Мен Махметова А.Б бүгінгі таңда Жаркент орта мектебінде ұйымында еңбек етемін. Ұстаз қашанда білім беруден жалықпайтын, шығармашылығы мол еңбекқор әрі парасатты адам болғаны жөн. Өйткені, өз ісіне берілген, жаңалыққа жаны құмар, ұлттық қасиетіміздің асылдарын асқақтата отырып шәкіртінің жанына нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады. Мұндай лайықты тұлғаға жету үшін үнемі ізденісте жүру қажет. Ең алдымен, бала жанының тамыршысы болуы тиіс. Мен Махметова А.Б бүгінгі таңда Жаркент орта мектебінде ұйымында еңбек етемін. Ұстаз қашанда білім беруден жалықпайтын, шығармашылығы мол еңбекқор әрі парасатты адам болғаны жөн. Өйткені, өз ісіне берілген, жаңалыққа жаны құмар, ұлттық қасиетіміздің асылдарын асқақтата отырып шәкіртінің жанына нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады. Мұндай лайықты тұлғаға жету үшін үнемі ізденісте жүру қажет. Ең алдымен, бала жанының тамыршысы болуы тиіс.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Мен Махметова А.Б бүгінгі таңда Жаркент орта мектебінде ұйымында еңбек етемін. Ұстаз қашанда білім беруден жалықпайтын, шығармашылығы мол еңбекқор әрі парасатты адам болғаны жөн. Өйткені, өз ісіне берілген, жаңалыққа жаны құмар, ұлттық қасиетіміздің асылдарын асқақтата отырып шәкіртінің жанына нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады. Мұндай лайықты тұлғаға жету үшін үнемі ізденісте жүру қажет. Ең алдымен, бала жанының тамыршысы болуы тиіс. Бұл ұстаздың өз мамандығына деген сенімділігінен, бейімділігінен, айқын мақсатынан және бала жүрегіне жол таба білуінен көрінеді. Оқытуға деген ынтаны, өзіндегі барды асқан меірімділікпен жеткізе білу – ұстаз шеберлігінің бір қыры. Сондықтан әрбір ұстаз заманауи жаңалықтарды жатсынбай қабылдап, білім жүйесіне жаңашаланған ақпараттық, педагогикалық техологияларды енгізу, электрондық, модульдық, аралық оқыту түрін қолдануға көмектесетін әдістерді қазіргі заман ұстазы жетік білуі керек.
Қазіргі қоғамда қалыптасқан нарықтық қатынастар мен заңдылықтар, ғылым мен техниканың даму қарқыны, өндіріске шет елдік жаңа технологиялардың көптеп енғізілуі оқу жұмыстарын ұйымдастырудың
барлық сатысында, жастар білімініңсапалы болуына қатың талаптар қоюда. Шынында да болашақ мамндарды өмірге бейімдеп, икемдеп бағыттаушы нысан олардың кәсіптік мектепте алған білімінің сапасы мен біліктілігі және тәлімгер ұстаздан алған ілімі болмақ. Кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқу – тәрбие жұмыстарына жаңаша мазмұн беру арқылы жан –жақты дамыған, шығармашыл, еңбек нарығында әлеуметтік бәсекелестікке төтеп бере алатын, әрекетшіл жас маманды оқытып, тәрбиелеу- кезек күттірмейтін басты мәселе болуы тиіс.
Білім берудің қай сатысында болмасын, оның негізгі көрсеткіші – оның сапасын басты нысанамыз етуіміз керек. Оқу да, білім де техника да бәрі де адамға қандай да бір мақсатта қолдануға қажет. Қазіргі заманғы кәсіптік мектеп ұстазының міндеті – кәсіби
білім берумен қатар, жастардың бойындағы адами құндылықтарды, қайырымдылықтарды, сүйіспеншілікті дамыру сондай ақ әділ бағалай білуге тәрбиелей отырып оқытуды талап етеді. Білім берудің ең жаңа педагогикалық технологиясымен жарақталған сабақ үлгілерімен қарулана отырып, жеке тұлғаның өзіндік көзқарасын қалыптастырып, шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуына жағдай жасайды. Осы жаңа технологияның барлық түрлері ұстаз бен шәкірт арасында тек шынайы сезім қатынасында ғана жүзеге асады. Демек, әр ұстаз сабақ құрылымында оқудың белсенді әдістерін жиі пайдалануы қажет. Осы тұста Платонның «Шындық –біреу, оған әркім өзінше жетеді» деген сөзі еске түседі. Яғни, әр ұстаздың ізденісі әртүрлі жол табуға әкеледі. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, қолдаған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады.
Сабақ беру процесі күрделі педагогикалық объект болғандықтан оның типті дидактикалыыық бағытта, мазмұнына, орнына байланысты өзгере береді. Білім беру әдістерінің тиімділігін арттыру негізі – сабақ болып табылады. Білім беруде оқушының танымдық белсенділігін арттырып, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етіп, ұжымды бірлесе жұмыс жасауға үйрететін ұақытпен үндес оқыту технологияларының бірі болып отыр.
Қәзіргі замандағы беріліп жүрген сабақтар екі топқа бөлінеді: дәстүрлі типтегі сабақтар – бұл типке қазіргі беріліп жүрген сабақтардың барлығы жатады, ал дәстүрлі емес сабақтардың түрі көп екені мәлім. Оқыту үрдісінде дәстүрлі емес сабақты өткізу оқушыларды мамандыққа даярлаудың сапасын арттырады.
Дәстүлі емес сабақ түрлерін өтүдің мәні мынада: оқушылардың танымдық белсендігін, оқуға қызығушылығын арттырады. Кәсіби мәнге ие қасиеттері қалыптасады.
Дәстүрлі емес сабақтарды өтуде «топтау» әдісін қолдану арқылы оқушының ойын қозғап, қызығуын арттырады. Мұнда әр оқушы өзінің таным белсенділігін көрсете алады.
Мағынаны тану оқушы жаңа ақпаратпен танысады., тақырып бойынша тапсырмалар орындайды. Өз ойына басшылық жасауға ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс. Бұл әдіс баланы қызықтырады, есте сақтау қабілетін арттырады, нақты жауап беруге үйретеді. Кәсіптік лицейлерде оқытылатын «Электр-газбен дәнекерлеуші» мамадығы бойынша арнаулы пәндердің өз дәрежесінде игерілуі қолданылатын жаңа педагогикалық технологияларға байланысты болады. Ол үшін оқулықтағы тараулар жинақталып, сұрыптап, топтап 6-12 сағатталып, модульдық схемаға түсіріледі.
Сабақтардың негізгі түйіні тірек сызбадан көрініс табады. Тірек сызба арқылы модульдік сабақтың кіріспе бөлімінде алдағы өтілетін сабақтарға түсінектеме жасау арқылы тірек –сызба жасалады .
Өз тәжірибемдегі оқушының ойлау қабілетін арттыру үшін қолайлы деп санайтын әдістерім арқылы оқушының қиялын, бақылауын қолдан танымдық ойын және шығармашылықпен орындауға арналған тапсырма мәселелік сұрақтар қою арқылы тірек-сызба жасалады.
Өз тәжірибемдегі оқушының ойлау қабілетін арттыру үшін қолайлы деп санайтын әдістерім арқылы оқушының қиялын, бақылауын қолдану танымдық ойын және шығармашылықпен орындауға арналған тапсырма мәселелік сұрақтар қою арқылы сабақтар өткізу, сабақты дәстурлі емес формада өткізу, әсіресе, қайталау сабақтарын аукцион- сабақ, сайыс- сабақ, пән көшбасшысы т.б. ойын сабақтарын өткізуім дәлел бола алады.
Аукцион сабағын өткізуім бойынша талдау жургізетін болсам, бұл сабаққа қойылатын дидактикалық талаптарға мыналар жатады:
Сабақтың мақсаты;
Оқушылардың өткен сабақты қалай меңгеретіндігін бақылау;
Әдіс- тәсілдерді, құралдарды таңдау;
Сабақта барлық дидактикалық принципті іске асыру;
Қайталау сабағы барлық оқушыны қамтуы керек;
Сабақта тілектестік атмосфера жасау.
Сонымен қорыта келгенде, дәстурлі емес сабақтарда өткізу бірлесе оқыту мен тәлім- тәрбие жұмыстарын «ынтымақтастық педагогикасы» талаптарына сай орындау арқылы жарыс, іскерлік ойындары, проблемма тудыру ойындары арқылы тапсырмалар талданып оқушылыр шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады, үйренеді.
Төменде дәстурлі емес сабақтарды ұйымдастырып, өткізудің бір мысалы беріліп отыр.
Топтық сайыс сабағы
Оқыту үрдісіне дәстурлі емес сабақтарды өткізу оқушыларды кәсіптік мектептерде мамандыққа даярлаудың сапасын арттырады. Дәстурлі емес сабақтарды өткізуде жаңашыл ұстаздардың әдіс- тәсілдерін пайдала отырып өз тәжірибемді молайтудамын.
Сондай өткізіп жүрген сабақтардың бірі, бірінші курста өткізілетін «Газ-электрмен дәнекерлеу аппараттары пәнінің көшбасшысы » ойын сабағы.
Көрнектілігі: Макеттер. Плакаттар. Тапсырма- қағаздар. Қатырма-қағаздар. Көк жалау, сағат. Буктемелер.
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:сәлемдесу; кабинетте оқушылардың білім алу үшін қажетті топтық жағдайларды үйлестіру; оқушыларды кезекші арқылы түгендеу; топтың сабаққа дайындығын тексеру; сабақтың мақсатын оқушыларға жеткізу.
«Электр-газбен дәнекерлеу аппараттары пәнінің көшбасшысы» білім саысын өткізу ушін, бір апта бұрын оқушылардан тест сұрақтары бойынша бақылау жұмысы алынады да, қорытындысы боынша жоғары балл жинаған оқушылардан төрт оқушыны әділқазылар алқасы мушелеріне, ал бір оқушыны сарапшы ретінде алынады.
Ал қалған оқушыларға тапсырма қағаздар таратылып беріледі де, тез әрі нақты жауап берген оқушылардан төрт оқушы ойын алаңына шақырылады. Ойын мынандай кезеңдерден тұрады: Бәйге. Тіл- өнері. Жеті жұмбақ. Ділмар- ой. Жорға.
Ойынның бірінші кезеңі- «бәйге-аламан» жарысының шарты. Сұрақтарға қысқа да, нақты жауап берілуге тиіс.
Ойыншылар әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпайдан алады. Сұрақтарға жауап беру кезеңі бірінші болып көк жалауша көтерген оқушы бастайды. Бірінші оқушы жауап бере алмаса сұраққа екінші қол көтерген ойыншы жауап береді. Егер бұл ойыншы дұрыс жауап айтпаса, дұрыс жауапты жургізуші айтады.
Бірінші кезең сұрақтарында мына мәселелерге көңіл аударылады: электрмен дәнекерлеу әдістері; металдарды кесу әдістері; электрмен пісіру аппаратының құрылысы; жұмыс токын реттеу; бірінші обмотканың қызметі; екінші обмотканың қызметі; держактардың қызметі және түрлері; электродтар түрлері; пісіру түрлері ; газбен пісіру аппаратының құрылысы; ацетилен генераторы; түтіктер түрлері және қызметі; оттықтартүрлері және қызметі.
І- ші кезең сұрақтары бойынша ойыншылардың жинаған ұпайларының есебі айтылады.
ІІ-ші кезең. «Қауіпсіздік техникасы сайысының шарты». Дәнекерлеуде қауіпсіздік техникасына байланысты сурақ-жауаптар. Аталмай қалған сөздерді тауып оның орыс тілінде және ағылшын тілінде аудармасын атау. Толық жауап берген оқушы 30 ұпай алады, жауап толық болмаса 20, 10 ұпай беріледі
«Дәнекерлеу жұмыстарына ..... жасқа толған адам жіберіледі»
«Әрбір сулы қорғаушы затвор ..... бір рет бітеулігі тексеріледі.»
«Сумен қорғаушы затвордың ішіндегі су бақылағыш деңгейден
....... болмау керек»
«Пісіру жұмыстары ....... метрден жоғары болса пісіруші сақтандырғыш белдігімен, сақтағыш бас киіммен, табаны тайғанамайтын аяқ киіммен қамтамасыз етіледі»
Оқушылардың ойынның екінші кезеңінде жинаған ұпайларының есебі хабарланады.
ІІІ-ші кезең- «жеті жұмбақ» сайысының шарты ұпай сандары көрсетілген тапсырма- қағаздар салынған; Ұяшықтарды таңдап ондағы тапсырмаларға дұрыс жауап берсе сол ұяшықта көрсетілген ұпайды өз есебіне қосады.
20
20
20
20
10
10
10
10
Ұяшықтардағы сұралатын мәселелер:
Пісіруде кездесетін ақаулықтар
Пішіндінің сапасыздығы.
Пішінділерге қойылатын техникалық талаптар.
Пісіру тоғын таңдау.
Оттекті кесу машиналары.
Плазмамен кесу
Шойынды газбен пісіру.
Жабындарды тозаңдау.
Ойыншы оқушылардың ойынның алғашқы үш кезеңінде жинаған ұпайларының есебін хабарлап, ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығарылады.
ІV- ші кезең – «ділмар- ой» сайысының шарты.
Мұнда оқушының ой- өрісі, сөйлеу мәниеті, білімділігі сарапталады. (Берілген уақыт 3мин)
Берілген тақырыптар: ХХІ- ғасыр кейіпкері.
Дәнекерлеу жұмыстарының болашағы қандай?
Менің мамандығым – дәнекерлеуші.
Конвертке салынып беріліп, өз таңдауымен алып сөйлейді.
V- ші кезең –«Жорға» (берілген уақыт 1минутта айтып шығу»