kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Белдік бұйымдары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Белдік бұйымдары туралы қысқаша мәлімет беру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Белдік бұйымдары»

Сабақтың тақырыбы: Белдік бұйымдар. Белдемше түрлері, тарихы.
Сабақтың мақсаты:

  • Оқушылардың теориялық білімдері мен практикалық іс іскерліктерін ұштастыра отырып, пішу,тігу технологиясын менгеру, өздігінен жұмыс жасауға, тігін өнеріне қызығушылығын арттыру.

  • Тігін технологиясы туралы  білімдерін  кеңейтіп , одан  әрі таным деңгейін  арттыру, көру  және  ойлау  қабілетін дамыту.

  • оқушылардың ой-өрісін, көргендерін еске сақтап, қолдарын жаттықтырып, өмірде  қолдана  білуге баулу, әсемдікке, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке үйрету

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап, ұжымдық, практикалық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: тігін машинасы, суреттер,
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ . Үй  тапсырмасын  тексеру
а)  тігін  машинасының  құрылымының  негізгі  бөліктерін атау .
ә)  тігін  машинасы  жетектерінің  түрлерін  ата.
б)  машина  жұмысын  орындауға  дайындық үстінгі, астынғы  жіптерін  сабақтау
в)  тігін  машинасымен  жұмыс  істеу  кезіндегі  қауіпсіздік ережесі.

Қорыту. Бағалау

ІІІ. Жаңа сабақ

Белдік бұйымдар. Белдемше түрлері, тарихы.

Белдемшенің шығу тарихы Белдемше- әйелдердің сәнді киімі. 19 ғасырдың аяғына дейін әйелдер оны ойын-сауық кезінде көйлек сыртынан киген. Белдемшенің алдыңғы өңірлері бір-біріне түйісіп тұрады да, белінен төмен қарай кеңи береді. Белдемше барқыттан, әр түрлі жібекматалардан тігіліп, жиегі айнала кестемен немесе құндыз терісімен көмкеріледі, түрлі әшекейлермен безендіріліп, белі қапсырмамен түймеленеді. Белдемшені көйлектің етегін түгел жаппайтындай етіп тігеді. Белдемше — үй шаруасында жүргенде алға байлап алатын алжапқышты да “белдемше” деп атайды. Оны жалаң қабат күйінде, түрлі-түсті шыттан тігіп, малсауғанда, тамақ даярлағанда тазалық үшін киеді. 
Стиль түрлері 
• Классикалық 
• Романтикалық 
• Спортық 
• Фольклорлық ( этникалық) 


Әр түрлі киімге жататын бұйымдарды екі негізгі топқа бөлуге болады. Белдікті және иықты. Белдемше, шалбар, белдемше шорты, шалбар-белдікті топты бұйымдар, көйлек, блуза, қамзол, халат және басқалар - иықты топты бұйымдар. Белдікті бұйымдарда белдемше ең көп топты құрайды. Белдемше костюмның бөлігі, өзіндік бұйым немесе көйлектің бөлігі болуы мүмкін. Силуэт бойынша белдемшелерді тіке, етегіне кеңейе түскен және енсіз келген болады. Олар пішуіне қарай үш топқа бөлінеді: тіке, қиықты және клеш. Тіке белдемшелер қынамалы бір, екі немесе үш тігісті, складкамен немесе оларсыз, кең, бүрмелі немесе резеңкеде болуы мүмкін. Тіке белдемшелерде негізгі жіптер бұйымның ұзындығында орналасады. 
Клеш белдемшелердің пішу негізін толық дөңгелек немесе оның бөлігін құрайды. Оларды кеңею сатысына қарай негізгі жеті топқа бөледі: клеш, үлкен клеш, кішкене, орташа, үлкен «колокол», «полусолнце» және «солнце». Бел, жамбас, етек сызықтары дөңгелектің бөлігін құрайды. Бұл белдемшелердің негізгі және арқау жіптердің бағыты әр түрлі бөліктерінде біркелкі емес. алдының ортасында негізгі жіп ұзындығымен орналасады, ал қалған бөліктерінде басқаша. Қиық белдемшелер 4, 6, 8, 10 және 12 қиықтан тұрады, төменге қарай кеңейе түскен. Әр қиықтың кеңеюі қиық белдемшелерге складкалардың орналасуына өзіндік түр береді. Негізгі жіп мұндай белдемшелерде әр қиықтың орта сызығының ұзындығымен жатады. Белдемшеге мата таңдағанда, оны немен киетіндігін шешіп алу керек: блузкамен, жемпірмен, қамзолмен. Мата таңдауы бұйымның қолданылуына қарай (күнделікті, үйге киюге), мезгілге (жаз, қыс), сәнге және пішінінің ерекшелігіне байланысты. Тіке белдемшелерге ауыр және тығыз мата үсынылады (жүн, джинсы матасы). Әр түсті, сызықша немесе шатраш. Төменге қарай кеңейе түскен белдемшелерді жеңіл маталардан тігеді: мақта, зығыр, жүн және жібек. Клеш және қиық белдемшелерді тігуге жақсы драпталатын маталар лайық мақта, жібек немесе жеңіл жүн. Белдемшенің сәні матаның еніне қарай таңдауға әсер етеді. Тіке белдемшелерді пішуге енді және енсіз матаны, ал етегіне қарай кеңейе түскен немесе складкадары болса, енді матадан тікекен ыңғайлы. Кез келген киімнің пішімін жасаудың бірнеше түрі бар. Олар дәстүрлі сызба, сән журналынан сызба алу және компьютерлік бағдарлама арқылы киім сызбасын жасау. 

ІҮ. Шығармашылық жұмыс (оқушылар өздері таңдау керек, осыған байланысты жоспар өзгереді)

    1. Сән журналынан белдемше таңдау.

    2. Белдемшенің сызбасын жасау.

    3. Сән таңдау (төрт стильде). Сәннің сырт көрінісін сипаттау.

Жұмыстың орындалу реті

  1. Сән үлгісін ақ беттің сол жағына жапсыру.

  2. Жоспар-үлгісі бойынша сипаттау.

  3. Ұқыпты орындау.

Жоспар-үлгісі

  1. Кімге және неше жасқа арналған?

  2. Сәннің сырт көрінісін сипаттау.

  3. Стиль (классикалық, романтикалық, фольклорлық, спорттық).

  4. Киімнің түрі (тұрмыстық, спорттық, сахналық, арнайы, техникалық).

  5. Силуэт (тік, сонақ, Х-силуэт, трапеция, қынамалы, жартылай жайтанған).

  6. Пішімі (қиял, қатал).

  7. Ілгегі – бір өңірлі, екі өңірлі, түймемен ілгектенеді, ысырма ілгек.

  8. Жеңнің пішілуі – қондырмалы, реглан, тұтас пішілген, аралас, ұзын, қысқа, 3/4.

  9. Жаға – өңірі ашық, қайырмалы, тік, шальді, апаш.

  10. Мойындық (төртбұрышты, үшбұрышты, дөңгелене, фигуралы т.б.) көрсет.

  11. Қалта – жапсырмалы, тілікті, «рамкалы» т.б.

  12. Етегі – кеңейтілген, «годэ», тік, аралас, әшекейленген.

  13. Әшекейлеуі – желбіршек, кесте, жіптер, таспа, түйме, бүрме, бедер, қатпарлар, қапсырмалар.

  14. Қандай матадан тігілген?

Ү. Сабақты бекіту. Бағалау.

Үйге тапсырма беру: құралдар, 4 стильде сәннің сырт көрінісін сипаттап келу, см. таспа, сән журналдар, «линейка закройщика» т.б.















Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс №1 «Белдемше үлгісінің нұсқау картасын дайындау. Өлшемдерді алу. Есептеу»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бұйым сызбасын құруға арналған өлшем алу жөніндегі тапсырманы меңгеруін қамтамасыз ету. Дәстүрлі, сән журналдарынан арқылы пішім жасап үйрету. Өлшем алу біліктерін жетілдіру, сантиметрлік лентаны дұрыс қолдана білуді үйрету. Адам мүсіні бойындағы бағдарлық нүктелер арқылы өтетін кеңестік линияларды ойша жүргізе білуді дамытуға жағдай жасау. Жұмыс жасау кезінде зейінділікке, жауапкершілікке, дәлдікке тәрбиелеуге жағдай жасау. 
Сабақтың түрі: аралас Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, практикалық
Көрнекі құралдар мен жабдықтар: сән журналдары, белдемшенің нұсқау картасы, сантиметрлік таспа, клеенка, құралдар.
Сабақтың барысы:

I .Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.. Үй тапсырмасын тексеру. (тест тапсырмалары арқылы тексеру)

1.Белдікті бұйымдарға қандай киімдер жатады?

а) шалбар, белдемше ә) көйлек, блузка,шалбар б) белдемше, камзол, баскиім

2.Табиғи талшықтарды ата?

а) жібек, капрон ә) жүн, жібек б) лавсан, шифон

3.Қолдану мақсатына қарай киім түрлерінің бөлінуі?

а) тұрмыстық, өндірістік, формалық ә) жазғы,қысқы б) сырткиім,баскиім

4.Маусымдық қолданысына қарай киімдер?

а) жазғы, қыстық, көктем мен күз ә) эстетикалық, гигиеналық б) классикалық, романтикалық

5.Киімге қойылатын гигеналық талаптар?

а) бағасының қымбат болмауы ә)химиялық тазалауларға төзімділігі б) ылғалсіңіргіштік, ауаөткізгіштігі, жылусақтағыштығы

6. Киімге қойылатын экономикалық талаптар?

а) сапасы жоғары, бағасы қымбат болмауы ә)сыртқы ортаның зиянды әсерінен қорғауы б) жуу құралдарына төзімділігі

7.Өлшем алғанда пайдаланатын құрал?

а) сызғыш ә) сантиметрлік таспа б) лекало

Дұрыс жауаптары: 1-а, 2-ә, 3-а, 4-а, 5-б, 6-а, 7-ә Оқушылар жауаптарын өздері тексереді.

Бағалау нормасы:

«5» баға – 7дұрыс жауап

«4» баға – 5-6 дұрыс жауап

«3» баға – 3-4 дұрыс жауап 
ІІІ. Практикалық жұмыс 

Кіріспе нұсқау

  • қауіпсіздік ережелерін сақтау

  • түсіндіру

  • практикалық жұмысқа дайындығын тексеру

  • нұсқаулық бойынша жұмыс

Оқушылар топпен жұмыс істейді ( Әр топтан 1 оқушының өлшемі алынады) Адам киімнің өлшемін білу үшін бел шеңберін, мықын шеңберін түгел өлшеп, алынған өлшемді екіге бөлу керек. Сонда алынған цифр дененің өлшеміне сәйкес .

Белді белдікпен қынайды, жеңіл киіммен тұрғаны дұрыс. Өлшегенде см. лентаны сол қолмен үстап, өлшейтін басты нүктеге әкеледі, әйел киімін оң жақтан, еркек киімін сол жақтан өлшейді.

Жба- Белдің жартылай орамы. Көлденеңінен тұлғаны айналдыра бел деңгейінде түсіріледі. Өлшем белбеудің ұзындығын және қымтырмалардың енін есептеуге қолданылады.

Жма- мықынның жартылай орамы. Көлденеңінен жамбас тұлғасын айналдыра түсіріледі. Өлшем белдемшенің енін және қымтырманың енін анықтау үшін қолданылады.

БҰ- Бұйымның үзындығы. Артқы бойдың бел сызығынан төмен қарай қажетті үзындыққа дейін түсіріледі. Өлшем белдеменің ұзындығын анықтау үшін қолданылады

Ар.б.ұ – Артқы бойдың белге дейінгі ұзындығы.

Артұы - бойдың бел сызығынан мойын нүектесіне дейін түсіріледі ( жетінші мойын омыртұасы). Өлшем бел сызығына жамбас сызығынан жамбас сызығына дейінгі ара қашықтық осы өлшемнің жартысына тең болады.
Ағымдағы нұсқау:

  • Кіріспе нұсқауға және нұсқау карталарына сай тапсырмалардың орындалу ретіне бақылау жасау.

  • Дұрыс өлшем алуына азар аудару, қажет жерінде практикалық көмек көрсету.

  • Қауіпсіздік ережелерінің сақталуын бақылау.



1–ші топ.Дәстүрлі тор сызба арқылы тік белдемшенің сызбасын жасайды.

2-ші топ.Сән журналдарынан белдемшенің пішім сызбасын алады.



1. Дәстүрлі тор сызба арқылы тік белдемшенің сызбасын жасау 
2.Сән журналынан пішім сызбасын алу

1.Сән журналынан қалаған модель үлгісін таңдау

2.Өңдеу күрделілігіне, модель нөмеріне назар аудару

3.Алынған өлшемдер бойынша нақты өлшемін анықтау

4.Үлгі парағын, сызық түсін, бөліктер санын анықтау

5.Үлгіні маркермен сызып шығу

6.Кленкаға пішімді бастырып алу

7.Үлгіні қию 

Қорытынды нұсқау:

  • Орындалған жұмысының сапасын тексеру

  • Әр жұмысына сараптама жасап, өз ойларын айту.

  • Әрбір оқушының жұмыстағы жетісті ктері мен кемшіліктеріне талдау жасау, қажет деген кейбір жұмыс тәсілдерін көрсету.



ІV.Жаңа сабақты бекіту 
- Өлшемді өлшенетін адамның қай жағынан тұрып аламыз?

- Белдемше тігу үшін қандай өлшемдер алу қажет?

- Киім тігу үшін пішім жасаудың неше жолы бар?

- Стильдің неше түрі бар?

V. Қорытынды. Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма беру: құралдар, «линейка закройщика»









Сабақ № 12

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс № 2 «Белдемшенің сызбасын тұрғызу. М1:4, М1:1»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бұйым сызбасын құруға, сызуға, есептеуге, «линейка закройщика» дұрыс қолдана білуді, өздігінен жұмыс жасауға үйрету. Белдемшенің сызбасын М1:4, М1:1 тұрғызу. Практикалық іскерліктерін арттыра отырып, жұмыс жасау кезінде зейінділікке, жауапкершілікке, дәлдікке тәрбиелеуге жағдай жасау. 
Сабақтың түрі: практикалық Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, практикалық
Көрнекі құралдар мен жабдықтар: сән журналдары, белдемшенің нұсқауламалық картасы, «линейка закройщика», плакат немесе тұсқағаз, құралдар.
Сабақтың барысы:

I .Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Практикалық жұмыс 

Кіріспе нұсқау

  • қауіпсіздік ережелерін сақтау

  • түсіндіру

  • практикалық жұмысқа дайындығын тексеру

  • нұсқаулық бойынша жұмыс

  • сызбаның құрылымын жасау (формула мен есептеу бойынша)

1–ші топ.Дәстүрлі тор сызба арқылы тік белдемшенің сызбасын жасайды.

2-ші топ.Сән журналдарынан белдемшенің пішім сызбасын алады.

Ағымдағы нұсқау:

  • Кіріспе нұсқауға және нұсқау карталарына сай тапсырмалардың орындалу ретіне бақылау жасау.

  • Сызбаны тұрғызу М 1:4, кейін М1:1 және оны орындалуына назар аудару, қажет жерінде практикалық көмек көрсету.

  • Қауіпсіздік ережелерінің сақталуын бақылау.



1. Дәстүрлі тор сызба арқылы тік белдемшенің сызбасын (М 1:4), кейін тексеріп М1:1 бастап жасату. 


2.Сән журналынан пішім сызбасын алу

1.Сән журналынан қалаған модель үлгісін таңдау

2.Өңдеу күрделілігіне, модель нөмеріне назар аудару

3.Алынған өлшемдер бойынша нақты өлшемін анықтау

4.Үлгі парағын, сызық түсін, бөліктер санын анықтау

5.Үлгіні маркермен сызып шығу

6.Кленкаға пішімді бастырып алу

7.Үлгіні қию 

Қорытынды нұсқау:

  • Орындалған жұмысының сапасын тексеру

  • Әр жұмысына сараптама жасап, өз ойларын айту.

  • Әрбір оқушының жұмыстағы жетісті ктері мен кемшіліктеріне талдау жасау, қажет деген кейбір жұмыс тәсілдерін көрсету.



Қорытынды. Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма беру: құралдар, М 1:1 сызбаны плакатқа сызып келу, мата 80см – 1 м



Сабақ № 13

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс № 3 «Белдемшені модельдеу»
Сабақтың мақсаты:

  • белдемшені модельдеу әдістерімен таныстыру, таңдап алған белдемше фасонын модельдеуге үйрету;

  • тақырып бойынша материалды меңгерулерін қамтамасыз ету;

  • модельдеу саласында алған білімдерін дамыту, жұмыс істеу әдіс-дағдыларын дамыту; қиялындағы фасонды қағаз бетіне сурет қиып түсіре білуге, қиялдай білуге үйрету;

  • жұмыс тәртібін сақтау; еңбекті бағалауға үйрету;

  • еңбек және тұрмыс гигиенасы ережелерін сақтай білуге тәрбиелеу;

  • өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас Сабақтың әдісі: түсіндірмелі-суретті, практикалық

Құрал – жабдықтар мен көрнекіліктер: модельдеу бойынша кестелер, үлгілер, түрлі түсті қағаз, А-3 формат ақ қағаз, құралдар.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың білімін тексеруге арналған сұрақтар.
А) Сендер «модельдеу» терминін қайдан кездестірдіндер және ол нені білдіреді?
Б) «Фасон» дегеніміз не? Мысалдар келтіріндер.
В) Бұйымдарды қалай өңдейді?
С) Бұйымдардың бөлшектерімен пішіні және түр-түсі өзара үйлесуі керек пе ? Мысалдар келтіріндер.
II. Жаңа материалды баяндау.

Оқушылар жасалған сызбалар базасында маусымдық сән үрдестеріне сәйкес модельдеу дағдыларын жетілдіреді. Түрлі киім модельдерін (сән журналдарын), маталарды, киімге арналған фурнитураларды пайдалана отырып, сәндегі бағыттарды көрсетеді. Киімнің дамуы өндірістің, техниканың дамуымен, қоғамның әлеуметтік жағдайымен байланысты екендігін атап айту. Алдыңғы бөлшек, артқы бөлшек, белдік және т. б. пішіндерін қалай өзгертуге болатынын түсіндіру және көрсету.
Киімді модельдеудегі үш негізгі принципі
1. Киімнің адамның сыртқы және ішкі кескініне сәйкес болуы;
2. Арнаулы киімдердің мақсатқа сай, қолдануға ыңғайлы болуы;
3. Киімнің қолданылатын аясына, түріне пайдаланылатын материалдың сәйкес болуы.
Киімді модельдеу – бұл эскиз бойынша жасалған бұйымның үлгісі. Киімді модельдеумен суретші-модельер айналысады. Модельер адамның денебітімін, оның пропорциялары мен пластикаларын, сондай-ақ костюмнің бөлек бөлшектерінің үйлесімдік заңдары мен ережелерін, пішім сызықтарын, әрлеуді білуі керек. Қосымшалар мен безендірулерді, сондай-ақ тігін ісінің технологиясын жақсы ажырата алуы қажет.
Модельдеудің мақсаты және міндеті – қоғамның дамуына сәйкес әдемі, қолайлы киімдер жасау. Сән мен костюм әрқашанда стиль мен дәуірді бейнелейді.
Бұйым дайындалатын үлгіні жасап шығаруды «модельдеу» дейді. Ертеректе модельдеуді сәнмүсінге (манекенге) немесе тұлғаға (фигураларға бөлшектерді шындау) өлшеп жасаған. Алайда мұндай модельдеуге мата көп жұмсалатындықтан ол өте тиімсіз болды. Оның үстіне адамдардың бәрінің тұлғалары бірдей емес, ауытқулар бар, сәнмүсінде ол ескерілмейді. Дегенмен сәнмүсінде модельдеу арқылы матаның адам денесіне, бет-бейнесіне қонымдылығын, үйлесімділігін алдына ала білуге болады.
Модельдегенде матаның қасиетін ескеру керек. Өйткені қатпарлау мен күлтелеудің сипаты осыған байланысты болады. Матаның қиғаш көлденең және бойлық жіптер (долевой нити) бойымен орналасуын да осылай тексереді. Модельдеу өнерінің сәндік қолданбалы өнердің басқа түрлерінен айырмашылығы оның тікелей адамдармен байланыстылығында. Костюммен адамның сыртқы келбетін өзгертуге, неғұрлым әдемірек етіп көрсетуге, кемшілік тұстарын жасыруға болады. Матаның түр түсімен көздің, шаштың, беттің әлпетін жақсартуға да болады.
Модельдеу адамдардың талғамын тәрбиелейді, адамның сұлулығын арттырады. Киім кию арқылы адам өзінің сыртқы көрінісін өзгертіп, әдемілейді, кем-кетігін жасырып, өзін тартымды, сымбатты етіп көрсете алады. Модельдеу көпшіліктің қолынан келетін іс. Кез келген адам өзінің қиялын жүзеге асырып, әдемілік туралы түсінігін жеке шеберлігі арқылы көрсетуіне болады. Өз дәуіріміздің бет-бейнесіне сай сәнді киімдер жасауға болады. Француздың белгілі суретші-модельері Пьер Карден «Мен сәнді көшеден аламын да, оны кері қайтарамын», – деген екен.
Модельдеу – жаңа модельдегі киімдерді шығару, жаңа пішімдерді ойлап табу, бұрынғы киімдерге конструкциялық және әшекейлік сызықтар енгізіп өзгерту.
Конструкциялық сызықтар – бөлшектің негізгі пішімін жасайтын және бұйым бөлшектерін (артқы бөлшек, алдыңғы бөлшек, белдік) қосатын сызықтар болып табылады.
Әшекейлік сызықтар тек қана бұйымды әшекейлеуге арналған. Әшекейлеу сызықтарына әр түрлі өңдеу сызықтары жатады: бүкпесіндер, қатпарлар, бүрмелеу, кестелеу, шеттіктер, өңдеу тігістері, т. б.
Модельдеудің екі түрі болады:
көркемдік (шығармашылық);
техникалық.
Көркемдік модельдеумен сән үйлерінің, тігін фабрикалары эксперименттік лабораторияларының суретші-модельерлері айналысады. Олар сән бағыттарын, модельдің кімге арналғанын, оның қызметін, қандай матадан жасалатынын, өндеу түрлерін, модельдің түр түсін таңдауды, ұсақтүйекті (фурнитураны) аксессуарларды ескере отырып, бөлшектер коллекцияларын жасайды.
Техникалы модельдеу дегеніміз – нобайлар, суреттер, фотографиялар бойынша модельдер жасау. Онымен инженер – конструкторлар шұғылданады. Олар модельдің нобайына байланысты сызбаның жекелеген бөлшектерін өзгертеді.

Техникалық модельдеу жұмысын бастау үшін:

    1. модель эскизімен мұқият танысу қажет.

    2. эскизбен сәйкес келуі үшін алдыңғы және артқы бөлщектердің қай тұстарын, сызбаның қай бөліктерін өзгерту керек екенін анықтау керек.

    3. фасондық сызықтар енгізіп, төртіншіден, пішімдерді қию қажет.

Белдемше сызба құрылымын негізге ала отырып, әр түрлі белдемше модельдеуге болады.
Сонымен, модельдеу – бұл жаңа модельдерді жасаудың шығармашылық процесі.
ІІІ. Практикалық жұмыс. Белдемшені модельдеу (6 класс, 2010 жыл)

  • шаблон қолдану;

  • түрлі түсті қағазда қолдану;

  • А-3 форматтың ақ қағазына үлгілерді салу, әр үлгінің астына белдемшенің модельдеу жолын үйреніп, қиып жапсыру;

ІҮ. Жаңа материалды пысықтау.
Модельдеу дегеніміз не?
Модельдеудің қандай түрлерін білесіңдер?
Белдемше бөлшектерін ауыстыруға болатын сызықтарды атап шығыңдар.
Қорытынды. Бағалау.

Үйге тапсырма беру: мата, үлгі бөліктер, тігіншілік бор, ағылшын инелер, модельдеу жұмысы.




















Сабақ № 14

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс № 4 «Матаны пішуге дайындау. Пішу технологиясы»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алған теориялық білімдері мен практикалық іскерліктерін арттыра отырып, пішу технологиясын менгеру, өздігінен жұмыс жасауға үйрету. Үлгі бөліктерін матаға дұрыс орналастыруды, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Жұмыс жасау кезінде зейінділікке, жауапкершілікке, дәлдікке тәрбиелеуге жағдай жасау. 
Сабақтың түрі: аралас Сабақтың әдісі: түсіндірмелі-суретті, практикалық
Көрнекі құралдар мен жабдықтар: сән журналдары, белдемшенің нұсқауламалық картасы, мата, үлгі бөліктер, тігіншілік бор, ағылшын инелер, құралдар.
Сабақтың барысы:

I .Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа сабақ

Матаны пішуге дайындау жұмыстары.
Көптеген маталардың жуғаннан кейін отырып қалатын қасиеттері бар, бұйымды тұтыну барысында өзінің бастапқы түрі мен өлшемін жоғалтып алмау үшін матаны декатирлеу керегін ескеру қажет.
Декатирлеу – тігер алдында мата отырмас үшін ширату. Барлық матаны пішіп қиюдың алдында үтіктейді.Матаның өң жағын, түгінің бағытын, ақауын анықтау. Мақта матаны жылы суға салып жібітеді, сығады, кептіріп үтіктейді, ал жасанды шыт матаны кішкене тұздалған суға салып, сәл ғана крахмалдайды, абайлап, бұрамастан сығады, сосын 2 – 2,5 сағатқа төсек жаймасына орайды да, матаны ішкі жағынан үтіктейді. Жүнді матаны бойлық жіп бағытымен ылғалды үтіктеуішпен декатирлейді.
Мата бетіне пішім үлгілерін жайып қойып шыққанда мынадай қасиеттеріне мән беру керек. Қатты, тығыз маталарды тайғанап кететін маталарға қарағанда пішу оңайырақ. Жаю кезінде суреті бір бағытта орналасқан маталарға ерекше назар аудару керек. Бұл жерде бұйымның барлық бөлшектерінде суреттің бір жаққа қарай бағытталуы қадағаланады. Түкті маталарда түктің бағытын тексереді. Велвет пен бархатты пішуде пішім бөлшектерін ретпен түктің бағытына төменне жоғарыға қарай жаяды. Жолақ немесе тор маталар пішім бөлшектерінің бірігетін жерлерінде (тігістерде) жолақ немесе тордың түсі мен ені сәйкес келуі және алдыңғы бой мен артқы бойдың ортасынан дәл өтуі керек.
Матаға пішімдерді екі түрлі әдіспен жайып қойып шығады. Матаны ұзына бойына екі қабаттап бүктеп және еніне жайып қойып пішімдерді орналастырады.
Матаны пішу үстеліне жайып, жиектерін кеседі. Матаны бойлық жіп бойынша суретін ортасына келтіре отырып, орта сызықпен бет жағын ішке қаратып бүктейді. Бойлық қиындыларды теңестіріп, түйрейді және көлденең қиындыларын теңестіреді. Ені 140 – 160см маталарды көлденең жіп бойымен бет жағын ішіне қаратып бүктейді.
Матаға пішілген үлгі бөлшектерін жаю. Матаға пішілген үлгі бөлшектерін жайып шеттерін бормен сызады.
Қолданудың алдында матаның екі жағында мұқият қарап шығады. Ақауы бар жерлерін (түйіндер, тесіктер, дақ, орнамент өшіңкі, т.б.) тігінші бормен немесе инешаншымдармен белгілейді. Пішу кезінде ақаулы жерлерді айналып өтеді немесе онша көрінбейтін бөліктерге жібіреді.

ІІІ. Практикалық жұмыс.  Матаны пішуге дайындау. Пішу технологиясы. Бұйым негізі сызылған сызбаны және қосымша модельдеу элементтерін пайдалана отырып, әр түрлі белдемше бұйымдарын тігуге болады.

Кіріспе нұсқау.

  • қауіпсіздік ережелерін сақтау.

  • түсіндіру

  • практикалық жұмысқа дайындығын тексеру

  • нұсқаулық бойынша жұмыс





Ағымдағы нұсқау:

  • Кіріспе нұсқауға және нұсқау карталарына сай тапсырмалардың орындалу ретіне бақылау жасау.

  • Дайындау технологиясының сақталуына, орындалуына назар аудару, қажет жерінде практикалық көмек көрсету.

  • Қауіпсіздік ережелерінің сақталуын бақылау.



Қорытынды нұсқау:

  • Орныдалған жұмысының сапасын тексеру

  • Әр жұмысына сараптама жасап, өз ойларын айту.

  • Әрбір оқушының жұмыстағы жетісті ктері мен кемшіліктеріне талдау жасау, қажет деген кейбір жұмыс тәсілдерін көрсету. 

Ү.Сабақты бекіту. 1. Матаға үлгіні қалай орналастырамыз? 2.Әдіп дегеніміз не? 3.Матаны пішер алдындағы өңдеу жұмысын ата. 4.Матаны қайда пішкен ыңғайлы? 5. Қауіпсіздік ережесі.  Бағалау. Оқушыларды біліміне байланысты және дайындаған жұмысына байланысты бағалау. Үйге тапсырма беру: пішім бөліктері, құралдар, сән журналдар, жеке жұмыстар т.б.

Сабақ № 15

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс № 5 «Бұйымды өлшеуге дайындау және тігу. Ақауларды жөндеу»

Сабақтың мақсаты:

  • оқушылардың алған теориялық білімдері мен практикалық іскерліктерін арттыра отырып, тігу технологиясын менгеру;

  • бұйымның тігілу технологиясын үйрете отырып, тігіннің сапасына көңіл бөлу;

  • теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой - өрісін дамыту;

  • оқушыларды әсемдікке, сәндікке, ұқыптылыққа, үнемділікке, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, практикалық
Көрнекі құралдар мен жабдықтар: пішім бөліктері, құралдар, сән журналдар, жеке жұмыстар.
Сабақтың барысы:

I .Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа сабақ. Бұйымды өлшеуге дайындау. (Түйреуішпен бекіту және пішу бөліктерін көктеу) және бұйымды тігу.
ІІ. Кіріспе нұсқау.
Бұйымды пішкеннен кейін контур сызықтарын, бүкпелерін екінші бөлікке аудару керек. Екі тәсіл қолдануға болады:
Бірінші тәсіл: 
• көрсетілген сызықтар бойымен тепшу жүргізу 
• бөлшектің екі жағында қалатындай етіп оны ұқыпты түрде қию.
• матаның теріс жағынан тепшу сызықтарын борлау.
• бөлшектерді көктегеннен кейін тепшу жібін алып тастау.
Екінші тәсіл оған қарағанда жеңілдеу.

  • Борлаған сызықты қалыңдатып борлау;

  • бөлікті теріс жағынан бір-біріне қаратып горизонталь бетінен борлаған сызықтың бойымен алақанмен ұрғылау;

  • екінші бөлікке алынған контур сызығын қалыңдатып борлау.

  • оқушылар бүкпелерді және бүйір тігістерін көктейді.

Бұйымды алғашқы өлшеуге дайындау:
- бақылау тігістерін жүргізу 
- бүкпелерді көктеу
- белдемшенің артқы бөлігінің орта тігісін көктеу 
- бүйір тігістерін тігу
- бұйымның төменгі бөлігін қайып көктеу
Тік, кең етекті, қиық белдемше тігудің технологиялық бірізділігі.
Өлшемнен кейінгі тігін машинасында бұйымды өндеу
- бүкпелерді қайып тігу;
- бүкпелерді ылғалды – жылулық өңдеу;
- төменгі қиықты және бүйір қиықтарын зигзагты тігіспен немесе жөрмеумен өңдеу;
- бүйір тігістерін қайып тігу;
- ылғалды – жылулық өңдеу;
- белдікке желімді жапсырманы үтектеу арқылы жапсыру;
- белдіктің бұрышын рәсімдеу;
- белдікті орналастырып тігу;
- ылғалды – жылулық өңдеу;
- белдемшенің төменгі қиығын өңдеу;
- ылғалды – жылулық өңдеу;
ІІІ. Практикалық жұмыс
Алғашқы өлшеу. Ақауларды түзету

Кіріспе нұсқау

  • қауіпсіздік ережелерін сақтау

  • түсіндіру

  • практикалық жұмысқа дайындығын тексеру

  • нұсқаулық бойынша жұмыс

  • түйреуіштерді алып тастап, бұйымға тексеріс өткізу.

Алғашқы өлшеу, бұйымды фигураға дәл келтіруге және пішудің дәл еместігін шығару. Фигураның жеке ерекшелігіне байланысты оқулықта келтірілген өлшеу жоспар бойынша өткізіледі.
Алғашқы өлшеу өткізгеннен кейін жаңа сызықтарды борлап жүргізеді, сөгіп, жаңа контур сызығы бойынша көктеледі.Жасаған жұмыстың дұрыстығына көз жеткізу үшін екінші өлшеу өткізеді, бұйымның ұзындығы анықталады.

Ағымдағы нұсқау:

  • Кіріспе нұсқауға және нұсқау карталарына сай тапсырмалардың орындалу ретіне бақылау жасау.

  • Жұмыстың орындалуына назар аудару, қажет жерінде практикалық көмек көрсету.

  • Қауіпсіздік ережелерінің сақталуын бақылау



Қорытынды нұсқау:

  • Орныдалған жұмысының сапасын тексеру

  • Әр жұмысына сараптама жасап, өз ойларын айту.

  • Әрбір оқушының жұмыстағы жетісті ктері мен кемшіліктеріне талдау жасау, қажет деген кейбір жұмыс тәсілдерін көрсету.

ІІІ.Қорытынды
Оқушының жасаған жұмысындағы кемшілікті анықтау.
Жұмыс жасау барысындағы жақсы нәтижеге жеткен оқушыларды мақтау.
Бағалау. Әр оқушының жұмысын бағалау. Үйге тапсырма беру: жеке жұмыстар, құралдар.

Сабақ № 16

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс № 6 «Бұйымды тігу. Бүкпелер мен бүйір қиықтарын өңдеу. Бүйір тігістегі сыдырма-түймелікті өңдеу»»

Сабақтың мақсаты:

  • оқушылардың алған теориялық білімдері мен практикалық іскерліктерін арттыра отырып, тігу технологиясын менгеру;

  • бұйымның тігілу технологиясын үйрете отырып, тігіннің сапасына көңіл бөлу;

  • теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой - өрісін дамыту;

  • оқушыларды әсемдікке, сәндікке, ұқыптылыққа, үнемділікке, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас Сабақтың әдісі: түсіндірмелі-суретті, практикалық
Көрнекі құралдар мен жабдықтар: тігін бөліктері, құралдар, сән журналдар, жеке жұмыстар.
Сабақтың барысы:

I .Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа сабақ. Бүкпелерді бүйір тігістерді өңдеу.
Бүкпелерді және бүйір қиықтарды тіккеннен кейін ылғалды – жылулық өңдеу жүргізіледі. Түгі бар маталардан тігілген бұйымға ылғалды жылулық өңдеу жүргізілмейді. Оларды үтіктеуге болмайды, өйткені түгі жапсырылып қалады.

Бүйір тігістегі сыдырма-түймелікті өңдеу. Тік белдемшеге сыдырмақты түймелікті орналастыру.
• әр оқушыға матаға алдын ала тігілген сыдырманы тарату.
• теориялық материалды сурет бойынша мазмұндау және суретті әр оқушыға тарату.
• әр оқушыда тігілетін пішілген белдемшенің бөлігі, тігілетін сыдырмақты жіптер, ине және қайшы тарату.
Сыдырма тігудің кезеңдерін көрсете отырып, көрнекті суретті қолданып материалды мазмұндау.
Сыдырманы таңдаған кезде матаның түсіне сәйкес болуын қадағалау керек. Біріншіден оң жағында сыдырмақты түймеліктің жүгірмегі көрініп тұрады, ол сырғыма баудың түсіне сәйкес болады және екіншіден бұйымның теріс жағы да мінсіз болуы керек. 
1 кезең. Сыдырмақты түймелік орналастырғандағы тігістің шеті жөрмелген (жөрмеу тігін машинасында немесе зигзагпен) және айыра үтіктелген болуы керек.Үтіктеуден бұрын ұсақ инешамшыммен көктеу , (бұйымның ұзартылған тігісі) сыдырманы тігуге тура тігіс алынады.Үтіктелгеннен кейін көктеу жіптері алынады.Сыдырмақты түймеліктің ұзындығы қиықтан 1,5см - 2см ұзын болуы керек. 2 кезең.Сыдырманы тігу бұйымның ішкі жағынан басталады да оң жағынан аударылады. Сыдырманы ашып, бір жағына бүктеп-көктеледі, көктеген жерден тігіледі. Сыдырманың тістері қиылған қиыққа тура сәйкес келуі керек.
3 кезең.Сыдырма жабылады, екінші жағына матаны жақындатып, бірдей қылып көктеп тігеді. Сырғыма баудың ортасынан көктеу керек, солай ыңғайлы. Тігістің бас жағы мен аяқталған жағынын тігісі жақсы бекітілгеніне көңіл аудару керек. Тігін машинасында жылжып кетпейтіндей етіп тігу керек. Екі жағында тігіп аламыз. Матаны тартпай тігу керек. Әйтпесе дайын тігілген сыдырма томпиып, әдемі көрінбейді. Сонан кейін тігіс түзеу түскенін тексереміз, сыдырманы жабамыз. Бұйымды оң жағына аударып, алынған нәтижені бағалаңдар.Егерде қандай да қисықтық байқалса, сырғыма бауды тегістеу керек.
Бой тігісін жүргізгенде сол жағында сыдырманың ұзындығындай жерді тікпей қалдырады. Бұл жердегі тігіске қалдырылған жерді қайырып тігеді. Бой тігісінде жанағы қалдырылған жерге артқы бойдың үтіктеп бүктелген жері сыдырманың тістеріне тиіп тұратындай етіп көктеледі. Содан кейін алдыңғы бойды артқы бойдың үстіне 0,1-0,2см еніп тұратындай етіп қаусырып, көктеген соң артқы бойдың бүктелген жерінен алысырақ машинамен тігеді.
4 кезең. Қиықтың дәл ортасы бойынша, ашық ысырманы қиыққа буындардың басы белдемшенің жоғарғы қиығынан 1-1,5см төмен, буындардың шеті тіліктің үтіктелген жағымен дәл келетіндей етіп салу керек, белдемшенің артқы енінің өңіне көктеп, түйреп қою, ысырманы мата түстес жіптермен бастырып тігу. Баудың шеттерін бүйір тігісінің әдібіне қосып тігу.
Артқы енінің тігісінің әдібінен өңіне қарай тексеру сызығынан 0,2 см жіберу, көктеу, алдыңғы енінің әдібін дәл сызықтары бойынша көктеу, қиықтарын үтікпен жүргізу.
Ысырманың бауын артқы енінің бүрмесі буындарға дейін 0,1см жетпейтіндей етіп салып және көктеп алу, бүрмеден 0,1-0,15см бастырып тігу. 
Белдемшенің алдыңғы ені бүрмесімен ысырманы жауып, артқы еніне 0,2 см кіруі тиіс. Оны жоғарыдан төменге қиықтап 0,8-1,2см-ге бастыра тігіп, шетін көлденен тігіспен екі рет бекіту қажет. Бауды әдіпке тігу. Көктеу жіптерін алу, жіптердің ұштарын түйіп, бекіту. 
5 кезең. Екінші жағына бұрышталып ауысады. Бұл жерде тігісті алдын ала болжап, суреттеу, егер көз өлшемі жақсы дамыған болса,онда көз мөлшері бойынша тігіледі, бұл кімге қалай ынғайлы
6 кезең. Тік бұрыштап тігуді аяқтаймыз. Жіпті теріс жағына келтіріп, түйіншек қылып келтіріп байлаймыз, өйткені тігін машинасымен бекіту жақсы көрінбеуі мүмкін.
7 кезең. Тігінші жастығында екі жағында үтіктейміз. Сыдырма дайын.Түймелікті ысырма жабылады. Бұйымның өң жағына аударып, нәтижені көреміз. Егер бәрі дұрыс, ұқыпты орындалса,теріс жағынан ұқыпты түрде үтіктеледі.
ІІІ. Сарамандық жұмыс 
Окушылар көрнекілік суреттерді қолданып, сыдырманы белдемшеге тігеді.

Кіріспе нұсқау

  • қауіпсіздік ережелерін сақтау

  • түсіндіру

  • практикалық жұмысқа дайындығын тексеру

  • нұсқаулық бойынша жұмыс

  • түйреуіштерді алып тастап, бұйымға тексеріс өткізу.

Ағымдағы нұсқау:

  • Кіріспе нұсқауға және нұсқау карталарына сай тапсырмалардың орындалу ретіне бақылау жасау.

  • Жұмыстың орындалуына назар аудару, қажет жерінде практикалық көмек көрсету.

  • Қауіпсіздік ережелерінің сақталуын бақылау.

Қорытынды нұсқау:

  • Орныдалған жұмысының сапасын тексеру

  • Әр жұмысына сараптама жасап, өз ойларын айту.

  • Әрбір оқушының жұмыстағы жетістіктері мен кемшіліктеріне талдау жасау, қажет деген кейбір жұмыс тәсілдерін көрсету.

ІІІ.Қорытынды
Оқушының жасаған жұмысындағы кемшілікті анықтау.
Жұмыс жасау барысындағы жақсы нәтижеге жеткен оқушыларды мақтау.
Бағалау. Әр оқушының жұмысын бағалау. Үйге тапсырма беру: жеке жұмыстар, құралдар.

Сабақ № 17

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс № 7 «Бұйымның белі мен етегін өңдеу»

Сабақтың мақсаты:

  • оқушылардың алған теориялық білімдері мен практикалық іскерліктерін арттыра отырып, тігу технологиясын менгеру;

  • бұйымның тігілу технологиясын үйрете отырып, тігіннің сапасына көңіл бөлу;

  • теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой - өрісін дамыту;

  • оқушыларды әсемдікке, сәндікке, ұқыптылыққа, үнемділікке, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, практикалық
Көрнекі құралдар мен жабдықтар: тігін бөліктері, құралдар, сән журналдар, жеке жұмыстар.
Сабақтың барысы:

I .Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа сабақ.
Белдемшенің оң жағынан белдік бөлшегін инемен бекітеді. Егер белдіктің ішкі жағы матаның тарқатылмайтын жағы болса,ашық қиық ішкі жағына қалатындай етіп белдікті бүктейді. Жоғарғы тігіс белдіктің бүктелген сызығына жақындатып тігіледі. Егер белдіктің екі жағы да жөрмелмесе, онда белдікті белдемшенің іш жағына келтіріп , жабық жөрмеп тігу. Тігісті шетіне көктеп, сонан кейін машина тігісімен тігу.  Белдемшенің төменгі бөлігін өңдеудің тәсілін таңдап, оқушы белдемше тігуді аяқтайды. 


Бұйымның етегін өңдеу - ашық немесе жабық түрлегі бүгіп тігу әдісімен өңделеді. Ашық түрдегі әдіспен өңдеу үшін етек қимасын, ең алдымен,торлау тігісімен тігіп, әдіпке берілген өң бойынша бүгіп, машина тігісімен немесе жасырын тігісімен тігеді. Ал ашық түрдегі әдіспен өңдеу үшін етек қимасын ішке қарата екі қайыра бүгіп, машина тігісімен тігеді.

Кіріспе нұсқау

  • қауіпсіздік ережелерін сақтау

  • түсіндіру

  • практикалық жұмысқа дайындығын тексеру

  • нұсқаулық бойынша жұмыс

  • түйреуіштерді алып тастап, бұйымға тексеріс өткізу.

Ағымдағы нұсқау:

  • Кіріспе нұсқауға және нұсқау карталарына сай тапсырмалардың орындалу ретіне бақылау жасау.

  • Жұмыстың орындалуына назар аудару, қажет жерінде практикалық көмек көрсету.

  • Қауіпсіздік ережелерінің сақталуын бақылау.

Қорытынды нұсқау:

  • Орныдалған жұмысының сапасын тексеру

  • Әр жұмысына сараптама жасап, өз ойларын айту.

  • Әрбір оқушының жұмыстағы жетісті ктері мен кемшіліктеріне талдау жасау, қажет деген кейбір жұмыс тәсілдерін көрсету.

ІІІ.Қорытынды
Оқушының жасаған жұмысындағы кемшілікті анықтау.
Жұмыс жасау барысындағы жақсы нәтижеге жеткен оқушыларды мақтау.
Бағалау. Әр оқушының жұмысын бағалау. Үйге тапсырма беру: жеке жұмыстар, құралдар.































Сабақ № 18

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс № 8 «Бұйымды соңғы рет өңдеу. ЫЖӨ»

Сабақтың мақсаты:

  • оқушылардың алған теориялық білімдері мен практикалық іскерліктерін арттыра отырып, тігу технологиясын менгеру;

  • бұйымның тігілу технологиясын тексере отырып, тігіннің сапасына көңіл бөлу;

  • теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге

  • дағдыландыру, олардың ой - өрісін дамыту;

  • оқушыларды әсемдікке, сәндікке, ұқыптылыққа, үнемділікке, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, практикалық
Көрнекі құралдар мен жабдықтар: тігін бөліктері, құралдар, сән журналдар, жеке жұмыстар.
Сабақтың барысы:

I .Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа сабақ.

Бұйымды соңғы рет өңдеу:

  • тазалау, сыртқы түрін дұрыстау;

  • тігіннің сапасы;

  • фурнитураны, әшекей бұйымдарын қадау, тігу, жапсырмалау т.б.

  • ЫЖӨ-ден өткізу.

Бұйымды соңғы рет өңдеу. ЫЖӨ
Бұйым сапалы болу үшін ылғалды – жылулықпен өңдеу жұмысын ұқыпты түрде жүргізген дұрыс. Бұйым тек дайын болған кезде емес, әрбір операцияны орындап болған сайын үтіктеп
отырады. Үтіктелеген кезде матаның түріне байланысты қажетті температураны белгілеп, үтіктеп қыздырамыз.
- 200 С - тан жоғары емес температура (мақта - мата және зығыр кездемелер);
- 150 С - тан жоғары емес температура (жүннен жасалған және жібек маталар);
- 100 С - тан жоғары емес температура (синтетикалық мата).
Көптеген дайын бұйымдардың зат белгілерінде ылғалды - жылулық өңдеуге қажетті температура көрсетіледі. Ол үтікті қажетті температурада қыздыруға көмектеседі.
Ылғалды - жылулық өңдеуді әрбір тігісті орындағаннан кейін бөліктерді қосып болғаннан кейін және тігіп болғаннан кейін орындау қажет.

Пайдалы кеңестер: Үтіктің беті қарайып кетсе қыруға болмайды. Қырған жағдайда сызылып, бұйымды үтіктеген кезде бұйым бетінде жіптерін іліп алу не жырып өтуде мазаңызды алатындай болады. Бұндай жағдайда Ақ қағазға ас тұзын салып, үтікті қыздырып, қағаздағы тұздың үсті

1. Электр үтігімен жұмыс жасаудағы қауіпсіздік ережелері:
- Резиналы кілемшеде тұрып, жұмыс жасауымыз қажет;
- Үтікті құрғақ қолдармен өшіріп - қосуды есте ұстауымыз қажет;
- Үтікті үтік қойғышқа қоюды ұмытпа!
- Матаның түріне қарай термореттегіш көрсеткішінің дұрыс қойылуына көз салып отыруымыз қажет;
- Қосылып тұрған үтікті қараусыз қалдыруға болмайды;
2. Қауіпсіздік ережесін жоғарыда атай отырып, келеңсіз жағдайлар жайында мимикалық көрініс көрсетеміз. Бұндай жағдайлардың болмауын ескертеміз.
3. Үтіктеу жұмыстары тұрып орындалады. Басты сәл ғана иіп, денемізді тік ұстауымыз қажет.
ІІІ. Практикалық жұмыс

Жұмыстың орындалу реті:
1. Жіптердің барлық қалған соңғы ұштарын алып тастаймыз;
2. Дайын белдемшені үтіктейміз;
3. Дайын бұйымның сапасын тексереміз;
а) Сыртқы түрі таңдалған үлгіге сәйкес болу керек;
ә) Тігістің ені бүкіл ұзына бойына біркелкі және нұсқаулық картадан сәйкес болуы керек;
б) Машина тігістері тең болуы және матаның берілген жерінен белгілі бір қашықтықта өтуі тиіс;
в) бүкпелердің симметриялы болуы керек;
г) Бөлшектердің бұрыштары мұқият түзетілуі керек;
д) Дайын белдемше жақсы үтіктелген болуы тиіс.
Бағалау парағы: Оқушылар бір – бірініңбелдемшенң үтіктеудің әдістерін бүктеу арқылы көрсетеді және балл есебінде баға береді.

ІҮ. Қорытынды.

    1. Буландырғыш, термореттегіштер қай жерде қолданылады?

    2. Айыра үтіктеудің ерекшелігі неде?

    3. Үтіктеу жұмыстарының негізгі операциялары қандай?

Бағалау. Үйге тапсырма беру: жеке жұмыстар, құралдар, тестке дайындалу.

































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Белдік бұйымдары

Автор: Мұбарақова Жанар Жидебайқызы

Дата: 13.05.2019

Номер свидетельства: 510068

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(24) "Тік белдемше "
    ["seo_title"] => string(16) "tik-bieldiemshie"
    ["file_id"] => string(6) "227313"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1440684068"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Ашық сабақ "Қазақтың зергерлік бұйымдары""
    ["seo_title"] => string(46) "ashyk_sabak_k_azak_tyn_zierghierlik_bu_iymdary"
    ["file_id"] => string(6) "449199"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1515647891"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Бисерден б?йымдар жасау технологиясы."
    ["seo_title"] => string(40) "bisierdienbuiymdarzhasautiekhnologhiiasy"
    ["file_id"] => string(6) "304532"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1457749156"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Бисерден б?йым жасау"
    ["seo_title"] => string(24) "bisierdien-bu-iym-zhasau"
    ["file_id"] => string(6) "340854"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1472187219"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Ертедегі темір д?уірі тайпаларыны? шаруашылы?ы"
    ["seo_title"] => string(54) "iertiedieghi-tiemir-d-uiri-taipalarynyn-sharuashylyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "255344"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1447917940"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства