kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ЕХРО -2017

Нажмите, чтобы узнать подробности

Халы? саныны? жедел ?суі мен ?ылыми – техникалы? прогрессті?
?ар?ынды дамуы, айнала ?орша?ан орта?а экологиялы? проблемалар тудырумен ?атар, энергетикалы? ресурстарды? таусылу тапшылы?ына ?келіп со?ты. Адамдарды? материалды? де?гейі, тіпті рухани м?дениетіні? ?зі энергия шамасына тікелей т?уелді болды. Ел болаша?ыны? ерте?і – білімді физологиялы? жа?ынан ?уатты, ж?мыс?а ?абілетті, ?мір с?руге бейім ?рпа? т?рбиелеу.  Ауданымыз Алак?лді? жа?асында орналас?ан. Мені? ма?сатым ?уатты ?немдейтін экологиялы? таза энергия к?зі – жел, к?н энергиясын «Болаша?» саяба??а  пайдалануды  ?сыну.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ЕХРО -2017 »

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы

«Крупская атындағы орта мектеп-балабақша» КММ












Ғылыми жоба



Бағыты: « Таза табиғи орта-Қазақстан-2030 стратегиясын іске асырудың негізі»

Секциясы:экология

Тақырыбы: «Экологиялық таза энергия көзі – жел, күн энергиясын «Болашақ» саябаққа пайдалану».


Орындаған: Сембаева Алина 4 сынып оқушысы

Жетекшісі: экономика және еңбекке баулу пәнінің мұғалімі

Саябаева Гульгайша Жакеновна

























Үржар 2015



Мазмұны

Аңдатпа......................................................................................................

3

Кіріспе .........................................................................................................

4

  1. Негізгі бөлім ..........................................................................................

1.1. Энергия көздері.................................................................................

1.2. Жел энергиясы........................................................................

    1. 1.3. Күн – энергияның аса қуатты көзі ..................................

2 Экологиялық таза энергия көзі – жел, күн энергиясын «Болашақ» саябаққа пайдалану.

    1. 2.1. Болашақ саябағы.................................................................................

2.2 Энергияны үнемдеуге арналған кеңестер ........................................

2.3.Сауалнама...........................................................................................

    1. 3.Қорытынды..............................................................................................

4Пайдаланылған әдебиеттер............................................... .....



5

5

6

7

8


8-9

10

11

12






















































Аңдатпа


Халық санының жедел өсуі мен ғылыми – техникалық прогресстің
қарқынды дамуы, айнала қоршаған ортаға экологиялық проблемалар тудырумен қатар, энергетикалық ресурстардың таусылу тапшылығына әкеліп соқты. Адамдардың материалдық деңгейі, тіпті рухани мәдениетінің өзі энергия шамасына тікелей тәуелді болды. Ел болашағының ертеңі – білімді физологиялық жағынан қуатты, жұмысқа қабілетті, өмір сүруге бейім ұрпақ тәрбиелеу. Ауданымыз Алакөлдің жағасында орналасқан. Менің мақсатым қуатты үнемдейтін экологиялық таза энергия көзі – жел, күн энергиясын «Болашақ» саябаққа пайдалануды ұсыну.
Зерттеудің міндеттері: Экологиялық таза энергия көзі – жел, күн энергиясын «Болашақ» саябаққа пайдалануды көрсету .

Зерттеудің обьектісі: Экологиялық таза энергия көзі – жел, күн, биогаз энергиясын пайдалану

Зерттеудің кезеңдері: зерттеу жұмысы 1 жылға арналған.

2014-015 ж Жұмыстың тақырыбы,мақсаты мен міндеттерін айқындау;

Алынған мәліметтерді жинақтау және жұмысқа қорытынды жасау;

Дайындалған жұмыс негізінде баспаға мақала дайындау.

Зерттеудің жаңашылдығы мен нәтижелері: Қуатты үнемдеу мақсатында, туындаған экологиялық проблемаларды шешу мақсатында мен экологиялық таза энергия көзі – жел, күн энергиясын «Болашақ» саябаққа пайдалануды ұсыну.

















Кіріспе

Адамзатқа энергия қажет және жыл сайын оның қажеттілігі артып келе жатыр. Бірақ мұнай, көмір, газ және т.б. қоры шексіз емес. Бұл мәселені шешудің екі жолы бар: энергоресурстарды үнемді жұмсау және баламалы энергия көздерін пайдалану.

Қазіргі заманды энергиясыз елестету мүмкін емес. Сол себепті де, энергияны алудың шығыны аз, экологиялық таза көздерін табу бүгінгі күннің негізгі мәселесіне айналып отыр. Соңғы кездері экологиялық проблемалар, пайдалы қазбалардың жетіспеушілігі және оны географиялық біркелкі емес таралуы салдарынан энергияны өндіру, жел энергетикалық құрылғыларды, күн батареяларын пайдалану арқылы жүзеге аса бастады.

Энергияның маңыздылығы — оны бір уақытта өндіріп, сол уақытта тұтынуға болады.

Қазір дүние жүзінде энер­гия­ның тапшылығы айрықша сезілуде. Электр қуаты шикізатының азайып бара жатқандығы әлем хал­қын кәдімгідей алаңдатып отыр. Адамзат бұл тығырықтан шығудың жолын іздестіре бас­та­ғанына да біраз жылдың жүзі болды. Барлық саналы тіршілік иесін алаңдатып отырған осы бір жаһандық зор проблеманы шешуде Қазақстанның үні де ай­рық­ша шығуда. Оған 2017 жылы егемен еліміздің бас қаласы – Астанада өтетін Бүкіләлемдік EXPO-2017 көрмесінің негізіне «Болашақтың энергиясы» тақы­ры­бының алынуы да дәлел болса керек.

Ал менің ұсынып отырған ғылыми жобамның мақсаты- туындаған
мәселені шешудегі энергетикалық сұранысты қанағаттандыра алатын энергия көзін – жел, күн энергиясын«Болашақ» саябаққа пайдалану.










1.Негізгі бөлім

1.1 Энергия көздері

Бүгінгі күнде адамдардың тұрмыс тіршілігі табиғаттағы басқару арқылы, жақсартуға ұмтылу және жаңа өндірістерді дамытудың салдары айнала қоршаған ортаға экологиялық проблемалар тудыруда. Адам баласына кейінгі кезде энергия жетпейді.Мұнай үшін кейбір мемлекеттер бір-бірімен жауласып жатса, ал кейбіреулері экологиялық дағдарысқа, құлдырауға ұшырайды екен.
1930 жылы бүкіл әлемде 300 млрд кВт-сағат энергия өндірілсе, ал қазір
60 000 млрд кВт-сағат энергия өндірілуде. Бұл өте үлкен көрсеткіш! Адамның энергетикалық сұранысы күннен-күнге өсуде.
Бүгін біздің пайдаланып отырған энергия көздері-жер асты пайда қазба
қорлары-мұнай, көмір, табиғи газ барлық энергоқорлардың 90% құрайды. Американдық зерттеушілердің айтуынша жер бетіндегі мұнай 2025 жылға дейін жетеді. Қашан болса да, ол бітеді және әрі қарай не болады?
Пайдалы қазба қорларының таусылу қарсаңында, олардың бағасы да
қарқындап өсуде. Жыл сайын атмосфераға түрлі жанғыш заттардың жануы нәтижесінде 23 млрд тоннаға жуық көмірқышқыл газы бөлініп, сондай мөлшерде оттек сіңіріледі. Атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшері 13%-ке өсті, соның салдарынан атмосфера температурасы бірнеше градусқа мөлшерден тыс жоғарылап, мұздықтар еріп, соның салдарынан Дүниежүзінің мұхиттық деңгейі көтеріліп, табиғатта түрлі апаттар болып жатыр.

1980 мен 2004 жылдардың аралығында жер бетінде 14500 табиғат апаттары тіркеліпті, осы апаттардан миллиондаған адамдар қаза болды. Дереу мәселені шешетін амал табу керек. Бүкіл әлем ғалымдары мен инженерлері ізденістің арқасында баламалы энергия көзін табуды мақсат етіп қойды.

Ол сарқылмайтын қалпына келтіретін энергия көздері деп аталады. Оған жел, күн энергиясы, су ағынының энергиясы, мұхиттардағы тасу мен қайту кезіндегі судың көтерілуінен болатын энергиясы жатады. Қалпына келтіретін дәстүрлі емес энергия көздерінің ерекшелігі қор көздері ешуақытта сарқылмайды және экологиялық таза. Бұларды пайдалану табиғат байланыстарын бұзбайды.













1.2.Жел энергиясы

Бірнеше мыңдаған жылдар бойы адамдар желді – энергия көзі ретінде пайдаланған. Жел энергиясын пайдаланып желкен көмегімен жүзген. Жер суландыру кезінде, жел диірмені ретінде дәнді-дақыл өнімдерін ұнтақтау үшін қолданған. Ылғи да және барлық жерде жел соғып тұрады. Жаздың қоңыр салқын самал желін, апат, зардап шығын әкелетін керемет дауылдарды атап өтуге болады.
Қалпына келтіретін дәстүрлі емес жел энергиясының келешегі зор, экологиялық таза, қоры ешуақытта сарқылмайды, әрі арзан, тиімді. Жел энергиясын қолдану таулы аймақтардың жоғары бөктерінде толқынды теңіз жағалауларында ыңғайлы екені бәрімізге танымал. Жел энергетикасын дамытуға қолайлы аймақтар өте көптеп табылады. Жел күші жер бетінің ойлы-қырлы болуына тікелей байланысты.

Жел энергетикасының пайдаланудың даму тарихы.
Бірнеше мыңдаған жылдар бойы адамдар желді – энергия көзі ретінде пайдаланған. Қоғам мәдениетінің жаңа қалыптасқан кезінде жел энергиясын теңіз саяхатында пайдаланған. Ертедегі мысырлықтар 5 мың жыл бұрын жел энергиясын пайдаланып желкен көмегімен жүзген. Біздің заманымыздың 700 жылдары қазіргі Ауғанстан жерінде тік бекітілген осі бар жел машинасымен дақылдарды ұнтақтау үшін қолданған. Жерорта теңізінде орналасқан Крит аралында ұзын мұнараға бекітілген жел күшімен қозғалатын диірмен жер суландыру жүйесінің жұмысын атқарған. 14 ғасырда голландықтар жел диірменін жетілдіріп, дәнді-дақыл өнімдерін ұнтақтау үшін қолданды. 1940 жылдары осындай жел күшімен қозғалатын диірменнің саны 6 миллиондай еді, оларды су тарту және электроэнергия алу мақсатында қолданды.
Осындай жел диірмендер мал шаруашылық фермасын сумен қамтамасыз етіп тұрды.

20 ғасырдың ортасында жел энергиясын қазіргі заман энергия қоры – мұнай орнын басты. Дүние жүзінің бірнеше рет мұнай дағдарысынан соң, қайтадан жел энергетикасына көпшіліктің қызығушылығы оянды.

70 жылдары мұнай бағасының өсуіне байланысты, энергетика сарапшылары жел энергиясын пайдалану шараларын ұсынды.

1981-1984 жылдары Калифорнияның өзінде 6870 жел турбинасы іске қосылды.Ал 1998 жылы АҚШ-та жел энергетикасы дамуы қайтадан даму сатысына көтерілді.





1.3. Күн – энергияның аса қуатты көзі.

Күн энергиясы - шешуші экологиялық факторлардың бірі. Атап айтқанда жарық жерде өмір сүретіндердің барлығына дерлігін фотосинтез арқылы энергиямен және құнарлы заттармен қамтамасыз етеді. Тірі ағзалар үшін сөуле толқынының ұзындығы, оның қарқындылығы және сәулелендірудің ұзақтығы қажет. Күн сөулесінің спектрі үш аймаққа бөлінеді, олар: ультракүлгін, көрінетін жәнө инфрақызыл сәуле шығару аймағы.


Күн көзінен ток алатын батарея

Күннен көзінен ток алатын батарея немесе жұқа қабыршақты фотоэлектрондық түрлендіргіш деп аталынады. Күннен ток алатын батареяның жарамдылық мерзімі шектелмеген, даусы шықпайды, жанар жағармай құюдың қажеті жоқ, бөлек бөлмеге қоюдың қажеті жоқ. Бір күннен ток алатын батареяда ешқандай бұзылатын механика жоқ.

Бұл - күн көзінен ток алатын батарея. Ол үйге қойғанға өте тиімді. Себебі бұл ешкімнен ток, жылу сұрамайды. Күннен тоқ алатын батарея тек қана жарық беріп қоймай жылуды да береді және қоршаған ортаға, мемлекетімізге зиянын тигізбейді. Күндіз токты өзінің аккумуляторына жинап алып, түнде береді

Күннен ток алатын батареяның тиімді жағы:

  1. Салмағы аз

  2. Мықтылығы

  3. Қайта жөнделеді

  4. Ұзақ уақыт жұмыс істейді

  5. Қоршаған ортаға зиянын тигізбейді

  6. Даусы шықпайды

  7. Ең бастысы тегін ток және жылу алу

Күннен тоқ алатын батареяның тиімсіз жағы:

  1. Батарея - қымбаттау

  2. Үлкен орынды алады

  3. Қатты соққы тисе сынып кетеді

  4. Жыл мезгіліне байланысты ток береді

  5. Түнде жұмыс істемейді






2.Экологиялық таза энергия көзі – жел, күн энергиясын

«Болашақ» саябаққа пайдалану.

2.1.«Болашақ» саябағы.


Менің ұсынып отырған ғылыми жобамның мақсаты- туындаған
мәселені шешудегі энергетикалық сұранысты қанағаттандыра алатын энергия көзі – жел, күн энергиясын«Болашақ» саябаққа пайдалану.

«Болашақ» саябағы мен армандаған саябаққа айналады деп ойлаймын.

Экологиялық таза энергия көзі – жел, күн энергиясын «Болашақ» саябақта пайдалану.Сонымен қатар балаларға арналған демалыс орындары.

Саябаққа қайыңдар,емен мен шыршалар отырғызылады

Болашақ саябағында су бұрқақтар, гүлзарлар мен демалыс алаңдары орын алған.Саябақтың кіре беріс ортасында қала ішіндегі ең үлкен кешкісін сәуле шашып әуен шығаратын су бұрқақ орын алған.

«Болашақ » саябағының басты міндеті- ауданымыздың барлық тұрғындары мен меймандары, жасы мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, әсіресе, тұрғындардың аз қорғалған тобы - балалар мен қарттар үшін демалыс және жайлы ахуал жасау. Болашақ саябағында орналасқан балалар, ата-аналарға арналған демалыс орындары,жануарлар әлемі. 5D кинотеатры қызмет көрсетеді. Кинотеатр 5D Сізге ұмытылмас әсерлер сыйлайды және тосын сыйға толы жаңа кино әлеміне елітіп әкетеді! Сіз мұнда тек КӨРІП, ЕСТІП қана қоймайсыз, сіз экранда болып жатқандардың бәрін СЕЗІНЕСІЗ! Желдің соғуы, су тамшылары, айналулар – мұндай сезіну әлемін ұмыту мүмкін емес.Біздің кішкентай келушілеріміз үшін «Балалар қалашығы» - балалар алаңы қызмет етеді.«Балалар қалашығы» 1 жастан 10 жасқа дейінгі балалардың ойнауына арналған ойын-сауық кешені болып табылады. Ауасы таза экологиялық энергия көзі – жел, күн энергиясын пайдалану.Жел энергиясы,күн энергиясы, күн көзінен ток алатын батарея пайдалану арқылы біздің «Болашақ» саябағымыз адамдардың денсаулығына пайдасын әкеледі. Саябақ ішінде серуендеп, демалуға лайықты. Болашақ саябақ ауданымыздың ірі парктердің бірі болмақ деп ойлаймын. Паркке бірінші қарағайлар мен шыршалар отырғызылады. Осындай көркем саябақ салынады, жағажай жасалып, заманауи ойын-сауық аттракциондар орнатылады Бұл табиғаттың сұлулығы мен заманауи сәулеттің жетістіктерін біріктірген бірегей саябақ болады. Үржарда тағы бір көрнекі орын болады деп ойлаймын

2.2.Энергияны үнемдеуге арналған кеңестер

Жарыққа көп төйлейсің бе?

1Қатты қыздыратын шамдарды қазіргі энергия үнемдейтін шамдарға ауыстыру пәтердегі электрэнергиясының тұтынылуын, орта есеппен алғанда, 2 есеге азайтады. Шығын 1 жылдан аз уақыт ішінде өтеледі.

2Жабдықтарды “stand by” режімінде (күту режімінде) қалдырмаңыз – жабдықтағы қосу/өшіру түймешелерін пайдаланыңыз немесе оларды розеткадан ажыратып тастаңыз. Пайдаланбайтын жабдықтарды желіден өшіру (мысалы, теледидар, бейнемагнитафон, музыкалық орталық) электр энергиясын тұтынуды жылына 300 кВт*сағ-қа дейін азайтуға және 1800 теңге көлемінде үнемдеуге мүмкіндік береді.

3Розеткаға қосулы қалдырылған ұялы телефонның зарядтау құрылғысы, онда телефон болмаса да, қызады. Өйткені, құрылғы, бұған қарамастан, электр энергиясын тұтынады. Зарядтау құрылғысы үнемі розеткаға қосылып тұрса, электр энергиясының 95 %-ы текке шығындалады.

4Электр пешінің көлеміне сәйкес келмейтін ыдыс тандағанда, энергиянығ 5-10 % босқа жоғалтылады. Электр пешін пайдаланғанда, электр жнергиясын үнемдеу үшін, түбі конфорканың диаметріне сәйкес келетін немесе одан біраз үлкенірек ыдыс тағдау керек. Түбі майысқан ыдыс энергиясының 40-60 % артық жұмсайды.

5Тағам әзірлегенде кастрөлді қақпақпен жауып қою керек, өйткені судың тез булынуы тамақ әзердеудің уақытын 20-30 %-ға ұзартады. Тамақ қайнағаннан кейін төмен температура режіміне ауысқан дұрыс. Бір кофе машинасы ыстық сергітетін сусынды, мысалы, бұрынғы кастролге қарағанда, үнемдірек даярлайды. Басқа да жұмыртқа пысыратын немесе тостер сияқты аспаптар бағалы энергияны құнттап жұмсайды.

4Электр шайнекті қақтан уақытында тазалап отыру маңызды. Қақ суды бірнеше рет ысытқанннан немесе қайнатқаннан пайда болып, жылуды аз өткізеді, сондықтан қақ пайда болған ыдыстағы су баяу жылиды.

5Кір жуу машинасын ұтымды пайдаланудың басты шарты – киімді шектен тыс салмау. Сонымен қатар кір жуу машинасына кірді тым аз да салмау керек: бұл жаңдайда электр энергиясының шығыны 10-15 %-ды құрауы мүмкін. Кір жуу қате бағдарламаланғанда, электр энергиясы 30 %-ға дейін артық жұмсалады.

6Шаңсорғыштың шаң жинауға арналған қабының үштен бір бөлігі толып қалса, шаңды жинау 40%-ға төмендейді, тиісінше, электр энергиясын тұтыну шығыны да осы мөлшерге көбейеді.

7Тоңазытқышты ас үйдің салқындау жеріне қою керек, сыртқы қабырғаға жақынырақ қойған дұрыс, бірақ еш уақытта плитканың жанына қоймаңыз. Егер сіз тоңазытқышты температурасы 30 градусқа жететін бөлмеге қойсаңыз, электр энергиясын тұтыну екі есеге көбейеді.

8Мұздатқышта мұз пайда болса, оны міндетті түрде еріту керек. Қалың мұз қабаты мұздатылған азық-түлікті нашар суытып, электр энергиясының шығынын көбейтеді.


2.3.Сауалнама


Сұрақтар


Үлкен буын


Ортаңғы буын


Кіші буын

Үйде энергияны үнемдейсіңбе?

Ия- 10

Жоқ-0


Ия-9

Жоқ-1

Ия-7

Жоқ-3

Жарыққа ақша көп төлейсің бе?

Ия-8

Жоқ-2

Ия-7

Жоқ-3

Ия-8

Жоқ-2

Жел энергиясы туралы білесіңбе?

Ия -5

Жоқ-5

Ия-3

Жоқ-7

Ия-7

Жоқ-3

Күн энергиясы туралы білесіңбе?

Ия -10

Жоқ-0

Ия -10

Жоқ-0

Ия- 6

Жоқ- 4



















3.Қорытынды
Қазір біз электроэнергияны үнемсіз пайдаланамыз. Үйде немесе кеңселерде, мектепте жарықты керек болмаса да жағып қоямыз, теледидар компьютерді өшірмейміз. Супер маркеттерде, дүкендерде тоңазытқыш, желдеткіш күндіз-түні қосылып тұрады, яғни қай салада болмасын ысырап мол. Мұның бәрі кәсіпкерлердің қалтасын қағып қана қоймай, еліміздің экономикасына елеулі зиян келтіреді және экологиялық дағдарысқа әкеледі. Сондықтан жел, күн энергиясын электр энергиясына айналдыратын тұрмыста пайдалануымыз қажет
Энергия мен қорларды үнемдейтін технологияларды дамыту барған сайын өзекті мәселеге айналып барады. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, әрбір азамат энергияны үнемдеудегі жауапкершілікті сезініп, оған өз үлестерін қосуға ынтасын білдірсе, бұл еліміздің экономикасын тиімді дамытуға және азаматтардың тұрмысын жақсартуға септігін тигізері сөзсіз. Сондай-ақ, мұндай жобалардың елімізде көптеп іске асырылуы тек мемлекетіміздің ғана емес, оқу ордамыздың жас ғалымдары үшін маңызы зор болмақ. Еуропаның көптеген елдерінде далада тұратын шамдар көбіне күн сәулесінен энергия алатын батареялардың күшімен жанады. Күні бойы жинаған қуатын түні бойы шашып тұрады. Қуат көзін үнемдеуді мақсат еткен елдер осындай технологияларға көшіп жатыр. Кейбір елдерде мемлекеттің энергиясына ортақтаспай, көптеген тұрғын үйлердің шатырын күн сәулесінен энергия алатын батареялармен қаптап тастайды.

Жалпы қазақ – ысырапқа жол бермейтін халық. Менің әкем жүрген жерінде босқа жанып тұрған шамдарды өшіріп, ысырап жасамайды. Қазақтың қай үйіне барсаң да осыған куә боласың. Сондықтан да ысырапқа жол бермейтін халықтан үнемшілдікті талап еткенше, мемлекет өзі үнемшілдіктің жолдарын іздеу керек.



















4.Пайдаланылған әдебиеттер

1. М.Васильев «Энергия және адам».
2. Уделл «Күн энергиясы».
3. П.С. Непорожний, В.Н.Попков «Әлемнің энергетикалық қорлары». 1995ж.
4. Журнал «Жастар техникасы», 1990 №5
5. В.Володин, П. Хазановский «Энергия жиырма бірінші ғасыр».
6. В. С. Лаврус «Энергия көздері» , 1997 ж.
7. Интернеттен алынған материалдар.
8. Д.С. Стребков «Ауылшаруашылық энергетикалық жүйелері және экология», 1990 ж
9. Б.М. Берковский, В.А.Кузьминов «Қалпына келтіретін, дәстүрлі емес энергия көздерінің адамдарға қызметі», 1987 ж.





























Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы

«Крупская атындағы орта мектеп-балабақша» КММ

Сембаева Алина 4 сынып оқушысы

Жасаған : «Экологиялық таза энергия көзі – жел, күн энергиясын «Болашақ» саябаққа пайдалану»атты ғылыми жұмысына экономика және еңбекке баулу пәнінің мұғалімі Саябаева Гульгайша Жакеновнадан


ПІКІР

Сембаева Алина өте талапшаң, жауапкершілігі мол оқушы. Өзінің ізденімпаздығы мен басқалардан ерекшеленеді. Жасаған жұмысы кәзіргі таңдағы қала тұрғындарының барлығын ойландыратын мәселелердің бірі болып табылады. Экологиялық таза энергия көзі – жел, күн энергиясын «Болашақ» саябаққа пайдалану».Оқушы өзінің жасаған жұмысын толық және де мағыналы түрде аша білген. Жел энергиясы,күн энергиясы, күн көзінен ток алатын батарея пайдалану арқылы біздің «Болашақ» саябағымыз адамдардың денсаулығына пайдасын әкеледі. Саябақ ішінде серуендеп, демалуға лайықты .

Алина тақырыпты ашу мақсатынды өз алдына қойған әдістемесі бойынша барлық материалдарды жинақтаған. Оқушының ынтасы мен мақсаты жұмыс барысында анық көрініп тұр. Қорытынды бөлімі жақсы қорытылған. Әр бір жасаған сауалмана нәтижелері жақсы сарапталған. Ауызбен айту оңай бірақта оны істеу адамдар арасында өте қиынға соғады.. Жұмыс жақсы деңгейде жасалған. Мен Алинаның ұстазы ретінде болашақта ел мақтанышы болатындай азамат болып өсуіне кәміл сенемін






































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
ЕХРО -2017

Автор: Саябаева Гульгайша Жакеновна

Дата: 04.05.2015

Номер свидетельства: 207934

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) ""Астана - бас ?ала" ?ыс?а мерзімді саба? жоспары "
    ["seo_title"] => string(49) "astana-bas-k-ala-k-ysk-a-mierzimdi-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "177246"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424609191"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(108) "«Туындыны табу ережелері» та?ырыбы бойынша есептер шы?ару. "
    ["seo_title"] => string(67) "tuyndyny-tabu-ieriezhielieri-tak-yryby-boiynsha-iesieptier-shyg-aru"
    ["file_id"] => string(6) "164536"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422643509"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(130) "«?шб?рышты? ішкі б?рыштарыны? ?осындысы» та?ырыбы бойынша есептер шы?ару "
    ["seo_title"] => string(84) "ushbu-ryshtyn-ishki-bu-ryshtarynyn-k-osyndysy-tak-yryby-boiynsha-iesieptier-shyg-aru"
    ["file_id"] => string(6) "176644"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424449249"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(117) "Обобщение и закрепление по теме СПП с несколькими придаточными "
    ["seo_title"] => string(74) "obobshchieniie-i-zakrieplieniie-po-tiemie-spp-s-nieskol-kimi-pridatochnymi"
    ["file_id"] => string(6) "181910"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1425407284"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "«Т?уелсіз ?аза?стан ?сіп-?не бер»"
    ["seo_title"] => string(29) "tuielsizkazakstanosiponiebier"
    ["file_id"] => string(6) "255856"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1448010993"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства