4 сабақ
1-бөлім
Өзім туралы
Сабақтың тақырыбы: Менің дауысым
Күні:
Сынып: 1 «Д»
Қатысқан оқушылар саны:
Қатыспаған оқушылар саны:
Осы сабақты меңгеруге қол жеткізетін оқыту мақсаттары
1.1.2.1. Әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау.
1.1.1.1. Тыңдалған музыкалық шығарманың көңіл күйін, ырғақ, екпінін, динамикасын анықтау.
Сабақтың мақсаттары
Барлық оқушылар:
Дымыстар мен символдар арасындағы байланысты анықтай бастайды.
Оқушылардың көпшілігі:
Музыкалық түсінігін дамытады.
Ән айтады және аспапта ойнайды.
Негізгі дымыстарды шулы аспаптардың сүйемелдеуімен басқарады.
Кейбір оқушылар:
Тиісті жағдайларда басқаларды қадағалайды.
Қарапайым музыкалық материалдарды шулы аспаптарда ойнап ән айтады.
Тілдік мақсаттар:
Оқушыларды тілді барынша нақты пайдалануға ынталандырыңыз.
Оқушылар:
Тыңдаған музыка туралы өз ойларын айта алады.
Төменгі және жоғарғы дыбыстарды естіп, түсініп, анықтайды. Дыбыстарды жасауға қатысты шығармашылық жөнінде таңдау жасай алады. Бояу түстерін дыбыстардың көмегімен сипаттайды және таныстырады.
Пән лексикасы мен терминологиясы:
Музыкалық дыбыс, көңілді музыка, мұңды музыка, шулы аспаптарды соғу, сілку, біркелкі соғу.
..секілді айтылады
..секілді естіледі
Диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері:
Талқылауға арналған сұрақтар:
- Музыка саған қандай көңіл күй сыйлайды?
- Суреттегі көңіл күйді сипаттай аласың ба?
- Шулы аспаптың көмегімен музыка қалай өзгереді?
- Шығарылған дыбысты сипаттай аласың ба?
- Осы көңіл күйге қандай түсті таңдар едің?
Алдыңғы сабақтарда алған білім
Оқушылар өткен сабақта үйренген «Twinkle, twinkle, little star»әнін 3 тілде жатқа орындауға тырысады. Шулы және музыкалық дыбыстарды ажырата алады. Өз шығармашылықтарын көрсетеді.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басталуы
0-5
Оқушылармен әуендете амандасу.
(Т,ОТ)«Twinkle, twinkle, little star» әнін топқа бөліп орындау:
1-топ – қазақша;
2-топ – орысша;
3-топ – ағылшынша.
Әр топтың өнеріне қол шапалақтау арқылы қошемет көрсету.
Сандық жазу құрылғысы
Сабақтың ортасы
7-11
12-14
15-20
21-35
(Ұ,Ө,Қ) Музыка тыңдау: «Науқас қуыршақ» (П.И.Чайковский).
- Музыка қандай аспапта орындалды?
- Музыка әуеніне сен қандай қимыл-қозғалыс жасар едің?
(Ұ,Т,Қ)Ән үйрену:«Көбелек» әні (К.Қуатбаев) үйренуге жеңіл.
Әнді шулы аспаптардың көмегімен орындауға болады.
- «Көбелек» әнінде ненің дыбысты естілгендей болды?
Оқулықтағы сұрақтарға жауап беру арқылы балалар екішығарманың айырмашылығын салыстырмалы түрде талдайды, көңілді, мұңды музыка туралы ойларын айтады.
(Ұ)Үштілділік: көңіл күй – настроение – mood. Қазақша, орысша, ағылшынша айтып үйренуде оқушының оқуға деген ынтасын қалыптастыру.
(МК,Ұ,Ө,Қ) Оқушыларға тек қана бір түсті абстрактілі суретті көрсетіп, мысалы, көк түстің түрлі реңктері. Оқушылардан даусымен немесе аспаптармен суретте салынған қанық түске лайықты дыбыс жасауын сұрау.
«Науқас қуыршақ»
«Көбелек»
Түрлі түсті суреттер
Кандинский картиналары
Асатаяқ, дабыл, қоңырау, тай-тұяқ, даңғыра суреттері
Сабақтың соңы
35-45
(Ұ) Оқушылардан бұрынғы үйренген әндерінің ішінен өздеріне ұнаған біреуін бірлесе таңдауын сұрау және оны қайталап, сабақ соңында таспаға жазып алу.
Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай мадақтап, көтермелеп отыру.
Бағдаршам түстері