Пәнаралық байланыс: Тарих, биология, география, бейнелеу
Барысы:
І. Кіріспе бөлімі:
Көп жиналған жамағат
Атанаң сөзі аманат
Деген сөзді үлгі етіп
Бой ұрдық ойға ғаламат
Шапшаң ойын ойнайтын
Қыздарың шықса ортаға
Шақырайық сайысқа
Топтар шықса ортаға-дей отырып ойынға қатысушы топтарды ортаға шақырайық
ІІ. Негізгі бөлім:
Өнер қуып оқушылар өтер деймін,
Бір басына өнерлері жетер деймін
Бәске түссе оқушылар кезектесіп
Таныстырып топтарын өтер деймін – деп, алғашқы шартымыз бойынша өздерінің топтарын таныстырып өтсін.
Қызғалдақ тобы: Ұраны:
Ерінбеген өнер табар,
Шегіне берген соңына қалар.
Сымбат тобы: Ұраны:
Таусылар алтының да қолыңдағы,
Өнерің-өшпес дәулет қолыңдағы.
Сен білесің бе? Ойыны
(Оқушыларға сұрақтар қойылады. Сұраққа жылдам және тез дұрыс жауап берулері керек) Әр дұрыс жауап бір ұпайдан есептеледі.
І топ сұрақтары
Сүттен дайындалатын тағам түрлері (Айран, қатық, кілегей)
Мақта неше жылдық өсімдік (1)
Саусаққа киетін құрал (Оймақ)
Көкөністерден жасалатын тағам (Салат)
Саба дегеніміз не? (Қымыз құятын ыдыс)
Ұннан жасалған ұлттық тағам түрлері (Нан, бауырсақ, шелпек, кеспе)
Жарқылдаған қос қылыш қолға тисе жоқ тыныш (Қайшы)
Шебер көп жерде (өнер) көп
Өлшемді қалай алады? (Адамның оң жағынан тұрып алады)
Бие сүті (Қымыз)
ІІ Топ сұрақтары
Қалыңдық бас киімі (Сәукеле)
Зығыр неше жылдық өсімдік (1)
Матаның оң және теріс беттерін қалай ажыратуға болады (Суретіне, жылтырлығын, тегістігіне)
Шайдың отаны қай ел? (Қытай)
Үшкір және өткір заттарды басқа біреуге бергенде қалай беру керек? (Ұш жағын өзіңе қаратып беру керек)
Мата неден тұрады? (Талшықтан)
Әжелер киетін бас киім (Кимешек)
Түйе сүті (Шұбат)
Кесте тігу үшін қандай құралдар керек? (Мата, кергіш, мулине, ине, қайшы)
Әке көрген оқ жонар, (Шеше көрген тон пішер)
3 «Жұбын тап» ойыны
Екі топқа екі карточка беріледі, онда екі бағанда сөздер берілген. Сөздің жұбын тауып, бір бірімен қосып, тез орындау.
І топқа
Қауіпсіздік өрнек
Ою ережесі
Машиналық үстелі
Жұмыс тігістер
ІІ топқа
Классикалық үстелі
Жұмыс стиль
Синтетикалық салфетка
Қағаз мата
4 «Кім жылдам » ойыны
Бұл турда әр топтан бір адам шығады, сөздер беріліп, 2 минут ішінде, тобындағы қалған ойыншыларға қағаздағы сөзді ыммен, мимикамен жұмбақтап қойып, жауабын алу. Бұл сайыста жасырған сөздерді қалған ойыншылар дұрыс табу керек.
І топ тапсырмасы: ине, қағаз, кесе
ІІ топ тапсырмасы: жіп, сәукеле, құман.
5 «Сиқырлы тізбек» ойыны
Әр топқа ішіне ақпарат, ұзындық, салмақ өлшемдері жазылып төртбұрышталып қиылған қағаз беріледі, әр өлшем бірліктерін өсу ретімен орналастыру керек.
- Миллиметр; Сантиметр; Дециметр; Метр; Километр
- Бит; Байт; Кило байт; Мега байт; Гига байт
- Милиграм; Грам; Килограм; Центнер; Тонна
- Қарыс; Сүйем; Сынық сүйем; 2 елі; 3 елі
6 Мақал - мәтелсайысы
Тақтада тұрған суреттерге қарап тез арада мақал-мәтел ойлап айтып беру керек. Мысалға:
Гүл- Гүл өссе жердің көркі, қыз өссе елдің көркі
Тон- Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер
Қол- Шебердің қолы ортақ
Қоян- Ерді намыс өлтіреді,қоянды қамыс өлтіреді
Аққу- Аққуды атпа, досыңды сатпа
Ақша- Жүз сом ақшаң болғанша, жүз досың болсын
Азық(тамақ) - Өнер таусылмас азық, жұтамас байлық
ІІІ Қорытынды бөлім:
Осымен «Қызықты технология» атты сайысымыздың барлық кезеңдері аяқталды
Білім деген байлық бар
Еш байлық оған жетпейді
Жасыңда оқып жиып ал,
Тепкілесең кетпейді – деген өлең шумағымен сайысымызды аяқтаймыз. Қатысқандарыңызға көп рахмет.