kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Шебер ?олдар"

Нажмите, чтобы узнать подробности

       «Адамды биік шы??а жеткізетін е?бек. Біз ба?а жетпес білім ?орын арттырып, оны жа?аша т?рлендіре білуіміз керек» – деген ?аза?стан Республикасыны? Президенті Н.?.Назарбаевты? с?зін ?олдай отырып, жас ?рпа?ты т?рбиелеуде технология п?ніні? м??алімдері білімді, білікті, жан-жа?ты дамы?ан, шебер, м?дениетті, адамгершілігі мол болуы ?ажет деп есептеймін. М??алiм ш?кіртті т?рбиелеп, бiлiм беруде сол о?ушы жаныны? инженерi ?рі олар?а адамгершiлiк ?асиеттi ендiруде м?сiншi. Ол ?з iсiнi? шеберi бола отырып, жо?ары м?дениеттiлiгiмен о?ушы мен ата-анасыны? сезiмтал досы болуы керек. ?йірме жетекшісі ретінде «Жастай берген т?рбие, талшыбы?ты игендей» деген ?станымды ?стана отырып, ш?кірттерімні? т?лім-т?рбиесіне айры?ша к??іл б?лемін. ?азіргі заман талабына мен с?ранысына байланысты халы?ты? ?олданбалы ?ол?нері дамып келеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Шебер ?олдар"»

Ұлттық қолөнерді дамытуда үйірменің маңызы

№17 орта мектебінің технология пәні мұғалімі Жұмашева Мейраш Ахметбекқызы

«Адамды биік шыңға жеткізетін еңбек. Біз баға жетпес білім қорын арттырып, оны жаңаша түрлендіре білуіміз керек» – деген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сөзін қолдай отырып, жас ұрпақты тәрбиелеуде технология пәнінің мұғалімдері білімді, білікті, жан-жақты дамыған, шебер, мәдениетті, адамгершілігі мол болуы қажет деп есептеймін. Мұғалiм шәкіртті тәрбиелеп, бiлiм беруде сол оқушы жанының инженерi әрі оларға адамгершiлiк қасиеттi ендiруде мүсiншi. Ол өз iсiнiң шеберi бола отырып, жоғары мәдениеттiлiгiмен оқушы мен ата-анасының сезiмтал досы болуы керек. Үйірме жетекшісі ретінде «Жастай берген тәрбие, талшыбықты игендей» деген ұстанымды ұстана отырып, шәкірттерімнің тәлім-тәрбиесіне айрықша көңіл бөлемін. Қазіргі заман талабына мен сұранысына байланысты халықтық қолданбалы қолөнері дамып келеді. Сондықтан да, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіру үшін мен көп ізденіс жұмыстарын жүргіземін. Оқушыларды қызықтыру үшін алдымен өзім қолданбалы өнер элементтерін пайдалана отырып, бұйым жасаймын, дайын бұйымды әшекейлеп оқушылармен оларды әрі қарай дамытамыз. Қызыққан оқушы бастаған жұмыстарын бітірмей қоймайды. Бастаған жұмыстары қандай болатынын олар білмейді, сондықтан да оны бітіруге асығады.

Қолөнер – ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Өнер туындыларының иесін шебер деп атаған. Қолөнер шеберлері табиғаттың әсем көріністерін қолөнер бұйымдарында жиі қолданған. Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр елдің, әр халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, тарихи ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырып келеді.

Қазіргі кезде қолөнер элементтері үй интерьерінде, киім сәндеу кезінде, бас киімді әшекейлегенде жиі қолданылып жүр. Оның орындалу технологиясына да ерекшеліктер енгізіліп келеді. Мысалы, біз «Шебер қолдар» атты үйірмемізде ою-өрнекпен әшекейленген бұйымдарды жапсырмалау, түрлі-түсті моншақпен безендіру жиі кездеседі. Әр түрлі жібек, жылтыр люрекс жіптерді қолданамыз. Дегенмен, көне заманнан келе жатқан қазақ қолөнері өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалған. Сол қолөнердің бір түрі – кесте тігу. Бірақ ерекшелігі – кестені ұсақ моншақпен, кішкене түйме тәріздес домалақ жылтыр материалмен орындау. Моншақпен тек киімді ғана емес, жаулықтарды, әр түрлі сувенир заттарды кестелеуге, панно тігуге болады. Моншақтардың тесікшелері өте кішкентай болғандықтан, жіңішке ине алған жөн. Жіп моншақпен түстес болу қажет. Қолөнер бұйымдарының ішінде моншақпен кестелеу, зергерлік бұйымдар жасау, сәнді картиналар, кесте тігу өнері, ұлттық ойыншықтарды жасау, ұлттық киімдерді тігу, кесте мен тігу өнері аса шеберлікті талап етеді. Бұл жұмыстар оқушыны әсіресе, қыз баланы шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, ептілікке, талғампаздыққа тәрбиелейді, кәсіби шеберлікке баулиды. Ал қазіргі заманда көпшілік оқушыларда осындай сәнді бұйымдарын жасауда төзімділігі мен бастаған ісін аяқтай білу қасиеттері жетіспей жататыны анық. Дәл осындай жағдайларда оқушыға бағыт-бағдар беріп, ынталандыра отырып жеке жұмыс істеп, оларды бақылауда ұстау ұстазға байланысты. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей ең бастысы ұстаз өз пәнінің шебері, баланы өзіне баурап алатын, педагогикалық және психологиялық кәсіби шеберлікті меңгерген болуы керек.

