Просмотр содержимого документа
«Қағаздан гүл дайындау»
Н.Куанышбек
«Б.Бейсекбаев атындағы орта мектеп МДШО» МКМ
Сабақтың тақырыбы: Қағаздан гүл дайындау.
Сабақтың мақсаты: Қағаздан гүл дайындауды үйрету.
Білімділік: Гүлдерді құрастыру әдістері туралы білімдерін дамыту.
Дамытушылық: Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, алған білімдерін пайдалана білуін дамыту.Көп ізденуге,өз ойларын еркін айтуға, дербес жұмыс жасауға дағдыландыру;
Тәрбиелік: ұқыптылыққа, өз орнының тазалығын, техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: тренинг сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: «Өнер көзі –халықта»
«Еңбекті сүйгенді ел сүйеді», т.б. сөздер жазылған плакаттар, қағаздан жасалған гүлдер, мақал-мәтелдер.
Пәнаралық байланыс:дүниетану,бейнелеу өнері,ана тілі.
Керекті құралдар:түрлі-түсті қағаздар, қайшы желім,сым темір, ұсақ моншақтар.
Сабақтың барысы:
1. «Еңбек» орталығы
2. «Пікір алысу»орталығы
3. «Мақал –мәтел»орталығы
4. «Ғылым» орталығы
5. «Өнер» орталығы
І. «Еңбек» орталығы
Сабаққа қажетті құралдарын текесеру, еңбекке дайындау.
Үй тапсырмасын тексеру. Қатырмак қағаздан жасалған сандықшаның әдемілерін сынып көрмесіне алып, оқушыны марапаттау.
Сабақ ережесімен таныстыру, тыныштық сақтау, бірін-бірі тыңдау, ойын ашық айту.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар:
-өте жақсы, -жақсы, -нашар деп бағаланады.
ІІ. «Пікір алысу» орталығы.
а) Сұрақ-жауап, білетін оқушы қол көтеріп жауап береді.
1. Еңбек сабағына қажетті құрал-жабдықтарды ата?
2.Еңбек қауіпсізділігін сақтау ережесін түсіндіру?
3.Қандай гүлдердің атын білесіңдер?
4.Қағаз неден пайда болады?
5.Фольганы қайдан алуға болады?
Б)Венн диаграммасы.
Фольга Қаға
Салыстыру арқылы айырмашылығы мен ұқсастығын шығарады.
ІІІ. «Мақал-мәтел» орталығы.
Оқушылар гүл туралы білетін мақал-мәтелдерін айтады.
1.Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі.
2.Әр гүлдің иісі әр басқа.
3.Таулы жердің суы әдемі,
Жарық жердің гүлі әдемі.
4.Түздегі гүлден үйдегі гүл ұзақ жасайды.
5.Шықсыз гүл өспейді.
ІV. «Ғылым» орталығы. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Алдымен тақырыпқа байланысты жұмбақ шешейік.
1.Көктемде көгереді, жазда жайқалады.
Күзде сарғаяды.
2.Ақ күлгін шөп тұр өсіп,
Қарсыалып дәйім таң нұрын. (Тау гүлі)
Бүгінгі сабақта түрлі-түсті қағаздан гүл дайындап үйренеміз. Гүлдің құрлысымен танысайық. 1.Гүл басы (күлтешелері) 2.Гүл ұрығы. 3.Сабағы. 4.Жапырағы.
V.”Өнер» орталығы.
-Балалар, енді біз оқулықта берілген гүл жасаудың ретін басшылыққа ала отырып,гүл құрастырамыз. Гүл құрылысын жүйелі жасап шығу үшін жасалу технологиясын 4 кезеңге бөліп, 4 түрлі жұмыс жасаймыз.
1.Түрлі-түсті қағаздан екі дөңгелек жасап,жиегін иректеп қию.
2.Сым алып оның басына гүл ұрығын моншақтан бекіту.
3.Сымнан сабағын жасап, жасыл қағазбен орау.
4.Жасыл қағаздан жапырақша қию. Жасалған жұмыс топтастырылып, сабаққа жапырағы, гүлі, гүл ұрығы желіммен жапсырылады.
Әр оқушының шығармашылығына, жұмыс жасау қабілетіне қарай бағаланады. Әдемі жасалған жұмысты сынып көрмесіне қою. Сабақты бекіту.