Просмотр содержимого документа
«Сабақ тақырыбы: Киіз үй" 10сынып»
Астана қаласы №63 мектеп-гимназия
Сабақтың тақырыбы:
«Киіз үй»
Өткізген: қазақ тілі пән мұғалімі
Нигметова Р.К
Тақырыбы: Киіз үй, қорытынды сабақ.
Мақсаты:
1. Киіз үй туралы алған білімдерін, мәліметтерін тиянақтау,
қорытындылау. Сауатты жазуға баулу.
Антоним тақырыбы бойынша алған білімдерін жетілдіру.
2. Сөздік қорын дамыту. Сөз тіркесін, сөйлем құрастыру. Сөйлем дағдыларын жетілдіре отырып берілген тақырып көлемінде ойларын еркін айта білу дағдыларын жетілдіру.
3. Қазақ халқының тұрмыс – салт, әдет - ғұрпы туралы білімдерін жетілдіре отырып, Отанға деген сүйіспеншілдігін қалыптастыру.
Көрнекілік: киіз үй,суреттер, қазақ халқының зеңгерлік бұйымдары, ыдыс аяғы т.б
Сабақтың түрі: қайталау, дәстүрден тыс сабақ.
Сабақтың әдіс тәсілі: топпен, жекелеп, ойындар, сұрақ - жауап, әңгімелесу.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
А) сәлемдесу
Ә) кезекшінің есебі
Б) сұраққа жауап алу
-Бүгін нешесі?
-Казір қай ай?
-Қазір қай жыл мезгілі?
-Қыс айларын ата.
-Қазір қыстың нешінші айы?
-Қазір ауа райы қандай?
Балалар, бүгінгі сабағымыздың мақсаты «Киіз үй» туралы алған білімдерімізге талдау жасаймыз, жинақтаймыз. Өз ойымызды қорытындылаймыз, қайталаймыз.
«Ой қозғау» кезеңі.
-Ал енді кім айтады. Әр халықтың үйлерінің аттары бар. Олар қалай аталады? Қандай халықтарды сіздер білесіңдер, оларды атаңыздар.
а) Африканың бушмендері өз үйлерін бұта мен шөппен соғады.
ә) Оңтүстік Америкада адамдар өз үйлерін тросниктен жасайды, оның қабырғасы, төбесі және едені – тросник.
б) Индей елдерінің үйлері - пуэбло, ол саздан жасалады.
в) Сығандар – көшіп - қонып жүретін болғандықтар, олар өз үйлерін арбаның үстінде орналастырады – оны кибитка деп атайды.
г) Солтүстік елінде бұғы өсірушілердің көшпенді үйлері – яранга, чум деп аталады.
Д) Бедуиндер - Араб шөл - даласында және Африкада тұратын адамдар өз үйлерін ешкінің жүнінен жасайды.
-Ал енді сендер айтыңдаршы қазақ халқының үйі қалай аталады?
-Киіз үй қандай тұрмысқа бейімделген?
-Киіз үй неден қорғайды?
Киіз үйдің сүйектері:
1. Кереге
2.Уық
3.Шаңырақ
4.Сықырлауық - есік
Киіз үйдің ішкі баулары:
1.Таңғыш 5.Желбау
2.Бас арқан 6.Шалма
3.Бел бау 7.Басқұр
4.Үзік бау
Киіз үйдің шиелері:
Таулық
Киіз есік
Түндік
Үй жиһаздары:
Абажа 6.Жүкаяқ
Сандық 7.Жастықағаш
Кебеже 8.Ағаш төсек
Адал бақан 9.Асадал
Әбдіре
Төсеніштер:
Алаша 5.Қоржын
Бөстек 6.Аяққап
Киіз 7.Сырмақ
Түскиіз
Қазақтың ұлттық киімдері:
Айыр қалпақ 4.Қамзол
Кимешек 5.Жарғақ шалбар
Оқалы немесе зерлі шапан
Зеңгерлік бұйымдар : білезік, сақина, тұмар, шолпы, алқа, сырға, белдік.
Аспаптар: адырна, аса таяқ, домбыра.
Поэзия минуты.
-Кім киіз үй туралы өлең біледі?
-Кім оқиды?
Енді біз екі топқа бөлініп , сабағымызды жалғастырайық. Біздің сарапшыларымыз бар, олар бізге баға береді. Әр топ өздеріне ат қояды, өздеріне капитан сайлайды.
Әр капитан киіз үйден өздеріне сұрақ таңдап алады.
1.сұрақ:
1. киіз үй неше бөліктен тұрады? Оларды ата.
а) Үйдің сүйектері - ағаштан тұратын бөліктері. (кереге, уық, шаңырақ)