Үйірмеде ою-өрнектің жеті тобының тек бір түрін ғана беріп, оны басқа топ түрлеріне өз бетімен өзгерту тапсырмалары, түс үйлесімдіктерін таңдап құрастыру оқушының логикалық және әсемдікті сезіне білу талғамдарын дамытады. Атам қазақ, шебер әжелеріміз кезінде ешқандай оқулықты да, нұсқау картаны да қолданбағаны - олардың ақыл, ой саналарының ұшқырлығын көрсетеді. Сондықтан да «Ою ойғанның ойы ұшқыр» деп бекер айтылмаған болса керек. Қазақ – жоқтан бар жасаған дана халық. Қалдық, қажетсіз заттардан қажетті көркем бұйымды сәндеп жасап, оны сыйлық ретінде ұсынудың маңыздылығы мен сатуда қалай жарнамалау керектігін үйретемін. Оқушыға осындай сәндік өнерін жасауға қаржылай шығын шықпайтынын, экономикалық жағынан тиімділігі мен экологиялық табиғи таза заттардан жасалған көркем бұйымдар қай кезде болсын жоғары бағаланатынын түсіндіремін. Осы арқылы оқушы өзінің отбасылық бюджетіне кіріс кіргізіп көмектесе алатындығына сенімділігі артады.

Ұлы ата-бабаларымыздың ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ырым-жоралар, қолөнер бұйымдарын жасаудағы тәжірибелерін үйреніп, мәдениетімізді ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыруда, оқушылардың  ой жүйесін ұштауда, көркем мінезді болуға баулуда, өнерге құштарлық сезімін оятып, әсемдікті сезініп, оның сырын терең түсінуге жетелеуде, өзгенің еңбегін кемсітпей құрметтеп, бағалау керектігін  түсіндіруде, көненің көзі болған ұлттық мұрамызды зерттеуде технология пәні мен қолөнер үйірме жұмыстарының атқаратын рөлі ерекше болмақ. Осы мақсатта мектебімізде «Шебер қолдар» қолөнер үйірмесі өз жұмысын жалғастыруда. Үйірме сабақтарында ұлттық қолөнер мен дәстүріміздің  қаншалықты құнды екені түсіндіріледі. Шығармашылық жоба жұмыстарын орындату арқылы оқушыларға адамгершілік, мейірбандылық, еңбек, дене, ақыл-ой, эстетикалық тәрбие беріледі әрі үйірме сабақтары шығармашылық  қабілеттерін дамытады. «Шебер қолдар» қолөнер үйірмесіне қатысушы шәкірттерімнің өз туындылары мен бұйымдары бүгінгі күні облыстық және аудандық  шығармашылық жарыстарға қатысып, бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды. «Шебердің қолы ортақ» демекші оқушылар «Шебер қолдар» үйірмесі арқылы халық қолөнерінің өшпес мұраларын қайта жаңғыртып, шеберліктерін шыңдауда.

















№17 орта мектеп











Ұлттық қолөнерді дамытуда үйірменің маңызы


Әдістемелік жиналыста оқыған баяндама





Жумашева Мейраш Ахметбековна














2014 жыл


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Шебер ?олдар"

Автор: Жумашева Мейраш Ахметбековна

Дата: 17.11.2015

Номер свидетельства: 254658

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Шебер ?олдар.Сайыс саба? "
    ["seo_title"] => string(28) "shiebier-k-oldar-saiys-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "135313"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1416903949"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) "Шебер ?олдар ?йірмесіні? жоспары 5-6 сыныптар ?шін "
    ["seo_title"] => string(57) "shiebier-k-oldar-uiirmiesinin-zhospary-5-6-synyptar-ushin"
    ["file_id"] => string(6) "244225"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1445885691"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(23) "ШЕБЕР  ?ОЛДАР"
    ["seo_title"] => string(18) "shiebier-k-oldar-1"
    ["file_id"] => string(6) "316283"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1460047979"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(110) ""Шебер қолдар" тақырыбында авторлық білім беру бағдарламасы"
    ["seo_title"] => string(64) "shiebier_k_oldar_tak_yrybynda_avtorlyk_bilim_bieru_bag_darlamasy"
    ["file_id"] => string(6) "424772"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1501658709"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Шебер қолдар \Вариативтік компонент/"
    ["seo_title"] => string(35) "sheber_koldar_variativtik_komponent"
    ["file_id"] => string(6) "500434"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1550551708"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства