kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ілмек бізбен іліп тоқу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы:  Мататану негіздері. Мақта және зығыр маталары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға мататану, мақта және зығыр маталардың алынуы туралы білім беру;

Дамытушылық: оқушылардың мата туралы түсініктерін дамыту;

Тәрбиелік: оқушыларды әдемілікті сезіне білуге, ұқыптылыққа тәрбилеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ілмек бізбен іліп тоқу»

Сабақтың тақырыбы: Мататану негіздері. Мақта және зығыр маталары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға мататану, мақта және зығыр маталардың алынуы туралы білім беру;

Дамытушылық: оқушылардың мата туралы түсініктерін дамыту;

Тәрбиелік: оқушыларды әдемілікті сезіне білуге, ұқыптылыққа тәрбилеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілік құралы: мата қиындылары, қайшы, ине-жіп

Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Шайдың қандай қасиеті бар?

  2. Шайдың қандай сорттары өсіріледі?

  3. Олардың бір-бірінен қандай ерекшелігі бар?

  4. Шайды дұрыс демдеу туралы айтып беріңдер.

  5. Какаоның қандай қасиеттері бар?

  6. Оны қонақтарға қалай ұсынады?

  7. Кофенің қандай қасиеттері бар?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Барлық тоқыма маталар талшықтардан тұрады. Ең алғаш адамдардың жіп алуға қолданған талшықтары қалақай (крапива) және кенешөп (конопля) талшықтары болды.

Қазіргі жағдайда түрлі табиғи (мақта-мата, зығыр, жүн және т.б.), сондай-ақ, химиялық талшықтар қолданылады.

Өсімдік талшықтарынан алынған табиғи мата шығаруда мақта мен зығыр қолданылады.

Қоза – 1 метр биіктікке дейін өсетін біржылдық бұталы өсімдік. Қоза өскеннен кейін ұрық қабыршағы ашылады. Қабыршақ ішіндегі тар өзегі талшықтармен оралған. Мақта талшықтары – ақ түсті, үлпілдеген, қысқа, жұмсақ, жіңішке болады. Нақ солардан мақта-мата жіптері мен маталарын алады. Сонымен қатар, мақтаның тұқымын май, жануарларға қорек ретіндегі жемді алады. Мақтаны құнды қасиеттері үшін ақ алтын деп атайды.

Мақтаның шыққан Отаны – Үндістан, Қытай және Мысыр. Ол 30 градустық ыстықты және өте көп мөлшердегі ылғалды жақсы көреді. Біздің елімізде қоза оңтүстік аймақта өсіріледі.

Зығыр – биіктігі 1 метрге жетпейтін өсімдік, сабағының қабықты бөлігінен талшық алынады. Талшықтан мата шығарылады. Бұл талшықтар талшықтан жасалған (лубяные) деп аталады. Олар тегіс, ұзын, тіке, берік және қалың болады. Зығыр матасы әдетте сұр түсті. Өзіне тән жылтыр сұр түсіне қарай зығырды солтүстік жібегі деп атайды.

Зығырдың Отаны – Ресей. Бұл өсімдік жарықты, ылғалды, шамамен орта қалыптағы жылылықты жақсы көреді, жеңіл аяздардан қорықпайды.

Кез келген маталар сияқты мақта және зығыр маталары механикалық, гигиеналық және технологиялық қасиеттерге ие (1-кесте).

Мақта-матасы жалтырамайды және кедір-бұдырлы. Бұл мата суды жақсы сіңіреді, тез кебеді, ауа өткізеді, жеңіл жуылады, қатты мыжылады, жақсы үтіктеледі. Одан тұрмыстық және техникалық бұйымдар дайындайды.

Мақта-матасының түрлері: шыт, бәтес, фланель, джинсалық мата, ши барқыт (вельвет).

Зығыр матасы берік, мықты, сол үшін де оны техникалық маталар дайындауда қолданады (палатка-шатырларға және рюкзак-жолқапшықтарға арналған брезент, және т.б.). Сонымен қатар, оны киім, жатын төсеніштерді дайындауда қолданады.

Зығыр матасының түрлері: зығыр матсы (льняное полотно), зығыр бәтесі (льняной батист), кенеп (парусина) (арнайы киімдерге).

Матаны алу

Түрлі міндеті бар маталарды дайындауда түрлі жіптер қажет етіледі. Жіп талшқытан дайындайды. Бұл процесс иіру деп аталады.

Талшық бума-бума болып, тоқыма фабрикасында түседі. Талшық тазартылады, арнайы түткіш (чесальная) машинада таралады.

Содан соң оларды бауларға бөледі. Баудан созу және иіру нәтижесінде жіп алынады.

Тоқыма фабрикасында жіптерден мата тоқиды. Мата тоқыма станогында жіптердің айқасуы нәтижесінде алынады. Бұл үрдіс тоқыма деп аталады.

Арқау орағыш ұршыққа (6) негізгі жіп (тік жіп) оралады. Шөрнекке (3) арқау жіп (көлденең жіп) оралған. Матаның тығыз тоқылуы үшін мата шетін жиек (кромка) (4) реттеп тұрады. Дайын мата тауарлы білікке оралады.

Тоқыма станогында тоқылған матаны қатал (суровый) деп атайды. Мата тоқу үшін белгілі бір жұмыс операциялары тізбектеле орындалады:

  • үйіту (опаливание) – матаның өң бетіндегі шығып қалған талшықтардың ұштарының алынып тасталуы.

  • ағарту – матаны ағартқышпен тазалау.

  • бояу – белгілі бір түспен матаны бояу.

  • басу (печатание) – ағартылған немесе біртүсті тегіс боялған мата бетіне сурет салу. Мұндай мата әрлеп безендірілген немесе айшықталған (набивной) деп аталады.

Киімді тігуде оның айырмашылығы білу керек. Матаның өң беті мен ішкі бетін айырудың белгілері мынадай:

1. матаның өң бетінде түйіндер аз болады.

2. өң бетінің суреті анық айшықталған.

3. өң бетінің жиегі жатық.

4. матаның өң беті жылтырайды, ішкі беті жылтырамайды.

Әрлеп безендірілген матаның өң және ішкі беті болады. Өң бетінде сурет анық айшықталады.

Жіп иіру дегеніміз - жекелеген қысқа талшықтардан ұзын жіп (иірілген жіп) шығарып алу. Тоқымашылық – мата алу үшін иірілген жіптерді өзара өріп-тоқу процесі. Жіп иіру де, тоқымашылық та ерте замандардан-ақ белгілі болған.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

1. Талшықтар қандай болып келеді?

2. Зығыр және мақта-матасының айырмашылығы қандай?

3. Жіп иіру дегеніміз не?

4. Тоқымашылық деп қандай процесті атайды?

5. Тігін матасы неден тұрады?

6. Матаның негізін қалай анықтаймыз?

7. Матаның өң бетін анықтау неге қажет?

Ү. Сабақты қорыту. Міне, қыздар бүгін біз мататану, мақта және зығыр маталары туралы көп мағұмат алдық. Матанын өң және терістеме жағын ажыратуды білдік.

ҮІ. Үйге тапсырма. 1 тарау. 56-71 бет оқу.

ҮІІ. Жұмыс орнын ретке келтіру.

Жануар талшықтарынан алынған матаның негізгі қасиеттері


Мата қасиеттері

Көрсеткіштер









Зығыр

Мақта



Механикалық

Мықтылығы – матаның өзіне түскен күшке (жыртылуға) қарсы тұрушылық қасиеті.

Жоғары

Орта

Қыртысталуы – матаны бүктеп орағандағы мыжылғыштығы.

Жоғары

Орта



Гигиеналық

Гигроскопиялығы – матаның қоршаған ортадан ылғал тарту қасиеті.

Орта

Жоғары

Жылу сақтағыштығы – матаның жылу сақтау қасиеті.

Өте төмен

Орта

Технологиялық

Сетінегіштігі – мата шетінің сетінеп, жіптердің төгіліп, шашақталуы.

Орта

Төмен

Отыруы – жылу мен ылғалдың әсерінен мата көлемінің кішіреюі.

Жоғары

Жоғары


Зығыр және мақта-матасының құрылымы



Қасиеттері

Зығыр матасы

Мақта-матасы

Сипалап көру

Салқын, ауыр, қатты

Жылы, жеңіл, жұмсақ

Сыртқы көрінісі бойынша

Жіптері қалың, тегіс, беті жылтыр

Жіптердің жуандығы (жіңішкелігі) бірдей, беті кедір-бұдырлы, жылтыр емес

Жыртылуы

Күшпен жыртылады

Оңай жыртылады




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ілмек бізбен іліп тоқу

Автор: Каранкулова Назира Жабыкбаевна

Дата: 24.12.2016

Номер свидетельства: 372960

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Ілмек бізбен іліп то?у"
    ["seo_title"] => string(21) "ilmiekbizbieniliptoku"
    ["file_id"] => string(6) "300924"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456825579"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Та?ырыбы: Ілмек бізбен ?шекей б?йымдар дайындау"
    ["seo_title"] => string(45) "takyrybyilmiekbizbienshiekieibuiymdardaiyndau"
    ["file_id"] => string(6) "277790"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1452967096"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "Ілмек бізбен ?шекей б?йымдар "
    ["seo_title"] => string(33) "ilmiek-bizbien-shiekiei-bu-iymdar"
    ["file_id"] => string(6) "208089"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1430737617"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Ілмек бізбен то?у технологиясы. То?у т?сілдері "
    ["seo_title"] => string(54) "ilmiek-bizbien-tok-u-tiekhnologhiiasy-tok-u-t-sildieri"
    ["file_id"] => string(6) "202215"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429196952"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Ілмек бізбен салфетка то?у ?діс-т?сілдері "
    ["seo_title"] => string(45) "ilmiek-bizbien-salfietka-tok-u-dis-t-sildieri"
    ["file_id"] => string(6) "193231"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427616208"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства