Тақырыбы
Жазба жұмыс Қазақтың ұлттық тағамдары
Мақсаты
«Сөйлем түрлері» тарауын қорыту, осы тарау бойынша талдау жүргізе отырып білімдерін бағалау, ұлттық тағамдар туралы білімдерін дамыту.
Күтілетін нәтиже
«Сөйлем түрлері» тарауы бойынша талдау жүргізе отырып білімдерін байқайды, ұлттық тағамдар туралы білімдерін дамытады.
Модульдер
Оқытудағы жаңа тәсілдер (диалогтық оқыту),
Қолданылатын әдіс- тәсілдерСыни тұрғыдан. ойлау жеке жұмыс.
Сабақ кезеңдері
Білім
тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
модуль
ресурс
Білу
(10мин)
Өтілген тақырыпты еске түсіру
Сәлемдеседі,үй тапсырмасын тексереді
Сәлемдесіп, оқу құралдарын дайындайды.Берілген сұраққа жауап береді: жай сөйлемнің түрлері.
Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер
8-сынып оқулығы,
Түсіну
(7 мин)
Мәтінмен танысу
Мәтінді оқиды
Мәтінді тыңдайды, тыныс белгілерін топпен талқылайды.
Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер
оқулық
Қолдану
(10 мин)
2тапсырма
Диктант жазу
Мәтінді оқиды
Жазады.
Сыни тұрғыдан ойлау
дәптер
Талдау
(15 мин)
3-тапсырма
Тапсырма береді, бақылайды,
Жеке сөйлем талдау
Бірлескен оқу
Дәптер,
Жинақтау(2 мин)
4-тапсырма
Ауызша түсіндіру тапсырылады.
Бірлесе талдау жүргізеді.
Жаңа әдіс-тәсілдер
Стикерлер, түрлі-түсті маркерлер
Бағалау
(1 мин)
Сабақты бағалау.Өзін- өзі бағалау
Рефлекция
Өзін өзі, бірін-бірі бағалайды.
Жаңа әдіс-тәсілдер
Бағалау бетшелері,
смайликтер
Кейінгі тапсырма
Көркем әдебиеттен мысал жазу
Қазақтың ұлттық тағамдары
Сөк. Қуырған тарыны қазақ «сөк» деп атайды. Ол үшін тары жел өтінде суырылып, екшеленеді, тазаланады. Бірнеше рет таза суға жуылады. Дегдігенше оны аздап кептіреді де, қазанға су құйып, тарыны соған салып, қайнатады. Қазандағы тары қауызы ашыла бастағанда,сүзіп алады. Содан соң таза сумен бірнеше қайтара жуып, дегдуі үшін, жайып қояды.
Дегдіген соң, қызған қазанға салып,қуырады. Қуырған кезде бұлғауышпен үздіксіз бұлғап отыру керек. Әйтпесе, тарының астыңғы беті қуырылып, үсті қуырылмай қалады. Ал ала-құла қуырылған тарыны ақтаған кезде, қауызынан ажырату қиын. Әрі мұндай тарының сөгі де ала болады.
Қуырған тары тым суып кетсе,жасып қалады. Сондықтан оны көп суытпай,келіге түйіп алу керек. Тары түйетін келінің де, келсаптың да қатты ағаштан жасалғаны дұрыс.
Түйілген тарыны табаққа салып алып, суырады. Сөйтіп, қауызынан айырады. Бір түйгеннен тары қауызынан түгел айырылмайтындықтан,оны екінші рет түйеді. Мұны «ақтау» деп атайды. Ақталған тарыны тағы да желпіп суырады. Сонымен сөк дайын болады. Сөктің түсі сарғыш,хош иісті және аса дәмді келеді.
Сөк,көбінесе, шай дастарханына қойылады. Сондай-ақ тарыдан тағы да басқа неше түрлі тағамдар дайындауға болады.
(«Қазақ күнтізбесі», 1991.) (154 сөз)
Тапсырма : синтаксистік талдау жүргізу.