Сабақтың тақырыбы: Әлем халықтарының тағамдары. (өздігінен ізденіс зерттеулері) | Мектеп: 273 | |
Күні: 17.04.19ж. | Мұғалімнің аты-жөні: Г.Аяпова | |
СЫНЫП: 7 «А» | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспаған оқушылар саны: 0 |
Сабақ негізделген оқу мақсаттары | 7.1.3.1 - шығармашылық жұмыста идеяларын іске асыру мақсатында түрлі ақпарат көздерінің ең тиімдісін таңдай отырып, қолдану (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы) 7.2.4.1 - әлем халықтарының тағамдары мен әлемге әйгілі аспазшылардың тағамдарындағы ерекшеліктерді сипаттап, салыстыру | |
Сабақтың мақсаты: | Қоршаған орта туралы білім мен түсінік | |
Сабақ нәтижесі: | Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. | |
Бағалау критерийі | Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. | |
Ресурстар | Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. | |
Әдіс-тәсілдер | Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. | |
Пәнаралық байланыс | Музыка, қазақ тілі. | |
Сабақ барысы : | ||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
бейнетаспа слайд, әлем халықтарының тағамдары |
Сабақтың жоспары |
|
|
Басталуы 5 минут | Бағалау парақшасымен таныстыру Топтарға бөлу.
Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Аялы алақан» Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту. Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. (Тренинг соңында қатысушылар дөңгеленіп қолдарын ұстайды) | Оқушылар қорапшадан өздеріне ұнайтын түске сай маркерлер алады. «Аялы алақан» Тренинг. |
Жаңа білім 10 минут | Білу және түсіну Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. Оқушылар сабақ барысыңда екі топқа бөліңді: (Қызғалдақ және Сарғалдақ топтары) Жапон, Италия, Қазақстан және басқа да елдерді таңдауға ұсыныс жасай отырып, оқушыларды әлемнің белгілі бір елін таңдау бойынша топтарға біріктіріңіз. Әлем халықтарының тағамдары. (өздігінен ізденіс зерттеулері) | Оқулық, мәтіндер. Оқушыларды әлемнің белгілі бір елін таңдау бойынша топтарға бөлу |
Ортасы 13 минут | Қолдану Әлем халықтарының тағамдары. (өздігінен ізденіс зерттеулері) (Т) Оқушылар таңдаған елдің ұлттық тағамдарын топта зерттейді. Зерттеу барысында олар АКТ көздерін пайдалана отырып, тағам атауларына, шығу дәстүріне, ұсыну тәсіліне, азық- түліктерді таңдау және олардың үйлесіміне, дәмдік талғамына, белгілі аспазшылардың кәсіби жұмысына, ерекшелігіне назарын аудару қажет. Оқушылар өздерінің зерттеу нәтижелерін буклеттер/кулинарлы анықтамалар/эссе/мақалалар түрінде, безендіріп көрсетеді. Талдау «Ыстық орындық» орындық әдісі (Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады. Жаттығудың сипаттамасы: Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады. Келесі сабақтарға арналған сарамандық жұмыс үшін тағамдардың түрлерін (суши, пицца, көже және т.б.) анықтаңыз. | Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер
«Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық.
Сарамандық жұмыс |
Сергіту сәті 2 минут | Сергіту сәті "Күміс құмған-ай"
| Оқушылар би билеп сергіп қалады. |
Аяқталуы Сабақты бекіту 5 минут | Синтез "Таңда да таста" әдісі https://www.akavideos.com/watch?v=RAo-zw5U8gQ | "Таңда да таста" әдісі |
Бағалау 2 минут Кері байланыс 3 минут | «Жетістік» баспалдағы. | Кері байланыс парағы.«Жетістік» баспалдағы. |
Үйге тапсырма: Жұмысты аяқтау. Әлем халықтарының тағамдары,хабарлама жазу | ||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? | Бағалау - Оқушылардың үйренгенінтексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары Тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? | Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес Келетінсұрақтарғажауап беріңіз. | |
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетінін білдім? |