігім: Наурыз мерекесінің басқа ұлттар үшін де маңыздылығын ұғындық. Мектеп оқулықтарынан тыс әдебиеттерді пайдалана отырып, наурыз көженің адам ағзасына пайдасы мен ұлттық мерекелердің қоғам өміріндегі алатын орны туралы деректер жинадық.


Ұсынысым: Осындай ұлттық құндылықтарымыз туралы мектептегі оқулықтарға енгізіліп, кең көлемде ұлықталса;

Аннотация:

Бұл жұмыста наурыз туралы деректермен қоса наурыз көженің адам ағзасына пайдасы туралы тың материалдармен тақырып өзектілігі ашылған.Ұлттық мерекенің тойлану дәстүрі мен қоғам өміріндегі маңыздылығы ерекшеленген.













Кіріспе

Дүние жүзі халықтарының наурыз мерекесін тойлау дәстүрі

Ежелгі түріктер   Ұлыс  күндері  жаңа  киімдерін киіп, сақал-мұрттарын түзеп,  шаштарын  алады.Алты күн садақ тартып машықтанған соң, жетінші күні алтын теңге – жамбы атып жарысады. Егер кімде-кім жамбыны бірінші болып атып түсірсе, сол адамға «бір күн» патша болып, ел билеуге ерік беріледі.НАУРЫЗ жырында:

Құл  құтылар құрықтан,

           Күң құтылар сырықтан,- 

деп жырлағандай, осы күні ертедегі  Гректердің патшасы да алтын тағынан түсіп, қол астындағы өзіне ұнаған құлына бір күн ел басқартқызған.

Иран  патшасы  Наурыз күні қол астындағы адамдардың біріне патша шапанын сыйға тартады екен деген де деректер бар. Тіліміздегі күні бүгінге дейін айтылатын «Құлға бір күн азаттық»деген мәтел осы бір көне рәсімге қатысты болса керек.Христиан дінін қабылдағанға дейінгі ежелгі Русьте Жаңа  жылды 1- наурыз күні қарсы алу дәстүрі болған.

Ағылшындар  18-ғасырдың бас кезіне дейін Жаңа жылды 26- наурызда тойлап келді.

Иран тілдес халықтар НАУРЫЗДЫ   бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күні әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды, жаңа өнген жеті дәнге қарап, келешек егін жайлы болжам жасайды. Жеті ақ кесемен  дәстүрлі ұлттық көже -  «СУМАЛАК» ұсынады. Соқамен жер жыртады, ат шаптырып, жамбы атысып жарысады. Ескі киімдерін тастап, ұсталған шыны аяқты сындырады.  Бір-біріне гүл ұсынып, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою –«күн белгісін» салады, үйдің тіреу ағашына гүл іледі. Мұсылман дініне дейін Күнге табынған Иран  елдері НАУРЫЗ КҮНІ сөзінің бас әрпі «шин» -мен басталатын жеті түрлі затты дастарқанға  қоятын: шарап, шир (сүт ), шырын, шекер, шербет, шам, шона (тарақ). Ежелгі ирандықтардың түсінігі бойынша, шарап - өрлеу,сүт - пәктік, тәттілер - шаттық, шекер -ризалық, шербет - демалыс пен қонақжайлылық, шам - отқа табыну, тарақ - әйел сұлулығы.

Арабтар  мейрам салтын  өзгерту үшін, бас әрпі «ай» сөзінің басқы әрпі-«син»-нен басталатын мүлде бөлек - өзге  жеті затпен алмастырады:сарымсақ, бидай, жиде, сірке суы, рут шөбі, егеу.

Ауғандар да  Жаңа жылды мейілінше шаттық – құрметпен  қарсы алады. Ауған елінде «алғашқы түрен» - «кульбакаши»деп аталатын ғұрып бар. Ол бойынша шаруалар егіс алқабына барып, алғашқы түрен түсіреді,  ал соқаның соңынан сый- құрметі мол шаруалар еріп жүреді. Жеті күн бойына  жеті түрлі жемістерден аса дәмді сусындар жасалады, міндетті түрде жаңадан киім-кешектер  тігіледі, осыған орай бүкіл елде жаңа жыл «жаңа киім күні» деп аталады. Үндістанның  түрлі штаттарында  жаңа  жыл бір жылда он рет тойлап өткізіледі. Оңтүстік Үндістанда бұл той түрі наурыз айында басталады, үйлер өрілген гүлдермен айшықталады.

НАУРЫЗ мейрамын бирмалықтар «Су мейрамы»,  тәжіктер  «Гүл гардон», «Бәйшешек», «Гүлнаурыз», хорезмдіктер «Наусарджи»,татарлар «Нардуган», буряттар «Сагаан сараң», соғдалықтар «Наусарыз», армяндар «Навасарди», чуваштар «Норис ояхе» деп түрліше атаған.

Шығыс халықтарының Наурызды қалай тойлайтындығы жайындағы көне деректер бізге Әбу Райхан Бируни, Ибн Балхи , Омар Хайям , Махмұт Қашқаридің  еңбектері арқылы жетіп отыр. 

ҚЫЗЫР (ҚЫДЫР) АТА

Мұсылмандық аңыз- әпсаналар мен халық наным- сенімдерде Қызыр образы кең таралып, ол мәңгі өлмейтін бейне ретінде саналады. «Қызыр» сөзі – жасыл, көк өңін білдіреді. Бұл өсімдіктер әлемімен байланысты болғандықтан  оның көктемгі Наурыз мерекесімен орайластыруы тегін емес  екенін байқауға болады.

Халқымыздың  мифологиялық түсінігі бойынша , 21- наурыз түні даланы Қызыр  аралайды екен. Сол себепті осы түні – «Қызыртүні» деп аталады. Қызыр адамдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын, ақсақал кейпінде көзге көрінетін  қиял – ғажайып персонаж  Қыдыр ата бүкіл халықтың қамқоры, оларға жақсылық жасаушы, ырыс, құт, несібе әкелуші, бақыт, береке, өмір сыйлаушы қасиет иесі, кемеңгер, әулие, көріпкел, жарылқаушы, қарт. Ол ұлыстың ұлы күнінде әр елге келіп, әр шаңыраққа соғып бата береді. Міне, сондықтан әр үй Қыдыр атасының жолын күтіп өздерінің жанын да, тәнін де, киер киім, ыдысы мен бұйымдарын да таза ұстауға тырысады. Үйдің іші – сыртын, қора қопсыны тазартып, ағаш егіп, өсімдікке су құяды. Мұсылман қауымы мұндай үйге Қыдыр ата түнеп, немесе бата беріп кетеді деп түсінген. «Қыдыр қонған», «Қыдыр дарыған» деген сөздер осындайдан шыққан. Жақсылықтың жаршысы, жаңа түскен Күн нұрының символы- Қызыр ата даланы кезіп жүріп, назары жерге түссе, оның тоң кеудесін жібітеді, ал тасқа түссе, тасты ерітіп жібереді екен. Күн сәулесі жер шарының шығыс бөлігінен таңғы сағат 6- да себелеп атқан кезде, біздің өңірімізде бұл сәт түнгі сағат 3- ке тұспа-тұс келеді.Сондықтан да қазақ халқы Жаңа жылды 22 наурыз күнгі таңғы 3-те қарсы алады, дәл осы сәтте даланы Қызыр баба аралап, Самарқанның көк тасын жібітсе керек.  Бұл да наурызға байланысты айтылған сөз. Оның бірнеше мәні бар. Бірінші, аңызға әйгілі астроном Ұлықбек (1394-1449 )обсерваториясындағы көк тасқа дәл 22 наурыз күні күн сәулесі түсетін болған. Сол сәуледен түскен жылу тасты жібітеді-міс. Екінші, бұл күні әр адам қателігі болса кешірім сұрауға және ол кешірім беруге тиіс, Кешірмесе «бұл күні Самарқанның да көк тасы жібиді, сен тастан қаттысың ба?» деп тоқтатады екен.Сол сияқты бұл күннің әлемге жылулық әкелетін сәтін де бейнелеп айтқан.

Сондықтан осы күнді асыға күткен үлкендер:

Самалық, самалық,

Көк құс көзін ашты ма?

Аяғын жерге басты ма?

Самалық, самалық,

Самарқанның көк тасы

Жібіді ме, көрдің бе?

Самалық, самалық,

Қап тауының көк құсы

Жүгірді ме, көрдің бе? 

деп, қойнында көжегі, қолында нәуірзегі(бәйшешек) бар балаларына сұрау қойған. Шығыс елінің ұғымы бойынша күн мен түннің теңелер тұсында яғни, 22 наурыз күні жер-көкті жарып ерекше бір гуіл (дыбыс) өтетін көрінеді. Оны жан-жануарлар ішінде жұмақтан шыққан қой ғана сезеді дейді халық. Сол күні барлық жаратылыс , оның ішінде адам бойында да ерекше  сезім, қасиет болады. Мұндай қасиетті күндерде тырнақ, шаш алдыруға болмайды. Әркім өзін жаман әдеттен аулақ ұстағаны жөн. 

                           ҚЫЗЫР ТҮНІ 

Қызыр түні Жаңа жыл табалдырықты аттап, үйге енгенде, «жалғыз  шала сәуле  болмас» деп төрге қос шырақ жағылып қойылады. «Жаңа жыл мұнтаздай таза үйге кірсе, ол үй ауру- сырқаудан, пәле- жаладан аман болады» деген сеніммен Наурызға шейін үй ішіндегі жиһаз-мүліктің шаңы қағылып, жуылып тазартылады. «Береке басынан басталады» демекші, «Жыл бойына ақ мол , дән тасқын-тасқын, жауын-шашын көп болсын»деп, Қызыр түні қойманы тағамға( бидай, тары, арпа, сұлы, жүгері т.б.), ыдыс атаулыны аққа(сүт, айран, шұбат, шалап, уыз т.б.)және кәусар бұлақ суына толтырады.

Аузы дуалы қариялар мен ел басқарған көсемдер Наурыз мейрамы үстінде ұрпақтары ұмытпай айта жүретін аталы ұлағатты бір сөз артына қалдырылатын дәстүр болған екен. Бір күн ойланып, ойлы сөз таппаған адамды көп алдында айыптап, тіптен ағынды өзенге лақтыратын да болған. Осындай сынға ұшырап қанша ойланса да жүйелі сөз айта алмаған бір батыр суға лақтырылар тұста аузынан «Көп қорқытады, терең батырады»деген сөз шығып, жазадан аман қалыпты деген ел аузында әңгіме бар.

Қараңғы түсе екі жерге үлкен-үлкен от жағылады. Жас ерекшеліктеріне қарай топ-топ болып, осы екі оттың ортасынан өтіп бара жатып, қолдарындағы басына майлы шүберек ораған таяқтарын тұтатады. «Алас, алас, пәледен қалас!» деп өлең айтып жүріп, айнала төңіректі отпен тазалап шығады, жастар жағы жанған оттан секіреді.Оттың киелі қасиетіне сенуден пайда болған бұл тазарту(арылу) рәсімі- «аластау» деп аталады.

Алтыбақан басында жастар түнімен түрлі халықтық ойындар ойнайды, айтысады.Бұл кеште айтылмаған ән, тартылмаған күй, танылмаған шешен қалмайды.Таң ата көпшілік  биіктеу төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы алады.

Қазақтардың астрономиялық түсінігі бойынша, Жаңа жылда Күннің көзі көрінген уақыттан  кейінгі екі сағат уақыт «күн сәті» деп саналады. Егер кімде –кім Ұлыс күннің күн сәтінде күн шұғыласын маңдайымен тосып қарсы алса, оған Наурыздың құты дариды деген дәстүрлі ұғымға  сай, Жаңа күнді қарсы алу салты қалыптасқан.Күлімдеп көрінген Күнге иіліп сәлем беріп, «құт дарысын» деп, айнала төңірекке ақ бүркіп тарасады.

Жаңа жылдың бірінші күнінде күннің қалай атқаны , оның түр- түсі есепшілердің үнемі назарында болады. Жұлдызшылардың тәжірибесіне сүйенсек, күн бұл таңда  төрт түрлі болып атуы мүмкін екен:

1)Күн егер жанған оттай қызарып , қан қызыл болып шықса,ол жылы өлім-жітім, өрт көп болады, соғыс, қантөгістер болуы мүмкін;

2)Егер күн түсі сары қызыл тартып, ыстық леп бірден бет ұрып, шақырайып шықса, ол жылы құрғақшылық боладыТаулы аймақтарда жиі-жиі тасқын болып, шалғынды далада өрт шығады;

3)Күннің түсі күңгірт тартып, қораланып, солғын көрінсе, ол жылы жауын- шашын ерекше көп болады;

4) Күн сәулесі жан-жаққа шашырап, шапағын төге рауандап атса,ол жылы жанға жайлы молшылық болады.


Негізгі бөлім

Ұлыс күні неге міндетті түрде қазан пайдаланады? 

Түске таман ауыл адамдары нарқазан көтеріп от жағады. Қазан басқа ыдыстарға қарағанда қазақ өмірі мен мәдениетінде алатын орны жоғары. Қазақ дастарқанына түсетін тағамдардың барлығы да (қымыздан басқасы) осы қазаннан өтеді. Халық жай ғана қазан демей оны «қара қазан» деп қастерлеп айтады. «Қара» сөзі қасиетті, киелі, берекелі деген ұғымды білдіреді.Қазан шойыннан құйылады, ұстағанға қолайлы 4 құлағы бар. Ең үлкен қазан он екі қарыс қара қазан немесе тай қазан дейді.

Қазанды 3 бұтты ошаққа  немесе жерошаққа асады. Тұрғылықты жерде қазандыққа орнатылады. Көшпелі елде қазан қирамас үшін қалың кенеп, киізден арнаулы қазанғап жасайды.

Қазан – тоқшылық пен берекенің, ырыс – несібенің айғағы, қасиетті киелі ыдыс.

Қазанын сындыру – отбасын ойрандау, қазанын төңкеру – аштықтың, масқаралаудың белгісі. «Жеті жарғыда» өлім жазасына бұйырылған адам 7 айып төлеп құтыла алады. Оның біріншісі – қара қазан төлеу.

Абылай хан Көкшетаудан көшкенде арғын Бекболат бидің қуып келетінін біліп, өз қара қазанын жұртына тастап кетуінде үлкен философиялық ой, толғам бар еді. Оны зерделі би Бекболат дәл шешіп атының басын тартқан.

Ежелгі қуатты сақ елінің бірлігі бұзылып, ішін ала ауыздық жайлаған кезінде, ел көсемдері халықөтың басын біріктіру үшін үлкен қазан құюға бұйырады. Сақ сарбаздары жебелерінің мыс масағын жинатып, содан нарқазан құяды. Сол қазанға пісіріліп таратылған тағамнан дәм татқан  сақтар өзара өкпе – наздарын ұмытып, қазан асып от басында қайтадан татуласып, осылайша ел бірлігі сақталып қалған екен.

Көне, ертегі жырларда алтын қазан іздеу салты кездеседі.

Сөз тыңда, құлақ салып, балам, маған,

Астында дарияның алтын қазан.

Әкелсең сол қазанды ерлік қылып

Беремін Күнсұлуды қосып саған.

Бұл жөнінде академик Ә. Марғұлан: « «Құламерген» жырында теңіз астынан қазан іздеу тайпалар одағының бірлігін сипаттайды. Қазан мықты болса, ел де мықты. Қазан шаңырақ сияқты бүтіндіктің белгісі. Ол құрыса, ел де құриды» деп жазады. Осы бір аңыз - әңгімелердегі айтылған ойдың тобықтай түйіні тіліміздегі «қара қазан, сар баланың қамы үшін» деген сөзде сақталған.Тарихқа көз жүгіртсек, жылына 1 рет ас пісіріп, қалың бұқараға дәм таттыру дәстүрі қазақ хандарының тұсында «шүлен тарату» деп атаған. «Шүлен» сөзі – мырзалықтың, берегендіктің баламасы, қазақта қолы ашық, кең, мол адамды өзі бір шүлен адам деген екен.

Ақсүйек қолбасшысы Темір заманында мешіт күмбезінің астына мыс қазанға ет пісіріп, «шүлен» таратылатындығы жазылған.


 Ұлыс күні неге өгіз сойылады? 

Жас жігіттер ошақ қасына өкіртіп әкеліп өгіз сояды да, оның бауыздау қанымен ойнап жүрген жас балалардың маңдайына дөңгелек аса салады. Оның себебі күнді құрметтеуден туған.

Үркер күздің басында шығыстан, қыстың басында төбеден, көктемнің басында аспан етегінен көрініп, жазға қарай мүлдем батып кетеді. Бұл кезеңде Үркердің көкжиектен көрінбеу кету себебі – күн жолы наурыз айында дәл соның үстінен өтеді. Осы кезде Үркердің қос жұлдызы бұқаның мүйізі секілді батқан күн жолының 2 жағынан қылтиып көрінеді. Аспан көгіндегі дәл осы көріністі Қазақстан жартастарында шимайланған петроглифтерден – мүйізімен Күн көтеріп тұрған алып Көк өгіздердің суреттерден көруге болады. Ежелгі түркілер күннің жолы мен жерге келген жаңа жылдың белгісі деп наурызда өгізді құрбандыққа шалу осыған байланысты.


Наурыз көже және оның жасалу жолдары


Наурыз мерекесінің танымдық мәні мол, жұмбақ сырлы өзіндік рәсімдері мен шартты талаптары баршылық .Соның бірі –Ұлыстың Ұлы күні Наурызнамада дайындалатын  - Наурыз көже «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар» деп,көже мейілінше мол жасалады . «Жақсы тамақ қалғанша , жаман қарын жарылсын» деп ,тоя ішу ғұрпы сақталған.Сондықтан болар наурыз көжені «көп көже», «тоқ көже» деп те атайды. Тіпті алаңсыз тойғанынша ішсін деген ниеттен болар, қаласа әркімнің өзі құйып алу еркі де болған . Мұның бәрі наурыз мерекесінің теңдік күні, еріктілік, имандылық мерекесі деген түсініктен туса керек.

Халқымызда ежелден 7 санын қасиетті дейтіні белгілі. Тіпті санағанның өзінде біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу деп айтамыз. Ешқашан сегізеу, тоғызеу демеген. Ұлттық таным бойынша 7 қазына, 7 ата, 7күн, 7қат көк, 7 музыкалық дыбыс т.б. ұғымдарды білеміз:

Осылардың қатарынан орын алатын 7 түрлі дәмнен жасалатын Наурыз көженің ерекшелігі қандай?  

Наурызкөже- Наурыз тойына ғана тән, көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй 7 түрлі дәмнен: сүт, ет, су, тары, құрт,жеміс , тұз сияқты дәмдерден сонымен бірге қазы сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады.


Наурыз көже құрамы, судың, еттің маңызы


Су-тамақ рационының маңызды құрамдас бөлігі.  Сусыз тіршілік жоқ. Адам шөлдегеннен гөрі аштыққа шыдамды келеді. Зат алмасудың барлық процестері судың қатысуымен атқарылады. Тамақты сіңіру, қанға нәрлі заттардың жетуі сұйық ортада өтеді. Зат алмасудың зиянды өнімі организмнен су арқылы шығарылады. Организмде судың жеткіліксіз болуы шөлдеуге әкеліп соқтырады да, судың артық болуы жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын қиындатады, ағыл- тегіл терлетеді,қалжыратады.

Су-ғажайып зат. Су бір мезгілде 3 түрлі күйінде кездеседі Мұз-судың қатты күйі,оның сұйыққа айналуымен булануы қатар жүреді.

Су-тіршілік көзі. Тірлігі оттегінсіз өтетін ішекте тіршілік ететін бактериялар бар,бірақ сусыз өмір сүретін ағза кездеспейді.Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді. Сондықтан ағзалар денесінің 50-90 пайызы судан тұрады. Салмағы 70 кг адамның денесінде 50 кг су бар. Оның мөлшері 17кг-ға кемісе, адам өледі.  Адам су ішпей 1 апта ғана шыдайды.

Су- табиғатта ең көп таралған зат. Жер бетінің 2/3 бөлігін су қабаты алып жатыр. Судың тағы бір кереметі оның су қабаты, ауа қабаты, құрлық қабаты арасында тынымсыз айналыста жүретіндігі.

Судың тағы бір қасиеті –жақсы еріткіш. Ас тұзын суға салсақ, оның қатты түйіршіктері еріп, мөлдір ерітіндіге айналады. Жерге сіңген су тау жыныстарындағы әр түрлі минерал заттарын ерітеді. Бұдан судың физикалық қасиеті өзгереді. Дәм және иіс пайда болады,жылынады. Жаңа қасиеттерге ие болған жер астынан шығатын суларды минералдық сулар деп атайды. Судағы еріген заттарының мөлшері оның кездесетін жерлеріне байланысты. Ішуге жарамды судың 1л. 2-20 гр еріген тұздары болады. Ол адам ағзасына пайдалы әр түрлі сырқаттардан айығуға жәрдемдеседі. Ондай суларды шипалы сулар дейміз.

 

Су табиғаттағы барлық тіршілік атаулының құрамына кіреді. Көптеген өсімдіктің 80-95 пайызы судан тұрады.Адам ағзасының құрамында қанның, ас қорытатын сөлдің, сілекейдің құрамына кіреді.                   

                Ет - ең негізгі тағамдық өнімдердің бірі. Етттің дәмі әр алуан тағамдармен жақсы үйлеседі. Қоректілігі жағынан ең құндысы әрі жұмсағы-бұшық ет. Бұлшық ет тканінің ақуызында адам ағзасына қажетті амин қышқылдары түгелдей кездеседі. Экстрактивті заттар етке хош иіс беріп, ас қорыту бездерінің қызыметін жақсартады. Ет калориялық май ткандерінің мөлшеріне байланысты. Қоректілік және дәмдік сапасы бойынша ең тәуір етте 14-19 пайыз,ақуыз 12-15 пайыз май болады.

Пісірген кезде ет 40 пайыздай салмағын жояды. Одан суы, экстрактивті заттары, минералды тұздары бөлінеді де, ерітіндіге айналып сорпаға шығады.

         Наурыз көжеге соғымбасының арнайы сойылған қойдың басын, етін салады. Сүр ет дегеніміз –ыстап кептірілген ет. Етті ұзақ сақтау үшін ыс салып сүрлеу дағдыға айналған  тәсіл, ол әсіресе соғым етін сақтау үшін кең қолданылады. Дұрыс сүрленген соғым еті мейіздей сары болады. Мұндай сүр етті қанша уақыт сақтаса да, бұзылмайды. Ыс сіңген еттің хош иісі, жағымды кермек дәмі болады. Бірақ оның сорпасы жайсыздау келеді. Сондықтан оған жас ет қосып, асады.Сүр ет пен жас етті араластырғанда, сорпа дәмді болады. Еттің құрамындағы дәрумендерге тоқталайық.

 Сорпаның  пайдасын анықтау  арқылы  маңыздылығын  дәлелдеу.

 Сорпаның азықтық нәрі көп ,асты жеңіл таратуға, жұғымдылығын арттыруға әсері мол. Сорпада оған қайнатқан азықтардың жұғымды қоректік заттары көп, адам ағзасына қажетті заттардың 15 пайыздан астамы осы сорпада .  Сорпасы нәрлі, еті жұмсақ, татымды, дәмді болсын деген етті салқын суға салып, отты ә дегеннен күшті жақпай, жай шымырлатып қайнату керек. Ет қайнап жатқанда көбірек сапырылса, сорпа дәмді және құнарлы болады.

Ағарған ішкен азбайды.

Сүт-сүтқоректі жануарлардың сүт бездерінен бөлінетін ақ.

Кезінде академик И.П.Павлов сүтті «табиғаттың өзі дайындаған тамаша тағамы» деп бағалаған болатын. Қоректік жағынан алғанда бұл тағамдық құндылығымен ағза үшін аса маңызды табиғи өнім.

Сүттің тарихы ертеден басталады. Археологтар бір қазбадан тапқан ірімшік қайнататын қазанды жер астында 5000 жылдай сақталған деп топшылайды.

Сүтті баладан бастап, қарияларға дейін ішеді. Өйткені, ол дәрумендерге, көмірсу мен майларға, ақуыз бен минералды заттарға, микроэлементтер мен ферменттерге өте бай.

Сүт- химиялық құрамы жағынан тамаша тағам. Оның құрамында адам ағзасының қалыпты жетілуі үшін барлық зат бар. Соған орай оған физиологиялық құндылығы жағынан бірде бір азық тең келе алмайды. Сүт басқа өнімдердің биологиялық құндылығын көтереді. Ас қорыту бездерінің жұмыс істеу қабілетін үнемі жақсартып отырады. Сүтті пайдаланып әр түрлі тағамдар дайындауға болады. Айран ұйытып, ірімшік, құрт кептіруден бастап, ботқа пісіруге дейін осы бір керемет өнім пайдаланылады. Ал сүт қосып дайындалған тағам өте дәмді болады.  Оның үстіне сүт өнімдерінің дәрулік қасиеті бар. Олар емдеу, алдын алу, диеталық тағам ретінде де қолданылып жүр. Құрт – ұлттық тағам. Ашыған айранды сабаға құйып, бірнеше күн іркіт жасайды. Сабада пісілген іркітті майы алынғаннан кейін үлкен қазанға құйып қайнатады. Іркіт баяу қайнап, жел көбігі таралғаннан кейін қоюланады. Суыған соң таза қапшыққа құйып, суын сорғыту үшін іліп қояды. Сарысуы ағып 5-6 күн бойы әбден құрғаған соң, ұсақтап бөліп, сығып, өреге жайып кептіреді. 1-2 аптадан соң өредегі құртты қапқа салып , күн көзіне кептіреді. Құртты 2-3 жылға дейін сақтауға болады. Құрт- күшті ас, ол әр түрлі тамаққа қосылады. Құрттың сарысуын сүт қосып қайнатып ірімшік жасайды. Құрт өкпе ауруына, суық тиіп ауырған кезде ыстықтай ішкізіледі. Ұзақ сапарларда құрт- әрі сусын, әрі қорек. Сарысуын ауырған малға ішкізеді, шаш жууға болады, тері илеу үшін малма жасайды

Алтын, күміс тас екен, арпа бидай ас екен.

Тары, күріш, арпа, бидайдың тағамдық қасиеті  жоғары және жұғымды калориялы болады. Олар балалар мен ауруға шалдыққан адамдарды тамақтандыру үшін ерекше қажет. Бұлар көмірсу мен өсімдік ақуыздарының негізі болып табылады. Аз мөлшерде дәрумендер мен калий, кальций, магний, фосфор ,темір тұздары болады.

            Ұлттық тағамдардың жұғымдыларының бірі саналып, біраз ас түрлерінің дәмін келтіретіні – тары. Тары өте құнарлы дақыл. Оның құрамына назар аударсақ,  ақуыздың 10-15, көмірсудың 59, майдың 38, күлдің 3,6 пайызы барын анықтауға болады.

«Табиғат пен тағам арасындағы байланыс»

Халқымыз даналықпен тағам түрлерін топтап, белгілі бір түстерге балап айтады екен.

Олар :

1.КӨК.-көктемде тасыған су жер- дүниені көк толқын етеді. 

2.ҚЫЗЫЛ.-қарындары тойғанда қазы-қартаға да қарамай қалатын халқымыз 3 күн ет жемесе тістері қышып, қызылсырайтыны тағы бар. Ендеше барлық ет тағамын қызылға балайды. 

3.ЖАСЫЛ.- жерден өсетін өнімдердің бәрін жасыл өсімдіктің дәні деп түсінеміз. 

4.АҚ-барлық сүт тағамдарын ақ сүтке теңеу орынды.

5.САРЫ-май өзінің түсінің сарылығымен бірге ең асылын «сары майдай» сақтаған. 

6.ҚОҢЫР-бидайдың,тарының талқанын көжеге умаждап қосатын ұнды, кеспені қоңыр түске теңейді. 

7.ҚАРА-тұзды қасиетті қара дәм, қара бас тұз дейді.

Осы жеті түс белгілі тәртіппен орналастырылғанда, қайтадан ақ сәуле түзеді.  Осы түстерден неліктен басқа емес,ақ сәуле пайда болады? 

Ақ сәуле дегеніміз - Күн Ананың нұры, шуағы, жылуы. Наурыз күні ақ дастархан  жайылып,  ақ тілектер айтылып, ақ пейілді аталар ақ баталарын берген, төрт түлік төлдеп, аузымыз аққа кенелген уақыт емес пе!? Наурызда жауған қар аппақ, үлпілдек болғандықтан «ақша қар» деп аталады. Қыз Жібекті сипаттағанда да айтылған емеспе:                                       

« Қыз Жібектің дидары

 Наурыздың ақша қарындай» деген жыр жолдары да осы ұғымдармен сәйкес келеді.

Қорытынды


Наурыз көже ағзаға тек энергиялық қуат үшін ғана емес, пластикалық мақсат үшін де қажет. Ол дегеніміз жаңа клетка құрылымын жасау керек. Адам майлармен бірге А. Д. Е.дәрумендерін де алады. 

А дәрумені-  көздің көру қабілетін жақсы сақтау үшін қажет. Ағзаның бірқалыпты өсуін қамтамасыз етеді. Егер бұл дәрумен жетіспесе, адамның жүзі солғын тартады, терісі, шашы құрғақтанып, қабыршықтанады, безеу бөртпелері пайда болып, тырнақтары сына береді, жарықтан жасқанып, көзі күндіз көріп, түнде көрмейді.

А дәрумені малдан алынатын тағамдарда, майда, ірімшікте өте көп кездеседі.

 Д дәрумені -  ағзада кальций мен фосфор тұздарын сіңіруге көмектеседі. Бұл дәрумен жетіспеген жағдайда бала мешел ауруына шалдығады.

Е дәрумені- бұлшық еттердің қызметін жақсартады. Ол маймен қатар, жұмыртқада, сүттің құрамында болады.

Ендеше, осынау ұлттық тағамымыздың пайдасын біліп, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, қадір қасиетін біле жүрейік, ағайын!




ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1.    ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың халқына Жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан » 2007,  ақпан

2.    ҚР 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы. Астана, 2005 жыл

3.    Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы. 2007, наурыз

4.    «Ақиқат» журналы 1993, № 42

5.    С.Кенжеахметұлы «Қазақ халқының салт – дәстүрлері» Алматы, 2004

6.    «12 жылдық білім» Республикалық ғылыми - әдістемелік және ақпараттық – сараптамалық журнал 2006, № 4

7.    «Наурыз» Аруна баспасы, 2001

8.    К.Хикмет «Даналық сүрлеуі» «Қасиет» баспасы , Алматы, 2006

9.    А.Жүнісов «Фәниден бақиға дейін» «Қайнар» баспасы, Алматы 1994

10. «Аңсар» журналы 2008 ж





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Т?рбие са?аты " Наурыз к?жені? пайдасы"

Автор: Искакова Райгуль Шаймардановна

Дата: 02.12.2015

Номер свидетельства: 260817


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства