kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сабақтың тақырыбы: Фонетикадан өткенді қайталау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Телғожаева Хадиша қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

№28 мектеп гимназиясы Байсерке селосы Іле ауданы Алматы облысы

 Қазақ тілі    5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Фонетикадан өткенді қайталау

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы: Фонетикадан өткенді қайталау»

Телғожаева Хадиша қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

28 мектеп гимназиясы Байсерке селосы Іле ауданы Алматы облысы

Қазақ тілі 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Фонетикадан өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: фонетикадан өткен теориялық материалды қайталау, ауызша, жазбаша талдау жұмысын жүргізе отырып білімдерін бекіту;

Дамыиушылық: өздері жасайтын сызбалар бойынша теориялық материалды дұрыс баяндау машығын қалыптастыру, фонетикалық талдау дағдыларын тұрақтандыру, ойлау, сөйлеу тіл дамыту;

Тәрбиелік: сатылай кешенді талдаудың нысаны болатын мысалдар арқылы оқушы бойына танымдық, адамгершілік, эстетикалық имандылық қасиеттерін сіңіру, халықтық педагогика үлгісін құрмет тұтуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: қайталау, жинақтау сабағы

Сабақтың әдістері: ой ашар, топтастыру, салыстыру, сұрақ-жауап, жұмбақ шешу, тіл дамыту, талдау, тест жұмыстары.


Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірме қағаздар, интерективті тақта, электрондық оқулық, ребус, сызба жұмбақтар.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

Мақсат қою кезеңі.

Қайталау -оқудың анасы. Бүгінгі сабағымызда фонетикадан өткендерді есімізге түсіріп, ауызша, жазбаша жұмыстар жүргіземіз.

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі. 344–жаттығу.


Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.

  1. қазақ тіл білімінің зерттейтін қандай салалары бар?

  2. Фонетика нені зерттейді?

  3. Қазақ тілінде дыбыстар өкпеден шыққан ауаның шығуына қарай неге бөлінеді?

  4. Қазақ тілінде буынның неше түрі бар?

  5. Тасымал дегеніміз не?

  6. Екпін көбіне сөздің қай буынына түседі?

  7. Үндестік заңының неше түрі бар?

  8. Орфография дегеніміз не?

  9. Орфоэпия дегеніміз не?


Екі оқушыны тақтаға шығарып фонетикалық талдау жасатамын. Олар талдап болғанша қалған оқушылармен “1001 мақал, 101 жұмбақ” ойыны. Жұмбақ шешу

1. Фонетикалық ұғым.

Бірін-бірімен сыбайлас.

Бірі айтылады да естіледі,

Екіншісі жазылады да көрінеді. (дыбыс, әріп)

2. Өз құрамында үш буын, алты әріп бар.

Жалпы қарауындағы әріптері құрамындағыдан алы есе көп. (әліпби)

3. Бір ағашта отыз жеті алма.

Оны алып жемек болсаң,

Он шақтысы тамағыңнан еркін өтіп кетеді.

Қалғандары қақтығып барып өтеді. (дауысты, дауыссыз дыбыстар)

4. Дыбыс емес таңба,

Оқылмайды жазылады.

Бірақ сөзден табылады.

Ол қай әріп еді,

Ойлап көрші есіңде бар ма? (ь, ъ)

5. Дауыты, дауыссыз қатарында қолданылатын қай дыбыс? (у)

Оқушылардың талдауларын тексеру.

Кім жылдам ойыны” екі оқушы тақтаға шығадыда тасымал, құбылыс сөзінің құрамындағы әр әріптен сөз құрап, екпін қай буынға түсіп тұрғанын анықтайды.

Құбылыс тасымал

ұ а

б с

ы ы

л м

ы а

с л

Қалған оқушылар “Сөзден сөзге ойынын ойнау.

Мен айтқан сөздердің соңғы буынынан (буын ішінен) жаңа сөз құрап айту қажет.

Мысалы: кітап-тапқыр, дәптер-терек, телефон-фонетика, алма-мата, самал-малшы... сағат, алтын, алаша, қағаз, терезе, сақина..

Бәрекелді, балалар, буыннан сөз құрауда жақсы білімдеріңді көрсеттіңдер.


Бекіту кезеңі.


Өзін-өзі тексеру диктанты.

Қате тасымалданған сөздерді дұрыс тасымалдап жаз: тәрт-іпті, ғыл-ым, ұқы-пты, от-ан, иман-дыл-ық, мекте-п, біл-ім, сауы-қтыру, қал-амгер, о-қу.

Мысалдар

Ашық буын

Тұйық буын

Бітеу буын

Аралас буын

1

Алаша





2

Бұлбұл





3

Ас





4

Малшы





5

Фонетика





6

Аспан





7

Гүлдер





8

Аласа





9

Қазақ





10

Мектеп






Электрондық оқулықтағы тапсырмаларды орындау, оқушылардың есте сақтау қабілеттерін арттыру, фонетикадан алған білімдерін тереңдете түсу.

40,42,43,44, 45,47,49,53,54,56,59,68,69,72,71


Үйге тапсырма беру, оқушылардың білімін бағалаукезеңі.








28 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ

















Сөздік қор туралы түсінік Ашық сабақ 5 сынып










Пән иесі: Телғожаева Хадиша












2014-2015 оқу жылы


Сабақтың тақырыбы: Сөздік қор туралы түсінік

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға сөздік қор туралы лингвистикалық білім беру.

Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларға сабақта қолданылған материалдар арқылы адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, салыстыру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар, интерактивті тақта, электрондық оқулық

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1 мин

1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

II. Үй тапсырмасын тексеру: Мақал-мәтел жаттап келу. 2мин.

III. Жан-жақты білімдерін тексеру 8 мин.


ОМОНИМ

ТҰРАҚТЫ ТІРКЕС


ТАБУ


СИНОНИМ





МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР


АНТОНИМ


ТУРА МАҒЫНАЛЫ СӨЗДЕР




Лексика дегеніміз не?

1. Табу дегеніміз не?

2. Омоним дегеніміз не?

3. синоним дегеніміз не?

4. Антоним дегеніміз не?

5. Тура мағыналы сөздер дегеніміз не?

6. Тұрақты тіркес дегеніміз не?

7. Қаз, үй сөздерін омонимге айналдыр.

8. Дисфемизм, эвфемизмге мысал келтір.

9. Синонимдік қатар жаса. Сұлу , аспан, көрікті, көк, әдемі, әуе, ажарлы.



IVСабақтың мақсатын айту.

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру: 15 мин.

Тіліміздегі сөздердің көбі – қазақтың ғасырлар бойы қолданылып келе жатқан байырғы төл сөздері. Олар ең қажетті ұғымдарды білдіреді де, жалпы халыққа бірдей болады.

Мысалы:

Туыстықты білдіретін атаулар: ата, ана, нағашы, жиен, аға, жеңге, бөле, құда, т.б.

Мал атаулары: жылқы, түйе, сиыр, қой, құлын, лақ, т.б

Табиғат құбылыстарының атаулары: күн, ай, жел, бұлт тау, тас, т.б

Аң –құс атаулары: бүркіт, қаршыға, торғай, түлкі, қасқыр, аю, қоян, т.б.

Заттардың түр –түсін, сапасын білдіретін атаулар: ақ, қызыл, ауыр, жеңіл, ащы, тұщы, жылы, суық, т.б.

Қимыл-қозғалысқа, әрекетке қатысты сөздер: кел, бар, кет, сөйле, күл, тарт, ал, ал, айт, т.б

Анатомиялық атаулар: бас, қол, аяқ, көз, тамақ, мұрын, бел, т.б.

Тамаққа қатысты атаулар: ет ,сүт, айран, қымыз, шұбат, ірімшік, т.б.

Тұрмыс қажетіне қатысты атаулар: қазан, ожау, қасық, жастық, киіз, т.б.

Сан атаулары: бір, үш, жеті, тоғыз, елу, т.б.

Есімдіктер: мен, біз, сен, ол, кім? не? т.б.


1)Негізгі сөздік қор талай ғасырды басынан кешіргендіктен, көбінесе көне дәуірден келе жатқан сөздер болады. Бірақ тілдің даму процесінде кейбір сөздер негізгі сөздік қордан шығып қалып, қосылып та отырады.


2) Негізгі сөздік қорға енетін жеке сөздер сол бір тілдің ішінде жаңа сөз жасауға негіз – ұйытқы және икемді болады.


3) Негізгі сөздік қорға енетін сөздердің жалпы халықтық мәні болады, көпшілігі бір буынды болып келеді. Мысалы: ас, ат, мал, қыз.


4) Қазақ тіліндегі сөздік қорға енетін сөздердің көпшілігі өзге түркі халықтарының тіліндегі сөздерге түбірлес, мәндес болып келеді.


5) Сөздік қорға кіретін сөздер күнделікті өмірге қажетті сөздер болады. Сөздік қорға енетін сөздердің саны тілдің сөздік құрамындағы сөздерге қарағанда аз болады.


Жаттығу жұмыстарын орындау

136-жаттығу. Мәтіннен сөздік қорға енетін сөздерді теріп жазыңдар.

137-жаттығу. Мәтін ауызша орындалады.




VI. Білімді бекіту кезеңі: 15мин

  1. Сөздік қор дегеніміз не? Мысал келтіріңдер

36 тапсырма арқылы білімді бекіту


Электрондық оқулықпен жұмыс жүгізу.

Сөздік қордағы

1, 3, 7, 8, 12, 15, 25, 37, 46, 48, 60 –сөзжұмбақ шештіру


“Сергіту” ойынын ойнаумыз

“Бір сөзбен атаңдар” ойыны (фразеологизм)

Мен сендерге тұрақты тіркестерді оқимын, соның қандай мағына беретінін бір сөзбен атау керек:

  1. Тайға таңба басқандай (анық)

  2. Төбе шашы тік тұрды (шошыды)

  3. Ит арқасы қиянда (алыс)

  4. Қырық пышақ болу (төбелесу)

  5. Жұмған аузын ашпау (үндемеу)

  6. Қой аузынан шөп алмас (үндемеді)

  7. Тонның ішкі бауындай (тату)

  • Келесі ойын – “Қалай дер едіңіз?”

  1. Тас бауыр (мейірімсіз, сезімі жоқ)

  2. Ұйықтамау (түн ұйқысын төрт бөлу)

  3. Аз (тауыққа тары шашқандай)

  4. Ұялу (бетінен оты шықты)

  5. Өкіну (бармағын шайнады)

  6. Таңдану (аузының суы құрыды)

VII. Бағалау: 2 мин

VIII. Үйге тапсырма беру: 1мин

140-жаттығу



















Жазылған синонимдерді сәйкестендіріп тапсырманы орындау.

Алыс баяғыды

Үлкен ауқат

Кішкентай дәу

Ажар биттей

Тамақ келбет

Таңертең талғай

Ертеде азанда

Берілген антонимдер бойынша мақал-мәтел жазу.

Дұшпан-Дос

Жақсы-Жаман

Батыр-Қорқақ

Арзан-Қымбат

Туады-Өледі

Мақал-мәтелдер беріледі, оның ішінде жасырылған сөзді қазақ, орыс, ағылшын тілінде тауып айту.

  1. Бірлігі жарасқан ... Бұзылмас

(ел, страна, country)

2. Татулық-табылмас ...

(бақыт, счастье, happiness)

  1. ...- ұлы қару.

( сөз, слова, word)

4. Адамды ... Үйретеді, үйренбесекүйретеді.

( өмір, жизнь, live)


  • Тапқыр болсаң, тауып көр!

“Б” дыбысынан басталатын үш дыбысты сөздер тауып интерактивті тақтаға жазу керек.

Б

Б

Б

Б

Б

Б

Б

Б

Б

Б






















№ 1 ТАПСЫРМА

Төмендегі синонимдерді мағына жақындықтарына қарай топтап жазыңдар.

Үлгі: әдемі, сұлу...

Сүйкімді, алыс, туыс, тартымды, қашық, туысқан, жырақ, жұғымды, ағайын, үлкен, ауру, қасынды, маңынды, дерт, дәу, жанында, зор, дымқос, ажар, ас, өңі, ауқат, түсі, тамақ, түрі, нән.


№ 2 ТАПСЫРМА


ТӨМЕНДЕГІ СӨЗДЕРДІ ОҚЫП, ҚҰРАМЫНАН ОМОНИМ, СИНОНИМ, АНТОНИМДЕРДІ ЖЕКЕ-ЖЕКЕ ТОПТАП ЖАЗЫҢДАР.

үлгі: омонимдер синонимдер антонимдер

күрес өсу, даму көп-аз

Пысық, ұл, көп, аз, қыз, өсу, әйел, даму, ересек, ширақ, тірі, бар, өлі, жоқ, келбеті, ауыр, көрікті, ақ, реңдң, қара, өркендеу, жұмсақ, мол, кедей, еті тірі, қатты, ұсақ, ар, жал, күрес, айтыс, өр, қыр.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Русский язык

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сабақтың тақырыбы: Фонетикадан өткенді қайталау

Автор: Телгожаева Хадиша

Дата: 22.12.2016

Номер свидетельства: 372513

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "Саба?ты? та?ырыбы:Фонетикадан ?ткенді ?айталау"
    ["seo_title"] => string(44) "sabaktyntakyrybyfonietikadanotkiendikaitalau"
    ["file_id"] => string(6) "319759"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1460953812"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "урок на тему фонетикадан ?ткенді ?айталау "
    ["seo_title"] => string(45) "urok-na-tiemu-fonietikadan-otkiendi-k-aitalau"
    ["file_id"] => string(6) "184624"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426075370"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(95) "?аза? тілінен ашы? саба?: Фонетикадан ?ткенді ?айталау"
    ["seo_title"] => string(59) "k-azak-tilinien-ashyk-sabak-fonietikadan-otkiendi-k-aitalau"
    ["file_id"] => string(6) "316317"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460052019"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(95) "?аза? тілінен ашы? саба?: Фонетикадан ?ткенді ?айталау"
    ["seo_title"] => string(61) "k-azak-tilinien-ashyk-sabak-fonietikadan-otkiendi-k-aitalau-1"
    ["file_id"] => string(6) "316318"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460052026"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(195) "Бастауыш сыныптарда "Сатылай кешенді талдау технологиясын" ?олдану ар?ылы ?ткізілген  ашы? саба?ты? жоспары "
    ["seo_title"] => string(119) "bastauysh-synyptarda-satylai-kieshiendi-taldau-tiekhnologhiiasyn-k-oldanu-ark-yly-otkizilghien-ashyk-sabak-tyn-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "204345"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429636562"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства