kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ертедегі темір д?уірі тайпаларыны? шаруашылы?ы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Темір д?уірінен ?ал?ан ескерткіш

?аза?стан аума?ында тау-кен ісі мен металлургия ?ола д?уірінен бастап дамыды. Осы кездегі кен орындарыны? к?пшілігі ерте темір ?асырында да кен ?ндіруді то?тат?ан жо?. Ежелгі металлургия орталы?тары — Орталы? ж?не Шы?ыс ?аза?станда болды. Орталы? ?аза?станда?ы мысты? орасан ?лкен кен орындары — Жез?аз?ан ма?ында, ?алайы — Атасу мен ?лытауда болса, Шы?ыс ?аза?станда?ы мыс пен ?алайыны? бай кен орындары ?алба мен Нарын жоталарында кездеседі.

Темір ?ндірісі бізді? заманымыз?а дейін VIII—VII ?асырларда пайда бол?ан. Металлургияны? дамуы мыс пен полиметалл, алтын мен к?міс кен орындарын игеру кезінде кендерден металдарды бал?ытып алу шеберлігіне байланысты алын?ан.

Ежелгі металлургтер к?птеген ?р т?рлі ??ралдарды пайдаланды. Тау-кен ?ндірісіні? тас ??ралдарына келсек, б?л кен мен тау жыныстарын ?опару?а арнал?ан салма?ы 40 кг-?а дейінгі ?уатты шой бал?алар, кен кесектерін уатып-?са?тау?а арнал?ан ірі тас бал?алар, салма?ы 10 кг-?а дейінгі сына пішіндес тас ?айлалар немесе кенді уату?а арнал?ан шоттар. Одан ?рі кен шикізаттарын уа?тап-бал?ыту?а арнал?ан ана??рлым же?іл т?рдегі ?ол балталар, бал?алар мен келсаптар пайдаланылды. ??ралдарды? ед?уір б?лігі кенді ?оспалардан тазартып, с?рыптау?а арналды.

?рі ?арай металды кеннен бал?ытып алу кезе?іне келейік. Кеннен алдын ала бал?ыту ар?ылы ?оспа алынды. Бал?ыту ?шін шахта пеші пайдаланылды. Оны? ??рылысы д??гелек немесе тікб?рыш пішінді шахта болып келеді де, жо?ары жа?ына кен ?оспасы мен отынды толтыра салып, ал т?менгі б?лігіндегі тесік ар?ылы ауа ?рлейді. Ауаны жіберу екі н?с?а ар?ылы ж?зеге асырылады: 1) от?а т?зімді саздан жасал?ан т?тік ар?ылы; 2) ше?берлі т?тік ар?ылы. Ежелгі мыс бал?ыту ?ндірісінде кен бал?ыту "тигель" ?дісі ар?ылы ж?зеге асырылды (тигель — от?а т?зімді материалдан металл ?орыту?а арналып жасал?ан ыдыс), ?йткені пешке бал?ы?ан мыс тигельде жиналды. Б?лайша бал?ыту 450 -?а дейінгі температурада ?те ?арапайым т?рде ж?зеге асырылды. Алын?ан мыс т?менгі сапалы ?рі ??рамында бас?а металдарды? ?оспалары болды. М?ндай мысты "ал?аш?ы мыс" деп атайды.

Металлургия ?ндірісін жетілдіру ?орытпаларды алу?а м?мкіндік берді, бірінші кезекте ?ола ?орытпасы алынды. ?ола дегеніміз—мыс пен ?алайыны? ?оспасы екені бізге м?лім. Алайда ?аза?стан аума?ында табыл?ан ?оладан жасал?ан б?йымдарда?ы ?алайыны? м?лшері бірдей емес. Б?л кен орнында?ы ?алайыны? шо?ырлануына да байланысты болды. ?оланы? ??рамында ?ор?асынны?, ??шаланы? (мышьяк), никельді? ж?не сурьманы? ?оспалары кездеседі.

Ерте темір ?асыры кезе?інде ?аза?станда?ы тайпалар темір ?ндіруді игерді. Шеберлер ??ю технологиясыны? т?рлі ?діс-т?сілдерін ме?геріп, техникалы? ??деу ар?ылы б?йымдар?а кез келген пішін бере алды. Жырт?ыш а?дарды? бейнелері салын?ан ат ?бзелдері, таналар мен то?алар ??юшы шеберлерді? ?олымен жасал?ан. ?аза?стан аума?ында?ы т?ра?тардан табыл?ан заттар мен ??ралдар ?ш топ?а б?лінеді: ?ару-жара?, ат ?бзелдері ж?не ?шекей б?йымдар.

Зергерлік ?ндіріс

Темірден жасал?ан б?йым

Темір д?уірінен ?ал?ан мата

Зергерлерді? ?нері ?оладан жасал?ан б?йымдарда ізін ?алдыр?ан. Бастап?ыда б?лар ?йелдер та?атын ?шекей — ?оладан жасал?ан монша?тар мен маржан ал?алар, шомбал білезіктер, айналар ретінде кездессе, одан ?рі алтынмен ?аптал?ан ?ола б?йымдар — салпынша? ал?алар, ?ола?а ??йыл?ан алтын сыр?алар пайда болды. Зергерлік істе ??ю, со?у, шекіме, ?рнек салу т?сілдері ке? таралды.

Кейінгі ?ола д?уірінде зергерлер са?иналар, ?айыс белдік ?апсырмаларын, д??гелек сыр?алар, ?збе ал?алар, иірілген алтын жіпті ал?алар, білезіктер жасады.

Ерте темір д?уірінде зергерлік б?йымдарды жасау технологиясы жетілдіріле т?сті. Ертедегі к?шпелілер ?алы? таба? алтынды (0,6 мм), сондай-а? алтын т?йіршіктерін илеу ж?не-д?некерлеу техникасын ме?герді. Сонымен ?атар м?нерлі алтын жола?шалармен к?ркемделген темір ?шекейлер, м?нерлі та?алар ж?не алтын мен к?містен жасал?ан к?ркемдігі жо?ары б?йымдар табыл?ан.

Зергерлік б?йымдар ?шін пайдаланыл?ан ?орытпаларды? ??рамында?ы алтын жо?ары сапалы екендігі аны?талды. Алтынны? серіктері, я?ни ?атар ?олданатын элементтер к?міс пен мыс болып табылады. К?місті? болуы оны? таби?и алтынны? ??рамында болуымен т?сіндіріледі. Ал таби?и алтын ??рамында мысты? болуы шеберлерді? жаса?ан б?йымдарына ?ала?ан т?сті берудегі ?мтылыстарымен т?сіндіріледі.

Алтын кеніні? ??рамында?ы ке? тарал?ан ?оспа элементтерді? бірі — ?ор?асын, ол алтынны? ?асиетін т?мендетеді. ??рамында ?ор?асыны мол алтын морт сын?ыш келеді. Ежелгі шеберлер б?йымдар?а ?ор?асынны? шамалы ?ана м?лшерін ?осып жаса?ан.

Жалпы алатын болса?, ерте темір ж?не ?ола д?уірлеріні? зергерлеріні? алтыннан жасал?ан б?йымдарыны? ?асиетін арттыру ?шін т?рлі ?орытпаларды ?олдан?андары туралы айту?а болады.

?ыш ?ндірісі[??деу]

?оныстар мен обалар?а ?азба ж?мыстарын ж?ргізген кезде алын?ан негізгі материал — ?ыш. Е? бастысы, ?ыштан жасал?ан б?йымдар шаруашылы? пен т?рмыста ж?не кейде жорал?ылы? ма?сат ?шін пайдаланылатын ыдыс т?рі бол?ан.

?ыш б?йымдарды жасауды? технологиялы? т?сілдері шикізатты даярлап-іріктеуден, ?ыш ?амырын даярлаудан, ?алыптаудан, бетін ??деп, содан кейін оны к?йдіруден т?рады. Шикізатты даярлап-іріктеу ?шін с?йек ж?не тас ??ралдар пайдаланылды. ?ыш-??мыра шикізаттарын даярлау ?шін келсап пен ірі ?ара малды? жауырындары, сондай-а? уат?ыштар ?олданыл?ан. ?ыш ??мыраны? ??рамына ?оспалармен бірге (темір, тас, пирит, слюда, ?к) сазбалшы?, ??м, органика (??сты? са??ыры?ы, к??) кіреді. Сазды к?біне минерал текті созылмайтын материалдарды бекіту ?шін пайдалан?ан. Дамы?ан ?ыш ?ндірісінде саз е? бастап?ы шикізат болып табылады.

Шеберлер б?йымдарды ?алыптау кезінде ыдыстарды? т?бін басып-жаныштау ?шін к?лемі ?р т?рлі ж?мыр тастарды пайдаланды. Ал ыдысты жасайтын ??рал ретінде т??ыры? айналып т?ратын ?стелше, я?ни станок — айналмалы ?ондыр?ыны ?олданды. Ыдыстарды? ?абыр?аларын тегістеу ?шін ж?мыр тастар, а?аш пыша?тар пайдаланылды. Ал ?ышты т?рмыста ?олданылатын аузы ке? пештерде, сондай-а? бал?ыту пештеріні? т?тін шы?аратын м?ржаларында к?йдірген. Лаула?ан от?а да к?йдірген кездері болды.

?ыш ?ндірісі отыры?шылы? жа?дайда?ы аума?тарда ?зіні? "г?лдену" кезе?іне жетті. Атап айтар болса?, Сырдария мен Арал ма?ы айма?тары, Орталы? Азиямен шекаралас жерлерде мы?тап дамы?ан. М?ны осы аума?та?ы ?ала ?азындыларынан табыл?ан ыдыс-ая?тан бастап, ??рылыс материалдарыны? алуан т?рлілігі ай?а?тайды. М?селен, бізді? заманымыз?а дейін VII—V ?асырларда?ы Сырдарияны? т?менгі жа?ын мекендеген тайпаларды? ыдыстарынан: тоста?тар мен тоста?андарды, шыны ыдыстарды, ??мыраларды, саптая?тарды, имек т?мсы?ты ыдыстарды б?ліп атау?а болады.

Орталы? ?аза?стан аума?ында к?шпелілік ?мір салты жа?дайында ?ыш-??мыра ?ндіру ісі ?й т?рмысыны? ?ажетіне байланысты шеберлерге тапсырыс беру ар?ылы ж?зеге асып отыр?ан.[1]

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ертедегі темір д?уірі тайпаларыны? шаруашылы?ы»

Ертедегі темір дәуірі тайпаларының шаруашылығы Ежелгі металлургия[өңдеу]

Темір дәуірінен қалған ескерткіш

Қазақстан аумағында тау-кен ісі мен металлургия қола дәуірінен бастап дамыды. Осы кездегі кен орындарының көпшілігі ерте темір ғасырында да кен өндіруді тоқтатқан жоқ. Ежелгі металлургия орталықтары — Орталық және Шығыс Қазақстанда болды. Орталық Қазақстандағы мыстың орасан үлкен кен орындары — Жезқазған маңында, қалайы — Атасу мен Ұлытауда болса, Шығыс Қазақстандағы мыс пен қалайының бай кен орындары Қалба мен Нарын жоталарында кездеседі.

Темір өндірісі біздің заманымызға дейін VIII—VII ғасырларда пайда болған. Металлургияның дамуы мыс пен полиметалл, алтын мен күміс кен орындарын игеру кезінде кендерден металдарды балқытып алу шеберлігіне байланысты алынған.

Ежелгі металлургтер көптеген әр түрлі құралдарды пайдаланды. Тау-кен өндірісінің тас құралдарына келсек, бұл кен мен тау жыныстарын қопаруға арналған салмағы 40 кг-ға дейінгі қуатты шой балғалар, кен кесектерін уатып-ұсақтауға арналған ірі тас балғалар, салмағы 10 кг-ға дейінгі сына пішіндес тас қайлалар немесе кенді уатуға арналған шоттар. Одан әрі кен шикізаттарын уақтап-балқытуға арналған анағұрлым жеңіл түрдегі қол балталар, балғалар мен келсаптар пайдаланылды. Құралдардың едәуір бөлігі кенді қоспалардан тазартып, сұрыптауға арналды.

Әрі қарай металды кеннен балқытып алу кезеңіне келейік. Кеннен алдын ала балқыту арқылы қоспа алынды. Балқыту үшін шахта пеші пайдаланылды. Оның құрылысы дөңгелек немесе тікбұрыш пішінді шахта болып келеді де, жоғары жағына кен қоспасы мен отынды толтыра салып, ал төменгі бөлігіндегі тесік арқылы ауа үрлейді. Ауаны жіберу екі нұсқа арқылы жүзеге асырылады: 1) отқа төзімді саздан жасалған түтік арқылы; 2) шеңберлі түтік арқылы. Ежелгі мыс балқыту өндірісінде кен балқыту "тигель" өдісі арқылы жүзеге асырылды (тигель — отқа төзімді материалдан металл қорытуға арналып жасалған ыдыс), өйткені пешке балқыған мыс тигельде жиналды. Бұлайша балқыту 450 -қа дейінгі температурада өте қарапайым түрде жүзеге асырылды. Алынған мыс төменгі сапалы әрі құрамында басқа металдардың қоспалары болды. Мұндай мысты "алғашқы мыс" деп атайды.

Металлургия өндірісін жетілдіру қорытпаларды алуға мүмкіндік берді, бірінші кезекте қола қорытпасы алынды. Қола дегеніміз—мыс пен қалайының қоспасы екені бізге мөлім. Алайда Қазақстан аумағында табылған қоладан жасалған бұйымдардағы қалайының мөлшері бірдей емес. Бұл кен орнындағы қалайының шоғырлануына да байланысты болды. Қоланың құрамында қорғасынның, құшаланың (мышьяк), никельдің және сурьманың қоспалары кездеседі.

Ерте темір ғасыры кезеңінде Қазақстандағы тайпалар темір өндіруді игерді. Шеберлер құю технологиясының түрлі әдіс-тәсілдерін меңгеріп, техникалық өңдеу арқылы бұйымдарға кез келген пішін бере алды. Жыртқыш аңдардың бейнелері салынған ат әбзелдері, таналар мен тоғалар құюшы шеберлердің қолымен жасалған. Қазақстан аумағындағы тұрақтардан табылған заттар мен құралдар үш топқа бөлінеді: қару-жарақ, ат әбзелдері және әшекей бұйымдар.

Зергерлік өндіріс[өңдеу]

Темірден жасалған бұйым

Темір дәуірінен қалған мата

Зергерлердің өнері қоладан жасалған бұйымдарда ізін қалдырған. Бастапқыда бұлар әйелдер тағатын әшекей — қоладан жасалған моншақтар мен маржан алқалар, шомбал білезіктер, айналар ретінде кездессе, одан әрі алтынмен қапталған қола бұйымдар — салпыншақ алқалар, қолаға құйылған алтын сырғалар пайда болды. Зергерлік істе құю, соғу, шекіме, өрнек салу тәсілдері кең таралды.

Кейінгі қола дәуірінде зергерлер сақиналар, қайыс белдік қапсырмаларын, дөңгелек сырғалар, үзбе алқалар, иірілген алтын жіпті алқалар, білезіктер жасады.

Ерте темір дәуірінде зергерлік бұйымдарды жасау технологиясы жетілдіріле түсті. Ертедегі көшпелілер қалың табақ алтынды (0,6 мм), сондай-ақ алтын түйіршіктерін илеу және-дәнекерлеу техникасын меңгерді. Сонымен қатар мәнерлі алтын жолақшалармен көркемделген темір әшекейлер, мәнерлі тағалар және алтын мен күмістен жасалған көркемдігі жоғары бұйымдар табылған.

Зергерлік бұйымдар үшін пайдаланылған қорытпалардың құрамындағы алтын жоғары сапалы екендігі анықталды. Алтынның серіктері, яғни қатар қолданатын элементтер күміс пен мыс болып табылады. Күмістің болуы оның табиғи алтынның құрамында болуымен түсіндіріледі. Ал табиғи алтын құрамында мыстың болуы шеберлердің жасаған бұйымдарына қалаған түсті берудегі ұмтылыстарымен түсіндіріледі.

Алтын кенінің құрамындағы кең таралған қоспа элементтердің бірі — қорғасын, ол алтынның қасиетін төмендетеді. Құрамында қорғасыны мол алтын морт сынғыш келеді. Ежелгі шеберлер бұйымдарға қорғасынның шамалы ғана мөлшерін қосып жасаған.

Жалпы алатын болсақ, ерте темір және қола дәуірлерінің зергерлерінің алтыннан жасалған бұйымдарының қасиетін арттыру үшін түрлі қорытпаларды қолданғандары туралы айтуға болады.

Қыш өндірісі[өңдеу]

Қоныстар мен обаларға қазба жұмыстарын жүргізген кезде алынған негізгі материалқыш. Ең бастысы, қыштан жасалған бұйымдар шаруашылық пен тұрмыста және кейде жоралғылық мақсат үшін пайдаланылатын ыдыс түрі болған.

Қыш бұйымдарды жасаудың технологиялық тәсілдері шикізатты даярлап-іріктеуден, қыш қамырын даярлаудан, қалыптаудан, бетін өңдеп, содан кейін оны күйдіруден тұрады. Шикізатты даярлап-іріктеу үшін сүйек және тас құралдар пайдаланылды. Қыш-құмыра шикізаттарын даярлау үшін келсап пен ірі қара малдың жауырындары, сондай-ақ уатқыштар қолданылған. Қыш құмыраның құрамына қоспалармен бірге (темір, тас, пирит, слюда, әк) сазбалшық, құм, органика (құстың саңғырығы, көң) кіреді. Сазды көбіне минерал текті созылмайтын материалдарды бекіту үшін пайдаланған. Дамыған қыш өндірісінде саз ең бастапқы шикізат болып табылады.

Шеберлер бұйымдарды қалыптау кезінде ыдыстардың түбін басып-жаныштау үшін көлемі әр түрлі жұмыр тастарды пайдаланды. Ал ыдысты жасайтын құрал ретінде тұғырық айналып тұратын үстелше, яғни станок — айналмалы қондырғыны қолданды. Ыдыстардың қабырғаларын тегістеу үшін жұмыр тастар, ағаш пышақтар пайдаланылды. Ал қышты тұрмыста қолданылатын аузы кең пештерде, сондай-ақ балқыту пештерінің түтін шығаратын мұржаларында күйдірген. Лаулаған отқа да күйдірген кездері болды.

Қыш өндірісі отырықшылық жағдайдағы аумақтарда өзінің "гүлдену" кезеңіне жетті. Атап айтар болсақ, Сырдария мен Арал маңы аймақтары, Орталық Азиямен шекаралас жерлерде мықтап дамыған. Мұны осы аумақтағы қала қазындыларынан табылған ыдыс-аяқтан бастап, құрылыс материалдарының алуан түрлілігі айғақтайды. Мөселен, біздің заманымызға дейін VII—V ғасырлардағы Сырдарияның төменгі жағын мекендеген тайпалардың ыдыстарынан: тостақтар мен тостағандарды, шыны ыдыстарды, құмыраларды, саптаяқтарды, имек тұмсықты ыдыстарды бөліп атауға болады.

Орталық Қазақстан аумағында көшпелілік өмір салты жағдайында қыш-құмыра өндіру ісі үй тұрмысының қажетіне байланысты шеберлерге тапсырыс беру арқылы жүзеге асып отырған.[1]



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Ертедегі темір д?уірі тайпаларыны? шаруашылы?ы

Автор: Омарова Сабира Юлдшбековна

Дата: 19.11.2015

Номер свидетельства: 255344


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства