kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Шебер қолдар" тақырыбында авторлық білім беру бағдарламасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Авторская образовательная программа "Шебер қолдар" расчитана для обучающихся первого и второго года обучения, занимающихся техническим творчеством

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Шебер қолдар" тақырыбында авторлық білім беру бағдарламасы»

Түсініктеме хат


«Шебер қолдар» атты авторлық білім беру бағдарламасы үйірме оқушыларының бірінші оқу жылына арналған. Бірінші оқу жылында үйірме оқушыларының біліміне 144 сағат бөлінеді. Шығармашылық шабыт арқылы-жеке тұлға өзінің бақытын табады. Адам өз туындыларын дүниеге келтіру арқылы, рухани әсер алып, өмірің ұзартуға тырысады.

Қолданбалы-көркем өнер-мәдени мұраның негізгі бөлімі болып табылады, бір жағынан тамырымен халық шығармашылығынан шығарады, сонымен қатар қазіргі заман талабына сай үздіксіз дамиды және жетіліп келеді.

Балаларды қолданбалы көркем өнердің түрлеріне тарту, оларды еңбекке баулу болып табылады және тәрбиелік мәні бар. Өнер әлемімен танысып, өз қолдарымен өнер туындыларын жасап, рухани жетіледі, әсем әлеммен танысады. Біздің ата-бабаларымыз қалыптасқан, халық даналығын меңгереді, дүниетанымы дамиды.

Капроннан бұйымдар жасау бұйымдар жасау техникасы балаларды қызықтырады, нәтижесін бірден көруге болады, аз уақыт, аз күш жұмсалады. Шығармашылықтың осы түрімен айналысу, ойлау қабілетін, икемділігін, жігерін дамыта түседі. Қабілеті толық жетілмеген баланың қоғамға икемдігін арттырады, толық жетілуіне септігін тигізеді.

Осы бағдарламаны іске асыру арқылы, баланың шығармашылықты меңгеруге қамтуға жағдай жасау арқылы, өзінің шығармашылық қабілетінің іс-жүзіне асыру болып табылады.

Бұл бағдарлама бойынша оқыту баланың тұлғасын интеллектуалдық және рухани білім беру, танымдық іс-әрекетінің әлеуметтік-мәдени және кәсіби өзін-өзі дамыту және оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру үшін қолайлы жағдай жасалған .

Бағдарлама 1 оқу жылына негізделген. Оқушылардың жасы мен білімі маңызды. Топқа 4-6 класс оқушыларын жинақтауға болады Міндеттер мен олардың орындалуын уақыт күрделілігі әр түрлі болу мүмкіндігімен , бұл бағдарлама оқушылардың аралас - жас топтары үшін қолданылуы мүмкін.Әр топтың адам саны – 8-10 адам. Ерекше көңіл эстетикалық білім беру, оқушылардың көркемдік талғамын дамытуға бөлінеді.

Сабақтар балаларға қызықты , әрбір бала жұмысы шығармашылықпен жасалғанын, дұрыс жұмыс істеу ниетімен, бала жетістіктерін мақтан тұта алатындай - осы бағдарламаның табысты шарттары болып табылады.








Мақсаттар мен міндеттері

Бағдарламының мақсаты – капроннан бұйымдарды дайындау теникасын меңгеру арқылы және тұлғаның дамуына жағдай жасау.

Міндеттері:

  • капронмен жұмыс істеу әдістеріне үйрету;

  • шығармашылық қабілетін,зейінің, ойлау қабілетін, саусақтарының икемділігін дамыту;

  • ұқыптылыққа тәрбиелеу, эстетикалық талғамын, еңбекке қызығушылығын арттыра түсу;

  • материалды үнемдеуге үйрету;

  • оқушылардың еңбектің нәтижесін көруге, адамдармен қарым-қатынасын нығайтуға қалыптастыру.


Бағдарламаны іске асыру түрлері мен әдістері

Ұйымдастырушылық

«Шебер қолдар» бағдарламасын,бірінші жыл меңгеруге 144 сағат бөлінеді. Сабақ аптасына 2 сағаттан 2 рет жүргізіледі. Бағдарлама 8-14 жас аралығындағы оқушыларға арналған.

Әдістемелік

Сабақтар түрі: аралас суретерді көрсету арқылы (баяндама, сызбалар, практикалық жұмыстар).

Бағдарламаны меңгеру әдістері:

1. Жаңа технологиялар облысында ойлау,меңгеру қабілеттерін арттыра түсу;

2. Өз еркімен меңгеруге ынтасы;

3. Әр тұлғамен жеке жұмыс жасау;

4. Өзара бірлесіп жұмыс жасауға машықтану.


Сабақтардың құрамдас, негізгі бөлімдері:

- теориялық;

- практикалық.

Негізгі әдістері мен түрлері

1. Ойлау қабілетін дамыта түсу;

2. Білім беруде жай тапсырмалардан күрделі тапсырмаға көшу;

3. Көппен және жеке дара жұмыс жасау.



Бағдарламаны меңгеру арқылы көрсетілетін нәтижелер


Қосымша білім беру бағдарламасын меңгеру арқылы көрсетілетін нәтижелер:

- оқушылардың дайын жұмыстарының көрмесі;

- оқушылардың жұмыстарын суретке түсіру,үйірменің қызметі туралы ақпараттар;

- шығармашылық жұмысты,жобаны қорғау;

- әртүрлі деңгейдегі қолданбалы-көркем өнер көрмелеріне, байқауларына қатысу.


Күтілетін нәтижелер:


Бірінші оқу жылында

Қолданбалы-көркем қызметпен айналысудың ерекше құндылығы еңбек ету арқылы әлеуметтік қажетті бұйымдар жасап шығару.

Капроннан жасалған бұйымдар киімдерді әшекейлеуге, т.б. пайдаланылады. Оқушылар өз қолдарымен бұйымдар жасап, сыйлықтар дайындап достарын, жақындарын қуантады. Олар өз еңбектерінің мектепке, ата-анасы, басқа адамдарға қажеттілігін түсінеді. Әдемі қазіргі заман талабына сай бұйымдарды дайындау арқылы белсенді шығармашылық, іздену қызметіне араласады, өзінің идеясын іс-жүзінде көруге асығады.

Оқушылар әртүрлі әдістерді меңгеру арқылы, сапалы бұйымдар дайындау технологиясын меңгереді:

- әртүрлі идеяларды ойластыруға;

- осы идеяларды бағалауға;

- бір немесе бірнеше идеяны ойластыруға,практика жүзінде іске асыруға;

- дайындау процесін жоспарлауға;

- бұйымдар дайындауға;

- өзінің еңбегін бағалауға.

Шығармашылық еңбектің нәтижесі – өзінің идеясын іске асыру арқылы, өзінің қабілетін көрсетуге, сонымен қатар бағалауға, кейбір біліктілікке шыңдайды.

Сабақтарда алған білімдері,оқушыларды қоршаған ортаға бейімдейді, өмірде пайдаға асатынын дәлелдейді.


Оқу-тақырыптық жоспар

1-ші оқу жылы

Сабақтар тақырыбы

Барлығы

Теория

Практика

1

Кіріспе сабақ

2

1

1

2

Қағаз, картонмен жұмыс

24

4

20

3

Қалдық, табиғи материалдармен жұмыс жасау

26

4

22

4

Капрон материалдың әдіс-тәсілдері

14

4

10

5

Капрон матасынан гүлдерді, қуыршақтарды жасау жолдары

36

6

30

6

Канзаши техникасында таспадан гүлдерді жасау

36

4

32

7

Қолданбалы шығармашылық көрмесін тамашалау

2

1

1

8

Шығармашылық жұмыстар көрмесі

2


2

9

Қорытынды сабақ

2

2



Барлығы

144

26

118


Бағдарламаның мазмұны

  1. Кіріспе сабақ.

Сұхбаттассу, оқушыларды үйірме жұмыстарымен таныстыру. Сабақ кезінде оқушылардың тәртібіне қойылатын талаптар. Жұмыс орнында тазалық сақтау.

  1. Қағаз, картонмен жұмыс.

Үлгі бойынша қозғалмалы ойыншықтар жасау. Оригами әдісімен танысу. Қағазды екі бүктеп көкөністердің, жемістердің, жапырақтардың суреттерінсимметриялық қию. Үлгі бойынша аппликацияларды дайындау. Ойыншық-марионетка дайындау (үлгі-қалыппен жұмыс). Үстел ойыншықтарын дайындау (үлгі-қалып бойынша). Шырша тізбегін, ойыншықтарын дайындау. Карнавал бет пердесін дайындау. Құттықтау ашық хатын дайындау (үлгі-қалып бойынша).

  1. Қалдық, табиғи материалдармен жұмыс жасау.

Ертегі кейіпкерлері үшін үй құрастыру. Төртбұрышты қораптардан ойыншықтар құрастыру. Пластмасса бөтелкелерінен, банкаларынан ойыншықтар.

  1. Капрон материалдың әдіс-тәсілдері.

Негізгі қалыпты дайындау. Түстерді таңдау.

  1. Капрон матасынан гүлдерді, қуыршақтарды жасау жолдары.

Жай гүлдерді дайындау техникасы. Түстер дайыну. Капрон матасынан жапырактарды дайындау.

  1. Канзаши техникасында таспадан гүлдерді жасау.

Канзаши шығу тарихы. Әдіс-тәсілдері. «Хризантема», «Түймедақ» гүлдерді жасау.

  1. Қолданбалы шығармашылық көрмесін тамашалау.

Капрон матасынан шаш қыстырғыштар қолданбалы көркем көрмесін тамашалау.

  1. Шығармашылық жұмыстар көрмесі.

  2. Қорытынды сабақ.

Үйірме мүшелерінң оқу жылы дайындалған жұмыстарын бағалау.









Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Жорнал «Девчонки и мальчишки», 2014 ж. № 90

  2. Жорнал «Девчонки и мальчишки», 2013 ж. № 53

  3. Жорнал «Коллекция идей», 2013 ж. № 8

  4. Мектептегі технология, 2014 ж. № 3

  5. Мектептегі технология, 2013 ж. № 6

  6. Оқулық еңбекке баулу, Алматы Атамұра, 2004 ж.

  7. «Креатив» жорналы, № 3, 4 2014 ж.

  8. «Радость творчества» жорналы, 2013 ж. № 4, 5, 6

  9. «Волшебные ножницы», Москва 2000 ж.

  10. «Мир игрушек», Смоленск 2000 ж.

  11. «Природные дары для поделок и игры», Ярославль 2000 ж.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
"Шебер қолдар" тақырыбында авторлық білім беру бағдарламасы

Автор: Байсарина Айгуль Исянгуловна

Дата: 02.08.2017

Номер свидетельства: 424772


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства