Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Өзін-өзі тану
Тақырыбы: Мен бақытты баламын
Бақыт деген – сенің бала кездерің
М.Мақатаев
Мақсаты: «Бақыт», «Қуаныш», «Сүйіспеншілік» құндылықтарының мағынасын түсіндіру.
Міндеттері:
Көрнекі құралдар: дәптер, түрлі түсті қарындаштар.
Шаттық шеңбері
Тәрбиеші балалармен бірге Ө.Тұрманжановтың төмендегі өлең жолдарын қайталап, бір-біріне әдемі күлкілерін сыйлайды:
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік!
Әңгімелесу
Балалардың жауаптары тыңдалып, тәрбиеші қорытындылайды.
Әңгімелесу
Тәрбиеші балаларға Н.Қадырбаевтың «Бақыт деген не?» әңгімесін оқып беріп, сұрақтар қояды.
Бақыт деген не?
Бақыт, Серік, Ербол – бір көшенің тұрғындары. Үшеуі бірге оқиды. Сабақ беретін апайын бәрі де жақсы көреді. Бірде апайы адам есімдерінің мәні жөнінде тәрбие сағатын өткізді.
Ал Серік атауы – дүниеге келген перзентке серік болсын деген ниеттен туған, - деді.
Бақыт үйіне келді. Атасынан:
Бақыт үшін осы сәт нағыз бақыт еді.
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Дәйексөз
Тәрбиеші балаларға М.Мақатаевтың «Бақыт деген – сенің бала кездерің», - дкгкн өлең жолдарын бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді.
Жаттау
Бақыт деген не?
Айтшы, білсең егер де,
Папа, бақыт деген не?
Бақыт деген, шырағым,
Мына әсем тұрағың.
Ну ормандар,
Гүл бағы,
Күннің күліп тұрғаны.
Бақыт-дәні далаңның,
Алақаны анаңның.
«Ботам» деуі әжеңнің,
Тыныштығы әлемнің!
Қайда бақыт мекені,
Қалай оған жетеді?
Адал еңбек етесің!
Сонда ғана жетесің!
Көрінбейтін көзіңе,
Сонда оның өзі не?!
Бақыт деген, сөзім шын –
Айналайын, өзіңсің!
Өзіммен - өзім
Балалар жайғасып отырады. Үнтаспадан жайлы әуен ойналады.
Дәптермен жұмыс
Сергіту сәті
Өлең мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасалады.
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
Бұраламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір.
Біз бақытты баламыз,
Гүл-гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз.
Ғажайып сөздер
Балалар сабақта айтып, үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.
Қорытындылау
Жүректен жүрекке
Тәрбиеші балалармен бірге Ә.Дүйсенбиевтің «Біз өмірдің гүліміз» әнін хормен айтады.
Біз өмірдің гүліміз
Ә.Дүйсенбиев
Зеңгір көктен
Нұрын төккен,
Ортақ біздің күніміз.
Жайнап өскен,
Жайдарлы өскен
Біз өмірдің гүліміз.
Бал достыққа,
Жолдастыққа
Шақырады әніміз.
Тыныштықта,
Жолдастықта
Бақыттымыз бәріміз.
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт