а) білімділік: оқушыларды киімге, маталарға, бұйымдарға қойылатын талаптармен таныстыру, киімді кутіп, тазалауды айтып, түсіндіру, белдемшенің түрлерін айту.
ә)дамытушылық: Адам мүсіні бойындағы бағдарлық нүктелер арқылы өтетін кеңістік линияларды ойша жүргізе білуді дамытуға жағдай жасау.
б) тәрбиелілік: Жұмыс жасау кезінде зейінділікке, жауапкершілікке, дәлдікке тәрбиелеуге жағдай жасау.
Сабақ түрі: түсіндірме
Сабақ типі: аралас
Сабақ әдісі:
Көрнекілігі: Плакат, суреттер т.б
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Мақсатымыз білім алу
Міндетіміз еңбектену
Барлығымыз жұмылы
4-5ке қол жеткізу дей отырып, жанарымызбен бір-бірімізге қарап сәттілік тілейік.
Оқушылармен амандасып кезекшіден мәлімет алу.
Ал енді амандасып болсақ бүгінгі сабақтағы алған білімдерімізді бағалау үшін алдарынызға асық қойдым, сол асықты қанша жинаса соған байланысты сабақтын соңында баға қойылады.
2. Үй тапсырмасын тексеру
-«Кім жылдам?» ойыны Ұяшықтарға сұрақтар жасыру 10 10 10 жауап берген оқушы 1асық 20 20 20 жауап берген оқушы 2асық 30 30 30 жауап берген оқушы 3асық
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Киім және оған қойылатын талаптар»
Бөкей Ордасы ауданы Муратсай ауылы
А.Құсайынов атындағы ОЖББ мектеп-балабақшасының
ІІ-санатты технология пәнінің мұғалімі:Қазенова А.Т.
Сабақтың тақырыбы: Киім және оған қойылатын талаптар. Қазіргі белдемшенің түрлері.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларды киімге, маталарға, бұйымдарға қойылатын талаптармен таныстыру, киімді кутіп, тазалауды айтып, түсіндіру, белдемшенің түрлерін айту.
ә)дамытушылық: Адам мүсіні бойындағы бағдарлық нүктелер арқылы өтетін кеңістік линияларды ойша жүргізе білуді дамытуға жағдай жасау.
б) тәрбиелілік: Жұмыс жасау кезінде зейінділікке, жауапкершілікке, дәлдікке тәрбиелеуге жағдай жасау.
Сабақ түрі: түсіндірме
Сабақ типі: аралас
Сабақ әдісі:
Көрнекілігі: Плакат, суреттер т.б
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Мақсатымыз білім алу
Міндетіміз еңбектену
Барлығымыз жұмылы
4-5ке қол жеткізу дей отырып, жанарымызбен бір-бірімізге қарап сәттілік тілейік.
Оқушылармен амандасып кезекшіден мәлімет алу.
Ал енді амандасып болсақ бүгінгі сабақтағы алған білімдерімізді бағалау үшін алдарынызға асық қойдым, сол асықты қанша жинаса соған байланысты сабақтын соңында баға қойылады.
2. Үй тапсырмасын тексеру
-«Кім жылдам?» ойыны Ұяшықтарға сұрақтар жасыру 10 10 10 жауап берген оқушы 1асық 20 20 20 жауап берген оқушы 2асық 30 30 30 жауап берген оқушы 3асық 1.Тігін машинасының түрлері неше т.рге бөлінеді?
(Үш т.рге 1. Қол жетекті 2. Аяқ жетекті.3. Электр жетекті) 10 2. Машина тігіс түрлерін ата?(Үш түрі бар 1. Жапсырмалы тігіс,
2. Бастырмалытігіс.3. Шет тігіс) 10
3. Машина инесінің қызыметі?(негізгі қызметі тігіс тігу) 20
4. Тігін машинасын жұмысқа қалай дайындайды? (астың.ы және үстіңгі жіптерді сабақтау,артық заттардан тазалау, машинаны ток көзіне қосу) 20
5.Машинаның жақсы жұмыс істеуінің маңызы шарттарының бірі? (иненің дұрыс рннатылуы)30
6.Тігін машинасының ең алғашөы жобасын кім ұсынды? (1755 жылы неміс Карл Вейзантель) 30
Осы сұрақтар арқылы жаңа тақырыпты ашу 3. Жаңа сабақ
Бүгінгі күннің жатын жазып алайық.
Киім бізге не үшін қажет? Киімге қандай талап қойылады?
Білемін
Білгім келеді
Не үйрендім
Оқушылыр білгендерін жазады.
Киім – адамның денесіне киюге арналған бұйым, жасанды жамылғы түрлері. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды. Оның тұтыну мәнімен бірге ғұрыптық және белгілі бір мақсатқа қызмет ететін маңызы бар. Жақсы киінуге ұмтылатын кісіге жинақылық, тазалық қасиеттер тән болу керек.Үтіктелмеген, дақ түскен, кей жерлері майланып кеткен киімдерді, жағасы мен жеңі кірлеп, қыртыстанған жейдені киюге болмайды. Түймелердің дұрыс және берік қадалуын, киімдегі тесілген, жыртылған жерлерді жамап, тігіп отыруды ұмытпау қажет. Синтетикалық киімді киюдің кажеті жоқ, әсіресе жазды күні. Өйткені адам денесінің терлеуіне байланысты тер киімге сіңбей тері үстінде болып бірнеше жұқпалы ауру тарататыны микробтардың ұясына айналуы мүмкін.Маусым ауысқан кезде бұйымдарды жуып, тазалап, үтіктеп, күйеден сақтайтын препараттарды сеуіп, келесі маусымға дейін сақтап қояды. Сәнділік қарапайымдылық пен ыңғайлылық қазіргі кездегі сәннің киімге қоятын талаптары.
Эстетикалық талаптар: киім әдемі болуы керек; қазіргі заманғы сән бағытына сәйкес болуы керек; адамның жеке дене құрылысы мен жас ерекшеліктерін ескеруі керек.
Гигиеналық талаптар: киім жайлы микроклимат жасауы керек; жеңіл, жұмсақ, мықты, қыртысталмауы керек; қозғалыс, дем алу, қан айналымы еркіндігін қамтамасыз етуі керек; жеңіл жуылуы, тазалануы, үтіктелуі керек.
Эксплуатациялық (пайдалану талаптары): киімнің түрлі атмосфералық әсерлерге, суға, жуу құралдарына, тазалауға және де оның матасының тігуге төзімділігі. Киімнің пайдалану ұзақтылығы оны кию шарттарына байланысты болады.
Қолданылуына қарай киім түрлерінің бөлінуі:
Сырт киім
Жеңіл киім
Іш киім
Жағажай киімі
Бас киімі
Тоқыма киім
Пайдалану түріне қарай киімнің барлығы және иықты және белдікті болып бөлінеді. Иықты киімдер иықтан,ал белдікті киімдер белден киіледі. Әйелдердің белдікті киімдердің ішіндегіең кең тарағаны –белдемше. Белдемшені жидемен, көкірекшемен, свитермен, т.б бірге киіледі.Бұл гардеробымыздағы ең ыңғайлы киім. Белдемшелер ұзындығы бойынша :
-макси тобыққа дейін
-миди тізеге дейін
-мини тізеден біраз жоғары болып ажыратылады.
Пішіміне қарай белдемшелер үш негізгі топқа бөлінеді: тік және кең етекті және конус тәрізді.
Тік белдемшелер екі бөлшектен: бойлық жібі бөлшекті бойлай(тік) өтетін алдыңғы және артқы бқліктерден тұрады. Тік пішімді белдемше дене бітіміне қонымды болады.
Қиықты белдемше еетегіне қарай кеңейтілген бірнеше бірдей қиықтардан тұрады.
Конустық белдемше құрылымы бойынша қарапайым әдетте, бүкпесі болмайды және екі бөлшектен тұрады.
Белдемшенің нақты әйелдер гардеробының киімі ретінде пайда болуын ХVІ ғасырға жатқызуға болады. Белдемше(юбка) деген атау неміс тілінен енген, алайда каркасы бар белдемшелердің сән үлгісі Германияға кейінірек келген. Ал 1913 жылы Поль Пуаре тартылып тігілген белдемшені ойлап табады.
IV. Жұптастырып сұрақ қойу? Оқушылыр өздері іздеп жауап береді.
Сырт киімге нелер жатады?
Жеңіл киімге нелер жатады?
Жағажай киімдер?
Бас киімдер?
Тоқыма киімдер?
Иықты киімдер?
Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.
Жарық жұмыс орнына сол жақтан немесе алдынан түсу керек.
Инемен жұмыс жаса.анда инені ауызға салуға болмайды,жастықшаға түйреп қою керек.
Қайшыны ашық тастамау және біреуге ұсынғанда ұш жағымен ұсынба.
Бұйым тігу кезінде шашты орамалмен жапсырып қою керек.
Жіпті тіспен үзбеу керек.
Жұмыс аяғында үстел үстін дұрыс жина.
VI Сармандық жұмыс.
Бүгінгі сабақта жұптасып үш үштен үш түрлі белдемшенің эскизін сызып суретін саламыз,келесі сабақта матаға салып қиып тігеміз. Салған суреттерін мен эскиздерінді тақтаға шығып жұп болып қорғаймыз.
Өз ойларыннан әдемі етіп суреті мен эскизін салып айтамыз.
Тақтаға ілінеді.
Рефлексия.
Білемін
Білгім келеді
Не үйрендім
Бүгінгі сабақта не үйренгендерімізді жазамыз. Оқушылар тақтаға бір-бірлеп келіп жазады.
Қорытынды.
Жұптар қорапшадан сұрақтар суырады.
1.Киімге қандай талаптар қойылады?
2. Қыстық белдемшенің матасы қандай болады?
3. Жылы түстерге қандай түстер жатады?
5. Қолданылуына қарай киім түрлерінің бөлінілуін ата?
6. Пай далануына қарай киімнің өзі неше түрге бөлінеді?
Үйге тапсырма. Белдемше сән үлгісін жасау үшін мата таңдап әкелу.
Бағалау.
Оқушылардын асықтарын санап бағалау. 6-5
5-4
4-3
Бүгінгі сабағымыз қалай өтті. Жақсы өтсе алмаға, нашар өтсе пиязға таяқшаларды түйреніздер.
10
10
20
20
30
30
Іштен киетін киім денеге жабысып тұрады. Оған басты талап – таза болуы, керек. Күндіз киген іш киіммен түнде ұйықтауға болмайды. Іш киім әдемі, ыңғайлы, мықты болып, қимыл-қозғалысқа кедергі келтірмеуі керек.
Жеңіл киім – іш киімнің сыртынан киілетін барлық киімдер (блузкалар, юбкалар, көйлектер, халаттар, көкірекшелер, қамзолдар).
Сырт киім – жеңіл киімнің сыртынан киетін барлық киімдер (пальто, плащ, куртка, тондар).
Эстетикалық талаптар: киім әдемі болуы керек; қазіргі заманғы сән бағытына сәйкес болуы керек; адамның жеке дене құрылысы мен жас ерекшеліктерін ескеруі керек.
Гигиеналық талаптар: киім жайлы микроклимат жасауы керек; жеңіл, жұмсақ, мықты, қыртысталмауы керек; қозғалыс, дем алу, қан айналымы еркіндігін қамтамасыз етуі керек; жеңіл жуылуы, тазалануы, үтіктелуі керек.
Эксплуатациялық (пайдалану талаптары): киімнің түрлі атмосфералық әсерлерге, суға, жуу құралдарына, тазалауға және де оның матасының тігуге төзімділігі. Киімнің пайдалану ұзақтылығы оны кию шарттарына байланысты болады.
Қолданылуына қарай киім түрлерінің бөлінуі:
Сырт киім
Жеңіл киім
Іш киім
Жағажай киімі
Бас киімі
Тоқыма киім
1.Тігін машинасының түрлері неше түрге бөлінеді? 10
2. Машина тігіс түрлерін ата?10
3. Машина инесінің қызметі? 20
4. Тігін машинасын жұмысқа қалай дайындайды? 20
5.Машинаның жақсы жұмыс істеуінің маңызы шарттарының бірі? 30
6.Тігін машинасының ең алғашқы жобасын кім ұсынды? 30