kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"мектеп к?шбасшысы" атты интелектуалды сайыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

  1. ?аза?ты? салт-д?ст?рін еске т?сіріп, физика, математика, информатика, технология  п?ндерінен білім беруді ?ызы?ты  ж?не ?тымды ?ылып ат?ару.
  2. О?ушыларды? ой-?рісін ке?ейтіп, топпен ж?мыс істеуге, логикалы? ойлауды жеделдетуге баулу, танымды? ?абілетін, п?ндерге деген ?ызы?ушылы?ын арттыру.
  3. О?ушыларды ?лтты? рухта т?рбиелеу, халы?ты? м?расын жан-жа?ты т?сіне білуге ?йрету.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"мектеп к?шбасшысы" атты интелектуалды сайыс»

Тақырыбы: Мектеп көшбасшысы

Мақсаты:  

  1. Қазақтың салт-дәстүрін еске түсіріп, физика, математика, информатика, технология пәндерінен білім беруді қызықты  және ұтымды қылып атқару.

  2. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, топпен жұмыс істеуге, логикалық ойлауды жеделдетуге баулу, танымдық қабілетін, пәндерге деген қызығушылығын арттыру.

  3. Оқушыларды ұлттық рухта тәрбиелеу, халықтың мұрасын жан-жақты түсіне білуге үйрету.

Түрі:  топтық сайыс

Әдісі:   ойын түрінде

Көрнекілігі:  слайд, нақыл сөздер, суреттер, мақал-мәтел.

Жоспар:

  1. aйналым. Бәйге

  2. aйналым. Тіл-өнер

  3. айналым. Жеті керемет

  4. айналым. Көкпар

  5. айналым. Жорға

Мұғалім:1

Сәлеметсіздер ме оқушылар!

Нақты ғылымдарға қызығушылар.

Естігенін естіп тұрып,

Оқығанын миға тоқушылар.

Мұғалім:2

Сәлеметсіздер ме ұстаздар!

Айтар ойын тұспалдар.

Біз оқытқан оқушылардың

Сәті келді сыналар.

Есепті түрлі-түрлі шығарамыз,

Арасында ойын ойнап жарысамыз.

Ойламды сұрақ, жеңіл сұрақ бәрі де бар.

Олай болса кірісіп,

Кешімізді біз бастайық.

Әділ бағаға қалтасы толы

Әділ қазыларды ортаға шақырайық! Олар:Алмагүл апайға сөз

(Әділ – қазы алқасымен таныстыру)

Мұғалім: 1

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.

1-айналым. Бәйге

1-сұрақ. Қандай санның бір ғана квадрат түбірі бар? (нөл)

2-сұрақ. Амперметрді тізбекке қалай қосады? (тізбектей)

3-сұрақ. Шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы неге тең? (π)

4-сұрақ. Кернеуді өлшейтін құрал? (вольтиметр)

5-сұрақ. Қатты иілмейтін сымтемір қандай металдан жасалады? (шойын)

6-сұрақ. Ток көзінде неше полюс бар? (екеу , оң және теріс)

7-сұрақ.Тұрақты қажетті электр энергиясын тұтыну құралдары қанша вольтқа есептеледі? (220 в)

8. Мақта Қазақстанның қай өңірінде өндіріледі? (Оңтүстік)

9. Ең үлкен хорда (диаметр)

10. Дәлелдеуді қажет ететін математикалық сөйлем? (теорема)

11. Барлық қабырғалары тең төртбұрыш қалай аталады? (Ромб)

12. Жазықтықтың шегі бар ма? (жоқ)

Мұғалім: 2

«Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте», - дей келе сайысымыздың келесі тур тіл-өнер бөлімін бастаймыз.



2-тур. Тіл – өнер

  1. Жұт ...... ағайынды (жеті-семь-seven)

  2. Өзі сөйлей білмейді, салған ізі сөйлейді. (қалам-ручка-pen)

  3. .Гүл өссе – жердің көркі,

. . . өссе – елдің көркі (ұл, мужчина, a boy)

  1. Ел іші – алтын ...(бесік, калыбель, a baby bed(a little bed))

  2. Білімді өлсе,

қағазда ... қалар (аты, имя, name)

Мұғалім:1

Шақырып жарыстарға сан — салалы

Тұлпарлар топ жарғалы жар салады

Ту етіп достық пенен татулықты

Жеті кереметсіздерді қарсы алады.

3-тур. Жеті керемет

Ұпайлық сұрақты таңдаған оқушыларға қойлатын сұрақтар.

  1. Қай бөлшектер металл өткізгіштердегі электр тогын тасымайды? (Электрондар)

  2. Оптикалық шыныдан жасалған зат ? (Линза)

  3. Жұмыстың орындалу жылдамдығын сипаттарйтын шама? (Қуат)

  4. Күнге ең жақын орналасқан планета (Меркурий)

  5. Ең кіші өлшем бірлік? (бит)

  6. Заттарды санауға арналған сандар қандай сен деп аталады? (Натурал)

Мұғалім: 2

4-тур. Көкпар

Адам алып, таңғажайып ісімен.

Көкпар ойын, ой тастаған түсімен

Зерделілер заманды алға жылжытсақ.

Ғылымдардың зеріттеген күшімен.

(слайд сұрақтары )

Мұғалім: 1

Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап жым отыру жараса ма?

Туыс, досқа, кластас, танысқа емес

Соқ қолыңды білімді жас талапқа

Қолыңды бекер бос, соға берме

Ойсыз, соқыр сезімнің соңына ерме

Зерделеп, сұрақ-жауап санаңа түй

Сонда отртақ боласың бар жеңіске» - дей келе келесі зал қонақтарына сұрақтар қойылады.

  1. Неше рет арттырса да өзгермейтін қандай сан? (0).

  2. Қандай санның атының жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар? (жүз 100).

  3. Бір шеңберді бір шеңбер

Көтеріп тұр білсеңдер.  (8 саны).

  1. Үш қазық, екі желі, тоғыз ноқта

Теңселіп, тербеледі адам соқса

Шешен тіл, сөзге жүйрік болғанымен,

Не пайда үндемейді адам жоқта.   (домбыра).

5.Бір санға өсірді, өзі қалып орнында

Бізді алға көшірді.  (сынып).

Мұғалім: 2

5-тур. Жорға

Ойын толық, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.

Жоғары, жоғары, жорғала
Шапшаңдыққа таң қал ма.
Ойындегенарталас,
Жеңілемін деп ойлама!

Логикалық есептер

  1. Үстел үстінде үш стакан шие тұр Марат бір стакан шиені жеп қойды үстел үстінде неше стакан тұр? (3)

  2. Шаршының қабырғасы үш есе үлкейсе, оның ауданы неше есе үлкейеді? (9 есе)

  3. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? (үшеу)

  4. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? (3 мысық)

  5. Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды? (12)



Сарапшылар пікірі.

Жабылары шаң жұтып, өліп – талды,

Жүлдегерлер көмбеге келіп қалды.

Суырылып Құлагер шыға берді.

Кімдер қалды? Кім озды? Анықталды.

  1. Сарапшылар пікірі.

  2. Жеңімпаздарды анықтау, марапаттау.

Қорытынды.

Талай жырлап, сан ғасырлар дастанын,

Кең даламнан естіледі асқақ  үн

Талай талант сенде шыңдалып, сенде өсті.

Талай ғылым, сенен алды бастауын.







ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ













Физика, информатика, математика апталығының қорытынды кеші



Тақырыбы: Мектеп көшбасшысы









Өткізген: Имошкен Г















«Қойтас орта мектебі» КММ

2015 – 2016 оқу жылы




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
"мектеп к?шбасшысы" атты интелектуалды сайыс

Автор: Имошкен Г?лн?р

Дата: 31.03.2016

Номер свидетельства: 312753


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства