Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп: Күні: Мұғалімнің аты жөні: Айткулова Б.А. Сынып: 6 Қатысқандар: Қатыспағандар |
Сабақтың тақырыбы | Киім (аяқ киім) күтімі мен оларды сақтау |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 6.2.5.5. Шектеулі қолдауда мезгілдік киім мен аяқ киімдерді күту мен ұзаққа сақтау ережелерін білу және ұстану |
Сабақтың мақсаты | Барлығы: Киім мен аяқ киімдерге күтім жасау түрлері мен ұзаққа сақтау ережелерін анықтайды Басым көпшілігі: Киімдегі шартты белгілерді ажыратады. Кейбір оқушылар: Киімді күту ережелеріне өзіндік идеясын қосады |
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: тазарту, жуу, химиялық, кептіру, сақтау Тілдік мақсатқа байланысты талқылауға арналған сұрақтар: -Мен мезгілдік киімдерді ... ережелерін түсіндім -Мен аяқ киім күтудің ... білдім -Мен киімдегі... белгілерді түсіндім |
Құндылықтарға баулу | Киімді күтіп кию, мәдениетті жүру арқылы-зайырлы қоғам және жоғары руханият құндылығы қалыптасады |
Пәнаралық байланыс | Биология – гигиеналық, денсаулық Химия - сүйықтықтар, жуу ұнтақтары. Физика - кір жуатын машина,үтік |
Алдыңғы білім | Киім және аяқ киім гигиенасымен таныс |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар |
Сабақтың басы 5мин 10мин | Оқушылардың назарын шоғырландыру Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру «Жүректен-жүрекке» бір-біріне жылы лебіз айтады Бейнесюжет көру арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатың анықтайды | Интерактивті тақтаны пайдалану. /www.youtube.com/watch?v=ARBrtT6pQZM |
Сабақтың ортасы 8 мин | Т Ойлау дағдысының деңгейі: білу, түсіну Тапсырма «Сәйкестендіру» тәсілі Суретке қарап киім мен аяқ киім ережесін сәйкестендір | /www.youtube.com/watch?v=ARBrtT6pQZM |
| | Құрғату | | Химиялық тазалау | | Бумен үтіктеу | | Құрғақ тазалау | | Сақтау | | Жуу | | Арнайы крем жағу | Оқушылардың назарына ғаламтордан алынған аяқ киім күтімі ережелері ҚБ Бағдаршам Т Ойлау дағдысының деңгейі: білу, түсіну 2 Тапсырма «Ойлан» тәсілі . Киімдегі шартты белгілерді анықтай отырып жазыңыз Оқушылардың назарына ғаламтордан алынған киімдерде кездесетін шартты белгілері Бағалау критерийі: Мезгілдік киім мен аяқ киімдерге күтім жасау түрлері мен ұзаққа сақтау ережелерін анықтайды, киімді қолданудағы шартты белгілерді ажыратады Дескриптор -киім мен аяқ киімдерді күту ережелерін анықтайды; -киімдегі шартты белгілерді ажыратады; -әр белгіге анықтама береді ҚБ Бас бармақ | /vk.com/topic-99689128_32952348 https://baribar.kz/52225/ayaq-kiim-kutiminde-neni-eskeru-kerek/ https://massaget.kz/layfstayl/zhadnama/30909/ http://kostanaytany.kz/archives/21763 https://qazaly.kz/kogam/380-kimdeg-belgler-nen-bldred.html |
Сабақтың соңы | Сабақты бекіту Киім мен аяқ киімге күтім жасау үшін қандай құралдарды қолданасыңдар? Киім мен аяқ киімді қалай сақтайсындар? Рефлексия « Сөйлемді аяқта» Киімге және аяқ киімге ... жасау Қолмен немесе машинамен... Киімді қағаз немесе полиэтилен қаптарда... Мата түріне байланысты қажетті... режимге қою | |
Саралау-Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қаблетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау –Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
Оқушылардың барлығы киім мен аяқ киімдерге күтім жасау түрлерімен ұзаққа сақтау ережелерімен ғаламтор арқылы алынған бейне сюжет көру арқылы түсініктері қалыптасады. 1 тапсырма арқылы оқушылар киім мен аяқ киім күту ережесін «сәйкестендіру» тәсілі арқылы анықтайды. 2 тапсырмада «ойлан» тәсілі арқылы оқушылар киімдегі шартты белгілерді ажыратады, кейбір оқушылар киімді күту ережесіне өзіндік идеясын қосады | 1 тапсырманы орындауда «сәйкестендіру» тәсілі Аяқ киімді күту ережесі бойынша ҚБ бағдаршам 2 тапсырманы орындауда «ойлан» тәсілі Киімдегі шартты белгілерді анықтау ҚБ бас бармақ Мұғалім кері байланыс жасау арқылы бағалау критерийімен, дескриптормен қосымша сұрақтар қойып қателерін түзетуге ықпал жасайды | АКТ-пайдалану кезінде ТҚ ережелерді сақтау санитарлық-гигиеналық талаптарды орындау, тапсырмаларды орындау барысында үстелде отыру ережесін сақтау |
Сабақ бойынша рефлексия | |