Просмотр содержимого документа
«"?ызы?ты химия" интеллектуалды? ойын»
Сыныбы: 9 «А,Б»
Сабақтың тақырыбы: «Қызықты химия» интеллектуалдық ойын
Сабақтың мақсаты: оқушылардың химия пәні бойынша білімдерін сынау, қайталау
Міндеттері:
Білімділік: оқушылардың химия пәнінен алған білімдерін жүйелеу, қайталау,, қорытындылау
Дамытушылық: оқушылардың таным түсінігін, шығармашылық қабілетін зертханалық тәжірибе ақпараттық коммуникативті технология көмегімен бейнекөрініс, суреттерді қолдану арқылы одан әрі дамыту
Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, өзара бірін бірі тыңдауға, топпен жұмыс эжасауға тәрбиелеу
Сабақтың типі: дәстүрлі емес
Сабақ түрі: ойын сабақ
Сабақтың әдіс тәсілдері: топтық жұмыс
Сабақта қолданылған педагогикалық технология элементтері: СТО, Ж.Қараев ДОТ, АКТ,
7 модуль, халықтық педагогика
Пәнаралық байланыс: физика, биология, география;
Көрнекі құралдар: тірек-сызба, үлестірмелі материалдар, интерактивті тақта,тест тапсырмалары,тірек-сызбалар, электронды оқулық, химиялық тәжірибеге керекті реактивтер, әмбебап индикатор, суреттер
Жоспары
«Қызықты химия»
Сұрақ-жауап
Тест 4 миут
III.Бейнесұрақ
IV.Полиглот
V. «Химик эрудит»
(белгісіз сұйықтықты анықтап қасиетін сипатта)
VI. Суреттерді химия тілімен оқу
VII. Химиялық эстафета (топ жетекшілер сайысы) (3 минут)
VIII. «Егер де мен химик болсам....» эссе (5 минут)
Сұрақ-жауап
1-топ
1. Заттарды қоспалардан бөлу және тазартудың қандай әдіс-тәсілдері бар?
2. судың мұзға айналуы қандай құбылыс?
3. Химиялық реакцияның белгілері?
4. Экзотермиялық реакция деген не?
5. Сынап элементі латынша қалай аталады?
6. Коэффициент формулада қай жерге жазылады?
7. Зат мөлшерінің өлшем бірлігі не?
8. Авагадро саны нешеге тең?
9. Оттегінің валенттілігі неше?
10. Айырылу реакциясы дегеніміз не?
2-топ
1. Қоспа дегеніміз не?
2. Күкірттің оттекте жануы қандай құбылыс
3. Эндотермиялық реакция деген не?
4. Кремний элементі латынша қалай аталады?
5. Индекс формулада қай жерге жазылады?
6. Мольдік массаның өлшем бірлігі қандай?
7. Қалыпты жағдайда кез-келген газдың алатын көлемі
8. Күкірттің валенттілігі неше?
9. Қосылу реакциясы дегеніміз не?
10.Оксидтер дегеніміз не?
Тест
1.Заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшек
Молекула
Атом
валенттілік
индекс
2.Зат құрамының тұрақтылық заңын кім ашты
Ж.Пруст
А.Авогадро
М.Ломоносов
Р.Бойль
3.Өнеркәсіпте оттегін неден алады
Ауа
Су
Марганцовка
Бертолле тұзы
4.Біреуі оттек болып келетін екі элементтен құралған қосылыс
Қышқыл
Оксид
Тұз
Атом
5.Бір химиялық элементтің бірнеше жай зат түрінде болуы
Фотосинтез
Тотығу
аллотропия
валенттілік
6.жылу бөле жүретін реакция
экзотермиялық
жай
эндотермиялық
күрделі
7.жылу сіңіре жүретін реакция
экзотермиялық
жай
эндотермиялық
күрделі
8.Химиялық реакцияға кіріскен заттардың массасы түзілген заттардың массасына тең
Авогадро заңы
Газдар заңы
Зат массасының сақталу заңы
Периодтық заң
9.Ауадағы оттектің мөлшері
78%
21%
1%
0.03%
10. оттек элементін кім ашты
Дж.Пристли мен К.Шееле
А.Авогадро
М.Ломоносов
Ж.Пруст
III. Бейнесұрақ
Алюминий қасиетіне байланысты
IV.Полиглот
Мақалды толықтыр.
.........қызған кезде соқ.
Жауабы: Темір, железо, феррум
Жылтырағаннын бәрі ........емес.
Жауабы: Алтын, золото, аурум
Иісі, түсі, өңі жоқ
Табиғатта онсыз өмір жоқ
Өсімдіктен аламын
Өміріме нәр қыламын.
Жауабы: Оттек, кислород, оксигениум
4.Алтын .......тас екен. Арпа бидай ас екен. Жауабы: Күміс, Серебро, аргентум