Киіз басуды? жа?а технологиясы (ж?нмен суретті бейнелеу)
Та?ырып: Киіз басуды? жа?а технологиясы (ж?нмен суретті бейнелеу)
Ма?саты:
1. Хал?ымызды? ?ол?нер ?азынасы – осы киіз туралы т?сінік беру, білімдерін дамыту; ??р?а? ж?не дым?ыл киіз басуды? жа?а технологиясымен ж?не этностильдегі суреттермен танысу; ж?нді киіз басу техникасында панноны ?здігімен дайындауды ?йрету;
2. Киіз басуды? техникасы мен технологиясын ме?герте отырып, шеберлігін дамыту, ?нерге деген ынта – ?абілетін арттыру;
3. Жас ?рпа??а осы заман талабына сай ?згеріп келген ж?нмен ж?мысты ?йрету негізінде ?лтты? ?нерді ?астерлеуге, д?ст?рді са?тау?а т?рбиелеу.
Саба? ?дісі: теориялы? білімді практикамен байланыстыру
К?рнекілігі: т?рлі - т?сті ж?ндер, ине, поролон, рамка, фелтинг инесі, суреттер, н?с?ау карта, презентация
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Киіз басу технологиясы»
Киіз басудың жаңа технологиясы (жүнмен суретті бейнелеу)
Тақырып: Киіз басудың жаңа технологиясы (жүнмен суретті бейнелеу) Мақсаты: 1. Халқымыздың қолөнер қазынасы – осы киіз туралы түсінік беру, білімдерін дамыту; құрғақ және дымқыл киіз басудың жаңа технологиясымен және этностильдегі суреттермен танысу; жүнді киіз басу техникасында панноны өздігімен дайындауды үйрету; 2. Киіз басудың техникасы мен технологиясын меңгерте отырып, шеберлігін дамыту, өнерге деген ынта – қабілетін арттыру; 3. Жас ұрпаққа осы заман талабына сай өзгеріп келген жүнмен жұмысты үйрету негізінде ұлттық өнерді қастерлеуге, дәстүрді сақтауға тәрбиелеу. Сабақ әдісі: теориялық білімді практикамен байланыстыру Көрнекілігі: түрлі - түсті жүндер, ине, поролон, рамка, фелтинг инесі, суреттер, нұсқау карта, презентация.
Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Қайталау (тестпен жұмыс) 1. Жүн матаны көбіне қай жүннен өңдейді? а) ешкінің; ә) түйенің; б) қойдың. 2. Жүннің алғашқы өңдеуін бірізділігін дұрыс белгілеп бер. а) сорттайды; ә) тазалайды, түтеді, қопсытады; б) іріктейді; 3. Матаның сапасы неге байланысты? а) талшықтардың сырт көрінісіне; ә) талшықтардың құрамына; б) талшықтардың атауларына. 4. Жүн матаның ылғал, шаң және жылу өткізгіштігі матаның қандай қасиетіне жатады? а) технологиялық; ә) физика - механикалық б) гигиеналық 5. Жүнді ылғалды жылумен өңдеген кезді өлшеме кішірейеді матаның қандай қасиетіне жатады? а) технологиялық; ә) физика - механикалық б) гигиеналық 6. Қандай маталардың гигиеналық сапасы төмен болғанымен гигроскопялық қасиеттері жоғары болады? а) синтетикалық маталар; б) зығыр маталар; ә) жүн маталар; 7. Қандай маталар адам организміне экологиялық әсерін тигізеді? а) макта мата маталар; ә) синтетикалық маталар; б) жүн маталар. 8. Табиғи талшық неден өңделеді? а) мұнай; ә) тас көмір; б) жүн; 9. Негізгі жіп қалай орналасады? а) матаның жиегінде; ә) матаның ұзына бойымен; б) матаның көлденеңінен. 10. Арқаулық жіп қалай орналасқан? а) матаның көлденеңінен; ә) матаның шетінен; б) матаның ұзына бойымен.
ІІІ. Жаңа сабақ (теориялық бөлімі) Киіз басу – Жердегі меткелді дайындаудағы ең көне техника. Археологтар бірінші киіз басылған бұйымдардың пайда болуын 8000 жылдық мерзімді болжайды. Жалпы, киіз басу ежелден келе жатқан дәстүр, бұл өнердің біздің заманымызға дейінгі ғасырларда қазақ даласына кеңінен таралып кеткені мәлім. Бұл жерлерді мекен еткен ата - бабаларымыз киізден түрлі бұйымдар жасайтын болған. Мысалы, Пазырық елді мекенінен киізден жасалған бедерлі, мүсінді бұйымдар табылған. Сол себепті де киіз басу дәстүрін осы құтты мекенде пайда болған деп топшылауға толық негіз бар. Бүгінгі күні пима киіп, үйіне текемет төсейтін қазақтар жоқ болғанымен, киізден жасалған бұйымдарға деген сұраныс бар. «Киіз басу» қазақтың төл өнері. Сондықтан да оны қолданыстан шығып қалды деуге болмас. Керісінше, заман өзгеріп, қолданыстың жаңа формасына енді. Яғни қолдану аясы ғана өзгерген.
Киіз – түрік тілінен «жамылғы», ағылшын тілінде – felt, неміс тілінде – filtz. Барлық осы атаулар киіз басу тарихы кезінде пайда болды. Бұның бәрі Нұх заманында аңызға сәйкес басталды. Бірінші басылған кілем Нұх кемесінде пайда болды. Сол кемемен жүзген қойлар тар қораларда ұсталды. Олардың бүйірлерінің жүндері жерге түсіп, су болып қалатын, тұяқтарының астында тапталып, ұрылатын. Қойлар кемеден шыққан кезде, жерде әдемі жүнді кілем қалып қоятын. Археологтар бірінші басылған бұйымдарды пайда болуын біздің заманымызға дейін VI - V ғасырдағы мерзімді айтты. Түлеу кезінде жиналған жабайы жануарлардың жүндерін баса отырып, ежелгі адамдар бірінші қарапайым киімді дайындады, тек бір ғасыр өткеннен кейін ғана олар иіруді, тоқуды және өруді үйренді. Әлемді мәдениетке киіз еуразиялық далалардың көшпенділерінің, Тибеттің, Памирдің, Алтайдың, Кавказдың тау мал өсірушілердің өнертабысы ретінде кірді. Ең көп таралған орыс киіз басылған бұйым, бұл әрине пималар болып табылады. Сонымен қатар Ресей жерінде пималарға қоса, олар шұға және шаруашылыққа қажетті киіздерді, киіз басылған бас киімдерді, темекілерді сақтау үшін арналған дорбаларды дайындайтын. Ал енді өзіміздің қазақ халқымыздың өнеріне тоқталсақ, халқымыздың жүнді пайдаланып киіз басу, арқан, жіп есу, құр ызу сияқты қолөнерінің тарихының әріден басталғанын көреміз. Киіз үй біздің заманымыздан бұрынғы VII – ші ғасырда кеңінен пайдаланғаны жайлы жазба деректерде жазылған. Киізді халқымыз көшпенді тұрмысының барлық қажетіне жаратты. Баспанасына жабынды, басына сая, еденіне төсеніш, үстіне киім, сән - салтанат бағыштайтын аса қажетті тұтыну материалы ретінде қадірледі. Ал қазіргі кезде жартылай ұмыт болған киіз басу қол өнері соңғы он жылда сән индустриясында өрлеп келеді.
Сарамандық жұмыс:
3 топқа бөлунуі
1 топ –«Шебер тобы»
2 топ-«Шаңырақ»
3 топ-«Өрнек»
Жұмыстың кезені:
1) -Нобай суреттеу;
2)-суретті киіз матаға көшіру;
3 ) - жұннің түстік гаммасын анықтау;
4) - фельтинг инемен сурет арқылы матаны піскілеу;